МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 5 страница





Жасырын кезеңі жиірек 3-7 күн болады, сирегірек 2-3 аптаға дейін созылады. Ауру жіті, жітілеу және созылмалы өтеді. Ауру жіті өткенде дене температурасының 41,5-42°С дейін жоғарылауы, ал 1-2 күннен кейін енжарлық, әлсіздік, азықтан бас тарту, құсу байқалады. Құлақтарының, құрсақтың, сандарының ішкі бетіндегі терілерінде басқанда бозармайтын бір-бірімен қосылғанда қоңыр-қошқыл дақтар құрайтын қан құйылулар көрінеді. 7-10 күні мал әдетте өледі.

Обаның, жіті өтуінен өлген шошқалардың өлексесін жарып көргенде геморрагиялық диатездің көрінісі табылады. Теріде және тері асты шелінде қан құйылу байқалады. Сөл түйіндері үлкейген, қоңыр-қызыл, кесілген жерінің түсі мәрмәр тәріздес. Талақ үлкеймеген, оның жиектерінен көлемі сора дәнінен кішкене жаңғақтың үлкендігіндей қызғылт-қара тығыз инфарктар табылады.

Диагнозіндеттанулық деректер, клиникалық белгілер, өлекседегі өзгерістер деректерінің, және зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады.

Шошқа обасын емдеуге рұқсат етілмейді, өйткені сауыққан малдар көп уақытқа вирусті тасушылар және бөліп шығарушылар болып қалады.

Ауырып айыққан соң тірі қалған малдарда тұрақты стерильді емес иммунитет дамыйды. Шошқаларды активті иммундау үшін қазіргі уақытта оба вирусінің лапиндендірілген К штамынан дайындалған тірі вакциналары қолданылады: құрғақ авирулентті лапиндендірілген АСВ вирус-вакцинасы, құрғақ культуральді вирус-вакцинасы (ВГНКИ) және ЛК-ВНИИВВМ вирус-вакцинасы.

Шаруашылықтарды оба вирусінің енуінен қорғау үшін шошқа фермаларын аурудан сәтті шаруашылықтардағы малдармен толықтырып отыру керек. Жаңадан келген барлық шошқаларды негізгі табынға 30 күндік карантиндеуден кейін жібереді. Шошқа обасы қозған жағдайда аурудан сәтсіз пункттерді (шаруашылықты, фермаларды) тезірек карантиндейді де ауруды жоюға заңдастырылған шараларды жасайды.

Карантин ақырғы өлімнен кейін немесе ауру шошқалар сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырғаннан кейін 40 күннен соң, сыртқы орта нысандарының зарарсыздандырылуының барлық шарасы жасалғаннан соң және қалған шошқа басын вакциналаған соң алынады. Шошқаларды басқа шаруашылықтарға әкетуге карантин алынғаннан кейін 12 ай бойы тыйым салынады.

Шошқаның африкандық обасы (Pestіs afrіcana suum, африканская чума свиней) – токсикоз, дененің қызынуы, лимфоидты ағзалардың өліеттеніп, әртүрлі ағзалардың қанталауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін, көбінесе өліммен аяқталатын өте жұғымтал ауру.

Шошқаның бұл ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет Оңтүстік Африкада Хутчен (1903) сипаттап жазды, ал Тейлор (1905) оны эксперименттік жолмен жұктыруға болатындығын дәлелдеді.

Қоздырушысы – Afrіcan swіne fever vіrus - құрамында ДНҚ бар Іrіdovіrіdae тұқымдастығына жататын вирус.



Африкандық обамен тек шошқа ғана ауырады, әсіресе үй шошқасы және еуропалық жабайы қабан өте сезімтал келеді, ал африкалық жабайы шошқалар біршама төзімді келеді, және оларда ауру жасырын, симптомсыз өтеді.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып жазылған шошқалар. Олар 2 жыл және одан артық уақыт вирус алып жүреді. Шошқаның денесінен вирус барлық секреттер мен экскреттер аркылы бөлінеді. Сырткы ортадағы заттар: кұрал-жабдыктар, көлік, жем, су, көң, топырак және т.б. аурудың жұғу факторлары болады.

Аурдуың ең басты ерекшелігі онын өте тез жайылып, шалдығу және өлім көрсеткіштері 98-100% дейін жетеді. Шошқаның африкандық обасы кей жағдайда лаң (панзоотия) ретінде байқалып бірнеше мемлекеттерді қамтуы мүмкін. Сондықтан оған қарсы сақтык шаралары аурудан сау аймақтарда да жүргізілуге тиіс.

Вирус көбінесе шошқаның денесіне жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары арқылы енеді де, сол маңдағы, лимфоидты ағзаларда көбейіп, лимфа мен қан арқылы бүкіл денеге жайылады. Қоздырушы пантропты болғанымен, негізінен лимфоидтты торшалар мен қан тамырлары мен эндотелиін закымдайды. Вирустың сөл түйіндерінде көбеюінен осы ағзалар серозды-геморрагиялық қабынуға үшырап, қанталайды. Мұндай құбылыстар талақта да байқалады. Лимфоидты ағзалардың зақымдануынан патологиялық кұбылыстар иммунодефициттік сипат алады.

Ауру өрши келе жүйке жүйесінің, тыныс, қан айналу, ас қорыту мүшелерінің қызметі мен құрамы терең өзгеріске ұшырап, тез арада жануарлардың өлуімен тынады.

Жасырын кезеңі 2-22 күн. Ауру аса жіті, жіті, жітілеу және созылмалы өтеді. Аса жіті өткенде дененің ыстығы кенеттен 40,5-42,5ºС көтеріледі. Шошқа ентігіп, жөтеледі, жемге қарамайды, шөлдейді. Бір-екі күн өткен соң ыстығы төмендеп, артқы аяқтары салдана бастайды. Ыстығы төмендегеннен кейін 2-3 күннен соң ауырған шошқа өледі.

Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35ºС төмендейді. Шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі әсіресе құлақта, талпақ танауында, кеудесінде төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында көкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңдерінде аталған жерлер қанталайды. Өлерінен 1-2 күн бұрын кейбір шошқаларда менингоэнцофаломиелит байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады.

Өлексенің сіресуі тез арада басталады. Геморрагиялык диатез және лимфоидты ағзалардың зақымдану белгілері байқалады. Ауыздың, қынаптың, артқы тесік пен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталайды. Артқы тесік пен мұрыннан қан немесе кан аралас сұйық ағады. Теріде көптеген қанталаулар болады. Сөл түйіндері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе гематома кездеседі. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялык эксудат болады.

Талақ қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды (кейде 6 есе), басқа ішкі ағзалар да ұлғайып, ісінеді, көптеген қанталаулар кездеседі.

Диагноз індеттанулық деректердің, клиникалық белгілердің, патологоанатомиялық өзгерістердің және зертханалық зерттеулердің нәтижесінде қойылады. Түпкілікті диагноз кәдімгі обаға иммунді шошқаға биосынама және зертаналық зерттеулер жүргізу арқылы қояды.

Шошқаның африкандық обасын шошқаның кәдімгі обасынан, тілмеден, пастереллезден, сальмонеллезден ажырату қажет.

Емі. Ауырған шошқаларды емдеуге рұқсат етілмейді.

Иммунитет. Аурудан айығып жазылған шошқаларда ауруға қарсы айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Олар ұзақ уақыт бойы вирус алып жүрші болып қалады. Ауруға қарсы қолданылатын сенімді вакцина жоқ.

Аурудың алдын алу үшін елге вирус алып келуді болдырмауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі. Ауру байқала қалған жағдайда індет ошағына карантин қойылады. Ол жердегі шошқалардың барлығы қаны шығарылмай өлтіріледі. Шошқаның өлекселерін, көңді, жемнің қалдықтарын, арзан құрал-жабдықтарды жағып жібереді.

Карантин ауру шыққан территориядағы және қауіп төнген аймақтағы барлық шошқаны жойғаннан кейін 30 күн өткен соң алады.

Ауру шыққан қораларға карантин алынған соң 6 ай өткеннен кейін биологиялық бақылау қойылып және оның нәтижесі теріс болған жағдайда ғана шошқаларды орналастыруға болады.

Шошқа тілмесі (Erysipelas (медициналық термин) suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып кызаруымен, ал созылмалы өткенде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін и нфекциялық ауру.

Бұл аурудың тарихы сонша бай емес, өйткені бұл ауруды ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін топалаң, сүзек (тиф) және басқа да аурулардан ажыратылмай келді. Бірінші болып 1842 жылы Спинола өзінің «Заболеваемость свиней» атты еңбегінде тілмені топалаңнан ажыратты. 1869 ж. Карстен мен Гармсом тілменің өзінше жеке ауру екенін анықтады. Алғаш рет ауру қоздырушысын анықтап ажыратып жазған Л. Пастер және Л. Тюйе (1882) болды.

Қоздырушысы – B. Rhusiopathiae suis қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грам оң, полиморфты кысқа таяқша.

Тілмемен көптеген жануарлардың түрлері, құстар және адамда ауырады. Ауруға көбінесе 3-12 айлық жас шошқалар бейім келеді. Торайлардың ауырмайтын себебі оларда енжар иммунитеттің қалыптасуына байланысты, ал ересек шошқаларда жасына байланысты табиғи төзімділік және жасырын жеңіл түрде ауырып жазылуына байланысты. Ауру індет ретінде жаздың ыстық кезінде өтеді, ал суық уақыттарда спорадиялық түрде өтеді.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүруші шошқалар.

Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту күрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ және т.б. жатады. Ауру қоздырушысын тасымалдауға кемірушіілердің, көк шыбынның, құстардың катысуы мүмкін. Ауру негізінен алиментарлы жолмен, ал сирегірек жанасу және трансмиссивтік жолдармен жұғады.

Организмге енгеннен кейін тілме бактериялары алғашқы орналаскан (жүткыншақ, сөл түйіндері, ішек фолликулалары, жаракаттанған теріде) жерлерінде көбейіп бірте-бірте организмнің сезімталдығын арттырып, аллергия қоздырады. Егер микроб, табиғи төзімділігі жоғары организмге тұссе, дерт сол енген жермен ғана шектеліп, жасырын тұрде немесе клиникалык белгілері айкын білінбей, иммунитет түзілумен аяқталады. Алайда сыртқы ортаның. колайсыз жағадайлары, стрестер ауру коздырушысының алғашқы енген жердегі қорғаныс күштерін жеңіп, қанға өтіп, көбейіп, бүкіл денеге тарап, өлітию процесіне мүмкіндік жасайды.

Аурудың жасырын кезеңі 1-8 тәулік орташа 2-5 тәулік. Ауру аса жіті, жіті, жітілеу, созылмалы түрде өтеді. Сонымен катар аурудың өлітиюлік, терілік (есек жем) және жасырын түрлерін ажыратады.

Аурудың жіті түрі жиі кездеседі. Ауру шошқаның жалпы күйі нашарлап, дене кызуы кенеттен 42,5°С дейін көтеріледі. Топтан бөлініп, көбінесе жатып, көп козғалмай, жүргенде аяқтары тәлтіректеп, дірілдеп, жүрек жұмысы әлсіреп, кейде кұсады жемге карамай, іші қатып, аурудың соңына қарай іші өтеді. Жүрек жұмысынын нашарлауының әсерінен малдын өкпесі домбығып, дем алысы қиындайды, нәтижесінде, тамак, асты, мойын, іш терісі көкшіл тартады. Аурудың жітілеу түрі өзіне тән белгілерімен өтеді. Мұндайда дене қызуы 41°С, одан да жоғары көтеріліп, әлсіреп, тәбеті төмендеп, шөлдейді. Бір-екі күннен кейін шошқаның бас және тұла бойы терісінде көлемі және формасы әр түрлі (төртбұрыш, ромба, дөңгелек) қабынған, қатты, қызғылт түсті ісікшелер пайда болады. Бұндай түріне диагнозды алыстан 10-20 метрден қоюға болады. Аурудын терідегі түрі көбінесе зілсіз өтіп, 7-12 тәулікте мал жазылады. Қызғылт дақтар бозарып, бірте-бірте жойылады, жеңіл түрінде олардын орнындағы терісі түлейді, ал ауыр түрінде тері өліеттеніп, орны тыртықтанады.

Мұрынынан топалаңдағы сияқты қан ағуы мүмкін. Жалпы өлекседегі өзгерістер дерттің өтуіне, түріне байланысты болады. Аурудың жіті түрінде өлекседегі өзгерістер өлітіюге тән болады. Кеуде тұсы, шабынын терісі көкшіл тартып, бүйірінде, жонында әр түрлі келген кошкыл-қызғылт дактар кездеседі.

Балау. Тілмені індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижесінде аныктайды.

Емі. Антибиотиктерді (пенициллин, стрептомицин, окситетрациклин, экмоновоциллин, эритромицин, т.б.) қатар қан сарысуымен бірге еккен жақсы нәтиже береді, бірақ антибиотиктің алдын ала сезімталдығын анықтап алу қажет. Гипериммунді сарысуды ауру малдың тірі салмағының әр килограммына 1-1,5 мл мөлшерінде тері астына не бұлшық етіне жібереді.

Ауырған шошкаларда ұзаққа созылатын иммунитет түзіледі. Белсенді иммундеу үшін 1931 жылы Румыния ғалымы В. Виноградник бөліп алып, әлсіретіп әзірлеген "ВР-2" штамынан дайындаған; Д.Ф. Коневтің "К" штамынан дайындалған деполанған вакцина қолданылады.

Тілмеден шаруашылықты дауалау үшін арнайы және жалпы сактандыру шараларын жоспарлы түрде жүргізу кажет.

Шаруашылықта тілме анықталған жағдайда, шектеу койылады. Барлық мал басын клиникалық тексеріп, ауруларын оқшаулап, емдейді. Қалған сауларын алдымен қан сарысуымен дәрілеп вакциналаған абзал. Шектеуді соңғы тілмемен ауырған шошка жазылғаннан, не өлгеннен кейін барлық жануарларды вакциналап, қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін 14 күн өткесін алады.

Бақылау сұрақтары:1. Шошқа обасының індеттанулық ерекшеліктері. Тілме қоздырушысының көзі мен таралу жолдары. 2. Шошқаның африкандық және классикалық обаларын ажырата балау. 3. Шошқа тілмесін дауалау. 4. Шошқаның африкандық обасы кезінде сауықтыру шаралары.

 

№24 дәріс

ШОШҚАНЫҢ ДЕЗЕНТЕРИЯСЫ, ВИРУСТЫ ГАСТРОЭНТЕРИТІ, ЖҰҚПАЛЫ СЕМУ РИНИТІ

 

Шошқа дизентериясы (Dіsenteria suum, дизентерия) – жұғымтал келіп, тоқ ішектің дифтериялы-геморрагиялық және өліеттенулік қабынуымен, қан аралас іш өтумен, арықтауымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Ауруды алғаш анықтап жазған 1921 жылы американ ғалымы С.Р. Дойль болды. Итальян ғалымы Ронкаллидің (1975) мәліметтеріне қарағанда ауру жер жүзінің барлық елдерінде кездеседі. Алғашқы анықтап жазғаннан кейінгі 50 жыл ішінде бұл аурудың негізгі қоздырушысы анықталмағандықтан, баспа бетінде әртүлі атпен (вибриоз, балантидиоз, спирохетоз, т.б.) аталып келді.

Қазақстан Республикасының шошка шаруашылыктарында бұл ауру кездесіп тұрады және айтарлықтай шығынға ұшыратады.

Қоздырушысы – Borrelia hyodisenteria - Treponemataceae тұкымдастығының Borrelia туыстастығына жатады.

Дизентерияға шошқалар жасына, тұқымына қарамастан бейім келеді. Бірақ қалыпты жағдайда көбінесе 1-6 айлық торайлар жиірек аурады. Ауру жылдың кез-келген уақытында шығуы мүмкін болғанмен, көбінесе күзгі-қысқы маусымда жиірек кездеседі.

Ауру коздырушысының бастауы - ауру, ауырып жазылған микроб алып жүруші шошқалар. Ауру сау шошқаларға, оларды ауру немесе микроб алып жүруші шошқалармен бірге ұстағанда, не ауру малдар тұрған қораларды дұрыс тазалап зарарсыздандырмай, оған сауларын қамаған жағдайдарда жұғады. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сактамаған жағдайда іңдет жем-су, төсеніш, құрал-сайман, күтуші кызметкерлер арқылы таралады. Ауру негізінен қорек жолы аркылы жұғады.

Боррелийлер шошқа организміне қоректік жолмен енгесін тоқ ішекке жетіп, оның кілегейлі кабығына жабысады. Бактериялардың белгілі бір бөлігі өліп, олардан кілегейлі қабықты тітіркендіретін аллергендер бөлініп шығады. Оның әсерінен кілегейлі қабық қабынып, оның өткізгіш қабілеті өзгеріп, қоздырушылар көптеген мөлшерде ішектің терең қабаттарына еніп, ол жерде морфологиялық өзгерістер туғызады.

Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 3 айға созылуы мүмкін. Клиникалық белгілердің біліну және болу уақытына байланысты аурудың аса жіті, жітілеу созылмалы түрлерін ажыратады.

Аурудын жіті түрінде әуелінде аздап қызуы көтріліп /40-40,5°С/, кейіннен қалпына келеді, ал кейбір малдарда қызу 41°С дейін жетіп, 2-3 күн сол деңгейде болады. Ауру шошқалардың азыққа тәбеті төмеңдеп, кейде құсып, шөлі қанбай, жүрісі бүзылады. Малдың нәжісінің түрі өзгеріп, әуелі сарғыш-сұр кейіннен сұйылып, шырыш, қан араласып, күңгірт-қоңыр түске боялады. Қан аралас іші өту көбінесе сақа шошқаларда кездеседі, ал 6 аптаға дейінгі торайларда сирек болады. Бірақ оған қарамастан торайларда ауру зілді түрде өтіп, 100% шығынға ұшыратады.

Өлексе сусызданған, арық және негізгі өзгерістер қарын мен тоқ ішекте кездеседі. Аурудын жіті түрінде қарынның, аш ішектін кілегейлі қабығы қызғылт тартып, шырышпен жабылады, ал тоқ ішектің кілегейлі кабығында геморрагиялык, кабыну кездеседі. Тоқ ішектің қабырғасы, шарбысы, шарбы бездері ісінеді. Ішектің ішіне қоңыр не кызғылт сұйық жиналады.

Ауруды іңдеттанулық клиникалық патологиялық-анатомиялық деректерге және гистологиялық микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықтайды.

Емдеу үшін көптеген дәрмектер пайдалыналады. Оларға осарсол, ветдипасфен, нифулин, тилан, фармазин, трихопол жатады.

Ауырған шошқаларда дизентерияға иммунитет түзілмейді. Бірақ қанында антиденелер байқалады.

Дауалау мақсатында шаруашылықта тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтап, жаңадан әкелінген шошқаларды карантинде ұстап, дизентерияға тексереді. Ірі шошқа кешендеріңде мал басын өз есебінен толықтырып, ал бордақылау кешендерінде малдарды соңғы 2-3 жылда дизентериядан сау шаруашылықтардан алады.

Ауру шыға қалған жағдайда, шаруашылық дизентериядан сау емес деп анықталып, шектеу енгізіледі. Жүргізілетін шаралардың жоспары жасалынады. Осыған сәйкес қан аралас іші өтіп, катты ауырып тұрған шошқаларды оқшаулап, союға жібереді. Шаруашылықты соңғы дизентериямен ауырған шошқаны бөлгеннен кейін 3 ай өткесін аурудан ада деп есептейді.

 

Шошқаның вирустық гастроэнтериті (Gastroenteritis infektiosa suum, вирусный гастроэнтерит свиней, ВГЭС) – аса жұғымтал қатарлы-геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту, сусызданумен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.

Бұл індетті алғаш 1946 ж. АҚШ ғалымдары Доиль мен Хатчингс шошқаның трансмиссивті (яғни берілетін деген мағынада) вирустық гастроэнтериті деген атпен анықтап, жазды. Кейіннен оның 1956 ж, Жапонияда, 1957 ж. Англия мен Данияда, одан кейінгі жылдары барлық Европа елдерінде кездесетіні анықталды.

Қоздырушысы – Transmissible gastroenteritis virus кұрамында РНҚ бар Согоnаvіridae тұкымдастығыньің Согоnаvirus туыстастығына жататын полиморфты вирус.

Ауруға негізінен шошқа бейім келеді. Әсіресе туғаннан кейінгі алғашқы 10 күндік торайлар өте сезімтал.

Ауру коздырушысының бастауы – ауру және аурудан айыққан шошқалар.

Аурудың берілу факторларына ауырып жазылған шошқаларды сойғандағы салқындатылған ет, сойыс қалдықтары, ластанған жем-су, көлік, кұрал-сайман, қи сияқты сыртқы ортаның объектілері жатады. Ауру сау малға негізінен қорек жолы арқылы жұғады, бірақ сондай-ақ ауа-тамшы жолымен де зардаптануы мүмкін.

Қоректік жолмен енген вирус негізінен аш ішектің кілегейлі қабығына орналасады. Әсіресе вирус аш ішектің кілегейлі кабығын қаптаған цилиндр тәрізді эпителийге еніп, олар вирустың әсірінен 3-4 сағаттың ішіңде бұзылады. Вирус 12 сағаттан кейін қанға еніп, денеге тарап, жайылып, әсіресе өкпе ұлпасында өсіп-өнуі мүмкін. Бірақ негізгі өзгерістер аш ішекте болады. Аш ішектің кілегейлі қабығының цилиңдр тәрізді эпителиі вирустың әсерінен жаппай бұзылып, оның орнына куб тәрізді немесе аласа эпителий торшалары түзіледі, соның әсерінен зарарланғаннан кейінгі 36 сағаттың ішіңде ішек бүртіктері семіп, аласарады.

Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін созылады. Індеттік жағдайға, иммунитеттің деңгейіне қоздырушының уыттылығына, шошқалардың жас мөлшеріне карай аурудың өтуі мен клиникалық белгілері әртүрлі болады.

Ауру алғашында мегежіндердің арасында байқалып, кейіннен торайларға ауысады. Ауру мегежіндердің аздап дене қызуы көтеріліп 40-40,7°С, іші өтіп, жем-шөпке карамай, кұсып, салмағын жоғалтады, сүті азайып, кейде сүт бөлмеуі де мүмкін (агалактия). Қалыпты жағдайда, қосалкы инфекциялар мен асқынулардан сау болғанда, ауру мегежіндердің көпшілігі 3-5 күннен сауығады. Өлім сиректеу болады, ал асқынған жағдайда шығын 2-4 %-ке жетеді.

Өлекседегі негізгі өзгерістер ас қорыту жүйесінде кездеседі. Торайлардың өлексесі сусызданған, қарын қуысы көбінесе ұйыған сүтке толы болады. Қарынның кілегейлі қабығы кілегейлі немесе геморрагиялық қабынып, ойық жаралар кездеседі. Аш ішектің қабырғасы жұқарып, кілегейлі қабығында кілегейлі не геморрагиялық қабынулар кездесіп, бүртіктері ісініп, өліеттенеді. Аш ішектің қуысында қорытылмаған сүттің іріміктері, көпіршіктенген қоймалжың сұйык, газ кездеседі.

Балау. Ауруды індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерге, гистологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулерге сүйеніп аныктайды.

Ауырып жазылған шошқаларда екі жылға созылатын иммунитет түзіледі. Қазіргі кезде белсенді иммундеу мақсатында әр елдерде вакциналар шығарыла бастады. Өлтірілген вакцинаның иммундік қасиеті төмендеу болып шықты. Сондыктан көбінесе әлсіретілген тірі вакциналар пайдаланылады. Бұрынғы КСРО-да ВГНКИ штаммынан торша өсіндісінде алынған құрғақ вирус вакцина колданылады.

Арнайы емдік дәрі-дәрмектер жоқ. Қосалқы бактериялық инфекциялардан қорғау үшін антибиотиктер, сулъфаниламидтер, нитрофуран дәрмектері пайдаланыдады.

Сау шаруашылықтарда жалпы ветеринариялық қорғау, шектеу шараларын ережеге сай, уақытында жүргізу керек.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылықты сау емес де, анықтап, онда қатал түрде шектеу шараларынн енгізеді. Аур шыққан шошқа қораны бөлектеп, оған арнайы көлік және қызметкерлер бекітеді. Оларды ауыстыратын (кем дегенде 2 дана) жүмыс киімімен, аяқ киімімен камтамасыз етеді. аруашылык вирустық гастроэнтеритпен соңғы ауырған шошқа өлгесін, не айыққасын, не етке өткізгесін 21 күн өткеннен кейін, тиісті ветсанитариялық шараларды жүргізгеннен кейін, індеттен ада деп есептелініп, шектеу алынады.

Жұкпалы атрофиялық ринит (Rhinits atrofika infektiosa, инфекционный атрофический ринит) – созылмалы түрде өтіп, танаудың кілегейлі кабығының сірі-ірінді қабынуымен, кенсіріктің семуімен және бас сүйектерінің өзгеруімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.