ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 3 страница Ауру коздырушысының бастауы ауырған және аурып жазылған мал. Қоздырушының берілу факторларына: вируспен ластанған ауа, су, жемшөп, төсеніш, сүт, шәует, күту саймаңдары, көлік жабдықтары жатады. Ал, ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адамдар оның механикалық тасымалдаушылары болады. Вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады. Вирус денеге аэрогендік жолмен енгенде негізінен аурудың респираторлық түрі, ал жыныс жолдарымен жұққанда генитальдік түрі дамиды. Тыныс және жыныс жолдарының кілегейлі қабығына түскен вирус эпителий торшаларына енеді де, онда көбейіп, торшалардың тіршілігін жойып, сыдырылып түсуіне әкеліп соқтырады. Бұдан қабыну реакциясы туындап, кілегейлі кабыктың бетінде бастапкыда ұсак, кейіннен недәуір өліетгенген телімдер пайда болады. Вирус лейкоцитгерге жабысып, қанға өтеді де, вирусемияның нәтижесінде жануардың күйі нашарлап, ыстығы көтеріледі. Вирус плацентарлык, гематоэнцефальдік тоскауылдардан өтіп кеткенде ми, жатыр және ондағы төл закымданады. 2-6 айлық бұзауларда энцефалит байқалуы мүмкін, ал буаз сиырлар іш тастайды. Инкубациялық кезеңі 2-ден 7 күнге дейін. Клиникалық байкалуы коздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялық жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп 40-42°С жетеді, тәбеті төмендеп, тез арыктап, сауын сиырдың сүті қайтады. Жалпы аурудың екі түрі болады: 1. Респираторлық тыныс мүшелері закымданады (ринотрахеит), көзі закымданады (коньюнктивит, кератоконьюнктивит). Көбінесе респираторлық түрі кездеседі. 2. Генитальдік жыныс жолдары қолдырап бөртеді. Жануардың тынысы тарылып, ентігеді, шынтақ буындарын сыртқа шығарып, аузын ашып аузымен дем алады, аузынан сілекей ағады. Қаңсарысы қанға кернеліп (гиперемияланады), кызарады, оны "кызыл танау" деп атайды. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Қаңсарысы құрғақ және жоғарғы тыныс алу мүшелерінде домбығып, ісіну және өліеттенген телімдер, ойылым жаралар және қан құйылуылар болады. Бауырда өліеттенген (жалпақтығы 2см тереңдігі 1см) ошақтар болады. Генитальдік түрінде көбінесе өзгерістер жыныс органдарында болады. Балау. Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық өзгерістері арқылы алдын-ала диагноз қойса, ал, түпкілікті диагноз - зертханалық зерттеулердің негізінде жүргізіледі. Зертханада вирусты бұзаудың бүйрегіндегі өсіндіде, сиырдың эмбрионының бүйрегі немесе талағындағы өсіндісінде өсіріп БР, РИФ реакцияларында ажыратады. Емі. Өзіне тән қан сарысуын қолданады. Қосалқы инфекциялар асқынбауы үшін антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттардың тиімділігін ескере отырып қолданады. Оларды аэрозол немесе егу арқылы да пайдалануға болады. Иммунитет. Белсенді иммунитет қалыптасады. Өлітірілген және тірі вакциналар қолданылады. Дауалау және алдын алу шаралары. Сырттан келген малдарды 30 күндік дауалаулық карантинге қояды. Ауру шыққан жағдайда карантин жарияланып, тиесілі шаралар жүргізілгенен кейін 30 күн өткесін алынады. Карантин жарияланған шаруашылықтан бұқаның шәуәттәрі сиырларды ұрықтандыруға 2 айдан кейін ғана алынады. Бақылау сұрақтары: 1 Вирустық диареяда байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Инфекциялық ринотрахеитті емдеу щаралары. 3 Екі ауруды ажырата балау. №19 дәріс ҚОЙ ЖӘНЕ ЕШКІ АУРУЛАРЫ Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) немесе жыбырлақ – геморрагиялык энтеритпен, бүйректің закымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Бұл індет Қазақстанда «жыбырлақ» деген атпен ертеден белгілі. Тасманияда (Австралияда) алғашқы рет Джиллрут 1910 ж. сипаттады. Ауырған қойдың бүйрегінің жұмсарып кететінін байқап оны "жұмсақ бүйрек" деп атады. Қоздырушысы – Clostridium perfingens-тің С, Д кейде А типтері. Қоздырушы, әсіресе оның спорасы сырткы ортада, өте төзімді. Споралары қайнатканда 15-20 мин. өткенде өледі топырақ пен суда 20 айға дейін, жүн мен теріде 2 жылға дейін сақталады. Инфекциялық энтеротоксемиямен табиғи жағдайда қойдан басқа сиыр, ешкі, түйе, жылқы, шошқа, тауык, жабайы аңдар аурады. Қойларға ауру бір-бірінен жұқпайды. Олардың әр қайсысының ас қарнында ауру қоздырушысы бар. Негізінен семіз қоңды малдар ауырады себебі олар арық әлсіздеріне қарағанда азықты көбірек жейді. Ауру көбінесе көктемде, сирегірек жаз бен күзде ұшырасады. Қоздырушы тек ас қорыту жүйесінде ғана өсіп өнеді. Ішек зақымданса немесе оның моторикасы бұзылса, кенеттен малдың рационы өзгерсе, мысалы, жаңа көктеген шөпті көп жесе, клостридиялар тез көбейіп, ауру туғызады. Қоздырушының негізгі уыттылық факторы - оның бөліп шығаратын экзотоксиндері. Аурудың инкубациялық кезеңі өте кыска, бірнеше сағат қана (4-6сағ.), клиникалық байкалуы кенеттен басталады. Ең басты көзге түстеін белгісі - аурған малдын жүрісі-тұрысы бұзылып, денесі құрысып, аяғын басып тұра алмай құлап қалады. Құлағаннан кейін аяқтарын бос сермеп, бұлшық еттері құрысып, жыбырлап жатады. Осындай айрыкша белгілері, аурудың "жыбырлак" атануына себеп болған. Бұндай құрыстануымен катар аурғаң малдың мәңгіріп, есенгіреп қалуы да мүмкін. Энтеротоксемия аса жіті, жіті және жітілу өтеді. Өлексе өте тез бұзылады. Аузы мен танауынан қан аралас көбік шығады. Терісінде көгерген дактар болады. Тері асты шелі мен бұлшық еттердін аралары канталап тұрады. Сөл түйіндері үлкейген, суланып, қан кернейді. Кұрсақ қуысында сарғылт сұйық іркіледі. Жалпы алғанда ойылған геморрагиялык энтеритке тән өзгерістер кездеседі, әсіресе мыкын ішек пен тік ішекте бұл кұбылыстар басым болады. Жұқпалы энтеротоксемияға тән патологиялык өзгеріс бүйректе байкалады. Бүйректің екеуі де, кейде біреуі ғана болбырап босап, консистенциясы коймалжын быламыққа ұксас болады. Сондыктан ауруды "болбыр бүйрек" деп атайды. Энтеротоксемияға диагноз қою үшін іңдеттанулык деректерді, клиникалык белгілерін және патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп, зертханалык зерттеу жүргізеді. Зертханаға ішкі ағзалардың кесінділерін, бір сүйем сау ішекті ішіндегісімен, жіліктің сүйегін, құрсак қуысындағы экссудатты жібереді. Қойда ауру әдетте өте жіті өтетіндіктен ем колданылып үлгірмейді. Ауру бірен-сараң байқалғанда қозынын дизентериясы мен койдың энтеротоксемиясына карсы косвалентті гипериммунді қан сарысуын пайдалануға болады. Онымен қоса биомицин, террамицин және синтомицин антибиотиктерін колдануға болады. Ауырып жазылған койда иммунитет қалыптасады. Белсенді иммундеу үшін койдың брадзот, энтертоксемия және қатерлі домбығуына, қозының анаэробты дизентериясына карсы поливалентті вакцина қолданылады. Ауру тұрақты байкалатын аймакта сактық шарасы ретінде койларға вакцина егеді. Малды еккен кезде қырқуға, пішуге, құйрығын кесуге болмайды. Аталған операцияларды мал егілгеннен кейін екі ай өткен соң жүргізуге болады. Энтеротоксемия шыққан шаруашылыкты бұл аурудан сау емес деп жариялап, шектеу қояды да, койды шеттен әкелуге немесе әкетуге тиым салады. Өлген қойдың терісін алмай, өртеп жібереді. Өлексе жаткан жерді дезинфекциялайды. Ауру малдың көңін, жемшөптің қалдығын жағып жібереді. Ауырған малды союға болмайды. Шектеу жыбырлақтан сонғы кой өлген соң 20 күннен кейін алынады. Брадзот (Bradsot) немесе секіртпе – ұлтабар мен он екі елі ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап және ішкі үлпершек мүшелердің азғындауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал емес ауру. Бастапқы да бұл ауруды 1875 жылға дейін топалаң деп келген. 1875 жылы Краббе оны дербес ауру ретінде сипаттады. Брадзоттың қоздырушысының таза өсінін тұңғыш рет 1888 жылы И. Нильсон бөліп алды. Брадзоттың екі қоздырушысы бар: Cl. septicum және Cl. oedamatiens грамоң, қозғалады, ірі спорасы шетіне қарай орналасқан. Секіртпемен койдан басқа үй жануарларынан ешкі аурады. Ауру спорадия түрінде немесе шағын індет реіінде байкалады. Табиғи жағдайда кой жынысы мен жасына карамай аурғанымен көбінесе екі жаска дейінті әдетте қондылығы жоғары малдар шалдығады. Инфекция коздырушысының бастауы - аурған қой. Өлгеи койдын өлексесі жайылым мен суатты брадзоттың коздырушысымен ластайды. Ауру алиментарлык. жолмен шөп және су аркылы жүғады. Секіртпе аса жіті және жіті өтеді. Аса жіті өткенде жасырын кезеңі бірер сағат қана, ал жіті өткенде бір тәулікке дейін созылады. Аса жіті өткенде мал кенеттен өліп кетеді. Аддыңда ғана сау ясурген кой кенеттен тыпыршып, бір орнында секіріп барып кұлайды. Осындай ерекше жәйт аурудың халык арасында "секіртпе" дел аталуына себеп болған. Жығылған койдың аузынан көбік ағып, тісін шықырлатып, бірер минутта өліп кетеді. Кешкісін сау малдың таңертең өлексесі жатады. Секіртпеден өлген койдың өлексесі бірер сағаттың ішінде газға кеулеп, тез бүзылып, терісі көгереді. Жағымсыз иіс шығып, табиғи тесіктерінен қанды көбік ағады. Бастың, мойнының, кеуденің, кейде дененің баска бөліктерінің де тері асты шелі қанды-сарысулы, газ көпіршіктері бар кілкілдеген жалкаққа толы болады. Бұлшық еттері өзгеріске үшырамайды. Жүні босап, оңай жұлынады. Көзге көрінетін кілегейлі кабыктары көкшіл. Шеткері қан тамырларындағы қан ұйымайды. Кеңірдек пен бронхалардың кілегейлі кабыктарында шашыранды және жолактанған канталаулар болады, кеңірдектің іші коймалжың көбікті сүйыққаа толы. Алдыңғы қарындар жынға толы, ұлтабар бос, Диафрагма мен плеврада үсак-үсак канталаулар болады. Көкірек және қүрсак қуыстарыңца канды сарысу бар, өкпе домбығып, қанға толады. Жүректің қабындағы сүйык молаяды. Зертханаға өлексені немесе жеке ағзаларды: бүйрек, көк бауыр, бауырдың кесіндісін, үлтабардың закымданған телімдерін, үлтабар ұшы ішегін, жіліктің сүйегін, тері астындағы жалкакты жібереді. Зертханада микроскопия жүргізеді, таза өсін алады және ақ тышқан мен теңіз тышқанына биосынама мен бейтараптау реакциясын қояды. Брадзотты топалаңнан, жұқпалы энтеротоксемиядан, пастереллезден, қарасаннан, пироплазмоздан және уқорғасын шөбінен уланудан ажырату кажет. Ауру өте кауырт өтетендіктен ем әдетте нәтиже бермейді. Созылмалы өткенде антибиотиктер қолдану ұсынылады. Дауалау және күресу шаралары энтеротоксемия кезіндегідей. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы(Agalactiae infektiosa ovium et caprarum, инфекционная агалактия овец и коз) – малдың желіні, буындары және көздері зақымданып, сүті қайтуымен ерекшеленетін аса жұқпалы ауру. Ауруды алғаш рет Италияда Метакс 1816ж. ашты. Содан кейін Орталық Европа мен баска аймактарда да белгілі бола бастады. Зерттеушілер оның коздырушысьшың бактериологиялық сүзгіден өтетіндігін анықтап, бұл микроб вирустарға жатады деп болжам жасады. 1923 ж. Бридре мен Донатием микроб өсінін таза күйінде бөліп алған соң оның сиыр периплевмониясының қоздырушысына ұқсас екендігі, яғни микоплазмаларға жататындығы аныкталды. Қоздырушысы – Mycoplasmа agalactiae полиморфты 25-175 мкм. Зертханалык жануарлардан тек үй кояны ғана сезімтал. Инфекциялық аглактиямен кой мен ешкі жынысына, жасына және тұкымына карамай ауырады. Бәрінен лактациядағы жануарлар және бір айға дейінгі төл өте сезімтал. Қойға карағанда ешкінің ауруға бейімділігі жоғары. Жұғу жолдары: алиментарлык және емшек үрпі мен желіндегі жаракаттар мен сызаттар. Қозы мен лаққа аурудың жатыр ішінде тумай тұрып жұғуы туарлы да деректер бар. Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 10 күннен 2 айға дейін. Агалактия жіті, жітілеу және созылмалы өтеді. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты аурудың маститтік, буындағы, көздегі, жұлындағы және аралас түрлері болады. Жіті өтуі лактациядағы малда, қозы мен лақта байкалады. Лактациядағы кой мен ешкіде негізінен желіні, сирегірек буындары мен көздері закымданады. Өлген мал әдетте әбден арыктаған. Терінің асты мен етінде іріңдеген абсцессалар болуы мүмкін. Жеке мүшелердегі өзгерістер аурудын түріне байланысты болады. Инфекциялық агалактияға диағноз кою, оның баска ауруларға ұқсастығы көп болғадықтан бірталай қиыншылыктар тудырады. Сондыктан аурудың біліну ерекшелтктерін жан-жакты мұкият талдау кажет. Індеттік жағдайды, клиңикалык белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерісерді ескере отырып, кажеттілігіне қарай бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Агаяактияны инфекциялық маститтен, бруцеллезден, катерлі катарлы кызбадан, телязиоздан, тілме септицемиясынан ажырату кажет. Агалактияның өзіне тән емі жок. Емдеу үшін біркатар дәрі-дәрмектер ұсынылған. Ауырып жазылған кой қайтадан ауырмайды, ал ешкіде ондай иммунитет болмайды. Әзірбайжанда М. Фарзалиев дайындаған алюминий гидрототықты формолвакцина егілген малды түгелдей аурудан сактамайды, тек шалдығу көрсеткішін төмендетеді. Румынияда даярланған тірі вакцинаның иммунитеті біршама жоғары. Бұл препарат Монғолияда пайдаланылып, тәуір нәтиже берген. Инфекциялық агалактия байкалғанда сол ферманы немесе отарды аурудан сау емес деп жариялап, шектеу қояды. Барлык, ауру және ауруға күдікті малды түгел бөліп алып, бөлек ұстайды. Іш тастаған саулықтар мен ешкілерді де окшаулайды, Егер ауруға шыққан мал аса құнды болмаса, сояды. Ауырған мал түрған кораны, ауланы дезинфекциялайды. Ластанған төсенішті, жемшөпті, көңді, тастанды төлді, шуын өртейді. Ауырып жазылған малды окшаулап ұстап, бағады. Шектеуді ен соңғы ауырған мал оқшауланғаннан кейін 60 күнөткенде алады. Шаруашылықтан шетке мал шығаруға шектеу алынған сон 8 айдан кейін рұқсат етіледі. Кебенек немесе ешкінің жұқпалы плевропневмониясы (Рleuropneumonia infektiosa caprarum,инфекционная плевропневмония коз) - дененің кызынып, плевропневмония ретінде байкалатын жіті өтетін аса жұғымтыл ауру. Бұл ауру Қазакстанда өте ерте заманнан белгілі және оны 1895жылы Семейде Бенкеевич сипаттап жазған. Ғылымда бұл ауруды 1873 ж. Том Алжирде ашты деп есептелінеді. Қоздырушысынын микоплазма екендігін тек 1940 ж. Ленгли дәлелдеп, әр түрлі атпен атады. Кейінірек 1954 ж. Эдвард бұл микробты Мусорlаsта тусоides түрінің сарrівариантына жаткызды. Коздырушысы - Мусорlasma mykoides var. carpi – морфологиясы, қоректік ортада өсуі сиырдың жұкпалы плевропневмониясынын коздырушысына ұқсас, одан тек антигендік кұрамы аркылы ерекшеленеді. Ауруға тек қана ешкі шалдығады. Қой сиыр ауырмайды. Табиғи жағдайда әдетте 3 жасқа дейінгі жас ешкілер ауырады. Одан ересек ешкілер мен еметін лактар сирек шалдығады. Ауру коздырушысынын бастауы - ауру және ауырып жазылған ешкілер. Олар микоплазманы жөтелгенде, танаудан аккан сорамен және несеппен бөліп шығарады. Қоздырушы аэрогендік жолмен жұғады. Шықкан ауру сол ауқымдағы жергілікті індет ретінде тұтанып, індет ошағындағы ешкінің барлығы дерлік шалдығады. Өлім көрсеткіші 90-100 %-ке жетеді. Жасырын кезеңі 1-3 апта /5 күннен 10 күнге дейін максимум 20 күнге шейін/. Ауру әдетте жіті, ал кейде созылмалы өтеді. Жіті өткенде жануардың ыстығы бірден 41-42°С-ка көтеріледі, жүруі киындап, отарға ілесе алмайды, жемшөпке карамайды. Ауырған мал шөлдеп, жөтеледі, жөтелі жиілейді. Бастапкыда құрғак, катты жөтеледі, кейіннен экссудативті плеврит байкалғанда жөтел дымкылданады. Танауынан бастапкыда сүйық, кейіннен коймалжын ірінді сора ағады. Ауру жіті өткенде көкірек куысында 1-2 л кызғылт-сары түсті лайланған экссудат жиналады. Өкпе түтастай немесе оның жеке бөліктері бауырланудың әртүрлі сатысында, ал тіліп көргенде "мәрмәр" түсті болады. Плеврада ұйыған фибрин жіп тәрізді немесе жұка кабыршак блып жабысып тұрады да, онай сыдырылып алынады, плевра өкпеге жабысып түрады. Бронха төңірегіндегі және өкпеаралық сөл түйіндері ұлғайып, суланады. Балау. Індеттік деректер: оның тез таралып, өлім көрсеткішінің өте жоғары болуы, тек кана ешкінің ауыратындығы ескеріледі. Клинакалык ерекшеліктері: тұрақты жоғары температура, жөтел, плевропневмония, малдын тез жүдеуі ауруға диагноз кою үшін құнды деректер болып табылады. Патологиялық-анатомиялық белгілері: өкпенің жаппай бауырлануы, тіліп карағанда "мәрмәр" түсті болуы кебенекке күдік тудырады. Біздің елде бұл ауру жоқ болғандықтан оны емдемей сояды, етті шартты түрде жарамды. Ал, кебенекпен ауырған ешкілерді емдеуге шешім кабылданса, бірден бір тиімді препарат ретінде новосальварсан немесе оның туындысы новарсенол қолданылады. Кебенекпен ауырып жазылған ешкіде ұзак уакытка берік иммунитет қалыптасады. 1911ж, Италияда Мори кебенекпен ауырған ешкінің плевралық экссудатын толуолмен немесе эфирмен өндеп, вакцина ретінде колданды. Бұдан кейін әртүрлі елдерде өкпенің закымданған ұлпасының эмульсиясынан формолвакцина дайындалып, пайдаланыла бастады. Мұндай вакцина 1944 жылдан бастап біздін елде колданылды, соның нәтижесінде 1952 жылдан бастап ауру індет ретінде байқалмайды. Кебенек байкалған шаруашылыкка карантин қойылады. Барлык ешкілер күн сайын тексеріліп, ыстығы өлшенеді. Ауру байкалған ешкілерді жедел бөліп алып, сойып, етін шартты түрде жарамды ретінде пайдаланады. Бақылау сұрақтары: 1. Энтеротоксемияның пайда болу себептері. 2. Брадзоттың клиникалық белгілері. 3. Кебенектің індеттанулық ерекшеліктері. 4. Инфекциялық агалактияның әртүрлі формасындағы өлекселердегі өзгерістер. 5. Инфекциялық агалактиямен күресудің негізгі шаралары. №20 дәріс МАҢҚА, САҚАУ Маңқа (Malleus, сап) – тақ тұяқтылар арасында (негізінен жылқы, есек, қашыр) кездесіп, өкпе және ішкі ағзаларда, кілегей қабықтар мен теріде ерекше түйіндердің пайда болуымен қатар, ыдыраған жағдайда жараларға әкеліп соғатын жұқпалы,негізінен созылмалы түрде өтетін ауру. Маңқамен адамда ауыруы мүмкін. Маңқаны көне Грекияда Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) сипаттап "Жынды ауру" деп атаған. Ауру қоздырушысы (Bact.mallei) 1882 ж. Леффлер және Шютц ашты. Бірнеше жыл (1891ж.) өткенде орыс мал дәрігерлері Х.И. Гельман(1848-1892) және О.И. Кальнинг (1856-1891) әрқайсысы дербес түде, маңқа қоздырушысын диагностикалық препарат – маллеин дайындады. Аурудың қоздырушысы – Bac. мallei, теріс грамды, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін түзу немесе шеттері дөңгеленген, ал өзі иілген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм таяқша. Маңқаға негізінен есек, қашыр, жылқы өте шалдыққыш келеді. Бірінші екі малда (есек, қашыр) ауру өте жіті, ал жылқыда созылмалы және кейде сауығуымен өтеді. Ауру қоздырғышының негізгі көзі – ауру жықылар. Әдетте жылқы зарарланған азық, су, төсеніш, құрал-аспаптар, шелек және т.б. жанасу, қи арқылы беріледі. Қоздырғыштың негізгі берілу жолы – алиментарлық, ал организмнен бөліну жолы мұрын зәрі – маңқа болып табылады, сонымен қатар тері жарасынан бөінеді. Аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін, ал ағымы бойынша: жіті, созылмалы және латентті болады. Жылқыда жіті түрінде (маңқа), сонымен қатар жақ асты безі ісінеді, бастапқыда бездері ыстық, қол тигізбей, ал кейіннен суып, ауырсынбайды. Безі іріңдемейді. Кейде жіті ағымы тері маңқасы - жара түрінде байқалып, жаралар санның ішкі бетінде, мойын, қынаптың тері бетінде дамиды. Ал аяқ терісінде жаралар болуына байланысты, қалыңдап «піл аяғы» көрнісі байқалады. Ауру жылқы денесінде болған жаралар сауыққанда «жұлдыз тәріздес» тыртық болып қалады. Маңқадан өлген және сойылған жылқының өлексесін жаруға қатаң тиым салынады. Тек кейде мәлімсіз жағдайда және ғылыми тұрғыдан зерттеу кезінде өлексе тексеріледі. Маңқа қоздырушысының түйіншіктері өкпеде, лимфа бездерінде, талақта, теріде, мұрын қуысында табылады. Түйіншіктерді кесіп көргенде қоңыр-қызыл тартып тұрады. Ауруды анықтау. Ауруды анықтау кезінде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, өлекседегі өзгерістер, бактериологиялық, аллергиялық және серологиялық зерттеу нәтижелері ескеріледі. Ауру жылқыны емдеуге тиым салынады, өйткені адамдарға өте қатерлі. Жылқы организімінде аурудан кейін стерильді емес иммунитет қалыптасады. Шаруашылықта маңқа байқалған жағдайда шаруашылыққа карантин енгізіледі. Ең соңғы маңқамен ауырған жылқы жойылғаннан кейін 45 күн өткен соң және қорытынды дезинфекциясы өткізілгеннен кейін шаруашылықтан карантин алынады. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – тақ тұяқтылар арасында дене қызуы көтеріліп, танау және жұтқыншақ кілегей қабықтарының кілегей-іріңді және регионарлық (жақ асты мен жұтқыншақ) лимфа бездерінің қабынуымен сипатталып негізінен жас құлындарда байқалып жіті ағымда өтетін жұқпалы ауру. Сақау ертеден танымал аурулардың бірі болып саналады. Тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан француз ғалымы 1664 жылы Золлейзель (Solleysel) жазған болатын. Қазақстан ғалымдары арасында бұл ауруды зерттеуге Ф.Ф. Луцкеич, Р.С. Москалик (КазҒЗМДИ) өз үлестерін қосты. Ауру қоздырғышысы - Streptоcoccus egui, қозғалмайтын және спора түзбейтін сақау стерптококкасы. Сақауға 6-айдан 5-жасқа дейінгі жылқы, есек, қашыр сезімтал келеді. Жас құлындар негізінен анасынан айырғаннан кейін шалдығады. Алайда, ғылымда бұл ауруға 1-айлық, 10-күндік, сонымен қатар 23-26 жасар жылқы шалдыққаны белгілі. Ауру қоздырғышының негізгі көзі ауру немесе аурудан айыққан жылқы болып табылады. Олар қоздырғышты өз денесінде сақтап оны ұдайы жөтелгенде, маңқасымен, лимфа бездерінің іріңімен бөліп, сыртқы ортаны ластайды. Ауру қоздырғышы ауру малдан сау малға тікелей жанасқанда, ауа (тамшы-тозаң) арқылы және негізінен ластанған азық- сумен дариды. Сақау көбіне жылқы организмінің резистентігі сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан төмендеген жағдайда әсіресе күз-қыс мезгілдерінде байқалады. Қазақстанда сақау негізінен жаздың соңғы айларында білінеді де, күзде және қыста малды шығынға ұшыратады. |