МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырмаларды орындау ережелері. 11 страница





Ештеңе ойламаған Щербаковтар ұйықтап жатады. Сағат тықылдап тұр. Шөп сыбдырын естіп шал, кемпірлер оянады. Ерлі-зайыптылар төсектерінен тұрып, үй иесі орнынан тұрып есікті ашса қолында суық қару пышақтары бар екі мас еркекті көреді Қараңғы болғандықтан түрлері көрінбеді. Бірақ қараңғы болмаса да Щербаковтар олардың түрлерін көре алмас еді, өйткені олардың бетінде маска болды.

Васильченко мен Тимониннің рольдері бөлінген еді. Тимонин үй иесі әйелді пышақтың сабымен басынан бір қойып, ақша сұрайды. Бірақ ақша бермеген кәрі әйелді көкірегіне финдық пышақты сұғып алады.

Сол уақытта Васильченко шалды келеке етіп пышақтың жүзін біресе тамағына тақап, біресе көкірегіне, біресе ішіне тақап ақша талап етті.»

Жүйелі түрде істі баяндаса, айыпталушылардың нақты өздері істеген іс-әрекеттері көрінеді.

Айыптаушы сөзінің ортасы тергеу бойынша табылған дәлелдемелерге баға беру болып табылады. Осы бөлімді прокурор айтқанда сотты өзіне сендіруі қажет, яғни сот оны тыңдай отырып, шешіміне қатты әсер тиюі қажет. Прокурор В.Е. Миляев қай айғақтарға сенімсіздігін білдіретіні туралы нақты айтты:

«Соттың тергеуінің соңғы күнінде арыз берген Л. айтқан болатын өз ісін немқұрайлықпен қарағандығы туралы және ол З., Б., В. Азаматтарына сенім артқан. Ал олар оның артында теріс қылықтар жасаған. Бірақ арыз беруші соттың алдында жауап бергенде шетке шығару кезінде өнім саны қоймадағы тауардың санынан көп болатындығын айтқан болатын. Сол кезде ол қойма басқарушысы З. азаматшадан түсіндірме сұрайтын. Яғни ол тауарсыз ақы шоттары туралы білгендігін дәлелдейді. Яғни жоспарды түзете отырып, ол бірыңғай мемлекеттік есеп беру ережесін бұзып отыр. Яғни бұдан туындап отырғаны ол ақпан айының есебін дұрыс жүргізбегендігі. Бұл есепке қол қойып отырған Я. Егер ол есепті түзетпеген болса, яғни оның бұл іске қатысы бар.»

Прокурор өзінің айыптаушы сөзінде дәлелдемелерді айта кетіп, келесі бөлімге яғни қылмыстың заңи біліктілігіне көшеді. Бұл бөлім белгілі және түсінікті болуы тиіс және тек қана дәлелдерге сүйенуі қажет. Мысалы: «Дәлелдерге, айғақтарға сүйене отырып Халиков азаматын өлтірген Чулковтың әрекеті ҚК-тің 102-бабымен сараланады. Чулков Халиковтың басынан балтамен 24 рет соғу арқылы адам өлтіру аса қатыгездікпен жасалғандығын дәлелдейді.»

4. Қылмыстың заңды саралануы.

Айыпталушыға сипаттама беру кезінде әлеуметтік мәліметтер (тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, жерін, жұмыс орнын, білімін, тұратын жерін, отбасы жағдайын, ұлтын және басқа мәліметтер) физикалық күйі және психикалық мінез-құлқы (темперамент, қабілеттілігі, қызығұшылығы, дүниеге көзқарасы, әдет) ескерілуі тиіс.



Айыпталушыға сипаттама беру кезінде дәлелдемелерге сүйену қажет. Сипаттама беру кезінде қылмыстың не үшін істелгендігі анықталуына жәрдемдеседі.

Виноградов айыпталушының сипаттамасы:

«Виноградов араққа құмар болып оның өмірі ұрлық, бұзақылық қылмыстарымен байланысады. Одан кейін зорлау мен адам өлтіру болады. Әскерде жүрген кездерде араққа құмар болғандықтан, ұрлық жасап араққа ақша табудың амалы болады.

Әскери сот оны 1 жылға бас бостандығынан айырады. Жазасын тәртіпті батальонда өтейді. Армиядан оралғаннан кейін Ковровта бұзақылық жасайды. Оған ізіне түсу шешіледі, бірақ тергеуші істі тоқтатады.

Сіздер естідіңіздер ме, куәгер Кирьянованың сөзін? Ол Виноградовқа теріс сипаттама берді, яғни Виноградов – алқаш, қаңғыбас екедігін атап кетті. Ол айтқандай Виноградов жұмысқа 3 күн бойы келмеген күндер болған деді және мас күйінде жұмысқа келгендігін және жаман сөздер айтып, Кирьяноваға «Сен өз өліміңмен өлмейсін, шаруаң болмасын» деп айтқанын атап кетті. Бірақ Виноградов мұның бәрі қалжын екендігін айтты.» Прокурор бұл сөзінде сотқа айыпталушының іс-әрекетінің дұрыс еместігін және оған жаза қолдануы керектігін айтады.

Прокурор өзінің айыптаушы сөзінде қылмысқа терең баға беріп, не үшін жасалғандығын айтып кетеді. Н.А.Асееваның сөзінде солай делінген:

«Құрметті сот! Кез келген қылмыстық істі шешу үшін қылмыс не үшін істелгендігін анықтап алу керек. Сол үшін осы істі де не үшін істелгендігін анықтайық. Соған тоқтала кетейін. Қалай медициналық мекемеде, неше жылдар бойы жұмыс істеп жүрген басқарушы, яғни бас дәрігердің емдеу жөнінен орынбасары өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, парақорлықпен айналысқан? Мұндай жағдайдың болуы жай емес. Яғни оларды қадағалап отырған ешкім жоқ. Мекемеде ауру адамдарға қарау мен басқа да жақтарынан құқық бұзылған. Еңбек құқығына байланысты ережелер бұзылған және емделіп жатқан адамдарға мекеме қызметкерлерінің дұрыс қарамауы, емделушілердің ақшасын ұстау сияқты құқық бұзушылықтар байқалып отыр. Осының бәрі жауаптылыққа тартылмаған. Бүкіл осы құқық бұзушылықтар тек бас дәрігердің Р. өзінің орынбасарына сенім артуы қателік және де құқық бұзушылықтарға көңіл аудармаған. Бас дәрігердің орынбасары Р. ақшаға қомағайлығы осыдан пайда бола бастады, өзінің дәрігерлік міндетін, дәрігерлік этиканы ұмытып, өзінің совет кезінде дәрігерлік антын аттап қылмысқа барады. »

Қорытынды бөлімінде айыптаушы сөзінің барлығын қорытады. Бұл бөлім өзінің қысқалығымен, анықтылығымен және нақтылығымен ерекшеленеді.

В.И.Царев адам өлтіру ісі бойынша өз сөзінде былай деп қорытқан:

«Құрметті сот! Сіздер қазір кеңесу бөлмесіне кетесіздер! Кеңесу бөлмесінде болғанда халыққа тек шындық, ақиқат, яғни әділ, адал сот керек екендігін ұмытпаңыздар! Виноградов қанша ауыр қылмыс жасады, оны кешіру ммүмкін емес. Сот өзінің үкімінде не айту керек деген сұраққа мен жауап берсем, оны - өлім жазасына кесу керек!».

Сотқа қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болғаннан кейін прокурор тағы сөз алып сөйлеуіне болады. Прокурордың сөзі қысқа, дәлелді, аргументтелген болуы тиіс.

 

14 Дәріс

Тақырып: Қорғап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері, құрылысы.

Жоспар:

1. Қорғап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері, құрылысы.

2. Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны және құрылысы

3. Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі мен кезекті элементтерінің қатынас- тылығы.

4.Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі.

 

Негізгі ұғымдар: Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны, қорғап сөз сөйлеудің жалпы белгілі элементтері, қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі , әділет соты.

 

1.Қорғап сөз сөйлеу : жалпы ерекшеліктері, құрылысы.

Қорғап сөлеген сөздің жалпы түсінігіне қорғаушының айыпталушыны қылмыстық істі қарау кезінде жақтап сөйлеген сөзі мен жәбірленушінің өкілі- азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің сөздері кіреді. Бұл жерде қорғау функциясы жағдайларды білуге, айыпталушыны ақтайтын, оның жауаптылығын болдырмайтын немесе жеңілдететін сонымен қатар оның жеке және мүліктік құқықтарын қорғау. бағытталған процесуалдық қызметтен тұрады. Қорғаушыны сот жарыссөзіне қатысуы оған айыптаушының келтірген венрсиясын қатаң сыңға алып, сотқа айыпталушының пайдасына барлық дәлелдерді баяндауға мүмкіндік береді. Әлбетте, сот жарыссөзінің қатысушыларының дәлелдеу шегі бір біріне келмейді.

Егер айыптаушы айыпталушының кінәлілігін дәлелдеу керек болса, қорғаушның басты мақсаты – айыпталушының жазықсыздығы толығымен дәлелденбесе де оны ақтауды кеуделеуі қажет. Ақтаушының қызметінде негізгі 3 этапты айқын ажыратып, көрсетуге болады. Олар: 1) ақтаудың жалпы концепциясын қалыптастыру; 2) қорғау тактикасын жасау; 3)қорғауды орындау, соның ішінде қорғап сөйлеуде де. Қорғап сөйлейтін сөздің мазмұны ақтаушының іс бойынша таңдаған айқындамамен анықталады, бірі- жауапкершілікті жеңілдететін дәлелдер жыйынтығынын жазаны жеңілдетуге бағытталған өтініш туындайды, ал айыптауды өзгертуден - істі қайта қарауға жіберуге өтініш білдіру, ссондай-ақ айыптаудың дәлелденбеуінен – ақтауды өтіну.

2.Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны және құрылысы

Қорғаушының сөзінде, сот талқылауындағы өзінің қатысуының шарықтау шегі болатын, сот тергеуінің нәтижесі қорытылады, қорғаушы позициясынан іс бойынша жиналған дәлелдерге анализ беріледі, айыпталушының жеке басы мінезделінеді, осының негізінде белгілі бір қорытындыға келеді.

Қорғап сөз сөйлеудегі басты процесуалды тақырыптар судьяның үкім шығаурда рұқсат етілген сұрақтар төңірегінде қалыптасады. Дәл осы сұрақтар кез келген қорғап сөз сөйлеудің басты мақабын анықтайды:

1) айыпталушы жасады деген қылмыстық іс болды ма: айыптаушы болжамы – адам өлтіру, қорғаушының болзжамы – өзін – өзі өлтіру немесе жазатайым оқиғадан адам өлуі; айыптаушы болжамы – өрт қою, қорғаушының болжамы – апат салдарынан шыққан өрт т.б.;

2) бұл әрекетте қылмыстың құрамы бар ма;

3) қандай қылмыстық заңда ол қарастырылған;

4) бұл қылмысты айыпталушы жасады ма;

5) ол оның жүзеге асырылуына кінәлі ме; 6) айыпталушы жазаға тартыла ма және тағы сол сияқты.

Осылайша, қорғап сөз сөйлеудің тақырыбы болып оратормен жетілдірілетін негізгі ой табылады. Көбіне қорғап сөз сөйлеу бірнеше тақырыптарддан тұрады: негізгі және қосалқы (процесуалдық немесе материалды – құқықтық түрінде).

3.Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі мен кезекті элементтерінің қатынастылығы.

Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі мен кезекті элементтерінің қатынастылығы ақтаушының процесуалдық ұстанымына байланысты.

Ақтау туралы өтініш білдірген кезде, әлбетте сөз басы жеке тұлғаны мінездемелеуден басталады. Кейбір жағдайларда қорғалушының жағымды мінездемесі оның кінәсіздігінің дәлелі бола алады, оған тағылған айыптың дұрыстығына күмән келтіртеді, содан соң оның кінәсіздігін дәлелдейтін өзге дәлелдемелермен таныстыруға өтуге болады.

4. Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі.

Қорғап сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі (кейде ол болмауы да мүмкін) белгілі бір қорытындыға келіп, ақтаушы ақтауды немесе ең минималды мерзімін тағайындауды өтінеді. Ыңғайлы нұсқа болып келесі нұсқа табылады, қорытынды бөлім бастапқы сөздің мотивтерін қайталауы. Мұндай тәсілді ақтаушы А.С. Экмекчи тубдиспансердің бас дәрігеріне қатысты іске қатысуда қолданған. Ол өзінің қорғап сөйлеген сөзінде Вера Михайловна Цыгаровнанң атқарған қызметі мен қоғамға жасаған еңбектері мен адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы орын толмас қызметін атап өтіп, оған куәгерлердің жақсы мінездеме бергенін ескере өткен. Кейін, қорғаушы оның кінәсіздігін дәлелдейтін дәлелдемелерге анализ жүргізді. Қорытынды бөлімінде ақтаушы сөзінің бастапқы сарымын қайталап, айыпталушының болашақта өз қызметімен халыққа келтіретін пайдасының көптігіне тоқталып өткен.

Қорытынды бөлімде, қорғап сөз сөйлеуге арналған, атап өтетін бір жәйт, оның құрылымы бірінші кезекте оның ақтаушы таңдаған процесуалды позициясына байланысты болады. Жауапкершілікті жеңілдетуді өтінетін қорғап сөз сөйлеуде:

1) жеңілдететін мән – жай;

2) өмір сүру мен тәрбиелеудің сипаты;

3) отбасымен, достарымен және ұжым арасындағы қарым - қатынастың сипаты;

4) жасалған іс - әрекеттегі психологиялық ахуалы және тағы тағы басқалары ескерілуі қажет.

Әділсот - құрбандық шалу емес, мұнда ортағасырлық догмалар қызмет етпейді, «құрбан бар жерде,тұтқын да бар» деген тұжырым мұнда орынсыз. Әділ соттың логикасы өзгеше, мүлдем басқа міндеттер мен мақсаттар, ал трагизм істі жеңілдетпейді, керісінше соттын ісің ауырлатады. Ол істің мән - жайларына максималды объективті баға беруге міндеттейді, бір адами трагедиясынан екінші трагедияның орын алмауы үшін...

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

1.Александров Д.Н. Логика. Риторика. Этика: Учеб. пособие. М., 2002.

2.Александров Д.Н. Основы ораторского мастерства, или В погоне за Цицероном: Учеб. пособие. М., 2003.

3.Александров Д.Н. Риторика: Учеб. пособие для студентов вузов. 3-е изд. М., 2004.

4.Александров Д.Н. Самоучитель красноречия. М., 2003.

5.Андреевский С.А. Избранные труды и речи: Защитительные речи. Несудебные речи. Литературные портреты. Стихи. Тула, 2000.

6. Аннушкин В.И. История риторики. М., 2000.

7. Ария С.Л. Мозаика: Записки адвоката. Речи. М., 2000.

8. Баишева 3. Психолого-риторические основы убедительности обвинительной речи // Законность. 2004. № 2.

9. Барщевский М.Ю. Адвокатская этика. М., 2002.

10. Божьев В. К вопросу о состязательности в российском уголовном процессе // Уголовное право. 2000. № 1.

11. Бойков А.Д., Капинус Н.И. Адвокатура России. М., 2000.

12. Девяткина Е.В. Рыцарь правосудия. Нравственная позиция ритора в обвинительных речах А.Ф. Кони // Русская речь. 2004. № 1.

13. Демидов В., Санинский Р. Эффективность государственного обвинения// Законность. 2004. № 8.

13. Дореволюционные юристы о прокуратуре: Сб. статей. СПб., 2001.

15. Жураковскии В.А. Споры в судах общей юрисдикции: судебная практика и применение законодательства. М., 2002.

16. Закомлистов А.Ф. Система современной судебной этики. М., 2002.

16. Закомлистов А.Ф. Судебная этика. М., 2002.

17. Зарецкая Е.Н. Риторика: Теория и практика речевой коммуникации. М., 2002.

18. Ивин А.А. Риторика: искусство убеждать: Учеб. пособие. М., 2001.

19. Истина и закон: Судебные речи известных российских и зарубежных адвокатов / Сост. И.Я. Козаченко. СПб., 2003.

20. Колтунова М.В. Что несет с собой жаргон // Русская речь. 2003. № 1.

21. Мальцев Г. Какой юрист сегодня нужен обществу // Российская юстиция. 2001. № 5.

22. Миртов А.В. Умение говорить публично. Тула, 2000.

23. Савкова З.В. Искусство оратора: Учеб. пособие. СПб., 2000.

24. Судебные речи: Сборник / Автор-составитель М.Ф. Чудаков. Минск, 2002.

25. Шахерова С.Л. Дореволюционная адвокатура Восточной Сибири. Иркутск, 2001.

26. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. Алматы‚ 2004.

27. Гиздатов Г.Г. Очерки по истории судебной речи. Алматы‚ 2007

28. Гиздатов Г.Г. Мир права в лицах и ситуациях. Алматы‚ 2000.

«Сот риторикасы» пәні бойынша нормативті-құқықтық актілер.

1. Конституция РК от 30.08.1995 ж (с изменениями и дополнениями 2008 г.)

2. Уголовно-процессуальный кодекс РК 2006 ж.

3. Закон РК «О судебных нормативах» (от 7.07.1997 г).

Студенттердің тізімде көрсетілмеген баспа және ресурс материалдарын

қолдануға академиялық таңдау құқығы бар.

Аралық бақылау тапсырмалыры.

Реферат тақырыптары:

1-аралық бақылау.

1. Сот риторикасының ұғымы.

2. Заңгердің сөз сөйлеу мәдениетінің ұғымы

3. Заңгердің сөз сөйлеу техникасы.

4. Сотта сөз сөйлеу – сөздің бір түрі ретінде

5. Заңгердің сөзінің стилистикалық нормалары және сөз сөйлеудің мәдениеті

6. Классикалық риторика.

7. Неориторика.

8. Заңгердің сөз сөйлеуі бағынатын негізгі талаптар.

9. Сөз сөйлеудің лаконикалығы.

10.Градация ұғымы (лингвистикалық терминдер).

11.Соттағы шешендіктің тарихы.

12.Бүгінгі күндегі сотта сөз сөйлеу түрлері.

13.Айыптап сөз сөйлеу.

14.Қорғап сөз сөйлеу

15.Баламалы әдісте дауды шешу.

16.Сот жарыс сөздерінің этикалық негіздері.

17.Сотта сөз сөйлеудің кұрылысты-композициялық сипаттамасы.

18.Сотта сөз сөйлеудің табан астында айтылуы.

19.Сөз сөйлеудің әсер ету құралы.

20.Бұқара алдында сөз сөйлеудің спецификасы.

21.Сотта сөз сөйлеудің үндену мәдениеті.

22.Эпфония ұғымы ( грек.eupһonia -үн), благозвучание. әдемі үнді.

23. Рим шешендері.

24.Жаңа риторика

26.Антикалық өркениеттегі шешендік сөз сөйлеудің қайта қалыптасуы мен дамуы.

27.Шешендік өнердің тарихы.

28.«Афина сот алқалығының» іскер ойыны Грек шешендері.

29.XV III–XIX ғ.ғ.француз заңгерлерінің сотта сөз сөйлеулері.

30.Америка сот алқалығының моделі бойынша сот процестері.

2-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.

1. Бүгінгі күнгі заңгерлердің сөз сөйлеулерінің теориясы мен практикасы.

2. Мемлекеттік айыптаушылардың сөз сөйлеулері.

3. Сот процестерінің іскерлік ойындарын өткізу әдістері.

4. Қылмыстық істер бойынша сот жарыс сөздері.

5. Соттағы репликаның ұғымы.

6. Шешендік сөз сөйлеудің негіздері.

7. Сот риторикасының ұғымы,пәні және міндеттері.

8. Қазақ халқының шешендік өнері.

9. Логикалық қатынастардың негіздері.

10.Кеңес адвокаттарының сотта сөз сөйлеулер.

11.Францияның сот шешендері.

12.Соттағы адвокаттардың сөз сөйлеулері.

13.Афиналық сот алқалығының форматындағы сот процестері.(галиэя).

14.ҚазССР адвокаттарының соттағы сөз сөйлеулері.

15.Америка сот алқалығының моделі бойынша сот процестері.

16.ҚазССР прокуратурасы мемлекеттік айыптаушыларының сотта сөз сөйлеулері.

17.Рим шешені Марк Тулий Цицеронның таңдалған шығармалары..

18.Сот шешенінің этикасы.

19.Сотта сөз сөйлеудің сенімділігі.

20.Сотта сөз сөйлеудің интонациялы-мәнерлі құралдары.

21.Атақты грек шешені Демосфен (384-322 гг.до н.э).

22.Латын қызылтілділігінің түпатасы Марк Порций Катон үлкені ( 234-149 гг. Б.э. дейінгі).

23.Судебные речи Марк Антони және Красстың сотта сөз сөйлеулері.

24.19 ғасырдың екінші жартысындағы орыс сот шешендері А.В.Кони;

К.К.Арсеньев; П.А.Александров және басқалардың.

25.Қатынас жасау саласындағы тіл қату функциясы.

26.Заңгердің сөзсөйлеуінің композициялы-логикалық құрылысы.

Қазақстандағы аызша шешендік түріндегі шешендік өнерінің дамуы.

27.20 – шы ғасыр басындағы ораторлық өнер.( В.И .Ленин; В. Воровский; Троцкий; А.В .Луначарский; С.М. Киров.)

28. 20 – шы ғасырдағы сот шешендігі. (Р.А .Руденко; Я.С .Киселев; В.Л Росселс).

29.«Федеральный судья» бағдарламасындағы адвокат Трещевтың қорғауда

айтылған сөздері..

30.Канондық құқық және мораль.

Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары

Сот риторикасы пәні бойынша ауызша емтихан сұрақтары

Риторикалық құрылым.

Риторикалық құрылым айтылғандардың қорытындысы болып табылады. Айтылымдар дәйектіліктіңң бір бөлігі болып табылады, айтылымдар жалпы дәйектілікке жүгінеді.

Қалыптастыру.

Қалыптастыру - айтылымдардың ойлау дәрежесінде болуы. Қалыптастыру процесі кезінде автор атап мына нәрсені, мәселелердің шешімі ретінде пәннің ойлау жағдайын анықьайды.

Қалыптастыру: эпидейктикалық дәйек.

Эпидейктикалық ритор ешқандай жаңа нәрсені көрсетпейді, бірақ әркімнің ауызша немесе жазбаша ойлау шегі анық болуы тиіс дегенді көрсетеді.

Мағынасына байланысты дәйек.

Пәнді жандандыру, яғни оны құрал, бөлік, түр ретінде кеңірек мағынада қарау; салыстыру немесе ұқсастыру; мағынаны анықтай отырып бағалылығын орнату.

Мағынасына байланысты дәйек көбінесе эпидейктикалық дәлелділікте көрініс табады, оның көмегімен ритордың қаншалықты жұмыс жасауы анықталады.

 

Дәрежесіне қарай дәйек.

Эпидейктикалық дәйек ритордың құқығын дәрежелі және тыңдармандарға бағынышты болуы тиіс дегенді ұсынады.

Риторды апелляциялайтын дәрежелі саты:

- Тыңдармандарға міндетті дәлелдемелерді анықтау;

- дейектілік факттермен байланыса дәрісханаға берілетін эмпирикалық нақтылық;

- ритордың өздігінен дұрыстығын тыңдарманға ұнамды сезіндіру;

- эстетикалық дәрісханалық талқылау ішкі сұлулықты көретін шығарма;

- ритордың айтуы бойынша тыңдарманға көрінетін бағалы пайда.

Бұл инстанция қорғаушыға және қорғанушыға сотта түрлі құқық болып табылатынын айта кету керек.

Эпидейктикалық ритор қатысатын дәреже импотопосты дәрежесімен және құрылымымен тығыз байланысты. Инстанцияның және топостардың үйлеспеуі, эпидейктикалық дәрісхананың тұрақсыздығына әкеліп соғады.

 

1. Бақылау жұмысын жазу - 3 апта

Сот риторикасының мәні мен міндеттері. «Сот риторикасы» курсының түсінігі және жүйесі.

1. Сот риторикасының ұғымы мен мағынасы.

2. Заңгердің мәдени сөз – қатуының түсінігі. Заңгердің сөз сөйлеу техникасы.

3. Сөз сөйлеу мәдениеті және заңгердің сөз қатуындағы стилистикалық нормалар.

4. Соттағы сөз шешендігінің тарихы.

5. Соттағы сөз-қатудың құрылысты-композициялық сипаттамасы.

6. Сот жарыссөзінің этикалық негіздері.

7. Антикалық өркениеттегі сөз шешендігінң пайда болуы және дамуы.

8. Мемлекеттік айыптаушылардың сөздері.

9. Сот процестерінің іскерлік оцындарын өткізу әдістемесі.

10.Сөз-қатудың ресми-іскерлік стилі.

11.Римнің әйгілі сот сөз шешені Гай Папирий Карбон.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.