МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 12 страница





Табиғи жағдайда сақауға 6-айдан 5-жасқа дейінгі жылқы, есек, қашыр сезімтал келеді. Жас құлындар негізінен анасынан айырғаннан кейін шалдығады. Ересек жылқылардың індетке шалдығуы сирек кездеседі.

Маңқаны балаудың аллергиялық тәсілі.

1) Көзге тамызып маллеиндеу тәсілі. Жылқының сау көзіне стерильді пипетка көмегімен 3-4 тамшы маллеин тамызады. Осы уақыт ішінде жылқы көзіне азық шаңы түспес үшін азықтандырылмайды. Көздің кілегей қабықтары ауру жылқыда еккеннен соң 2-3, ал кейде 6-12 сағат өткенде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан көздегі өзгерістерді уақытында бағалау үшін 3,6,9,12 және 24сағат өткенде реакциясы ескеріледі.

Оң реакция – байқалғанда көздің кілегей қабығы қызарып, қабақтары ісінеді және көздің ішкі бұрышынан шұбатылып іріңді ағып тұрады. Кейде танауынан іріңді сарысі ағуы мүмкін.

Күмәнді реакцияда – көзден жасы кілегейлі сұйық түрінде ағып, аздап кірпігі ісінеді, қызарынқырайды.

Теріс реакцияда – көзде өзгеріс байқалмайды, аздап қызарып, сәл жасаурайды.

Күмәнді және теріс реакция берген жылқыларға 5-6 күннен соң маллеинді бұрынғы көзге қайта егіп, жоғарғы көрсетілгендей тексеріледі.

2) Тері асты маллеиндеу тәртібі. Маллеин егерден 1 тәулік бұрын жылқының қызуы 3 рет(таңертең, түсте және кешке) анықталады. Дене қызуы 38,5ºС-тан аспауы қажет. Егер дене қызуы 39ºС-қа дейін бір рет қана көтерілсе, егуге тиым салынады. Маллеинді, кешке (22.00-24.00сағат) мойын тұсының тері астына 1мл көлемде егіп, реакция өзгерісі таңертең егілгеннен кейін 6,8,10,12 және 24 сағат өткенде бағаланады. Зерттелетін жылқы 20 сағаттай суарылмауы шарт. Маңқаға шалдыққан жылқының дене қызуы еккенен кейін 6-8 сағат өткенде көтеріледі (40ºС-қа дейін). Егілген жерде жайылған, шекарасы жақсы көрінетін, ыстық ісік пайда болады да, 2-3тәулікке дейін қатпайды. Егер дене қызуы 40ºС-қа дейін көтеріліп, егілген жерде ісік болса реакция – оң деп есептеледі. Егер дене қызуы 39-39,6ºС аралығында, шамалы көлемде, айқын емес ісік болса реакция – күдікті деп саналады.

Дене қызуы 39ºС-қа дейін ғана көтерілсе реакция – теріс бағаланады.

Серологиялық реакциялардан КБР(РСК)-сы қолданылады.

1 Індеттік жағдай: Қымыз өндірумен айналысатын шаруа қожалығында 100 бас жылқы ұсталынады. Жылқыларды тексеру барысында, келесі клиникалық белгілері бар 2 ауру жылқы анықталды: азықтан бас тартуы, дене қызуының көтерілуі, танауда кілегей қабығының гиперемиясы және эрозиялар мен жұлдыз тәрізді ойық жаралар байқалды. Маллеиндеу кезінде күмәнді реакция байқалды.

Тапсырма: 1. Маңқаға ақтық диагноз қою. 2. Сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

2 Індеттік жағдай: Мамыр айында, Атбасар ауданының қымыз өндірумен айналысатын бір шаруашылығында, 1 жас шамасындағы 4 құлын ауруға шалдықты. Клиникалық белгілері: 41°С дейін дене температурасының көтерілуі, азықтан бас тартуы, танау қуысынан сірлі-іріңді эксудаттың бөлінуі. Пальпациялау кезінде, жақ асты лимфа түйіндерінің ісінгені, ауырсынатындығы және ыстықтығы анықталды.



Тапсырма: 1. Нозологиялық диагнозды қою. 2. Инфекция ошағын жою шаралараының жоспарын құру.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және сауықтыру шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992

5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№21 сабақ. Делбе және инфекциялық анемия. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Делбе(Encephalomyelitis enzootica еquorum, жылқылардың инфекциялық энцефаломиелиті энцефалит, ИЭМ) – орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, ішек-қарынның атониясымен, кілегей қабықтардың сарғаюымен және өлім-жітімнің жоғары дәрежеде болуымен сипатталатын жіті өтетін вирустық ауру.

Жылқылардың инфекциялық анемиясы (Anaemia infectiosa еquorum, ИНАН) – қан түзу ағзаларының зақымдануы, рецидивті және үзіксіз қызба, қан аздық, геморрагиялық диатез құбылыстары және қан айналу жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын тақ тұяқты жануарлардың ауруы. Қоздырушысы: жоғары полиморфтылықпен ерекшеленетін құрамында РНҚ-ы бар вирус.

Ветеринариялық клиникада делбе және инфекциялық анемиямен ауырған жылқыларды, мүмкіндігінше ауру динамикасы барысында толық гематологиялық зерттеулерден өткізеді. Оның ішінде эритроциттердің шөгу жылдамдығы, эритроциттердің, лейкоциттердің және гемоглобиннің мөлшері және лейкоцитарлық формула анықталады.

Індеттік жағдай: Өткен жылдың қыркүйек айында 1 айғыр, 20 бие, 15 құлын және 20 бас екі жасқа дейінгі жылқылардан тұратын жеке меншік үйірде ауру туындады. Жылқы үйірі Отырар қаласының маңында, Сыр-Дария өзенінің жағалауында жайылымда болған. Ауруға 10 құлын және 5 байтал шалдыққан. Клиникалық зерттеу барысында ауырған малдарда күйзелу, денесінің шеткері аймақтарында домбығу құбылыстары, үздіксіз қызба, кілегей қабықтарының гиперемиясы, көздің үшінші қабағында және тілдің түбінде қанқұйылулар анықталды. Екі құлын лажсыз сойылды. Патологоанатомиялық жарып сою кезінде сепсис, геморрагиялық диатез, лимфоденит, спленомегалия көрністері байқалды. Кілегей және сір қабаттары бозарған және сәл сарғыш тартады.

Өзіндік жұмыс:Әдістемелік материалдарға сүйене отырып, студент диагностикалық зерттеулердің жоспарын құрастырады, індет ошағын оқшаулауға бағытталған шаралар жоспарын әзірлейді, қолайсыз шаруашылықты дауалау және сауықтыру шараларының сызбасын толтырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және сауықтыру шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№22 сабақ. Жылқылардың індеттік лимфангиті, ринопневмониясы және тұмауы. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Індеттік лимфангит (Lymphangitis epizootica, африканский сап, бластомикоз) – созылмалы өтетін, терінің лимфа түйіндері мен тамырларының және тері асты шелінің қабынып, іріңді жараға айналуымен сипатталатын тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық ауруы.

Қоздырушысы – бір торшалы саңырауқұлақ (Histoplasma farciminosus). Саңырауқұлақ торшасы (криптококк) іріңдеген тері мен лимфа тамырларында сопақша келген денешіктерінің екі ұшы үшкілденіп бітеді де, сыртында қосарланған қабығы болады. Олар көбінде нейтрофилдер мен макрофагтардың ішінде, кейде торша арасында жеке немесе тобымен ораласады. Індеттік лимфангитке тақ тұяқты жануарлар: жылқы, қашып, есек, пони шалдығады, кейде онымен түйе де ауырады. Жылқының жас мөлшері ауруға ешқандай әсер етпейді, сөйтсе де 6 айға дейінгі құлындар ауруға осал болады.

Зертханалық балау. Жарылмаған түйіннен (ауырсынбайтын, ыстық түйін) алынған ірің сынамасын жапырылған тамшы әдісімен зерттейді. Ол үшін, ірің тамшысын зат шынысына тамызып, бетін жамылғы шынымен жабады. Сынаманы 500-600 есе ұлғайтулықпен микроскоп астында қарайды. Ірің массасынан тұратын сұр алаңда жылтыр, қосарланған қабығы бар, ұштары (жиі бір ұшы) үшкілденіп келген криптококк денешіктері көрінеді. Микробтың протоплазмасында бір немесе екі үздіксіз қозғалыста тұрған жылтырауық зат болады.

Ринопневмония (Rhinopneumonia equorum) немесе биенің вирустық іш тастауы – қызбамен, коньюктивитпен, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатаралды қабынуымен және кенеттен буаздығының екінші жартысында іш тастауымен, сипатталатын жылқылардың жұғымтал, жіті өтетін вирустық ауруы.

Қоздырушысы – Herpesvirus equi 1, жылкы герпесвирустарының бірінші типіне (ЖГВ-1) жатады. Ринонневмония негізінен энзоотия түрінде өтеді, ал жылқы шаруашылығы қарқынды дамыған аймақтарда эпизоотияға ұшасуы мүмкін.

Жылқының тұмауы (Grippus eguorum, грипп лошадей) – жоғарғы тыныс алу мүшелерінің қатаралды қабынуымен, жалпы күйзелуімен, дененің оқтын-октын қызынуымен және құрғақ ауырсынтын жөтелмен ерекшелінетін, жіті өтетін, аса жұғымтал инфекциялық ауру, ауыр жағдайда пневмония байқалады.

Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus, ортамиксовирустар туыстығының инфлуэнцавирус түкымдастығына жатады. Вириондары фрагментгерге бөлініп липопротеин қабығымен оралған екі спиральді РНҚ-дан тұрады. А (Equi) 1 және А (Equi) 2 аталатын екі типке бөлінеді. Жылқы тұмауының вирусы адамға да зардапты болып саналады.

Табиғи жағдайда тумаумен жылқы жасына, жынысына карамай ауырады. Құлындарда ауру ересектерге қарағанда қаттырақ өтеді.

Аурудың негізіне аэрогенді жолмен, ауру жылқы мен сау жылқыларды бірге ұстаған кезде жұғады. Тұмау жылдың барлық мезгілінде, бірақ жиірек күзде және көктемде байқалады. Жануарлардың ауруға шалдығу көрсеткіші вирустын тиісті типіне карсы иммунитетке, күтіміне, қоңдылығына байланысты 10%-тен 100%-ке дейін жетеді.

1 Індеттік жағдай: Ақкөл ауданының бір шаруашылығындағы жылқылар арасында, келесі клиникалық белгілері бар ауру анықталды: кейбір жылқыларда, денесінің әр жерлеріндегі тері асты шелінің терең қабаттарында тығыз, ауырсынбайтын, диаметрі 7 ден 10 мм дейін түйіндер байқалды. Болжамды диагноз – індеттік лимфангит.

Тапсырма: 1. Ақтық диагнозды қою. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құру.

2 Індеттік жағдай: Жылқы зауытының қораларында, құлындар мен биелердің арасында, қызба, тыныс алу жолдары кілегей қабаттарының қабынуы белгілерімен байқалған ауру тіркелді. Барлығы 35 бас жылқы ауруға шалдықты. 20 биенің екеуі кенеттен іш тастады. Бір биеде артқы сирақтарының салдануы байқалды. Түскен түсікті патологоанатомиялық жарып сою кезінде танау және ауыз қуыстарының гиперемиясы, тері асты шелінің сарғаюы тіркелді.

Өзіндік жұмыс:Студенттер, инфекцияның таралу қауіпінің дәрежесіне және жануарлардың клиникалық жағдайларына байланысты, жылқы топтарын құрады. Шешім қабылдап, инфекциялық аурумен күресу шараларының тәртібін анықтайды. Диагностикалық зерттеулерді жүргізу реті мен тәртібін айқындап, ринопенвмониямен ауырған жылқыларды емдеу схемалары мен дәрілік препараттарды таңдайды. Індетке қарсы шаралардың жоспарын құрастырады.

3 Індеттік жағдай: Жылқы зауытында, жылқыларды қыста қорада ұстау барысында, 2-3 жастағы жас малдардың арасында жоғарғы тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын ауру тіркелді. Ауырған малдарда сірлі ринит, жөтел байқалып, ауру тез арада қорада орналасқан барлық мал тобына тарап кетті. 2-3 күн бойы аздап дене қызуы көтеріліп, ауырған жылқылар 4-6 күннен кейін сауығып отырды. Кейіннен індет биелердің арасында тіркеле бастап, бір бие буаздылық мерзімінің 7-ші айында іш тастады. Іш тастамас бұрын ол биеде қызба және тыныс алу жолдарының зақымдануы байқалған. Аурудан 3құлын өлімге ұшырады.

Тапсырма: 1. Диагноз қою үшін індеттанулық, клиникалық және патологоанатомиялық мәлметтерді қолдану. 2. Індетке қарсы шаралар жүйесін ұйымдастыру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және сауықтыру шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№23 сабақ. Шошқа обасы және тілмесі. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді клиникалық, індеттанулық және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерге қарсы және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Шошқа обасы (Pestis suum) – жіті ағымында септицемия және геморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрінде крупозды пневмония мен крупозды-дифтериялық колитпен сипатталатын, аса жұқпалы, вирустық ауру.

Қоздырушысы – Togоviridae тұқымдастығының Pestivirus туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.

Зертханалық жануарлар қоздырушыға сезімтал келмейді. Вирус тек қана шошқаларға зардапты және вируленттігі өте жоғары. Табиғи жағдайда шошқа обасымен, жастық, жыныстық және тұқымдық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық үй және жабайы шошқалары ауырады. Олардың ішінде асылтұқымды шошқалардың бейімділігі жоғары. Жабайы шошқаларда табиғи төзімділік бар.

Шошқа тілмесі (Erysipelas suum), рожа свиней – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып кызаруымен, ал созылмалы өткенде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшелетін жұқпалы ауру. Басында адамдардың ауруын епизепалатум деп атаған, ал кейінірек адамдардағы ауруды да тілме деп атайтын болды.

Қоздырушысы – Erysipelothrix insidiosa қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грам оң, полиморфты кысқа таяқша. Ол аэроб және анаэроб сияқты өмір сүре береді. Кез келген қоректік ортада өсе береді. Сыртқы ортада да (биологиялық ортада) өсе алады. Тілме таяқшасын барлық жерде және де ақпайтын судағы балықтың қабыршақтарының астында да кездеседі.

Тілме, шошқадан басқа, спорадиялық түрде жылқыда, ірі қара малда, солтүстік бұғыларда, қойларда, иттерде, жабайы сүтқоректілерде және зоопарк құстарында кездеседі. Індеттік тұтану ретінде, кемірушілер, қозылар, күркетауықтар және үйректер арасында байқалады. Адам да ауырады. Шошқалардың ауруға шалдығуы 20-30%, ал өлімге ұшырауы – 55-80%.

1 Індеттік жағдай. Жеке меншік шошқа шаруашылығының кешенінде, әр түрлі жастық-жыныстық топтардан құралған, бір мыңанан астам шошқа ұсталынады. Бордақылаудағы малдардың арасында 20 бас шошқа ауруға шалдығып, келесі клиникалық белгілері бар ауру шошқалар анықталды: азықтан бас тарту, қалшылдау, іш өту және дене қызуының көтерілуі. Терісінде қызыл-қошқыл дақтар байқалады. Жануарлардың басқа топтарында, емізілетін торайлар мен аналықтарында (500 басқа жуық), аурудан өлу оқиғалары анықталған жоқ. Өлекселерді жарып-сою кезінде ішектердің, әсіресе тоқ ішектің геморрагиялық қабынуы анықталды және ішек қабырғаларында әр түрлі көлемдегі ерекше түйнектер (бутондар) байқалды.

2 Індеттік жағдай. Шошқа фермасында 200 бас шошқа ұсталынады. Олардың ішінде: 20 бас мегежін, 60 бас еметін торайлар, бордақылау тобында: 80 бас 2 айдан 3 айға дейінгі торайлар және 40 бас 4 айлық торайлар. Жануарларды таңертеңгілік бақылау кезінде, бордақылау тобындағы 4 айлық торайлар арасында, келесі клиникалық белгілері бар, ауру жануарлар анықталды: азықтан бас тарту, терілерінде қызыл дақтар, дене температурасының 42 °С дейін көтерілуі, денесіндегі қызыл дақтарды бармақпен басқанда, дақтар жоғалады. Күзгі өңдеу уақытының мерзімінің әлі келмеуіне байланысты, төлдер шошқа тілмесіне қарсы егілмеген.

Өзіндік жұмыс:Мәселені шешу барысында, клиникалық белгілер негізіндегі ажырата балауды, сонымен қатар топрақтың маңызын, инфекция қоздырушысының сыртқы ортада сақталу ерекшеліктерін ескеру қажет. Сонымен бірге вакциндік дауалаудың маңызын білу қажет.

Студенттер келесі мәселелерді шешеді:

1.Ақтық диагнозды қою

2. Ауруды басқа індеттерден ажырату

3. Індет ошағын жою шараларының жоспарын құру

Бақылау сұрақтары:

1. Аурулардың жалпы сипаттамалары

2. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

3. Індеттанулық деректері

4. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

5. Балау тәсілдері, ажырата балау

6. Дауалау және сауықтыру шаралары

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№24 сабақ. Шошқаның дизентериясы және вирустық гастроэнетриті. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Індеттерді дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Дизентерия (Desenteria suum) – тоқ ішектің дифтериялы-геморрагиялық және өліеттенулік қабынуымен, қан аралас іш өтумен, арықтауымен ерекшеленетін жұқпалы әрі жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Вогrеlliа hyodysenteria патогенді спирохетасы.

Шошқаның вирустық гастроэнтериті (Gastroenteritis infektiosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней, ВГЭС) – аса жұғымтал қатарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, организмның сусыздануымен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.

Індеттік жағдай:Шошқа шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығындағы бордақылауға қойылған торайлар арасында, клиникалық ауру малдар анықтала басталды. Анасынан айырған торайларда іш өту байқалып, нәжісі сұйық, кілегей және қан араласқаны көрінді. Азықпен қоса антибиотиктерді беру ешқандай емдік әсер көрсетпеді.

Өзіндік жұмыс:Студенттер туындаған індеттік жағдайға талдау жасап, диагностикалық зерттеулердің кестесін құрастырады. Диагнозды нақтылап, қолайсыз ошақта дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыруға кіріседі.

Контрольные вопросы:

1.Возбудители, их свойства и устойчивость во внешней среде.

2.Характерные эпизоотические данные

3.Специфические клинические и патологоанатомические признаки.

4.Системы профилактических и оздоровительных мероприятий

Литература:

1. А.А. Конопаткин Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. М, 1984.

2.В.П. Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезней с ветеринарной санитарией, М..1989.

3.Ветеринарное законодательство.

4.Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

5. Кокуричев П.И. Атлас патологической анатомии сельскохозяйственных животных. Л.: Колос. 1973

Бақылау сұрақтары:

1. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

2. Індеттерге тән індеттанулық деректер

3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

4. Дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№25 сабақ. Шошқаның инфекциялық атрофиялық риниті, тұмауы және Тешен ауруы. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Инфекциялық атрофиялық ринит (Rhinits atrofika infektiosa), инфекционный атрофический ринит - созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі кабығының сірі-ірінді қабынуымен, кеңсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін инфекциялық респираторлық ауру. Қоздырушысы - Воrdеtеllа bronchiseptiса Вrucellaceaeе тұқымдастығының Воrdеtеllатуыстастығына жатады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.