ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 2 страница Емі. Ауырған бұқаларды 4 күн қатарынан екі курс емдейді. Бірінші курс пен екінші курстың арасындағы интервал 5-6 күн. Емдеу үшін антибиотиктер мен антисептикалық препараттарды қолданады. Сиырлар мен құнажындарды және қойларды 4 күн катарынан жатыр ішіне және бұлшық етке антибиотиктер жіберу арқылы емдейді. Иммунитет койда айкын байқалады. Бір ауырған кой кайтадан өте сирек ауырады. Койды иммундеу үшін өлтірілген эмульсин вакцина колданылады. Сиырда иммунитет әлсіз калыптасады. Дауалау және күресу шаралары. Асыл түқымды мал, әсіресе бұқа сатып алғанда тек кана кампилобактериоздан сау шарушылыктан әкелу керек. Дауалық карантинге ұстаған кезде 10 күн аралатып, 3 рет бактериологиялык тексеруден өткізеді. Қолдан ұрыктандыру станциясындағы бұқаларды 6 айда бір рет кампилобактериозға тексереді, ал шәуетіне антибиотиктер косады. Ауру шыға калғанда ұрыктандыру станциясын, (малды асылдандыру мекемесін), шаруашылықты (ферманы, табынды) кампилобактериоздан сау емес деп жариялап, тиісті шаралар жүргізіледі. Малды әкелуге, әкетуге тиым салып, төлді оқшаулап ұстайды. Бақылау сұрақтары: 1 Қарасанға тән клиникалық белгілер. 2 Кампилобактериозды балау әдістері. 3. Паратуберкулез кезіндегі өлекседегі өзгерістер. №17 дәріс ОБА, АЛА ӨКПЕ, ЛЕЙКОЗ Ірі қара мал обасы (Pestis bovum, чума крупного рогатого скота) – өлі тію түрінде, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек-қарынның кілегейлі қабықтарының, ісініп өліетгенуі, дене қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирустық ауру. ІҚМ обасының отаны болып Орталық Азия есептеледі. Орталық Азиядан бұл инфекция XV ғасырда Еуропаға әкелініп, одан ол кең көлемде таралып кетті. Аурудың жұқпалы екендігін Рамазини (1711) аныктап, кейіннен М.Г. Тартаковский (1895) және Н.Ф. Гамалея (1896) дәлелдеді. Қоздырушысын 1902 ж. Николь мен ӘділБей ашты. Қоздырушысы – Rinderpest morbilli virus- кұрамында РНҚ бар парамиксовирустар тұқымдастығыныя Моrrbillivirus туыстастығына жататын вирус. ІҚМ обасымен сиырдан басқа енеке (зебу) және буйвол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және жабайы күйістілерде де байқалады. Бұл ауру кейбір шошқа тұкымдарына да жұғуы мүмкін. Мұндай жағдайда ондай шошқалар ауру қоздырушысының бастауы әрі резервуары болады. Табиғи жағдайда обаның қоздырушысы денеге ас қорыту жолдары, танау қуысының кілегейлі қабығы, көз конъюнктивасы аркылы енеді. Вирус сау малға ауру малдан жайылымда бірге жайылып жүргенде жұғады. Вирус алиментарлык жолмен енген қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Бірақ ол негізінен сөл түйіндерінде, сүйек майында, өкпеде, тыныс және ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтарында көбейеді және де соның салдарынан әр түрлі мүшелерде сепсиске тән өзгерістер туындап, қан тамырларының зақымдануынан жаппай қанталау байқалады. Ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары ісініп, гиперемияланады, эпителийі өліеттеніп, сыдырылып түсіп қалады, ал оның асты қызылшақаланып (эрозии), ойылады (язва). Инкубациялық кезеңі 3-17 күн. Ауру әдетте жіті, кейде аса жіті, жітіден төмен және үзілмелі түрде өтеді. Қой, ешкі және түйе ауыра қалған жағдайда көбінесе үзілмелі не өшкін түрінде байқалады. Аурудың бастапкы белгісі - дене кызуының 41-42°С-қа көтерілуі. Тәбеті төмендеп, ішек-қарында атония байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті қайтады, 2-3 күн өткесін ауыз қуысының кілегейлі қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады. Бастапқыда гиперемияланған телімдер, кейіннен бозғылт-сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз болады да, соңынан жұмсарып, ыдырайды да бірнеше жерінен ойылады. Ойылған жерлердің түсі алқызыл, шеттері тегіс емес болады. Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің коньюнктивасы қызарып, қабақтары домбығып, көзден жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда күнгірттенеді /помутнение/, көздің алдыңғы камерасында экссудат жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады. Жануар бастапқы 3-4 күңде қозбалы келеді, кейіннен селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп, ентік пайда бодады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады. Өлексе өте арық болады. Құйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып, әр жерінде қан құйылулар байқалады. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, аңка мен көмекейдің кілегейлі қабықтарында сұрғылт, сары қабыршақ болады, ал оның астында алқызыл ойылым болады. Құрсақ, қуысындағы сұйықтық қызғылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп, қанталаған. Ұлтабардын қабырғасы калындап, суланған, ішінде жағымсыз иісті қоңырқай сұйық болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталаған. Өліеттенген эпителий сұрғылт сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл шақа ойылым көрінеді. Аш ішектің қабырғасы домбығып, гиперемияланып, крупозды геморрагиялық қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі. Обаға диагнозды індеттанулық деректерін, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін және зертханалық тексеру мен бейім жануарларға қойылған биосынаманың нәтижелерін ескеріп қояды. Емі. Обамен ауырған малды емдеуге тиым салынады. Ауырған мал сойылып, өлексесі өртеледі. Ауырып жазылған малда өмірлік иммунитет қалыптасады. Ауырып жазылған және вакцина егілген сиыр уызы арқылы бұзауына иммунитет береді. Оның ұзақтығы 5-6 ай, ал кейбір деректер бойынша 11 ай. Обаға қарсы ЛТ штамынан даярланған тірі құрғақ вакцина қолданылады. Иммунитет 3 жылдан асады. Обаны болдырмау үшін шекаралық аймақты қатаң бақылап, ауру шығу қаупі төнген сәтте бейім жануарларды жедел егу керек. ІҚМ обасы шыға қалған кезде елді мекенге карантин койып, малдын қай түлігі болмасын ол жерден әкетуге тиым салынады. Тәулік бойы кезекшілік бекітілген күзет койылады. Барлық сиыр малын- колда ұстап бағады. Карантин соңғы ауырған малды жойғаннан соң 21 күннен кейін алынады. Ол жерден мал әкетуге карантин алынғаннан кейін 5 айға дейін шектеу қойылады. Бұл мерзім өткенде шеттен обаға бейім малды әкелуге рүқсат етіледі. Ала өкпе (Рlеurорnеumоnіа соntagiosa bovum, мәлік, ІҚМ жұғымтал плевропневмониясы, повальное воспаление легких крупного рогатого скота) – өкпенің беріштеніп қабынуы, экссудативті плеврит аркылы ерекшеленетін аса жұғымтал ауру. Бұл ауру өте ертеден белгілі. Ал індеттің қоздырушысын француз ғалымдары Нокар мен Ру (1898) ашып, сүзгіден өтіп кететін плевропневмотропты микроб ретінде сипаттады. Қоздырушысы – Mykoplasma mykoides Molicutes класының Mykoplasmateles қатарына жатады. ІҚМ жұғымтал плевропневмониясымен табиғи жағдайда сиырдан басқа буйвол, қодас, бизон, енеке ауырады. Жұқпалы плевропневмония кезінде ауру қоздырушысының бастауы ауырған мал. Әсіресе созылмалы түрде ауырған мал аса кауіпті, өйткені ондай жағдайда аурудың көзге көрінетін белгілері байқалмайды. Ауру малдан қозды-рушы танаудан аққан сора, жөтелген кездегі шашыраған сүйықтық, сирегірек несеп, сүт, шарана арқылы бөлініп шығады. Ауру респираторлық жолмен жұғады. Ала өкпенің қоздырушысы жануар денесіне тыныс жолдары арқылы еніп, ұсак бронхалардың бойында орналасады. Орналасқан жерінде кабыну процесін тудырып, өкпедегі бөлікше аралық дәнекер-ұлпаны зақымдап, оны домбықтырып, сол жерде орналасқан сөл тамырларын бітеп, нәтижесінде крупозды пневмонияның өрбуіне әрі о сы ауруға тән өкпенің бауырлану процесінің әртүрлі стадиялары байкалуына әкеледі. Инкубациялық кезеңі 2-4 апта, кейде 4-6 айға созылады. Ауру аса жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және кәдімгідей емес түрде өтеді. Жіті өткен ауру бастапқыда жөтелмен қатар дене қызуының аздап жоғарылауы арқылы байкалады. Одан кейін дененің ыстығы 42°С дейін көтеріліп, әдетте төмендемейді, кейде айнымалы түрде байқалады. Ауырған мал қозғалмауға тырысып, алдыңғы аяқтарын алшақ ұстап, мойнын созып, арқасын бүгіп, аузын ашып тұрады. Тынысы тарылып кабырғларының арасын, арқасын басқанда ауырсынады, жүрек соғысы дүрсілдеп, тамыры баяу соғады. Сауын малдың сүті қайтады. Жөтел басында құрғақ, қысқа, қатты, кейіннен дыбысы бәсең, ылғалды болады. Перкуссия жасағанда дыбысы төмендеп, аускультация кезіде тыныс естілмейді. Плевра зақымданса үйкелген дыбыс шығады. Өкпеде каверналық қуыс болса тамшының тамған дыбысы естіледі. Өлекседегі негізгі езгерістер көкірек қуысында байқалады. Әдетте олар бұл ауруға тән құбылыстар ретінде патологиялық-анатомиялық диагноз қою үшін толық негіз бола алады. Көбінесе өкпенің біреуі ғана зақымданып, процес өкпенің артқы немесе ортаңғы бөлігінде шоғырланады. Зақымданған телім көтеріңкі болып, басып кергенде тығыз болады. Тіліп қарағанда әр жері бауырланудың (гепатаизация) әр түрлі сатысында болады да, өкпенің ішінен дәнекер ұлпадан тұратын талшықтар өтеді. Бұл жолақтанған талшыктар қызыл-сары түсті болып, ортасында кеңіген сөл тамырлары болады. Осының бәрі өкпе ұлпасын тілгенде мрамор суретті көрініс береді. Жұғымтал плевропневмонияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді, клиникалык, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді және зертханалық зерттеулердің нәтижесін негізге алынады. Ауруы жасырын түрде өтетін жануарларды анықтау үшін серологиялық реакциялар: КБР, конглютинация реакциясы, боялған антигенмен пластинкадағы АР, ДПР, ҚГАР, ИФР. Емі. Ауру малды жедел бөліп алып сояды, еті ветсан экспертиза ережесі бойынша қолданылады. Аурудың тез тарау каупі болғандықтан емдеуге тиым салынады. Иммунитет. Ала өкпемен ауырп сауыққан және егілген малда иммунитет калыптасады. Қазіргі уакытта шет елдерде тауық эмбрионында өсірілген авинделген вакцина қолданылады. Біздің елде жұғымтал плевроиневмония жойылғаңдыктан негізгі назар көрші елдерден бұл аурудың әкелінуіне жол бермеуге аударылады. Күрестің нәтижесі уақтылы дәл диагноз қоя білуге байланысты. Ауру шыға калғанда карантин койылып, барлық ауырған, күдікті, сонымен қатар КБР-да оң нәтиже беретін малдар сойылады. Етін пайдаланып, закымданған ұшаның телімдері мен ішкі ағзалар жойылады. Теріні кептіру арқылы зарарсыздандырады. Қора жайды мұқият тазалап, 2% күйдіргіш натрий, 10-20% хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Көң биотермиялық жолмен зарарсыздандырылады. Сау малдарды екі мәрте өсінді вакцинамен егеді. Егер ауруға шалдыққан малдар аса құнды болмаса немесе саны шектеулі болса, оларды түгелдей сояды. Карантин екінші рет еккендегі реакция басылған соң, егер жанадан ауырған мал болмаса, 3 ай өткенде алынады. Ірі қара мал лейкозы (Leukosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) – қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу жйне лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардын пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Лейкоз туралы алғашкы хабарлар Гермаяияда бұл дертке адам (Р. Вирхов, 1845) жылкы мен шошқа (Лейзеринг, 1856), сиыр (Зидамародский, 1876) шалдығатындығы туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлык жануарларда, соның ішінде салкын қандыларда да анықталып отыр. Лейкоз дуние жүзінің барлык елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталык және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиырдын лейкозы Қазакстанда 60-70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінғен сиырлар аркылы тарады. Қоздырушысы Bovine leikosis onkovirus Retrovirdae туыстастығының Onkornoviridae туыстык тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде ДНК,көшірмесі бар провирус түзеді. ІҚМ лейкозының вирусына сиырмен катар буйвол, енеке, кой және ешкі бейім. Лейкозбен сиыр малының барлык тұкымының кай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байкалады. Баска тұкымдарынан гөрі кара-ала және кызыл тұкымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді. Лейкоздың коздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыкқан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз аркылы бөліп шығарады. Табиғи жағдайда инфекция туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейін вирустар гамета аркылы, ал бүтін вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдык трансмиссия жолымен беріледі. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе жанасу аркылы беріледі. Жанасу тікелей немесе аралык себепкер аркылы (жәндіктер, әр -түрлі заттар мен аспаптар) болуы мүмкін. Сиырдың лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоотиялык, және спорадиядық. Энзоотиялык лейкоз бұл аурудың клиникалык және патологиялық анатомиялық белгілері айкын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас арадығында жиі байкалады. Инкубациялық кезеңі табиғи жағдайда 2-6 жыл, колдан жұктырғанда 2 айдан 2 жылға дейін. Клиникалык. белгілерінің айкындалуы 3 кезеңге (байкалғанға дейінгі, бастапқы жайылған және титықтаған) бөлінеді. Жайылған кезеңінде қанда гематологиялык өзгерістермен катар аурудың әртүрлі клиникалык белгілері байқалады. Ауырған мал тез арықтап, жүрек кызметі бұзылады. Кілегейлі қабықтары көгеріп, сарғыш тартады. Тыныс алуы нашарлайды. Әукесі, төсі, кіндік тұсы домбығып, артқы бір немесе екі аяғы да ақсайды. Несеп бөлуі киындап, буаз мал іш тастайды, бедеу қалады. Желінінің бір немесе бірнеше бөлігі ісінеді. Лейкозға тән белгілер: үстіңгі сөл түйіндері (жауырын алдындағы, құлақ түбіндегі, жақ астындағы, шабындағы, желін үстіндегі), тік ішек аркылы сипап көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан тыс ұлғаяды. Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жаска дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялык лейкоз 3 түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегі. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялык лейкоздың екі патологиялык-анатомиялык түрі болады, Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады. Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және баска да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды. Алдын ала диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі – гематологиялық тексеру. Түпкілікті диагноз гистологиялық тексерудің нәтижесінде патологиялық-анатомиялық әдіспен қойылады. Емі. Лейкоз кезінде емдік шаралар жұргізілмейді. Ауру малдар сойылады. Лейкозға карсы иммунитет толык зерттелген жоқ. Лейкоздың, вирусына қарсы қанда антиденелер пайда болады. Олардың диагностикалық маңызы болғанымен қорғаныс кабілеті күдікті. Лейкоздың алдын алу үшін сау шаруашылыктарға сырттан мал әкедгенде, тек осы ауру жоқ шаруашылыктардан алу керек және осы ауруға шалдықпаған малдары бар жерлермен шаруашылык қатынастарына шектеу койылады. Лейкоз аныкталған жағдайда шаруашылыкка шектеу койылады да, сауыктыру шаралары колданылады. Сауыктырудың негізгі екі жолы бар. Біріншісі - ауру шыққан табынды түгелдей алмастыру. Екіншісі - жүйелі түрде лейкозға тексеріп /клиникалык, серологиялык/ ауруға шыкқан малды окшаулап, сояды. Шаруашылык, соңғы ауырған мал сойылғаннан кейін екі жыл өткен соң сауықтырылды деп есептелінеді. Одан кейін екі жыл бойы барлық мал жылына бір рет гематологиялық тексеруден өткізіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Ірі қара малының обасының індеттанулық ерекшеліктері. 2. Ала өкпеге диагноз қою үшін қандай клиникалық белгілер маңызды? 3. Лейкозда байқалатын өлекседегі өзгерістер? №18 дәріс ВИРУСТЫҚ ДИАРЕЯ, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТ Ірі қара малдың вирустық диареясы (Diarrhea viralis bovum) – дене қызуының көтеріліп, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығының ойылып, қан аралас іш өтуіменен, конъюнктивит және ринит арқылы ерекшеленетін жіті өтетін жұқпалы ауру. Ауру 1946 жылы АҚШ-та анықталып, оның қоздырушысын П.Олафсон ашты. Бұрынғы Кеңес өкметіне оның ішінде Қазақстанға (Балхаш өңірі, Бақанас) сиырдың сантогертрудаасылтұқымымен келді. Қазақстанда алғаш рет К.Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. анықтады. Қоздырушысы – Bovina virus diarrhea pestivirus, Togaviridae тұкымдастығының Pestivirus туыстасығына жатады РНҚ-лы вирус. Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады. Ірі кара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта аурады, жана туған бүзаулар мен сака сиырлар ауруға сирек шалдығады. Ауру коздырушысының бастауы ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Вирустық диарея маусымдық ауруға жатады: аурудың байқалуы қазан-қараша-желтоқсан айларында байқалады, қаңтарда аурудың байқалуы ең шыңына жетеді, ал сәуірден қазанға дейін індеталды тыныштық байқалады. Ас қорыту және тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі қабыктардың эпителийінде көбейіп, канға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. Вирусты бейтараптаушы антиденелер пайда болып, олар қанға түскенде виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл арқылы сөл -түйіндеріне және басқа да лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғырланады. Сөл түйіндерінде, көк бауырда, Пейер түйіндерінде жас торшалар өліп, көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады. Өліеттену әсірсе Пейер түйіндерінде едәуір болады. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 3 жұмаға дейін. Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын өтеді. Жіті өткенде малдың дене қызуы 40,5-42,20С көтеріліп, күйзеліп, тәбеті төмендейді. Танау қуысының кілегейлі қабығын қан кернеп, кейінірек сора аға бастайды. Ауыздың кілегей қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар пайда болады. Кейіннен ойылып, қызылшақаланып, бетінде сұрғылт түсті бүркеніш пайда болады. Ауыздан қоймалжың сілекей ағады. Қаңсарда, танау тесігінде, кынапта ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін. Дененің ыстығы көтерілген кезде канда лейкоциттер саны күрт төмендейді. Біраз күннен кейін іші өтеді. Іші өту көбінесе бұзауларда байқалады. Нәжісі сұйық, исі жағымсыз, газ көпіршіктері, қан мен жалқақ араласады. Жүні ұйпаланып, үрпиіп, қатпарланып, қайызғактанып, қабыршақтанады. Жөтел пайда болып, көзден жас ағады. Кейде аяғы ақсап, жануар жатқан жерінен қиналып тұрады, жүргенде зорға қозғалып, алдыңғы аяқтарын бір-бірінен алшақ ұстайды. Тұяқтарының, арасындағы терісі қолдырап, ойылады. Буаз мал іш тастайды. Диарея 4 аптаға дайін созылып, мал шектен тыс арып, өледі. Негізгі патологиялық-анатомиялық өзгерістер ас қорыту жолдарында кездеседі. Қансардан бастап ұртында, ауыз қуысында, тілінде, жұтқыншақта, өнешінде, ұлтабарында, ащы ішегінің кілегейлі қабықтарында көптеген, әрқайсының диаметрі 1-5 мм, эрозиялар болады. Мұндай ойылымдар кейде алдыңғы карындарда да кездесуі мүмкін. Соқыр ішек пен тік ішек жалғасып кетеді және оны Баудин заслонкасы (Баудиновая заслонка) деп атайды және ол ең негізгі аурудың өзіне тән белгісі деп есептелінеді. Аш ішекте өліеттену мен ойылым Пейер түйіндерінің кілегейлі кабықтарында орналасады. ІҚМ вирустық диареясына балау клиникалык, індеттанулық деректерді, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді есекере отырып, міндетті түрде зертханалық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады. Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 күн болған малдан, не болмаса әдейі аурудың жіті кезеңінде сойып, алады. Ауру малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіні, қанын, ауыздың ойылған кілегейлі кабығының қырындысын алады. Қан сарысуын ДПР, КБР, БР бойынша вирустык диарея антиденелеріне тексереді. Өзіне тән емі жоқ. Негізінен симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Малдың күтімін жаксартып, сіңімді жұмсақ азықтар береді. Ауру ауыр өткенде емнің нәтижесі шамалы және тиімсіз болып табылады. Ауырып жазылған малда берік иммунитет калыптасады. Бұзау енесінің уызы арқылы антиденелер алады. Қазақстанда және басқа елдерде де бұл ауруға қарсы басқа да пневмоэнтериттер (парагриип, ринотрахеит, рео- және аденовирус инфекциялары), хламидиоздар, лептоспироз, пастереллез т.б. әртүрлі үйлесімді поливалентті вакциналар қолданады. Ауру шыға қалғанда, вирустық диареяға шалдыққан малды жедел оқшаулап, індетті одан әрі таратпай және ауру мал арыктамай тұрғанда уақтылы сойып алған дұрыс. Індет басылғанша маддардың орын ауыстыруына тиым салынып, қатаң шектеу қояды. Қораны күн сайын мұқият тазалап, дезкнфекциялайды. Инфекциялық ринотрахеит (Rhinotpacheitis infektiosa bovum, инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота) – қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы-өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін инфекциялық ауру. Бұл ауру 1950 жылдары АҚШ-та белгілі болды. Бастапкыда ол екі дербес ауру ретінде карастырылды: біріншісін жыныс мүшелерін закымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагинит десе, екіншісін тыныс жолдарын қамтитын ринотрахеит деп келді. 1958 ж. J. Gillespic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді. Қазақстанда індет Целиноград ауданы Рождественнка селосында алғаш рет 1977 жылы тіркелді. Қоздырушысы – (Bovid (alpha) herpesvirus 1) герпесвирустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын ДНҚ-лы вирус. Табиғи жағдайда тек қана ірі қара аурады. Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұкымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас мал бейімірек келеді, әсіресе 2 айдан бастап 1,5-2 жасқа дейінгі аралықта, сонымен қатар жатырдағы төлде ерекше сезімтал келіп, вирустың әсерінен тез өліп, буаз мал іш тастайды. |