ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Тапсырмаларды орындау ережелері. 10 страница 2. Соттағы сөз сөйлеудің негізгі бөлімі. Сотта сөз сөйлегенде шешен (оратор) көпшілік алдында композициялық және логикалық әдісті сақтау керек. Сотта сөзші нақты сол іске байланысты әр түрлі сөз сөйлейді, алайда антикалық сызба бойынша шыққан, негізгі бөлім мен қорытындысы өзгеріссіз қалады. Сотта негізгі бөлім туралы айту, оның басқа бөліміндегі мәнін,анық және қысқа, мәнерлі және аяқастынан сөз сөйлеу, тыңдаушыларды өзіне қарата білу керек. Антикалық риторикада сөйлеудің 3-түрі көрсетілген: табиғи, болған жағдай және аяқастынан сотта шешен тыңдаушыларға негізгі бөлім туралы айтуы керек. Атақты, бәрімізге белгілі адвокат 60-шы жылдары Ковалеваның ісін қарады: - Құрметті судья! Бұрынғы ерте замандағы сияқты сиқырлы сөзбен; оның сөзіне бәрі көңіл бөліп тыңдағысы келеді.2-жақтың сөзі, бір ғана дәлел, бір ғана адамның түрі, бірақ әртүрлі көрінеді. Айыптаушы мен қорғаушы В.И.Царев: адамдардың топпен бұзақылық жасағаны туралы сотта айтады: - Құрметті судья! Аяққы 9 ай ішінде 4 іс бойынша Городици кентінде тұрған, кәмелетке толғандардың арасындағы бұзақылық туралы іс қаралады. Ф.Н. Плевако оратор (сөзші) өзінің қорғайтын сөзімен сотта аяқастынан, күтпегенде тыңдаушылардың көңілін өзіне қаратады.Грузиннің адвокаты (князі) келесі қорғау сөзінде, кез келген қорғаушы секілді, мен де бұл істі қарадым, сотталушымен сөйлестім, дәлелді көрдім, осыған байланысты сіздердің алдарыңызда қалай-не айту керек, ол не үшін,керек пе, сіздер өздеріңіз ойлап ортырғандай прокурр қалай айтатыны, оның сөзіне жауап қайтару үшін, мен өз сөзімді өзім де аяқтадым.Ал енді прокурор өз ісін жасағаннан, яғни аяқталғаннан кейін, мен сөйлеймін. Мен іс бойынша сотталушыны қорғап шығуым керек. Сөзші адвокат пен прокурор істің нақтылығын, іс бойынша мағынасын жасау, жәбірленуші мен сотталушы туралы мінездеме жасайды. Мысалы: Құрметті судья! Нақты іс мына іске қарағанда жеңіл, Омаров қасақана өз әкесін өлтірді.Бір жағынан қарасаң бұл жаман, нақты іс бойынша адамның өмірін қиды, олардың қандары бір емес пе? Құрметті судья! 4 жыл бойы анасы Новикова мен қызы Мороз Ф. Фоминаның мазағына көнді. Осыған байланысты сотта іс қаралды. Онда адамдардың жан дүниесіне көңіл бөліп, түсіну керек, Новикова адал болып шықты. Халықта мақал сөз бар: «Түсіну-ол кешіру» деген. Ф.Н.Плевако таңдаулы сөз 402-б. Адвокаттың сотта сөз сөйлеуі Қаз ССР 74-б. 3.И.М.Кисенишский, Розинова Б.Я. ісі бойынша қорытынды сөзі. Қылмыстық іс бойынша сотта сөз сөйлеу И.М.Кисенишский 87-94 б.б. Сотта сөз сөйлеудің негізгі бөлімінің ортасында дәлелдемелер мен аргументациялар көрсетіледі. Дұрыс дәлелдемелер логика тұрғысында 3 түрге бөлінеді: тұжырымдар (аргументтер) және дәлелдемелер (дәлелдер). Тезис- сөйлейді немесе мысалды нақтыны дәлелдеу керек. Тұжырымдар (аргументтер) – сөйлем немесе мысалды нақты дәлелдеген, тексерген. Сотта сөз сөйлеуді шындық, нақты дәлелге байланысты. Дәлелдемелер (дәлелдер)- логикалық ойлау тұжырымдар мен тезистер арқылы іс дәлелденеді, оған тек іздестіру мен тексеруді сарап арқылы жауап береді. Прокурор Н.А.Асев, Б.Я.Розинова ісі бойынша қылмыс мына баппен осы заңның және де 175 бап РСФСР (пара алу), облыстық психиаторлық ауруханасындағы бастықтың орынбасары ауру адамдардан пара алған жалған құжат жасаған. Аристотель бекер айтпаған, индукция көрнекті және де нақты сезімі өзін-өзі танып білу. Н.П.Карабчевский дәлелдерге қатысты Семеновты қылмыс жасады деп медициналық сараптама жүргізді: Атақты профессор Белинский дәлелдеген, ол психопаттық склад сарабынан немесе керісінше сәйкес келеді, бұған психиатр-практик чечот, бұл іске мән берген: ол психикасы дұрыс еместікпен ауыратын адамдар ойланбастан арты неге соғатынына мән берместен қылмыс істейді. Оларды сотта соттамайды, керісінше есі ауысқандар ауруханасына отырғызады. Оны тек медициналық қорытындысы бойынша жазылды деген анықтама бергенде ғана оның ісі қаралып, жауапқа тартылады,әрине егер оның мерзімі өтіп кетпесе. Ақыл-есі дұрыс еместік медицинада жақында пайда болды. Ол ақылсыз (ессіз), ақыл-есі дұрыс емес, жынды деген мағынаны береді, деп психиатр сарапшы Семенов осылай санайды. Бұл іске атақты орыс адвокаты Сопогова 19 ғ. М.Г. Казаринов былай мінездеме берген. Ол қылмыс жасар алдында «атақты тарихшы Мишель айтқандай, бұл түс көрер алдында,ол тарихи материалдарды қарап, оқып дәлелдеген, таңертең ми оқиғаны, жүйеге алып келді. Не істеу керектігі түсінікті болды, түнде ойлау процесі жүреді». Осылайша Сопогова таңертең ол өзі алуға тиісті Субботинадан,бұл идея өте күшті күшке ие, онымен күрес жүргізу мүмкін емес, одан құтылудың бір ғана жолы – ойлағаныңды жүзеге асыру деп тұжырымдаған. Қорытынды-сотта сөз сөйлеуде оратор судьяға, аяққы бөлімінде қорытынды сөзін және өтініш айтады. Сотта қорытынды әртүрлі болуы мүмкін: қарапайым, асықпай ісін қарау, оны қысқа қайталау, нақты дәлелдер, илюстрация мен эмоцианалды патикиге мән беру , қорытынды сөзді түйіндеу.Норвегияның халқы кнуту Гаисунаға деген көз қарасы жақсы болды. 2-ші Дүние жүзілік соғыстан кейін Гайсуна Сафьяновамен автографаны, акционды 1-ші, сондай-ақ жалғыз алушы, көрсетілген ақша, теңдік 25-американ валюта ақшасы. Гаисунның бұл жиналысы дамып, жетіліп жазылып шықты. Бүкіл әлемде И.М.Кисенишский, Б.Я.Рогозинова ісі бойынша қорытынды сөзді былай айтады: «Құрметті судтя! Мен кінәләнің анализін анықтап, бұл іс бойынша, яғни Розинова туралы толық өмірі туралы айтуым екрек деп айтады, толықтыру үшін сізде мінездеме барма? Бұл іс бойынша менің ойымша, бұл әлі дәлелденбеген, әлі қаралып тергеп,тексерілуі тиіс. Бұл дүниеде, оның өмірінде болған оқиғаны түсіну, өмірден адасқанын және қателескенін, оның қапа болып,шындап өкінгендігін көрдік. Біз барлық шындықты іс-әрекетінен сотта көрдік,дұрыстығын, ұқыптылығын, барлық шын жүрегімен оның өкінгендігін және өзін кінәлайтындығын.Розинова Б.Я. қылмыс жасады,жауапқа тартылуы тиіс, алайда ол өкінеді.Сол себептермен оның ісі бойынша аяушылықпен өкінгеніне сенім білдіру керек». Судьяға қорытынды мен қоса түсінікті және толық түрдеөкініш білдіреді. Адвокат Б.Д.Рожковский, А.Новикованың ісінде сөз сөйледі: - Құрметті судья! Сіздің алдыңызда Новикованың барлық күнделікті өмірі өтті. Қазір материалды- моральды зардап шегуші міне отыр. Сізден оған, яғни осы отырған (кісіге) жылы қабақ танытуыңызды сұраймын. Шыққан шешім өмірін өзгертеді, заңның шын екендігіне сенетін болып, үміті артады. Қорытынды сөз шығарғанда, сотта сөз сөйлеудің композициялық-логикалық тұрғысында, ол белгіленуі тиіс және тыңдаушылардың көңілін өзіне қарата білуі екрек екендігін, ұмытпау қажет. 12 Дәріс Тақырып: Сотта сөз сөйлеудің риторикалық бейнелері. Жоспар: 1. Әділ үкім. 2. Риторикалық бейнелер. 3.Халықаралық қылмыстық сотқа сәйкес жаппай кісі өлтіруге кінәләлерге халық соты. 4. Сот шешенін мақсатты қалыптастыруды жандандырудағы ролдерді айқындау. Негізгі ұғымдар: Риторикалық бейнелер, ой бейнелері, сөз бейнелері, инверсия, метафора, метонимия, Синекдоха. 1. Риторикалық бейнелер. Риторикалық бейнелер сотта сөз сөйлегенде өз ойыңды білдіру үшін қажет. Антикалық заманда мынандай тезис болды: тыңдаушыларға тек аргументтермен ғана емес, риторикалық бейнелермен де әсер етуге болады деген. Риторикалық бейнелер адамның жақсы есінде қалады. Риторикалық бейнелер сот жарыссөздеріне тазалық, анықтылық, нақтылық және әдемілік береді. Бірақ риторикалық бейнелерді дұрыс қолдана білмеу – күлкілі жағдайлар туғызады. Мына текстте риторикалық бейненің көптеген түрлері кездеседі: Күйеуі әйеліне ашуланып: «Мен ия деп айтсам, ол жоқ деп айтады; таңертен де кешке де айғайлайды (антитеза). Ешқашан, ешқашан онымен тыныштық жоқ (қайталану). Ол жалмауыз кемпір, ол шайтан! (гипербола). Бірақ, сен байкұс маған айтшы (үндеу): мен саған не істедім? Не деген ақымақтық еді саған үйлену! (леп). Одан да маған суға батып өлу керек еді! (тілек). Сенін шығындарыңды, менің еңбегіммен саған тапқан ақшамды айтпай-ақ қояйын (үндемей қалу). Бірақ сенен құдай үшін жалынам жұмыс істейінші мазамды алмашы (жалыну). Ол байқұс жылап жатыр: Осыдан көресіздер қайтадан мен кінәлі боламын (ирония). Жарайды солай-ақ болсын. Ия, мен мазасызбын, өз өзімді ұстай алмаймын (ұтылу) ... Бірақ маған мынаны айтшы, неге менімен жақсы сөйлесуге болмайтын ба еді? (риторикалық сұрақ). Мен жынды, хайуан, саған күн көрсетпейтіндігім, сені соғатыным, адам өлтіргенім бәріне белгілі (градация мен ұлғайту)». 2.Халықаралық қылмыстық сотқа сәйкес жаппай кісі өлтіруге кінәләлерге халық соты. Риторикалық бейнелердің түрлері мен кіріспесі сонау антикалық заманнан басталған. Қазіргі уақытта дәстүрлі түрде ойлар бейнесі және сөз бейнелері бар. Ойлар бейнесі – ойдағыны жеткізу құралы болып табылады, ал сөз бейнелері – сөйлеудегі жерге назар аудартады. Тағы да бір ойлар бейнесі мен сөз бейнелері арасындағы айырмашылық ойлар бейнесі ойланғанның және елестетілгеннің өзгеруіне байланысты; ал сөз бейнесінде сөздерді ауыстырғанымен бейне өзгермейді. Бейне ол сөз, яғни сөз ауысуына байланысты. Төменде сотта сөз сөйлеудің риторикалық бейнелерінің түрлері мысалдарымен көрсетіледі. Ой бейнесі анықталыққа бөлінетін: 1) шешеннің ұстанымы – ескерту («Мен сізге дәлелдеймін...») біліп қою («Маған қарсы тұрады... бірақ, мен айтайын...»), көну («Сен оны білмесен де, жасағың келмесе де, сен оны істедің»), рұқсат беру («Өзің ойлап тұрғаныңды жаса, бірақ содан кейін қалай аяқталатынын көресін»); 2) Заттың мәні – анықтама («Сот жарыс cөзі – заң өмірінің формасы», «Күнәнің қисықтығын мақұлдау қылмыс болып табылады»), анықтау («Кім мына лайықты күйеуді, жоқ ең абыройлы күйеуді өлтірген»), қарама-қарсылық (түрлердің қарама-қарсылығы) («Біз жақ абырой үшін күреспек, ал анау жақ арсыздық үшін», «мында – адалдық, анда – алданыс, мында – айбын, ерлік, ал онда – қылмыс»). 3) Ойланған затпен қарым-қатынас – лептеу («Бір рет баланың сенімін алдаған адамға ой қалай сену қиын, қиын!») кейіптеу тірі емес заттарға адамның қасиеттерін, сөздерін, сезімдерін т.б. беру («Егер сенің әкең көрден тұра алса, былай дер еді ...», «Мына хаттың жолдары қорқытты, жалынды, қарғады»). 4) Тыңдаушылармен байланыста болу, яғни сұрақ қою: риторикалық сұрақ, сұрақ-жауаптық кешені, күдікті сұрақ, кеңесші сұрақтар («Былай қарасаң, дауласатын несі бар? Дұрыс баланы тәрбиелеу үшін ананың мағынасы аз екендігін кім өзінің жауапкершілігіне алады? Қыз, бүгінгі қарап отырған ісімізде «Кіммен болу керек?» деген сұрағына анасыз балаға жақсы болады деп кім жауап бере алады? Ешкім олай айта алмайды, айтса да ол өтірік болады») Үндеу (Әкелер, күйеулер, ағалар! Сіздер бізге қарағанда отбасы жағдайларын өте жақсы білесіздер! Новохацких іс әрекетіне саналы баға бере аласыздар). Сөздің бейнелері 3 бөлінеді: 1) әр түрлердің қайталануы: анафора – сөйлеу бейнесі, басындағы сөздердің қайталануы тән (Күйеуі оны бекер ұстап қалды. Бекер ол бірге тұрған кездерді еске алды.); эпифора – сөйлеу бейнесі, яғни сөйлемнің соңындағы сөз бен сөз тіркесінің қайталануы тән (Мен дүкенде бос сөрелерді көргенде, мен олар кінәлі екендігін білемін! Мен кінәсіз атылған адамдардың бейіттерін қазатынын естігенде немесе оқығанда, мен – олар кінәлі екендігін білемін), «нығаю» синонимдері («Сот зер салып сотқа қатысушылардың барлығын тыңдады: айыпталушы, куәгерлер, жәбірленуші, маман»). Бірде - бір маңызды сұрақ назарсыз қалған жоқ, бірде – бір сотқа қатысушылардың сұрағы сотпен алынып тасталған жоқ, бірде-бір өтініш себепсіз еленбей қалған жоқ!») сөздердің әр түрлі мағынада қайталануы (Кімде өмірден қымбат басқа ештеңе жоқ, ол адам өмірге лайықты өмір сүре алмайды); қайталанумен қосылу арқылы дамыту (Тарихта бірінші рет халыққа қарсы қылмыскерлер өз істеген қылмысы үшін Халықаралық Қылмыстық Соттың алдында жауап береді, бірінші рет халық бүкіл жерді қанға толтырғандарды, кінәсіз неше миллион адамдарды өлтіргендерді, мәдениет орталықтарын қиратқандарды, адам өлтіруді енгізгендерді, азаптаушыларды, шалдарды, әйелдерді, балаларды жойғандарды соттап жатыр); 2) бейнелерді кеміту – жобаланған сөздерді кеміту (эллипс) («... заңды (күйеуінің) қалай жатқанына, сонымен соңғы (рет) қарады»); жалғаулықсыз - әдейілеп жалғаулықсыз сөйлем құру, яғни сөз сөйлегенге қозғалмалылық пен қанғандық беру (Байқұс әйелге жылдар бойы ашу жиналып, шыдамдық азая, бұрынғы салмақтық жоқ болып кетті»); 3) бейнелерді ауыстыру (орналастыру) – инверсия – сөздердің орналасу ережесін бұзу (Терең ескі заман). 3. Сот шешенін мақсатты қалыптастыруды жандандырудағы ролдерді айқындау. Сот риторикасында ерекше орынды мынандай жолдар алады: қайта ойлану, осы арқылы сөзге тура мағына емес, ауыспалы мағынада. Осы риторикалық бейнеге мыналарды жатқызуға болады: 1) метафора - бір сөздің (құбылыс немесе тұрмыс аспектісі) екінші сөздің қасиетіне алмастыру, ол сөздер ұқсас болуы тиіс. Метафора өзінің дәлдігімен ерекшеленеді. Көптеген метафоралар сот жарыссөздерінде көптеп қолданылады. Мысалы: ақыл айтады, заң талап етеді, жаза қаталдығы, мұқтаждық қысымы, т.б. 2) метонимия - аралас-құралас принципі. Метонимия метафора сияқты сөздерден сөйлеуде екі жаңа сөз туындау арқылы сөз сөйлеу («Пушкинді оқығам», «Бетховенді тыңдадым»). 3) Синекдоха – бүтіннің атауы бір бөлігінің атауымен өзгертілуі немесе керісінше. Жиі синекдоханы метонимияның түрі ретінде қарастырылады. Атаулардың өзгертілуі киімнің атауымен сол киімдегі адамды атау. Мысалы: «Кеш уақыты. Көшеде шұбар бір топ, мас тұлыптап мен көкрекшелерден құралған». Ал енді сотта сөз сөйлеудегі ауызша бейне оны мәнерлі, көркемірек қылады. В.И.Жуковский өзінің сотта сөз сөйлеуінде былай деген: «Сотталушы бір жарым жыл жалғыз камерада отырды. Сот алқалығы сіздер білесіздер ме, жалғыз камерада отыру деген не екенін? Ол ұзындығы үш қадам, ал ені екі қадам ... және бір үзім аспанды көрмеу». Сотта сөз сөйлеуде риторикалық бейнелерді дұрыс, орынды қолдана білу ол сөз сәндігі емес, сот жарыссөзінің жалпы қажетті стратегиясы. 13 Дәріс Тақырып: Айыптап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері,құрылысы: Жоспар: 1. Айыптап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері, құрылысы. 2. Айыптап сөз сөйлеудің композициялық құрылысы. 3. Айыптап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі. 4. Қылмыстың заңи саралануы. Негізгі ұғымдар: Айыптап сөз сөйлеудің мазмұны,айыптаудың фабуласы, Құқықтық саралану. 1. Айыптап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері, құрылысы. Сот сөзiнiң негiзгi түрiнiң бiрi – сот жарыссөздерiндегi прокурордың айыптаушы сөзi. Айыптаушы сөздері – мемлекеттік айыптау болып саналады. Іс бойынша жиюлы дәлелдердiң талдауына да болады, қылмыстың санаттары туралы пiкiрлер айтады, жазалау шарасын, заңды үкiмнiң орындалуы туралы айтады. Сот сөзінің бұл түрінің негізгі міндеті: сотқа, сотқа қатысушыларға, көрермендерге қылмыстың себебін және қылмыстың барлық қауiп-қатерiн, қауіптілігін, айыпталушы тұлғаны дұрыс бағалау болып табылады. Айыптау логикалық жоспарда қылмыстық әрекет және тамырлылықты оның қылмыстық жауаптылықты дәлелдеуi, тұлғаны әшкерелеуге бағытталған нақтылы қызметтi ұсынады. Негiзінен заттық - заңға сүйенген қатынаста кез келген айыптауды фабула, оның заң формулировкасы және ең алдымен композициялық - логикалық ұйымдарды анықтайды денелiк сөздi айыптаған заңға сүйенген бiлiктiлiктер болып табылады. Фабула айыпталушыны нақтылы қылмыс құрамының белгi болатын әрекеттер, айып тағатын айғақтардың iс бойынша айыптау. Ол айыптауды нақты бөлiктi құрастырады. Восы айыптауды фабуланың айғақ қосылатын Ниялар преступленiң түрiнiң не бiрiнiң белгiлерi қылмыстық-құқықтыны заң үлгiлерiн жасауға мүмкiндiк бередi және сти өз жиынтық айыптауды заң тұжырымдарын құрастыруға iстеген. Оның фабуласынан айыптауды заң тұжырымы, айырмашылыққа, әрдайым бiртұтас. Заңға сүйенген бiлiктiлiктiң олардың заң белгiлерiнiң айыптауды фабуланы және анықталуы анықтауға арналған қажеттi алғышарттарды құрады айыптауды құрама бөлiктiң құрайтын айғақтарының анықтауы. 2. Айыптап сөз сөйлеудің композициялық құрылысы. Фабуладан айыптаудың заң тұжырымының айырмашылығы, ол әрдайым бiртұтас. Заңға сүйенген бiлiктiлiктiң олардың заң белгiлерiнiң айыптауды фабуланы және анықталуы анықтауға арналған қажеттi алғышарттарды құрады. Заңға сүйенген бiлiктi айыптаушы қылмыс қай заң бойынша шешілетіні туралы, заңының аты, қылмыстық заңның тиiстi бабы, оның бөлiгi және тармағы, дәл Қылмыстық кодекстің бабын, сонымен бiрге заң және заңдық актілерді дұрыс атауы тиіс. Айыптауда айыптауды фабула, заң тұжырымы болуы керек. Кез келген айыптаушы сөздiң ерекшелiктерi болып табылатын : айыптаушы сөздiң жүйелiлiгi (айыпталушының кінәлілігін, қылмыстың айғағының бар болуын дәлелдеу), уақытша қатынастағы мінез-құлықы (айыптаушы сөз қорғаушының сөзiн алдын алады) ерекше заңға сүйенген бағытталғандық, басты сипат, үзiлдi-кесiлдiк және шабуылдық, айқын белгi. Қазіргі уақытта сот сөзінің теориясында 2 түрлі айыптаушы сөзінің нұсқасы бар. Біріншісі нұсқа бойынша айыптаушы сөзінің құрылымы мынадай: 1. кіріспе 2. қылмыс құрамын мазмұндау 3. қылмыс бойынша тапқан дәлелдерді талдау, бағалау 4. қылмысты саралау 5. айыпталушы тұлғаға мінездеме беру, жасалған қылмысқа қатынасы, қылмыс істеу себебі 6. айыпталушының жазасын болжауы Екінші нұсқа жүйе бойынша дұрыс және логикалық аяқталған айыптаушы сөзінің құрылымы мынадай: 1. кіріспе 2. істің мән-жайын баяндау 3. тергеу бойынша табылған дәлелдемелерге баға беру 3. қылмыстың заңи біліктілігі 4. айыпталушыға сипаттама 6.айыпталушының жазасын болжауы, азаматтық талаптың қанағаттан- дырылуы, материалдық зардап 7. қылмысты саралау 8. қорытынды 3. Айыптап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі. Айыптушы сөзінің кіріспе бөлімінің өте маңызды мәселесі – ол аудиториямен тығыз байланыста болуы және оларды іске қызықтыру болып табылады. Прокурор В.Н. Сажин істің басында істің ерекшеліктеріне, яғни саясат пен қоғам, заңи жақтарына көңіл бөледі және істі дәлелдер мен фактілерден бастайды. «Құрметті сот! Бұл қылмыскерлер, яғни С. Мен К. Азаматтары мемлекет мүлкіне қастық жасап, істеген қылмыстары үшін жауапқа тартылмаймыз, істеріміз ашылмайды деп ойлаған. Бірақ мұндай әрекеттері енді тоқтатылды, енді олар соттың алдында жауап береді. Сіз қарап отырған іс оңай да жай да емес. Өйткені бұл азаматтар өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекетке опазсыздық жасады. Олар мемлекетті, мемлекеттің мүлкін қорғағанның орнына, қылмыс жасап отыр. С. азамат қылмыстық іс жүргізуге дейін № 5 Киржачской учаскесінде Біріккен жібек фабрикасында есепші қызметін атқарған. Бұл істің ерекшелігі – қылмыскерлер өз құқыққа қарсы әрекеттерін жылдар бойы істеп отырған және уақытысында ұсталмаған. Бәрімізге белгілі бұл жағдай өте қауіпті. Өйткені олар өзін қоршаған ортаға өте жаман әсерін тигізеді.» Кейбір жағдайларда айыптаушы сөзі кіріспеден басталмай істің мән-жайын баяндаудан басталып кетеді. В.И. Цареваның адам өлтіру ісі бойынша сөзі: «Құрметті төраға! Құрметті облыстық соттың халық мәслихаты! Біздің облысымыздың үлкен өнеркәсіптік қаласының шетіндегі Коврова деген жерден алдыңғы жылы күзде Татьяна Исаеваның мәйітін тапқан еді. Зорлықпен өлтірілген мектеп оқушысының өлімі ата-анасына, достарына, сыныптастарына, мектеп ұжымына, Коврова тұрғындарына моральдық зиян тигізді.» Айыптаушы сөзінің кіріспе бөлімі тек дәлелдерге сүйене отырып, логикалық қайшылықсыздықсыз болуы тиіс. Қазіргі таңда соттық тәжірибеде жағдайды баяндаудың 2 тәсілі бар: хронологиялық, жүйелі. Хронологиялық баяндау яғни, қылмыстың эпизодын айыптаушы мен қатысушыларды қоса отырып баяндау. Оған мысал: «Тамыз айында Васильченко Томининға ақша табу үшін дүкенді тонауға ұсыныс жасайды. Томинин күмәнданады. «Ұстап алсашы?» Сөз байласу іске аспады.» 25 қазанда Васильченко тағы да Томининға айтады: «Мейрамға азық-түлік сатып алу керек. Оған ақшаны қайдан аламыз?» Бұл жолы Томинин өзінің жоспарын айтады: көрші тұратын Щербаковтар шалдарын тонауды айтады. «Щербаковтар ақшалы адамдар, қарыз алғанбыз»дейді. Келісімге келіп, алға қойылған мақсаттарына дайындала бастайды. Екі күн өтеді. Бұлтты түн. Уршельский ауылында тым-тырыс. |