МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 6 страница





Алғаш болып ауруды 1830 ж. неміс ғалымы Франк сипаттады. Ұзақ уақыт бойына ол жұкпайды деп есептелінді. Л. Радтке 1938 жылы ауру жануардан алынған материалмен сау торайларды тәжірибе жүзінде жұқтырып аурудың жұқпалы екенін дәледеді. Бірақ көп уақытқа дейін оның негізгі коздырушысы анықталынбады.

Қоздырушысы - Воrdеtеllа bronchiseptiса Вrucellaceaeе тұқымдастығының Воrdеtеllа туыстастығына жатады.

Қалыпты жағдайда ауруға шошқалар жасына карамай бейім келеді, алайда клиникалык белгілері 1-2 айлық торайларда анық білініп, олар жиірек шалдығады. Сондай-ақ бұл ауруға қоян, егеуқұйрық, тышқан, теңіз шошқасы сияқты кемірушілер бейім келеді. Аурумен сиректеу ит, қой, құлын ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы ауру шошқалар, олар оны сытртқы ортаға жөтелгенде, түшкіргенде, танаудан аққан сорамен бөліп шығарады. Сақа шошқалар көбінесе жасырын ауырып, қоздырушының таралуына себепші болады. Табын ішінде ауру негізінен ауа арқылы тарайды. Сау шаруашылыққа індет көбінесе жасырын ауру малмен, әсіресе тұқымдық малмен енеді.

Ауру қоздырушысы шошқа денесіне ауамен бірге еніп, танаудың кілегейлі қабығын қабындырады. Қабыну деңгейі жалпы шошқа организмінің ауруға қарсы тұру қабылетіне, фосфорлы-кальцилі зат алмасудың бұзылуына, витаминдердің жетіспеушілігіне (әсіресе Е витамині), әртүрлі қосалқы микрофлораланың қатысуына байланысты болады.

Аурудың жасырын кезеңі 7-15 тәулік. Ауру негізінен баяу өршіп созылмалы түрде өтеді. Бас сүйегінің бет бөлігіндегі деформациялық өзгерістер пайда болғанға дейінгі аурудың клиникалық белгілері өзіне тән болмайды.

Әдетте торайлар ауруға, туғаннан кейінгі алғашқы күндері шалдығады. Аурудың алғашкы белгілері - зарарланғаннан кейін 7-12 тәулік өткесін торайлар жиі түшкіріп, танаудың кілегейлі қабығы қабынып, сора ағады. Қатты закымданған жағдайда танаудан қан ағады. Кейіннен танаудан аққан сора кілегейлі -іріңді болып, көзінен жас ағып, төменгі кабағы ісіп, көздің ішкі бұрышында қара дақтар пайда болады.

Басқа торайларда аурудың белгілері, яғни, танау кенсірігінің және бас сүйектің беттік бөлігінің семуі анық байқала бастайды. Ауру торайлардың көппшілгінің каңсарының арт жағының терісі қыртыстанып, жиырылып, төменгі ерні жоғары қайқайып, малдын жем жеуін киындатады. Танау кеңсірігінің екі жағы бірдей закымданғанда торайдың тұмсығы жоғары қайқайып (мопсовидность), кежірейеді, ал бір жағы зақымданған торайдын жоғарғы жақ сүйегі бір жағына (не оңға, не солға) қарай кисаяды.

Өлексені сойғанда міндетті түрде бас сүйегінің беттік бөлігін ұзыннан және көлденеңнен аралап кесіп, тексеру керек. Аурудың бастапқы кезеңінде танау қуысында қою шырыш жиналып, оның кілегейлі қабығына қан толады. Аурудың соңғы кезеңдерінде әсіресе аурудың жасырын не анық білінбейтін түрінде әр түрлі дәрежедегі танау кеңсірігінің семуі анықталып, кейде жоғарғы жақ сүйектің қысқарғаны байқалады.



Балау. Аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болған жағдайда балау қою қиынға түспейді. Сондықтан ауруды балағанда індеттанулық деректер, клиникалық белгілер және өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты өзгерістер ескеріледі.

Емдеу ауру жана басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақсатта антибиотиктерді, сульфаниламидтерді D витаминін пайдаланады.

Ауырып жазылған сақа шошкалар қайталап ауырмайды, және олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады. Жапонияда, АҚШ-та өзіндік дауалау үшін тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады.

Ауруды дауалауда шошқалардың күтімін, жемін дұрыс үйымдастырып, ветеринариялық-санитариялық ережелерді катаң сактау қажет. Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық атрофиялық риниттен сау емес деп есептелініп, шектеу енгізіледі.

Шаруашылыктан шектеуді табындағы малдан ауру мал бөліну тоқтағаннан кейін және негізгі мегежіндерден екі соңғы туғанында алынған торайлар атрофиялық ринитпен ауырмаған жағдайда бір жыл өткекнен кейін алады.

Бақылау сұрақтары:1 Дизентерияның негізгі індеттанулық ерекшеліктері. 2. Атрофиялық сему ринитінің клиникалық белгілері мен өлекседегі өзгерістері. 3. Вирустық гастроэнтерит кезінде мал жасына байланысты арудың клиникалық көріністерінің айырмашылықтары қандай? 4. Ауески ауруын алдын алу үшін қандай вакциналар қолданылады? Атрофиялық сему ринитін дауалау шаралары.

 

№25-26 дәріс

ТӨЛ АУРУЛАРЫ

 

Колибактериоз (Соlibacteriosis), немесе эшерихиоз (Escherichosis) – тоқтаусыз іш өтіп, дененің уланып, сусыздануымен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы ауруы.

Бұзаудың "ақ тышқақ" ауруының жұқпалы екенін 1865 ж. Обих, ал оны ішек таяқшасы бактерияларының қоздыратындығын Иенсен (1891) дәлелдеді.

Алғаш рет Эшерих (1865) адамның нәжісінен бөліп алған, бұл микроб Echericha coli, ал ол қоздыратын ауру колибактериоз немесе эшерихиоз атанды.

Қоздырушысы – Echericha coli - грамтеріс, қозғалмалы, спора түзбейтін, қысқа, жуантық, ұштары жұмырланып біткен таяқша.

Колибактериозбен барлык түліктің жас төлдері ауырады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы туа салысымен 5-7 айға дейін ауырады, құлын туа салысымен, торай туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, құс 1 күннен 90 күнге дейін және жұмыртқалаған кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында ауырады.

Ауру қоздырушысының бастауы - колибактериозбен ауырған және ауырып жазылған төл, сонымен қатар олардын микроб алып жүретін енелері.

Жұктыру факторы нәжіспен және несеппен ластанған әртүрлі заттар болып табылады. Жаңа туған төлге ауру қоздырушысы гигиеналық тәртіп бұзылғанда, мал төлдеген шақта енесінің уызымен, жемшөппен жұғады. Микроб денеге негізінен алиментарлық, сирегірек аэрогендік жолмен енеді.

Алиментарлық жолмен денеге еңген эшерихиялар адгезиялық қасиеті арқасында ішектің эпителиіне жабысады. Ішекке жабысқан эшерихиялар тез өсіп-өніп, әртүрлі улы заттар бөліп шығарады. Бұл заттар ішекті тітіркендіріп, оның сіңіру қасиетін тежеп, секрет бөлуін күшейтеді /гипер-секреция/. Ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның осмотикалық қысымы төмендейді. Бұның нәтижесінде электролиттер кілегейлі кабықтардан ішек қуысына өтеді. Нәтижесінде төл организміндегі су мен минеральді тұздар азаяды.

Колибактериоз энтерит, энтеротоксемия және септицемия түрінде өтеді.

Аса жіті өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады. Ауырған мал өте әлсіреп, дел-сал күйге түсіп, өлі тиген белгілері білінеді. Ыстығы 41,5-42°С-ке жетіп, тамырының соғуы мен тынысы жиілеп, көзге көрінетін кілегейлі кабықтарын қан кернеп, кейде іші өтеді. Мал ес-түссіз қалге түсіп, 1-2 күн ішінде өледі.

Жіті өтуі әдетте 3-7 күндік төлде байқалады. Мұндай жағдайда малдың іші толассыз өтіп, организмнің сусыздану белгілері байқалады, денесі кұрыстанып, дел-сал күйге түседі. Ауру 3-4 күн ішінде өліммен аяқталады.

Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Денесінің арт жағы нәжіспен былғанған. Құрсақ қуысында сұйык экссудат іркіледі. Қарында, бұзау мен қозының ұлтабарында үйыған сүт пен уыз болады. Қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сүйықтын исі жағымсыз. Кілегейлі қабықтары домбығып, қанға кернеліп, жалқақтанады, кей жерлері канталап тұрады.

Ауруды балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар, міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады.

Колбактериозбен ауырған төлді оқшаулап, емдейді. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Ен, алдымен диетаны өзгертіп, денеге жеткілікті мөлшерде сүйықтық пен электролиттер енгізеді, антимикробтық және иммуноглобулиндік препараттар беріледі, іштің өтуін тыятын дәрілер және улы заттарды сіңіріп алатын адсорбенттер, витаминдер пайдаланылады.

Колибактериозбен ауырып жазылған төлде иммунитет қалыптасып, қайтадан ауырмайды. Жас төлді бұл ауруға қарсы егу нәтиже бермейді, үйткені оның иммунологиялық икемділгі жеткіліксіз және туа салысыен шалдығатын болғандықтан иммунитет калыптасып үлгермейді. Сондықтан колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинамен буаз мал егіледі.

Колибактериоздың алдын алу үшін буаз малды дұрыс бағып-күту керек. Буаз сиырды бұзаулайтын қораға ауыстырар алдында үстін тазалап, тұрар орнын дезинфекциялайды. Туған бұзауды бірінші тәулік енесімен бірге ұстап, еркін емізеді. Профилакторияда бір секциядағы бұзаулардың жас айырмашылыктары 1-3 күнен аспауы қажет.

Колибактериоздын тұрақты ошағына айналған шаруашылықтарда буаз малдарға вакцина егеді. Фермада колибактериоз байқалған кезде туған бұзауларды профилакторияның сецияларына қабылдауды токтатады.

 

Сальмонеллез немесе қылау (Salmonelessis, паратиф) – жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы.

1885 ж. Сальмон мен Смит обадан өлген шошканың өлексесінен микроб бөліп алып, оны Ваct. suipestifer деп атады. 1934 ж халықаралық микробиологтар қоғамы бұл топтағы микробтарды сальмонеллалар деп, ал олар коздыратын ауруды сальмонеллез деп атауды ұсынды.

Қоздырушысы. Сальмонелла туыстастығын құрайтын бактериялар Enterebacteriaceae тұқымдастығына жатады.

Қылаумен барлық туліктердің төлдері ауырады. Сальмонеллаларды алып жүру жануарлар арасында кең тараған. Ересек жануарлардың көпшілігінде, мал қораларында бұл микроб жиі кездеседі. Сондықтан салъмонеллез кез келген шаруашылыкта орын алады да, малдың ауруға шалдығуы оның күтімі мен ветеринариялық-санитариялық жағдайға байланысты болады, аурудың басты себебі шаруашылыктағы қырсыздық.

Бұзауға, қозыға және торайға ауру негізінен алиментарлық жолмен, сирегірек тыныс ағзалары арқылы жұғады, ал құлын, кейде қозы тумай тұрып, жатырда ауру жұқтырады. Іштен ауру болып туған төл көп тұрмай бірер күн ішінде өліп калады.

Төлдің ішегіне түскен сальмонеллалар өсіп-өніп қабыну процесін тудырады. Ішектен коздырушының өзі оның өнімдері, әсіресе эндотоксиндері сөл жүйесіне өтіп, қанға түседі. Мұндай жағдайда септицемия орын алады.

Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 7 күнге дейін жетеді. Бүзауда қылау жіті, жітілеу, созылмалы және үзікті түрде өтеді.

Жіті өткенде қатты күйзеліп, дененің ыстығы 41 - 42°С көтеріліп тұрақты болады. Ауырған бұзау бір орыннан көп жылжымайды, көбінесе жата береді, жатқанда мойнын созып немесе кеудесіне бүгеді, тұрғанда бүгжиіп, көзін жартылай ғана ашады. Танауынан кілегейлі сұйық ағады. Жүні ұйпаланып, терісі тұла бойында кызынып, сирақтары мен құлактары суынады. Ондай бұзау 2-3 күн ішінде өледі, егер аман қалса онда іші өте бастайды.

Сальмонеллез кезінде оның қоздырушысы мен токсиндері организмде осы ауруға тән өзгерістер тудырады. Бірақ коздырушының уыттылығына, жануардың жасына және баска да ерекшеліктеріне байланысты патологиялық-анатомиялық өзгерістердін байкалуы әр алуан болады.

Балау. Сальмонеллезді балау үшін індеттанулық деректер, аурудың клиникалық белгілері мен патологиялық-анатомиялық өзгерістері ескеріліп, арнайы зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Емі. Қылаумен ауырған төлді тез бөліл алып, оқшаулайды да, күтімін жаксартып, диеталық. азықтар береді. Ішкі ағзаларда терең өзгерістер болмай тұрып, неғұрлым ерте емдесе соғұрлым ем нәтижелі болады.

Қылауға қарсы иммунитет ауырып жазылған соң және қолдан иммундеу арқылы қалыптасады. Жас төлдін бұл ауруға қарсы тұру кабілетінің калыптасуы үшін уыздың маңызы зор.

Төлдің қылауға шалдығуының негізгі себебі малды дұрыс бағып-күтпеу, зоогигиеналық-санитариялық шаралардың дұрыс жүргізілмеуі болғандықтан, аурудын алдын алу үшін малдың күтіміне, малды төлдетуге, жас өлді дұрыс бағуға баса назар аудару керек. Сонымен қатар ауруға карсы арнайы шаралар ретінде сальмонеллезге қарсы вакциналар кең қолданылады. Вакцинамен буаз малды да, жаңадан туған төлді де егуге болады. Шаруашылықта сальмонеллез байқалғанда ауруға барлық малды клиникалық тексеруден өткізіп, термометрмен ыстығын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып емдейді.

 

Қозының анаэробтық дизентериясы(Disenteria neonatorum anaerobica, анаэробная дизентерия ягнят) – ішектің қанталап қабынуы мен дененің улануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұкпалы ауру.

Қозының қан аралас іші өтуінен жаппай қырылуына XVIII ғ. бас кезінде Англиядағы қой өсірушілер назар аударды. Індеттің қоздырушысын 1822 ж. Деллинг пен Гайнер бөліп алып, Lamb dysentery bacillus /ағылшынша: қозы дизентериясының бацилласы/ деп атады.

Қоздырушысы – СІ. Регffringens, топырақ пен жануарлардың ас қорыту жолдарында жиі кездесетін микроб.

Дизентериямен қозылар туғаннан соң 3 аптаға дейінгі аралықта, көбінесе 5 күндік; мерзімде ауырады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған төл мен микроб алып жүруші ересек жануарлар. Әсіресе микробты сыртқы ортаға көп мөлшерде, іші өткен қозылар нәжіспен бөліп шығарады.

Ауру әдетте алиментарлық жолмен әсіресе желіні ластанған енсін емген кезде жұғады. Енесінің сүтінде де қоздырушы болуы мүмкін.

Ішекке түскен ауру қоздырушысы күрт қаулап өсіп, көп мөлшерде улы заттар, (негізінен бета-токсин) бөліп шығарады. Олардың әсерінен ішекте өліеттену басталып, эпителий ойылып, жарақаттанады.

Жасырын кезеңі өте кысқа 6-12 сағат мөлшерінде, кейде 2-3 күнге созылады. Дизентерия жіті және жітілеу түрде байқалады.

Жіті өткенде жас қозы туғаннан соң бірінші күні-ақ аурудың клиникалық белгілері білініп үлгермей өліп кетеді. Жітілеу өткенде ауырған қозының іші өтіп, нәжісі бастапқыда сарғылт немесе жасыл түсті сұйық болады да бірте-бірте қоюланып, қоңыр-қошқыл түске айналып, қан араласады, газ көпіршіктері мен жалқақ байқалады. Қозы басын төмен салып, бүгжиіп тұрады немесе жатып қалады, жүні үрпиіп, іші қабысады. Біраз уақыт өткен соң козы әлсіреп, өліп қалады.

Өлген қозы арық, артқы жағы нәжіспен былғанған болады. Жарып сойғанда негізгі және өзіне тән өзгерістер ішекте болады. Ауру ауыр түрде өтсе, онда ішектің кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылғаны байқалады, кей жағдайларда гемморагиялық қабынып ішектің ішінде қан аралас сұйық болады..

Балау. 3-5 күндік төлдің энтеритке тән белгілермен ауруға шалдығып, зор шығынға ұшырауы, өлексені сойғанда ішектің зақымдануы, жүрек етінің қанталап, жүрек қабының сұйыққа толы болуы анаэробтық дизентерияға күдік туғызады. Түпкілікті балау бактериологиялық және токсикологиялық зерттеудің нәтижесіне негізделеді.

Емі. Ауырған қозыға анаэробтық дизентерия мен қойдың жұқпалы знтеротоксемиясына қарсы бивалентті антитоксиндік қан сарысуы қолданылады. Емнің нәтижесі аурудың ең бастапқы кезеңінде ғана дұрыс болады. Бұған қосымша антибиотиктер қолданылады.

Ауырып жазылған козыда иммунитет қалыптасады. Ауруға қарсы поливалентті концентрацияланған гидроокись алюминийлі /бродзот, энтеротоксемия, катерлі домбығу және қозының дизентериясына қарсы/ вакцина және осыған тақылеттес анатоксин қолданылады.

Аурудың алдын алу үшін буаз саулықтарды дұрыс күтуілуін қадағалайды. Сондықтан да осы мақсатта қойдың рационының протеин, минералъді заттар және витаминдер жағынан кемістігі болмауын, жас төлге суық өтпеуін, астынын сызсыз кұрғақ болуын қадағалау қажет.

Ауру шыққан отарда ауырған қозыны енесімен бірге оқшаулап, емдейді.

Диплококктік инфекция(Dірlососсus sерtісаеmіа) (диплококкоз, стрептококкоз) – сепсиспен, энтеритпен, өкпе қабынуымен және буындардың зақымдануымен сыпатталатын бұзаулардың, қозылардың, сирегірек – торайлар мен құлындардың жұқпалы ауруы.

Қоздырушысы – Dірlососсus lаnсеоlаtus (Strерtососсus рnеumоnіае), сыртқы шеттері ептеп созылыңқы келген жұпты коктар формасында болады (шеттері ланцет тәріздес үшкірленген).

Ауруға бірінші күндері өмір сүрген бұзаулар мен қозылар бейімді, сирегірек 2-3 айлық торайлар мен кұлындар ауырады. Қоздырушының көзі - диплококктарды мұрынның сораптарымен, зәрмен, нәжіспен бөліп шығаратын, ал ересек малдар желінсау диплококтарымен, қоздырушыны сүтпен және жыныс жолдарының сораптарымен беліп шығаратын эндометриттармен ауырған және аурудан айыққан телдер. Қозылар мен торайлар негізінен сүт арқылы немесе жыныс жолдарының зарарларымен былғанған емшектерді емгенде ауырады.

Организмге аэрогендік немесе алиментарлық жолмен енген вирулентті диплококктар одан әрі кілегейлі қабықтар арқылы сөл және қанға кіреді, бүкіл организмге таралады, өсіп-өнеді, сепсис тудырады.

Бұзауларда, торайларда, қозыларда жасырың кезең бірнеше күн (жиірек 2-5). Оның ұзақтығы Қоздырушыныњ вируленттігі мен төлдің резистенттігіне байланысты.

Бұзауларда ауру өте жіті (сирек), жіті, жітілеу және созылмалы өтеді. Жиірек температурасы 40-42°С дейін көтерілуімен мұрын мен көздің дәнекер қабығыныњ кілегейлі қабықтарынын ќызаруымен, көз жасының мол ағуымен- көрінетін аурудың жіті µтуі байқалады. Қан тамырының соғуы мен тыныс алу жиілейді, тәбеті төмендейді. Аурудың жағдайы тез нашарлайды да 1-2 күннен кейін бұзаулар өледі. Бұлай өтуі фермадағы ауру қозуының басында 5-күндік жастағы бұзауларға тән.

Аса жіті және жіті өткен ауруларда сепсиске тән өзгерістер табылады;геморрагиялық диатез (ағзаларда,сірілі және кілегейлі қабықтарда, сөл түйіндерінде қан құйылулар), талақ 1,5-2 есе ұлғайған (аса жіті өткенде ол қалыпты кө-лемін сақтап қалуы мүмкін), қоңыр немесе қаралау - шие түстес, тығыз консистенциялы, жиектері қайқайған. Өкпе ісінген, кеңірдек пен көкірек қуысының сөл түйіндері үлкейген, кесіктері шырынды, қан кұйылулары бар. Қан құйылуларды жүректің сыртқы және ішкі қабының, талақ, бүйрек қаптарының астынан, ішектің кілегейлі қабығынан табуға болады.

Емі. Уақтылы басталған емдеу өлімді әжептәуір азайтуға мүмкіндік береді. Төлдерді емдеуде сульфаниламидтік препараттар (норсульфазол, сульцимид, дисульфан, т. б.) көрсетілген.

Ауырып айыққан малдар иммунитетке ие болады.

Дауалау және күресу шаралары.Метриттармен, желінсауменауыратын сиырларды, қойларды, мегежіндерді тауып, оңашалап емдеудің мәні зор. Бұзауларға желінсаумен ауыратын сиырлардың сүтін беругеболмайды. Ауру және ауруға күдікті төлдерді оқшаулайды, емдейді.

Бақылау сұрақтары:1.Төлдердің ауру жұктыруының басты жолдары. 2. Сальмонеллезге тән клиникалық белгілер. 3. Төл ауруларын дауалау және олармен күресу шаралары.

 

№27-28 дәріс

ҚҰС АУРУЛАРЫ

Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезнь, псевдочума) – тауық тұкымдасына жататын кұстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жұйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру.

Бұл ауруды алғаш рет ағылшын ғалымы Доиль 1927 жылы Ньюкасл қаласы маңында байқан осыған орай оны осы қаланың атымен "Ньюкасл ауруы" деп атады.

Қоздырушысы - парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қасиеттері әр түрлі болады және соған байланысты аурудың клиникалық белгілері мен таралуы да әр түрлі болады.

Ньюкасл ауруымен көптегн үй және жабайы тауық тұқымдастар ауырады. Жиірек тауық, ал сирегірек күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер ауырады. Сау құстар көбінесе ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде немесе вирус жүққан жем-судан, кұрал-сайманнан, балапан шығатын жұмыртқадан жұқтырып алады.

Аурудың жасырын кезеңі вирустың енген жолына, оның уыттылығына, құстын жасы мен күтіміне байланысты болады. Әдетте ол 2-6 күн, ал кейде 2-3 аптаға дейін созыуы мүмкін.

Ауырған құс аяғынан тұра алмай құлап, тұруға әлі келмей қалады. Кейбіреулері бүйірімен жатады. Мойындарын ирелендету, басын кекжиту, мойнын басын біресе арқасына, біресе бауырына алып сіңірлері тартылып, салданады. Салдану барысында сілекейін жұтына алмағандықтан олардың аузынан сілекейлері ағып жатады. Өкпелік ағымында негізінен тыныс алу жолдары зақымданады.

Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып карағанда карынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Ток ішектін ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегей бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді.

Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықтау онша қиын емес. Ауырған тауықтарды мұкият карап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны. Ауруды балау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздырушысын бөліп алу, оның зардаптылығын және гемагглютинациялаушы қасиетін анықтау және кұстың қанында өзіне тән бейтараптаушы антиденелердің барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі. Осы өлген эмбрионның аллантоис қуысынан алынған сұйықтан ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен анықтайды.

Ауруды жұқпалы тұмау, жұқпалы ринотрахеиттен, пастереллезден, уланудан ажырату керек.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.