МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

ТУЛЯРЕМИЯ, СІРЕСПЕ, БОТУЛИЗМ 13 страница





Шошқа тұмауы(Influenza suis), инфлюэнца свиней, энзоотическая бронхопневмония – тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарының катаралды қабынуымен, қызбамен, малдың әлсіреуімен, коньюнктивитпен және өкпенің қабынуымен сипатталатын аса жұғымтал, жіті өтетін ауру. Қоздырушысы – Orthomyxovirus тұқымдастығына жататын РНҚ бар вирус. Шошқа тұмауы вирусы мен адам және құстардың тұмауын тудыратын, А типті вирустардың антигендік туыстығы анықталған. Шошқа тұмауының вирусы адамдарда да ауру тудыруы мүмкін.

Энзоотиялық энцефаломиелит, Тешен ауруы (Еncерhаlomyelitis enzootica) энзоотический энцефаломиелит, болезнь Тешена – көбінесе жіті түрде байқалып, энцефалит және энцефаломиелиттің дамуымен ерекшеленетін аса жұғымтал инфекциялық ауру. Індетке тек шошқалар ғана бейім, негізінен 2-10 ай аралықтарындағы малдар ауырады.

Індеттік жағдай:Шошқа шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығындағы бордақылауға қойылған торайлар арасында, клиникалық ауру малдар анықтала басталды. Жануарларды тексеру барысында, ауырған торайлардың түшкіруі және танауларынан сірлі-іріңді эксудаттың бөлінуі байқалды. Кейбір торайларда танауларының қисайғаны анықталды. Шаруашылықта: 5 негізгі және 10 бір реттік мегежіндер, 45 бордақылаудағы торайлар, 30 анасынан айырылған торайлар және 60 еметін торайлар бар.

Өзіндік жұмыс:Студенттер, жеке бастарымен туындаған індеттік жағдайға талдау жасап, диагностикалық зерттеулердің кесетсін құрастырады. Диагнозды нақтылап, қолайсыз ошақта дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыруға кіріседі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қоздырушлары, олардың қасиеттері және сыртқы орта факторларына тұрақтылығы

2. Індеттерге тән індеттанулық деректер

3. Клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер

4. Дауалау және сауықтыру шараларының жүйесі

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№26 сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Сальмонеллездер(Salmonellosis), қылау, сальмоенллезы, паратиф – төлдерде жіті өткенде қызба, септицемия, токсикоз және іш өтумен, жітілеу және созылмалы ағымдарында өкпенің қабынуы және артриттермен, ал ересек аналықтарда іш тастаулармен ерекшеленетін, негізінен ауылшаруашылық жануарлардың зооноздық аурулар тобы. Адамдарда індет тағамдық токсикоинфекция түрінде өтеді.



Аурудың қоздырушысы – Enterobacteriaceae тұқымдастығының Salmonella туыстастығына жататын бактериялар. Бүгінгі күнде, сальмонеллалар 52 серотопқа бөлінген 2300 сероварианттардан тұрады және олардың басым көпшілігінің жеке атаулары бар. Жануарлар сальмонеллезінің негізгі қоздырушылары В, С және D серотоптарына жатады.

 

Жануарлар сальмонеллезінің қоздырушылары

Жануарлар түрлері Негізгі қоздырушылары Сирек кездесетіндері
серовар серотоп серовар серотоп
Ірі қара мал dublin D enteritidis D
Шошқа choleraesuis С dublin D
Ұсақ қара мал abortusovis В dublin D
Жылқы abortusequi В - -
Тауық gallinarum pullorum D - -
  enteritidis - - -
  typhimurium - - -
Күрке тауық gallinarumpullorum D enteritidis D
Үйрек typhimurium В enteritidis D
Түлкі, ақ түлкі dublin D - -
  typhimurium В - -
  cholerasuis С - -

 

Айқын байқалатын ауруды әдетте, нақты бір жануар түріне бейімделген, жеке серологиялық варианттар тудырады. Сальмоенллез бойынша сәтсіз шаруашылықта, жиі ретте ауруға төлдер шалдығады. Сонымен қатар, ауруды жұқтырған жас және ересек жануарлар аурумен сипмтомсыз түрде ауырып, ұзақ мерзімге дейін сальмонеллатасымалдаушы болып қалады.

Сальмонеллалардың індеттанулық сипаттамалары

Індеттанулық көрсеткіш Сипаттамасы
Бейім жануарлар түрлері Бұзаулар – 6 айға дейін (жиі ретте 10...60-күндік); торайлар – туа салсымен 4 айлығына дейін (әсіресе енесінен бөлген кезде); қозылар – туғаннан кейін бірінші күндері мен апталарында, кейде 2...3 айлығында; құлындар – туғаннан кейін бірінші 8...10 күн ішінде (кейде 3 айға дейін); түлкі, ақ түлкі, нутрия күшіктері – жиі ретте 1...2 айлығында; балапандар – 20-күндік жасқа дейін. Ересек жануарлар (аналықтар) жылқылар, қойлар
Инфекция қоз-дырушысының көзі мен қоры Ауру және ауырып сауыққан жануарлар – сальмонеллатасымалдаушылар, олардың ішінде кемірушілер және жабайы құстар
Жұғу жолдары және қоздырушының берілу механизмы Негізгі жұғу жолы – алиментарлық (қоздырушымен зарарланған сүт, көк сүт, су және т.б.) және сирек жағдайда – аэрогендік; кейде тумай тұрып жатырда жұғуы мүмкін. Құстарда сальмонеллалар трансовариалдық жолмен берілуі мүмкін. Қоздырушының сыртқы ортаға бөліну жолдары: ересек жануарларда – сүтпен, нәжіспен, іш тасталған түсікпен, шарана суымен және жыныс жолдарынан бөлінген бөлінділермен; төлдерде – нәжіспен, несеппен, сілекеймен және танаудан аққан сорамен
Індеттік процестің туындау қарқындылығы Эпизоотиялық тұтанулар және спорадиялық оқиғалар түрінде
Маусымдылығы, тұрақтануы Індет жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Бұзауларда жиірек қыс-көктем маусымдарында, торайларда – енесінен айырғаннан кейін. Індеттің тұрақтануы бактериятасымалдаушы жануарлармен негізделінеді
Себепкер факторлар Жануарлардың тығыз орналасуы, антисанитариялық жағдай, азықтандырудың қанағатанарлықсыздығы, микроклимат параметрлары, переохлаждение, перегревание
Шалдығуы, Өлім-жітімділігі Бұзаулардың шалдығуы 50...80%, өлімге ұшыруаы 70% дейін, торайларда, қозыларда және құлындарда тисінше 20...40 %, 50% дейін; 40...45 и 30...45%

Колибактериоз (Соlibacteriosis) немесе эшерихиоз (Escherichiosis) колиэнтерит, колисепсис – септицемия, токсемия және энтерит салдарынан тоқтаусыз іш өтіп, организмның уланып, сусыздануымен, орталық жүйке жүйесінің зақымданып, өршіген депрессия және әлсізденумен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы зооноздық ауруы.

Қоздырушысы – Escherichia coli-дің (ішек таяқшасы) патогенндік штамдары. Колибактериоз – барлық ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің арасында, таралуы бойынша алғашқы қатарда тұрған ауру. Бұзаулар негізінен туғаннан кейін 2-7 күндігінде, қозылар туа салысымен 5-7 айға дейін, құлындар туа салысымен, торайлар туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, терісі бағалы аңдардың күшіктері 1...5-ші күндері және сирек жағдайда 6...10 күндік жаста, құстар 1 күннен 90 күнге дейін және жұмыртқалаған кезінде ауырады. Ауру жылдың барлық мезгілінде байқалады. Бұзаулар мен қозылар жиі жағдайда қорада ұстау кезінде ауырады.

Стрептококкоздар(Streptococcosis) – жіті өткенде өлітию белгілерімен және буындардың қабынуымен, жітілеу және созылмалы ағымдарында өкпе мен ішектің, көздің және басқа да ағзалардың қабынуымен ерекшеленетін негізінен төлдердің инфекциялық бактериалдық аурулары.

Стрептококкоздардың қоздырушылары – оң гармды дөңгелек немесе сопақша келген (ланцет тәрізді) кокктар, спора түзбейді. Стрептококтар, іріңнің туындауымен сипатталатын инфекциялық процестерді тудырып, бұзауларда, қозыларда және құлындарда – пиемия және септицемия, артриттер, лимфадениттер, фарингиттер, флегмоналар, эндокардиттер, өкпенің қабынуы және т.б., ал торайларда – менингоэнцефалиттер, септицемиялар, энтероколиттер, артрозоартриттер, бронхопневмониялар, лимфодениттер түрлерінде өтіп, жіті және жітілеу ағымдарында өрбиді.

Аурулар, дене температурасының жоғарлауымен, күйзелумен, кеңістікте қимылдау қабылетінің бұзылуымен, домбығулармен, артриттармен және кейде диареямен сипатталады. Стрептококкоз кезіндегі өлім-жітімділік, әртүрлі сыртқы орта факторларының әсеріне және жануарлар организмінің тұрақтылығына байланысты.

Қозының анаэробтық дизентериясы (Disenteria neonatorum anaerobica), анаэробная дизентерия ягнят – орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, ішектің қанталап қабынуы, және организмнің улануы арқылы ерекшеленетін, жұғымтал емес токсико-инфекциялық ауру. Індет, негізінен жануардың ішегінде С. perfringens-тің қарқынды көбеюінен және соның нәтижесінде пайда болған токсиндердің организмге ішек арқылы сіңірілунен туындайды. Анаэробтық дизентерия кезінде, барлық жануарларда патологиялық процестің өрбуі, қоздырушының типіне қарамастан бірдей өтеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Колибактериоз бен сальмонеллездардың пайда болуы мен дамуына себебін тигізетін этиологиялық факторларды атап шығыңыз

2. Неге сальмонеллездар факторлық-инфекциялық ауруларға жатқызылады?

3. Жоғарыда қарастырылған аурулар кезінде байқалатын негізгі клиникалық белгілер

4. Жиналған деректер кешендері бойынша сальмонеллездарды колибактериоздан, стрептококкоздан және анаэробтық дизентериядан ажырата балауды жүргізіңіз

5. Шаруашылықта, індетті дауалау және жою мақсатында, қандай ұйымдастыру-шаруашылық, зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық және індетке қарсы шаралардың кешені жүргізілуі тиіс?

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

 

№27 сабақ. Ауылшаруашылық жануарлар төлдерінің ауруларымен күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде жүргізілетін дауалау тәсілдері мен емдік шараларын игеру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

 

Төлдердің инфекциялық ауруларға шалдығу себептері, жеке-жеке әсер етпейтін, керсінше бір-бірімен тығыз байланыста болатын көптеген факторларға байланысты болады.

Осы көптеген этиологиялық факторларды негізгі төрт топқа жіктеуге болады:

- шаруашылықтың ұйымдастырылуы және қызметкерлері (мысалы, еңбек ету өнімділігі, жұмыскерлердің біліктілігі, жұмысқа деген қатынасы);

- абиотикалық факторлар (иалдың бағылып-күтілуі, оранласуы, микроклимат);

- трофикалық факторлар (мысалы, анасы мен төлдің азықтандырылуы);

- биологиялық факторлар (мысалы, туа біткен төзімділік, иммунобиологиялық жағдай, қоздырушының патогендігі мен вируленттігі, инфекция мөлшері).

 

1 кесте – Төлдердің колибактериозы кезінде сәтсіз шаруашылықта жүргізілетін шаралар тәртібі

Бұзаулар Сиырлар Шаралар
Аурулар:оқшаулау, қан сарысуын, бактериофагты, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу Ауруға күдіктілер: дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, 10 күннен кейін вакциналау Шартты сау мал: екі мәрте вакциналау Жаңа туғандар: өмірінің 1-ші күні – дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, 10-12-ші күндері – вакциналау Төлдеуге 50-60 күн қалғанда вакциналау Қораларды тазалау, дезинфекциялау, жаз мезгілінде малдарды тексеріп отыру. Мал қиын биотермиялық жолмен зарарсыздандыру, дератизациялау. Аналарын толық құнды азықпен қамтамасыздандыруды және дұрыс күтуді ұйымдастыру. Төлдер күтімінің санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсарту.
Торайлар Мегежіндер Шаралар
Аурулар:оқшаулау, бактериофагты, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу Ауруға күдіктілер: тексеру, термо­метрия, соңғы ауру мал анықталғаннан кейін 10 күн өткен соң вакциналау Шартты сау мал: туылған күнінен 10 күн асқан соң вакциналау Төлдеуге 1,5-2 ай қалғанда, арасына 7-10 күн салып, екі мәрте вакциналау Туу және төлді қабылдау шараларын дұрыс ұйымдастыру. Ауру туындаған кезде төлдің орнын алмастыруға шектеу қою
Қозылар Саулықтар  
Аурулар:оқшаулау, қан сарысуын, антимикробтық және симптоматикалық препараттарды қолдану арқылы емдеу Ауруға күдіктілер: дауалаулық мөлшерде қан сарысуын енгізу, содан кейін вакциналау Төлдеуге 1,5-2 ай қалғанда, екі мәрте вакциналау  

Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде дауалау және емдік шараларын жүргізу үшін, диагностикалық кешен келесілерден тұрады:

1) төлдердің эмбрионалдық даму жағдайын (буаз малдардың бағылып-күтілу жағдайы) және жаңа туған төлдердің күтімін тексеру; 2) шаруашылықтың індеттанулық жағдайын анықтау; 3) жан-жақты клиникалық және паталогоанатомиялық зерттеулердің жүргізілуі; 4) буаз малдар мен жаңа туған төлдердің қан сарысуын каротиннің бар-жоқтығына тексеру; 5) ауру малдар мен өлекселерден алынған патологиялық материалдарға, түрлі бактериологиялық, серологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізу.

Секциялық профилакторилерде жаңа туған бұзауларды өсіру технологиясы. «Бос – бос емес» принципі бойынша пайдаланылатын, төрт және одан да көп секциялардан тұратын ауыстырмалы профилакторилер, өздерін толығымен ақтады деп айтуға болады. Бұзауларды өсірудің бұл технологиясы, бір мезгілде, індеттік процестің барлық буындарына әсер етуге мүмкіндік береді: инфекция қоздырушысының көзі, берілу механизмы, бейім жануар. Профилакторидің әр секциясы автономды түрде қызмет етіп, оны арнайы циклограмма бойынша толтырып босатады және 3 күн бойы толтырмай бос қояды.

 

2 кесте – Төрт секциялы профилакториді пайдалану циклограммасы

Секция №   Айдың күндері Секцияның бос тұрған күндері   Айдың күндері Секцияның бос тұрған күндері  
Толтыру Босату Толтыру Босату
1-4 5-6 9-12 13-16 17-20 21-24 25-28 29-2

Сауықтыру кешенінің негізі ретінде, буаз малдар мен төлдердің азықтандыруы мен күтімін жақсартуды қолға алады. Қандай да болмасын инфекциялық аурумен ауырып сауыққан төлді, бір айға дейін аурудың алдында ұсталған топқа қайта қоспайды.

Дәрілік заттар диеталық азықтармен бірге берілуі тиіс. Егер ауру мал құнарлығы төмен азықпен азықтандырылып, антисанитариялық жағдайда ұсталса, кез келген дәрілік заттың тиімді емдік әсері болмайды. Бір мал тұлігінің төлдерінде, бір аурудың клиникалық байқалуы әр түрлі болатынын ескере отыра, әр жағдайда емдеу және диеталық азықтандыру шараларын, ауру ағымының ерекшелігіне байланысты, ажыратып отыру керек.

 

3 кесте – Төлдердің колибактериозын емдеу кезінде қолданылатын антибиотиктер

 

Антибиотиктер Енгізу тәсілі Интервал Өлшем бірлігі Бұзаулар Торайлар Қозылар
Левомицитин Ішке 12 сағ. мг/кг 10 - 20 20 - 40 10 - 15
Полимиксин М Ішке 8 - 12 сағ. мың ӘБ/кг 30 - 40 30 - 40 30 - 40
Мономицин Ішке 8 - 12 сағ. мың ӘБ/кг 4 - 6 4 - 10 6 - 8
Канамицин б/етке 12 сағ. мың ӘБ/кг 5 - 1 0 5 - 6
Тетрациклин Ішке 12 сағ. мг/кг 10 - 15 15 - 20 15 - 20
Тетрациклин б/етке 12 сағ. мг/кг 5 - 7 5 - 10 -
Ампициллин Ішке 4 - 6 сағ. мг 200 - 250 50 - 100 -
Олететрин Ішке 8 - 12 сағ. мың ӘБ/кг 10 - 15 -
Гентамицин б/етке 6 - 10 сағ. мг/кг 1 - 1,5
Стрептомицин б/етке 12 сағ. мың ӘБ/кг 10 - 20 10 - 2О
Дитетрациклин б/етке 3 - 5 күн мың ӘБ/кг 50 - 75 30 - 50

 

Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

1 тапсырма. Әлсіз туған төлдерді (әсіресе бірінші бұзаулаған сиырлардан) бірінші күндері өсіру үшін не істеу керек? Ветфельдшер мен бұзаушыға, не және қашан естеу керек туралы ескертпе құрастыру.

2 тапсырма. Колибактериоз бен сальмонеллезды алдын алу үшін, бұзауларға вакциналау жүргізгеннен кейін кесімін (акт) толтыру. Егілген бұзаулардың тізімін толтыру.

3 тапсырма.Кешеннің карантиндік бөлімінде қызмет ететін веттехникқа, ветеринариялық шараларды орындау мерзімі көрсетілген, ескертпені құрастыру.

4 тапсырма.Бұзауларды карантиндік ұстау мерзімінде, ас қорту-ішек ауруларын алдын алу шараларын іске асыру туралы, жазбаша түрде нұсқамалар беру.

5 тапсырма. Бұзауларды колибактериоз бен сальмонеллезге (екі нұсқада) қарсы егу шараларының күнтізбелік жоспарын құрастыру. Жұмысты атқару үшін қандай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

6 тапсырма.Кешенге, 15 наурыз күні, әрі қарай өсіруге және бордақылауға әкелінген бұзаулар партиясын, бұзаутазға, диплококтық инфекцияға (немесе лептоспирозға, пастереллезге) қарсы вакциналау шараларының күнтізбелік жоспарын құрастыру. Егу жұмыстарын атқару үшін қандай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Төлдердің ауруларға шалдығу себептері неде?

2. Төлдердің инфекциялық аурулары кезінде дауалау және емдік шараларын жүргізу үшін, диагностикалық кешен не кіреді?

3. Төл ауруларын кешенді емдеу және арнайы иммунды дауалау тәсілдері мен жабдықтарын атаңыз.

4. Секциялық профилакторидің сызбасын түсіндіріңіз.

5. Төл ауруларын сауықтыру кешенінің негізін не құрайды?

Әдебиет:

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.

2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 1987 г.

3. Альбом «Диагностика инфекционных и протозойных болезней сельскохозяйственных животных». М.: Колос. 1968

4. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2.

5. Вакциналарды, қан сарысуларын, дәрілік препараттарды қолдану нұсқаулары, ережелері.

 

№28-29 сабақ. Құс аурулары. Балау және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:1. Індеттерді балау және ажырата балау тәсілдерін игеру. 2. Дауалау және сауықтыру шараларының жоспарын құрастыру.

Жүргізу орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының зертханасы

Сабақтың ұзақтығы: 2 сағат.

Марек ауруы (Моrbus Marek), болезнь Марека, нейролимфоматоз – ішкі ағзаларды ісік шалып, шеткері жүйке жүйесінің қабынуымен сипатталатын тауық тұқымдас құстардың созылмалы өтетін вирустық ауруы.

Қоздырушысы – Маreks disease gammaherpessvirus герпесвирустар туыстастығына жатады, құрамында ДНҚ бар. Марек ауруы вирусының 6 түрлі антигендері (А, В, С) ажыратылады. Вирусты тауық эмбрионында, фибробласт торшаларының, тауық пен үйрек эмбриондарының бүйрек торшаларының өсіндерінде өсіруге болады.

Індеттанулық деректері. Негізінен тауық ауырады, әсіресе 2 аптаға дейінгі балапандар бейімірек келеді. Әтештерге қарағанда шібилердің, әсіресе етті тұқымдардың, бейімділігі жоғары, Басқа құстардан үйректің, күрке тауықтың, аққудың, қырғауылдың, құрдың Марек ауруына шалдығатыны туралы деректер бар. Ауру қоздырушысының бастауы – ауру және жасырын ауыратын құстар. Сау құсқа, індет аэрогендік, алиментарлық, жанасу арқылы, кейбір тоғышар жәндіктер арқылы сонымен қатар тікелей жұмыртқа арқылы да жұғады.

Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle), болезнь Ньюкасла, жалған оба, атиптік оба, азиялық оба, псевдоэнцефалит, Дойль ауруы, Филарет ауруы, Ранкхет ауруы, брауншвейг обасы – тауық тұкымдасына жататын кұстардың бәріне тән, тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жұйесінің зақымдануымен сипатталатын, аса жұғымтал вирустық ауру.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.