МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 8 страница





Ауру шыққан жағдайда омартаға, айналасы 5-7км алқапты қоса карантинкойылады. Карантинді келесі жылы, омартаны тексергенде шіріме болмаса алады.

Еуропалық шіріме (Европейский гнилец) немесе зілсіз шіріме, ашық өсін шірімесі – 4-7 күндік балапан құрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.

Қоздырушысы – Streptococcus pluton.Ауру қоздырушысы бал арасы мен жабайы ара үшін зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Қоздырушының таралуына сумақай аралар, адасқан аралар, ара үйірінің ұшып кетуі мен орын ауыстыруы себеп болады.

Жасырын кезеңі 1,5-3 күн. Ауруға тән белгілер: өсін ала-құла болады, ашық балапан құрттар өледі, жаңадан зақымданған балапан құрттардың түсі сары, шіріген иіс шығады, жабысып созылмайды, өлген балапан құрттардың денесі ұяшыққа жабыспай, әртүрлі жерінде /түбінде, қабырғасында, бетінде/ орналасады.

Балау.Клиникалық белгілерінің негізінде және диагнозды анықтау үшін зертханаға зақымданған кәрездің бір кесегін жібереді.

Емі. Америкалық шірімені емдегендей ем қолданылады. Егер бір ұядан ауру шықса карантин жариялап, омартадағы барлық ара ұяларын мұқыят тексереді. Ауырған ұяны оқшаулап, омартадан 3-5км алып кетіп, америкалық шіріме кезіндегідей емдік және сауықтыру шараларын қолданады. Бұл ауруда да карантин бір жылдан кейін алынады.

Бақылау сұрақтары: 1. Балық ауруларын балау және дауалау шаралары 2. Америкалық және Еуропалық шірімені ажырата балау. 3. Еуропалық шірімемен күресу жолдары. 4. Бранхиомикоздың негізгі клиникалық белгілері?

 

Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

МАЗМҰНЫ

1 сабақ.Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс атқару тәртібі. Жеке бастың гигиенасы. Инфекциялық клиника мен оқшаухананы (изолятор) елді-мекенде ұйымдастыру.

2 сабақ. Індеттану саласында қолданылатын құралдар және аспаптар. Биологиялық препараттар. Инфекциялық ауруларды балау.

3 сабақ. Инфекциялық ауруларды балау: клиникалық, аллергиялық, серологиялық, бактериологиялық және патологоанатомиялық зерттеу тәсілдері.

4-5 сабақ. Індеттанулық зерттеу – індеттанудың негізгі әдісі. Салыстырмалы-тарихи сипаттама, салыстырмалы-географиялық сипаттама, індеттанулық тексеру.

6 сабақ. Сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Карантин. Шектеу.

7 сабақ. Жаппай өткізілетін диагностикалық зерттеулер мен вакциналауды ұйымдастыру.

8 сабақ. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация.

9 сабақ. Топалаң. Балау және күресу шаралары.

10 сабақ.Туберкулез. Балау және күресу шаралары.

11 сабақ. Аусыл және бруцеллез. Балау және күресу шаралары.

12 сабақ. Құтырық және Ауески ауруы. Балау және күресу шаралары.

13 сабақ. Лептоспироз, листериоз, некробактериоз. Балау және күресу шаралары.

14 сабақ. Микоздар және микотоксикоздар, пастереллез. Балау және күресу шаралары.



15 сабақ. Шешек, туляремия, сіреспе, ботулизм. Балау және күресу шаралары.

16 сабақ. Ірі қара малдың қарасаны және паратуберкулезі. Балау және күресу шаралары.

17 сабақ. Оба және ала өкпе, лейкоз. Балау және күресу шаралары.

18 сабақ. Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит. Балау және күресу шаралары.

19 сабақ. Қой және ешкі аурулары. Балау және күресу шаралары.

20 сабақ. Маңқа және сақау. Балау және күресу шаралары.

21 сабақ. Делбе және инфекциялық анемия. Балау және күресу шаралары.

22 сабақ. Жылқылардың індеттік лимфангиті, ринопневмониясы және тұмауы. Балау және күресу шаралары.

23 сабақ. Шошқа обасы және тілмесі. Балау және күресу шаралары.

24 сабақ. Шошқаның дизентериясы және вирусты гастроэнтериті. Балау және күресу шаралары.

25 сабақ. Шошқаның инфекциялық атрофиялық риниті, тұмауы және Тешен ауруы. Балау және күресу шаралары.

26 сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің аурулары. Балау және күресу шаралары.

27сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің ауруларымен күресу шаралары.

28-29 сабақ. Құс аурулары. Балау және күресу шаралары.

30 сабақ. Етқоректілер және терісі бағалы аңдардың аурулары. Балық және бал араларының аурулары. Балау және күресу шаралары.

 

 

№1 сабақ:Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс атқару тәртібі. Жеке бастың гигиенасы. Инфекциялық клиника мен оқшаухананы (изолятор) елді-мекенде ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: 1. Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарлармен және патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезіндегі жеке басты сақтандыру ережелерімен, арнайы киімдермен және жұмыс орнының жабдықтарымен танысу. 2. Инфекциялық аурумен ауырған жануарлармен жұмыс жүргізу ережелерін және оларды оқшаулау принциптерін игеру. 3. Инфекциялық клиника мен оқшауханаларды ұйымдастыру кезіндегі нормативтік талаптармен танысу.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарлармен және патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезінде, ветеринариялық маманның назары екі негзгі жағдайларға аударылуы тиіс: адамдардың ауруға шалдығуын алдын алу және инфекция қоздырушысының сыртқы ортада таралуына жол бермеу. Табиғатта, адамға және жануарларға ортақ бір қатар инфекциялық аурулар бар, бұндай індеттерді зооантропонздар деп атайды. Ветеринариялық дәрігердің, инфекциялық аурулармен ауырған жануарларға қызмет көрсететін жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға жауапты екенін, естен шығармауы керек.

Адамдарға зооантропоноздардың жұғуы келесі жағдайларда болуы мүмкін:

1. Жануарларды клиникалық бақылау және оларға емдік көмек көрсету кезінде.

2. Өлексені жарып сою және зерттеуге патологиялық материал алу кезінде.

3. Егу шараларын және диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде.

4. Зертханаларда патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезінде.

5. Зарарсыздандырылмаған жануартектес шикізатпен (тері, жүн және т.б.) жанасу кезінде.

6. Қоздырушымен зарарланған жануартектес тағам өнімдерін пайдалану кезінде.

Өзіңізді және басқа да тұлғаларды, инфекциялық ауру қоздырушысының жұғуынан және оның таралуын алдын алу мақсатында, сақтандыру ережелерін ұстану қажет.

ТАПСЫРМА:

1. Жеке бастың қауіпсіздік ережелерімен, арнайы киімдермен және жұмыс орнының жабдықтарымен танысу.

2. Инфекциялық ауруға шалдыққан малмен жұмыс істеу ережелерін игеру және ондай малдарды оқшаулау принциптері.

3. Оқытушының берген тапсырмасына сәйкес, оқшаухананы жобалауға қатысты есебтерді шығару.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Инфекциялық ауруға шалдыққан малмен жұмыс істеу ережелері

2. Жеке басты сақтандыру шаралары

З. Қажетті арнайы киімдерді айтып беру

4. Індет ошағында қажетті құрал жабдықтар және техника

5. Қай жағдайда адамға зооантропоноздардың жұғуы мүмкін.

6. Инфекциялық клиника мен оқшауханаларды жобалау және құру кездеріндегі санитарлық көрсеткіштер.

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 2004 г.

3. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.

№2 сабақ: Індеттану саласында қолданылатын құралдар мен жабдықтар. Биопрепараттар

Сабақтың мақсаты: 1. Індетке қарсы шаралар кезінде қолданылатын құралдармен және аспаптармен танысу. 2. Инфекциялық ауруларды дауалау, емдеу және балау кезінде қолданылатын биологиялық препараттармен танысу, оларды тасымалдау және сақтау ережелері және биологиялық препараттарды енгізу әдістерін игеру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

ТАПСЫРМА:

1. Індеттану саласында ғана қолданылатын құрал-аспаптарды атау және оларды қолдану мақсатын түсіндіру.

2. Қан алуға және егуге арналған инелердің суреттерін салып авторларын атаңыз.

3. Биопрепараттарды оқып білу және оларды қандай мақсаттарда қолдануын анықтау.

4. Биопрепараттар тасымалдау және сақтау ережелерімен танысу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Жануарларды зерттеу кезінде қолданылатын құрал-аспаптарды тізіп айту.

2. Аллергендерді тері ішіне енгізу кезінде қандай инесіз аспабтар қолданылады?

3. Әртүрлі авторлардың қан алатын инелерінің ерекшеліктері неде?

4. Қандай заттар биопрепараттарға жатады?

5. Вакциналарды келесі топтар бойынша атап шық: қоздырушы түрлеріне сәйкес, вакциналардың консистенциясына және вакцинадағы қоздырушы санына қарай.

6. Қандай биопрепаратты қолданнан кейін организмде белсенді иммунитет құрылады және ол неліктен?

7. Биологиялық препараттың қандай түрін қолданғаннан кейін енжар иммунитет құрылады және оның мәні неде?

8. Вакциналау әдістерін атаңыз.

9. Қандай инфекциялық ауруларды балау үшін аллергиялық тексеру мен аллергендер қолданылады?

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

 

№3 сабақ: Инфекциялық ауруларды балау: клиникалық, аллергиялық, серологиялық, бактериологиялық және патологоанатомиялық зерттеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:1. Инфекциялық ауруларды балау әдістерін дұрыс бағалай білуді үйрену;

2. Індеттанулық анамнез жинау тәсілдерін игеру;

3. Инфекциялық ауруға күдік туған жағдайда, жануарларды клиникалық зерттеу әдістерін игеру;

4. Диагноз қою кезінде, өлексені жарып-союда алынған мәлметтерді дұрыс пайдалана білуды үйрену, материалдарды бактериологиялық зерттеуге алу және жөнелту тәсілдерін;

5. Аллегриялық диагностикалық сынаманы қою техникасын және аллергических реакцияны бағалауды үйрену;

6. Жаппай қан алуды ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде игеру, жалпы балау шараларының кешенінде зертханалық зерттеу нәтижелерін бағалауды үйрену.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

1. Инфекциялық ауруларды клиникалық балау тәсілі.

1.1. Тіркеу мәлметтерін нақтылағаннан кейін ветеринариялық дәрігер анамнездік деректерді біріктіріп, індеттік жағдайды анықтауға назар аударады. Ол үшін, шаруашылықтың және оның маңайындағы жайылым және шабындық алқабтарының орналасуын, сумен қамтамасыздандыру, малдың күтімі және қоражайларының жағдайын, жануарлар қашан және қандай вакциналармен егілді, аллергиялық және серологиялық зерттеулерден өтті және олардың нәтижелері қандай болғанын анықтау керек.

1.2. Анамнездік деректерді жинағаннан кейін ветеринариялық дәрігер малды клиникалық зерттеуге кіріседі. Зерттеу барысында жануардың сыртқы көрнісіне, тері жамылғысының, тері асты шелінің жағдайына назар аударып, беткейлі орналасқан лимфа түйіндерін, көзге көрінетін кілегеі қабықтарын қарап, малдың температурасын өлшейді. Кейіннен тыныс алу жүйесін, жүрек-қантамыр жүйесін, асқорыту жүйесін және т.б. зерттеуге кіріседі. Сонымен қатар зерттеу барысында аурудың инкубациялық кезеңін, ағымын және өту түрін ескеру қажет. Барлық жиналған мәлметтерді ауру тарихына енгізу қажет.

2. Инфекциялық аурумен ауырған жануардан зертханалық зерттеулер үшін патологиялық материалды алу тәртібі.

2.1. Несеп сынамасын алу. Жануарлардан, несепті микробиологиялық зерттеулер үшін, малдың өз еркімен несеп бөлуі кезінде жинайды, ал бактериологиялық зерттеулерге несеп сынамасын катетр арқылы алады.

2.2. Нәжіс сынамасын алу. Нәжісті жануардың нәжіс шығаруы кезінде немесе ағаш таяқшаға бекітілген мақта тампонының көмегімен тік ішектен алады. Тік ішектің қалыңдауы немесе қабырғасының кілегеймен жамылуы және басқада патологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, шыны түтікшенің көмегімен тік ішектің кілегей қабығынан қырынды алынады.

2.3. Танаудан бөлінген секреттерді алу. Алдын ала танау қалқандарын және танау қуысының кіреберісін сумен жуып шайып сынаманы стерилді тампонмен алады. Танаудан бөлінген бөлінділерді ағаш таяқшаға бекітілген мақта тампонының көмегімен алып сынамасы бар тампонды 0,5 мл, 0,85%-ды натрий хлориды бар стерилді пробиркаға салады.

2.4. Ауыз қуысынан және жұтқыншақ-көмейден сынама алу.

Сілекейді ұзын таяқшаға бекітілегн стерилді тампонның көмегімен жинайды. Тампоны бар таяқшаны малдың жағымен ұртының арасына енгізіп тампонды ылғалдандырады, кейіннен тампонды таяқшадан алып стерилді банкаға салады.

2.5. Жоғарғы тыныс жолынан қақырықты алу үшін ауызы мен танау қуысын стерилді дәкемен жабады. Сосын кеңірдек тұсын саусақпен қысу арқылы рефлекторлық жөтел тудырып, жөтелу барысында бөлінген материалды жинайды.

2.6. Бурсалар, абцестер, ойық жаралар және жаралар іншіндегісінен сынама алу. Зақымданған аймақтың жүнін қырқып, терісін 70%-ды спиртпен немесе йод тұнбасымен залалсыздандырады. Содан кейін диаметрі үлкен инесі бар стерилді шприцпен зақымданған жерге пункция жасап, ішіндегісін сорып алып тығыны бар стерилды пробиркаға құяды. Егер абцесті жаратын болса, онда ағып жатқан эксудатты жинайды. Ойық жаралардан және басқада жаралардан патологиялық материалды зақымданған және сау ұлпаның шекарасынан қырынды алу арқылы алады.

2.7. Қынаптан сынама алу. Аналық малдың сарпайын сабынды сумен жуып, 0,1%-ды калий перманганаты ерітіндісімен ылғалдандырылған тампонмен сүртеді. Қынапқа стерилді қынап айнасын енгізіп стерилді тампонмен қанаптан бөлінген бөлінділер мен кілегейді алады.

2.8. Сүт сынамасын алу. Алдын ала желінді жылы сумен жуып, үрпілерін 70%-ды этил спиртімен өңдейді. Сауу барысында сүттің бірінші бөлігін алып тастайды, ал кейіннен стерилді ыдысқа, бір сауынның басында және соңында 25 мл көлемінде (жалпы 50 мл), сауып алады. Сүт сынамаларын алғанда, желіннің әр бөлігінен сынаманы жеке стерилді ыдысқа алады.

2.9. Конъюнктива шайындысын алу. Көздің кілегей қабығының шайындысын, малдың жүніне бекітілген және стерилді физиологиялық ерітіндімен немесе Хенкс ерітіндісімен толтырылған эластикалық түтіктердің көмегімен алады. Шаю барысында аққан сұйықтықты ыдысқа (кювета немесе Петри шынысы) жинап алады. Конъюнктивадан жұғынды алу үшін қабақ астына физиологиялық ерітіндімен ылғалдандырылған стерилді мақта тампонын енгізеді. Тампонмен кілегей қабықты жақсылап сүртіп, сынаманы антибиотик қосылған (1 мл ортада әр қайсы 50 ӘБ пенициллин мен стрептомицин және 20 ӘБ нистатин) 3-5 мл физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға салады.

2.10. Күпек кілегейін алу. Тері мен күпек қалтасының кіреберісін сабынды жылы сумен жуып, таза тампонмен немесе дәкемен сүртеді. Содан кейін Павловский аспабының көмегімен кілегей сынамасын алады. Сынамасы бар тампондарды стерилды физиологиялық ерітінді құйылған пробиркаға салады.

2.11. Аталық малдардан сперманы жасанды қынап көмегімен алады.

Зертханаға жіберілетін әр материалға, қабылданған формаларға сәйкес, жолдама құжат толтырылады.

3. Патологиялық материалды алу және консервілеу.

3.1. Патологиялық материалды стерилді құралмен стерилді ыдысқа алу керек.

3.2. Патологиялық материалды зертханаға консервіленген және консервіленбеген түрде жібереді. Бактериологиялық зерттеу үшін материалды 30% глицериннің судағы ерітіндісімен, ал вирусологиялық зерттеулерге 0,85% натрий хлориды ерітіндісінде 1:4 қатынасында ерітілген 50% глицеринмен консервілейді.

3.3. Жілікті сүйектерді бұлшық еттерден және тарамыстан тазартып 5%-дық карбол қышқылы ерітіндісімен ылғалданған дәкеге орайды.

3.4. Ішектерді нәжіс массаларынан босатып, шеттерін буып 30% гицериннің судағы ерітіндісі құйылған ыдысқа салады.

3.5. Жануар өлексесінің нәжісін, екі шеті буылған, жарылмаған ішек кесіндісімен бірге жібереді.

3.6. Тері сынамаларын ең зақымдалған жерлерден 10x10 см көлеміндегі кесінділер ретінде алып, стерилді, герметикалық жабылатын ыдысқа салады.

3.7. Қан, ірің, кілегей, экссудат, несеп, өт және басқа да патологиялық материалдарды, ішеттері қыздырылып жабылған пастер түтіктерінде, стерилді резенке тығындармен жабылған стерилді пробиркаларда немесе флакондарда жібереді.

3.8. Жануар өлексесінен, қан жағындыларын дайындау үшін, қан сынамаларын шеткері орналасқан қан тамырларынан алып жағындыны ауада кептіреді (бекітпейді).

3.9. Зақымданған ағзалардан таңба ретінде жағынды дайындап, кептіреді және спирт-ректификатпен немесе 1:1 қатынасындағы спиртпен эфирдің қоспасымен бекітеді.

4. Патогистологиялық зертеулер үшін патологиялық материалды алу.

4.1. Патологиялық өзгеріске ұшыраған ағзалардың (ұлпалардың) әр жерлерінен көлемі 2x2 см кесінділерді кесіп алады. Зақымдалған телімдермен бірге онымен шекаралас орналасқан сау ұлпаларды да кесіп алады. Патологиялық материалды: 1:10 қатынасында, 10%-ды формалинның судағы ерітіндісінен тұратын бекіткіш сұйықтыққа салып қояды.

5. Патологиялық материалды орау және жөнелту.

5.І. Патологиялық материалды 5%-дық карбол қышқылы ерітіндісімен ылғалданған қапқа (дәкеге) орап, ішіне ағаш ұнтағы салынған ағаш жәшікке салады.

5.2. Ағза бөліктерін, сұйықтықты тығыз жабылатын шыны (резенке) тығыны бар шыны ыдысқа герметикалық жауып салады. Сонымен қатар пластмас контейнерлерін қолдануға болады.

5.3. Жілікті сүйектерді 5%-дық карбол қышқылы ерітіндісімен ылғалданған дәкеге орап, герметикалық жабылатын ыдысқа салады.

5.4. Ішінде сұйық патологиялық материалы бар, ішеттері қыздырылып жабылған түтікті, мақтамен орап пробиркаға салады да оны тығынмен жабады. Ал пробиркаларды металдан немесе пластмассадан жасалған контейнермен жөнелтеді.

5.5. Жағындылары бар зат шыныларын қос қостан(жағындыларын ішіне қаратып, араларына сірінке шиінің кесінділерін салып отырады) жинайды. Содан кейін оларды пергамент қағазымен орап, жіппен тамып, жіптің шеттерін сургучпен бекітеді.

5.6. Патологиялық материалы бар жәшікке материалдың тізімі салынып, жәшіктің бетіне зертхананың және жөнелтушінің мекен-жайы, сонымен қатар: «шыны», «үсті», «абайлаңыз» деген ескертулер жазылады.

 

Патологиялық материалға жолдама құжаты

__________________________________ ветеринариялық зертханаға

 

Мекен жайы:_____________________________________________

________________________________________________________

елді-мекен, ауыл атауы, мал иесінің аты-жөні

қарасты___________________________________ алынған патологиялық

материалдар (қандай)____________________________________________

________________________________________________ үшін бағытталды

зерттеу түрін көрсет

Малдың ауырған уақыты _______________________________

Малдың өлген уақыты _______________________________

Аурудың сыртқы белгілері __________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Сойып тексергендегі патологиялық көріністері

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Болжамдау диагнозы ______________________________________

Патматериалдың жөнелтілген күні ___________________________

 

________________________ _________

лауазымы, аты-жөні қолы

Бақылау сұрақтары:

1. Балаудың клиникалық тәсілі қалай жүргізіледі?

2. Несепті алу техникасы

3. Танаудан бөлінген зәрді алу техникасы

4. Ауыз қуысынан патологиялық материалды алу амалдары

5. Зертханаға патологиялық материалды қандай күйде жібереді

6. Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін патологиялық материалды консервілеуге қандай реактивтерді пайдаланады?

Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

 

№4-5 сабақ: Індеттанулық зерттеу – індеттанудың негізгі әдісі. Салыстырмалы-тарихи сипаттама, салыстырмалы-географиялық сипаттама, індеттанулық тексеру

Сабақтың мақсаты: 1. Инфекциялық аурудың тұтануы кезінде індеттанулық диагнозды қою әдістемелерін игеру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Балаудың індеттанулық әдісі келесі құрылымдық бөлімдерден тұрады:

1. Инфекциялық аурудан қолайсыз аймақты (пунктті, шаруашылықты, ауданды, облысты) індеттанулық тексеруден;

2. Індеттанулық балаудан;

3. Індеттанулық тексеру актісінен

Статистикалық материалдарды, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергиялық және т.б. көрсеткіштерді қолдана отырып табиғи-экономикалық ерекшеліктерді сипаттау, жиналған материалдарды статистикалық өңдеу, талдау және синтездеу нәтижелерін бір-бірімен салыстыру.

Індеттанулық тексерудің жобалы жоспары.

1. Инфекциялық ауру бойынша қолайсыз шаруашылықтың (ауданның, пункттің) атауы, оның географиялық ерекшеліктері.

2. Мал түлігі, жасы, жынысы бойынша жануарлар саны (кесте түрінде). Оларды толықтыру тәртібі.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.