МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Предиктивті медицина, таргетті терапия 1 страница





Генетика негіздерімен (МВОМG 1211)

МАМАНДЫҚ: «ФАРМАЦИЯ» - 5В110300

САҒАТ КӨЛЕМІ: 90 сағат (2 кредит)

Курс: 2

семестр: ТӨРТІНШІ

 

АЛМАТЫ, 2015 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

1. СИЛЛАБУС……………………. ......................................4-33

2. ДӘРІСТІК КЕШЕН........……………………. ................34-44

3. ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАРЛЫҚ)

САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛАР……………..............................................45-132

4. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН

ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР..................133-212

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

ЖҰМЫСТАР......................................................................213-269

6. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖОЛДАРЫ ...............................270-295

7. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ .......................................................296-300

 

8. ҚОСЫМША ...........................................................................301-304

 

 

 

 

 

СИЛЛАБУС

 

 

Молекулалық биология және медициналық генетика негіздері пәні бойынша МВОМG 1211

 

 

мамандығы 5В110300 - фармация

Молекулалық биология және генетика кафедрасы

 

Оқу сағаттарының көлемі (кредит) – 90 сағат (2 кредит)

 

Дәрістер –5 сағ.

 

Практикалық (семинарлық) сабақтар – 25 сағат.

 

Студенттердің оқытушының

жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОЖӨЖ ) - 14 сағат.

 

 

Барлық аудиторлық – 44 сағат (1кредит).

 

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс (СӨЖ) – 46 сағат (1 кредит).

 

 

Курс - екінші Семестр - төртінші

 

 

Бақылау формасы – емтихан

 

Алматы, 2015

Профессор, м.ғ.д. Е.У.Куандыков және доцент С.К.Альмухамбетова, оқытушы Ә.Қ.Қыдырбаева силлабусты молекулалық биология және медициналық генетика пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырды, кафедра отырысында талқыланып бекітілді, «15» мамыр 2015 ж., хаттама № 16.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор Е.У. Куандыков

 

4.1. Жалпы мәліметтер:

4.1.1. Жоғары оқу орнының атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

4.1.2. Кафедра: Молекулалық биология және генетика

4.1.3. Пән: “Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен”, пәннің коды MBОMG 1211

4.1.4. Мамандық5В110300 – Фармация

4.1.5. Оқу сағаттарының көлемі – 90 сағат (2 кредит)

4.1.6. Курс және оқыту семестрі – екінші курс, төртінші семестр-циклдық әдіс бойынша

4.1.7. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты – жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Ғылымдағы басым жетістіктері Кафедра қызметкерлерінің электрондық адресі
Куандыков Есенгельды Усербаевич Медицина ғылымының докторы, профессор кафедра меңгерушісі Генетика Kuandykov@inbox.ru
Альмухамбетова Светлана Кадыровна биология ғылымының кандидаты, доцент доцент Паразитология almuhambet.s @gmail.com
Нуртаева Курманкуль Салиевна медицина ғылымының кандидаты, доцент доцент Паразитология salyeva1945@mail.ru    
Джумашева Рахима Тажибаевна биология ғылымының докторы, доцент профессор Радиобиология Jumasheva.r @gmail.com
Захарченко Галина Николаевна биология ғылымының кандидаты оқытушы Генетика  
Таракова Куралай Акылбаевна     аға оқытуышы   Ktarakova@gmail.com
Нурпеисова Индира Кубетаевна   аға оқытушы   Indira_nurpeissova@mail.ru
Какишева Гульзада Турсынбековна   оқытушы    
Қыдырбаева Әсем Қияшқызы   оқытушы   asem.kydyrbaeva@ mail.ru
Танеева Гульжан Туленбековна   оқытушы   gulzhan_taneeva@ mail.ru
Қашағанова Жазира Абайқызы   оқытушы   abaikyzy_zh@ mail.ru
Жузжан Құралай Ермакқызы   оқытушы   @mail.ru
           

4.1.8. Байланыс:



Алматы қаласы, Мәуленов көшесі, 71. Тел: 292-74-39.

E-mail: molbioligen@mail.ru

 

4.1.9. Пән саясаты:

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жоғары сапалы білім берудің жауапкершілігін түсінеді және әрбір студентке адамгершілік тұрғыда қарап, студентті объективті түрде бағалауға кепілдік береді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кафедра оқытушылары ар-намыс кодексінің барлық бөлімдерін орындауға кепілдік береді және әрбір студенттің ар-намыс кодексін орындауын талап етеді:

- сабаққа кешікпеу;

- себепсіз сабақ жібермеу;

- сабақтарға және дәрістерге студенттер тек ақ халатпен жіберіледі;

- оқу үдерісіне белсенді қатысу;

- тәжірибелік сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және талапқа сай жазу;

- жіберілген сабақтарды деканаттың рұқсатымен оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

- СОЖӨЖ білім алушылардың оқытушылармен байланыса отырып аудиториядан тыс орындайтын жұмысы болып табылады;

- СОЖӨЖ жалпы сабақ кестесіне ендірілмейді, жеке график бойынша өткізіледі;

- СОЖӨЖ сағаттары оқу бағдарламасының күрделі деген сұрақтары, үй тапсырмаларының орындалуы, коллоквиум,семестрлік бақылау,есеп беру және басқада тапсырмалар бойынша кеңес беру түрінде өткізіледі;

- СОЖӨЖ-нің орындалу мен тапсырмаларды бақылау түрі ОӘК көрсетілген;

- СОЖӨЖ-нің барлық сабақтары бағаланбайды;

- СӨЖ бойынша тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау және көрсетілген өткізу мерзімінде тапсыру;

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 10 балл қосылады.

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 5 балл қосылады.

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 15 балл қосылады

- Студент үйірмеде немесе жеке өзі ғылыми-зерттеу жұмысын екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз орындаса, үйірмеде немесе ғылыми конференцияда баяндама нәтижелерін ауызша екінші тілде және ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз баяндаса, 2 СӨЖ-ге жоғары баға қойылады және 1 коллоквиум бағасына 10 балл қосылады

- Билетке өз еркімен ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз жауап берген немесе ауызша «жақсы» немесе «үздік» баға алған студентке емтиханның 2 кезеңіндегі қорытынды бағасына 10 бал қосылады.

- Билетке өз еркімен екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз жауап берген немесе ауызша «жақсы» немесе «үздік» баға алған студентке емтиханның 2 кезеңіндегі қорытынды бағасына 5 бал қосылады

- Өз еркімен ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ орындаған және қорғаған студенттің бағасына 10 бал қосылады

- Өз еркімен екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ орындаған және қорғаған студенттің бағасына 5 бал қосылады

- Өз еркімен ағылшын тілінде және екінші тілде СӨЖ орындаған студентке; өз еркімен ағылшын тілінде және екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз СӨЖ қорғаған студенттің бағасына 15 бал қосылады

- Ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 10 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 5 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 15 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Ағылшын тілінде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 15 бал қосылады (сәйкес пән бойынша)

- Екінші тілде өрескіл грамматикалық және лексикалық қатесіз тақырыптарға сәйкес орындалған жаттығулары және жағдаяттық тапсырмалары, жеке конспектілері бар студенттерге 10 бал қосылады (сәйкес пән бойынша).

Оқытушы балды (10-ға дейін) төмендетуге құқылы егер:

- студент 15 минутқа және оданда көп уақытқа кешіксе;

- сабаққа халатсыз қатысса;

- альбомы болмаған жағдайда.

4.2. Бағдарлама

Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, қалыптық синтездерді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың және олардың органеллаларының негізгі құрылымы мен қызметін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және тіршілігін жою процестерінің молекулалық негіздерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларға диагноз қою, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.

Жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық-генетикалық негіздері, олардың геномының құрылымы, олардың өсу, дмау, бөліну және тіршілігін жою барысында өзара әсері, тіршілігіндегі патологиялық бұзылыстар фармакологиялық препараттардың тірі ағзаға әсерінің механизмі мен сипатын анықтайды.

4.2.2. Пәннің мақсаты:

студенттерде адамның тіршілік әрекетінің негізіндегі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, жаңа дәрілік препараттарды дайындауда гендік - инженерияның заманауи әдістері және науқасқа дәрі-дәрмектерді тағайындауда және тиімді емдеуде жеке даралық және генетикалық ерекшеліктері ескерілуінің қажеттілігі жайлы білімді қалыптастыру.

4.2.3. Міндеттері:

тіршіліктің құрылымдық деңгейінің және фундаментальдік қасиетін оқыту;

тұқымқуалайтын материалдың құрылысын, қызметін және белсенділігінің реттелуін геномдық, хромосомалық және гендік (молекулалық) деңгейде оқыту;

тиімді дәрілік препараттарды синтездеу және дайындаудың заманауи гендік - инженерия технологияларын оқыту;

тұқымқуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен механизмдерін және тұқым қуалайтын патологиялардың қалыптасуында олардың рөлін оқыту;

фармация және медицинада молекулалық генетикалық әдістерді және технологияларды қолдану ұстанымдарын оқыту;

студенттерді фармакологиялық генетика, дәрілік препараттар метаболизмінің генетикалық бақылануы ұғымдарын білу;

генге (генотипке) дәрілік препараттың әсерін, аурудың жауап реакциясын және дәрі әсерінің тиімділігін зерттейтін фармакогенетика ғылымының маңызын ашу;

дәрілік препараттардың ағзадағы метоболизмінің генетикалық бақылануының механизмін ашу (мысалы, туберкулезбен ауыратын науқастарды изониазидпен емдеу);

кейбір тұқым қуалайтын қан жүйесінің ауруларын (метгемоглобинемия, гемолитикалық анемия), бауырдың (порфирия) мысалға ала отырып, ағзаның дәрілік препараттарға жауап реакциясына генетикалық факторларының рөлін көрсету;

студенттер алған білімдерін пайдалана отырып, дәрілік препараттарды тағайындауда науқастың генотипін ескеруге үйрету;

студенттерді дәрі-дәрмектер қауіпсіздігі бойынша құқықтық талаптармен таныстыру;

студенттердің молекулалық биология және генетика саласы бойынша заманауи білімді игеру.

4.2.4. Оқытудың түпкі нәтижелері:

Студент білуі қажет:

Студенттердің пәнді оқу үдерісіндегі алған білімдер мен тәжірибелік дағдыларының жобасы:

1) когнитивті құзыреттілік – білім:

ағза қызметтерінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың тірі ағзалардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі рөлі мен маңыздары туралы;

тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;

тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық құрылымы туралы;

тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың рөлі туралы;

гендермен бақыланатын тұқым қуалаушылықты, белгілердің (аурулардың) тұқым қуалау типтерінің және дәрігерлер тәжірибесінде аурулардың тұқым қуалау сипатын анықтаудағы олардың қолданылуы туралы;

организмнің дәрілік препараттарға жауап реакцияларының полиморфизмінің негізінің молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері туралы;

дәрілік препараттардың синтезделуі мен қолданылуының молекулалық негіздері туралы;

халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генетикалық терминалогиялар туралы;

2) тәжірибелік дағды құзыреттілігі:

аурулардың пайда болу механизмдерін түсіндіруде молекулалық–генетикалық білімді қолдануды;

адамның ауруларының тұқым қуалау сипатын тани білуге;

хромосомалардың әртүрлі типтерін, адамның қалыпты және патологиялық кариотиптерін ажырата білуді;

аурудың тұқым қуалау сипатын анықтауда генеалогиялық әдісті қолдануды;

арнайы анықтамалық материалды, молекулалық-биологиялық және генетикалық терминдер мен базалар мәліметтерін және т.б.;

3) коммуникативтік дағды құзыреттілігі:

топта жұмыс істеуге үйрену;

басшылық дағдыларды (лидер);

шешендікке қаблеттілікті;

ұйымдастырушылық қаблеттілікті игеруді қалыптастыру;

4) құқықтық дағды:

дамудың туа біткен ақауларының, тұқым қуалайтын патологияның алдын алу мәселелерінің құқықтық аспектілері;

5) өзін-өзі жетілдіру дағдылары:

рефераттар жазу дағдыларын игеру;

эсселер жазу дағдыларын игеру;

тезистер жазу дағдыларын игеру;

баяндамалардың презентацияларын даярлауды;

аудитория алдында сөйлеу дағдыларын игеру.

 

4.2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі.

Реквизитке дейінгі: жалпы биологияның мектептік курсы, химия, қалыпты физиология, қалыпты анатомия.

Реквизиттен кейінгі: биохимия, фармакология, патологиялық физиология.

4.2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Молекулалық биология және медициналық генетиканың міндеті мен мақсаттары, негізгі бағыттары. Молекулалық биология және медициналық генетиканың басқа медициналық -биологиялық пәндердің арасындағы орны. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік. Геномды, хромосомалық, гендік мутациялар. Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалық механизмдері. Онтогенетикалық дамудың генетикалық және жасушалық механизмдері. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оның медициналық қолданылуы. Электрондық мәліметтер базалары және биомедициналық сайттар. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының пайда болуының молекулалық-генетикалық механизмдері. Тұқым қуалайтын аурулардың лабораториялық диагноз қою және алдын алу әдістері. Жеке дамудың генетикалық механизмдері. Экогенетика негіздері. Фармакогенетика және фармокогеномика негіздері.

4.2.7. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СОЖӨЖ және СӨЖ-дің тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары

 

№ пп Тараудың № Дәрістің тақырыбы Сағаттар
I Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Геннің молекулалық биологиясы    
I Тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуы. Репликация, транскрипция, трансляция
II Тұқымқуалаушылық. Тұқым қуалау типтері. Менделденуші белгілер
II Фармакогенетика негіздері
II Геномика жетістіктері. Фармакогеномика және оның дәрілік заттарды өндеудегі және дәрілік терапияны жекелендірудегі маңызы
    Барлығы:

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

№ пп Тараудың № Практикалық сабақтың тақырыбы   Сағаттар
  I Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Геннің молекулалық биологиясы
I Жасушаның генетикалық аппараты.
I Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Рекомбинанттық өзгергіштік. Геномдық мутациялар
I Фармакогенетика. Фармакогеномика
I Аралық бақылау
I Тұқым қуалаушылық. Моногенді тұқым қуалау. Тұқым қуалау типтері. Тіркес тұқым қуалау
I Геннің әсері. Генотип. Фенотип
II Онтогенетикалық дамудың генетикалық және жасушалық механизмдері.
  II Адамның тұқым қуалайтын аурулары, себептері, жіктелуі, медициналық маңызы. Медико-генетикалық кеңес
II Аралық бақылау
    Барлығы:

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОЖӨЖ) бойынша тақырыптық жоспары

№ пп Тараудың № СОЖӨЖ сабақтың тақырыбы   Сағаттар
I Тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуы. Криктің негізгі постулаты. ДНҚ репликациясы. Геннің транскрипциясы. Геннің трансляциясы. Генетикалық код тақытыптары бойынша кеңес беру
I Митоз. Мейоз тақытыптары бойынша кеңес беру
I Хромосомалық мутациялар. Гендік (нүктелік) мутациялар. ДНҚ репарациясы тақытыптары бойынша кеңес беру
I Экогенетика негіздері тақытыптары бойынша кеңес беру
I Аралық бақылаутақытыптар бойынша кеңес беру
II Адам белгілерінің (ауруларының) моногенді және тіркес тұқым қуалауын талдау (есептер шығару) тақытыптары бойынша кеңес беру
II Гендердің өзара әсеріне негізделген есептер шығару бойынша кеңес беру
  II Дамудың туа біткен ақаулықтары, себептері, жіктелуі, медициналық маңызы тақытыбы бойынша кеңес беру
  II Адамның тұқым қуалайтын ауруларына диагноз қоюдың және алдын алудың заманауи әдістері. Медико-генетикалық кеңес тақытыптары бойынша кеңес беру
    Барлығы:

СӨЖ- дің тақырыптық жоспары





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.