МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 16 страница





Есеп сонында тіркеме ретінде барлық тараулар бойынша істелген жұмыстың жалпы кестесі беріледі.

Өндірістік машықтанудың соңғы 3 күнінде, студент, есеп жазып, шаруашылық басшысы мен бас ветеринарлық дәрігердің қолтаңбасын қойдырып, мөр бастырып, бекіттіреді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, студент, аудандағы ветеринарлық мекемелерде (ветеринарлық зертхана, ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы, ветаптека және т.б.) 5 күн жұмыс істеп, олардың құрамымен, жұмыс бағытымен, іс құжаттарымен танысады. Осы мекемелерде жұмыс істегені туралы анықтамалар алады.

Есеп пен күнделікті, студент, өндірістік машықтанудан оралған соң, 3 күн ішінде деканатқа өткізуге міндетті, бұл мерзімнен кеш өткізілген есептер мен күнделіктер көшіріп алынған деп саналып, қабылданбайды.

ІНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР

 

Студент-машықтанушы:

1. Шаруашылықтың індеттанулық жағдайын анықтайды. Ол үшін індеттанулық зерттеудің салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы-георгафиялық сипаттама тәсілдерін және кафедрада берілген зерттеу үлгісін қолданып егжей-тегжейлі акт жазады.

2. Шаруашылықтағы (ауылшаруашылық кәсіпорында, жауапкершілігі шектелген серіктестікте, жеке меншік шаруа қожалығында (жұқпалы ауруларға қарсы күрес және сақтандыру шараларының жоспарымен танысады және осындай жоспарды дайындауға қатысады.

3. Ауылшаруашылық малдардың туберкулез, бруцеллез, маңқа және т.б. инфекциялық ауруларына жаппай диагностикалық зерттеу өткізуге және ұйымдастыруға қатысып, өткізілген шараларға сәйкес іс құжаттарын (актілер, қосымша қағаздар) толтырады.

4. Карантин шараларын ұйымдастыруға және мал қораларында фермаларда, мал өсіруші кешендерде немесе бүтін шаруашылықта карантиндеу жұмыстарын өткізуге қатысады.

5. Инфекциялық ауруларға қарсы сақтандыру және лажсыздан егу шараларын ұйымдастырып, өткізуге қатысады. Егу соңынан кейін екі жұма бойы бақылаумен қатар, байқалған өзгерістерді (реакциясын) тіркеп мезгілінде тиісті шаралар қолдануға ат салысады.

Өткізілген егулерге және қолданылған биопрепараттарға іс құжаттарын толтырады.

6. Шаруашылықта кездесетін инфекциялық ауруларға шалдыққан малдардың диагнозын анықтауға және емдеуге қатысады. Фермалардың немесе стационарда орналасқан малдардың күтімін қадағалайды.

Емдеу әдістерінің үлгісін ветеринарлық дәрігер бекіткеннен кейін, ауырған малдарға ем қолданып, ауру тарихын толтырады. Ветеринарлық зандылық қағидаларына сүйене отырып, инфекциялық аурудан өлген малдан патологиялық материалдарды алуды, орауды және зертханаға жөнелтуді меңгеріп, ветеринарлық зертханада бактериологиялық және серологиялық зерттеулер көмегімен инфекциялық ауруларды анықтауды үйренеді.

7. Мал қораларында дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізеді. Өткізілген жұмыстар мен жұмсалған зарарсыздандырғыш заттарға актілер жазады.



8. Мал шаруашылық кешендердегі инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерін анықтайды.

9. Жеке меншіктегі және шаруашылық қарамағындағы малдардың індеттанулық жағдайын зерттей отырып, инфекциялық аурулардан сақтандыру шараларын жүргізеді.

 

Студент есепті мәлімет дайындау уақытында кәсіпорының немесе ауданның соңғы 5 жыл аралығындағы індеттік жағдайы жөніндегі деректерді жинақтайды. Бұл мағлұматтарды төмендегі тәртіп бойынша баяндауға болады:

1. Шаруашылықта немесе аудан көлемінде соңғы жылдары қандай жұқпалы аурулар, қай түлік малдар арасында тіркелді (кесет немесе график түрінде келтіреді).

2. Әрбір ауру бойынша ауруға шалдыққан, өлген және лажсыздан сойылған малдар саны.

3. Ауруларды жою үшін қандай жалпы және арнайы шаралар атқарылған, олардың тиімділігі.

4. Шаруашылықта жұқпалы індеттерге қарсы жүргізілетін дауалаулық шаралар: мал басын толықтыру жағдайы, мал фермаларының ветеринарлық-санитарлық жағдайы, қиды жинау және биотермиялық залалсыздандыру, өлекселерді жою, дезинфекция, дезинсекция, дератизация және т.б. өткізу.

Студент шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы дауалаулық шаралар жоспарын жазып, оның орындалуы жөнінде деректерді жинақтайды. Өзі қолданған емдік шараларын және тәсілдерін сипаттап жазады.

Білімді бақылау материалдары

Емтихан сұрақтарының тізімі

1. Індеттік жағдай, аурудан сау емес пункт, шаруашылық және ауру қаупі төнген аймақ туралы түсінік.

2. Инфекцияның берілу тетігі. Инфекцияның берілу жолдары мен берілу факторлары. Зардаптылық және уыттылық..

3. Иммунитет түрлері. Антигендер және антиденелер.

4. Дезинфекцияның химиялық, физикалық және биологиялық жабдықтары.

5. Инфекция және инфекциялық ауру. Инфекция түрлері және формалары.

6. Жануар организіміндегі инфекциялық процесстің динамикасы.

7. Індеттанулық тексеру және індетке қарсы шараларды жоспарлау.

8. Дезинфекция. Дезинфекцияның әдістері, түрлері және оның жабдықтары. Дезинфекцияның сапасын биологиялық бақылау.

9. Инфекцияның маусымдылығымен кезеңділігі. Эпизоотияның динамикасы.

10. Індеттік процес және оның қозғаушы күштері. Індет бұғауы және оның буындары.

11. Инфекциялық ауруларды балаудың серологиялық әдістері.

12. Жануарлардың инфекциялық ауруларын балау әдістері.

13. Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтылығы жөнінде түсінік және оның мысалдары.

14. Панзоотия, эпизоотия, энзоотия және спорадия туралы түсінік.

15. Инфекция ошағы, көзі және резервуары.

16. Дератизация әдістері, түрлері, жабдықтары және оның індетке қарсы шаралардағы маңызы.

17. Жануарлардың инфекциялық ауруларға арнайы емес төзімділік факторлары.

18. Анафилаксия және емдік ақзаттық препараттарды қолдану барысында анафилаксияны алдын алу.

19. Оқшауханалардың сипаттамасы және олардың індетке қарсы шаралар кезіндегі маңызы.

20. Жұқтыру және ауруға шалдығу, өлім және шығын туралы түсініктер.

21. Мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің зооантропоноздармен жұмыс істеу барысындағы алдын алу шаралары және жеке бас гигиенасы.

22. Шекараны жануарлардың инфекциялық ауруларының енуінен қорғау.

23. Инфекциялық аурулар бойынша ветеринариялық тіркеу және есеп беру.

24. Аурудан сау және сау емес пункттерде жүргізілетін індетке қарсы жалпы және арнайы шаралар.

25. Аллергия және инфекциялық ауруларды аллергиялық балау.

26. Инфекциялық аурулар кезінде жүргізілетін арнайы емдік шаралар.

27. Шаруашылық және жайылым жағдайында өлексені және зарарланған материалдарды жинау және жою.

28. Дезинсекция. Дезинсекция түрлері, әдістері және оның жабдықтары.

29. Нәжісті залалсыздандырудың биотермиялық әдісі.

30. Патологиялық материалды микробиологиялық зерттеу үшін алу, сақтау және жөнелту.

31. Инфекциялық аурулардың қоздырушылары.

32. Індетке қарсы шаралар жүргізу барысында қолданылатын құрал-жабдықтар және аспаптар. Биологиялық препараттар, олардың классификациясы, тасымалдануы, сақталуы және бақылау.

33. Індеттану пәнінің құралы және оның міндеттері. Індеттану пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

34. Сарып (некробактериоз).

35. Сіреспе (столбняк).

36. Ботулизм.

37. Ауески ауруы.

38. Ауыл шаруашылық малдарының туберкулезі.

39. Құтырық.

40. Ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезі.

41. Пастереллез.

42. Аусыл.

43. Ку қызбасы.

44. Дерматомикоздар (бұзаутаз және парша).

45. Сүтқоректілердің шешегі.

46. Листериоз.

47. Лептоспироз.

48. Ірі қара малдың ала өкпесі (плевропневмониясы).

49. Ірі қара мал паратуберкулезі (солма).

50. Қарасан.

51. Ірі қара мал обасы.

52. Төлдердің колибактериозы.

53. Кампилобактериоз.

54. Шошқаның сему риниті.

55. Шошқаның африкалық обасы.

56. Жылқының сальмонелездік іштастауы.

57. Ірі қара малдың вирустік диареясы.

58. Жылқы обасы.

59. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті.

60. Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы.

61. Ірі қара малдың лейкозы.

62. Жылқының инфекциялық анемиясы.

63. Топалаң.

64. Шошқа тұмауы.

65. Тешен ауруы.

66. Жылқы сақауы.

67. Төлдің сальмонеллезі (қылау).

68. Пуллороз.

69. Шошқа тілмесі.

70. Торайдың домбығу ауруы.

71. Құс тұмауы.

72. Шошқаның классикалық обасы.

73. Жылқының инфекциялық энцефаломиелиті (делбе).

74. Орнитоз (пситаккоз).

75. Ньюкасл ауруы.

76. Ірі қара малдың зілді катаралды қызбасы.

77. Жылқы маңқасы.

78. Жылқы тұмауы.

79. Ет қоректілер обасы.

80. Түйе обасы.

81. Құстардың ларинготрахеиті.

82. Тұқы балықтарының аэромонозы.

83. Стахиоботритоксикоз.

84. Бал араларының негізгі инфекциялық аурулары.

85. Қозылардың анаэробты дизентериясы.

86. Жылқылардың індеттік лимфангиті.

87. Қой брадзоты (секіртпе).

88. Қойлардың инфекциялық агалактиясы.

89. Балықтардың негізгі инфекциялық аурулары.

90. Рифт алабының Қызбасы.

91. Шошқаның дизентериясы.

92. Ешкі кебенегі (инфекциялық плевропневмониясы).

93. Күзендердің алеут ауры.

94. Марек ауруы (нейролимоматоз).

95. Сиырдың кеуекті энцефалопатиясы.

96. Туберкулезді балау.

97. Буцеллезді балау.

98. Құтырық пен Ауески ауруын, топалаң мен қарасанды ажырата балау.

99. Карантин және шектеу.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.