МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырмаларды орындау ережелері. 1 страница





БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор оқу - әдестемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

__________________Л.Қ.Еркінбаева

«_____» _______________2014 ж.

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пән: Сот риторикасы

 

 

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

 

Оқыту түрі: күндізгі

 

 

Талдыкорған 2014 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығына қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының з.ғ.м., аға оқытушысы Т.Е.Уразымбетов құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

 

 

Қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

«____ »________ 2014 ж. №_______ хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі___________ з.ғ.к., доцент Б.А.Сериев

 

 

«_____»_______ 2014 ж. №______ хаттама

 

 

заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

 

Әдістемелік бюроның төрайымы: ___________ А.Б. Жуниспаева

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 Басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу бағдарламасы Ф.4.09-50
01.09.2012 г.

Заң факультеті

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор оқу - әдестемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

___________________ Л.Қ.Еркінбаева

«_____» _______________2014 ж.

 

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Сот риторикасы

 

 

Мамандығы: 5В030100 «Құқықтану»

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Талдыкорган 2014 ж.

Құрастырған: Уразымбетов Т.Е. Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м.

 

 

Рецензент: Б.А. Сериев – з.ғ.к, доцент, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

 

 

Оқу бағдарламасы Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В030100 «Құқықтану», 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Б.А.Сериев

 

 

Оқу бағдарламасы заң факультетінің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

 

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2014 ж.

 

ФӘБ төрайымы ___________________ А.Б. Жуниспаева

Факультет деканы _________________ Е.Ж.Беисов

 

Оқу бағдарламасы оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

 

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2014 ж.

 

ОӘК төрайымы _______________ Л.Қ.Еркінбаева

 

 

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Бүгінгі таңда өзінің қайта өрлеу кезеңін өткеріп жатқан сөз сөйлеу ғылымы болып риторика саналады. Қазіргі замандағы риторикаға соның ішінде заң риторикасына деген қызығушылық тіл шеберлік ғылымына ғана емес сондай-ақ сөз-сөйлеудің жеткізілуі мен іскерлігін жандандыратын ғылым мен өнерге бағытталуда, өйткені сөзді қолданудың еркіндік қасиетінің ширауы тек сөзді билеуді ғана бере қоймай сондай-ақ шешендіктің жеке бейнесін нысандау мен дәлелдеу тәсілін де қалыптастыруда.



Классикалық риторика өзіне бірнеше негізгі сауалдарды қосады:

- Сөз сөйлеудің мағынасын табу;

- Материалды жайғастыру;

- Неориториканың теориясында өзгерген және сапалы ширақ түрде берілген қазіргі замандағы сөз сөйлеуді безендіру.

Классикалық риторика яғни:

1. Істе тапқырлық туралы,дәлеледемелерде, «үйретуші» және «сендіруші».

2. Орналасуы туралы.

3. айтылу туралы.

4. Сөз шешенінің тіл қатуы туралы.

5. Зейін туралы.

Неориторика бұл:

1. Сөз сөйлеу үшін материалдарды іздеу.

2. Сөздің композициясы.

3. Сөзбен безендіру.

4. Сөз сөйлеуді орындау.

5. Сөзді есте сақтау.

Классикалық риторикада және неориторика теориясында бірінші сұраққа көңіл аударғанда сөз шеберліктің саясаттық,академиялық,рухани,тұрмыстық және соттылығын (заңдық) айыра білген жөн. Бұл ғылымның пәні болып заңгердің жамағат алдында сөз сөйлеуі саналады,мақсаты сөз шешенінің көзқарасының түзулігін сендіртіп және дәлелдеп беру.

 

 

 

Курстың мазмұны

1-бөлім.

1 тақырып. Соттағы шешендік өнерінің тарихы.

Дәстүрлі ғылым есебіндегі риторика ғылымы. Классикалық риторика және неориторика.Саясаттық шешендік. Академиялық шешендік. Рухани шешендік. Тұрғылықты және соттық шешендік.Риторика ғылымының пәні. Риторика ғылымының міндеттері. Риторика ғылымының мақсаттары. Риторика ғылымының жүйесі. Сотта сөз сөйлеу, сот риторикасының құрамдық бөлігі ретінде.Сот риторикасы шешендік туралы ғылым, риторика теориясы ретінде. Сот риторикасының не үшін керектілігі. Антикалық замандағы сот риторикасының нысандалуы және даму тарихы. Афиналық сот алқалық форматтағы сот процессі.(гелиэя).Антикалық стилистика.Шешендікке талаптар,шешендіктің міндеттері. Соттағы шешендікте риториканың теориялық және практикалық жетәстіктерін қолдану.Ежелгі Грекиядағы соттық ораторлық өнер. Ежелгі Грекиядағы сотөндірісі: архонттар,ареопаг,гелиэя.Сот процессіндегі тараптар: талапкер,айыпталушы.Ежелгі Грекиялық сот процессіндегі адвокаттар мен логографтардың ролі. Ежелгі Грекияның атақты ғалымдары мен ораторлары: Георгий, Исократ, Аристотель, Демосфен, Лисий.

 

2 тақырып. Ежелгі Римдегі сот шешендік өнері.

Ежелгі Римдегі соттық ораторлық өнер. Ежелгі Римдегі риторика міндеттері және оның керектілігі. Ежелгі Римдегі сотөндірісі: претор,уәкіл.сот алқасы. Ежелгі Римнің атақты ғалымдары мен ораторлары: Цицерон, Квинтилиан, Тацит, Сенека.

3 тақырып. 18-19 ғғ Франциядағы сот шешендік өнері.

XVIII–XIX ғғ француз заңгерлерінің сотта сөз сөйлеулері.Франциядағы сот шешендігінің шығу тегі. Француз риторикалық дәстүріндегі « ойлау, сөйлеу және жазу өнері». Француз заңгерлерінің сөз сөйлеуінің сипаттық ерекшеліктері. Ше д' Эст Анжа‚ Лабори‚ Беррье‚ Мано‚ Морнара және өзгелердің сөз сөйлеуіндегі риторикалық приемдар. XVIII–XIX ғғ француз заңгерлерінің сотта сөз сөйлеуінің лингвологиялық сарабы.

 

4 тақырып. 18-19 ғғ Қазақстандағы ауызша сот шеендігі.

XVII–XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ауызша соттағы шешендік. Исламның (Шариғат) аяттарына негізделген қазақтың (адат) дәстүрлі құқығы мен құқығы.Қазақстандағы сотөндірісі; Ауызша шешендіктің үлгілері ретінде Айтеке би,Қаз дауысты Қазбек би,Төле би,Досбол би,Сырым билердің сөздері.

 

5 тақырып. 19 ғасырдың екінші жарты жылдығындағы Ресей сот шешендігі.Сот сөз жарысындағы дауларды логикалық ұйымдастыру;

XIX ғасырдағы Ресей заңгерлерінің сотта сөз сөйлеуі. XIX ғасырдың екінші жарты жылдығындағы Ресей сот шешендігінің жалпы сипаттамасы. Ф.Н. Плевако‚ Н.П. Карабчевский‚ В.Д. Спасовичтің‚ А.Ф. Конидің‚ С.А. Андреевский және басқалардың сотта сөз сөйлеуіндегі логика-тіл қатулық аспектісі.Сот алқалық сот шешендерінің риторикалық приемдары. А.Ф. Кони‚ П. Сергеич‚ Л.Е. Владимировтың еңбектеріндегі сотта сөз сөйлеудің теориялық және практикалық сауалдары және заңгерлердің тіл-қатуы.

6 тақырып. Ресейде және әлемнің өзге де елдерінде белгілі атақты сот шешендігіндегі тұлғалар.

Сотта сөз сөйлеудің данышпаны Ф.Н.Плевако. Особое место в истории судебного красноречия Сот шешендік тарихындағы Федор Никифорович Плеваконың (1842-1908) алатын ерекше орны.Ф.Н.Плевако іскер қорғаушы есебінде. Плевако – дарынды заңгер және адвокат трюктарындағы әдемі қисындар, каскадтар, ұлағат сөздер және ұшқыр қылықтардың ұстасы.Плеваконың стилі.Плеваконың атымен байланысты, сот процесстері. Ф.Н.Плевакомен айтылған соттағы сөздер.

"Адвокатураның патшасы'' Владимир Данилович Спасович (1829-1908). Адвокатқа атақ даңқтар келтірген, сонда өзі сөз сөйлеген саясаттық процетер. Спасовичтің - сот шешені ретіндегі атап өтерлік айқын келбеті ол оның терең логикалық ой өрісі, ашықтығы, ғаламат энциклопедиялық білімі.Анатолий Федорович Конидің (1844-1927) әділет сотындағы патриархтығы соттық әлемде бірден-бір алдыңғы орындарды иемдейді. А.Ф.Конидің соттағы шешендік өнері прокурорлық қызметімен тығыз байланысты.Айғақтарды іскерлі топтастыру, сөз сөйлеуде күмәндануды болдырпайтын лезде сараптау жасау прокурор Конидің керемет ұсталылығы. А.Ф.Конидің сотта сөз сөйлеуі қатаң логикалылығы мен дәлелдігімен ерекшеленгендігі соншалық, көп жағдайларда сот оның жағын қолдап отырған. А.Ф.Конидің дарыны көрқырлы:дарынды сот шешені, керемет ауқымды дәрістеуші, атақты жазушы және сыншы.

7 тақырып 20-40 жылдардағы сотта сөз сөйлеу.

20-40-шы жылдардағы Кеңес Одағындағы сот жүйесі – сотта сөз сөйлеулері.сот процесстері.Сот процесстеріне «класстық жолдары» есебіндегі Н.В.Крыленко,А.Я.Вышенскийлердің сөз сөйлеу үлгілері.И.В.Сталиннің жамағат алдында сөз сөйлеу ерекшеліктері.

20-шы ғасырдың екінші жартысындағы КСРО-дағы сотөндірісі.Кеңес заманындағы айыптап сөз сөйлеуінің үлгісі ретінде Нюрнберг процессіндегі,америка ұшқыш-шпионы Пауэрске қарсы Р.А.Руденконың сөз сөйлеуі.Кеңес заманындағы қорғап сөз сөйлеудің үлгісі ретіндегі адвокаттар Я.С.Киселев,В.Л.Россельстің,И.М. Кисенишскийдің сөз сөйлеулері.

 

8 тақырып. Нюрнберг процесіндегі сот жарыс сөздері.

Нюрнберг процесі төрт елдің біріккен акциясын білдіреді. 8 тамыз 1945 жылы еуропа елдерінің маңызды әскери қылмыскерлерін соттық қудалау мен жазалау туралы Лондонда ҚСРО,АҚШ,Ұлыбритания және Франция елдері арасында Келісім бекітілді. Әскер трибуналдың Халықаралық Уставы. Маңызды ұлтшыл әскери қылмыскерлердің істері бойынша айыптау қорытындысының тараулары:

I.Қастандық немесе жалпы жоспар; 2.Әлемге қарсы қылмыстар; 3. Әскери қылмыстар; 4. Жалпы адам баласына қарсы қылмыстар. Айыптау қорытындысына қосымшаларда сотталушылардың жеке жауаптылықтары нысандалған. 20 қараша 1945 жылдағы Халықаралық трибунал сот отырысының басталуы. 1 қазан 1946 жылыда үкімді дауыстау арқылы аяқталуы.. Сотқа берілгендер Герман Геринг, Рудольф Гесс, Иоахим Риббентроп, Роберт Лей, Вильгельм Кейтель, Эрнст Кальтен-бруннер, Альфред Розенберг, Ганс Франк, Вильгельм Фрик, Юлиус Штрейхер, Вальтер Функ, Яльмар Шахт, Густав Крупп, Карл Дениц, Эрих Редер, Вальдур фон Ширах, Фриц Заукель, Альфред Иодль, Франц фон Папен, Артур Зейсс-Инкварт, Альберт Шпеер, Константин фон Нейрат, Ганс Фриче, Мартин' Борман.АҚШ-тан айыптаушы Р.Х.Джексонның сөз сөйлеуі. ҚСРО-дан бас айыптаушы Р.А.Руденконың сөз сөйлеуі.Жалпы адам баласына қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қоятын халықаралық құқықтық нормаларды дамыту, соның ішінде жеке алғанда БҰҰ-нің әлем мен халықаралық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар туралы 1954 жылғы кодексінің жобасын қалыптастыру үшін Нюрнберг процесі материалдарының маңыздылығы.

9 тақырып. 60-80 жылдардағы сот шешендігі.

70–80-жылдардағы заңгерлердің сотта сөз сөйлеулеріне жалпы сипаттама. Аталған кезең сотта сөз сөйлеуінің композициялы сауалдары мен логика-ой-өрістік трек сызбасы. . В.И. Царев‚ Д.П. Ватман‚ С.Л. Арии‚ И.М. Кисенишский‚ Г.М. Резник және т.б. сөздері. Заңды нақты нысандау,ізденістің аналитизмдігі, игерімді стиль көрсетулері кейінгі онжылдықтағы заңгерлердің сөз сөйлеуі және ең жақсы шығып сөз сөйлеулерінің сипаттық ерекшеліктері есебінде. Казахстан 60–90-шы жылдардағы (П.И. Кудрявцев‚ И.В. Кацай‚ Е.Г. Пономаренко‚ Л.И. Башаримова‚ М.А. Самарова‚ Ц.Я. Меламедовская‚ С.М. Гинзбург т.б.) секілді сот шешендері. Қазіргі заман заңгерлерінің ұсталылығын құрайтын негіздер.Соотношение основных принципов судопроизводства с требованиями к современной судебной речи.Сот өндірісі негізгі қағидаттарының бүгінгі күндегі соттағы сөз сөйлеу талаптарына сәйкестігі.

 

2-бөлім.

10 тақырып

Қазіргі замандағы сотта сөз сөйлеу теориясы мен практикасы.

Сөз сөйлеудің түрлері:айыптаушылық және қорғаушылық.Сөз сөйлеуге дайындық: тақырыпты анықтау, мақсатты ережелеу, жеке позицияны және сөз сөйлеу стилін жаттықтыру, сөз сөйлеу жоспары. Сөз сөйлеудің композициясы, және оның құрамдас элементтері: Кіріспе, негізгі бөлімі, қорытындылау. Композициялық сатылық,композициялық приемдар. Мазмұндамалық тарабы – сөз сөйлеуде стилистикалық (риторикалық) бейнелерді қолдану: антитездер, инверсиялар,метафоралар,гиперболдар,эпитеттер,афоризмдер және т.б.

Жамағат алдында сөйлеу кезіндегі маңызды сәтті фактор ретіндегі дауыс,дауыстық аппарат. Ауызша сөз сөйлеудің негізгі параметрлері мен сипаттамалары: темп, сөз буындарының ұзақтығы, пауза, дыбыс жоғарылығы, интонация. Сөз сөйлеушінің сыртқы көрінісі: киімі, шашының көрінісі, қойылған мәнері, көрермендік байланыс, поза яғни тұрысы, қол сілтемесі.

Сөз сөйлеудің техникасы.

Ежелгі Филосов шешендердің риторикаға байланысты нақыл сөздері. Дәстүрлі сөз сөйлеуге қойылған талаптардың жалпы түсінігі. Дем алып,дем жіберудің рационалдық типтілігі. Мәнерлі дауыс. Анық дикция. Сөздің айтылуы мен буындалу нормаларын игеру.

 

11 тақырып. Сотта сөз сөлеудің композициялы – логикалық құрылысы.

Заңгердің сөз сөйлеуінің композициялы-логикалық құрылысы. Даудың логикалық «формуласы». Эристика дауды жүргізу өнері есебінде. Логическалық‚ этическалық и патетикалық аргументтік.Логическалық аргументтіктің әркелкілілігі. Айыптап және қорғап сөз сөйлеудің құрылымындағы типология. Заңгердің сөз сөйлеуіндегі шығып сөз сөйлу, негізгі бөлім, қорытынды; аталған құрылыстық элементтерді модельдентіру тәсілдері. Лексическалық мәдениет және сөз сөйлеудің мәндік типтері.Тіл мен сөздің нормасы.Заңгер сөзінің анықтығы мен тазалығы . Сөздің лексикалық бұзылуы. Заңи териминологияны нақты қолдана білу.Тапқыштық және логизирлік сөз сөйлеудің типтері: айта-жеткізе білу‚ сипаттау‚ талқылау. Бүгінгі күндегі талқылау трек сызбасы.

 

12 тақырып. Сотта сөз сөйлеудің риторикалық бейнелері.

Заңгердің сөзіндегі тілдің көркемдігі мен айтылу өнері.Ой бейнесі мен сөз бейнесі.Ой мен сөздің риторикалық бейне типтері.Заңгердің сөз сөйлеу практикасындағы риторикалық бейнелерді пайдалану.Жамағаттық сөз сөйлеудің жолдары. Стилистикалық приемдар және оның мақсаттық бағыты. Заңгердің сөз сөйлеуіндегі лингвогерменевтикалық аспектілері. О соотношении философской и юридической герменевтики.Талқыланудың типтері.Заңи герменевтиканың лингвистикалық әдістері. Заңи терминдердің түрлері және оны анықтамалық тәсілдері.

 

13 тақырып. Айыптап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері,құрылысы:

Обвинительная речь включает следующие структурные элементы. Айыптап сөз сөйлеу өзіне келесі құрылыстық элементтерді қосады:

I) шығып сөйлеу; 2) қылмыстың құрамын көрсете білу; 3) Іс бойынша сотпен айқындалған дәлелдемелерді сараптау және бағалау; 4) қылмысты санаттау; 5) Сотталушы тұлғасының сипаттамасы,оның жасаған қылмысқа деген қатынасы, мотивтің және оны жасауға деген себеппен мән-жайлар сипаттамас; 6) сотталушының жауаптылығына қатынасты ұсыныстар. Бүгінгі күнде айыптап сөз сөйлеуді және сот жарыс сөздері қатысушыларының сөздерін модельдеу теориясы бойынша жаңа еңбектерді зерттеу, айыптап сөз сөйлеудің композициялық құрылысының екінші нұсқасына яғни кезектілігі мен логикалық аяқтылым тарапына көп көңіл бөлінуіне мүмкіншілік береді.

14 тақырып.. Қорғап сөз сөйлеу: жалпы ерекшеліктері,құрылысы.

Қорғап сөз сөйлеудің мазмұны мен құрылысы.Жалпы қорғап сөз сөйлеудің құрылысы қашанда айыптап сөз сөйлеудің композициясы секілді жеткілікті айқын айтылмайды және бір қалыпты емес.Жалпы белгілі қорғап сөз сөйлеу элементтеріне жатады: I. Кіріспе бөлімі. 2. Істің факт жүзіндегі мән-жайларының сараптамасы. 3. Тағылған айыптың заңи тарапының сараптамасы. 4. Қорғауға жататын адамның сипаттамасы.. 5. Қорытынды бөлімі.

Қорғап сөз сөйлеудің кіріспе бөлімі, істің материалдар ағымынан шыға отырып және сөздің кейінгі мағынасына сәйкес болуы тиіс.Сотта сөз сөйлеудің әр-келкі құрылыстық элементтері бар кіріспе бөлімінің тақырыбы жанию речи керек және сөздің кейінгі мағынасына сәкес болуы тиіс.. Қорғаушы іскерлігінің негізгі этаптары: I) қорғаудың жалпы концепциясының нысандалуы; 2) қорғаудың тактикасын өңдеу; 3) Қорғауды ,сондай-ақ қорғап сөз сөйлеуді іске асыру.

 

Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары

1.Сот ритрикасының ұғымы.

2.Заңгердің сөз сөйлеу мәдениетінің ұғымы

3.Заңгердің сөз сөйлеу техникасы.

4.Сотта сөз сөйлеу – сөздің бір түрі ретінде

5.Заңгердің сөзінің стилистикалық нормалары және сөз сөйлеудің мәдениеті

6. Классикалық риторика.

7.Неориторика.

8.Заңгердің сөз сөйлеуі бағынатын негізгі талаптар.

9.Лаконичность речи.Сөз сөйлеудің лаконикалығы.

10.Градация ұғымы (лингвистикалық терминдер).

11.Соттағы шешендіктің тарихы.

12.Бүгінгі күндегі сотта сөз сөйлеу түрлері.

13.Айыптап сөз сөйлеу.

14.Қорғап сөз сөйлеу

15.Баламалы әдісте дауды шешу.

16.Сот жарыс сөздерінің этикалық негіздері.

17.Сотта сөз сөйлеудің кұрылысты-композициялық сипаттамасы.

 

Студенттердің өзіндік жұмысын оқытушымен ұйымдастыруының үлгі тақырыптары

1.Сотта сөз сөйлеудің табан астында айтылуы.

2.Сөз сөйлеудің әсер ету құралы.

3.Бұқара алдында сөз сөйлеудің спецификасы.

4.Сотта сөз сөйлеудің үндену мәдениеті.

5.Эпфония ұғымы( грек.eupһonia -үн),благозвучание.әдемі үнді.

6.Рим шешендері.

7.Жаңа риторика

8.Антикалық өркениеттегі шешендік сөз сөйлеудің қайта қалыптасуы мен дамуы.

9.Шешендік өнердің тарихы.

10.«Афина сот алқалығының» іскер ойыны

11.Грек шешендері.

12.XV III–XIX ғ.ғ.француз заңгерлерінің сотта сөз сөйлеулері.

13.Америка сот алқалығының моделі бойынша сот процестері.

14.Бүгінгі күнгі заңгерлердің сөз сөйлеулерінің теориясы мен практикасы.

15.Мемлекеттік айыптаушылардың сөз сөйлеулері.

Студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылатын тақырыптары

1.Сот процестерінің іскерлік ойындарын өткізу әдістері.

2.Қылмыстық істер бойынша сот жарыс сөздері.

3.Соттағы репликаның ұғымы.

4.Шешендік сөз сөйлеудің негіздері.

5.Сот риторикасының ұғымы,пәні және міндеттері.

6.Қазақ халқының шешендік өнері.

7.Логикалық қатынастардың негіздері.

8.Кеңес адвокаттарының сотта сөз сөйлеулер.

9.Францияның сот шешендері.

10.Соттағы адвокаттардың сөз сөйлеулері.

11.Афиналық сот алқалығының форматындағы сот процестері.(галиэя).

12.ҚазССР адвокаттарының соттағы сөз сөйлеулері.

13.Америка сот алқалығының моделі бойынша сот процестері.

14.ҚазССР прокуратурасы мемлекеттік айыптаушыларының сотта сөз сөйлеулері.

15.Рим шешені Марк Тулий Цицеронның таңдалған шығармалары..

16.Сот шешенінің этикасы.

17.Сотта сөз сөйлеудің сенімділігі.

18.Сотта сөз сөйлеудің интонациялы-мәнерлі құралдары.

19.Атақты грек шешені Демосфен (384-322 гг.до н.э).

 

Реферат тақырыптары

1.Сот риторикасының ұғымы,мазмұны және міндеттері.

2. Заңгердің сөз сөйлеуіндегі техника.

3. Антикалық өркениеттегі ораторлық сөз сөйлеудің пайда болуы мен дамуы.

4. Ораторлық өнердің тарихы.

5. «Афиналық сот алақалылығы» іскерлік ойын (жазбаша орындау).

6. XV III–XIX ғ.ғ. Француз заңгерлерінің соттағы сөз сөйлеулері.

7. Америкалық сот алқалық моделі бойынша сот процессі.

8. Қазіргі заман заңгерлері сөз сөйлеуінің теориясы мен практикасы.

9. Сотта сөз сөлеудің композициялы-логикалық құрылысы.

10.Заңгерлердің сөз сөйлеуінің стилистикалық нормасы және сөз сөйлеу мәдениеті.

11.Ежелгі Грекия ораторлары.

12.Мемлекеттік айыптаушылардың сөз сөйлеулері.

13.Сот процесінің іскерлік ойындарын өткізудегі әдістемелер.

14. Соттағы сөз сөйлеудің мәдениеті.

15. Ораторлық сөздің негізі.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.