МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 14 страница





Қоздырушысы – парамиксовирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қасиеттері әр түрлі болады және соған байланысты аурудың клиникалық белгілері мен таралуы да әр түрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруы қоздырушысының штамдарын үш түрге бөледі: лентогенеді, мезогенді және велогенді.

Табиғи жағдайда Ньюкасл ауруымен көптегн үй және жабайы тауық тұқымдастар ауырады. Жиірек тауық, ал сирегірек күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер шалдығады. Бұл ауру қаз, үйрек, көгершіндерде де кездеседі.

Инфекциялық ларинготрахеит (Laringotracheitis infectiosa), инфекционный ларинготрахеит, ИЛТ – қатарлы және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит, тыныстың тарылуымен сипатталатын, тауық тұқымдас құстардың (тауық, күрке тауық, қырғауыл) жіті өтетін, аса жұғымтал респираторлық ауруы. Табиғи жағдайда ИЛТ тауықтардың жасы мен тұқымына қарамастан барлығы ауырады. Ең бейім келетіндері, балапандар мен 60-100 күндік жастағы жас құстар. Індет тұрақтанған сәтсіз шаруашылықтарда, 25-30 күндік балапандардың шалдығуы тіркеледі.

Құс тұмауы(Grippus avium; Influenza), грипп птиц, жоғары патогенді құс тұмауы, классикалық оба, тауықтың А тұмауы, тауықтың голландтық обасы – күйзелу, септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын және індеттің ағымының ауырлығы бойынша әртүрлі дәрежеде өтетін жұғымтал ауру. Ауру, өтуі бойынша екі түрде кездеседі: біріншісі – патогендігі төмен вирус типтарымен тудырған (шошқаның классикалық обасы); екіншісі – патогендігі жоғары типтарымен тудырған (жоғары патогенді құс тұмауы).

Тауықтың инфекциялық бронхиты(Bronchitis infectiosa avium), нефрозонефрит, ИБК – балапандардың тыныс мүшелерінің, мекиен тауықтардың репродуктивті ағзаларының зақымданып, жұмыртқалауының төмендеуімен және нефрозонефрит синдромымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Тауықтың инфекциялық бурситы(Bursitis infectiosa gallinarum), инфекционный бурсит кур, Гамборо ауруы – жас, негізінен 2-15 апталық балапандарда байқалып, диарея, тәбетінің болмауы, иммундық депрессия, фабриций қапшығының кілегей қабығының, буындар мен ішектің қабынуымен, бұлшықет аралық геморрагиялармен сипатталатын жұғымтал ауру.

Лейкоз(Leukosis avium), гемобластоз, лейкемия, ақ қандық, гепатолимфоматоз, лимфобластоз – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен сипатталып, созылмалы өтетін неопластикалық ауру. Ағымы бойынша төрт түрі ажыратылады: лимфоидты, миелоидты, гемоцитобластты және эритроидты.

Орнитоз (Оrnithosis), пситтакоз, құс хламидиозы (Chlamidiosis), жұқпалы пневмония, пневмотиф – негізінен жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Індет үй және жабайы құстармен қатар адамда және басқа да сүтқоректі жануарларда байқалады.



Қоздырушысы – Chlamydia psittaci, хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді микроорганизм. Орнитозбен көбіне тоты құс пен көгершін ауырады және олар ауру қоздырушысының сақтаушылары болып есептеледі. Сонымен қатар үй және жабайы кұстардың барлығы да бейім. Табиғи жағдайда, үйрек, қаз, күрке тауық, қырғауыл және тауық ауырады, бірақ көптеген құстарда індет симптомсыз, жасырын түрде өтеді.

Респираторлық микоплазмоз (Мусорlasmosis respiratoria), күрке тауықтың инфекциялық синуситі, созылмалы респираторлық ауру, инфкциялық синовит – тыныс алу мүшелерінің закымдануы, синовит, арықтау және өнімділігін жоғалтумен сипатталатын, тауық, күрке тауық, үйрек, қаз, көгершіндердің созылмалы ауруы.

Пуллороз (Pullorosis), құс сүзегі, ақ бацилярлы тышқақ, ақ диарея – тауық балапандардың ішегі мен үлпершек ағзаларының зақымдану және септицемиямен, ал ересек тауықтың аналық безі фоликуласының азғындауымен немесе симптомсыз өтуімен ерекшеленетін инфекциялық ауру.

Қоздырушысы – Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобына жатады. Шалдыққыштық көрсеткіші – 2-60%, ал өлімге ұшырауы 80% дейін.

1 Індеттік жағдай. Асылтұқымды құс зауыты, тұқымды құс жұмыртқасын өндіріп сатады. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған, бірақ соңғы кездері жұмыртқаны сатып алушы шаруашылықтардан, асылтұқымдандыру мақсатында алынған жұмыртқалар мен тауықтардың арасында, пуллорозбен залалданған өнімнің (шамамен 20-30% дейін) кездесіп жатқаны туралы шағымдар түсе басатады.

Тапсырма:1. Құс зауытын пуллороздан сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

2. Тауық пуллорозы бойынша сәтсіз құс зауыты өндірген жұмыртқаларды сатып алған шаруашылықтар үшін, індетке қарсы шараларды әзірлеу.

2 Індеттік жағдай. Құс фабрикасында 1000 үйрек бар. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған, бірақ соңғы кездері өлімге ұшыраған үйректердің саны күрт арта бастады. Ауру үйректерде келесі клиникалық белгілер байқалды: әлсіздңк, конъюнктивит, кератоконъюнктивит, тышқақ, пневмония және кахексия. Жас үйректерде, кеңістіктегі қимылының бұзылуы және менингоэнцефалит белгілері тіркелді. барлығы 130 үйрек және 150 үйрек балапандары өлімге ұшырады.

3 Індеттік жағдай. Құс фабрикасында 3000 мекиен тауықтар бар. Өнеркәсіп инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Құстарды иммундеу жұмыстары жүргізілмеген. Кенеттен, құстардың жаппай қырылуына әкеліп соқтыратын және тез таралатын ауру пайда болды. Болжамды диагноз – Ньюкасл ауруы. Құс фабрикасына, инфекцияның, тұқымды жұмыртқамен енгізілгені анықталды. Індет басында инкубаторда тіркеліп, кейіннен құс қораларына жайылған.

4 Індеттік жағдай. Инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған құс фабрикасында, кенеттен, тез таралатын, 2-6 айлық мерзімдегі жас құстардың жаппай өлімге ұшырауын тудыртын ауру тіркелді. Індет, ауырған құстың қанаттары мен сирақтарының салданулары ретінде байқалды. Құс фабрикасына, қоздырушының, тұқымды жұмыртқамен енгізілгені анықталды. Індет басында инкубаторда тіркеліп, кейіннен құс қораларына жайылған.

Тапсырма:1. Диагнозды нақтылап, індетке шалдығу дәрежесін анықтау қажет; 2. Індет бойынша сәтсіз құс қораларын сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру; 3. Қауіп төнген аймақта орналасқан құс қораларында жүргізілетін дауалау шараларының жоспарын әзірлеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Күресу шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№30 сабақ. Етқоректілер және терісі бағалы аңдардың аурулары. Балық және бал араларының аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы шаралар жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Еткоректілердің обасы (Pestis carnivorum), чума плотоядных – қызба, тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.

Коздырушысы - Саnine distemper morbillivirusпарамиксовирустар тұкымдастығының морбилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНК бар. Адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен антигендік қасиеттері жағынан ұқсас келеді.

Күзеннің Алеут ауруы (Моrbus Аleutiса lutreolarum),Алеутская болезнь норок, вирустық плазмоцитоз – плазматикалық торшалардың шектен тыс көбейіп (плазмоцитоз), иммуноглобулин мөлшерінің тым жоғарлауы, тез арада арықтау, танау мен ауыз қуысынан қан кету, шөлдеу, гломерулонефрит және гепатит белгілерімен сипатталып, созылмалы өтетін жүғымтал ауру. Қоздырушысы – парвовирустар тұқымдастығының парвовирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ бар.

1 Індеттік жағдай. Бір аң өсіру шаруашылығында 200 күзен, 50 ақ түлкі және 150 қоңыр-қара түлкі өсіріледі. Олардың ішінде күзендердің 50% ауруға шалдығып, 10% өлімге ұшырады. Бұған дейін шаруашылық, инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Ауру аңдарда келесі клиникалық белгілер байқалды: тез арықтайды, алма-кезек ауызы мен танауынан қан ағады, клегей қабықтары бозарған, шөлдейді және кахексия. Аналықтарында іш тастау және аналық қабылеттерінен айырылу байқалады. Былтырғы жылы шаруашылыққа 50 күзен, 5 ақ түлкі және 30 түлкі әкелінген болатын.

Тапсырма: 1. Күзеннің Алеут ауруы ауруына нақтылы диагноз қою. 2. Туындаған індеттік жағдайға байланысты, індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыру.

Үй коянының миксоматозы (Myxomatosis cuniculorum) – көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, бастың, сыртқы жыныс мүшелері мен анустың және дененің басқа да жерлерінің теріасты шелінің домбығуымен сипатталатып, жіті өтетін аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – құрамында ДНҚ бар, leporipoxvirus шешек вирустарының тұкымдастығына, Poxviridae туыстастығына жатады.

2 Індеттік жағдай. Үй қояндарын өсіретін фермада 700 үй қояны бар. Шаруашылық, инфекциялық аурулар бойынша сәтті болып саналған. Егу жұмыстары жүргізілмеген. Індет кенеттен пайда болды. Қояндар шектен тыс арықтап, ентігу және пневмония байқалған. Ересек қояндардың 30% дейіні өлімге ұшырады. Жаңа туылған көжектерде ауру жіті өтіп, жағары өлім-жітімділікпен ерекшеленіп, 80% дейіні шығынға ұшырады. Шаруашылыққа азықты, бұрын үй қояны миксоматозының індеттік тұтануы тіркелген, көрші қоян фермасынан әкелгендігі анықталды.

Аэромоноз(Sерtісаemiа hаеmorrhagica сургinоrum), қызамық (краснуха), геморрагиялық септицемия, шемен – балықтың терiсі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтық жиналып, көзі шарасынан шығып, кейде тері мен еттерде уытты жаралардың пайда бодуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Қоздырушысы – Aeromonаs punctаta қозғалғыш, қысқа келген шеттерінде жіпшелері бар, таяқша.

Жүзу жарғағының қабынуы, воспаление плавательного пузыря – тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы. Аурудың жұқпалы екендігі ешқандай күдік тудырмайды, бірақ оның қоздырушысы осы күнге дейін дәл анықталған жоқ. Ауруға әртүрлі жастағы тұқы балықтар шалдығады, олардың ішінде жиі ауыратындары екі жастағы балықтар. Сазандардың бұл індетке айтарлықтай тұрақтылығы тіркелген.

3 Індеттік жағдай. Тұқы балықтарды өсірумен айналысатын балық шаруашылығында, бір және екі жастық балықтарды аулау барысында, бүйірімен және тігімен жүзіп жүрген балықтар көптеп тіркелді. Оларда: енжарлық, құрсағының томпаюы және флюктуациясы, желбезектерінің анемиясы және денесінің кейбір жерлерінің гиперемиясы байқалды. Жарып сойған кезде келесілер анықталды:

- жүзу жарғағы күңгірттенген, нүктелі қанталау және қабыну белгілері бар;

- жүзу жарғағының айналасында, серозды-іріңді эксудатпен толы саңылау бар;

- талағы ұлғайған, былжыр, шұбар;

- бауыры былжыраған, мозайка тәріздес;

- бүйректерінде қанқұйылулар кездеседі.

Америкалық шіріме, американский гнилец, зілді шіріме, жабық өсін шірімесі – араның баланқұрттарының есейіп, қуыршақалды сатысынан қуыршақ сатысына ауысатын кезінде әлсіреп, жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Bacillus larvae.

Еуропалық шіріме, европейский гнилец, зілсіз шіріме, ашық өсін шірімесі – 4-7 күндік баланқұрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын бал арасы ұясының жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Streptococcus pluton.

Қалталанған өсін (Sacculisatio contagiosa larvae), мешотчатый расплод, құрғақ шіріме, бактериалсыз шіріме – бал арасының жетілген баланқұрттарының денесі сұйыққа толы қапшыққа (қалтаға) ұқсап, өліп қалуымен сипатталатын вирустық ауру. Қоздырушысы – РНҚ геномды, систематикалық орны айқындалмаған ұсық вирус.

Аспергиллез(Aspergillosis), аспергилломикоз немесе өсіннің қатуы – баланқұртты, қуыршақты, кейде ересек араны да зақымдайтын жұқпалы, саңырауқұлақ тудыратын ауру. Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы – Aspergillus flavus саңырауқұлағы. Ауруды сонымен қатар басқа да аспергиллалар: Asp. umigates, Asp. niger, Asp. nidulans және т.б. қоздырады.

Аскосфероз (Ascosphaerosis), перицистоз, перицистомикоз немесе өсіннің әктенуі – жетілген баланқұрттардың өліп, кеуіп қалуымен ерекшеленетін араның жұқпалы, саңырауқұлақ тудыратын ауруы. Кепкен балапан құрттар қатайып, түсі ағарып әкке ұқсайды, содан ауру өсіннің әктенуі деп аталады. Ауру жұмысшы аралар мен аналықтарда да байқалады. Қоздырушысы – Ascosphаera apis - аскомицеттер класына жататын саңырауқұлақ.

4 Індеттік жағдай. Жаздың басында шаруа қожалығының омартасына, көрші омартаның ұры аралары, ұшып келуге әдеттеніп алды. Жауын жауғаннан кейін кәрездерді тексеру кезінде әртүрлі жастағы шұбар өсін анықталды: сау өсіндер орналасқан ұяшықтардың қасында, шіріген жағымсыз иіс шығып тұрған, өліп қалған баланқұрттары бар ұяшықтар кездесті.

Өзіндік жұмыс: Әдеби көздерін, фото және салынған суреттерді, муляждарды қолдана отыра, студент келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:

1. Болжамды диагнозды қою

2. Зертханалық зерттеулер жоспарын құрастыру

3. Індет ошағын жою шараларын қарастыру

4. Індетке қарсы шаралар жоспарын әзірлеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және күресу шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен

курстық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

«Індеттану және инфекциялық аурулар» бойынша курстық жұмыстың орындалуы МЖБС және 051201 – Ветеринариялық медицина мамандығының 4 курс студенттеріне арналған оқу жұмыс жоспарында қарастырылған.

Ветеринариялық дәрігерлер көптеген жағдайларда өздігінен шаруашылықтарда індеттанулық зерттеу, инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру және індетке қарсы шараларын жоспарлау уақытында қиындықтар кездестіреді. Осы кемшіліктерді жою және керекті тәжірибе алу мақсатында, студенттер курстық жұмысты өндірістік машықтану барысында жинаған материалдары негізінде орындайды. Бұл қойылатын талаптар ветеринариялық мамандарға, қандай да болмасын шаруашылық жағдайларында індетке қарсы шараларды ұйымдастыруда және жүргізуде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Курстық жұмыс студенттің өздігімен орындалуы тиіс. Орындалған курстық жұмыс, міндетті компоненттің негізгі пәндеріне кіретін «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен студенттің теориялық және тәжірибелік дайындығын сипаттауға мүмкіндік береді.

Соған байланысты, курстық жұмыстың мақсаты:

- студенттердің дәрістік және зертханалық-тәжірибелік сабақтарда алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, сонымен қатар жануарлардың өнімділігін жоғарылатуға, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарының сапалылығын сақтауға мүмкіндік беретін, ауыл шаруашылық мекемелерде, шарушылықтарда инфекциялық ауруларды дауалау және жоюдың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлеу тәсілдерін таңдауда өздігінен шешімдер қабылдауды үйрену;

- қажетті әдеби көздерін іздеу және оларды қолдану тәжірибелеріне иелену;

- алынған материалдарды жинақтау және толықтыру, туындаған мәселені шешуде талдау және қажетті қорытынды шығару тәжірибелерін иелену;

- індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастыруды тәжірибе жүзінде меңгеру;

- өздігінен іс-шараларды жүргізуді үйрену.

Курстық жұмыс арқылы студент нақты шаруашылық жағдайына бағытталған тиімді вакциналық, емдік, қан сарысулық препараттарды және диагностикумдарды қолдану ұсыныстарын әзірлеуде бірінші тәжірибе алады.

Курстық жұмыс 8 – семестр барысында орындалады. Курстық жұмыстың орындалу сапасы «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен емтихан тапсыруда ескеріледі.

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ АЛДЫН-АЛА ҰСЫНЫЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Ірі қара мал туберкулезін жою шаралары.

2. Шаруашылықта ірі қара мал бұзаутазын алдын алу және онымен күрес шаралары.

3. Шаруашылықта шошқа тілмесін алдын алу шаралары.

4. Ірі қара мал (қой, шошқа) бруцеллезінен қолайсыз шаруашылықты сауықтыру.

5. Шаруашылықта ірі қара мал жегісін алдын алу және онымен күресу шаралары.

6. Шаруашылықта топалаңды алдын алу шараларын ұйымдастыру және іске асыру.

7. Шаруашылықта аусылды алдын алу шараларын ұйымдастыру және іске асыру.

8. Шаруашылықта ірі қара мал кампилобактериозын алдын алу және онымен күресу шаралары.

9. Шаруашылықта шошқа (ірі қара мал) пастереллезін алдын алу және онымен күресу шаралары.

10. Шаруашылықта шошқаның Ауески ауруын алдын алу және онымен күресу шаралары.

11. Шаруашылықта ауыл шаруашылық малдарының құтырығын алдын алу және онымен күресу шаралары.

12. Шаруашылықта ірі қара малдың (шошқаның) лептоспирозын алдын алу және онымен күресу шаралары.

13. Шаруашылықта бұзаудың (торайдың, қозының) колибактериозын алдын алу және емдеу.

14. Шаруашылықта бұзаудың (торайдың) сальмонеллезін алдын алу және емдеу.

15. Шаруашылықта ірі қара малдың (қойдың) листериозын алдын алу және онымен күресу шаралары.

16. Шаруашылықта құстардың инфекциялық ауруларын алдын алу және емдеу.

17. Шаруашылықта шошқаның сему ринитін алдын алу және онымен күресу шаралары.

18. Шаруашылықта жылқы сақауын алдын алу және емдеу шаралары.

19. Шаруашылықта жүргізілетін індетке қарсы шаралар.

20. Инфекциялық аурулар бойынша қолайлы шаруашылықта жүргізілетін алдын алу шаралары.

21. Әр түрлі нысандарды дезинфекциялау тәсілдері және олардың салыстырмалы тиімділігі.

22. Нақты инфекциялық ауруды балау және ажырата балау.

23. Індет ошақтарының сипаттамасы және індетке қарсы шараларды жүргізу.

Жоғарыда көрсетілген тақырыптармен қатар, курстық жұмысты шаруашылықта тіркелген басқа да инфекциялық аурулар бойынша орындауға болады.

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Тақырыбты таңдағаннан кейін студент, курстық жұмыстың орындаудың алғашқы жоспарын құрып, оын оқытушымен келісімдеу мақсатында кафедраға тапсырады.

Курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

Кіріспе

1. Пункттің немесе ауыл шаруашылық құрылымының індеттік жағдайы жөнінде кесім.

1.1 Тексерілетін пункттің (аймақтың) жалпы сипаттамасы.

1.2 Ветеринариялық-санитариялық жағдайы.

1.3 Індеттік жағдайдың сипаттамасы

1.4 Індетке қарсы және дауалау шараларының сипаттамасы.

1.5 Індеттанулық талдау кесімінің қорытындысы.

2. Осы жыл барысында инфекциялық ауруды жою шараларының күнтізбелік жоспары.

2.1Осы жыл барысында індетке қарсы және дауалау шараларының күнтізбелік жоспары

3. Шаралардың күнтізбелік жоспарына түсініктеме хат.

4. Курстық жұмыстың мазмұны бойынша қортынды.

5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

6. Тіркеме.

 

Әдебиет: Мұханбеткалиев Е.Е., Ибрагимов Р.М., Щурихин Б.Г. «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен 051201 – Ветеринариялық медицина мамандығы студенттерінің курстық жұмысты орындауына арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2010, 28 б.

 

 

Студенттердің өзіндік жұмысына араналған материалдар

Мазмұны

Тақырып:Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу.

Тақырып:Індеттанулық зерттеу бойынша есептеулер жүргізу.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.