МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 9 страница





3. Жануарлардың орналасуы және күтімі. Мал шаруашылығы ғимараттарының, фермалардың саны және оларды шаруашылық аймағында орналасуы. Ал елді мекендер үшін – үйлер саны. Жануарлардың қора-жайларымен қамтамасыздандырылуы, соңғыларының зоогигиеналық талаптарға сай болуы. Жануарларды қорада ұстау кезеңіндегі бағып күту ерекшеліктері.

4. Жануарлардың жаз мезгілінде бағып күтілуі. Жайылымдар мен суаттардың сипаттамалары, олардың қолданылуы және санитариялық жағдайлары. Қан сорғыш буынаяқтылардың бар-жоқтығы және олардың жануарларға шабуыл жасау мүмкіндіктері, дезинсекция.

5. Жануарларды азықтандыру. Азық рациондары және олардың талаптарға сай құрастырылуы.

6. Шаруашылықтың ветеринариялы-санитариялық жағдайы:

- ферма аумағының қоршалуы;

- жеке профилактории бөлімдерінің, сою алаңдарының, утилдеу қондырғыларының, биотермиялық шұңқырларының, уақытша және тұрақты оқшауханаларының болуы және олардың санитариялық жағдайы;

- қиды және өлекселерді жинау тәсілдері;

- қоражайларда және ферма аумағында тышқантектес кемірушілердің бар-жоқтығы және дератизация.

7. Алдын алу және емдік шараларының жағдайы. Жануарлардың ауруға шалдығуы мен өлімінің тіркелуі. Жануарларды күту және қолдану кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуы.

8. Туындаған эпизоотияның сипаттамасы:

- аурудың алғашқы оқиғаларының байқалу уақыты;

- ауру жануарлардың түрі, жасы және жынысы;

- қолайсыз топтарда, күндер, онкүндіктер және айлар бойынша анықталған ауру жануарлар саны;

- ауру туындағаннан бастап зерттеу жүргізген күнге дейін ауырған және өлген жануарлардың жалпы саны;

- шаруашылыққа инфекция қоздырушысының болжамды ену жолдарын анықтау;

- зерттеліп жатқан эпизоотияның туындағанына дейін, осы немесе басқа ұқсас індеттің соңғы пайда болған оқиғасын анықтау;

- эпизоотияның, зерттеліп жатқан шаруашылықтан (пункттен, ауданнан) тыс аймаққа таралып кету мүмкіндігін анықтау.

9. Туындаған аурудың клиникалық ерекшеліктері, ағымының ауыр, жеңіл, симптомсыз және абортивті формаларының болуы, негізгі клиникалық көрсеткіштері.

10. Негізгі патолого-анатомиялық өзгерістер.

11. Аудандық және облыстық ветеринариялық зертханаларда жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері. Ажырата балау.

12. Арнайы алдын алу және оның тиімдлігі.

13. Анықталып жатқан аурудың табиғаты мен жүргізілген індетке қарсы және емдік шаралардың тиімділігі жөнінде қорытынды.

Індеттанулық балау

Індеттік жағдайды зерттеу нәтижесі ретінде, індетке қатысты мәлметтерді анықтап сипаттау қажет (індеттанулық тексерудің жобалы жоспарын қараңыз). Және бұл кезде келесі негізгі жағдайларға назар аудару керек:



1. Шаруашылықтың инфекциялық аурулар бойынша сәттілік жағдайын анықтау (бұрынғы және қазіргі уақытта).

2. Шаруашылықта, түрі, жасы, жынысы бойынша бейім жануарлардың бар-жоқтығы, оларды бағып-күту орны мен тәртібі және азықтандыру ережелерінің ұстанылуы.

3. Аурудың пайда болу себептерін анықтау:

- инфекцияның сырттан енуі: инфекция қоздырушысының көзі арқылы (ауру, ауырып сауыққан жануарлар); инфекция қоздырушысының резервуары арқылы (жабайы жануарлар, құстар, кемірушілер, буынаяқтылар және т.б.); инфекция қоздырушысының берілу факторлары арқылы (залалданған азық, су, қи, көлік және т.б.).

- бағып-күтудің зоогигиеналық талаптарының орындалмауы, азықтандыру ережелерінің бұзылуы нәтижесінде, шартты-патогенді микроорганизмдердің патогендік қасиетке ие болуына ықпалын тигізетін, макроорганизмның резистенттілігінің төмендеуі.

4. Індеттік процестің байқалу сипатын анықтау:

- шалдығу деңгейін анықтау;

- өлімге ұшырау деңгейін анықтау;

- инфекцияның таралу формлары (эпизоотия, энзоотия, спорадиялық оқиға).

Індеттанулық тексеру

КЕСІМІ

Біз, төменде қол қойғандар, комиссия құрамы: бас вет. дәрігері____, ферма меңгерушісі_____, _______ қатысуымен, келесілірдің анықталғандығы туралы, осы кесімді толтырдық:

Бейім жануарлардың бар-жоқтығы (жануарлардың түрі, жасы, жыныс, тұқымы бойынша кесте түрінде).

Ферма аумағының ұйымдастырылуы (қоршалуы, вет.сан. өткізгіштер, мал қораларының орналасуы, туу бөлімі, профилактории, серуендеу алаңдары, оқшаухана бөлмелері және олардың зоогигиеналық талаптарға сәйкестігі).

Жануарларды бағып-күту жағдайы. Төлдерді өсіру әдістемесі.

Азықтандыру тәртібі: азықтарды дайындау, сақтау және олардың құндылығы, рациондардың құрастырылуы.

Суаттандыру жағдайы және су көздерінің санитариялық жағдайы.

Жайылымдар жағдайы.

Қиды жинау тәсілдері.

Жануарларды лажсыз сою тәсілдері.

Жануарлар өлексесін, шуды, түсікті, сойыс қалдықтарын жинау тәсілдері және олардың ветринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі.

Балаудың індеттанулық тәсілі.

Клиникалық көрсеткіштері (зерттелінген ауру мал саны және осы ауруға тән белгілерінің байқалуы).

Паталого-анатомиялық өзгерістер (зерттелінген өлекселер, ағзалар (қандай) саны және осы ауруға тән белгілердің, өзгерістердің байқалуы).

Зерттелініп жатқан инфекцияға тиісті, жануарларды серологиялық, аллергиялық, гематологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулер туралы мәлметтер.

Ажырата балау. Зерттелініп жатқан аурудың диагнозын дәлелдеу.

Өткен мерзімдері (осы инфекция пайда болғанға дейін) және қазіргі уақытта жүргізілген індетке қарсы шаралар (жалпы, арнайы) және олардың тиімділігі.

Індеттен туындаған экономикалық щығын және жүргізілген ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі.

Инфекцияны тез арада оқшаулап, келешекте шаруашылықты осы аурудан сауықтыруға мүмкіндік беретін, індетке қарсы шаралардың орындалуы бойынша ұсыныстар.

Қолдары:

Бақылау сұрақтары:

1. Балаудың індеттанулық әдісі неге негізделеді?

2. Індеттанулық тексеру қалай жүргізіледі?

3. Аймақтың індеттанулық жағдайын зерттеу үшін қандай материалдар қажет?

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Індеттанулық тексеру актісі.

4. Ветеринариялық заңдылық.

№6 сабақ. Сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Карантин, шектеу

Сабақтың мақсаты:1. Індет бұғауын үзуге бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-шаруашылық және арнайы ветеринариялық шаралардың кешенін игеру

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

1. Ұйымдастыру-шаруашылық шараларына: жануарларды нөмірлеу, мал шаруашылығы технологиясы (жануардың туғанынан бастап, барлық жастық-жыныстық топтары бойынша және жануардың шаруашылық қолдануының аяқталуына дейін), жануарларды жастық-жыныстық топтары бойынша жеке ұстау, аймақтарды зоналарға бөлу, жайылымдардың жағдайы және оларды ауыстырып отыру, жануарларды азықтандыруды және суаттандыруды ұйымдастыру, табынды толықтыру және сауықтыру барысына әсерін тигізетін басқа да шаралар кіреді;

2. Ветеринариялық-санитариялық шараларға:мал қораларының және оларға қатысты аймақтардың санитариялық жағдайы, ветсанөткізгіштің жұмысы, дезкедергілердің жағдайы, қалдықтарды утилдеу (қи, өлексе, қалдық сулар және т.б.), алдын алу мақсатындағы карантиндеуді қамтамасыздандыру, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, сүтті (көк сүтті) зарарсыздандыру кіреді;

3. Арнайы шараларға: диагностикалық зерттеулер, дауалық егу жұмыстары, емдеу жұмыстары (жабдықтары, тәсілдері) кіреді.

Шаруашылықта қандай да болмасын инфекциялық аурудың тұтануы кезінде, сауықтыру шараларының бір бірінен принципиалды айырмашалағы, оларды жүргізу ерекшеліктеріне емес, қолайсыз жануарлар тобымен олар орналасқан аймақтың сау шаруашылықтан (фермадан және т.б.) қашықтану дәрежесіне байланысты болып саналады.

Осы жағдайға байланысты инфекциялық аурудың тұтануы анықталған қолайсыз шаруашылыққа міндетті түрде шектеу енгізіледі немесе карантин жарияланады.

Карантин жұқпалы ауруды жою және індет ошағы пайда болған жерден оның әрі қарай жайылуын болдырмау мақсатында, инфекциялық аурудан сау емес жануарлар тобымен олар ораналасқан аймақтың, індеттен сау шаруашылықтардан және аймақтардан толық оқшауландыруға бағытталған індетке қарсы шаралар жүйесі.

Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте – аусыл, топалаң, бруцеллез, сиырда – оба, қарасан, жылқыда – маңқа, инфекциялық анемия, делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т.б. жатады.

Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар (сарып, ІҚМ шешегі, сақау және т.б.) туындаған індет ошағында, қолайсыз шаруашылықта, елді мекенде жүргізеді. Көптеген аса қауіпті аурулар кезінде карантин алынғаннан кейін шаруашылықта ұзақ мерзімге мал шаруашылығы өнімдерін, азықты, қиды, жайылымдарды, суаттандыру көздерін және т.б. пайдалануға шектеу қойылады.

Індеттанулық жағдай.

Бір сүт фермасында серологиялық зерттеулер жүргізу барысында АР және КБР бойынша бруцеллезге оң реакция көрсеткен жануарлар анықталды. Осыған сәйкес: ірі қара мал бруцеллезі деген нозологиялық диагнозы қойылды. Жануарлар бруцеллезімен күресу ережелеріне сәйкес фермаға карантин қойып инфекцияның індеттік ошағын жоюға бағытталған індетке қарсы шаралар кешенін жүргізу керек.

Тапсырма. Бруцеллез бойынша қолайсыз ферманы сауықтыру шараларын әзірлеу:

- инфекция қоздырушысының көзіне катысты бағытталған шараларды құрастыру (анықтау, оқшаулау, зарарсыздандыру, мал тұратын жерлерді зерттеп бақылау, емдеу, иммундеу).

- инфекция қоздырушысының берілу механизміне катысты бағытталған шараларды құрастыру (карантин немесе шектеу енгізу, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, қиды, сою өнімдерін зарарсыздандыру, ветсанөткізгіштер жұмысының жағдайы, алынған өнімдерді зарарсыздандыру).

- сау бейім жануарларға катысты бағытталған шараларды құрастыру (диагностикалық зерттеулер, қоздырушының сырттан енуіне және жануарлардың ауруына жол бермеу мақсатында технологиялық үрдістің барлық буындарының жұмысын қатаң қадағалау).

 

Бақылау сұрақтары:

1. Инфекция қоздырушысының көзі. Індеттің инфекция қоздырушысын анықтауға және зарарсыздандыруға бағытталған шаралар.

2. Инфекция қоздырушысының берілу механизмы. Инфекция қоздырушысының берілу механизмына қатысты шаралар.

3. Қандай инфекциялық аурулар кезінде карантин салынады?

4. Карантин енгізу үшін қандай құжаттар қажет?

5. Карантинді қандай критериилер негізінде алу қажет?

6. Карантиндік шектеу шараларының созылу мерзімі неге негізделеді?

 

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Індеттанулық тексеру актісі.

 

№7 сабақ. Жаппай өткізілетін диагностикалық зерттеулер мен вакциналауды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:1. Індетке қарсы шараларды әзірлеуді кешенді түрде жүргізуді игеру

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Барлық індетке қарсы жүргізілетін шараларды, індетке қарсы жабдықтарды қолданумен жүргізілетін арнайы ветеринариялық және ветеринариялық препараттарды қолданусыз іске асырылатын, ұйымдастырушылық бағыттағы жалпы шаруашылық шараларға бөлуге болады.

Арнайы ветеринариялық шаралардың тиімділігі, қолданылатын биологиялық заттардың, дезинфектанттардың және т.б. дұрыс таңдалуымен және сапасымен анықталады.

1 тапсырма.Аллергиялық зерттеулерге арналған әртүрлі аллергендердің жарамдылығын бағалау; қажетті құрал-жабдықтарды және аспабтарды дайындау, аллергендерді қолданудың әртүрлі тәсілдерін, құралдармен және аспабтармен жұмыс жасау амалдарын игеру.

2 тапсырма.Ұсынылған диагностикалық препараттар жинағынан белгілі бір диагностикумның қолдану бағытын, мақсатын және тәсілін анықтау, пайдалануға жарамдылығын бағалаау.

Жануарларды иммунды алдын алу үшін, иммундық сарысуларды, глобулиндерді, және сонымен қатар вакциналар мен анатоксиндерді қолданады.

3 тапсырма.Вакциналар жинағына сипаттама беру, олардың пайдалануға жарамдылығын анықтау.

4 тапсырма.Ұсынылып отырған иммундық сарысулар мен глобулиндер жинағының сапасын және пайдалануға жарамдылығын анықтау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қай аурулар кезінде аллергиялық балау жүргізіледі және қандай аллрегендер қолданылады?

2. Жануарлар түліктері бойынша туберкулинді енгізу жерлерін көрсетіңіз.

3. Қандай биопрепараттарды енгізген кезде организмде белсенді иммунитет құрылады және ол неліктен?

4. Биологиялық препараттың қандай түрін қолданғаннан кейін енжар иммунитет құрылады және оның мәні неде?

5. Вакциналау әдістерін атаңыз.

6. Биопрепараттарды енгізу, егу нүктелерін көрсетіңіз.

 

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Учебное пособие «Специфические биологические препараты, применяемые при инфекционных болезнях животных (принцып изготовления, контроля и применения)». Астана, 2002.

 

№8 сабақ. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация

Сабақтың мақсаты:1. Есептеу әдістемелерін игеру

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

1 тапсырма.Дезинфекция түрлерін атаңыз.

 
 

 


2.Дезинфекциялағыш ерітінділерге қойылатын талаптар қандай?

3. Залалсыздандырғыш сілтілердің түрлерін атаңыз және олардың концентрациясын көрсетіңіз.

4. Қолданылатын қышқылдар түрлерімен олардың концентрацияларын атаңыз.

5. Құрамында хлоры бар қандай заттарды білесіз?

6. Фенолды препараттарды және олардың ерітіндідегі концентрациясын көрсетіңіз.

7. Малы бар қорада қандай дезинфектанттар көмегімен залалсыздандыруды өткізуге болады?

8. Ауру қоздырушыларымен ластанған қи мен топырақты қандай тәсілдермен залалсыздандыруға болады?

9.1 және 2 кесте мәлметтерін қолдана отыра, ғимараттың ерекшелігіне байланысты, жұмсалатын дезинфектанттың мөлшерін есептеңіз

 

1кесте – Мал қораларының сипаттамасы

Мал қора өлшемдері Нұсқалар
Ұзындығы (м)
Ені (м)
Биіктігі (м) 2,5 2,7 3,0 2,8 3,1 2,5 3,0 2,9 2,6 3,0
Қақпалар сандары: (3х4м)                    
Әйнектер сандары: (1х1,2м)                    
Қабырға материал-дары Сылан-ған саман кір- піш ақ кір- піш саман кір- піш қыз ыл кір- піш бөре не тегіс тақ- тай сыланған саман кір- піш бөре-не
  Едені 1/2 ағаш бетон Бе-тон топы рақ ағаш Бе-тон топы рақ Бе-тон 1/2 ағаш бе-тон Бе-тон Бе-тон

 

2 кесте – Дезинфекциялау ерітінділерінің жұмсалу мөлшері

Дезинфекциялау нысандары Ерітіндінің жұмсалу мөлшері, л/м2 Барлығы
Сүргілеген тақтай 0,35-0,46  
Бөрене қабырғалар 0,5-0,7  
Қызыл және ақ кірпіштен көтерілген қабырғалар   0,7-0,8  
Сыланған қабырғалар 0,4-0,8  
Саман кірпіштен көтерілген қабырғалар   0,9-1,0  
Топырақ еден, серуендету алаңдары 1,0-2,0  
Шыны 0,4  

Орындау тәртібі:

Алғашқыда мал қораларының аумағын төмендегі әдістемесі бойынша есептеп шығару қажет:

 

S= (Ұз. х Ені ) х 2 + (Ұз. х Биік.) х 2 + (Ені х Биік.) х 2;

 

Мұндағы: Ұз. - қора ұзындығы

Ені - қораның ені

Биік. - қораның биіктігі.

Ескерту: Жалпы қора аумағын есептегенде қабырға, еден, төбе аумақтарын қақпа мен терезе аумағынан бөлек есептеу шарт, өйткені жұмсалатын ерітінді мөлшері әр түрлі болады.

Тапсырма.

1. Тигізетін әсеріне қарай инсектицидтер қандай түрлерге бөлінеді?

 
 

 


2. Жиі қолданылатын инсектицидтер мен концентрациясын атаңыз:

3. 1 кестеде көрсетілген мал қораның өлшемдеріне сүйене, төмендегі формула бойынша көлемін (V) есептеңіз:

 

V = (Ұз. х Ені х Биік);

Мұндағы: V – қораның көлемі; Ұз. – қора ұзындығы; Ені – қораның ені; Биік – қораның биіктігі.

 

3 кесте – Инсектицидтердің қораның аумағы мен көлеміне қарай жұмсалуы

Инсектицид түрі Ерітінді концентрациясы Жұмсалуы (мл)
м3 м2
ДДВФ 0,02 – 0,2 100 - 200 5 - 30
Тролен 0,5 – 1,0 100 - 200 20 - 35
Дибром 0,5 – 2,5 20 - 50
ТХМ-3 0,1 – 1,0 100 - 200 20 - 30
Байтекс 0,2 – 1,0 200 - 300 5 - 20
Фосфамид 0,25 – 0,5 200 - 300 10 -20
Фталофос 0,25 – 2,0 200 - 300 30 - 35
Севин 0,5 100 - 200 30 - 50
Пиретрин 0,1 300 - 500 50 - 100
Бутокс 0,25 150 - 250 50 - 70

4. Инсектицид түрі мен жұмсалу мөлшеріне сүйеніп қажетті ерітіндінің мөлшерін есепте.

5. 4 кестенің мәлметтеріне сүйене отырып, ратицидтердің қолдану мөлшерін ескере алдамшы азықтың құрамын есептеп, рецепт түрінде жазыңыз.

 

3 кесте – Инсектицидтердің қораның аумағы мен көлеміне қарай жұмсалуы

Ратицидтер түрі Нұсқалар (егеуқұйрықтардың саны көрсетілген)
Цинк фосфиды
Зоокумарин
Ратиндан
Амус
Барий фторацетаты
Кримидин

Тапсырма.

1. Дератизация түрлерін атаңыз:

 
 

 

 

 


2. Ратицидтердің екі тобын атаңыз және олардың айырмашылығын көрсетіңіз:

3. Уландырылған алдамшы азықтың құрамын атап, олардың үлестік қатынасын көрсетіңіз (рецепт түрінде).

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы орта нысандарын зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері.

2. Дезинфекцияның биологиялық тәсілі.

3. Дезинфекцияның сапасын бақылау.

4. Дезинфекциялау жұмыстарын механикаландыру.

5. Дератизациялау препараттары, олардың классификациясы және әсер ету механизмы.

6. Дератизациялау тиімділігін анықтау.

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. ҚР Ветеринариялық Заңдылығы, ІІ том, Астана, 2005.

 

№9 сабақ. Топалаң, балау және күресу шаралары





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.