ДЕЗИНФЕКЦИЯ, ДЕЗИНСЕКЦИЯ, ДЕРАТИЗАЦИЯ 1. Даму тарихы мен маңызы 2. Қолданылатын тәсілдер, оның түрлері мен жабдықтары 3. Дезинфекция жасауға арналған техникалар 4. Әр түрлі сыртқы орта объектілерінде зиянды жәндіктерді жою 5. Зиянды кеміргіштерді объектілерде жою Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микроорганизмдерді жою шараларын айтады. Дезинфекция француздың des - жоямын, латынның іnfectіo - жұқтыру деген сөздерінен тұрады, яғни зарарсыздандыру (жұқпайтын ету) деген мағынаны білдіреді. Дезинфекцияның нәтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсызданып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздандырудан басқа залалсыздану деген ұғым бар. Мұның мағынасы микроб өліп, дезинфекцияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы және басқа да зиянды қалдықтары сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру әлі де болса толық залалсыздандыру емес. Дезинфекция түрлері Маңызына байланысты індетке қарсы дезинфекция екі түрлі болады: 1. Сақтық 2. Лажысыз Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру болмасада одан сақтану мақсатында жүргізіледі. Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру шыққан сәтте оны тоқтату мақсатында жүргізіледі. Сақтық (дауалық) дезинфекциясы келесі мақсаттарда жүргізіледі: 1. Іске қосар алдындағы дезинфекция. Бұл жаңадан салынған мал қоралрын тапсырған кезде пайдалануға бермес бұрын мал жіберер алдында жүргізіледі. 2. Технологиялық дезинфекция. Ол технологиялық циклдардың аралығындағы үзіліс кезінде жасалады. Мысалы, бұзау профилакторииінде бұзауларды 10 күннен соң басқа жерге ауыстырып, оның орнына басқа бұзаулар әкелінеді, ал енді дезинфекция осы екі аралықта жүргізіледі. Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру білінген сәттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі. Лажысыз дезинфекция екі түрге бөлінеді: 1.Тежеу. 2.қорытынды Дезинфекция әдістері.Дезинфекцияны химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдермен іске асырады. Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зарарсыздандыруға негізделген. Оған: механикалық, тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады. Биологиялық дезинфекциямикроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануға негізделген. Бұл әдіс экологиялық зиянсыздығы және экономикалық жағынан шығынсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Химиялық дезинфекция - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануға негізделген. Дезинфектанттардың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толыққтырылып отырылады. Дезинсекция/французша des - жою іnsectum - жәндік/ -сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою. Бұл терминді ұсынып, ғылым мен өмірге енгізген академик Н.Ф.Гамалея /1910/ болатын. Табиғатта миллионға жуық жәндіктер болса 1 пайызға жуығы ғана зиянкес тоғышарлар қатарына жатады. Кейбір жәндіктер оқыра, пысқырық, эстроз, гастрофилез, симулидетоксикоз, гематопиноз, бовинелез сияқты аурулардың \қоздырушылары болса, енді бір тобы малдың қаның сорып, мазасын кетіреді. Оларға шыбын-шіркей, маса-сона, бит, бүргін жатады. Қораны, мал фермасындағы түрлі жабдықтарға дезинсекция жасау үшін, малдың үстін дәрілеу үшін әртүрлі техникалық жабдықтар, негізінен дезинфекцияға арналған жабдықтар пайдаланылады. Жәндіктермен және кенелермен күресу үшін механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдерді пайдаланылады. Дезинсекцияның механикалық тәсілі тек жәндіктердің кейбір түрлерімен күресу үшін ғана жарамды. Мәселен шыбындарды аулау үшін оларға әр түрлі торлар құрылады және жабыстырғыш қағаздар қойылады. Бірақ дезинсекцияның механикалық тәсілі кенелермен жәндіктерді толығымен жоя алмайды. Оларды тек физикалық әсіресе химиялық дезинсектанттармен бірге қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Дезинсекцияның химиялқ жабдықтары Жәндіктердің организміне енуіне байланысты оларды 4 топқа бөледі: 1. Контакты инсектицидтер, яғни олар жәндіктің организміне жанасқанда ғана әсер ете алады. 2. Ішек дезинсектанттары, жәндіктердің ішіне азық және су арқылы енгенне кейін ғана әсер етеді. 3. Фумигантты дезинсектанттар, олар жәндіктердің тынс алу жолдары арқылы әсер етеді (түтіндеткенде). 4. Репелентті, яғни үркіту арқылы әсер ететін препараттар. Дератизация (de - жоямын, rattus-егеуқұйрық) - зиянкес кемірушілерге қарсы бағытталған шерулер кешені. Елімізде мекендейтін 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың 132-сі кемірушілерге жатады. Олардың ішінде індет тарататуға қатыстылары синантропты (грекше sun - бірге, anthropos – адам) деп аталатын адамның мекен-жайын төңіректеп тіршілік ететін 3 тұқымдастыққа (семейство) жатады. 1. Тышқан тәрізділер: егеуқұйрықтар (сұр, қара, жалпақтісті), үй тышқаны. 2. Атжалман тәрізділер: сұр тышқандар, құмтышқандар, атжалмандар. 3. Тиінтектестер: суырлар, саршұнақтар. Кемірушілермен күресуді алдын алу және оларды жою (дератизация) шараларын қолдана отырып жүргізеді. Алдын алу шараларына: - санитариялық - құрылысты-техникалық - агротехникалық шарлары жатады Жою шаралары - малдардың жұқпалы ауруларымен күресу барысындағы міндетті шаралар болып табылады. Кемірушілерді жою үшін механикалық, биологиялық және химиялық тәсілдер қолданылады. Химиялық әдістер әр түрлі улы заттарды қолдануға негізделген. Мал қораларын дезинфекциялау үшін қауіпсіз улар - антикоагулянттарға жататын зоокумарин, дифенацин, фентолацин пайдаланылады.. Оларды бір рет жегенде малдар үшін қауіпті емес мөлшерде пайдаланылады және оларға қарсы у қайтарушы ретінде К витаминін пайдалануға болады. Бақылау сұрақтары: 1 Дезинфекция, дезинсекция және дератизация түсініктерінің анықтамаларын беріңіз. 2 Дезинфекция түрлері және әдістері. 3 Реппеленттер дегеніміз не? 4 Дератизацияда алдын алу шаралары қалай іске асырылады? ЖЕКЕШЕ ІНДЕТТАНУ Жекше індеттану бөліміндегі дәрістерде қарастырылатын аурулар келесі жалпы жоспар бойынша беріледі: 1. Аурудың атауы мен анықтамасы; 2. Тарихи деректер; 3. Таралуы және экономикалық шығын; 4. Қоздырушысы; 5. Індеттанулық деректері; 6. Дерттенуі; 7. Өтуі мен симптомдары; 8. Патологоанатомиялық өзгерістер; 9. Балау. Ажырата балау; 10. Емі; 11. Иммунитет; 12. Дауалау және күресу шаралары. №8 дәріс ТОПАЛАҢ Топалаң (anthrax, сибирская язва) – жіті түрде өтететін зооантропоноздық, сонымен қатар, септицемия /өлі тиіп/, ауыр түрдегі интоксикация құбылыстарымен байқалатын жұқпалы ауру. Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия елдерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков (1758) адам мен малда осы дерттің ғылми сипаттамасын беруіне байланысты болатын. Топалаңның қоздырушысын Германияда Поллендер (1849), Францияда Райне мен Давен (1850) өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р.Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсынды. Қазіргі кезде топалаң дүние жүзінің көптеген еледрінде кездеседі. Қоздырушысы – Bacillus anhtracis. Ауасыбағалы, спора және капсула түзетін таяқша, оң грамды, қозғалмайды. Қауашақ түзуі уытты штамдарға тән. Қауашағы жануар организмінде немесе табиғи белогы мол ортада түзіледі. Топалаңға сүт қоректілердің барлық түрі және адамда бейім. Табиғи жағдайда көбіне ірі қара, қой-ешкі, жылқы, есек, қашыр, түйе, солтүстік бұғылары және шошқалар ауырады. Топалаң қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар бацилаларды несеп, нәжіс сілекей арқылы бөліп шығарады. Әсіресе микроб өлер алдындағы жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды сұйықтықта көп болады. Қоздырушының ең басты берілу факторына топлаңнан өлген малдың өлексесі жатады. Топалаң негізінен алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар аэрогендік және трансмиссиялық жолмен жұғуы да мүмкін. Әдетте ауру жылдың жылы мезгілдерінде байқалады, әсіресе шөбі сирек және құрғақ жайылымдарда. Ауру спорадия түрінде өтеді. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1-3 күн. Ауру өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы сонымен қатар абортивті түрде де өтеді. Аурудың негізгі екі түрі бар: 1) Өлі тиген /септицемиялық/ 2) Күйдіргілі (карбункулді). Жылқы мен сиырда тамыр соғуы жиілеп, кілегей қабықтары көкшілденіп кетеді, дене қызуы көтеріледі. Кенеттен немесе бірнеше сағаттың ішінде өледі. Жіті түрінде дене қызуы көтеріледі, тынысы мен тамыр соғуы жиілейді, ентігеді. Ірі қарады күйіс қайтаруы мен сауын сиырлардың сүті қайтады. Мұрын мен ауыз қуыстарының кілегей қабықтары көкшілденеді. Малдар әрең қозғалып, жиі жатады. Ауру белгілері білінген соң мал 2-3 күннің ішінде өледі. Созылмалы түрінің (2-3 ай) негізгі белгісі малдың прогрессивті азуы және ол шошқада кездеседі. Топалаңға күдіктенгенде өлексені союға тиым салынады. Топалаңнан өлген маддың өлексесі тез бүлінеді, әдетте кебініп, сіресуі болмайды немесе әлсіз дәрежеде байқалады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық, кейде қан ағады. Қаны қара қошқыл түсті, ұйымайды, талағы шектен тыс ұлғайады. Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, зертханалық зерттеу нәтижелері ескеріледі. Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған қалың жағындыны жібереді. Топалаңды қарасаннан, брадзоттан, энтеротоксемиядан, қатерлі домбығудан, пастереллезден ажырату қажет. Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин, антибиотиктер қолданылады. Топалаңмен ауырып жазылған малда ұзақ уақытқа берік иммунитет пайда болады. Белсенді жасанды иммунитет қалыптастыру үшін СТИ және 55-штамнан даярланған вакциналар қолданылады. Топалаң пайда болған жағдайда карантин енгізіліп, ережелерге сәйкес сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Карантин ең соңғы мал сауыққан соң немесе өлген соң, егер егілген жануарларда асқыну болмаса, қорытынды дезинфекция жүргізіп 14 күн өткеннен соң алынады. Бақылау сұрақтары: 1 Топалаң кезіндегі індеттанулық деректер. 2 Топалаңды дауалау және сауықтыру шаралары. 3 Топалаңды балау әдістері. 4 Топалаң кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер. №9 дәріс ТУБЕРКУЛЕЗ Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) - созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бүрынғы дәуірге жататын археологиялык казбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бүл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде, туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ /б.э.д. IV/, Гален т.б. қалдырды. 1882 ж. неміс ғалымы Р.Кохтың аурудың коздырушы микробын ашты. Ал, 1890 ж. Р.Кох туберкулинді ашты. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі - 1921 Францияда Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді. Туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium-туыстастығына жатады. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімді келеді (өйткені оның құрамында 40 пайызға дейін липид және воск бар). Микобактерии 3 топқа бөлінеді: патогенді, атипті және сапрофитті. Патогенді түріне негізіне үш түрі жатады: M.tubtrculosis (адамды ауыртады); М.Bobis (ірі қараны); М.аvіит (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі -М. ріsсіит балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғаңда бұл микробтын 31 түрі бар деп есептейді. Туберкулезге үй және тағы хайуандардың 55, ал құстардың 75түрі шалдығады, олардың ішінде ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі кара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі кұнды аңдардан - күзен түрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі /табиғи жолмен жұққанда сирек, колдан жүқтырғанда жиі ауырады/. Туберкулезге адам аса бейім келеді. Инфекция коздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, кақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Микобактериялар сау малдың денесіне ас корыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлык жолмен, ал ересек малға сонымен катар аэрогендік жолмен жұғады. Шошқа мен құска негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Аурудың жасырын кезеңі /жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін/ 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінде көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Ауырған малды тек кана аллергиялық немесе серологиялық тексеру аркылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән закымдануы сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен катар желіннің, сірі қабыктарының закымдануы /меруерттену/, генитальдік және денені жайлаған /генерализацияланған/ түрі кездеседі. Ірі караның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі, оқтын-оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсендеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қакырық түсуі байқалмайды десе де болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген сораны мал жұтып кояды, немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Ауру мал ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қоңдылығы мен өнімділігі төмендейді. Көрінетін кілегей қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тындағанда сырыл естіледі, перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошактары табылады. Ішек закымданған кезде іш өтіп, кондылығы күрт төмендеп жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі. Желін зақымданған кезде желінүсті сөл түйіні ұлғайып, қатаяды, беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Сауып көргенде сүттің сұйылып, кан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Патологоанатомиялык өзгерістер. Әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда байқалатын өзгеше бұдырмақ, түйіндер /туберкулалар/ туберкулезге тән ерекшелік болып есептеледі. Сірлі қабықтар зақымданған кезде көкірек және құрсақ перделерінде көптеген "меруерт" деп аталатын тығыршықтанған, жылтыраған, үлкеңдігі кейде емен жаңғағына жететін туберкулез түйіндері кездеседі. Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін талдау, аллергиялык, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады. Жануарларға тірі кезінде диагноз коюдың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу. Малды туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин, сүт коректілерге арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/, құсқа арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/. Туберкулинді тері арасына және көз коньюнктивасына жібереді. Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағынан жібереді. Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес аң фермаларында туберкулезді дауалау үшін тубазид /изониазид/ колданылады. Туберкулез кезінде иммунитет стерилді емес. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы күзенді егеді. Дауалау және күресу шаралары ережелерге сәйкес жүргізіледі. Туберкулез шыкқан жағдайда шаруашылықты (ферманы) сау емес деп тауып, карантин кояды да, сауықтыру шараларын іске асырады. Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 күннің ішінде етке өткізеді. Туберкулезге реакция бермеген қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан екі рет бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейін туберкулезге тексереді. Бүдан кейін тағы да үш ай үзіліспен екі рет бакылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтиже алған жағдайда, егер туберкулезге күдік туғызатындай баска негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді. Бақылау сұрақтары: 1 Туберкуллез кезіндегі індеттанулық деректер. 2 Туберкуллезді дауалау және сауықтыру шаралары. 3 Туберкуллезді аллергиялық балау әдісі. 4 Туберкуллез кезінде бірінші реттік аффект дегеніміз не? №10 дәріс БРУЦЕЛЛЕЗ Бруцеллез (Brucellosis) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Д. Брюс (1877) Мальта аралында бруцеллез адамның өз алдында дербес ауру екендігін көрсетіп, оның қоздырушысын бөліп алып Microcoсcus melitensis деп аталды. 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауыл шаруашылық малдардың арасында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық өлкелерден келді, алғаш рет 30 – жылдары Семей обылысында Тасбұлақ деген жерде ветаринария дәрігері Тевельский хабарлады. Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады: B. melitensis, B. abortus, B. suis, B. neotomae, B. ovis, B. canis. Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі, шошқа, солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде қуалайды. Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті. Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарлар алиментарлық жолмен және шағылысқанда жанасу арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Жануарлардың барлық түрінде бруцеллездің басты белгісі – буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Сиыр негізінен 5-8 айлығында, қой мен ешкі 3-5 айлығында, мегежін кез келген уақытта, ит 40-50 күн болғанда іш тастайды. Сиыр мен қой әдетте екінші қайта іш тастамайды, ал мегежінде ол бірнеше рет қайталануы мүмкін. Жекелеген жануарларда бруцеллез кезінде бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, ал аталық малдарда орхит және эпидидемит байқалып, ені ісініп, кейде шектен тыс ұлғайып, салбырап жүреді. Патологоанатомиялық өзгерістер жатырда, желінде аталық малдың жыныс безінде, буындарда, бауырда, лимфа түйіндерінде, талақта байқалады. Тастанды төлдің тері асты шелі жалқақтанып, кіндігі ісініп кетеді. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин іріміктері бар қызыл-қоңыр түсті сұйық жиналып, сірі және кілегейлі қабықтары қанталайды. Ішек-қарынның кілегейлі қабығы мен өкпесі сыздана қабынады, ал бауырында өліеттенген қабыну процестері байқалады. Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады. Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды. Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен қолданылады: АР, КБР, ҚҰБР, РБС, ИФТ. Бруцеллезді анықтау үшін оны малдың іш тастауына әкеп соқтыратын камплобактериоз, трихомоноз, лептоспироз, жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпайтын аурулардан ажырату керек. Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылады. Бруцеллезбен ауырған малда стерилді емес табиғи иммунитет қалыптасады. Бруцеллездің алдын алу үшін ең басты шара – аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау. Бруцеллезге қарсы ірі қараны – 19 және 82-штамдардан даярланған вакциналармен, ал қойды 19-штамм және Rev-1 вакциналарымен егеді. Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі. Ауру шыққан сиыр фермасында барлық малды 15-30 күн сайын бруцеллезге серологиялық әдіспен тексеріп, оң нәтиже берген жануарларды жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша тексеруді бүкіл табын бойынша қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет теріс нәтиже алған соң табында 3-6 айға бақылауға қойып, бұл уақытта 2 рет бруцеллезге тексереді. Тексеру теріс нәтиже берсе табын сауықтырылды деп есептеп, қорытынды дезинфекция жасаған соң карантинді алады. Бақылау сұрақтары: 1 Бруцеллез кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Бруцеллезді серологиялық балау әдістері. 3 Бруцеллезді алдын алу және сауықтыру шаралары. №11 дәріс АУСЫЛ Аусыл (Aphtae epizooticae, ящур) – әдетте жұп тұяқтыыларда жиі ретте жіті өтетін, шектен тыс жұқпалығымен сипатталатын індет. Індетті вирус тудырып, ауыз қуысында, танаудың кілегей қабығында, тұяқ ашасында және малдың желінінде күлдіреуіктердің (афтоздық – суға толы көпіршіктердің) пайда болуымен байқалады. Алғашқы рет ауруды – аусылды аса қатерлі жұқпалы індет ретінде 1564 ж. Д. Фракастро сипаттаған. 17–18 ғасырларда аусыл көптеген мемлекеттерді шарпып, ағымы бойынша жұқпалы болғаны соншалықты, көптеген жағдайда бұл індетті і.қ.м. обасы деп келді. Қоздырушысыарнайы сүзгіден өтетін вирус. Қазіргі уақытта дүние жүзінде аусыл вирусының жеті типі: А,О,С,Сат-1,2,3, Азия 1. Әдетте аусылмен барлық жұп тұяқты жануарлар, жиі түрде: ІҚМ әсіресе 2-3 айлық бұзау шалдыққыш, содан соң шошқа, қой, ешкі, бұғылар, түйе ауырады. Аусыл негізінен ауру малдан жұғады. Аусылдың жұғу жолдары: несебі, нәжісі, сілекейі тамған зат, суат, жем – шөп, адам киімі арқылы жұға береді. Ұ.қ.м. арасында көбіне вирус тікелей жанасу арқылы беріледі. Аусыл қоздырушысы мал организмінің ауыз, танау кілегей қабықтары арқылы, кейде тұяқ ашасы, желін жараққаттанғанда еніп ауру тудырады. Алғашында мал аузына ірілі – ұсақты күлдіреуік шығады, сол арқылы вирус әрі қарай енеді. Сөйтіп бүкіл денеге тарайды да, кілегей қабықтарында күлдіреуіктердің екінші тобы пайда болады. Жасырын кезеңі 1-7 күнге созылады. Жас бұзаулар мен тайыншалар арасында ауру жіті немесе зілді түрде өтеді. Олардың дене қызуы 40,5-41,5 градустқа, жалпы күйі төмендейді, шөп, суға қарамайды, күйіс қайырмайды. Ауру басталғаннан кейін (2-3-ші) күндері күлдіреуіктер мөлдір суға толы көпіршікке айналады (мөлдір су-улы сұйық зат). Бір уақытта көпіршіктер ауыз қуысында, танауда, желінінде, тұяқ ашасында пайда болып, 2-3 күннен соң жарылып, оның орны жалаңаштанып, қызарып тұратын жараға айналады. Желін үрпелеріндегі жаралар қабынып іріңдейді. Аузынан көпіршіген шұбырынды сілекей ағады. Пайда болған жаралар – эрозиялар 6-8 күннен, ал егер ұзаққа созылса 2-3 аптадан кейін жазылады. Малдың тұяқ ашасы, бақай арасы, табанында па йды болғанда мал ақсайды, кейде жатып алады. Жас бұзауларда афталар болмай , індет гастроэнтерит, бронхопневмония 8-12 күнге созылып, көбіне ем қолданылмаған жағдайда малдың өлімімен аяқталады. Қой аусылы ірі қараға қарағанда аздап өзгешелеу өтеді. Қойда бақай арасы зақымданады, ал сілекей ақпайды. Ал қозы арасында зілді өтіп, шалдыққан төл түгелдей қырылып қалады. Шошқаларда аусыл 24-48 –тан 8 күнге дейін созылуы мүмкін. Дене қызуы көтеріледі, азыққа зауқы соқпайды. Бақай арасына, тұяқ кенересіне жаралар пайда болып, кейде тұяқ қабығы түсіп қалады. Жас малдарда ішекте гемаррагиялық қабыну өзгерістері және жүректе (дегенеративтік өзгерістер) – «жолбарыс жүрек», яғни жүрек жолақ – жолақ қанға боялған болады. Өкпеде геморрагиялық қанталаулар байқалады. Балау жұмыстарын эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне және лабораториялық зерттеулерге сүйене отрып жүргізеді. Лабораторияға салмағы 5г кем болмайтын толық піскен, бірақ жарылмаған күлдіреуіктерді пышақпен қырып алып, шыны ыдысқа салып, жолдама қағаз жазып жеткізіледі. І.қ.м – тіліндегі афталардан, шошқалардан – тұмсығы және желіннен, ұ.қ.м.- бақай арасынан алынады.Биологиялық тәжірибені тышқандарда жүргізіледі. Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды. Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал азығын қайнатып береді. Аузын 2 % сірке қышқылының, 1 % бор қышқылының, 1:1 000 калий перманганатының, Тұяқтарын мұқият тазалап, зақымданған көбесіне қара май мен балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10 % креолин, 5-10 % ихтиол майларын жағады. 10-20 % формалин ерітіндісімен күйдіруге де болады. Қазіргі уақытта аусылға қарсы лапинденген моновалентті алюминий су тотықты формалвакцинасы қолданылады. Сонымен қатар үш валентті ірі қара тілінің эпителийінде Френкельдің әдісімен өсірілген А, О, С типтерінің вакцинасы пайдаланылады. Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу бойынша малды, мал өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдаланудың ерекше тәртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына уақытша тиым салынуы мүмкін. Індет ошағын шектеп, оған тәулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жолдарды жауып, шлагбаум орнатады. Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе сойылған соң 26 күн өткенде алынады. Бақылау сұрақтары: 1 Аусыл кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Аусылды серологиялық балау әдістері. 3 Аусылды алдын алу және сауықтыру шаралары. 4 Аусылдың вирусын айқындау үшін қандай серологиялық реакциялар қолданылады? №12 дәріс ҚҰТЫРЫҚ ЖӘНЕ АУЕСКИ АУРУЫ Құтырық (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Pabies Lyssavirus – рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде – жарқанат. Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы – түлкі, ал үй жануарларының ішінде бұл ауруғы ең жиі шалдығатыны – сиыр. Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затына өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі басталғанын көрсеттеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып, аурудың үшінші дел-сал кезеңі басталады. Бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде дыбысы мүлде өшіп (афония), жағы салалақтап, көзі шапыраштанады. Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктерін табудың маңызы зор. Олардың тұрқы дөңгелек, сопақша, үшбұрыш немесе ұзынша, мөлшері 0,5-30 мкм, саны мен мөлшері аурудың ұзақтығына байланысты. Алдын ала диагноз індеттік және клиникалық белгілері бойынша қойылады. Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Құтырық антигенін табу үшін диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР), иммунды ферменттік талдау (ИФТ) қойылады. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор. Ауыл шаруашылық малдарын, әсіресе сиырды егу үшін АЗВИ антирабикалық тірі вакцинасы пайдаланылады. Соңғы кезде өлтірілген өсінді вакциналар шығарыла бастады. Құтырық шыға қалған жағдайда сол жердегі елді мекен, жайылым, орман-тоғай, немесе басқа табиғи қорық осы аурудан сау емес деп жарияланады. Итті далаға шығаруға, көрмесін ұйымдастыруға, ит пен мысықты басқа жаққа әкетуге, жабайы ет қоректілерді ұстап алуға және басқа жаққа әкетуге тиым салынады. Құтырғаны дүдәмәл жануарларды да жояды. Тек қана кісіні қапқан ит пен мысықты өлтірмей, оқшаулап 10 күн бойы ветеринариялық бақылауда ұстайды. Құтырықтың шығуына байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары ең соңғы ауырған жануар өлгеннен немесе сауыққаннан соң 2 ай өткеннен кейін алынады. Ауески ауруы /Могbus Аujeszky, болезнь Ауески/ - жіті өтетіп, өкпенің қабынуымен, орталық жүйке жүйесінің закымдануымен, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұкпалы ауру. Ауески ауруын көпке дейін құтырықпен шатыстырып келді, тек алғаш рет 1902 ж. Ауруды сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы Аладар Ауески. 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылығына тигізер зияны айтарлықтай. Қоздырушысы – Suid (alpa) herpesvirus Құрамыда ДНҚ бар герпес вирустар тұкымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус. Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы андар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен, және сүтпен бірге бөліп шығарады. Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы сауықтыру шаралары жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтанып, оның энзоотиялық ошағы пайда болады. Індет ошағының тұрақты болу себептері: ұзаққа созылатын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзінде өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың санын молайтып отыруы. Сондыктан бір басталған індет шаруашылыкта үздік-создык, бірнеше рет кайталанып, талай жылдарға созылу мүмкін. Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне карай дерттің дамуы әртүрлі өтеді. Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары аркылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал баска жануарларда баяу көбейеді. Тері аркылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай коймайды. Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн кейде 3 аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты. Ауру жіті өтеді. Шошкада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошкада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде кұсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошкалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрнынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байкалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді. Ауруды өлі тиген, эпилепсиялык, дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жана туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалитгің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді Қалшылдап, сілекейі ағып, жұткыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп калады. 10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп кұсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің закымданған белгілері байқалып, не қозу /эпилепсия/, не тежеу /дел-сал/ процестері басым болады. Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді айнала береді. Мойын және жак еттері құрысып, тістерін шыкырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-кайта серендеп, әбден сіресі кұриды. Вирус анка мен жұткыншакта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора ағады, шыңғырған даусы қырылдап шығады, немесе дыбысы мүлдем шыкпайды /афония/. Көзі мүлдем көрмей қалады, тұла бойьның бүлшык еттері салданады. Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз тұрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сикы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалитен тыс жүрегі дүрсүлдеп, бүйрігімен дем алады. Сонғы кезенде өкпенін. домбығуы мен қабынуы байкдлады. Эпилепсиялык және дел-сал түрінің екеуінің де үзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп, құсып ішінен кан кетіп, тез арада өліп кетеді /ішектегі түрі/. Ересек шошкалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі закымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию белгілері кауырт өрбіп, жоғарғы тыныс жолдары кабынып өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде өледі. Алдын ала диагнозды індетганулык және клиникалық белгілері, патанатомиялык тексерудің нәтижесі аркылы қояды. Түбегейлі диагноз зертханада міндетгі тұрде үй қояны мен жас мысықта қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялык тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Ауруды балау үшін серологиялық әдістерді де қолдануға болады. Олардың ішінде үй қоянында, торайдың бүйрек торшаларынын өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар комплементті байланыстыру, диффузиялық прецинитация, қосалқы гемаглкутинация және иммунофлуорес-ценция реакциялары қойылады. Барлық түліктерде кұтырықтан, шошқада -обадан, сальмонеллез, колибактериоз, листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әртүрлі менингиггер мен энцефалиттен ажырату қажет. Емі. Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына карсы гипериммунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уактылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалкы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер және симптоматикалык ем үшін витаминдер қолданылады. Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет калыптасады. Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр және койдың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған кұрғақ ВГНКИ вакцинасы колданылады. Шошқаны егу үшін сонымен катар БУК-628 штаммынан даярланған вирус-вакцина колданылады. Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық және антропургиялык жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі. Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа /фермаға/ карантин қояды. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып, иммуноглобулинмен, антибиотиктермен, симптоматикалық дәрілермен емдейді. Клиникалық сау жануарларды егіп, сонымен қатар сыртқы ортаны зарарсыздандыру шараларын жүргізеді. Ауру жануарларды оқшаулаған қора-жайды күн сайын, ал сау жануарлар тұрған жерді апта сайын дезинфекциялайды. Ауру басылған соң, ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін, барлық сауықтыру шаралары орындалған сон карантинді бір ай /аң шаруашылықтарында 15 күн/ өткен соң алады. Карантин алынғаннан соң бір жыл бойы шектеу сақталып, барлық жануарлар егіледі. Бақылау сұрақтары: 1 Құтырық кезінде иттерде байқалатын негізгі клиникалық белгілер. 2 Құтырықты балау әдістері. 3 Ауески ауруының індеттанулық ерекшеліктері. 4 Ауески ауруын алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады? №13 дәріс |