МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 4 страница





Мұрын және жұтқыншаққа енген стрептококк өсіп-өніп, токсиндер мен ферменттер бөлуіне байланысты кілегей қабықтарды қабындырады, іріңді қабынуға әкеліп соғады. Кілегей қабықтан өткен қоздырғыш лимфа тамырларымен лимфа бездеріне (жақ асты, алқым бездері) жетіп, жіті түрде қабындырады.

Алқым бездеріндегі абсцестер сыртқа қарай ашылып іріңді жараға айналады. Әдетте жылқы сауығып кетеді. Ал кейде іріңді қабынған алқым бездері ішке (тыныс жүйесі жолдарына) қарай ашылып, ірің өкпеге (іріңді аспирациялық пневмония) немесе ас қорыту жүйесіне (іш өту) өтіп, метастаздар түрінде аурудың ағымын ауырлатып асқындырады.

Өлген жылқы өлексесін зерттегенде іріңді лимфаденит құбылысын алқым бездерінде көруге болады. Ауыз қуысы мен мұрын қуысы кілегей қабықтары қызарған, мұрынан бөлінген іріңді маңқаны аңғаруға болады.

Сақауды індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін және зертханалық зерттеулерді ескере отырып анықтайды.

Ауруға шалдыққан жылқыны ауыр жұмыстан босатып, таза, жылы, құрғақ қораға орналастырады, азықтандыруды жақсартады. Емдеу үшін бітеу жараларды жарып, танау қуысын жылытылған марганец қышқылды калиймен (1:1000), фурацилинмен(1:1000), риванолмен(1:1000), 2%-тік немесе 0,5-1%-тік крезол сабынымен жуып шаяды. Сонымен қатар 5-7 күн қатарынан антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын қолданылады.

Аурудан сауыққын жылқы қайтып бұл ауруға шалдықпайды. Себебі осы індетке қарсы иммунитет пайда болады.

Ауру пайда болған жағдайда шектеу енгізіліп, ем шаралары жүргізілу шарт. Шаруашылыққа салынған шектеуді соңғы ауру жылқы сауыққаннан кейін және қортынды дезинфекциясынан кейін 15 күннен соң алынады.

Бақылау сұрақтары: 1. Маңқаны аллергиялық балау әдісі. 2. Сақау қоздырушысының көзі мен аурудың таралу жолдары. 3. Сақауды маңқадан қалай ажыратуға болады? 4. Сақаумен ауырған жылқыларды қалай емдейді?

 

№21 дәріс

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АНЕМИЯ

Инфекциялық энцефаломиелит немесе делбе (Encephalomyelitis infectiosa equorum, инфекционный энцефаломиелит лошадей) – орталык жүйке жүйесі мен ішек-карьнның закымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру.

Вирус қоздыратын жылкы энцефаломиелитіне бір топ аурулар жатады. Олар: америкалыК. энцефаломиелит /шығыс, батыс, венесуелалык/, жапон энцефаломиелиті, австралия эндефаломиелиті, Батыс Еуропадағы Борн ауруы, Бүрынғы Кеңес Одағындағы энцефаломиелит. Казакстанда 1932 жылы делбемен ауырған жылқыдан С.Н. Вышелесский мен К.Н. Бучнев коздырушы вирусты бөліп алып, онын биологиялык қасиеттерін аныктады. Біздін елде бүл ауру 1930-40 жылдары етек алды.

Делбенің коздырушысы тоговирустар түкымдастығының альфа және флавивирустар туыстастыктарына жататын арбовирустар.



Делбе, баска да вирустык энцефаломиелиттер сиякты нағыз табиғи ошакты трансмиссивтік аурулар катарына жатады. Бұл аурулардың вирусы көптеген сүтқоректі және салкын канды жануарларда, сонымен катар жәндіктерде өсіп-өнеді. Көптеген жануарларда инфекция симптомсыз жасырын өтеді де, олардан жәндікгерге беріліп, соңғылары аркылы жылкыға жүғады. Сондыктан жылкынын арасында ауру қан сорушы вирус таратушы жәндіктердін тіршілігіне байланысты. Індет жазғытүрым басталып, жаздың соңына шегіне жетіп, салкын түсе бәсендейді.

Вирус жылкының денесіне кан сорғыш жәндіктер аркылы енеді, кан мен сөл арқылы әртүрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидьщ кыртысы мен кыртыс астында кабыну лроцестерін тудырады. Симпатикалык және парасимпатиалық жүйелердін кызметі бүзылыа, рефлекторлык козу кушейіп, нәтижесіңде жануар шектен тыс мазасызданыл, тер басып, организм сусызданады.

Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 15-40 күн. Ауру әбден білінгенде жылқы жүргенде тенселіп, шатқаяқтайды. Басын шайқап, тістерін шыкырлатады. Ішектін перистальтикасы баяулап, немесе мүлдем токтайды. Жылкы денесінін сусыздануы және зат алмасуының бұзылуынан күрт арыктайды. Жануар бастапкыда мазасызданып, тынши алмайды, кейінірек ішектің козғалысы тежеліп, салданады.

Делбеден өлген жылқының теріасты шелі, ішкі куыстардын. сірі кілегейлі кабыктары сарғайып, үлпершек ағзаларда ұсақ және жолакты канталаулар болады. Жүректе, кеңсірікте, қуық пен ішектің кілегейлі кабыктарында қанталау кездеседі.

Біздін аймақта, бүрынғы Кеңес Одағында көздесетін делбені зертханалык балау жолға койылған жок, ол үшін арнайы диагностикумдар шығарылмайды. Жалпы балау індеттанулык, клиникалык, гематологиялык және патологиялык-анатомиялық деректерге және гистологиялык зерттеудің нәтижесіне негізделеді.

Емі. Ауру жылкыны оқшаулап, караңғы, кең корада, Жануардың тік ішегін тазалап, куығына катетер жіберіп, босатып, массаж жасайды. Зонд аркылы карнына тәулігіне 2 рет 100-150 г натрий сульфатын суға езіп енгізеді, тері астына 4-6 сағат сайын 20 мл камфора майын, тамырына 25 г уротропин, 20 г кальций гидрохлоридін, 400 мл физиологиялык ертіндіге ерітіп жібереді.

Ауырып жазылған жылкыда күшті иммунитет калыптасады. Энцефалитгін әр түріне карсы вакциналар қолданылады.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың ошағын ескеріп, делбенің алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Жылкыны маса-сонасы көп, сулы-сазды жерге, әсіресе ауру кауіпі бар аймақтарда жаймау керек. Ауру шыға қалса сау малды жәндікгерден корғау үшін инсекгицитгер колданылады.

Ауру шыккан пунктке карантин койылады. Барлык жылкыны клникалык. тексеруден өткізіп, ауырған және күдікті жануарларды оқшаулап, емдейді. Карантинді ең соңғы ауырған мал жазылғаннан немесе өлгеннен кейін 40 күн өткенде кортыңды дезинфекция жасаған соң алады.

 

Инфекциялық анемия (Anemia infectiosa equorum) – қызбамен, қан аздықпен және қан айналу жүйесі қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін тақ тұяқты малдардың ауруы.

Ауруды алғаш рет Францияда Линье 1841 ж сипаттап жазды. Қоздырушысының вирус екенін дәлелдеген Карре мен Валле /1904 ж./ болды.

Қоздырушысы- ауру малдардың қанында, барлық ағзалары мен ұлпаларында кездесетін РНҚ-лы вирус.

Табиғи жағдайда барлық жастағы жылқылар, тұқымына қарамай ауырады. Ауырған құлындар көбінесе өліп қалады. Сонымен қатар есек, кашыр және пони ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру малдар. Олар вирусты сыртқы ортаға барлық секреттері мен экскременттері арқылы шығарады.

Ауруға бейімді малдың қанына енгеннен кейін вирус өніп-өседі де барлық ағзалар мен ұлпаларға таралады. Соның нәтижесінде қызба пайда болады, ретикулоэндотелиалды жүйенің жұмысы белсенеді. Эритропоэздің төмендеуі мен эритроциттердіц лизиске ұшырауы салдарынан қан аздық — аурудың симптомы пайда болады.

Жасырын кезеңі - 10-30 күн, кейде - 3 айға дейін. Аурудың негізгі белгілері: қызба, әлсіздік, арықтау, жүрек қызметінің бұзылуы, гастроэнтерит пен тынысының тарылуы. Клиникалық белгілерінің біліну ерекшеліктеріне байланысты ауру аса жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және симптомсыз түрде өтеді.

Құрсақтың төменгі жағы, үрпісі және аяқтары ісінеді. Ауру басталғаннан кейін біраздан соң кілегейлі қабықтар ісініп, бозарыңқы болып және ұсақ-ұсақ қанталаулар байқалады, әсіресе көздің үшінші қабағы мен тілдің астының қанталауы жиі болады.

Жіті немесе жітілеу өткен инфекциядан өлген малдардың өлексесін жарып көргенде тері асты шелі бозғылт түсті кейде сарғыш болады. Кілегейлі және сірі қабықтарында, үлпершек органдарда көптеген қан талаулар болады. Сөл түйіндері үлкейген және қан кернеген. Талақ 2-3 есе ұлғайып, босаң, қоңырқай - шие түстес болады. Бауыр да үлкейген және босаң. Жүректің әдетте оң қарыншасы ұлғайған болады.

Балау клиникалық, індеттік, гематологиялық, патоморфологиялық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесінің негізінде қояды. Түсініксіз, қиын жағдайда биосынама қояды. Серологиялық реакциялардан негізінен сенімді реакция ретінде - ДПР (РДП) реакциясын қояды.

Емдік шаралар жүргізілмейді, ауру малдарды жояды.

Иммунитет қалыптасады, бірақ вирустың антигендік варианттары өзгеріп отыруына байланысты иммунитет басқа вариантты қорғамайды. Осыған байланысты ауруға қарсы сенімді вакцина да жоқ.

Ауру байқалған жағдайда /ДПР-де оң нәтиже көрсеткен болса/ шектеу қойылады. Ондай шаруашылықтан малды не әкетуге не шығаруға тыйым салынады. Сауықтыру үшін 30-40 күн сайын 2 рет ДПР-да тексеріп, оң нәтиже берген малдарды сояды. Егер 2 рет тексергенде теріс нәтиже алынса, онда ондай малдарды 3 айға бақылауға қояды және 3 айдан кейін қайтадан тексергенде теріс нәтиже берсе, онда тиісті вет-сан шараларды жүргізген соң /дезинфекция, дезинсекция/ шектеуді алады.

Бақылау сұрақтары: 1. Делбе тіркелгенде атқарылатын сауықтыру шаралары. 2 Инфекциялық анемияны балау әдістері. 3 Инфекциялық анемия кезіндегі өлекседегі өзгерістер.

№22 дәріс

ІНДЕТТІК ЛИМФАНГИТ, РИНОПНЕВМОНИЯ, ТҰМАУ

 

Індеттік лимфангит немесе мандам (Lіmphangіtіs epіzootіca, эпизотический лимфангит, блостомикоз, африканский сап) – созылмалы өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, ірінді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.

Індетті лимфангит 4 ғ. бері белгілі. Бірақ ұзақ уақыт оны маңқамен шатастырып келді. Ауру қоздырушысын 1873ж. итальян ғалымы С. Ривольта жылқының іріңінен бөліп алды. Қазіргі уақытта ауру Азия мен Африка континенттерінде, анда - санда Қазақстанда ұшырасады.

Қоздырушысы – бір торшалы санырауқұлақ Hіstoslasma farcіmіnosum (Crіptoroccum farcіmіnosus) – іріңдеген тері тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады.

Індетті лимфангитке жұмыр тұяқты жануарлар: жылқы, қашыр, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады. Жылқының жас мөлшері ауруға ешқандай әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға дейінгі құлындар ауруға осал болады.

Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру малдар саналады. Олардың абсцесса жараларынан аққаніріңмен бірге қоздырушы бөлініп, қоршаған ортаны ластайды. Сау малдың денесіне микроб көбінесе жарақаттанған тері арқылы ауамен алиментарылқ жолмен, ал кейде жыныс мүшелері арқылы берілуі де мүмкін.

Шаруашылықтарда індетті лимфангит шыға қалса, ол салыстырмалы түрде баяу тарайды. Ауруға көбінесе бір-екі мал немесе біраз мал бірден шалдығады. Мандам жыл мерзімінің кез келген уақытында байқалады, ал аса өршіп қозатын мерзімі күз және қыс айлары. Бұл аурудан малдың өлім көрсеткіші 10-50 пайызға жетеді.

Алғашқыда дерт процесі терінің сырт қабатында дамып, бұршақ дәніндей ірінді түйіндер пайда болады. Егер дененің төзімділігі жоғары болса, инфекциялық процесс одан әрі дамымайды. Мандам түйіндері қауашақтанып, онда тұз жиналады да, қоршалады, біразы солып, тартылып қалады, ал кейбірі жарылып,іріңі аққан соң ұзамай жазылып кетеді. Қоршалған түйіндегі криптококтар 14-45 тәулік арасында өледі.

Жасырын кезеңі тым ұзақ 1-3 айға дейін созылады. Аурудың өрбуі баяу 2-8 айға дейін, кейде тіпті бір жылдан астам. Жалпы дерттің дамуы зілсіз және зілді деп бөлінеді.

Зілсіз дамығанда терінің әр жерінде, әсіресе шоқтығында, мойнында, басында, кейде ұмасы мен қынында, сырттан көрінетін кілегейлі қабықтарында бидайдың үлкендігіндей қатты түйіндер пайда болады. Ұзамай олардың көлемі үлкейіп, жұмсарады да, біртіндеп жарылып орындарында жара пайда болады. Зақымданған орындардағы сөл тамырлары жуандап, қатайып, сырттай білініп, сипағанда бойындағы түйіндер білініп тұрады. Әлбетте манындағы сөл түйіндері үлкейіп, сипағанда қатайғаны сезіліп, ауырсынады. Кілегейлі қабықтары зақымданса сүр түсті түйіндер пайда болып, кеңірсектен болмашы ірінді сора ағады. Жалпы ауырған малдың күйі инфекция жеңіл дамығанда өзгермейді, ауру 2-4 айға созылып, ақыры жазылады.

Ауру зілді өрбісе дененің әр жерінде жүзден астам ірінді түйіндер пайда болып, олар тек теріде ғана емес, тері асты шелінде де құрылады. Көпшілік түйіндер өзара өзек арқылы жалғасып, кейінірек қосылып, жарылған кезде үлкен терең жаралар пайда болады. Олар ұзақ уақыт іріңдеп жазылмайды. Әсіресе сирақтардың зақымдануы көпке созылады. Кейін дәнекер ұлпалар өсіп, жазылған аяғы шамадан тыс жуандап, шораяқтанады. Ауырған мал селқостанып, ыстығы көтеріледі, тез ариды. Ауру 6-8 айға созылып, зілді түрі негізінен малдың өлуіне әкеп соғады.

Өлексенің терісінде көптеген іріңді түйіндер мен жаралар болады. Сөл тамырлары жуандап, көрініп тұрады. Маңындағы сөл бездері үлкейіп, іріндеген, кейбірі жарылған. Танаудың кілегейлі қабығында, жыныс мүшелерінде бозғылт-сары түсті түйіндер ұшырасады. Дәл осындай іріңді түйіндерді өкпеден, бауырдан, көкбауырдан да табуға болады.

Ауру індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін жинастырып, талдау негізінде снықталады. Оған қосымша ірінді микроскоппен қарайды. Жарылмаған түйіндегі ірінді боямай-ақ төсеніш шыныда физиологиялық ертіндімен араластырып, болмаса 10% күйдіргіш натрий ерітіндісіне салып қарайды. Егер ірінде криптокок табылса, аурудың балауы дұрыс болғаны.

Ажыратып балау клиникалық белгілері және індеттанулық деректер негізінде маңқадан айырады. Қажет болса маллеинмен "көз байқауы" реакциясы арқылы тексереді.

Емі. Індетті лимфангитті емдемейді, ауру малдарды жояды.

Иммунитет. Лимфангитпен ауырып жазылған жылқыларда өмірлік иммунитет қалыптсады. Белсенді иммундеу үшін әлі вакцина жасалынбаған.

Дауалау және күресу шаралары. Аурудан сақтандыру үшін шаруашылық территориясының індеттік ақуалын үнемі мұқият қадағалап отырады. Басқа жақтан әкелінген жылқыларды дауалау карантиніне қойып, тыңғылықты тексеріп шығады, кілегейлі қабықтарын, теріні арнайы қарап, көреді. Бағып күткенде, мініп-түскенде жануарлардың жарақаттанбауына қолайлы жағдай жасайды. Егер, шаруашылықта ауру шыға қалса, онда территория сау емес деп жариялап, карантин ұйымдастырады. Карантиннің шарты бойынша мал әкелуге, әкетуге, оларды ферма ішінде ары-бері ауыстыруға, сау жылқылармен бірге жаюға, пішуге, бие сауып, қымыз ашытуға тиым салынады. Ауру малдарды өлтіріп, терісін алмай жояды. Карантинді ең соңғы ауру мал құртылып, ақырғы рет сау мал тексеріліп, дезинфекция жасалынған соң 3 ай өткенде алады.

 

Жылқы ринопневмониясы (ринопневмония лошадей) немесе биенің вирустық іш тастауы – қызбамен, коньюктивитпен, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатаралды қабынуымен және кенеттен буаздығының екінші жартысында іш тастауымен, сипатталатын вирусты ауру.

ХІХ ғ. ортасына дейін жылқының бұл ауруын тұмау деп қарастырып келді. 1933 жылдары оны АҚШ-та Димок пен Эдварс тыныс жолдарының қабынумен қатар жылқылардыңжаппай іш тастайтындарын байқады, ал 1936 жылы олар оның қоздырушысы вирус екндігін дәлелдеп берді.

Қоздырушысы – Герпес вирус жылкы герпесвирустарының бірінші типіне /ЖГВ-1/ жатады, кұрамында РНҚ бар.

Ауруға жылқы, есек, қашыр тұкымына жынысына, жасына карамай шалдығады. Әйтседе жас құлындар мен асыл тұқымды жылқылар сезімтал келеді.

Ринопневмонияның вирусы ауру жылкының қанында танаудан аққан сорада болады да, жануар пыскырған кезде аэрозоль ретінде ауаға шашырайды. Буаз биенің шаранасында вирус мол шоғырланады да, іш тастаған кезде сыртқы ортаға бөлінеді. Тастаңды төл, шу және шарана негізгі жұғу факторы болып табылады.

Жасырын кезеңі 2-10 күн. Ринопневмонияның 4 түрі: респираторлық, абортивтік, жыныстық және жүйкелік түрі бар.

Ауру респираторлық түрде өткенде ересек жылкының жоғарғы тыныс жолдары қабынып, ыстығы 40°С кейде одан да жоғары болады және дене қызуы 2-3 күн бойы болады. Кейде температураның көтерілуі 8-10 күндері қайталануы мүмкін. Негізінен ауру жеңіл өтеді. Егер жылқылыр буаз болса /Абортивтік түрі/ онда олар 8-11 айлығында, әсіресе 10 айлығында құлын тастайды. Жыныстык түрі. Биенің жыныс мүшелеріне ауру коздырушысы герпес вирус айғырдан немесе гематогендік жолмен қан аркылы келеді. Бие мен айғырдың сырткы жыныс мүшелерінде кілегей қабықтары гиперемияланып, қолдыраған бөрткендер болады, кейінірек олар ақ дақтарға айналады.

Ринопневмонияны клиникалық балау қиын, себебі клиникалық белгілері болмауы да мүмкін, ал болса ол басқа вирустік инфекцияларға, әсіресе тұмауға ұқсас болып келеді. Сондықтан да балау тек зертханалық зерттеудің негізінде қойылады.

Емі әлі әзірленбеген. Асқынулар болмас үшін әдеттегі дозада сульфаниламид препараттарын және антибиотиктерді қолданады.

Иммунитет қысқа уақыттқа ғана қалыптасады. Ондай ауырып жазылған малдың 3-6 айдан кейін иммунитеті жоғалып қайта ауруы мүмкін.

Ауру байқалған шаруашылыққа шектеу енгізіледі. Биелерді тек қана айғырсыз, қолдан ұрықтандырады. Ауру биелерді бөліп алып құлындағанға дейін бөлек ұстайды. Жем-шөптің қалдығын, көңді, тастанды төл мен шуын өртеп жібереді. Аурудың алдын алу үшін тірі өсінді вакцина қолданылады. Шектеуді ең соңғы мал жазылғаннан кейін және буаздылықтың екінші жартысында іш тастаулар байқалмаса 2 айдан кейін алады.

 

Жылқы тұмауы (Grippus equorum, грипп лошадей) – тыныс алу мүшелерінің закымдануымен және дененің оқтын-октын қызынуымен ерекшелінетін, жіті өтетін, аса жұғымтал ауру.

Жылқының тұмауын алғаш рет 1933 ж. Я.Е. Коляков пен Д.Н. Рожнов сипаттады, қоздырушы вирусын 1956 жылы Чехословакияда О. Совинова мен В.Тумова бөліп алды. Ауру дүние жүзінін көптеген елдерінде кездеседі.

Қоздырушысы - Infjuenza A influenzavirus, ортамиксовирустар туыстығының инфлуэнцавирус түкымдастығына жатады.

Табиғи жағдайда тумаумен жылқы жасына, жынысына қарамай ауырады. Құлындарда ауру ересектерге қарағанда қаттырақ өтеді. Ауру қоздырушысының бастауы - тұмауға шалдыққан жылқы. Індет негізінен аэрогенді жолмен жұғады. Тұмауға тән белгілер: жұұғымталдылық, тез таралу және 2-4 жыл сайын қайталанып отырылу.

Жануарлардың ауруға шалдығу көрсеткіші вирустың тиісті типіне қарсы иммунитетке, күтіміне, қоңдылығына байланысты 10%-дан 100%-ға дейін жетеді. Ауа райы колайсыз, күтімі нашар болған жылқы 1-3 күнде жаппай ауруға шалдығып, тұмау өкпенің қабынуымен аскынады.

Тыныс алған кезде тыныс жолына түскен вирус үшін кілегейлі қабыктар инфекция қақпасы болып табылады. Қоздырушы кілегейлі қабықтың цилиндрлі эпителийіне енін, өсіп-өнгенде бұл торшалардың ыдырауына әкеліп соқтырады.

Вирус тек қана жоғарғы тыныс жолдарында ғана емес өкпе ағзасында да орын тебеді. Сондықтан да негізгі патологиялык өзгерістер өлген жануардың өкпесіннен табылады.

Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 5-7 күнге созылады. Ауырған жылқы алғашында пысқырып, күйзеліп, көзі мен танауының кілегейлі қабықтары гиперемияланып, жұткыншақ сөл түйіндері ұлғайып, жөтеледі. Денесінің, ыстығы 40-41°С-қа көтеріліп, ол 3 күнге дейін сақталады.

Тұмаудың клиникалық белгілері малдың күтіміне, иммунитеттің деңгейіне, қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі байқалады. Ауа райы суық, ылғалды болса ауру шиеленісіп, бактериялық инфекцялармен асқынады.

Өлген жылқының жоғарғы тыныс жолдары мен көздері катарлы қабынады. Кілегейлі қабықтары ісініп, домбығады. Тері асты шелі домбығып, кейде қанталайды. Өпкесі домбығып, әр жерде қабынған кызғылт-күрең түсті телімдер кездеседі. Олар әртүрлі болып, кейде өкпенің бір бөлігін тұтас қамтиды. Тіліп қарағанда қабынған телімдердің түсі сұрғылт, ішінде кілегейлі -іріңді бөліндісі болады.

Балау. Диагноз індеттанулық деректердің, клиникалық, паталогиялык-анатомиялық белгілердің және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп қойлады

Емі. Ауырған жылқыны оқшаулап, күтімін жаксартады. Тұмау жеңіл өткенде бірнеше күн жақсылап күткенде ешқандай емсіз-ақ аурудың беті кайта бастайды. Тұмау бактериялық инфекциялармен асқынғанда антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын колданады, сонымен қатар симптоматикалык ем шаралары жүргізіледі.

Тұмаумен ауырған жылқыда бір жылға дейін иммунитет қалыптасады. Тұмауға карсы өлтірілген адьювантты вакцина колданылады.

Тұмау байқалған шаруашылыкта карантин енгізіліп, аурудың тарап кетпеуіне бағытталған шаралар жүргізіледі. Крантинді ең сонғы ауырған жылқы жазылғаннан кейін, қораға қорытынды дзинфекция жасап барып алады.

Бақылау сұрақтары: 1 Індеттік лимфангиттің негізгі клиникалық белгілері. 2 Жылқы тұмауын емдеу шаралары. 3 Індеттік лимфангиттің індеттанулық ерекшеліктері. 4 Жылқының ринопневмониясына диагноз қалай қойылады?

 

№23 дәріс

ШОШҚАНЫҢ КӘДІМГІ ЖӘНЕ АФРИКАНДЫҚ ОБАСЫ. ШОШҚА ТІЛМЕСІ

Шошқа обасы (Реstis suum) – қызбамен, өкпе мен ішек-қарын жолының зақымдануымен, геморрагиялық диатез көрінісі бар ауыр септикалық процестермен сипатталатын жоғары контагиозды жұқпалы ауру.

Қоздырушысы – РНҚ бар тогавириде түқымының вирусі.

Обаға үй және жабайы шошқалардың барлық түқымдары мен әр жастағылары бейімді. Ауырып айыққан немесе иммунделген енелерінен туған еметін торайлар антителдерді уызбен және сүттен алады, еметін уақыт ішінде ауруға қарсы бірталай тұрақтылық көрсетеді. Қоздырушының көзі – клиникалық ауру малдар және ауырып айыққан вирустасымалдаушы жануарлар. Ауру малдар вирусты несеппен, нәжіспен, мұрынның сорабымен, аталық ұрықпен бөліп шығарады. Сау шошқалардың қағынуы немесе астыртын вирустасымалдаушылармен бірге күтіп-бағылғанда, сондай-ақ вируспен ластанған жемшөп пен суды бергенде болады.

Залалданғаннан кейін тез арада обанын, вирусі қанға енеді де малдың бүкіл организміне таралады. Ол бүкіл ішкі ағзалар мен ұлпаларда өсіп-өнеді, бірақ ең көп мөлшерде лимфа түйіндерінде, сүйек майларында, ішектін, кілегейлі қабығында, талақта, бауырда, қан тамырларының ішкі қабығында шоғырланады. Лейкопения мен анемия дамыйды.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.