ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 10 страница Сабақтың мақсаты:1. Әртүрлі жануарлар түлігінде топалаңды кешенді балау амалдарын игеру. 2. Топалаң кезінде індетке қарсы шаралардың жоспарын әзірлеу. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Топалаң – жіті түрде өтететін зооантропоноздық, сонымен қатар, септицемия /өлі тиіп/, ауыр түрдегі интоксикация құбылыстарымен және көршиқандардың пайда болуымен сипалатын инфекциялық ауру. Індет көптеген жерде кездесіп, спорадия түрінде өтіп стационарлығымен ерекшеленеді. ТАПСЫРМА: 1. Сабақ барысында студенттер топалаңға қатысты нұсқаулармен басқа да заңдық құжаттамалармен танысады. 2. Тірі және өлі кезіндегі топалаңды балау әдістерін игеру. 3. Індеттік жағдаймен танысу. 4. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру. Топалаң бойынша қолайсыз пункттың індеттік жағдайымен танысқаннан кейін студент шешім қабылдайды. Сонымен қатар тірі кезінде диагноз қоюға мүмкіндік беретін белгілерге назар аударылады. Аурудың ажырата балаулық белгілерінің кестесі құрылады. Студент, топалаңның індет ошағын, індеттанулық зерттеу нәтижелерін талқылайды. Індеттің тұтану себептерін анықтайды: инфекция қоздырушысының көзі және індеттің таралу жолдары. Індет ощағы мен қауіп төнген аймақтың шекараларын және инфекцияның әрі қарай таралу мүмкіндігін анықтайды. Індеттанулық тексеру мәлметтерінің негізінде індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырылады. Бақылау сұрақтары: 1. Аурудың сипаттамасы 2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы 3. Індеттанулық деректер 4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер 5. Балау тәсілдері 6. Топалаңды алдын алу және онымен күрес шаралары Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Абдрахманов Т.Ж., Свидер П.М. Мероприятия по диагностике, профилактике и ликвидации сибирской язвы на животноводческих фермах и комплексах. Методические указания. Целиноград. 1988. 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №10 сабақ. Туберкулез, балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Топалаңды балау тәсілдерін игеру. 2. Туберкулез кезінде індет ошағын жою шаралардың жоспарын құрастыру. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. ТАПСЫРМА: 1. Сабақ барысында студенттер туберкулезге қатысты нұсқаулармен басқа да заңдық құжаттамалармен танысады. 2. Тірі және өлі кезіндегі топалаңды балау әдістерін оқып білу. 3. Індеттік жағдаймен танысу. 4. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Аурудың анықтамасы, індеттанулық деректер, балау тәсілдері 2. Туберкулезді алдын алу және індет ошағын жою шаралары Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Ибрагимов Р.М. Аллергическая диагностика инфекционных и инвазионных заболеваний сельскохозяйственных животных. Методические указания. Целиноград. 1985. 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №11 сабақ. Аусыл және бруцеллез. Балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Ауруларды балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шаралардың жоспарын құрастыру. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Аусыл - әдетте жұп тұяқтыларда жиі ретте жіті өтетін, шектен тыс жұқпалығымен сипатталатын індет. Індетті вирус тудырып, ауыз қуысында, танаудың кілегей қабығында, тұяқ ашасында және малдың желінінде күлдіреуіктердің (афтоздық – суға толы көпіршіктердің) пайда болуымен байқалады. Қоздырғыштың ерекшелігі оның плюралитетінде, яғни түрінің көптігінде. Қазіргі уақытта дүниежүзінде аусыл вирусының жеті типі: А,О,С,Сат-1,2,3, Азия 1, ал вариантарының саны 72-ге жетіп отыр. Сонымен қатар оның сыртқы ортаға тұрақтылығын, індеттің пайда болып таралуына адамның шаруашылық тіршілігінің әсерін және әр түлік жануарларда аурудың клиникалық байқалуының өзгешелігін ескеру керек. Індеттік жағдай: Бір шаруашылықта 300 бас ІҚМ бар, олардың ішінде: 100 сиыр, 50 құнажын, 50 қашар, 40 бас бордақылау тобындағы бұқашықтар және 60 бас 1 жасқа дейінгі торпақтар. Сиырлар мен қашарлар арасында келесі клиникалық белгілері бар ауру малдар анықталды: сүт өнімінің төмендеуі, ақсауы, дене қызуының жоғарлауы, тұяқ ашасында, еріндерінде, желінде күлдіреуіктердің, ұсақ эрозиялардың және ойық жаралардың пайда болуы. Бұрын жануарлар аусылға қарсы егілмеген болатын. Індеттанулық тексеру жүргізу барысында, шаруашылықта ветеринариялық-санитариялық талаптардың (дезкедергілер жоқ, ферма аумағы зоналарға бөлінбеген және т.б.) орындалмайтындығы анықталды. Алдын ала қойылған диагноз – аусыл. Студенттер келесі мәселелерді шешеді: 1. Ажырата және ақтық балау жүргізу (ол үшін қандай шаралар жүргізу керек). 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру және қауіп төнген аймақтағы дауалау шаралары. Бруцеллез (Brucellosis, мальта қызбасы) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит, эпидидимит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін инфекциялық ауру. Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады және олардың үшеуінде бірнеше биоварлары бар. Бруцелла түрі | Биоварлар саны | Бейім жануарлар | В. abortus | | Ірі қара мал, қодас, буйвол, бұғы, марал, түйе, жылқы | В. melitensis | | Қой және ешкі | В. suis | | Шошқа, қоян, солтүстік бұғысы | В. neotomae | | Шөлейттегі егеуқұйрық | В. оvis | | Қошқарлар (инфекциялық эпидидимит) | В. canis | | Иттер | Індетке қарсы шараларды ұйымдастыру кезінде індет ошағының ортасында инфекцияның таралу жолдарын және жануарлардың бұл індетке жастық бейімділігін ескеру қажет. 19 және 82 штамды вакциналардың маңызы және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Студенттер індеттік жағдайды бағалап, шешім қабылдаулары керек. Індеттік жағдай: Сүт фермасында 200 бас ірі қара мал бағылып күтіледі, олардың ішінде: 50 сауынды, 30 суалған, 3 күйіттеуші бұқа, 20 қашар, 4 айға дейінгі 20 бұзау, 4 айдан асқан 30 бұзау және 50 бас құнажын. Диагностикалық зерттеулер кезінде 3 сауын сиыры бруцеллезге оң нәтиже көрсетті, олардың ішәнде екеуі АР 1:400 титрінде, ал бір бастың сынамасы КБР 1:5-1:10 титрінде болды. Жануарлар жас кездерінде екі мәрте егілген болатын және бұрын соңды ферма бруцеллез бойыгша сәтті болып саналған. Тапсырма: 1. Ақтық диагноз қою 2. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Аурудың сипаттамасы 2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы 3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер 4. Балау тәсілдері, ажырата балау 5. Індетке қарсы шаралар Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №12 сабақ. Құтырық және Ауески ауруы. Балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Алдын алу шараларының жоспарын әзірлеу. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Құтырық (Rabies) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. Ауески ауруы (Моrbus Аujtеszку) немесе жалған құтыру – жіті өтетін, өкпе қабынуы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесінің қышыну белгілерімен ерекшеленетін инфекциялық ауру. Бұл вироздар табиғи ошақтық феноменіне ие. Індеттік жағдай. Қыс мезгілінде фермаға қасқыр шабуылдап бірнеше бұзауларды тістеген. Бір айдан кейін бұзауларда шамадан тыс сілекей бөлініп, жұтқыншақтың, сирақтарының салдануы байқалды. Бір бұзау диагностикалық мақсатта сойылды. Тапсырма. Болжамды диагноз қойып, диагностикалық зерттеулер кестесін құрастыру, індетке қарсы шаралардың жоспары құрастыру. Студенттер тиісті нұсқауларды оқып, клиникалық ауру жануарлар анықталған кездегі індетке қарсы шаралардың жоспары құрастырады. Әртүрлі фирмалар әзірлеген биопрепараттармен танысады. Биопрепараттар: құрғақ антирабикалық фенол вакцина, АЗВИ антирабикалық вакцинасы, құтырыққа қарсы инактивтендірілген вирус-фикс вакцина (ГНКИ), құтырыққа қарсы құрғақ, өсінді инактивтендірілген вакцина (Пастер штамы); Ауески ауруына қарсы құрғақ, өсінді инактивтендірілген вирус вакцина ВГНКИ. Бақылау сұрақтары: 1. Балау тәртібі мен тәсілдері 2. Екі індетті де ажырата балау 3. Нұсқауларға сәйкес биопрепараттарды қолдану Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №13 сабақ. Лептоспироз, листериоз және некробактериоз. Балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Лептоспироз(Leptospirosis; Вейля ауруы, собак сүзегі) –қысқа мерзімне дене қызуының көтерілуі, несепте қан байқалып, терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін, көптеген жануарлар мен адамның табиғи ошақты, инфекциялық ауруы. Ауру қоздырушысы Spirochetalis қатарының Leptospiraceae тұқымдастығы Leptospira туыстастығына жатады (lepto – нәзік, spira – иір). Қазіргі таңда патогенді лептоспиралардың 230 сероварианттары ажыратылып, олар антигендік туыстылығына сәйкес 23 серологиялық топтарға біріктірілген. Листериоз(Listeriosis)– орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде немесе сиптомсыз тасымалдаушы формасында өтетін жануарлар мен адамның инфекциялық ауруы.Қоздырушысы – Listeria monocytohenes – жануарлар мен адам үшін негізгі патогендік түрі болып саналады және сиыр, саулық, ешкілерде іш тастаулар тудырып адамды да зақымдауға қабылетті. Некробактериоз(Necrobacteriosis; Necrobacillosis; сарып, некробациллез) – негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін көптеген жануарлар түрі мен адамның инфекциялық ауруы. Қоздырушысы – Fusobacterіum necrophorum –ауа сыбағасыз, теріс грамды, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте полиморфты микроб. 1 Індеттік жағдай: 200 бас ірі қара малдан тұратын табында, жаылым жағдайында сауын сиырларының ішінен 3 бас сиыр ауруға шалдықты. Клиникалық белгілері: күйзелу, тәбетінің нашарлауы, сүт түсінің сарғайуы, желін үрпісінде күлдіреуіктер, конъюнктиваның және басқа да көзге көрінетін кілегей қабықтардың сарғайюы, несептің қызғыл-қоңыр түске енуі. Ағымды жылы вакциналау жұмыстары жүргізілмеген. Болжамды диагноз – лептоспироз. Міндеттер: 1. Болжамды диагнозды дәлелдеу; 2. Сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру. 2 Індеттік жағдай: Қой шаруашылығының саулықтар отарында ауру жануарлар мен олардың өлімі ұшырау оқиғалары тіркелді. Індеттанулық тексеру кезінде, буаз саулықтарды пішенмен азықтандырғандығы анықталды. Клиникалық белгілері: мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала береді, басын артқа шалқайтады. Жарып сою кезінде паренхиматозды ағзаларда көзге көрінетін патологиялық өзгерістер байқалған жоқ. Болжамды диагноз – листериоз. Міндеттер: 1. Ақтық диагнозды қою; 2. Аурудың пайда болу себептерін анықтау; 3. Инфекция ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру. Қойылған міндеттерді шешу кезінде инфекцияның туындауына себепкер болған факторларды ескеріп, сонымен қатар бұл жағдайда дала тышқандары арқылы ластанылатын пішен мен пішендеменің маңызын естен шығармау қажет. Жиі жағдайда ауру, организмде йодтың жетіспеуінде, әсіресе саулықтардың арасында байқалады. Диагнозды қою кезінде қоздырушыны идентификациялау тестілеріне және листериозды зілді қатаралды қызбадан, бруцеллезден, кампилобактериоздан, трихомоноздан, Ауески ауруынан, ценуроздан, құтырықтан және домбығу ауруынан ажыратуға назар аударыңыздар. 3 Індеттік жағдай: Сауын сиырлары арасында малдардың ақсауы, тұяқаралық саңылаудың қабынуы және кейбіреулерінде флегмоналар байқалды. Індеттанулық тексеру жүргізу барысында жануарлар тұратын қоралардың ылғалдылығы жоғары және қораны желдету жүргізілмейтіндігі анықталды. Болжамды диагноз – некробактериоз. Міндеттер: 1. Ақтық диагнозды қою; 2. Инфекция ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Аурудың сипаттамасы 2. Қоздырушы, оның қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы 3. Індеттанулық деректер 4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер 5. Балау тәсілдері 6. Дауалау және күресу шаралары Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №14 сабақ. Микоздар және микотоксикоздар, пастереллез. Балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Трихофития(Trichophytia), бұзаутаз – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері. Ашатұяқтыларда аурудың негізгі қоздырушысы Тrісhорhуtоn verrucosum, жылқыда - Тr.eguinum, түйеде - Тr.sarcisovi, терісі бағалы аңдарда, қоян, теңіз тышқаны және басқа кемірушілерде Тr.mentagrophytes. Микроспория (Мicrosporosis) - терінің қабынып, экссудат бөлініп, беті қабыршақтанып ошақтануы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - Microsporum туыстастығына жататын саңырауқұлақтар. М. canis – иттерде, мысықтарда, тышқандарда, егеуқұйырықтарда, жолбарыстарда, маймылдарда аурудың негзгі қоздырушысы және сирек жағдайда үй қояндары мен шошқаларда ауру тудырады; М. equinum – жылқыларда; М. gypseum жоғарыда аталған барлық жануарлардан бөлініп алынған; М. nanum – шошқаларда. Сонымен қатар басқа да патогендік түрлері белгілі. Микотоксикоздаратауымен белгілі ерекше ауруларды тудыратын токсигендік саңырауқұлақтарға, метаболиттері, әртүрлі организмдерде токсикоз тудыруға қабылетті микромицеттер жатады. Қазіргі таңда токсикалық заттар түзетін саңырауқұлақтардың 150 астам түрі белгілі және олар табиғатта кеңінен таралған. Микотоксиндердің жанжақты химиялық және биологиялық әсерімен ерекшеленеді. Олар жоғарғы деңгейдегі токсигендікке ие, ал көптеген түрлерінің мутагендік, тератогендік және канцерогендік қасиеттері бар, сонымен қатар жиі жағдайда иммунды депрессивті әсері де байқалады. Жануарлардың микотоксиндерге сезімталдылығы, олардың биохимиялық құрылымына байланысты. Ең сезімтал болып саналатын құстар, жылқы, шошқа содан кейін барып ірі және ұсақ қара малдар. Жануарлардың физиологиялық жағдайы да токсиндерге деген сезімталдылыққа әсерін тигізеді. Өзіндік жұмыс: Дерматомикоздарды бір бірінен және басқа да ұқсас аурулардан (трихофития, мкроспория, фавус, псороптоз) ажырата балау кестесін құрастыру (қоздырушысы, клиникалық белгілері, зертханалық балау тәсілдері). Пастереллез(Pasturellosis) (немесе геморрагиялық септицемия) жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Pasteurella multocida – морфологиялық жағынан жануарлар мен құстардың пастереллездерінің бір-бірінен айырмашылығы жоқ, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. 1Індеттік жағдай:Шілде айында жайылымдағы 250 сиырдың ішінен кенеттен 2 бас мал ауруға шалдықты, олардың біреуі өліп, екіншісі лажсыз сойылды. Екі жануардың да өлекселерін жарып сою кезінде геморрагиялық септицемия, жалқаяқты инфильтраттар және крупозды пневмония байқалды. Індеттанулық тексеру кезінде, шаруашылыққа, індеттің тұтануынан 10 күн бұрын, пастереллез тіркелген шаруашылықтан (6 ай бұрын) 50 бас ірі қара мал ауыстырылғаны анықталды. 2 Індеттік жағдай:300 бастан тұратын шошқа фермасында тез жайылып жатқан індет тіркелді. Жануарларда жоғарғы температура байқалып, індеттің ағымы ауыр және жіті түрде өтті. Көптеген шошқалардың жақ асты аумағында домбығулар пайда болды. Өлер алдында ауру жануарлардың құлақтары, ал кейіннен құрсақ терісі көгерді. Өлекселерді жарып сою кезінде геморрагиялық диатез, тері асты шелінде және субсурлу ұлпаларда домбығулар, қарынның кілегей қабығынығ қабынулары байқалды. Міндеттер:1. Пастереллезге ақтық диагнозды негіздеу. 2. Шаруашылықты пастереллезден сауықтыруға бағытталған шаралардың жоспарын құрастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Тіркелген микоздардың қайсысы бізде кездеседі? 2. Әр түлік жануарлардың түрі мен жасына байланысты, дерматомикоздардың ағымы мен клиникалық байқалуына сипаттама беріңіз. 3. Дерматомикоздар кезінде қандай вакциналар қолданылады және олардың дауалаулық қасиетімен бірге емдік қасиеті немен түсіндіріледі? 4. Микотоксикоздардың микоздардан айырмашылығы неде? 5. Пастереллездің әр түрлі жануарларда байқалу ерекшеліктері. Әдебиет: 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж. 2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г. 3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968 4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992 5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2. №15 сабақ. Шешек, туляремия, сіреспе, ботулизм. Балау және күресу шаралары Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау, дауалау және емдеу тәсілдерін игеру. 2. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құрастыру және сауықытру барсында қажетті іс құжаттарды толтыруды үрену. Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат. Шешек және шешектәріздес аурулар адамзатқа көне заманнан бері белгілі. Бүгінгі күнде, поксвирустар (Poxviridae, лат. рос, росс – пустула, күлдіреуік жара) тұқымдастығының вирустары тудыратын, адамның, жануаралардың және жәндіктердің 100 астам инфекциялық аурулары белгілі. Індеттанулық және экономикалық маңыздылығы жоғары болып саналатын аурулардың қатарына: ІҚМ обасы, қой мен ешкі обасы, қой мен ешкінің контагиозды пустулезді дерматиті және үй қоянының миксоматозы жатады. |