МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 11 страница





Шешек (Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, интоксикация және тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөрткендер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.Шешек вирустары Poxviridae (ағылшынша pox-шешек) тұқымдастығының Chordopoxvirinae тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстастыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқада түрлері бар.

Туляремия (Tularaemia)талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, жүйке жүйесі зақымдануымен сипатталатын, көптеген сүтқоректі жануарлардың, құстардың және адамның табиғи ошақты, трансмиссивті, инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – francisella tularensis үш түр тармағынан тұрады: америкалық, евразиялық және орта азиялық. Аса полиморфты, ұсақ коктар тәріздес, нәзік қауашақпен қоршалған бактериялар. Қозғалмайды, спора түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады.

Сіреспе (Tetanus,столбняк) – жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін, сүтқоректі жануарлардың, құстардың және адамның жіті өтетін жұғымтал емес инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – clostridium tetani – жіңішке, ұзынша таяқша, жылжымалы, қауашық түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб. Өсіндіде 2-3 тәулік өткен соң микроб клеткасының бір жақ шетіне таман орналасқан, домалақ, диаметрі микробтың өзінен гөрі жуан, спора түзеді, сондықтан оның жалпы пішіні барабан таяқшасына ұқсас болады.

Ботулизм(Botulismus) –жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін, азықтық токсико-инфекциялық ауру.Қоздырушысы – Сlostridiun botulinum – грам оң, токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес /4-9 х 0,5-1,2 мкм/. өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайда, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.

1 Індеттік жағдай:Күз мезгілінде, шошқа фермасындағы қора ауасы ылғалдылығының жоғарлауына байланысты, еметін торайлар арасында, терілерінде ерекше бөртпелердің және қабыршықтардың (крусталар) пайда болуымен сипатталатын ауру байқалды. Індет тез жайылып, зерттелген шошқалардың денесінде биттер анықталды.

Тапсырма:1) Диагноз қою; 2) Шешекке шалдыққан торайларды емдеуді ұйымдастыру; 3) Басқа шошқа қораларын, шешек қоздырушысының енуінен қорғауға бағытталған шараларды әзірлеу.

2 Індеттік жағдай:Көктемде қойлар жайылымға шыққанан кейін, қозылардың арасында ауру байқалып, індетке шалдығу деңгейі 50% дейін жетті. Ауырған жануарларда келесі клиникалық белгілер байқалды: күйзелу, тынысы мен тамыр соғуының жиілеу, дене қызуының 41°С дейін көтерілуі, кілегей қабықтарының бозаруы, мойын тұсының және жауырын алдынғы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Тоқтаусыз іш өтіп, сирақтарының салдануы байқалды. Ауырған қозылардың өлімге ұшырауы 30% дейін. Қозы өлекселерін жарып сою кезінде тері асты шелінде қан құйылулар, өлеттену ошақтары, лимфа түйіндерінің геморрагиялық қабынуы, бауырдың ұлғаюы, ошақтық пневмония байқалды.



Тапсырма:1) Дереу диагноз қою қатысты шаралар жүргізу; 2) Қалған жануарларды аурудан және өлімге ұшыраудан қорғауға, сонымен қатар індетті жоюға бағытталған шаралардың жоспарын құрастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурудың сипаттамасы

2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректер

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Індетке қарсы шаралар

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№16 сабақ. Ірі қара малдың қарасаны және паратуберкулезі. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Қарасанды және паратуберкулезді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Қарасан(Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттерінің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін инфекциялық ауру.

Қарасан, сіреспе сияқты топрақтық инфекция болып табылады.

1 Індеттік жағдай: Мал шаруашылығымен айналысатын «Жұлдыз» шаруа қожалығында келесі індеттік жағдай туындады. Бордақылауға қойылған 35 бастан тұратын бір жасқа дейінгі бұқашықтар тобында 3 бас мал ауруға шалдықты.

Ауру, дененің жоғарғы температурасымен сипатталып, ауыз қуысында, жұтқыншақта, жақ асты аумағында және жамбас тұсында диффузды ісінген, ыстық, ауырсынатын және пальпациялаған кезде, сықырлайтын (крепитация) дыбыс шығаратын домбығулар пайда болды. Ауырған бұқашықтардың ақсаулары байқалды. Анамнез жинау кезінде, жануарлар ірі туралған сабанмен азықтандырылғаны анықталды.

Бір мезгілде осындай ауру, күзгі қой қырқу науқанында, қатты жүнді тұқымды, бес қойда байқалды. Екі қой лажсыз өлтірілді.

Өзіндік жұмыс: Туындаған індеттік жағдайға талдау жүргізіледі. Болжамды диагноз қойылып, диагностикалық зерттеулер тәртібі реттеледі. Індеттік ошақты оқшаулауға бағытталған шаралар іске асырылады. Індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырылады.

Паратуберкулез (Paratuberculosis) немесе солма – созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын инфекциялық ауру.

Инкубациялық кезең мен ауру ағымының жасырын өтуінің айырмашылықтарын білу керек. Шаруашылық жағдайында алғашқы диагнозды қоюды игеру және ірі қара мал арасында балаудың аллергиялық және серологиялық тәсілдерін қолданудың ерекшеліктеріне назар аудару.

2 Індеттік жағдай: Жеке меншік сүт фермасында 412 бас ірі қара мал бар. Олардың ішінде 100 бас сауын сиырлары. Сауын сиырларының арасында 6 бас малда, басқаларымен салыстырғанда сылбырлық, енжарлық байқалып, олардың қоңдылықтары төмен және алма кезек іш өтулер болатындығы анықталды. Нәжістері сұйық, жалқаяқ және қан араласқан, өте жағымсыз иісті. Барлық жануарлар жылына екі рет, аллергиялық тәсілмен, туберкулезге зерттелініп отырылады. Және барлық жағдайда теріс нәтижелер алынған.

Болжамды диагноз – паратуберкулез.

Өзіндік жұмыс:1.Ақтық диагнозды қою (ол үшін не қажет). 2. Індет ошағын жоюға және қолайсыз аймақты сауықтыруға қатысты шаралар жоспарын құрастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурудың сипаттамасы

2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректер

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Індетке қарсы шаралар

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№17 сабақ. Ірі қара мал обасы, ала өкпе және лейкоз. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Ірі қара мал обасы(Pestis bovum, чума крупного рогатого скота) – өлі тію түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегей қабықтарының, ісініп өліеттенуі, дене қызуының көтерілуі, геморрагиялық диатез, ауыз қуысында эрозиялар мен ойық жаралардың пайда болуымен, іш өту, ринит, конъюнктивит, танау мен көзден кілегейлі-іріңді сора ағуымен сипатталып, жоғары жұғымталдылық және өлім-жітімділікпен ерекшеленетін, үй және жабайы күйістілердің жіті өтетін вирустық ауруы. Қоздырушысы – құрамында РНҚ бар парамиксовирустар тұқымдастығының Morbillivirus туыстастығына жататын вирус. Әртүрлі формада және өлшемде полиморфты келеді.

Сиырдың контагиозды плевропневмониясы (Pleuropneumonia contagiosa bovum, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) мәлік, ала өкпе – қызба, өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит, кейіннен өкпеде анемиялық некроз және секвестрлердің пайда болуымен ерекшеленетін аса жұғымтал ауру.

Қоздырушысы – Mycoplasma mycoides var. mycoides микроорганизмдердің жүйеленуі бойынша Molicutes класының Mycoplasmatales қатарына жатады.А са полиморфты дөңгелек, сопақша таяқша, бүршіктенген түрде болады.Үлкендігі 0,2-0,8 мкм, бактериологиялық сүзгілерден өтіп кетеді. Полиморфтылық және сүзілгіштік қасиетін, мықты торша қабырғасы болмай, оның орнында тек үш қабатты цитоплазмалық мембрананың болуымен түсіндіруге болады.

1 Індеттік жағдай.«Алға-Бас» АҚ жазғы лагерінде, әр қайсысы 200 бастан тұратын, 2 табын ірі қара мал жазғы жайылымда ұсталады. Бір табында үш сиыр ауруға шалдығып, келесі клиникалық белгілері байқалды: қызба, дене қызуы 40,5 - 42°С, ұрттарының, қызыл иектерінің, езулерінің, таңдайларының, тілдің үсті мен бүйірлерінің зақымданып, сарғылт-сұр түсті ұсақ түйіндердің болуы, көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бір бас сиыр өлімге ұшырады.

Тапсырма:1. Қол жететін барлық балау тәсілдерін қолдана отыра диагноз қою. 2. Өлген жануарды қандай тәсілмен жою мәселесін шешу. 3. Індетке қарсы шаралар жоспарын әзірлеу.

2 Індеттік жағдай.«Заря» ӨК 300 бас сиыр бар. Шілде айында, жайылым жағдайында кенеттен 4 сиыр ауруға шалдықты. Олардың біреуң өлімге ұшырап, қалғандары сойылды. Екі малды сойып тексеру кезінде, өкпелерінде «мәрмәрлану» көрнісі байқалды. Плеврасы қалыңдап, фибринді өсінділері бар. Көкрек қуысында, фибрин іріміктері аралас, эксудат жиналған. Көкрек қуысының лимфа түйіндері ұлғайған, домбыққан және тіліп қарағанда түрі майлы ұлпаға ұқсайды.

Тапсырма:1. Контагиозды плевропневмонияға ақтық диагнозды негіздеу. 2. Контагиозды плевропневмония кезіндегі сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. ІҚМ обасы мен КПП індеттанулық ерекшеліктері

2. Клиникалық белгілері

3. Патологоанатомиялық өзгерістер

4. Балау тәсілдері, ажырата балау

5. Осы аурулармен күресу шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№18 сабақ. Вирустік диарея және инфекциялық ринотрахеит. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Пневмоэнтериттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Пневмоэнтериттер – қызба, тыныс алу, ас қорыту және басқа да физиологиялық жүйелер ағзаларының зақымдануымен сипатталатын жұғымтал, жіті өтетін вирустік аурулар.

Сиырдың вирустық диареясы (Diarrhea viralis bovum, вирусная диарея крупного рогатого скота) – дененің ыстығы көтеріліп , ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығы ойылып, қан аралас іш өтуі, коньюнктивит және ринит арқылы ерекшеленетін жіті өтетін инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Bovine virus diarrhea pestvirus, құрамынды РНҚ бар Togaviridae тұқымдастығының Pestvirus туыстастығына жатады. Шошқа обасының вирусымен ортақ антигені бар. Шошқа обасына қарсы гипериммунды қан сарысуы сиыр диареясының вирусын бейтараптайды.

Сиырдың инфекциялық ринотрахеиті (Rhinotracheitis infectiosa bovum, инфекционный ринотрахеит КРС) – қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы-өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін инфекциялық ауру. Ауру барлық жастағы маладарда байқалып, жаңа туған төлдерде іш өту, жас малдарда негізінен жоғарғы тыныс жолдары мен конъюнктиваның зақымдануы, ал ересек жануарларда іштастаулар және пустулезді вагиниттің байқалуымен сипатталынады. Қоздырушысы – (Bovid alpha herpesvirus) герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады.

Індеттік жағдай.«Қуаныш» шаруа қожалығында 300 бас, әр түрлі жастағы, ірі қара мал ұсталынады, шаруашылықта еркін шағылыстыру тәжірибелінеді. Қарашаның соңында 25 бас мал (бұзаулар, жас және ересек малдар) ауруға шалдықты. Ауру, қызба, көп мөлшерде танаудан зәрдің бөлінуі, қаңсарының гиперемиясы, ентігу, тышқақтау белгілерімен сипатталды. Бұзауларда дене қимылы қызметінің бұзылуы байқалды. Бір жасқа дейінгі үш жануар өлімге ұшырады. Бір сиыр буаздылық мерзімінің екінші жартысында іш тастады. Жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарында күлдіреукті бөртпелер байқалған.

Өзіндік жұмыс: Індеттік жағдайға талдау жүргізу. Болжамды диагноз қою. Диагностикалық зерттеулер тәртібін анықтап, ажырата балау тестілерінің кестесін құру. Әр түрлі препараттармен бұзауларды аэрозольды өңдеу және емдеу шараларының реті мен курсының тәртібі мен әдістемесін анықтау. Диагноз қою кезінде ветеринариялық маманның жұмыс жүргізу тәртібін бекіту. Инфекциялық ринотрахеитті және вирустық диареяны алдын алу және жою шараларының жоспарларын құрастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Ауру жануарларды емдеу шаралары, тәртібтері

7. Індеттерге қарсы шаралар жоспарлары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№19 сабақ. Қой және ешкі аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Топалаң – қойларда жергілікті домбығулар – тері асты шелінде және кілегей қабықтарда болмайды, ауру жиі ретте өте жіті өтеді.

Қатерлі ісік– ауыр өткен төлдеуден немесе түрлі жарақаттардан (пішу, қырқу) кейін туындаған асқыну. Бұл, жыныс мүшелерінде және жара маңайында домбыққан сықырлайтын ісіктердің пайда болуымен байқалады.

Брадзот и брадзоттектесауруларды клиникалық тұрғыдан топалаңнан айру мүмкін емес. Осы себептен, аурулардың кейбір індеттанулық ерекшеліктерін ескеру қажет: брадзот және брадзоттектес аурулар біздің елімізде негізінен көк шөптің қарқынды өсуі кезінде байқалуына байланысты, жиі ретте көктемде тіркеледі. Топалаң көбіне жаздың екінші жартысында байқалады. Паталогоанатомиялық тұрғыдан талақтағы өзгерістерге көңіл бөлу қажет.

 

 
 

 


Қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) іш тастауы (abortus chlamidiosis ovium, хламидиозный аборт овец) – қағанақ қабықтарының, әсіресе котиледондарда, қабынуы, буаздылық мерзімінің екінші жартысында іш тастау немесе төлдің шала жансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Сhlamуdiaе psittaci var. оvis – хламидиялар тобына жататын микроб. Барлық хламидиялар бір-біріне морфологиялық және биологиялық қасиеттері жағынан ұқсас келеді.

Жұмыс барысында клостридиоздар ағымдарының ерекшеліктерін, инфекцияның туындауындағы топрақтың атқаратын ролін және клостридиоздар кезіндегі токсиндердің маңыздылығын естен шығармау керек. Сондықтан клостридиялар тудыратын індеттерді алдын алу шаралары барысында жараларды өңдеудің (мысалы сіреспе кезінде) және гипериммунды қан сарысуларын пайдаланудың маңызы зор болып табылады.

Індеттік жағдай: 1. Наурыз айында, шаруа қожалығының, 300 бас саулықтан тұратын отарында, кенеттен буаздылық мерзімінің екінші жартысындағы 50 саулық ауруға шалдықты. Ауырған қойлардың үшеуі лажсыз сойылды. Ауырған малдарда қысқа мерзімді қызба және жыныс мүшелерінен сірлі-іріңді бөлінділер байқалды.

2. Күзде, отарды таңғы бақылау кезінде, екі қойдың өлексесі табылды. Оларды жарып сою кезінде келесі өзгерістер анықталды: қанның нашар ұйюы, ішек-қарын бойында геморрагиялық диатез көрністері, әсіресе тоқ ішек бөлімдерінде. Отарды көк шөпте жаю барысында, кейбір қойлардың орнынан секіріп құлағандары, өлексенің тез газға толып, кебуі байқалған.

Өзіндік жұмыс:1. Ақтық диагнозды қою (ол үшін не қажет?). 2. Диагнозды нақтылау, індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және сауықтыру шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№20 сабақ. Маңқа және сақау. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау, ажырата балау және маңқаны аллергиялық балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Маңқа (Malleus, сап) – тақ тұяқтылар арасында (негізінен жылқы, есек, қашыр) кездесіп, өкпе және ішкі ағзаларда, кілегей қабықтар мен теріде ерекше түйіндердің пайда болуымен қатар, ыдыраған жағдайда жараларға әкеліп соғатын жұқпалы, негізінен созылмалы түрде өтетін ауру. Маңқа ауруымен адамда ауыруы мүмкін.

Аурудың қоздырушысы – Pseudomonas mallei, теріс граммды, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін түзу немесе шеттері дөңгеленген, ал өзі иілген, ұзындығы 1-5мкм, ені 0,3-0,8 мкм таяқша. Маңқаға негізінен есек, қашыр, жылқы өте шалдыққыш келеді. Бірінші екі малда (есек, қашыр) ауру өте жіті, ал жылқыда созылмалы және кейде сауығуымен өтеді. Сирек жағдайда түйе ауруы мүмкін, сонымен қатар індетке: леопард, арыстан, жолбарыс, дала мысығы, аю және ақ аюдың бейімділігі анықталаған. Олар инфекцияны ауру малдың етін жегеннен жұқтырады. Маңқаға адамда шалдығады, алайда С.Н. Вышелесскийдің (1954) пікірінше әртүрлі жағдайда өтіп, байқалуы, өзгеруі мүмкін.

Сақау(Adenitis equorum, мыт) – тақ тұяқтылар арасында дене қызуы көтеріліп, танау және жұтқыншақ кілегей қабықтарының кілегейлі-іріңді және регионарлық (жақ асты мен жұтқыншақ) лимфабездерінің қабынуымен сипатталып негізінен жас құлындарда байқалып жіті ағымда өтетін инфекциялық ауру.

Ауру қоздырғышысы – Streptococcus еqui қозғалмайтын және спора түзбейтін сақау стерптококы. Шыныда кептірілген ірің жағындысында қысқа түрде ұзынша тізбек құрайды. Жасанды қоректік орталарда тізбектері әдетте қысқа болады (ЕПС, ЕПА). Жаңа бөлініп алынған штамдары капсула түзеді.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.