ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Предиктивті медицина, таргетті терапия 5 страница 6.1. Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Геннің молекулалық биологиясы 6.2. Мақсаты: - студенттерде молекулалық биологияның заманауи медицинасындағы рөлі, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметінің ашылуы, молекулалық биология жетістіктерінің тұқым қуалайтын аурулардың себебін, даму механизмдерін анықтаудағы маңызы туралы түсініктер қалыптастыру. - студенттерге геннің құрылысы, қызметі туралы оның медицинадағы маңызын молекулалық деңгейдегі заманауи көзқарасты қалыптастыру. - студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпараттардың іске асырылуының заңдылықтары мен молекулалық механизмдері жайлы заманауи түсініктері мен білімдерін қалыптастыру. 6.3. Оқытудың міндеттері: - студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының сақталуының, тасымалдануың және ақпараттың іске асырылуында ДНҚ рөлі жайылы түсінігін қалыптастыру; - студенттерді молекулалық биологияның негізгі терминдері мен ұғымдарымен таныстыру; - нуклеин қышқылдарының (ДНҚ, РНҚ) құрылымды-функциональдық айырмашылығы және қызметі жайлы түсініктер мен білімді қалыптастыру; - тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асуындағы нуклеин қышқылдарының рөлін ашу; - студенттерге про- және эукариотты жасушаларының құрылысының ерекшеліктері туралы заманауи білімді қалыптастыру; - студенттерге про – және эукариотты гендердің молекулалық құрылымы туралы заманауи білімді қалыптастыру; - про – және эукариотты гендердің құрылымындағы айырмашылығын оқыту; - студенттерге геннің кодтаушы және реттеуші бөлігінің құрылымды-функциональдық айырмашылығы жайлы түсінікті және білімді қалыптастыру; - студенттерге тұқым қуалау ақпаратының іске асырылу мәнін және оның тірі ағзалардағы қызметінің маңызын түсіндіру; - заманауи клиникалық медицинадағы молекулалық биологияның маңызын ашу. 6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 6.4.1. Молекулалық биология пәні және міндеттері. 6.4.2. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ, құрылысы және қызметтері. Нуклеиновые кислоты: ДНК, строение, свойства и функции. Nucleic acids, types, structure and functions of DNA and RNA 6.4.3. Ген, молекулалық-биологиялық анықтамасы. Мутон, рекон, цистрон. 6.4.4. Прокариот және эукариоттар генінің молекулалық-генетикалық құрылысы. 6.4.5. Гендердің жіктелуі. 6.4.6. Ауруларға диагноз қоюда, емдеу мен алдын-алудағы ДНҚ талдаудың маңызы мен рөлі. 6.5. Оқыту әдістері:студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру. 6.6. Әдебиеттер: Негізгі: 6.6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 3-10, 40-52, 74-81 б. 6.6.2. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 9-30, 107-110. 6.6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология.М., 2003. 2-3, 6-8 ,117-125 б. 6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 4-11 б. 6.6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 3- 28, 68-82 б. 6.6.6. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 30-33 б. 6.6.7. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 23-28 б. 6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 3-17, 54-56.б. 6.6.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша – қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б. Қосымша: 6.6.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 11-14 б. 6.6.11. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 7-11 б. 6.6.12. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под. ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 19-20. 6.7. Бақылау: 6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау: 6.7.1.1. Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау. 6.7.1.2. Тест бақылау – 4 нұсқа 10 сұрақтан. . 6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау: 6.7.2.1. Нуклеотидтің құрылысының сызбасын сызу және түсіндіру. 6.7.2.2. РНҚ мен ДНҚ молекуласының сызбасының бөліктеріне нуклеотидтерді құрайтын қосылыстарының алғашқы әріптерін қойыңыз: А-аденин, Г-гуанин, Ц-цитозин, Т-тимин, У-урацил, Ф-фосфат, Р-рибоза, Д-дезоксирибоза. Сызбада белгілеңіз: нуклеотидті, триплетті, фосфо-диэфирлі және сутекті байланыстарды. РНҚ молекуласының құрылысының сызбасы 
ДНК молекуласының құрылысының сызбасы   6.7.2.3. Кесте толтыру: ДНҚ және РНҚ-ның салыстырмалы сипаттамасы Белгілері | ДНҚ | РНҚ | Макромолекуланың құрылысы | | | Монөмерлері | | | Нуклеотидтертің құрамы | | | Қасиеттері | | | Жасушадағы орны | | | Қызметі | | | 6.7.2.4. Нуклеотидтердің жалпы санының ішінен ДНҚ молекуласында тиминдік нуклеотидтері16% тұрады. Қалған түрлі нуклеотидтердің санын (пайызбен) анықтаңыз. 6.7.2.5. Прокариот және эукариот генінің құрылысының сызбасын сызу және қызметтерін түсіндіру. 6.7.2.6. Про- және эукариотты гендерінің реттеуші қатарлар жүйесінің қызметіне кесте толтыру. . № | Түрлері | Қызметі | Эукариоттар | Прокариоттар | 1. | Промоторлар | | | | | -35 қатарлар | | | | | Прибнов-бокс | | | | | Голдберга-Хогнесс боксы немесе ТАТА-бокс | | | | | ЦААТ-бокс | | | | | ГЦ-бокс | | | | 2. | Операторлар | | | | 3. | Транскрипцияның басталу нүктесі немесе «О» сайты | | | | 4. | Энхансерлер | | | | 5. | Сайленсерлер | | | | 6. | Аттенуаторлар | | | | 6.7.3. Өзін - өзі жетілдіру дағдысын бағалау: - «Биоинформатика: пробирка мен компьютер аралығындағы молекулалық биология», ДНҚ репликациясы туралы заманауи көзқарас тақырыбына дайындалған презентацияны «Молекулалық биология негіздері» бөлімі бойынша аралық бақылауға дейін тапсыру. 6.7.3. Бақылау сұрақтары : 6.7.3.1. ДНҚ-ның тұқымқуалаушылықтың негізгі материалы ретіндегі рөлін алғаш рет кім және қалай дәлелдеді? 6.7.3.2. ДНҚ–ның РНҚ құрылысынан қалай ажыратылады? ДНҚ қызметтері қандай? 6.7.3.3. а-РНҚ, р-РНҚ және т-РНҚ қызметтері қандай? 6.7.3.4. Прокариоттар және эукариоттар ген құрылысының ерекшеліктері. 6.7.3.5. Кодтаушы және реттеуші қатарлар, анықтамасы, қызметтері. 6.7.3.6. Неліктен ХХІ ғасыр медицинасын молекулалық медицина деп атайды ? Үш тілдегі түсіндірме сөздер: Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | Молекулалық биология -нуклеин қышқылдарының қызметі мен құрылысын зерттейтін биология бөлімі | Молекулярная биология – часть биологии, изучающая строение и функции нуклеиновых кислот | Molecular biology – part of biology studying structure and functions of nucleic acids. | Нуклеин қышқылдары– тұқым қуалау ақпаратын іске асыратын және генетикалық ақпаратты тасымалдау рөлін атқаратын, полинуклеотидтер | Нуклеиновые кислоты – полинуклеотиды, выполняющие роль носителей генетической информации и участвующие в реализации наследственной информации | Nucleic acids – polinucleotides, carriers of genetic information taking part in realization of genetic information | Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тұқым қуалау ақпаратын тасымалдайтын, антипараллельді, комплементарлы құрылысындағы 4 азотты негіздері: аденин, гуанин, тимин, цитозин өзара сутекті байланыспен (А-Т, Ц-Г) байланысқан қос тізбек | Дезоксирибонуклеиновая кислота (ДНК) –cтруктура, состоящая из двух антипараллельных, комплементарных цепей, состояшая из 4 азотистых оснований: аденин, гуанин, тимин, цитозин, связанных между собой водородными связями (А-Т, Г-Ц), носитель наследственной информации | Desoxyribonucleic acid (DNA) – structure, consisting from two antiparallel, complementary chains, including 4 nitrogenic bases; adenin, guanin, thymin, cytosin connecting with hydrogen bonds (A-T, G-C), carrier of genetic information | Рибонуклеин қышқылдары –тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуына қатысатын, құрылысы төрт азотты негіздерден: аденин, гуанин, урацил, цитозиннен тұратын бір тізбекті нуклеин қышқылы | Рибонуклеиновые кислоты (РНК) –структуры, состояшие из одной цепи, включающей 4 азотистых основания: аденин, гуанин, урацил, цитозин; участвуют в процессе реализации наследственной информации | Ribоnucleic acids (RNA) – structures, consisting from four single chains, including 4 nitrogenic bases: adenin, guanin, uracil, cytosin: taking part in process of realization of genetic information | Нуклеотидтер – азотты негіз, қант және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын нуклеин қышқылдарының монөмерлері | Нуклеотид – монөмеры нуклеиновых кислот, состоящие из азотистого основания, сахара и остатков фосфорной кислоты | Nucleotide– monomers of nucleic acids, consisting from four nitrogenic bases, sugar and phosphoric acid | Ген –бір белгінің дамуын бақылайтын, тұқымқуалаушылықтың құрылымдық-функциональдық бірлігі; бір полипептидтік тізбектің (ақуыз молекуласы) синтезін бақылайтын ДНҚ молекуласының кесіндісі | Ген -структурно-функциональная единица наследственности, контролирующая развитие одного признака; отрезок молекулы ДНК, контролирующий синтез одной полипептидной цепи (молекулы белка) | Gene – structural and functional unit of heredity, which controls the development of one of trait; segment of DNA that controls the synthesis of a single polypeptide chain (protein molecules) | Промотор –РНК-полимеразамен байланысып, геннің транскрипциясын бастайтын геннің (ДНК молекуласының) құрамындағы реттеуші геннің ( нуклеотидтердің) арнайы қатары | Промоторы – специфическая регуляторная последовательность (нуклеотидов) гена (молекулы ДНК) с которой связывается РНК – полимераза для его последующей транскрипции | Promoters – specific regulatory sequence (nucleotides) of gene (DNA molecule) which binds to RNA-polymerase for subsequent transcription | Оператор –геннің реттеуші бөлігінде орналасқан, геннің белсенділігін (транскрипциясын) реттейтін арнайы нуклеотидтер қатары | Оператор – специфическая последовательность нуклеотидов в регуляторной части гена, регулирующая активность (транскрипцию) гена | Operator– specific sequence of nucleotides in the regulatory part of gene that regulates the activity (transcription ) of gene | Энхансерлер –арнайы транскрипциялық факторларымен байланысу арқылы гендер транскрипциясының үдерісін жылдамдататын реттеуші қатарлары | Энхансеры -регуляторные последовательности, ускоряющие процесс транскрипции генов путем взаимодействия со специфическими факторами транскрипции | Enhancers – regulatory sequence accelerating process of gene transcription by interacting with specific transcription factors | Құрылымдық гендер –құрылымдық ақуыздар мен ферменттер синтезін бақылайтын гендер | Структурные гены – гены,контролирующие синтез структурных белков и ферментов | Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes | Құрастырушы: Аға оқыт. И.К. Нурпеисова 2-тәжірибелік сабақ 6.1. Тақырыбы: Жасушаның генетикалық аппараты 6.2. Мақсаты: Студенттерде жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы туралы білімді қалыптастыру. 6.3. Оқытудың міндеттері: - ағзалар тіршілік әрекетінің негізі ретінде жасушаның генетикалық материалының рөлін оқыту - ядро мен цитоплазмада орналасқан, жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық- функциональдық ұйымдасу ерекшеліктерін оқыту - жасушаның генетикалықматериалының құрылымдық-функциональдық ұйымдасуы негізіндегі оның тығыздалуының молекулалық механизмдерін оқыту - студенттерде хромосомалық ауруларды диагностикалаудағы кариотиптің мәні және оның маңызы түсінігін қалыптастыру. 6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 6.4.1. Генетикалық материалдың жасушадағы орны (ядролық, цитоплазмалық). 6.4.2. Жасушадағы генетикалық материалдың құрылымдық-функциональдық ұйымдасу деңгейлері және оның қалыптасу механизмдері. 6.4.3. Генетикалық материалдың нуклеогистондық ұйымдасуы. 6.4.4. Хромосоманың химиялық құрамы. Хроматин, эу- және гетерохроматин, сипаттамасы. Структурные компоненты и химический состав хромосом. Structural components and chemical composition of the chromosomes 6.4.5. Хромосома типтері. Хромосомалардың Денверлік және Париждік номенклатурасы. 6.4.6. Кариотип, анықтамасы, медико-генетикалық маңызы. 6.5. Оқыту әдістері:үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кестелер толтыру, сызбалар сызу). 6.6. Әдебиеттер: Негізгі: 6.6.1. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.100-110. 6.6.2. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б. 65-77. 6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 68-77. 6.6.4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. б. 163-168. 6.6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. б.44-55. 6.6.6. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 17-24. 6.6.7. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 20-29. 6.6.8. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. б.5-65. 6.6.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. 112 б. Қосымша: 6.6.10. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 244-251. 6.7. Бақылау 6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау: 6.7.1.1.Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау. 6.7.1.2. Тест бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа. 6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау: 6.7.2.1. Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру. 6.7.2.2. Генетикалық материалдың нуклеосомалық ұйымдасу деңгейінің қалыптасу механизмінің сызбасын сызу және түсіндіру. 6.7.2.3. Адам хромосомасының жіктелу кестесін толтыру. Хромосоманың жіктелуі | Жіктелудің ерекшеліктері | Париждік | | Денверлік | | 6.7.2.5. Хромосома типтері мен жұбтарының сәйкестілігін құрастырыңыз: Хромосома жұптары: Хромосома типтері: 1. 2, 3 1. акроцентрлік 2. 13,15 2. метацентрлік 3. 16,18 3. субметацентрлік 4. Y – хромосом 5. 21,22 6.7.2.6. Париждік номенклатура бойынша символдарды жіктеңдер: - 46, ХХ 1p2.2, - 46, XY 3p12, p23, - 46, XX 9p13, q23, - 46, ХХ 8p11. 6.7.3. Бақылау сұрақтары: 6.7.3.1. Жасушадағы генетикалық материалдың тығыздалу деңгейлері. 6.7.3.2. Нуклеосомдар құрылысы. 6.7.3.3. Хромосомалар типтерінің жіктелуі. 6.7.3.4. Хромосомалардың Денверлік жіктелуінің принциптері. 6.7.3.5. Хромосомалардың Париждік жіктелуінің принциптері. Үш тілдегі түсіндірме сөздер: Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | Хромосомалар –ядро және цитоплазмада (митохондрияда) орналасқан, генетикалық ақпаратты тасымалдайтын жасуша ішілік құрылымдар | Хромосомы -внутриклеточные структуры, локализующиеся в ядре и цитоплазме (митохондриях), носители генетической информации | Chromosomes– intracellular structures localizel in nucleus and cytoplasm (mitochondria’s), carriers of genetic information | Хроматин –құрамында ДНҚ, ақуыздар және басқада элементтері бар хромосомаларды құрайтын материал | Хроматин - материал, из которого состоят хромосомы, включает в себя ДНК, белки и другие элементы | Chromatin – material of chromosomes, consisting from DNA, proteins and other elements | Эухроматин – ақшыл түске боялатын, гендері бар, хромосома бөлігі | Эухроматин– светло окрашивающаяся, содержащая гены, часть хромосомы | Euchromatin –light coloured part of chromosome, containing genes | Гетерохроматин –күңгірт түске боялатын, гендері жоқ, көп қайталанатын қатарлардан тұратын, хромосоманың ұштары және центромер маңында орналасқан, хромосома бөліктері | Гетерохроматин –темно окрашивающаяся, не содержащая гены, часть хромосомы, состоит из повторяющихся последовательностей, локализуется в центромерной и концевых участках хромосом | Heterochromatin –dark coloured part of chromosome, consisting from repetitive sequences, localized in centromere and end parts of chromosome, not contains genes | Нуклеосомалар –глобула құрамына 4 жұп гистонды ақуыздар: Н2А, Н2В, Н3, Н4 және ДНҚ жіпшесі кіретін генетикалық материал, глобулалар өзара Н1 гистоны арқылы байланысады | Нуклеосома – генетический материал клетки, представленный глобулой, нитью ДНК, в состав глобул входят 4 пары гистоновых белков: Н2А, Н2В, Н3, Н4, глобулы соединяются между собой гистоном Н1 | Nucleosome – genetic material of cell represented by globules and DNA, globules include 4 pairs of histonic proteins: H2A, H2B, H3, H4, globules connect by histone H1 | Теломерлер – көп қайталанатын нуклеотидтер қатарынан тұратын және гендері жоқ хромосома ұштары | Теломеры –концевые участки хромосом, не содержащие гены и состоящие из множества нуклеотидных повторов | Telomeres – end parts of chromosomes without genes, consisting from numerous nucleotide sequences | Құрастырушы: оқыт. Танеева Г.Т. 3-тәжірибелік сабақ 6.1. Тақырыбы: Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Рекомбинанттық өзгергіштік. Геномдық мутациялар 6.2. Мақсаты:студенттердетұқым қуалайтын өзгергіштіктің, рекомбинативтік және мутациялық өзгергіштіктің пайда болу себептері, даму механизмдері, мутация типтері және мутагендік факторлар туралы, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тірі ағзалар эволюциясындағы және практикалық медицинадағы ролі жайлы, геномдық мутациялардың себептері мен пайда болу мезанизмдері туралы және хромосомалық аурулардың пайда болуындағы геномдық мутациялардың рөлі жайлы білімдерін қалыптастыру. 6.3. Оқыту міндеттері: - рекомбинативті өзгергіштіктің цитогенетикалық негіздерін оқып түсіну; - генетикалық полиморфизмнің пайда болуындағы гендер рекомбинациясының ролі және оның биологиядағы және медицинадағы маңызын оқып түсіну; - рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдерін оқып түсіну; - мутациялардың пайда болу себептерін оқып үйрену; - мутациялардың жіктелуін оқып түсіну. - геномдық мутациялардың пайда болу механизмдерін оқып үйрену; - геномдық мутациялардың пайда болу механизмдерін оқып үйрену; |