ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Курс глоссариі арнайы терминология Муханбеткалиев Е.Е., Ибрагимов Р.М., Щурихин Б.Г. 5В120100 – Ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ АСТАНА, 2012 «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, мақұлданды Хаттама № 2 9 қараша 2012 ж. | «Бекітемін» «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ оқу-әдістемелік жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, әдістемелік кеңесінің төрағасы _________________ Е.Т. Тазабекова | «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 5В120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған. ОӘК әзірлгендер: Е.Е. Муханбеткалиев, Р.М. Ибрагимов, Б.Г. Щурихин «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Астана, 2012- 190б. Рецензент:Ветеринария ғылымдарының кандидаты,«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасының доцентіСұраншиев Ж.Ә. «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде пәннің бағдарламасы, курс глоссарийі, дәрістер тезисі, зертханалық тәжірибе сабақтарының қысқаша мазмұны, курстық жұмысты орындау, оқу-клиникалық және өндірістік машықтануларды өту тәртібтері мен студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар берілген. Оқу-әдістемелік кешен оқытудың кредиттік технологиясына қойылатын талаптарға сәйкес құрастырылған. «Ветеринариялық медицина» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, мақұлданды. Хаттама № 9, 17 сәуір 2012 ж. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің әдістемелік алқасында қарастырылып, мақұлданды. Хаттама № 9, 22 мамыр 2012 ж. © «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, 2012. МАЗМҰНЫ | бет. | Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы. Силлабус | | Әдістемелік камтамасыз етілу картасы | | Курс глоссарийі. Арнайы терминология | | №1 дәріс тезисі. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурудың сипаттамасы | | №2 дәріс тезисі. Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні | | №3-4 дәрістер тезисі. Індет процесі және оның қозғаушы күштері | | №5-6 дәрістер тезисі. Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар | | №7 дәріс тезисі. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация | | №8-15 дәрістер тезисі. Бірнеше түлік жануарларға ортақ инфекциялық аурулар | | №16-19 дәрістер тезисі. Күйіс қайратын малдарының инфекциялық аурулары | | №20-22 дәрістер тезисі. Жылқы аурулары | | №23-24 дәрістер тезисі. Шошқа аурулары | | №25-26 дәрістер тезисі. Төл аурулары | | №27-28 дәрістер тезисі. Құс аурулары | | №29 дәрістер тезисі. Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың аурулары | | №30 дәрістер тезисі. Балықтардың және бал араларының аурулары | | №1 Зертханалық сабақ. Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс атқару тәртібі. Жеке бастың гигиенасы. Инфекциялық клиника мен оқшаухана | | №2 Зертханалық сабақ. Індеттану саласында қолданылатын құралдар мен жабдықтар. Биопрепараттар | | №3 Зертханалық сабақ. Инфекциялық ауруларды балау | | №4-5 Зертханалық сабақ. Індеттанулық зерттеу – індеттанудың негізгі әдісі | | №6 Зертханалық сабақ. Сауықтыру шараларын ұйымдастыру | | №7 Зертханалық сабақ. Жаппай жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен вакциналауды ұйымдастыру | | №8 Зертханалық сабақ. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация | | №9-15 Зертханалық сабақ. Бірнеше түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен күресу шаралары | | №16-19 Зертханалық сабақ. Күйіс қайратын малдарының ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №20-22 Зертханалық сабақ. Жылқы ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №23-25 Зертханалық сабақ. Шошқа ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №26-27 Зертханалық сабақ. Төлдердің ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №28-29 Зертханалық сабақ. Құс ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №30 Зертханалық сабақ. Етқоректілердің, терісі бағалы аңдардың, балықтардың және бал араларының ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар | | №1 Өзіндік жұмыс. Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу | | №2 Өзіндік жұмыс. Індеттанулық зерттеулер бойынша есептеулер жүргізу | | №3 Өзіндік жұмыс. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру | | №4 Өзіндік жұмыс. Барлық түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен күресу шаралары | | №5 Өзіндік жұмыс. Күйіс қайратын малдарының ауруларын балау және олармен күресу шаралары | | №6 Өзіндік жұмыс. Жылқының, шошқаның және ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын балау және күресу шаралары | | №7 Өзіндік жұмыс. Кұстардың, етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың, балықтар мен бал араларының ауруларын балау және күресу шаралары | | Оқу-клиникалық және өндірістік машықтануларды өту тәртібтері бойынша әдістемелік нұсқаулар | | Білімді бақылау материалдары. Емтихан сұрақтарының тізімі | | 1 ОҚЫТУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: 1.1 Муханбеткалиев Ерсын Ергазыевич, ветеринария ғылымдарының кандидаты, ассистент 1.2 Ибрагимов Рашид Мухтарович, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, 1.3 Щурихин Борис Григорьевич, ветеринария ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Сабақтар бекітілген сабақ кестесі бойынша 107, 110, 110-а аудиторияларында өткізіледі, тел. 297-284, 297-614 2 ПӘН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: 2.1 Пәннің атауы «Індеттану және инфекциялық аурулар» 2.2 Код – IIA 4305 2.3 Семестр – 7-8 2.4 Кредит саны – 4 2.4 Сағаттар саны – 180 Аудиторлық – 105 - дәріс – 30, - зертханалық-тәжірибелік сабақ – 30, - СОӨЖ – 45, - СӨЖ – 75. Сабақ уақытын VІІ семестр бойынша бөлу Семестр аптасы | | | | | | | | | | | | | | | | барлығы | Дәрістер | | | | | | | | | | | | | | | | | ЗТС | | | | | | | | | | | | | | | | | СОӨЖ | | | | | | | | | | | | | | | | | СӨЖ | | | | | | | | | | | | | | | | | Барлығы | | | | | | | | | | | | | | | | | Сабақ уақытын VІІІ семестр бойынша бөлу Семестр аптасы | | | | | | | | | | | | | | | | барлығы | Дәрістер | | | | | | | | | | | | | | | | | ЗТС | | | | | | | | | | | | | | | | | СОӨЖ | | | | | | | | | | | | | | | | | СӨЖ | | | | | | | | | | | | | | | | | Барлығы | | | | | | | | | | | | | | | | | ПРЕРЕКВЕЗИТТЕР «Індеттану және инфекциялық аурулар» курсын игеру патологиялық анатомия, патологиялық физиология, микробиология, вирусология, ветеринариялық гигиена және санитария, клиникалық диагностика, терапия, паразитология, ветеринариялық істі ұйымдастыру пәндері бойынша теориялық негіздерін білуге негізделеді. ПОСТРЕКВЕЗИТТЕР Індеттану және инфекциялық аурулар пәнінің теориялық және тәжірибелік негіздерін білу, ветеринариялық медицина дәрігерінің қалыптасуында маңызды роль атқарады және студентке, барлық алған білімдерін бір жүйеге біріктіріп оларды ғылыми және өндірістік салаларда қолдануға мүмкіндік береді. 5 КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ: Курстың мақсаты: Студенттерге ауыл шаруашылық малдарының, өндірістік, жабайы жануарлардың және құстардың инфекциялық ауруларын балауды, дауалауды және олармен күресу шараларын жүргізуді үйрету. Курстың міндеті:Жануарлардағы инфекциялық аурулардың пайда болу және таралу себептерін анықтау, диагноз қою, ауру жануарларды емдеу. Дауалау, емдеу және індетке қарсы шаралардың жоспарларын даярлау. Санитариялық сапасы жоғары мал шаруашылығы өнімдерін алуды қамтамасыз ету. «Індеттану және инфекциялық аурулар» курсын бітірген маман төмендегілерді біліп, жасай алуы қажет: - Шаруашылық және зерттеу тапсырмаларын шешу мақсатында негізгі оқулықтардың: Т. Сайдулдиннің - «Ветеринариялық індеттану»; И.А. Бакуловтың - «Індеттану және микробиология негіздері» және ҚР Ветеринариялық заңнамасының 1-3 томдарының жалпы заңдылықтарының негізін қажетті деңгейде игеруі; - Малдың ауруларға шалдығу себептерін айқындау, балау, соның ішінде аллергиялық, клиникалық, бактериологиялық зерттеулер жүргізу және малды жарып сойып, патологоанатомиялық диагноз қою, патологиялық материалды алу, оны ветлабораторияға жөнелту ережелерін білуі; - Індеттанулық зерттеудің негізгі тәсілдерін қолдана білуі; - Шаруашылықтарда, фермаларда, жануартектес шикі заттарды өңдеу кәсіпорындарында індеттанулық тексеруді жүргізе білуі; - Ауру жануарларды емдей білуі; - Малдарды иммундей, әрі оларға әр түрлі биопрепараттарды және емдік заттарды қолдана білуі тиіс; - Дезинфекциялық құралдарды, жабдықтарды және оларды пайдалана білуі, сонымен қатар жасалған дезинфекцияға бақылау жүргізуді және зардапты микроорганизмдерді әр түрлі әдістермен жоя білуі; - Іс құжаттарын дұрыс толтыра білуі, ветеринариялық есепке алу және есеп беру жорналдарын дұрыс жүргізе білуі; - Дауалау, емдеу, сауықтыру және індетке қарсы шаралар жоспарын құра білуі; - Халық арасында олардың денсаулығын малдардан жұғатын жұқпалы аурулардан сақтандыру жұмыстарын насихаттай білуі; - Мемлекет шекарасы арқылы басқа елдерден жұқпалы аурулардың енуіне жол бермеуде пәрменді ат салысуы қажет. 6 КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ 6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі № | Дәрістер тақырыбы | Көлемі, сағ. | Әдебиеттер | Ағымды бақылау, балл | | Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы. | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Індет процесі және оның қозғаушы күштері | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Індет процесі және оның қозғаушы күштері | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Індетке қарсы шаралар. Жалпы шаралар | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Індетке қарсы шаралар. Арнайы шаралар | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Дезинфекция, дезинсекция, дератизация | | Н -1,2,7,8 | 0,33 | | Топалаң | | Н-1,7,13 Қ-4,5,6,7,9,10 | 0,33 | | Туберкулез | | Н-1,7,13 Қ-4,5,6,7,9,10 | 0,33 | | Бруцеллез | | Н-1,7,13 Қ-4,5,6,7,9,10 | 0,33 | | Аусыл | | Н-1,7,13 Қ-4,5,6,7,9,10 | 0,33 | | Құтырық және Ауески ауруы | | Н-1,7,13 Қ-5,6,10 | 0,33 | | Лептоспироз, листериоз, некробактериоз | | Н-1,7,13 Қ-6,10,17,18 | 0,33 | | Пастереллез. Микоздар және микотоксикоздар, шешек | | Н-1,7,13 Қ-5,6,10 | 0,33 | | Туляремия, сіреспе, ботулизм | | Н-1,7,13 Қ-5,6,10 | 0,33 | | Қарасан, паратуберкулез /солма/, кампилобактериоз | | Н-1,3,6,7,13 Қ-5,6,8,10,16 | 0,33 | | Оба, ала өкпе және лейкоз | | Н-1,3,6,7,13 Қ-5,6,8,10,16 | 0,33 | | Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит | | Н-1,3,6,7,13 Қ-5,6,8,10,16 | 0,33 | | Қой және ешкі аурулары (энтеротоксемия, брадзот, агалактия, мастит, кебенек) | | Н-1,3,6,7,13 Қ-5,6,8,10,16 | 0,33 | | Маңқа, сақау | | Н-1,2,4,5,7, 10 Қ-5,6,17 | 0,33 | | Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия /қан аздық/ | | Н-1,2,4,5,7, 10 Қ-5,6,17 | 0,33 | | Індеттік лимфангит. Ринопневмония және тұмау | | Н-1,2,4,5,7, 10 Қ-5,6,17 | 0,33 | | Шошқалардың кәдімгі және африкандық обасы. Шошқаның тілмесі | | Н-1,2,7,8,11 Қ-18,19 | 0,33 | | Шошқаның дизентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті | | Н-1,2,7,8,11 Қ-18,19 | 0,33 | 25-26 | Төл аурулары | | Н-3,7 Қ-6,20,21 | 0,66 | 27-28 | Құс аурулары | | Н-7, 10, 11,14 Қ-22 | 0,66 | | Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың аурулары | | Н-7,10,11,12 | 0,33 | | Балықтардың және бал араларының аурулары | | Н-7,8 Қ-2,4 | 0,33 | 6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі № р/с | Зертханалық сабақтың тақырыбы | Көлемі, сағ. | Әдебиеттер | Ағымды бақылау, балл | | Жұқпалы ауруға ұшыраған малмен жүмыс өткізу тәртібі. Жеке бастың гигиенасы. Инфекциялық клиника мен изолятор жұмысын ұйымдастыру | | Н -1,6,7,8, 10 | 0,5 | | Індеттану саласында қолданылатын құралдар мен жабдықтар. Биопрепараттар. Инфекциялық ауруларды балау. | | Н -1,7,8,10,11 Қ -2,3,4,5 | 0,5 | | Індеттанулық зерттеу – індеттанудың негізгі әдісі. Салыстырмалы-тарихи сипаттама. | | Н -1,7,8,10,11 Қ -2,3,4,5 | 0,5 | | Салыстырмалы-географиялық сипаттама. Індеттанулық тексеру және індеттанулық тәжірибе. | | Н -1,7,8,10,11 | 0,5 | | Сауықтыру шараларын ұйымдастыру (карантин, шектеу). | | Н -1,7,8,10,11 | 0,5 | | Жаппай жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен егуді (иммундеу) ұйымдастыру. | | Н -1,7,8,10,11 | 0,5 | | Дезинфекция, дезинсекция, дератизация | | Н -1,7,8,10,11 | 0,5 | | Топалаң. Балау және күрес шаралары | | Н-1, 7,9,10,13 Қ-4,7,11,15 | 0,5 | | Туберкулез. Балау және күрес шаралары | | Н-1,7,9 Қ-4,6,5,10,16 | 0,5 | | Бруцеллез. Балау және күрес шаралары | | Н-1,5,6,7 Қ-2,5,6,13,16 | 0,5 | | Аусыл. Балау және күрес шаралары | | Н-1,5,6,7 Қ-2,5,6,13,16 | 0,5 | | Құтырық және Ауески ауруы. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3,7 Қ-5,6,10 | 0,5 | | Лептоспироз, листериоз, некробактериоз. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3,4,5,6,7 Қ-2,5,6,10,16 | 0,5 | | Микоздар және микотоксикоздар, пастереллез. Балау және күрес шаралары | | Н-1, 3,4,5,6,7 Қ-5,16,17,18 | 0,5 | | Шешек, сіреспе, ботулизм, туляремия. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3 Қ-5,10 | 0,5 | | Ірі қараның қарасаны және паратуберкулезі. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3,7,10,13 Қ-5,6,10,16 | 0,5 | | Оба және ала өкпе, лейкоз. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3,7,10,13 Қ-5,6,10,16 | 0,5 | | Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит | | Н-1,3,7,10,13 Қ-5,6,10,16 | 0,5 | | ҰҚМ аурулары. Балау және күрес шаралары | | Н-1,3,7,10,13 Қ-5,6,10,16 | 0,5 | | Жылқы маңқасы және сақауы. Балау және күрес шаралары | | Н-1,5,6,7,8 Қ-5,6,10,17 | 0,5 | | Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия /қан аздық/. Балау және күрес шаралары | | Н-1,5,6,7,8 Қ-5,6,10,17 | 0,5 | | Індеттік лимфангит. Ринопневмония және тұмау. Балау және күрес шаралары | | Н-1,5,6,7,8 Қ-5,6,10,17 | 0,5 | | Шошқа обасы және тілмесі. | | ОЛ – 1,3,7,8 ДЛ - 18,19 | 0,5 | | Шошқаның дизентериясы және вирусты гастроэнтериті. Тешен ауруы. Шошқаның жұқпалы сему риниті, тұмауы. | | Н-1,7,8,14 Қ-18,19 | 0,5 | 25-26 | Төл аурулары. Балау және күрес шаралары | | Н-3,7 Қ-6,20,21 | 1,0 | 27-28 | Құс аурулары. Балау және күрес шаралары | | Н-1,7,11,14 Қ-22 | 1,0 | | Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың аурулары. Балау және күрес шаралары | | Н-1,7,8,11,14 Қ-6,10 | 0,5 | | Балықтардың және бал араларының аурулары. Балау және күрес шаралары | | Н-1,7,8,11,14 Қ-10,23,24 | 0,5 | 7 «ІНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР» ПӘНІ БОЙЫНША СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ № | Сабақ тақырыбы | СӨЖ тапсырмасы, мақсаты және мазмұны | Ұсынылған әдебиеттер | Бақылау түрі | Тапсыру аптасы | Бағалау балдары | | | | | | | | 1. | Жануарларда инфекциялық аурулардың балауын жүргізу | Клиникалық, аллергиялық зерттеулер, қан алу шараларын, құжаттарды толтыруды үйрену. | Н -1,6,7,8, 10 Қ -2,3,4,5,25 | Есеп, сұрау | | 1,0 | 2. | Індеттанулық зерттеу бойынша есептеулер жүргізу | Мал объектілерінде індеттанулық тексеру жүргізу. Жекелей берілген тапсырмалар бойынша бейімділік, өлім, шығын коэффициенттерін есептеу. | Н -1,6,7,8, 10 Қ -2,3,4,5,25 | Есептеуле, кесімдер, сұрау | | 1,0 | 3. | Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру | Ветклиникада дезинфекция, дез-инсекция, дератизацияны жүргі-зуді үйрену, дезинфекция аумағын есептеу, дезинфекциялағыш заттың концентрациясын анықтау, жұмыс ерітіндісін дайындау, құжаттарды дайындауды үйрену | Н -1,6,7,8, 10 Қ -2,3,4,5,12,25 | Кесімдер, сұрау | | 1,0 | 4. | Барлық түлік жануарларға ортақ ауруларды балау және олармен мен күрес шаралары | Риккетсиоздар, туляремия, сіреспе, ботулизм | Н-1,3,7,10,14 Қ-5,6,8,11,15 | Рефератта, конспектілер, сұрау | 13-15 | 1,0 | 5. | Ірі және ұсақ қара малдарының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары | Сиырдың экзотикалық аурулары (Рифт алабының қызбасы, блютанг, Висна-Меди, скрепи, ұсақ малдардың обасы). Сиырдың кеуекті энцефалопатиясы /жалған құтыру/. Зілді катаральді қызба. Түйе обасы. Қойдың хламидиялық іш тастауы, жұғымтал эктима. | Н-1,3,4,7,10,14 Қ-5,6,11,16,25 | Рефератта, конспектілер, сұрау | | 2,0 | 6. | Жылқының, шошқаның және ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын балау және күрес шаралары | Биелердің сальмонеллездік іш тастауы, Африкалық оба. Жоғарғы тыныс жолдарының залалды қатары, жұғымтал плевропневмония, вирустық артрит. Шошқаның везикулярлық ауруы, энзоотикалық бронхопневмония, гемофилездер. Төлдің /торайдың/ домбығу ауруы. | Н-1,3,6,7,10,14 Қ-5,17-21,25 | Рефераттар, конспектілер, сұрау | | 2,0 | 7. | Кұстардың, етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың, балықтар мен бал араларының инфекциялық ауруларын балау және күрес шаралары | Салмонеллез, жұқпалы бурсит. Үйрек балапанының гепатиті және жұқпалы синуситі. Күзеннің псевдомонозы. Араның вирустық салдануы, балық сапролегниозы | Н -1,7,8,10,14 Қ -2,3,22-25 | Рефераттар, конспектілер, сұрау | | 2,0 | СӨЖ ұйымдастыру бойынша ұсыныстар Өзіндік жұмыстың тиімділігі студенттің оқуға деген ынтасымен, ой өрісінің белсенділігімен, тұлғаның творчестволық икемділігінің және жігерлік қасиеттерінің дәрежесімен, өзіндік жұмысты ғылыми ұйымдастыруға қажетті арнаайы тәртіптің болуымен қамтамасыздандырылады. Өзіндік жұмысты жетілдірудің негізінде, кітаппен жұмыс істеу және оны танып білу әдістері жататындығын білу қажет: тезистер, аннотациялар, кеңейтілген жоспарлар құру, конспектілеу, баяндаманы құрастыру, есеп, баяндама жасау. Өзіндік жұмыс, ойлау қызыметінің ынталандырғыш қажеттілігі, интеллектуалды білімді жетілдіру тәсілі болуы тиіс. «С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті» АҚ кітапханасы, қала және Астана қаласының басқа университеттері кітапханаларының оқу залдары, қажетті әдебиеттермен қамтамасыздандырылған және «Індеттану және инфекциялық аурулар» курсы бойынша өзіндік жұмыстарды орындауда кеңінен пайдаланылуы тиіс. 8 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 8.1 Негізгі әдебиеттер 1 Т. Сайдолдаүлы Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Оқулық. Алматы, 2009. 518 б. 2 Т. Сайдолдаүлы Індеттану. Оқулық. Алматы, 1993. 3 Қожабеков 3.К. Мал аурулары. Оқулық. Алматы, 1989. 4 Бердімұратов Ж. Ірі қара мал аурулары. Алматы, 1976. 5 Қашағанов Х.Е. Жылқы және түйе аурулары. Алматы, Қайнар, 1978. 6 Сансызбай А.Р. Жылқы және түйе аурулары. Алматы, 1998. 7 Індеттану және микробиология негіздері. Аударма Н.Ғ.Асанов. Алматы,1993. 8 Эпизоотология и инфекционные болезни. Под общ.ред. А.А.Конпаткина. - М. Колос, 1984. 9 Руководство по общей эпизоотологии. под ред. И.А.Бакулова. М., Колос, 1979. 10. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992. 11. Практикум по эпизоотологии инфекционным болезням с ветсанитарией, М.,Агропромиздат. 1987. 12 Ветеринарная дезинфекция. Поляков А.А. М., Колос, 1975. 13 Руководство по ветеринарной санитарии. Под ред. Полякова А.А. М., Агропромиздат.1986. 14 ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж., Т.-2. 8.2 Қосымша әдебиеттер 1 Новые инструменты, приборы и оборудование. Каталоги, буклеты (на кафедре). 2 Артемьев Б.Т. Биопрепараты, применяемые в ветеринарной практике. Воронеж, 1982. 3 Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии. Под редакцией П.С.Ионова. М., Колос, 1979. 4 Ибрагимов Р.М., Аллергическая диагностика инфекционных заболеваний с\х животных. Целиноград, 1985. 5 Нахмансон В.М., Бурба Л.Г., Дифференциальная диагностика инфекционных болезней с\х животных. Справочник, М., 1990. 6 Гутира Ф. И др., Частная патология и терапия домашних животных. М., 1961. 7 Джупина С.И. Радикальный метод оздоровления ферм крупного рогатого скота от туберкулёза и бруцеллёза. М., 1988. 8 Каган Ф.И., Кириллов Л.В. Специфическая профилактика клостридиозов животных. М., Колос, 1976. 9 Колесов С.Г. Сибирская язва. М., Колос, 1976. 10 Лукашов И.И. Частная эпизоотология. М., 1961. 11 Новак Д.Д. Туберкулёз крупного рогатого скота. Алма-Ата, Қайнар,1984. 12 Петрович С.В. Микозы животных. М, 1989. 1З Ререр Х. Ящур. М., 1971. 14 СпесивцеваН.А. Микозы и микотоксикозы животных. Колос, М., 1965. 15 Хазипов Н.З. Туберкулёз крупного рогатого скота. М.,1983. 16 Болезни овец и коз. Под редакцией М.В. Загороднова Колос, М., 1973. 17 Инфекционные и инвазионные болезни лошадей. Под ред. Ф.М. Ордова, М, 1976. 18 Денскевич А.С. Инфекционные болезни свиней. Алма-Ата, Кайнар, 1977. 19 Инфекционные болезни свиней. Под редакцией Ф.М. Орлова, Колос, М, 1970. 20 Артёмьев Б.Т., Ефанова Л.И. Диагностика и дифференциальная диагностика болезней молодняка, Воронеж,1986. 21 Аликаев В.А. Практикум по инфекционным болезням молодняка с\х животных. М., МВА,1983. 22 Болезни птиц. Под редакцией Ф.М. Орлова, Колос, М, 1971 23 Ляйман Э.М. Болезни рыб. М., 1963. 24 Полтев В.М., НештаеваЕ.В. Болезни и вредители пчёл. М., Колос, 1977. 25 «Ветеринария» журналы 1990 – 2012 жж. 9 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ 1. Зертханада жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын ұстану; 2. Зертханалық және дәрістік сабақтарға ақ халаттардың және арнайы киімнің болуы; 3. Сабақтарға кешікпеу; 4. Сабаққа қатысты емес әңгімелерге алаңдамау, сабақта ұялы телефондарды сөндіру; 5. Сабақтарды себепсіз жібермеу. Қатыспаған жағдайда растайтын құжатты тапсыру; 6. Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау; 7. Оқу үрдісіне белсене қатысу; 8. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу 9. Зертхана жағдайларына, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарау. 10 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ Бақылаудың келесі түрлері мен формаларын қамтиды: Ағымдық бақылау– дәрістік сабақтарға қатысу, практикалық және семинар сабағындағы жұмыстар, зертханалық және есеп-сызба жұмыстарын орындау, СӨЖ тапсырмасын орындау. Аралық бақылау– тест тапсырмалары, рефераттарды және курстық жұмысты қорғау, жазба жұмысы т.б. түрлер бойынша жүргізіледі. Аралық бақылау семестрде екі рет жүргізіледі (8-ші және 15-ші апта). Қорытынды бақылау – студенттер пән бойынша емтихан тапсырады (тестілер немесе билеттер). 11 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ – 100 (100%) балдық жүйеге негізделеді және балдарды мынадай түрде бөлуді қарастырады. Ағымды және аралық бақылауға жалпы сомасы 60 балл, ал қорытынды бақылауға 40 балл бөлінеді. Пән бойынша қорытынды емтихандық бағаны шығару барысында емтиханда алған балымен, курсты игеру барысында жинаған ағымды үлгерімінің орташа балы ескеріледі. Бақылау қорытындысы бойынша сынақ кітапшасына баға қойылады. Егер студент 50...75 «қанағаттанарлық», 75...90 болса «жақсы», 90...100 болса «өте жақсы», егер студенттің рейтингі 50 баллдан төмен болса, баға қойылмайды. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМДІ БАҒАЛАУ СҰЛБАСЫ № | Бақылау түрлері Сабақ және жұмыс түрлері | Балл саны Міn / max | I | Ағымдағы бақылау. - Дәрістер (қатысуы) - Семинар, зертханалық-тәжірибе сабақтары - Курстық жұмыс - СӨЖ – (тапсырманың орындалуы) | 5/10 (0,33 х 30 апта = 10) 7,5 / 15 (0,5 х 30 апта = 15) 2,5 / 5 5 / 10 | | Ағымды бақылау бойынша барлығы | 20/40 | II | Аралық бақылау - әр семестрде екі бақылау (8 және 15 аптада, әрбіріне 5 баллдан) | 10/20 (5 х 4 = 20) | | Ағымды және аралық бақылау бойынша барлығы: | 30/60 | ІІІ | Қорытынды бақылау - Емтихан | 20/40 | Барлығы: | 50/ 100 | Емтиханда студенттердің білімін бал бойынша бағалаудың схемасы | Емтихан бағасы | Балл бойынша бағасы, (%) | 1. | Ағымдық бақылау Аралық бақылау | 30 - 60 | 2. | Қорытынды бақылау | 20 - 40 | 3. | Барлығы: | 50 - 100 | Студенттердің білімін бағалаудың шкаласы Әріптік жүйедегі баға | Балдың сандық эквиваленті | Балдардың пайыздық көрсеткіші | Қалыпты жүйедегі баға | А | 4,0 | 95-100 | өте жақсы | А- | 3,67 | 90-94 | В+ | 3,33 | 85-89 | жақсы | В | 3,0 | 80-84 | В- | 2,67 | 75-79 | С+ | 2,33 | 70-74 | қанағаттанарлық | С | 2,0 | 65-69 | С- | 1,67 | 60-64 | Д+ | 1,33 | 55-59 | Д | 1,0 | 50-54 | Ғ | | 0-49 | қанағаттанарлықсыз | «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен Әдістемелік қамтамасыз етілу КАРТАСЫ Типтік бағдарламаның болуы: Мемлекеттік тілде – бар (2006 ж.) Жұмыс бағдарламасының болуы: Мемлекеттік тілде – бар Силлабустың болуы: Мемлекеттік тілде – бар Оқулықтар саны: 1. Ветеринариялық індеттану. Т.Сайдулдин. I және II кітап. Алматы. 1999. – 100 дана 2. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005, 1,2,3 том – 28 дана Урбан В.П. «Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией» . М., Колос, 2004 – 19 дана | Оқу құралдарының саны: 1. Індеттану. Т. Сайдолдаұлы. Оқулық. Алматы, 1993 – 50 дана 2. Індеттану және індеттанулық талдау. Ыбраев Б.К., Ибрагимов P.M. Оқу құралы. Астана, 2009. – 100 дана | Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: 1. Муханбеткалиев Е.Е., Ибрагимов Р.М., Щурихин Б.Г. «Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен курстық жұмысты орындауға аранлған әдістемелік нұсқау, Астана, 2010 – 100 дана | Ветеринариялық медицина кафедрасының ассистенті Муханбеткалиев Е.Е. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің әдістемелік комиссия төрағасы, доцент Бегенова А.Б. Курс глоссариі арнайы терминология Абортивті | аурудың қысқа мерзімде өтуі, жеңіл ағымда байқалуы, яғни аурудың толық дамымай үзілмелі өтуі. | Алиментарлық | қоздырушының азық, су арқылы берілуі. | Аллерген | организмнің сезімталдығын тудыратын зат, аллергия қоздыратын зат. | Аллергия | бөгде ақзаттың қайта енуіне организмнің сезімталдығы. | Анафилаксия | антигенді организмге қайталап енгізгендегі сезімталдығы. | Антропозооноз | адамнан малға жұғатын жұқпалы аурулар. Ауру қоздырушысының көзі адам болып табылады. | Антропоноз | адамға ғана тән жұқпалы ауру | Аралас инфекция | организмге бірнеше зардапты микробтар енгенде өрбитін инфекция. | Ареал | жануар немесе өсімдік түрінің жер бетіндегі кездесетін (таралған) орны. | Аурудан күдікті малдар | ауру белгілері анық байқалмаған немесе дене қызуы көтерілген жануарлар. | Ауру қоздыру-шысының орга-низмнен бөлінуі | қоздырушының сыртқы ортаға экскрет, секрет және т.б. жолдарымен бөлінуі. | Аурудың стационарлығы | белгілі орында аурудың тұрақты қайталанып тұруы. | Ауру тіркелген зона | инфекциялық ауру тіркелген шектелген территория. | Ауру тіркелген мал тобы | арасында ауру қоздырушысының көзі анықталған жануарлар тобы. | Ауру тіркелген ошақ | аумағында індет ошағы анықталған елді-мекен немесе бөлек малшаруашылық объект. | Аэрогендік | қоздырушының ауа арқылы жұғу жолы. | Білінбейтін инфекция | клиникалық білінбейтін инфекция. | Биотоп | біркелкі экологиялық жағдайы бар жануар мен өсімдіктің тіршілік ететін ортасы. | Биоценоз | бір аймақта жайлайтын жануарлар мен өсімдіктердің жиынтығы. | Бейімділік | организмнің, инфекциялық процесс кезінде патогендік микробтың енуіне, көбеюіне және әрекетіне берген жауабы. | Вакцинация, вакциндеу | инфекциялық ауруларға қарсы белсенді иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина егу | Вируленттік | патогендіктің дәрежесі (өлшемі). | Дезинсекция | ауру қоздырушысын таратушы зиянкес буынаяқтыларды (жәндік, кене, т.б.) жоюға бағытталған шаралар кешені. | Дезинфекция | инфекциялық аурулардың қоздырушыларын сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар кешені. | Дератизация | зиянкес кемірушелерді (тышқан, егеуқұйрық) жоюға бағытталған шаралар кешені. | Жалпы індеттану | жануарлардың жұқпалы ауруларына тән эпизоотикалық процестің жеке заңдылықтарын біріктірумен шұғылданатын індеттанудың тарауы. | Жекелей індеттану | жеке инфекциялық аурулардың ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданатын індеттанудың тарауы. | Зооантропоноз | малдан адамға жұғатын ауру. | Зооноз | малдарға ғана тән жұқпалы ауру. | Індеттік индексі | белгілі жерде ауру оқиғалары тіркелген жылдардың бақылау жүргізген жылдарға қатынасы. | Індет жағдайының шиленісі | белгілі орында және нақтылы уақыт аралығында үй және жабайы жануарлардың арасында аурудың қарқынды тарауы. | Індет кезеңдері | індет кезеңдерінің заңдылықпен табиғи ағымында дамуы. | Індет ошағы | инфекция қоздырушысының бейім жануарларға берілу мүмкіндігі бар орын. Індет бұғауының үш буыны орын тепкен жері. | Індеттік бұғау | аурудың пайда болуын және тарауын қамтамасыз ететін індет процесінің міндетті элементтері: инфекция көзі, берілу тетігі және бейім жануарлар. | Індеттік жағдай | белгілі уақыт аралығындағы нақтылы территориядағы инфекциялық аурудың таралғандығы туралы деректердің жиынтығы | Індеттік карта | белгілі уақыт аралығында нақтылы бір территориядағы індеттік жағдайда көрсететін карта. | Індеттік процесс | инфекция көзі, берілу тетігі және бейім жануарлардың қатысуымен үздіксіз пайда болып таралатын үрдіс. | Індеттанулық статистика | инфекциялық аурулардың таралғандығы, жүргізілетін шаралар туралы деректерді қамтитын, оларды топтастыру, өңдеу арқылы індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтауда қолданылатын індеттанулық талдау түрі. | Індеттанулық талдау (анализ) | белгілі уақыт аралығындағы нақтылы территориядағы эпизоотикалық процестің сипатын, деңгейін және дамуын зерттеуде қолданылатын әдіс-амалдардың кешені | Індеттанулық эксперимент | індеттік процестің кейбір сұрақтарын зерттеу мақсатында зертханалық және үй жануарларында жүргізілетін тәжірибе. | Індеттанулық зерттеу (талдау) | нақтылы ауру ошағындағы індеттік жағдайды анықтау. | Індеттанулық прогноздау | бар деректердің негізінде індет процесінің дамуы мен соңын болжамдау. | Иммунитет | организмнің патогендік микробтарға және олардың токсиндеріне қарсы арнайы тұрақтылығы (қабілеті). | Иммундеуші субинфекция | қоздырушының аз мөлшерде ұзақ уақыт еніп немесе әлсіз зардаптылығына байланысты мал организмінде тудырған арнайы тұрақтылығы. | Инкубациялық кезең | қоздырушының организмге енген уақытынан аурудың алғашқы белгілері байқалғанға дейінгі уақыт мерзімі. | Инсектицидтер | жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. | Инфекциялық процесс | мал организмі мен инфекция қоздырушысы арасындағы қатынастың динамикасы. | Инфекция | жануар организмі мен инфекция қоздырушысы арасындағы қалыптасқан биологиялық реакция. | Инфекция қақпасы | инфекция қоздырушысының организмге ену жолы. | Инфекциялық аурудың тұтануы | кез келген инфекциялық аурумен бір уақытта бірнеше малдың ауруы. | Инфекциялық ауру оқиғасы | бір малдың ауруы. | Инфекция қоздырушы-сының берілу тетігі | әр зардапты микробтың ауру малдан сау малға жұғуы арқылы індет бұғауының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету қабілеті. | Инфекция қоздырушысын тасымалдаушы | қоздырушыны берілу тетігінде қатысатын тірі тасымалдаушылар. | Инфекция қозды-рушысының қоры | патогенді микроорганизмдердің табиғи тіршілік етуіне мүмкіндігі бар жануар түрлерінің организмі. | Инфекция ошағы | инфекциялық үрдістің мал организмінде жергіліткі байқалуы. | Инциденттік | уақыт аралығында әр 100, 1000 немесе 10000 малға шаққандағы жаңа пайда болған инфекция оқиғалары. | Карантин | індет ошақтарын шектеуге және жоюға бағытталған шаралар кешені. | Карантин сақтық | таза шаруашылықтарға жұқпалы ауруларды енгізбеу үшін сырттан әкелінген малды оқшау ұстау (30 күн). | Контагиоздық, жұғымталдық | сау және ауру малдар тікелей жанасқанда қоздырушының беріліп тарайтын қасиеті. | Контагиоздық индексі | ауру малмен әртүрлі жолдармен жанасқандағы әр 100 жануардан ауырған малдың орташа саны. | Ктеноноздар | үй жануарлары қоздырушы көзі болып табылғандағы аурулар. | Ктенотерионоз | үй және жабайы жануарлар қоздырушы көзі болып табылғандағы аурулар. | Қарапайым инфекция | микроорганизмнің бір түрімен туындаған инфекция. | Қауіп төнген зона | аурудың тарауына мүмкіндік бар індет ошағынына маңындағы территория. | Қоздырушы көзі | патогендік микроб тіршілік еткен жануар организмі. | Қоздырушының берілу жолдары | нақтылы жағдайда қоздырушының берілуінде қатысатын факторлардың кешені. | Латенттік | жасырын, сыртқы белгілерінсіз. | Леталдық, өлім көрсеткіші | аурудың ауырлығын көрсетіп, өлген малдың ауырған мал санын арақатынасын сипаттайтын интенсивті көрсеткіш. | Микроб «алып жүру» | клиникалық тұрғыдан сау малдың мүшелері мен ұлпаларында иммунобиологиялық өзгерістер тудырмай қоздырушының тіршілік етуі. | Нозоареал | аурудың таралған аумағы | Нозогеография | аурудың таралауы мен аумақтағы байқалу ерекшеліктерін зерттейтін ілім. | Оқшаухана | жұқпалы аурумен ауырған немесе аурудан күдікті малды оқшаулайтын арнайы мал қора. | Өлім коэффициенті | өлімге ұшырау, өлген мал санының барлық мал санына қатынасы. | Панзоотия | бірнеше мемлекеттер мен құрлықтардың территориясында кеңінен тіркелген аурудың ең жоғарғы қарқыны (интенсивті көрсеткіш). | Патогендік | қоздырушының патологиялық үрдісті тудыру қабілеті. | Превентивті | алдын алу, сақтық. | Продромалды кезең | аурудың алғашқы клиникалық белгілерінен бастап толық тән белгі кешендерінің дамуына дейінгі кезеңі. | Профилактика, дауалау | аурудың пайда болуына және оны таратпауын бағытталған шаралар кешені. | Резистенттілік | организмнің төзімділігі, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті, қарсы тұра алуы. | Реинфекция | болып жатқан инфекцияға осы қоздырушының қайта жұғуы. | Реконвалесцент | жұқпалы аурудан сауыққан жануар. | Реконвалесценттеу кезеңі | клиникалық сауығу кезеңі. | Ремиссия | ауру белгілерінің уақытша көмескіленуі немесе мүлдем жойылып кетуі. | Рецидив | аурудың қайталануы, сырттай сауыққаннан кейін ауру белгілерінің қайта байқалуы. | Санация | сауығу, сауықтыру, санитарлық шараларды толық қамту. | Секундарлық инфекция | қосалқы инфекция, басқа бір инфекцияға қабаттасып өрбитін инфекция. | Спонтанды инфекция | тосын, табиғи инфекция, табиғи жағдайда берілу кезіндегі зардапты микробқа тән пайда болатын инфекция. | Спорадия | індет процесіның ең төменгі қарқыны, аурудың бірен-саран түрде байқалуы. | Стресс | шектен тыс тітіркендіру. | Таза, ада зона | уақыт арасында инфекциялық аурудың оқиғалары тіркелмеген шектелген территория. | Терионоздар | инфекция қоздырушысының бастамасы жабайы аңдар болып табылатын аурулар. | Трансмиссивтік инфекция | қоздырушысы қан соратын жәндіктер арқылы тарайтын инфекция. | Шалдығу | патогенді микробтың организмге енуі немесе енгізілуі. | Шалдыққыштық | жануарлардың инфекциялық ауруларға шалдығу көрсеткіші, процент түрінде сипатталады. | Экзогенді инфекция | қоздырушысы организмге сырттан енетін инфекция. | Экзогендік | ықпалын тигізетін (білдіретін) сыртқы әсерлер. | Экзотикалық аурулар | нақтылы территорияда кездеспейтін, басқа мемлекеттерден енетін жануарлардың аурулары. | Эндогенді инфекция | мал тұрақтылығының төмендеуі нәтижесінде организмдегі микробтың ықпалынан іштегі болған инфекция. | Энзоотия | нақтылы жерде, елді-мекенде, пунктте ғана аурудың тіркелетіндігін көрсететін эппизоотологиялық категория. | Эпизоотия | аудан, облыс немесе мемлекет деңгейінде инфекциялық аурудың кеңінен таралғандығын көрсететін індет процесінің орташа қарқыны. | Эпизоотология, індеттану | індеттанулық процестің заңдылықтарын зерттеумен және инфекциялық ауруларға қарсы дауалау мен күрес шараларын ұсынатын ғылым саласы. | Дәрістер тезистері Дәрістердің мазмұны № 1 дәріс. | Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Инфекциялық аурулардың сипаттамасы | № 2 дәріс. | Иммунологиялық икемділік пен иммунитеттің індеттанулық мәні | № 3-4 дәріс. | Індет процесі және оның қозғаушы күштері | № 5-6 дәріс. | Індетке қарсы шаралар. Жалпы және арнайы шаралар | № 7 дәріс. | Дезинфекция, дезинсекция, дератизация | № 8 дәріс. № 9 дәріс. | Топалаң Туберкулез | № 10 дәріс. № 11 дәріс | Бруцеллез Аусыл | № 12 дәріс. | Құтырық және Ауески ауруы | № 13 дәріс. | Лептоспироз, листериоз, некробактериоз | № 14 дәріс. | Пастереллез. Микоздар және микотоксикоздар, шешек | № 15 дәріс. | Туляремия, сіреспе, ботулизм | № 16 дәріс. | Қарасан, паратуберкулез /солма/, кампилобактериоз | № 17 дәріс. | Оба, ала өкпе, лейкоз | № 18 дәріс. | Вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит | № 19 дәріс. | Қой және ешкі аурулары (энтеротоксемия, брадзот, агалактия, мастит, кебенек) | № 20 дәріс. | Маңқа, сақау | № 21 дәріс. | Инфекциялық энцефаломиелит және инфекциялық анемия | № 22 дәріс. | Індеттік лимфангит, ринопневмония, тұмау | № 23 дәріс. | Шошқаның кәдімгі және африкандық обасы. Шошқа тілмесі | № 24 дәріс. | Шошқаның дизентериясы, вирусты гастроэнтериті, жұқпалы сему риниті | № 25-26 дәріс. | Төл аурулары | № 27-28 дәріс. | Құс аурулары | № 29 дәріс. | Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың аурулары | № 30 дәріс. | Балықтардың және бал араларының аурулары | №1 дәріс КІРІСПЕ. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 1. Қазақстан Республикасындағы індеттік жағдай 2. Індеттану және инфекциялық аурулар пәні оның м |