МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырмаларды орындау ережелері. 9 страница





Осыдан мынаны белгілеп көрстуге болады, 20-40-шы жылдардың қорғау сөздері 60-80- ші жылдардан айырмашылығы, мысалы, практикалық түрде жарияланбады, - аз зерттелген болатын. Мемлекеттік құрылғы тоталитаризмы көптеген нәрсені анықтайды және сот сөздерінің тіл тоталитаризмын, тілмен манипуляциялау тыңдаушыларға мінез-құлығына ие болатын идеологиялық әсер қалдырады.

 

8 Дәріс

Тақырып: Нюрнберг процесіндегі сот жарыс сөздері.

Жоспар:

1. Төрт ірі мемлекеттердің акциясы (ҚСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция)

2. Ұлтшыл әскери тұтқындардың істері бойынша айыптау қорытындысы.

3. Халықаралық Әскери трибуналдың уставы, «Әділсоттылық біздің ар-ұятымыз».

 

Негізгі ұғымдар: Нюрнберг процесі, Халықаралық трибуналдың сот отырысы.

 

1. Төрт ірі мемлекеттердің акциясы (ҚСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция)

Ірі мемлекеттердің төрттік державасы бірігіп, Нюрнберг процесін ұсынады. 1945 жылы 8 тамызда Лондон қаласында СССР, АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері арасында соттық ізге түсу және Европа елдерінің негізгі әскери қылмыскерлерін жазалау туралы келісімге отырды. Келісімге байланысты халықаралық әскери трибунал құрылып,оның жарғысы қабылданды. Халықаралық әскери трибунал қабылданғанға дейін сот процесстері Харьковте,Смоленскіде,Краснодарда және басқа қалаларда өткізілді.Жарғының 6 бабы трибуналдың юриспруденциясына жататын қылмыстарды айқындайтын және жеке жауапкершілікті қарастырады: бейбітшілікке,әскери,адамзатқа қарсы қылмыстарды. Жарғының 13 бабына сәйкес Халықаралық әскери трибуналдың күн тәртібі қабылданды.Күн тәртібінде әртүрлі ережелер,айыпкерлерге хабарлау және олардың сот қорғанышына,куәгерлер туралы және басқа да мәліметтер бар.

Халықаралық трибуналдың сот отырыстары 1945 жылы 20 қарашасында басталды.1946 жылы 1 қазанында үкім шығарылғаннан кейін бітті. Барлығы 403 ашық отырыс өтті.Айыптаушылар іс жүзінде 2630 құжат, қорғау -2700.Қорғау жағын 27 адвокат ұсынды, оларға 54 ассистент-юрист және 67 хатшы көмектесті.Фашистік германия тарихы,бұрын болған сот процесстерінің материалдары әскери қылмыскерлерді жазалау туралы халықаралық-құқық актілері,қылмыстық жауапкершіліктер туралы ғылыми жұмыстар.Халықаралық қылмыстық юстиция органын құрудың өзі жаңа ой емес.Бірінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Версаль келісімшартында Вильгельм соты туралы сөз болды.

2.Ұлтшыл әскери тұтқындардың істері бойынша айыптау қорытындысы.

СССР, АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері Халықаралық әскери трибуналға бір сот мүшесін және оның орынбасарын тағайындады.СССР-ден СССР Жоғарғы сот төрағасының орынбасары И.Г.Никитченко, АҚШ-тан Жоғарғы федералдық сот мүшесі Ф.Биддл, Ұлыбританиядан лорд-соты Д.Лоренс, Франциядан қылмыстық құқықтың профессоры Д. Де Вабр.



Басты айыптаушылар жеке әне бір-бірімен бірлесе отырып,ұсынатын дәлелдемелерді куәлердің және соттаушылардың бастапқы тергеуін жүргізеді. Сотта айыптаушы ретінде сөз сөйледі,басқа да істер жүргізетін істі дайындау үшін және сот жүргізу мақсатына қажетті.

Сотқа берілді: Герман Геринг,Рудольф Геес, Иохим Риббентроп, Роберт Лей Вильгельм Киттель, Эрнст Кальтенбруннер, Альфред Розенберг, Ганс Франк,Вильгельм Фрик,Юлиус Штрейхер,Вальтер Функ, Яльмар Шахт, Густав Крупп, Карл Дениц,Эрик Редер, Вальдур фон Ширах, Фриц Заукель, Альфред Иолль, Франц фон Папен,Артур Зейсс-Инкварт, Альбрет Шпеер, Константин фон Нейрат, Ганс Фриче, Мартин Борман.

Барлық сотталушыларға мынандай кінә танылды: бейбітшілікке қарсы,соғыс заңдарына және әдет-ғұрыптарына, адамзаттарға қарсы қылмыстар.Сот отырысын аша отырып,халықаралық әскери трибуналдың төрағасы ағылшын лорд-судья Лоренц келесі сөз айтты: «Мына енді басталатын процесс әлемдік құқықнама тарихында өте ерекше және үлкен қоғамдық мағынасы бар миллиондағандар үшін бүкіл жер шарында келісімшартқа қол қойған төрт жақ соттық қудалауды бастады және бұл процесске қатысатындардың барлығында мынандай міндеттерді орындауы қажет. Олар қандай жағдай болмасын әділеттікке бедел және оны бүкіл өркениетті мемлекеттердің істерінде жоғарғы орынға шығаратын принциптерімен әдеп-ғұрыптарынан бұлтартпауы тиіс еді.Бұл процесс шын мәнінде бүкіл халықтық процесс және мен осы сот залында қатысып, отырғандарға естерінізге саламын трибунал барлық бекітілген тәртіптін орындалуын талап етеді және осыны қамтамасыз ету үшін іс шараларды жүзеге асырады». Айыптаушылардың атынан ең бірінші болып, АҚШ-тың басты айыптаушысы Джексон сөз сөйледі.Джексонның кіріспе сөзі формасымен және мазмұнымен американдық сот іс жүргізуінің теориясының иллюстративтік қосымшасы болып табылады.

«Сот мырзалар! Тарихта бірінші рет бұндай бүкіл әлемдік бейбітшілікке қарсы қылмыстарға арналған процесті ашу абыройы ауыр жауапкершілікті жүктейді. Біз кінәләп және жазалайтын жазалар сондай-ақ әдейі жасалған, опасыз өркениетке қарама-қайшы келетін сорақылыққа әкеп соқты, бұндай қылмыстарды елемеуге болмайды. Өйткені өркениеттің өзі өмір сүре алмайды, егер мұндай қылмыстар қайталанып отырса.

Бұл трибунал өзі жаңадан ойланып табылатын және тәжірибе болса да,абстрактық ойлардың қорытындысы емес және құқықтық теорияларды ақтау үшін құрылған жоқ. Бұл соттық тергеу төрт ұлы державалардың іс жүзіндегі басқа 17 мемлекет қолданған халықаралық құқықты біздің заманымыздың өте зор қатеріне қарсы қою үшін жасалған іс шаралар. Адамзаттардың ой санасы занның адамдардың аса ауыр емес қылмыстарды жасағаны үшін жазалаумен тоқтап қалмауы керек. Заң сонымен қатар зор билікке ие болған адамдарғада әсер ету керек. Өйткені олар әдейі және бірге үлкен зұлымдықты бастай отырып,әлемде бірде-бір отбасы ошағынаямайтын істерге барады.

3.Халықаралық Әскери трибуналдың уставы, «Әділсоттылық біздің ар-ұятымыз».

Сот мырзалар! Біріккен Ұлттар сіздердің қарауларынызға мағынасы зор істі ұсынады.Біз асықпай және салмақпен бұл кісілердің (соталушылардың) кім екенін ашып көрсетеміз.

Біз сіздерге таңғалатын оқиғалардың бұлжымайтын дәлелдемелерін ұсынамыз. Бұл қылмыстардың тізімінде потологиялық мақтанышпен, қатыгездікпен және билік құмарлықпен ойлап танылғандардың бәрі болады. «Фюрерлік» принцип негізінде бұл адамдар Германияда ұлттық социалистік диспотизмді құрды,оны шығыстың династияларымен салыстыруға болар еді,олар неміс халқын өз ой санасынан және әр дамға табиғи және аса қажет бостандықтардан айырды. Өз қарсыластарына қарсы еврейлердің католиктерде азат жұмысшы ұйымдарын қоса,ұлтшылдар кемсіту зомбылық және жою компаниясын жүргізді, бұндайды әлем христиандық уақыттан бері көрген жоқ. Олар немістердің жоғарғы ұлт өкілі болу ойын,санасын оятты,бұл әрине басқалардың құлдыққа түсінуін білдіреді.Олар өз халқын тым құтырған (есірген) авантюраға әкеп соқтырды.Өздерінің биліктерін орнату мақсатында олар көрші мемлекеттерге басып кірді. Жоғарғы ұлттың соғысты жүргізуіне ықпалын тигізу үшін олар миллиондаған адамдарды құлдыққа түсіріп,оларды Германияға алып келді, бұнда бұл бақыттсцыз пенделер «араласқан тұлғалар» ретінде қанғып жүр. КСРО басты айыптаушысы Руденконың сөзі Нюрнберг процесінде бірқатар кіріспе сөздерден құралды. Сөзінің мағынасы оның әр кіріспе сөзінің басында білінетін. Процестің мағынасы және оның құқық ерекшеліктері: агрессиялық соғыстардың идеологиялық дайындығы; Гитлерлік Германияның КСРО-ға опасыздығын басып кіруі (КСРО-ға басып кіруге әскер дайындау, әскери қылмыстарды дайындау), тұтқындарды өлтіру, құлдыққа айдап әкету, қалалар мен ауылдарды бұзу және құрту, қоғамдық және жеке меншікті тонау, мәдени және ғылыми құндылықтарды, монастырларды, шіркеулерді және де басқа да діни мекемелерді құрту және тонау;азаматқа қарсы қылмыстар Руденконың Нюрнберг процесіндегі сөзі өз мағынасы жағынан құқықтық емес болды,оның саяси астары болды.

9 Дәріс

Тақырып: 60-80 жылдардағы сот шешендігі.

Жоспар:

1. 60-80-жылдардағы дарынды сот шешендері.

2. 70-80-жылдардағы адвокаттардың соттағы сөздері.

 

Негізгі ұғымдары: саясаттандырылғандық

1. 60-80-жылдардағы дарынды сот шешендері.

60-80 жылдар бізге көптеген дарынды сот шешендерін ұсынды. Олар жаңа зерттеулерді жарыққа шығарып жалпы қазіргі заманға лайықты сот сөздерін шығарды.Логикалық тілдің ерекшеліктері,стилистика сұрақтары, аргумент әдістері және де басқа қазіргі заманның сот сөзін жинақтау 2-ші бөлімінде қарастырылады. Осында қысқаша заңгердің сот сөздері ұсынылған. Олардың аттары 20-шы ғ тарихындағы шешендері болып кірген, ол өтіп кеткен кезең емес, ол қазіргі біздің заманымызға сай. Осы кезеңдегі ең маңызды сот сөзінің ерекшелігі сонымен бірге айқын айтылған тәжірибе бағыттарының сөзі, тиянақты дәлелемен зерттеу дәлеледемелері жарық үлгісі болып саясат жанрының өзге түрі соттың қызыл тіл- айыптаушы сөзі болды. Қоғамдық – саясатты үн ең керекті айыптаушы сөзінің негізі болды. Мемлекеттік айыптаушы Ркденконың американдық ұшқыш-шпион Пауерсті айыптаған сөзі, А. Горныйдың ағылшын агенті және американдық барлаушы ҚСРО азаматы О.Пеньковский және байланысшы-шпион ағылшын Г.Виннаға процесте айып тағылған. Осының бәрі 1-ғана саяси баяндама. Нағыз сот процесі американдық ұшқыш-шпион Пауэрстің қылмыстарын әшкерелеп, жалғыз оның ғана істеген қылмыстары емес екенін, сонымен қатар аяғына дйін АҚШ-тың жоғарыда отырған адамдардың ісі екенін дәлелдеп, олардың істері бүкіл әлемге қарсы бағытталғанын айқындаған.

Осы процеске дәлел болғаны АҚЩ-тың күштілері бүкіл әлемге қарсы күресінде ештеңеден жиіркенбей халықаралық құқықты бұзып басқа халықтың суверинететін бұзып соғысты бастау саясаты туралы А.Горныйдың сот сөзі осыған дәлел.Кеңес өкіметі үлкен жетістіктерінің бірі коммунистік қоғам құру жолындағы бағдарламалары, сонымен қатар совет өкіметіндегі мемлекеттердің өсіп дамуы империалистік ортада өштік, жек көрушілік тудырған. Өздерінің агрессиялық жоспарын ңске асыру үшін олар провакациялық барлаушылық қызметпен айналысқан.

Қорғау позициясы саясаттық іс бойынша Пауэрс, Пельковский және басқалардың ісі 30-шы жылдардың процесін еске түсіреді. Қорғаушы М.Гринев, Пауэрстың қорғаушысы бола тұра мүмкінінше одан алшақтауға тырысады.

«Мен сіздерден істің қиындығын жасырмаймын, айыпталушы Пауэрсқа тағылған айып өте ауыр қылмыс,өйткені ол Кеңес Өкіметінің әуе кеңістігіне кіріп мәлімет жинау мақсатымен, өнеркәсіп және қорғаныс объектілерін суретке түсіру және де барлау жасаған».

Егерде соттың нәтижесі бойынша сотталушының кінәсі расталмаған болса, онда айыптаушы Кеңес Өкіметінің 40-шы бабының қылмыстық сот істері бойынша, айыптан бас тартуға мәжбүр. Қорғаушыға бұндай құқық берілмеген. Тәжірибеде 50-ші жылдардың ортасына дейін қорғаушының сот сөзі жарияланбаған. Қылмыстық және Азаматтық істер бойынша қорғаушылардың жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді, олар: Я.С.Киселев, В.Л.Россельс, Л.В.Соколов., К.Д.Чижов, А.И.Юдина, Д.П.Ватман, И.М. Кисенишский және т.б. 60-шы жылдары заң бойынша ең мықты сот шешендерінің бірі Яков Семенович Киселев. Ленинградтық қалалық коллегеияның қорғаушысы Киселев, жалған кінә жабу, өз билігін асыра пайдалану, ірі ұрлық және т.б. істер бойынша шығып сөйлеген. Ең үлгілісі психологиялық сарап бойынша қылмыскер Е.М.Лесинаның ісін жеңілдету туралы Я.С.Киселевтың сөзі болды. Құрылыс тресінің кассиры Лесина Е.М., РСФСР Қылмыстық кодексінің 3-тарау, 92-ші бабы бойынша айыпталды, сол трестің бухгалтері Н.С.Богрянцева мен 3999 рубль,54 тиын ұрлады. Бұл ұрлық жалған төлем тізімі арқылы жасалған, Лесина өзінің кінәсін мойындады. Бұл іс 1964 жылы қазан айында Киров ауданындық сотында, Ленинград қаласында тыңдалды.

2. 70-80-жылдардағы адвокаттардың соттағы сөздері.

70-80-жылдардағы адвокаттардың соттағы сөздері еңбек, отбасы, тұрғын үй, мұрагерлік және де басқа азаматтардың құқықтары туралы сауалдарды қозғайтын азаматтық істер бойынша, сондай-ақ (меншікті, адам өмірін, денсаулық және тұлға ар-намысын, қоғамдық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қорғайтын сауалдарға байланысты) қылмыстық істер бойынша сөз сөйлеулер мазмұны бар, бірнеше заң әдебиеттер жинағында көрсетілген.

Әлбетте, бір немесе өзге де азаматтық-құқықтық даулар санаттары бойынша азаматтық құқық қылмыстық құқыққа қарағанда сөз сөйлеудің басқа нысанын талап етеді. Азаматтық істер бойынша ( 70-80-ші жылдардағы) адвокаттардың сөздері мүмкін соншалықты шырақты да астарлы емес болар және нағыз дәлелдеу затының анықтамасымен іс материалдарына, көп жағдаяттарда іскерлік сатылықта заңға сілтеме жасау түсініктемесі секілді болып көрінген.

Қарсыласушы жақтардың мүдделерін ұсынушы, сенімді-адвокаттар сөздерінің ішінде (СВ. Игнатова, Л.Е. Раппопорт, Л.С. Хейфец, В.Л. Чертков және т.б. сөздері), адвокат-цевилист Д.П.Ватманның сөздері үлкен қызықты-тартымды.

«Әрбір сот процессінің әдепті-этикалық сипаттамасы, өзіндік моральдық, әлеуметтік және адами бағалары бар».

Процессуалдық құқықтың әсерлі ширақтану жағдайында 70-80 жылдардағы сот сөздерінің ең жақсы үлгілері заңгерлердің жаңа - келешек ұрпақтары үшін әсерлі қызығушылықты және ғылыми-практикалық мағынаны көрсетеді.

 

10 Дәріс

2-бөлім.

Тақырып: Қазіргі замандағы сотта сөз сөйлеу теориясы мен практикасы.

Жоспар:

1. Қазіргі замандағы соттағы сөз сөйлеулер: ұғымы,түрлері.

2. Соттағы сөз сөйлеу.

 

Негізгі ұғымдар: Соттағы сөз сөйлеу, Соттағы сөз сөйлеудің пәні.

1. Қазіргі замандағы соттағы сөз сөйлеулер: ұғымы,түрлері.

Сот жарыс сөзі қылмыстық істі сотта талқылаудың өзінше дара сатылығы бірі болып саналады. Басты сот талқылауы қылмыстық істергет қатысы бойынша дайындық бөлімнен, сот тергеуінен, сот жарыс сөзінен, сотталушының соңғы сөзінен, және сот үкімінен тұрады. Сот жарыссөзінің жалпы ұғымына айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, айыпталушының қорғаушысының соттағы сөз сөйлеулері кіреді. Жеке айыптау мәліметтері бойынша сот жарыссөздеріне сондай-ақ жәбірленушілер және олардың өкілдері қатысады. Естественно, что пределы слу­жебных прений – «это определяемые судебным следствием границы, в рамках которых участники судебных прений иссле­дуют круг вопросов и освещают их в речах с точки зрения глубины и достаточности анализа обстоятельств и фактов, от­носящихся к рассматриваемому уголовному делу; совокупность доказательств для обоснования выводов».

Қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарастыру бойынша соттағы сөз сөйлеулердің келесі түрлері бөлінеді:

1) Қылмыстық істер бойынша бірінші сатылықтағы соттағы прокурордың сөз сөйлеуі;

2) Қылмыстық істер бойынша бірінші сатылықтағы соттағы адвокаттың сөз сөйлеуі (қорғап сөз сөйлеу және жәбірленушінің қорғаушы-өкілдері,азаматтық талапкер мен жауапкерлердің сөздері);

3) речь подсудимого в свою защиту (самозащитительная речь)Сотталушының өзін-өзі қорғап сөз сөйлеуі (Өз-өзіндік қорғап сөз сөйлеу);

4) Жәбірленуші және оның өкілдерінің сөздері;

5) азаматтық талапкерлер мен жауапкерлер және олардың өкілдерінің сөздері (қылмыстық істер бойынша азаматтық талаптар шегінде);

6) Азаматтық істер бойынша азаматтық талапкерлер мен жауапкерлер сөздері;

7) Азаматтық істер бойынша бірінші сатылық соттағы прокурордың және адвокаттың сөз сөйлеуі;

8) Азаматтық және қылмыстық істер бойынша екінші сатылық соттағы прокурордың және адвокаттың сөз сөйлеуі;

9) Қылмыстық істер бойынша қоғамдық айыптаушылар және қоғамдық қорғаушылардың сөз сөулелері;

10) Азаматтық істер бойынша қоғамдық ұйымдар және еңбек ұжымдар өкілдері нің сөз сөулелері;

12) Сотта сөз сөйлеудің ерекше түрі ретіндегі реплика;

2. Соттағы сөз сөйлеу.

Сот жарыс сөздеріндегі негізгі орынды прокурордың сөз сөйлеуі (айыптап сөз сөйлеу) және адвокаттың сөз сөйлеуі (қорғап сөз сөйлеу) алады. Сотта сөз сөйлеу осы аталған қатысушыларға қатынасты кәсіптік және процессуалды міндет болып табылады. Мұнда айыптаушы және қорғаушы тек қана сот талқылауына байланысты нәтижені емес сондай-ақ алдыңғы кезде жасалған жұмыстарын, дәлелдемелерді сараптайды, іс бойынша өз позицияларын, және де ақылдасу бөлмесінде үкім, шешім және анықтамаларды құрастыру кезінде соттың жауап беруіне қатысты сұрақтар бойынша өз пікірлерін қояды.

Сонымен сотта сөз сөйлеу - бұл сотқа және барлық қатысушыларға бағытталған, қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде сот талқылауында айтылған және нақты сол іс бойынша оратордың өз пікірін білдіруді және де өзге ораторларға келіспеушілікті көрсететін, көпшілік алдында сөз сөйлеу. Өз кезегінде сотта сөз сөйлеудің пәні есебінде, сот нақты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды зерттей отырып үкімді, шешімді немесе анықтаманы қаулы ету кезінде шешімін табатын сауалдар.

Сотта сөз сөйлеу пәні қылмыстық іс-жүргізу немесе азаматтық іс-жүргізу кодекстерімен анықталған. Мәселен, бірінші сатылық соттағы қылмыстық істер бойынша сотта сөз сөйлеудің пәніне кіретіндер: факт жүзіндегі істің мән-жайы, дәлелдемелерді саралау және бағалау, айқындалған факт жүзіндегі мән-жайлардың заңды түрде бағалануы - қылмыстың саралануы, сотталушының жеке тұлғасының сипаттамасы, жазаны қолдану немесе одан босатуға байланысты сұрақтар, азаматық талап арызға байланысты сұрақтар, өз шешімін талап етуші өзге де сұрақтар, қылмысты жасауға түрткі болған себептер мен мән-жайларды саралау, және де оларды жою шараларына ұсыныстар.

Бірінші сатылық соттағы азаматтық істер бойынша сотта сөз сөйлеудің пәніне іс бойынша мағынасы бар факт жүзіндегі мән-жайлар; дәлелдемелерді бағалау; нақты іс бойынша бір немесе өзге де заңдарды пайдалану туралы; істі шешіу туралы ұсыныстар; негіздердің нақты болу кезінде, жеке анықтамаларды орындауға ұсыныс туралы.

Екінші сатыдағы сотта, наразылықтар мен шағымдар бойынша істер қарастырылмайтын жерде, сот жарыссөздері өз кезегінде болмайды. В суде второй инстанции, где рассматриваются дела по про­тестам и жалобам, судебные прения как таковые отсутствуют. Сотта сөз сөйлеудің өзіндік сипаты мен мазмұны кассациялық шағым мен наразылық негізімен айқындалады немесе оның критикасымен; шеші мен үкімнің дұрыстығының критикасы немесе негізімен; қосымша материалдардың саралауы немесе бағалауымен; анықталған шешімдерді шығару туралы ұсыныстармен (кассациялық сатыдағы сот анықтамасымен).

 

11 Дәріс

Тақырып: Сотта сөз сөлеудің композициялы-логикалық құрылысы.

Жоспар:

1. Соттағы сөз сөйлеудің композициясы.

2. Соттағы сөз сөйлеудің негізгі бөлімі.

3.И.М.Кисенишский, Розинова Б.Я. ісі бойынша қорытынды сөзі.

 

Негізгі ұғымдар: Соттағы сөз сөйлеудің композициясы, Классикалық антикалық сызба, Соттағы сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі, Афоризм, Қорытынды, Психопат.

1. Соттағы сөз сөйлеудің композициясы.

Сотта сөз сөйлеудің композициялық мәні болуы керек. Сотта негізгі бөлімінде барлық істерді қарайды. Логикамен ойлау негізгі бөлімде мәтін болып істе қаралады, сараптамамен баға дәлелденгенше. Көп жағдайларда негізгі бөліміндегі айтқандар, оратордың ( шешеннің) сөзімен бір іс басқа іспен логикамен ойлау арқылы сөз сөйлейді. Негізгі сөйлемде қорғаушы-сотталушы адам өлтірді. 1) оның бір ойлағаны болды. 2) оны өзі істеген жоқ,басқа біреу арқылы істегені де жоқ. 3) мұнда Раций өлтіруді ойлады-оның мүлкіне қол жеткізгісі келіп. 4) бұл іс бойынша дәлелді Тита Росция жеңілдетеді. Сотта сөз сөйлегенде Ше д эст Анжа Ронсвераның ісі бойынша негізгі бөлімде оның бұл істі істелгенін сөйлем бойынша: 1) Бұл жазылған хатсотталушының атына емес. 2) Мария Морельді зорламаған. 3) Мария Морель есі ауғандықпен ауырады. 4) Мария Морель хатты өзі жазған. Қорғаушы И.М.Кисенишский Г.Р.Гаджиеваның ісі бойынша кінәлаушы валюталық тәртіпті бұзып (сауда орнынан маржан сатып алды, бірақ берілмеген құқықпен сауда-саттық арқылы тас пен металл алған), ең басты сөзді қорғаушы-валютаның шешімі бойынша сауда-саттықты маржан алқасын тапсыру арқылы жасатқан және келесі сөзінде Гаджиев Г.Р. алтынға арналған материалдарды өзіне алған.Маржанды сол материалдармен жасау керек болған,куәгерлер алқаны алтын деп сатып алған. Сотта адвокаттың сөз сөйлеуі ҚазССР 59-б. Цицерон Марк Тулийдің шығармасы 35-76-б.б. Францияның 19 ғ. Сот ораторы 48-78-526 б.б.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.