Предиктивті медицина, таргетті терапия 8 страница 6.7.2.3. Онтогенездің жасушалық механизмінің сызбасын сызып, түсіндіріңіз. 6.7.2.4. Ситуациялық есептерді шығару: 1. Нәресте туылған кезде жұлынның ортаңғы бөлігі бітіспеген. Онтогенездiң қандай жасушалық механизмдері бұзылған? 2. «Жырық таңдай» ақаулығында қандай жасушалық механизмдер бұзылған? 3. Синдактилия кезiнде қандай жасушалық механизмдер бұзылған? 4. Мүшелердiң толық жетiлмеуi мен дұрыс орналаспауының негiзiнде қандай элементарлық жасушалық үрдістердiң бұзылуы жатыр? 6.7.3. Өзін - өзі жетілдіру дағдысын бағалау: 6.7.3.1. «Тератогендік факторлар туралы заманауи мәліметтер» тақырыбына дайындалған СӨЖ жұмыстарын «Жалпы және медициналық генетика» бөлімі бойынша аралық бақылауға дейін тапсыру. 6.7.4. Бақылау сұрақтары: 6.7.4.1. Жұмыртқа жасушасының полярлығы дегеніміз не? 6.7.4.2. Позициялық ақпарат қай жерде байқалады? 6.7.4.3. Жасушалардың бөлшектену арқылы бөлінуінің ерекшелігі неде? 6.7.4.4. Онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылысынан пайда болатын ақаулықтарға мысалдар келтіріңіз. Үш тілдегі түсіндірме сөздер: Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | Апоптоз – жасушалардың бағдарланған, физиологиялық өлімі | Апоптоз – программированная клеточная смерть, физиологическая гибель клеток | Apoptosis - process of programmed cell death, physiological cell death | Онтогенез – жеке дараның (ағзаның) даму үдерісі | Онтогенез – процесс индивидуального развития особи (организма) | Ontogenesis – process of individual development of organism | Ооплазмалық сегрегация – ооплазманың әртүрлі бөліктерінде (сегменттерінде) биологиялық белсенді заттардың әртүлі таралуын және ана ағзасында ооциттің жағдайын анықтайтын жұмыртқа жасушасының цитоплазмасының әртектілігі; ооплазмалық сегрегация ооплазманың әртүрлі аймақтарында орналасқан әртүрлі жасушалардан әртүрлі мүшелермен ұлпалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді | Ооплазматическая сегрегация – явление неоднородности цитоплазмы яйцеклетки, обусловленное неравнөмерным распределением биологически активных веществ в различных участках (сегментах) ооплазмы и положением ооцита в материнском организме; ооплазматическая сегрегация приводит к формированию различных органов и тканей из зачатков клеток, расположенных в разных участках ооплазмы | Ooplasmic segregation - egg cytoplasm heterogeneity phenomenon caused by unequal distribution of biologically active substances in different parts of ooplasm and oocyte position in maternal organism | Детерминация – жіктелмеген жасушалар (бастамалар) тобының даму бағытын таңдау нәтижесінде жіктелген жасушаларға айналуының онтогенетикалық үдерісі | Детерминация – онтогенетический процесс выбора направления развития группы недифференцированных клеток (зачатка) с последующим их превращением в дифференцированные клетки | Determination – choice of direction of development of undifferentiated cells accompanying by converting them to differentiated cells | Позициялық ақпарат– болашақ мүшелердің дамуына жауап беретін бастама жасушалардың оплазмадан алатын ақпараты; соған сәйкес жасушалар белгілі бағытта дамиды (детерминацияланады және нәтижесінде белгілі бір мүше қалыптасады) | Позиционная информация – информация, получаемая клетками-зачатками будущих органов из окружающей их ооплазмы; в соответствии с ней клетки развиваются в определенном направлении (детерминируются и формируют в итоге тот или иной орган) | Positional information – information (chemical signals) obtained by germ (undifferentiated) cells from ooplasm resulting in determination of them | Құрастырған: доц.Альмухамбетова С.К 9-тәжірибелік сабақ 6.1. Тақырыбы: Тұқым қуалайтын аурулар: себептері, жіктелуі, жиілігі, медициналық маңызы. Медициналық-генетикалық кеңес 6.2. Мақсаты: Студенттерде адамның тұқым қуалайтын ауруларының себептерін, пайда болу механизмін, негізгі клиникалық көріністерін, аурудың тұқым қуалау сипатын тани білу, тәжірбелік медицинада олардың маңызын түсіну туралы және тұқымқуалайтын патологиясы бар аурулар мен оның жанұясына арнайы медико-профилактикалық көмек көрсету ретінде медико-генетикалық кеңес жайлы білімін қалыптастыру. 6.3. Оқытудың міндеттері: - тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін білу - тұқым қуалайтын аурулардың даму механизмін білу - студенттерде адамның тұқым қуалайтын ауруларының жіктелу принципі туралы түсінігін қалыптастыру - студенттерді жаңа туылған және жас балалар мен ересек жас аралығындағы тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық көріністерін анықтай алуға үйрету - науқастардың арасынан тұқым қуалайтын аурулардың сипатын ажырата білуге үйрету - студенттер алған білімдері бойынша тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық көрінісі бар науқастарды уақтылы анықтап, медициналық-генетикалық кеңеске жіберуді тәжірбеде іске асыра алуларына үйрету; - медико-генетикалық кеңестің (МГК) заманауи медицинада және денсаулық сақтауда алатын орнын, маңызы мен мәнін ашу; - тұқым қуалайтын аурумен ауыратын науқастың жағдайына психологиялық баға беруге және оның жанұясымен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға, дәрігерлерше ойлануға дағдыландыру. 6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 6.4.1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының мәні. 6.4.2. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуінің принциптері. Тұқым қуалайтын аурулардың себептері мен даму механизмі.Наследственные болезни человека, определение, классификация, причины и механизмы развития. Genetic diseases of humans: definition, classification, causes and mechanisms of development 6.4.3. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының негізгі клиникалық белгілері. 6.4.4. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. 6.4.5. Медико-генетикалық кеңес, анықтама, мақсаттар, міндеттер. МГК жүргізу көрсеткіштері. МГК кезеңдері. 6.4.6. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл). 6.5. Оқыту әдістері:студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс: есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау; тақырып бойынша бейнефильмдер көру. 6.6. Әдебиеттер: Негізгі: 6.6.1. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2006. б. 48-64,211 -250, 323-335. 6.6.2. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004. б. 11-32. 6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 411-429, 395-400. 6.6.4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. б. 22-27, 187- 199. 6.6.5. Қуандықов Е.Ө, Нұралиева Ұ.А. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 133-198. 6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. Қосымша: 6.6.7. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б. 187-215 6.6.8. Заяц Р.Г, В.Э.Бутвиловский др. Общая и медицинская генетика. Ростов-на-Дону, 2002. б.195-200, 228-235. 6.6.9. Лильин Е.Т., Богомазов идр. Генетика для врачей. М., 1990. б.93-128. 6.6.10. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. б. 401-426. 6.6.11. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 6.6.12. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 86 6.6.13. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика М.: Академия, 2003. б.141- 153. 6.7. Бақылау: 6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау: 6.7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау 6.7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа. 6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау: 6.7.2.1. Кіші топтармен жұмыс - рөлдік ойын «Дәрігер - науқас». Жұмысты орындауда проф. Е.Ө Қуандықовтың. ред. «Медициналық биология және генетика». Алматы, 2004 оқу құралын пайдалану керек 6.7.2.2. Медико-генетикалық кеңестің түрлері (проспективті және ретроспективті) және олардың айырмашылығы мен маңызын сипаттау. 6.7.2.3. Кесте толтыру: Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі  ? ? ? ? ? ? 6.7.2.4. Кесте толтыру: Тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық белгілері Жас ерекшеліктері | Клиникалық белгілері | Жаңа туған нәрестелер | | Жасөспірім балалар | | Ересектер | | Қарт адамдар | | 6.7.3. Құзыреттілікті бағалау – құқықтық құзіреттілік. 6.7.3.1. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл). 6.7.3.2. Тесттік бақылау – 6 сұрақ. 6.7.3. Коммуникативтік дағды құзыреттілігін бағалау: 7.3.1. Әңгімелесу барысында материалды дұрыс жеткізу. 6.7.4. Өзін - өзі жетілдіру дағдысын бағалау: «Неонаталды скриниг», «Предективті медицина, таргетті терапия», «Тұқым қуалайтын ауруларды ДНҚ диагностикалаудың заманауи әдістері» тақырыптарына дайындалған СӨЖ жұмыстарын «Молекулалық биология негіздері» бөлімі бойынша аралық бақылауға дейін тапсыру. 6.7.5. Бақылау сұрақтары: 6.7.5.1. Тұқым қуалайтын аурулардың себептері. 6.7.5.2. Ересек және жасөспірім балалардағы, қарттардағы тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық белгілері. 6.7.5.3. Медико-генетикалық кеңестің мәні, реті және этаптары. 6.7.5.4. МГК өткізудің психологиялық, құқықтық аспектілері. Үш тілдегі түсіндірме сөздер: Қазақ тілінде | Оыс тілінде | Ағылшын тілінде | Мутация– жасушаның генетикалық материалының (хромосома, гендер) құрылысымен қызметінің өзгерісі | Мутация – изменения структуры и функции генетического материала клеток (хромосом, генов) | Mutations– changes of structure and function of genetic material of cells (chromosomes, genes) | Мутагендік фактор–мутацияны тудыратын факторлар | Мутагенные факторы – факторы, вызывающие мутации | Mutagenic factors – factors causing mutations | Геномдық мутация– хромосома жиынтығының немесе жеке хромосомалар санының өзгеруіне әкелетін мутация | Геномные мутации– мутации с изменением числа наборов или отдельных хромосом | Genomic mutations– mutations with numerical changes of sets or single chromosomes | Хромосомалық мутация– хромосома құрылысының өзгеруіне әкелетін мутация | Хромосомные мутации– мутации с изменением структуры хромосом | Chromosomal mutations– mutations with structural changes of chromosomes | Гендік мутация– геннің құрылысы мен қызметінің өзгеруіне әкелетін мутация | Генные мутации– мутации с измененением стуктуры и функции генов | Genes mutations– mutations with changes structure and functions of gene | Хромосомалық аурулар– хромосома саны немесе хромосома құрылысының өзгеруінен пайда болатын аурулар | Хромосомные болезни– болезни, обусловленные изменениями числа или структуры хромосом | Chromosomal diseases – diseases caused by changes of number or structure of chromosomes | Моногендік аурулар– жеке геннің мутациясынан пайда болатын аурулар | Моногенные болезни– болезни, обусловленные мутациями единичного гена | Monogenic diseases – diseases caused by mutations of single gene | Құрастырған: профессор Е.Ө. Қуандықов 10-тәжірибелік сабақ 6.1. Тақырыбы: «Жалпы және медициналық генетика негіздері» тарауы бойынша аралық бақылау 6.2. Мақсаты: студенттердің жалпы және медициналық (клиникалық) генетикадан алған білімдері мен түсініктерін меңгеру деңгейлерін, денсаулық сақтауда және заманауи медицинасындағы жалпы генетиканың маңызын және рөлін анықтау. 6.3. Оқытудың мақсаты: - студенттердің жалпы және медициналық генетиканың мақсаты мен міндеттері, денсаулық сақтау және заманауи медицинасындағы рөлін, маңызын және алатын орыны жайлы түсініктерін анықтау; - өткен материалдың жеке тараулары бойынша студенттердің білім деңгейлерін және түсініктерін бағалау; - студенттердің адамның белгілерінің (аурулардың) тұқым қуалау типтерін ажырата білуін анықтау; - студенттерді тұқым қуалайтын аурулардың сипатын анықтай білуге үйрету; - студенттерде ауру адамдарды және олардың туыстарын дер кезінде анықтау және медициналық – генетикалық кеңеске жіберудің негізгі міндеттерін қалыптастыру. 6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Генетиканың негізгі ұғымдары: тұқымқуалаушылық ядролық, цитоплазмалық, митохондриалық, аллельді, аллельді емес гендер, локус, генотип, фенотип, гомозигота, гетерозигота, гемизигота, доминанттылық, рецессивтілік, талдауы ағылыстыру 2. Тұқым қуалау, анықтамасы. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары және олардың цитологиялық негіздері. 3. Тұқым қуалаудың негізгі типтері: аутосомды - доминантты, аутосомды – рецессивті, толық емес доминанттылық, аутосомды және жыныс хромосомалармен (жыныспен) тіркескен доминантты және рецессивті.Основные типы наследования: аутосомно-доминантный, аутосомно-рецессивный, неполное доминирование, сцепленное с аутосомными и половыми хромосомами. The main types of inheritance: autosomal dominant, autosomal recessive, incomplete dominance, and linked with sex chromosomes 4.Тіркес тұқым қуалаудың бұзылуы. Т.Морган заңының негізгі қағидалары. 5. Генетиканың медицинадағы маңызы. 6. Моногендік белгілердің тәуелсіз және тіркес тұқым қуалауына типтік және ситуациялық есептерді шығару 7. Генотип, фенотип: анықтамасы, өзара әсері. 8. Аллельді гендердің өзара әсерлесуі: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, аса жоғары доминанттылық, кодоминанттылық. 9. Көптік аллельдер. АВО жүйесі бойынша қан топтарының генетикасы. Медициналық маңызы.Множественные аллели. Генетика групп крови по АВО системе, медицинское значение. Multiple alleles. Genetics of the ABO blood group system. Medical significance 10. Аллельді емес гендердің өзара әсерлесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия. 11. Пенетранттылық, экспрессивтілік. Плейотропия. 12. Фенотиптік белгілердің дамуына гендер әсерінің рөлі мен маңызы. 13.Типтік және ситуациялық есептерді шығару ; 14. Онтогенез: анықтамасы, кезеңдері.Онтогенез: определение, периодизация Developmental biology: definition, types, periods 15. Онтогенездің алғашқы кезеңдері: гаметогенез, ұрықтану, жұмыртқа жасушасының полярлылығы, ооплазматикалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация, дифференциация, эмбрионалдық индукция. 16. Онтогенездің жасушалық механизмдері: пролиферация, миграция, сұрыпталу, апоптоз 17. Онтогенездік дамудың генетикалық бақылануы. 18. «Үй шаруашылық » гендер, аналық эффектісі бар гендер, сегментация гендері, гомеозистік гендер (гомеобокстар), «молшылық» гендер. 19. Тұқым қуалайтын аурулардың дамуындағы гомеозистік гендер мутациясының рөлі. 20. Адамның туа біткен ақаулықтарының пайда болуында онтогенездің жасушалық механизмдерінің бұзылуының рөлі. 21. Адам онтогенезінің қатерлі кезеңдерінің мәні мен маңызын түсіндіру және сызбасын сызу. 22. Дамудың туа біткен ақаулықтарының жіктелуі: 23. Дамудың туа біткен ақауларының типтерін түсіндіру: 24. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының мәні. 25. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуінің принциптері. Тұқым қуалайтын аурулардың себептері мен даму механизмі.Наследственные болезни человека, определение, классификация, причины и механизмы развития. Genetic diseases of humans: definition, classification, causes and mechanisms of development 26. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының негізгі клиникалық белгілері. 27. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын науқастардың және олардың отбасы мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. 28. Медико-генетикалық кеңес, анықтама, мақсаттар, міндеттер. МГК жүргізу көрсеткіштері. МГК кезеңдері. 29. МГК өткізудің міндеттері мен этикалық принциптері ( 95 - бап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы», ҚР Кодексі, 2009 жыл). 30. Адамныңтұқым қуалайтын ауруларына диагноз қоюдың генетика әдістері. 31. Клиникалық-генеалогиялық әдіс. Шежіре құрастыру, генеалогиялық талдау. 32. Тұқым қуалайтын аурулардың лабораториялық диагностикалау әдістері: цитогенетикалық (кариотиптеу, хромосомаларды дифференциалды бояу әдісі), молекулалық-цитогенетикалық (FISH-әдісі)., биохимиялық, молекулалық-генетикалық әдістер. 33. Тұқым қуалайтын аурулардың негізгі алдын-алу әдістері. Медициналық-генетикалық кеңес. 34. Пренаталды диагностика. Инвазивті және инвазивті емес әдістер. 35. Преимплантациялық диагностика. 36. Генетикалық скрининг: жаппай, таңдамалы. 37. Преконцепциялық алдын алу 38. АВО жүйесі бойынша қан тобының генетикасы 39. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының қағидалары 40. Тератогендік факторлар туралы заманауи мәліметтер 41. Неонаталды скриниг 42. Предективті медицина, таргетті терапия 43. Тұқым қуалайтын ауруларды ДНҚ диагностикалаудың заманауи әдістері 6.5. Оқыту әдістері: ауызша / жазбаша сұрау, тестілеу. 6.6.Әдебиеттер: Негізгі: 6.6.1. Бочков Н.П. Клиническая генетика. М.: Гэотар-Мед, 2004. 6.6.2. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А.. М., 2004. 6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 6.6.4. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. 6.6.5. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы, 2009. 6.6.6. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 6.6.7. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 6.6.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 6.6.10. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша- қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012 б. 6.6.11. Фаллер Д.М., Деннис Шилдс. Молекулярная биология клетки. М., 2006. Қосымша: 6.6.12. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2001. Т.1. 6.6.13.Дориан Дж. Притчард, Брюс Р. Корф. Наглядная медицинская генетика. Перевод с английского под редакцией акад. РАМН Н.П.Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. 6.6.14. Заяц Р.Г., Бутвиловский В.Э. и др. Общая и медицинская генетика. Ростов-на- Дону. 2002. 6.6.15. Вопросы и задачи по общей биологии и общей и медицинской генетике (с пояснениями). Под ред. проф. Иткеса А.В. М., 2004. 6.6.16. Мутовин Г.Р. Основы клинической генетики. М., 2001. 6.6.17. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. 6.6.18 Роберт Л.Н., Родерик Р., Мак-Иннес., Хантингтон Ф. Виллард. Медицинская генетика. Под ред. акад. РАМН Бочкова Н.П. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с. 6.7. Бақылау 6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау: 6.7.1.1. Тарау сұрақтары бойынша ауызша/жазбаша сұрау. 6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 12 нұска. 6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау: 1. Адамның менделдік белгілері, анықтамасы. Белгілердің тұқым қуалау типтері, сызбасы, сипаттамасы. 2. Аллельді гендер: анықтамасы, сызбасы, аллелді гендердің әрекеттесу түрлерінің сипаттамасы. 3. Аллельді емес гендер: анықтамасы, сызбасы, аллелді емес гендердің әрекеттесу түрлерінің сипаттамасы. 4. Адамның АВО жүйесі бойынша қан топтарын көптік аллельдер мысалында сипаттау және сызбасын сызу: гендері, генотиптері,фенотиптері. 5. Дигибридті будандастыру: гендердің тәуелсіз тұқым қуалауында гомозиготалы ата- аналарының және бірінші, екінші гибридті ұрпақтардың генотиптері мен гаметалар типтерін жазу және түсіндіру. 6. Дигибридті будандастыру: гендердің тіркес тұқым қуалауында гомозиготалы ата - аналарының және бірінші, екінші гибридті ұрпақтардың генотиптері мен гаметалар типін жазу және түсіндіру. 7. Онтогенездік дамудың ерте сатысындағы жұмыртқа жасушасының полярлығы, ооплазмалық сегрегация, позициялық ақпарат, детерминация және дифференциацияға анықтама беру, сызбасын сызу және медициналық маңызын түсіндіру. 8. Онтогенездік дамуды қамтамасыз ететін жасушалық механизмдерді сипаттау және оның медицинадағы маңызы. 9. Онтогенездік дамудың ерте кезеңіндегі генетикалық механизмдерінің реттелуі мен бақылануын сипаттау. 10. Тұқым қуалайтын аурулар: жіктелуі, жиілігі, даму себептері мен механизмдері 11. Клиникалық-генеалогиялық әдіс, анықтамасы, символдары, оның медициналық маңызы |