ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 1 страница Туляремия (Tularemia) – талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, жүйке жүйесі зақымдануы арқылы ерекшеленетін табиғи ошақты жұқпалы ауру. Бұл аурудың коздырушысын 1912 ж. Коле және Хапин, АҚШ-тың Калифорния штатының Туляре округінде саршұнақ тышқанның кенесінен тауып В. tularense деп атады. Індет (солтүстік жарты шарында) Америка, Европа және Азияда тараған. Қоздырушысы-Francisella tularensis (синонимі Pasteurella tularensis) үш географилық түр тармағынан тұрады: америкалық, евразиялық және орта азиялық. Табиғи жағдайда негізінен кемірушілер ауырады: қоян, тышқандар, су егеукұйрығы, ондатра, кұндыз, атжалман сонымен қатар табиғи жолмен кейбір жыртқыш андарға, жабайы кұстарға, қос мекенділер мен балықтарға жұғатындығы анықталды. Малда ауру білінбей жасырын өтеді. Адам бұл ауруға өте сезімтал. Ауру қоздырушымен ластанған жем мен судан, ауадан, қансорғыш буынаяқтылар шаққанда жұғады. Табынның ішінде әдетте ауырған малдан сау малға туляремия берілмейді. Инкубациялық кезеңі 4-12 күн. Ауырған мал селқостанып, денесінің ыстығы көтеріледі. Тамыр соғу жиілеп, ентіге дем алады. Қанда гемоглобин азайып, кілегейлі қабықтар бозғылт тартады. Мойынның, жауырын алдының сөл түйіндері ұлғаяды. Іші катты өтіп, тез арықтайды. Сирақтары салданып, жансыз қалады. Қозылардын 10-50%-і ауруға шалдығып, оның 30%-ке дейіні 28-60 күн ішінде өліп қалады. Сиыр, жылқы, түйе белгілері өшкін түрде ауырады. Кей жағдайда ауруды тек серологиялық зерттеу арқылы ғана білуге болады. Буаз мал іш тастайды. Шошқаның ыстығы көтеріліп, күйзеледі және жемнен қалады, тынысы жиілеп, денесі терлейді. Сақа шошқалар жазылады да, торайлар әдетте өліп қалады. Балау үшін індеттанулық деректерді, аллергиялық, серологиялық және бактериологиялық тексерулердің нәтижелері пайдаланылады. Ауылшаруашылық малдарында туляремияға күдік бүл індет кемірушілердің арасында тарағанда туады. Емі. Антибиотиктер қолданылады, қажет болғанда хирургиялық жолмен зақымданған сөл түйінін тіліп, емдейді. Туляремиядан ауырып жазылған жануарда иммунитет қалыптасады. Адамды егу үшін арнайы вакцина колданылады. Дауалау және күресу щараларынегізінен аурудың табиғи ошағында кемірушілердің өсіп-өнуін тұрақты бақылауға бағытталады. Соның нәтижесінде індеттанулық болжам жасауға мүмкіндік туады. Сіреспе (Теtanus, столбняк) – жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Жануарлардың бұл ауруы б.д.д. 3 мың жыл бүрын белғілі. Гиплократ (б.д.Д. IV ғ.) адамның сіреспесін сипаттап, оның негізгі клиникалык белгісі - бұлшық еттердің қатаюына көңіл аударды. Н.Д. Монастырский (1883) аурудың қоздырушысын ашты. Қоздырушысы – Clostridium tetani - жіңішке, ұзынша таяқша, жылжымалы, қауашақ түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб. Төзімділігі жағынан микробтын вегетативтік түрінің оншама ерекшеліктері жок. Сыртқы ортада сақталып, ауру қоздыруға тікелей себепкер болатын споралық түрі. Сіреспеге барлық сүткоректілер бейім, онымен адам да ауырады. Инфекция коздырушысының бастауы – ішегінде сіреспе таяқшасы өніп-өсетін дені сау жануарлар. Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да, топыракта ұзақ уакыт уыттылығын жоймай сақталады. Табиғи жағдайда қоздырушы жануар денесі жаракаттанғанда енеді. Қолайлы жағдайда сіреспе таяқшасы денеге енген жерінде өсіп-өніп, токсин бөліп шығарады. Нейротоксин кан айналымымен немесе жүйке тарамымымен жұлынға сопакша миға өтеді де жүйке торшаларына сіңіріледі. Токсиннің әсерінен жұйке талшыктарынын жұрнактарынан ацетилхолин босанып шығады да, жүйке торшаларын тітіркендіреді. Бұның нәтижесінде рефлекстік қозу күшейіп, болымсыз сырткы әсердің нәтижесінде бұлшык еттер өте ұзақ сіресіп құрысады. Инкубациялық кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін. Ауру жіті өтеді. Аурудың жылқыда алғашкы белгісі - басы мен жағынын бұлшық еттерінің қарысуы, жемшөпті шайнап жұтуынын киындауы, зорланып, әрең жүріп, кұлагы қимылдамай, үшінші кабығының көзін жабуы. Аурудын өршіген кезінде мойын, арка, құрсақ бұлшық, еттері жиырылып, қатаяды. Күйісті жануарлардың күйіс кайтаруы токтап, таз қарыннын қызметінің бұзылуына байланысты тимпания байкалады. Жай ғана дыбыс пен әртүрлі әсер бұлшық еттердің сіресіп құрысуына түрткі болады. Жануар аяғын талтайтып, мойнын созып, құйрығын көтеріп тұрады, жүргенде аяқтары онша илікпей, икемсіз қозғалады. Аурған мал терлей береді, бірак, есінен адаспайды. Дененің ыстығы негізінен калыпты жағдайда, өлер алдында 42-43°С, ал жаны шыққанн соң 45°С-қа дейін көтеріледі. Сіреспеге диагноз койғанда ен негізгі әдіс клиникалық зерттеу. Клиникалық белгілерін талдау аркылы түпкілікті диагноз қоюға болады. Зертханалык тексерулер негізінен басқа аурулардын басын ашу үшін жүргізіледі. Бактериологиялык зерттеулер сіреспені балау үшін қосымша мәліметтер береді. Зертханаға бактериологиялык зертгеу үшін жарадан аққан бөлінді, ірің, закымданған үлпалардың кесіндісі алынады. Ауырған малды оқшаулап, жарасын мүқият карап шығады. Абсцесті жарып, іріңін ағызып, өліеттенен ұлпаларды алып тастайды да, жараны антисептикалық ертінділермен жуады. Өзіне тән емдік препарат ретінде сіреспеге қарсы антитоксиндік сарысуды қолданады. Иммунитет табиғи жағдайда ауырғаннан кейін үзаққа созылмайды. Белсенді жасанды иммунитет калыптастыру үшін ауру жиі байкалатын территорияда сіреспенің анатоксині колданылады. Сіреспені дауалаудың негізгі жолы травматизмнен сактау, жаракатты дер кезінде дұрыс хирургиялык домдау, малды төлдеткенде, пішкенде асептика мен антисеитика талаптарын мұкият орындау. Сіреспе жиі байкалатын жерлерде, әсіресе бағалы жануарларға оцерация жасар алдында, сактық ретінде антитоксиндік сарысу жіберген жөн. Ботулизм (Botulismus) –жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншактың, тілдін, төменгі жақтың және борша еттердің салдануы аркылы ерекшеленетін ауру. Кернер 1820-1822 жыддары шұжықтан уланған адамда аурудын белгілерін сипаттап, шұжыкта у пайда болатынын, оның минералдык және өсімдік уларынан айырмашылыктары бар екенін анықтады. 1897ж. Ерменгем қақталаған еттен спора түзетін ауасыбағасыз бактерия бөліп алды. Қоздырушысы – Clostridium botulinum – Грам оң, токсин және спора түзетін, козғалмалы анаэроб. Бутулизмнің коздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топыракта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен кұстардың ішек қарнында, әр түрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарыңда кездестіруге болады. Табиғи жағдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен кұстар жасына карамай ауырады. Жаппай улану әдетте жылдың жылы уакытында болады. Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм уы тышкан және баска кемірушілердің өлексесімен немесе күстың саңғырығымен түседі. Аүру көбінесе бірен-сараң спорадия түрінде немесе топыракта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байкалады. Өлім қөрсеткіші 70-95% шамасында. Ботулизмнін, инкубациялық кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де кыска, аурудың өтуі де шапшан болады. Ботулизм өте жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп улгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бурып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп калады. Сауығу өте сирек кездеседі. Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жургенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып калады, күштегенде әзер турегеледі. Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі кабықтарында гиперемия байкалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай, кайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады. Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мулдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек кана женіл ауырған жануарлар ғана жазылады. Өлексені сойғаңда тері асты шелінің сарғайғаны, жұрек пен сірілі кабыктарының шашыранды канталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою кара кошхыл кан шығады. Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөя болады. Сиырдың алдыңғы карындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әртүрлі жеуге жарамсыз заттар /сүйек, тас, темір, т.б./ болады. Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалык деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды. Емі негізінен симптоматикалық. Қарынды қоскөміркышкыл содасымен жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глкюкоза мен кофеин жіберіп, аузын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде көктамырға көп мөлшерде ботулизмге карсы антитоксиндік кан сарысуын жіберу жақсы нәтиже береді. Ботулизмге карсы иммунитет антитоксиндік сипатта болады. Белсенді иммундеу тек күзенде ғана қолданылады. Даулау және күресу шаралары. Жемшөпті даярлаған және сақтаған кезде оған топырақтың, ұсақ жануарлар мен жәндіктердің өлекселерінің, құс саңғырығының араласуына жол бермеу керек. Малға көгерген, бұзылған жемшөпті беруге болмайды. Ботулизм шыға қалғанда ауру жануарларды оқшаулап, емдейді. Өлексені терісін алмастан өртейді. Бақылау сұрақтары: 1 Туляремияда байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Сіреспенің індеттанулық ерекшеліктері. 3. Қандай жемшөптер ботулизм қоздырушысының бар екендігіне күдікті деп есептеледі? 4. Ботулизм кезіндегі ажырата балау. №16 дәріс ҚАРАСАН, ПАРАТУБЕРКУЛЕЗ, КАМПИЛОБАКТЕРИОЗ Қарасан (Gangraena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – малдардың бұлшық еттерінде сықырлауық ісіктердің пайда болуымен, ақсауымен және тез өлімге ұшырауымен сипатталатын жұқпалы бірақ жұғымтал емес ірі қара мен қой ауруы. Індет ерте заманнан белгілі болғанымен оның тарихы онша ұзақ емес, өйткені бұл ауруды 19 ғасырдың аяғына дейін (1870) топалаң деп келді. Қарасан өзінше жеке ауру екенін 1875 жылы Боллингер жазды. Аурудың қоздырушысын 1885 жылы Фезер (АҚШ), кейінірек 1887 жылы француздар (Арлуэн, Корневен және Тома) ашты. Қоздырушысы – Clostridium Chauvoei. Клостридиилердің барлығы анаэробтар және спора түзетін бактериялар әрі барлығы да өте күшті токсин түзеді. Қарасанмен көбіне 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі қара малы, сирегірек - қой, ешкі бұғы ауырады. Буйволдар көбінесе 1-2 жасында ауырады. Эксперимент түрінде шошқа мен түйені де ауыртуға болады. Ауруға көбіне қоңды малдар шалдығады, себебі ауру қоздырушысы гликогенді жақсы көреді, ал гликогенге тек семіз малдардың бұлшық еттері ғана бай болады. Ауру қоздырушысының бастауы болып аур мал, ал берілу факторларына - қоздыруышының спорасымен ластанған топырақ, азықтар, жайылым, ағынсыз батпақты сулар жатады. Ару алиментарлы (қан сорғыш буынаяқтылар арқылы жұғуы да мүмкін) және зақымданған тері қабаттары арқылы жұғады. Өлім көрсеткіші өте жоғары, орташа 80% дейін болады. Денеге енген микроб барлық организмге тарап, бұлшық еттері жақсы дамыған дене бөліктеріне отырады. Өйткені олар гликоген көп жерде жақсы өсіп-өнеді, ал өз кезегінде бұлшық ет гликогенге бай телімдер болып есептеледі. Инкубациялық кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін. Ауру тек жіті түрде ғана өтеді. Бірақ өте сирек жағдайда өте жіті ағымының да болуы мүмкін, және ол септицемия түрінде өрбиді. Ауру кенеттен дене қызуының 41-42°С дейін көтерілуімен басталады. Бұлшық еттерінде (жамбасы, мойны кеудесі), кейде аузында, жұтқыншағында (глотка), ісіктер пайда болып олар тез үлкейеді. Ісік алғашқыда ыстық, тығыз және ауырсынтатын болады, басқанда сықырлайтын, ал прекуссиялағанда тимпаниялық дыбыс байқалады. Кейінірек ісік суынып, сезімталдығы басылып қалады. Ол жердегі терінің беткі қабатының түсі қызыл-қоңыр түстес болады. Маңындағы сөл түйіндері ісінеді. Инфекциялық процесс өрбіген сайын малдың жалпы күйі нашарлай береді. Күйіс қайыруын тоқтатады, тамыр соғуы жиі, бірақ әлсіз болады, тыныс алғанда қиналып дем алады. Дене қызуы өлер алдында 35°С шейін төмендеп, ауырған мал әдетте 1-2 күнде кейде 3-10 күннің ішінде өледі. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Егер қарасанға диагноз тірі кезінде қойылса, онда өлексені союға болмайды. Өлексе тырсиып, кеуіп жатады. Газдардың түзілуіне байланысты табиғи тесіктерінен көбіршікті қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тіліп көргенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді және иісі күйген қоңырсық тәрізді болдаы. Балауды, клиникалық-індеттанулық деректердің, бактериологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелерінің негізінде қояды. Зертханаға эксудат сұйығын, зақымданған бұлшық ет, бауыр, талақ кесінділерін, жүректегі қанды жібереді. Емі.Ауру жіті өтетін болғандықтан ем көп жағдайда нәтиже бермейді. Егер сіз алғашқы күндері аурудың белгілерін байқап қалған болсаңыз және сол уақытта, ем қолдансаңыз, онда ол нәтижелі болады. Ем ретінде қан сарысуын және антибиотиктер қолданылады. Иммунитет.Қарасанға малдар 3 айлығынан бастап, 4 жасқа дейін ғана ауырады. Ал 4 жастан асқан жануарларда иммундеуші субинфекцияның әсерімен табиғи иммунитет қалыптасады. Сондықтанда 4 жастан асқан малдарға дауалау препараттары қолданылмайды. Ауырып жазылған малдарда иммунитет қалыптасып, қайтып ауырмайды. Аурудың алдын алу үшін алюминидің гидратты тотығы қосылған формол вакцина қолданылады. Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин салынып, соңғы мал сауыққаннан, немесе өлгеннен кейін 14 күннен соң алынады. Ауру және күдіктілерін емдейді, қалғандарын вакциналайды. Ауырған малды лажысыз союға және еті мен сүтін пайдалануға болмайды. Паратуберкулез(Paratuberkulosis) немесе солма – созылмалы өтетін, ішектің еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін және шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын жұқпалы ауру. Бұл ауру 1829 жылы Англияда сипатталып жазылды, бірақ ол кезде оны сиыр диареясы деп аталған. Тек 1895 ж. Х.Ионе ауырған сиырдың ішегінен алынған жағындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады, сондықтанда аурдың екінші аты Ионе ауруы деп аталады. Қоздырушысы – Мусоbасtеrіит paratuberkulosis туберкулездің қоздырушысына қарағанда ұсақтау, жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша, қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, және туберкулез қоздырушысы сияқты Циль-Нильсен әдісімен жақсы боялады. Паратуберкулезбен негізінен сиыр, қой, түйе, сирегірек басқа күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бұғы ауырады. Көбінесе солма аздаған іңдеттік тұтану ретінде оқтын-оқтын байқалып тұрады. 4 айға дейінгі бұзауға және 2-3 жасқа дейінгі түйеге ауру тез жұғады. Сүйтседе жасырын кезеңі өте ұзақ болғандыктан негізінен аналық малда 1-2 рет төлдегеннен кейін ғана білінеді. Аурудың таралуына малды қышқыл азықтармен қоректендіру (әсіресе қышқыл сүрлем), минералды заттардың жетіспеулігі, глист инвазиялары, суыққа немесе ыстыққа шалдығу ықпал етеді. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүретін жануарлар. Олар коздырушыны нәжіспен, шаранамен, несеппен, тіпті сүтпен де бөліп шығарады. Бейім малға ауру алиментарлы жолмен жұғады. Жас төлге сүтпен, немесе уызбен де беріледі. Төлдің тіпті тумай тұрып енесінен солманың микробын жұктыруы да мүмкін. Инкубациялық кезеңі 1 айдан 12 айға дейін, ірі карада 2-6 жылға дейін созылады. Солмаға шалдыққан малдар жасырын кезеңнен бастап сыртқы ортаға микробтар бөліп шығара бастайды. Ауру созылмалы өтеді де, симптомсыз (латентті, субклиникалық) және клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі малдың өсіп жетілуінің баяулауы, қоңдылығының төмендеуі арқылы байқалады да, бірнеше жылға дейін созылады. Клиникалык кезеңі басталғанда табыннан бөлініп қала бередІ. Жемшөп жеуі дұрыс болғанымен күйі төмендейді. Ауық-ауық іші өткенімен, аралығында нәжісі қалыпты болады, сүті қайтып кетеді. Бара-бара іші жиі өтіп, тоқтамай қояды. Нәжіс шығарарда ауырған малдың позасы несеп шығаратын малдыкі сияқты болады. Нәжісі судай сұйылып, бірнеше метрге дейін атылады әрі көк-жасыл, қоңырқай түсті, жалқақ пен қан араласып, газ көпіршіктері мен аса жағымсыз исі болады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер сиырдың аш ішегінде, мықын ішегінде, шажырқай сөл түйіндерінде, қан тамырларында кездеседі. Ішектің кілегей қабығы бірнеше есе қалыңдап, жиырылып, көлденең және тік қатпарлар түзеді, бетінде қоймалжың кілегейлі сұйық болады. Ішектің зақымданған және зақымданбаған телімдері алма-кезектеніп ұшырасады. Қатпарларды тегістеген кезде жазылмайды, кілегейлі кабығы сұрғылт ақшыл түсті, кей жерлері қан толып кызарып, ұсақ-ұсақ қанталаған жерлері кездеседі. Мықын ішек пен бүйеннің аралығындағы илеоцекальдік клапан домбығып, кара кошқылданып, сәл көгереді. Диагноз патологоанатомиялық және зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады. Ағзалардағы өзгерістердің ерекшеліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен карайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен әдісімен бояп, микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз болады. Шаруашылық жағдайында сиырды аллергиялық тексеру үшін құс альттуберкулинін, ал қойларда құстың тазартылған ППД туберкулинін қолданылады. Емі. Паратуберкулезбен ауырған малды емдеу әдістері жолға қойылмаған. Иммунитет.Бұл ауруға қарсы Франция мен Англияда аттенуацияланған тірі вакцина қолданылады. Біздің елде сауықтыруды вакцинансыз жүргізеді. Себебі егілген жануардың туберкулинге сезімталдығы байқалатын болғандықтан вакцинаны (Қыздырылған адьювантты вакцина) пайдалану шектетіледі. Ауру байқалған жағдайда шектеу қойылады. Паратуберулезден сау емес сиыр фермаларында аурудың клиникалық белгілері бар малдарды серологиялық және аллергиялық тексерудің нәтижесіне қарамастан бөліп алып, етке сояды. Сау емес шаруашылықтағы 10-18 айлық тайыншаларды құстың альттуберкулинімен тексереді. Оң және дүдәмал реакция бергендерін бөліп алып, 30-45 күннен кейін қайта тексереді. Реакция бергендерін сойып, бермегендерін табынға қайта косады. Шектеу 3 жылдан кейін алынады. Кампилобактериоз (Campilobakteriosis) – жыныс мүшелерінің зақымданып, іш тастауымен, қайталап күйлемеуімен, бедеулігімен, шала жансар төл тууымен сипатталатын сиыр мен қой ауруы. Бұл аурудың тарихы оның қоздырушысын ашудан басталады. Алғаш рет кампилобактериоздың қоздырушысын қойда 1909 жылы ағылшын ғалымдары Мак Фадиан мен Штокман ашса, сиырдың қоздырушысын 1918 жылы Америка ғалымдары Смит пен Тейлор ашты. Бұрынғы кеңес өкметінде кампилобактериозды бірінші болып 1926 ж. В.Л.Якимов, ал Қазақстанда 1964 ж. Голиков анықтады. Қазіргі таңда кампилобактериоз әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Қазақстанда да бұл ауру жиі кездеседі. Қоздырушысы қозғалмалы, грам теріс спора түзбейтін микроб. Кампилобактериоздың қоздырушысы үш түрге бөлінеді: С. Fetus veneralis; C. fetus interstinalis; C. Bubulus. Соңғысы жұқпалы емес, ол сау жануарларда да кездеседі, сондықтан да оны жұқпалы қоздырушылардан ажырату қажет. Індеттік ерекшеліктері. Негізінен ірі қара мен қойлар ауырады, ал тәжірибе жүзінде басқа да жабайы күйіс қайыратын жануарларды ауыртуға болады. Сиырларға қоздырушы тек жыныс жолы арқылы, яғни бұқа немесе қолдан ұрықтандырғанда ғана жұғады. Ауру жылдың кез-келген уақытында болғанымен көбінесе күз-қыс айларында жиірек болады. Ауру қоздырушысының бастауы ірі қарада негізінен бұқалар, олар өте ұзақ уақыт бойы, тіпті өмір бойы микроб алып жүруі мүмкін. Қойларға қоздырушы тек алиментарлық жолмен ғана жұғады. Ауру қоздырушысының бастауы болып түсік тастаған қойлар, оларда микроб алып жүрушілік 1-1,5 жылға дейін созылады. Қоздырушы организмге жыныс жолыменен енгеннен кейін, сонда өсіп-өніп, жатырға барады. Микроб токсин бөлетін болғандықтан жатырдың кілегейлі қабығы қабынып, плаценталық қан айналымы бұзылып, абортқа әкеп соқтырады. Аурудың инкубациялық кезеңі 12-13 күннен 2-3 жұмаға дейін. Аурудың ағымы созылмалы. Сиырларда ауру жеңіл түрде өтеді және жыныс мүшелерінің қабынуымен сиптталады. Басты белгісі іштастау, бірақ іштастаудан кейін шудың ұзақ уақыт түспеуі, вагинит, эндометрит белгілері байқалып, малдың жыныстық қаблеті төмендеп, көпке шейін қысыр қалады. Қойдың кампилобактериозында негізгі белгі – буаздылық мерзімінң екінші жартысында (90-120 күндері) жаппай іш тастау. Іш тастаудан 3-5 күн бұрын мал мазасызданып, сарпайы ісініп, қызарып, шарана ағып тұрады. Іш тастағаннан кейін метрит белгілері байқалып температурасы 41,2-41,40С дейін көтеріліп, қынабынан қара қошқыл сұйық ағады. Ауырған малдардың 3% өлуі мүмкін. Балау. Індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне қарап ауруды анықтау күмән тудырады, өйткені бруцеллез, трихамоноз, листериоз, лептоспироз, қойлардың вирусты іш тастауы сияқты аурулар іш тастаумен сипатталады. Сондықтанда диагнозды растау үшін зертханалық зерттеулердің оның ішінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді. |