МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 15 страница





Тақырып:Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру.

Тақырып:Барлық түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен мен күресу шаралары.

Тақырып:Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күресу шаралары.

Тақырып:Жылқының, шошқаның және ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын балау және күресу шаралары.

Тақырып:Кұстардың, етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың, балықтар мен бал араларының инфекциялық ауруларын балау және күресу шаралары.

 

№1 Тақырып: Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу

МАҚСАТЫ: инфекциялық аурулармен ауырған малдарды анықтау мақсатында клиникалық зерттеуді жүргізу ережелерін бекіту. Аллергиялық зерттеулер, малдардан қан алу техникаларын игеріп, аллергиялық реакцияларды бағалауды және құжаттарды толтыруды үйрену.

ТАПСЫРМА: факультеттің ветеринариялық клиникасында бағылып күтілетін әр түрлі түлік малдарды клиникалық, аллергиялық зерттеу және олардан қан алуды іске асыру.

1. Зерттелінетін малға індеттанулық анамнез жинау жоспарын құрастыру.

2. Жануарларды клиникалық зерттеу бланкілерін толтыру.

3. Аллергиялық зерттеулерді жүргізу туралы актілерді толтыру.

4. Зерттелген жануарлардың тізімін толтыру.

Сабақтың ұзақтығы: 10 сағат

Сабақтың қамтамасыздандырылуы: инфекциялық ауруларды кешенді балау әдістерінің кестесі, әр түлік малдары 2 бастан, малдарды клиникалық зерттеуге арналған құрал-жабдықтармен қондырғылар, арнайы зерттеулер бланкілері, «Аллергическая диагностика инфекционных и инвазионных заболеваний с/х животных» әдістемелік нұсқауы.

Қысқаша әдістемелік нұсқау

Инфекциялық ауруға күдік туған жағдайда дәрігер-эпизоотологтың негізгі міндеті – балаудың кешенді әдістерін қолдана отырып дер кезінде аурудың диагнозын анықтау:

- Індеттанулық

- Клиникалық

- Патоморфологиялық: патологоанотомиялық, гистологиялық

- Бактериологиялық: микроскопия (жарықтық, люминисценттік), коздырушыны бөліп алу, билсынама

- Вирусологиялық: микроскопия (жарықтық, люминисценттік, электрондық), вирусты бөліп алу, билсынама

- Гематологиялық:

- Иммунологиялық: аллергиялық сынама (тері арасына, көзге, тері астына), серологиялық (АР, ГАР, ЖГАР, ГАТР, ЖГАТР, КБР, КҰБР, ИФР, ГАдКР, ЖГАдР, ПР, ДПР, БР, ИДР, РБС, ИАР, ИФТ, ФР, сүтпен СР)

Ескерту: Әр ауруға қатысты диагнозы анықталды дейтін көрсеткіштер тізімі бар.

Инфекциялық ауруға күдікті малдарды клиникалық тексеру кезінде ветеринарлық мамандар әр қашанда жеке бастың гигиенасы ережелерін қатаң ұстануы тиіс.

Клиникалық зерттеуді малдың дене температурасын өлшеуден бастау ұсынылады.

Кейін малды бекітілмеген жағдайда қарап, келесілерге назар аударады:

- дене тұрысы,

- әр түрлі тітіркендіргішерге жауап қайтаруы,



- азық қабылдауы және су ішуі,

- нәжісінің сипаты,

- нәжіс және несеп шығару ерекшеліктері.

Содан кейін ауруды клиникалық балауда жалпы қолданылатын схема бойынша жеке жүйелермен ағзаларды зерттеуге кіріседі.

Инфекциялық аурулардың клиникалық белгілері әр түрлі факторларға байланысты: қоздырушының түріне және шоғырлануына, аурудың сатысына, ағымына және байқалу түріне, организмнің төзімділігіне және басқа себептерге. Бір инфекциялық аурудың клиникалық белгілерінің байқалуында, бір түлік малдар арасында тіркелгеннің өзінде, ауытқулар кездеседі.

Клиникалық зерттеулерді жүргізгеннен кейін серологиялық зерттеулер жүргізу үшін қан алуға және аллергиялық балау жұмыстарына кіріседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Инфекциялық ауруды қалай анықтайды?

2. Ауру малды клиникалық зерттеу әдісі неге негізделген?

3. Аллергиялық әдіс көмегімен қандай ауруларды балайды?

4. Аллергиялық реакциялардың қандай типтері бар?

5. Қандай аллергендерді білесіз?

6. Аллергендерді егу орындары және мөлшерлері?

7. Аллергиялық зерттеулерді қай жағдайларда жүргізуге болмайды?

8. Аллергиялық зерттеулер кезінде қандай құжаттар толтырылады?

9. Аллергиялық реакцияларға оң реакция берген малдарды не істейді?

10. Әр түрлі түлік малдарынан қан алу техникасы?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. Ыбраев Б.К., Ибрагимов P.M. Індеттану және індеттанулық талдау. Оқу құралы. Астана, 2009.- 76 б.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

 

№2 Тақырып: Індеттанулық зерттеу бойынша есептеулер жүргізу

МАҚСАТЫ: Індеттанулық зерттеуді жүргізудің әдісімен техникасын игеріп, алынған білімді тәжірибеде қолдануды үйрену.

ТАПСЫРМА:Оқытушыдан өз нұсқауын алып келесілерді орындайды:

1. Алынған материалдар бойынша есептеулерді жүргізу.

2. Алынған материалдарды графикалық түрде көрсету.

3. Талдау жасау.

Сабақтың ұзақтылығы: 15 сағат

Материалдық қамтамасызданылуы:

«Эпизоотический процесс и эпизоотологическое исследование» оқулық құралы. «Жалпы індеттану» курсы бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған жұмыс дәптері.

 

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Шалдыққыштық – жалпы мал басының инфекциялық ауруға шалдығу деңгейін білдіретін көрсеткіш. 1000, 10000 және 100000 басқа шаққанда индекс немесе пайыз ретінде көрсетіледі.

Шығын көрсеткіші – инфекциялық ауру ағымының ауырлығын білдіретін көрсеткіш. 1000, 10000 және 100000 басқа шаққанда индекс немесе пайыз ретінде көрсетіледі.

Өлім көрсеткіші – бұлда инфекциялық ауру ағымының ауырлығын білдіретін көрсеткіш. Тек пайыз ретінде көрсетіледі.

 

Бақылау сұрақтары

1. Індеттанулық зерттеу жүргізгенде қандай мақсаттарда абсолюттік және салыстырмалы шамалар қолданылады?

2. Салыстырмалы шамаларды атаңыз (статистикалық коэффициенттер)?

3. Интенсивті коэффициенттер нені сипаттайды?

4. Экстенсивті коэффициенттер нені сипаттайды?

5. Қатынастық коэффициенттер нені сипаттайды?

6. Көрнектік коэффициенттер нені сипаттайды?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. Ыбраев Б.К., Ибрагимов P.M. Індеттану және індеттанулық талдау. Оқу құралы. Астана, 2009.- 76 б.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

 

№3 Тақырып: Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру

МАҚСАТЫ: Дезинфекциялағыш заттарға қойылатын талаптармен танысу. Дезинфекция және дератизацияның сапасын бақылау әдістерін игеру.

ТАПСЫРМА:Оқытушыдан өз нұсқауын алып келесілерді орындайды:

1. Дезинфекциялағыш ертіндідегі натрий гидрототығының пайыздық мөлшерін анықтау.

2. 3%-дық формальдегидтің сілтілік ертіндісін дайындау.

3. Ветеринарлық клиниканың виварии бөлмесінде жүргізілген дезинфекцияның сапасын тексеруді жүргізу.

4. Ветеринарлық клиникада шыбындарды жоюға қажетті инскетицид мөлшерін есептеу.

5. Алдамшы азық дайындап оларды кеміргіштер мекендейтін жерлерге салу.

Сабақтың ұзақтылығы: 10 сағат

 

Материалдық қамтамасызданылуы:

Химиялық дезинфектанттар мен дезинсектанттар көрсетілген стенд, САГ-1, гидропульттер мен бүрккіштер 2%-дық және 3%-дық натрий гидрототығының ертінділері, 0,2%-дық және 0,3%-дық сірке қышқылының ертінділері, мақта тампондары, стерилді пинцеттер, спиртовка, түтікшелер.

 

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Залалсыздандыру тәсілдері мен әдістерін (ылғалды немесе аэрозольді) таңдау, жүргізілетін дезинфекция түріне (алдын алу, ағымды, ақтық) және бөлменің құрлысында пайдаланылған материалдарға байланысты.

Химиялық дезинфекциялағыш заттар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- қажетті деңгейдегі бактерицидттік қасиетке ие болуы керек - әр түрлі нысандарды, оларға зақым келтірмей залалсыздандыруы тиіс;

- тұрақты жағымсыз иісі болмауы керек;

- суда жақсы еруі немесе онда тұрақты эмульсия түзуі тиіс;

- қандайда болмасын ортада дезинфекциялағыш қасиетін көрсетуі тиіс;

- арзан және жеңіл тасмалданылуы тиіс.

Тапсырманы алғаннан кейін студент дезинфекциялағыш ертінділерді дайындауды, оны қолдануды және жүргізілген дезинфекцияның сапасын бағалауды үйренеді, сонымен қатар инсектицидтің мөлшерін есептеп, дератизация жүргізу үшін алдамшы азық дайындайды.

 

Бақылау сұрақтары

1. Дезинфекциялау әдісін және дезинфекциялағыш затты таңдау неге байланысты?

2. Дезинфекция сапасын бақылау әдістерін атаңыз?

3. Мал шаруашылығы ғимараттарында, маңайындағы аймақта және жайылымдарда жәндіктерді жоюдың қандай әдістері бар?

4. Кеміргіштермен күресудің тәсілдері мен әдістері?

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. Поляков А.А. Ветеринарная дезинфекция, М., Колос, 1975.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

№4 Тақырып: Барлық түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен мен күресу шаралары

 

МАҚСАТЫ:Ұсынылған материалдар мен әдістемелік нұсқауларды қолдана отыра студент, төмендегі көрсетілген аурулардың індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерін, зертханалық балау тәсілдерін, дауалау және күресу шараларын өздігінен оқып біледі және игерген материалдар негізінде індетке қарсы шаралар жоспарын құрастырады.

ТАПСЫРМА:

1. Риккетсиоздар, туляремия, сіреспе және ботулизм кезінде балау және күресу шараларын ұйымдастыруды үйрену.

2. Көрсетілген ауруларды ажырата балау кестесін құрастыру.

Сабақтың ұзақтылығы: 10 сағат

Материалдық қамтамасызданылуы:

Оқулықтар және қосымша әдебиеттер, плакаттар, «Диагностика инфекционных и протозойных болезней с/х животных» және «Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных» атластары.

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Келесі схема бойынша көрсетілген ауруды өздігінен оқып біледі:

- Қоздырушының сипаттамасы

- Бейім малдар

- Қоздырушы көзі

- Қоздырушының бөліну жолдары

- Инфекция қоздырушысының сақаталатын қоры

- Қоздырушының берілу факторлары

- Инфекцияның ену тетігі

- Берілу механизмі

- Індеттік процестің формасы және аурудың басқа да ерекшеліктері

- Аурудың клиникалық байқалуы

- Аурудың ағымы

- Инфекциялық процестің формасы және шалдығу турі

- Балау

- Серологиялық балау

- Биосынама

- Емі

- Алдын алу, сауықтыру және күресу шаралары

- Дезинфекция

- Вакцина және еңгізу әдістері

Бақылау сұрақтары

1. Ауруға сипаттама беру?

2. Көрсетілген ауруды ажырата балаудың ерекшелігі неде?

3. Көрсетілген ауруды алдын алудың ерекшелігі неде және ол қалай іске асырылады?

4. Көрсетілген ауруды жою жолдары және әдістері?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

 

№5 Тақырып: Күйіс қайыратын малдардың инфекциялық ауруларын балау және олармен күресу шаралары

 

МАҚСАТЫ:Ұсынылған материалдар мен әдістемелік нұсқауларды қолдана отыра студент, төмендегі көрсетілген аурулардың індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерін, зертханалық балау тәсілдерін, дауалау және күресу шараларын өздігінен оқып біледі және игерген материалдар негізінде індетке қарсы шаралар жоспарын құрастырады.

ТАПСЫРМА:

1. ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы, зілді катаралды қызба, түйе обасы, қойлардың хламидиоздық іш тастауы және жұғымтал эктима кезінде балау және күресу шараларын ұйымдастыруды үйрену.

2. Күйі қайратын малдардың экзотикалық аурулары (Рифт алабының қызбасы, блютанг, Висна-Маеди және т.б.) ажырата балау кестесін құрастыру.

Сабақтың ұзақтылығы: 10 сағат

Материалдық қамтамасызданылуы:

Оқулықтар және қосымша әдебиеттер, плакаттар, «Диагностика инфекционных и протозойных болезней с/х животных» және «Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных» атластары.

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Студент №4 тақырыбта келтірілген сызба бойынша көрсетілген ауруларды өздігінен оқып біледі.

Бақылау сұрақтары

1. Рифт алабы қызбасында байқалатын клиникалық белгілер?

2. ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы кезінде зертханаға қандай патологиялық материал жіберіледі?

3. Қойлардың хламидиоздық іш тастауы кезінде қандай балау тәсілдері қолданылады?

4. Түйе обасын қандай аурулардан ажырату керек?

5. Блютанг және Висна-Маеди кезінде дауалау және күресу шаралары?

6. Жұғымтал эктиманың індеттанулық ерекшеліктері?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

4. Нахмансон В.М., Бурба Л.Г., Дифференциальная диагностика инфекционных болезней с\х животных. Справочник, М., 1990

 

№6 Тақырып: Жылқының, шошқаның және ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын балау және күресу шаралары

 

МАҚСАТЫ:Ұсынылған материалдар мен әдістемелік нұсқауларды қолдана отыра студент, төмендегі көрсетілген аурулардың індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерін, зертханалық балау тәсілдерін, дауалау және күресу шараларын өздігінен оқып біледі және игерген материалдар негізінде індетке қарсы шаралар жоспарын құрастырады.

ТАПСЫРМА:

Жылқының сальмонелездік іш тастау, африкандық обасы, жұғымтал плевропневмониясы, вирустық артриті, шошқаның везикулярлық ауруы, энзоотиялық бронхопневмониясы, гемофилездары және торайлардың домбығу ауруы кезінде балау және күресу шараларын ұйымдастыруды үйрену.

Сабақтың ұзақтылығы: 10 сағат

Материалдық қамтамасызданылуы:

Оқулықтар және қосымша әдебиеттер, плакаттар, «Диагностика инфекционных и протозойных болезней с/х животных» және «Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных» атластары.

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Студент №4 тақырыбта келтірілген сызба бойынша көрсетілген ауруларды өздігінен оқып біледі.

Бақылау сұрақтары

1. Жылқының сальмонелездік іш тастауында байқалатын клиникалық белгілер?

2. Жұғымтал плевропневмония кезінде зертханаға қандай патологиялық материал жіберіледі?

3. Жылқының африкандық обасы кезінде қандай балау тәсілдері қолданылады?

4. Шошқаның везикулярлық ауруында қолданылатын емдік шаралар?

5. Энзоотиялық бронхопневмония кезінде дауалау және күресу шаралары?

6. Торайлардың домбығу ауруының індеттанулық ерекшеліктері?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

4. Инфекционные и инвазионные болезни лошадей. Под ред. Ф.М. Ордова, М, 1976

5. Инфекционные болезни свиней. Под редакцией Ф.М. Орлова, Колос, М, 1970.

 

№7 Тақырып: Кұстардың, етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың, балықтар мен бал араларының инфекциялық ауруларын балау және күресу шаралары

 

МАҚСАТЫ:Ұсынылған материалдар мен әдістемелік нұсқауларды қолдана отыра студент, төмендегі көрсетілген аурулардың індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, өлекседегі өзгерістерін, зертханалық балау тәсілдерін, дауалау және күресу шараларын өздігінен оқып біледі және игерген материалдар негізінде індетке қарсы шаралар жоспарын құрастырады.

ТАПСЫРМА:

1. Құстардың сальмонеллезы, инфекциялық бурситы, гепатиты және үйректердің инфекциялық синуситы, күзендердің псевдомонозы, бал араларының вирустық салдануы және балық сапролегниозы кезінде балау және күресу шараларын ұйымдастыруды үйрену.

2. Құс ауруларын ажырата балау кестесін құрастыру.

Сабақтың ұзақтылығы: 10 сағат

Материалдық қамтамасызданылуы:

Оқулықтар және қосымша әдебиеттер, плакаттар, «Диагностика инфекционных и протозойных болезней с/х животных» және «Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных» атластары.

Қысқаша әдістемелік нұсқаулар

Студент №4 тақырыбта келтірілген сызба бойынша көрсетілген ауруларды өздігінен оқып біледі.

Бақылау сұрақтары

1. Құстардың сальмонеллезы кезінде байқалатын клиникалық белгілер?

2 Бал араларының вирустық салдануы кезінде зертханаға қандай патологиялық материал жіберіледі?

3. Балық сапролегниозы кезінде қандай балау тәсілдері қолданылады?

4. Күзендердің псевдомонозында қолданылатын емдік шаралар?

5. Құстардың инфекциялық бурситы кезінде дауалау және күресу шаралары?

6. Балық сапролегниозының індеттанулық ерекшеліктері?

 

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.

3. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией, М., «Колос». 2004.

4. Болезни птиц. Под редакцией Ф.М. Орлова, Колос, М, 1971.

5. Ляйман Э.М. Болезни рыб. М., 1963.

6. Полтев В.М., НештаеваЕ.В. Болезни и вредители пчёл. М., Колос, 1977.

 

5В120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша 4-5 курс студенттерінің оқу-клиникалық және өндірістік машықтануды өту және есеп пен күнделікті жүргізу тәртібі туралы әдістемелік ұсыныстардың

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

МАШЫҚТАНУДЫ ӨТУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Өндірістік машықтануға соңғы сессияның барлық емтихандарын уақытында тапсырғандар; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулаудан өткен студенттер жіберіледі.

2. Өндірістік машықтануға студенттер деканаттан алған жолдамаға сәйкес жауапты оқытушының басқаруымен ұйымдасқан түрде ауданның аймақтық басқармасына жіберіліп, осында ауданның жалпы індеттік жағдайымен танысады. Сол күні, алдын ала келісілген шарт бойынша шаруашылықтардан келген бас дәрігерлердің қатысуымен өткізілетін жалпы жиналыстан кейін, әр студент машықтану орнына жіберілді.

3. Өндірістік машықтануға жіберілген студент керекті оқулықтарды, өндірістік тәжірибе бағдарламасын, күнделік үлгісін, курстық және дипломдық жұмыс беретін кафедралардың тапсырмаларын, патматериалдарды консервілеуге қажет ерітінділерді (формалин, глицерин, т.б.) ала кетеді.

4. Өндірістік машықтануға кіріспес бұрын, студент бағдарламамен толық танысып, берілген тапсырмаларды қойын кітапшасына жазып алады. Егер бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік болмаса, бұл жөнінде шаруашылықтың бас ветеринарлық дәрігерін ескертеді.

5. Шаруашылыққа келгеннен соң, бас ветеринарлық дәрігерге жолығып, оны машықтану бағдарламасымен таныстырады және сол бойынша әртүлік 25-30 күннен жұмыс істеуді белгілеп, күнтізбелік жоспар құрады. Студент өндірістік тәжірибе алу уақытында барлық түлік малдарда машықтануы қажет, сол үшін шаруашылықтағы және жеке меншіктегі малдарды қамтиды. Сонымен қатар малшаруашылық фермалардағы, шаруа қожалықтарындағы және жеке меншіктегі малдарға ветеринарлық қызмет көрсету деңгейімен танысады.

6. Студент үнемі бір бөлімшеде ғана тәжірибе өтуге немесе бас дәрігердің нұсқауымен тек қана жаппай жүргізілетін шаралармен (қан алу, туберкулин егу, вакцина егу) айналыспауға тиіс. Егер тек қана бір бағытта немесе тек бір бөлімшеде жұмыс істесе, дереу деканға хабар беруі немесе факультетке келіп басқа шаруашылыққа жолдама алуы тиіс.

7. Егер шаурашылыққа бірден 2-3 студент жіберілсе, олар бір бөлімшеде болуы тиіс емес, әр бөлімшеге жіберілуі шарт.

КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ ТОЛТЫРУ ТӘРТІБІ

 

Атқарылған жұмыс күнбе күн, бастапқыда қойын кітапшаға, ал кейіннен, ауру диагнозы анық қойылып емнің дұрыс бұрыстығын анықтағаннан кейін (оқулықтардан) таза түрде күнделікке көшіріліп жазылады.

Күнделікті шаруашылықтың бас ветеринарлық дәрігеріне аптасына 1 рет тексертіп отыру шарт. Ветеринарлық дәрігер, өз есебінен күнделіктегі кемшіліктермен оқылықтарды көрсетіп ұсыныстар жасауы тиіс. Егер күнделікте бас дәрігердің қолы ғана болса, өндірістік тәжірибе өтілмеді деп есептелініп, төмен баға қойылады. Күнделікте тәжірибеге жетекші және тексеруші оқытушының пікірі болуы шарт.

Күн сайын атқарылған жұмыстарды күнделікке жазған уақытта: ауру малдың қабылданған күнін, бірінші немесе қайта қабылданғанын, нөмерін, аурудың толық клиникалық белгілерін, дене қызуын, жүрек соғуын және тыныс алуын: диагнозын, болжамын, емін және сақтандыру шаралары туралы деректерді ескереді. Емдеу графасына рецептілер жазылады.

Есеп таза, түсінікті жазылған қолжазба ретінде тапсырылады. Есептің арнайы пәндер бойынша тарауларында аурулардың пайда болу, таралу себептеріне талдау беру қажет. Есепте күнделікте берілген деректердің көшірмесін берудің, немесе әрбір аурудың атауларынан бастап күрес шараларына дейін сипаттаудың қажеті жоқ.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.