МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Тапсырмаларды орындау ережелері. 7 страница





2. Сот билерінің ауызша шешендігінің тарихы.

«Шар шарттары» қазақ тіліндегі ең бірінші типографиялық тәсілменен басылып шыққан құқықтық құжат.Бұл құжатты 1855 жылы мамыр айындағы, Қарқаралы, Повладар, Семей, Өскемен, Зайсан билерінің төтенше құрылтайында Абай Құнанбаевтің төрағалығымен қабылданды. Тарихта билер сотының шешендігімен халық арсында аттары қалған шешендер бар.Олар: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Досбол би, Тіленші би және тағы басқалары.1992 жылы шыққан «Билер сөзі» хрестоматиясында билердің шешендігі туралы өте қызықты материялдар жарияланған. Халық аузында шешен билердің барлығы туралы аңыз-әңгімелер қалған тұғын. Мысалы, Төле би туралы сөз қозғағанда, оның заңдар туралы өте терең білімі айтылады, Қазыбек би болса, өзінің шынайлығымен ерекшеленеді, Әйтеке бидің мазмұнды қарапайым сөздермен халықтың есінде қалған, Досбол би кез келген сөз бәсекесінде өзінің сөз тапқырлығымен алдына жар салмаған. Билердің шешендік өнерімен қоса, ақылды, астарлы, мағыналы сөздермен де белгілі болған. Халық арасында билердің талай қанатты сөздері қалған, мысалы: «тұра биде – туыс жоқ», «би – халық үшін, бай - табыс үшін», «дұшпанына сырынды айтпа – сыртыңнан ұрар» дегендей.

3. Билердің шешендік өнерінің айырмашылық ерекшеліктері.

Осының дәлеліне мына бір жайтты айтуға болады. Балалық шағында Төле би әкесіне қой бағып көмектесетін. Бірде оның қасына екі атты адам келіп тоқтайды. Олардың әңгімелерінен Төле бұл кісілердің оның әкесінің шешімімен келіспейтіндігін түсінді. Сонда кішкентайТөле олардың қасына барып : «сіздер менің әкемнің шешімімен келіспейтің көрінесіздер. Мен Әлібек деген атты естідім. Ол менің әкемнің аты,»-деді. « Біз оның шешіміне бола дауласып отырмыз және оның шешімімен келіспейміз.»- деп жауап берді атты адамар. Бұны естіген кішкене Төле әкесіне барып айтты. Әкесі баласын тыңдап болып : «Балам, бұларға әділетті шешімді өзің бер» - дейді. Дауласып отырған екі адам даудың мән – жайын айтып берді. Олардың бірі, жас жігіт, саудагер оның ботасын ұрлап алғаның және өз көзімен ботасын саудагердің керуеніңде көргенің айтты. Екіншісі, саудагер, ботаны өзінің меншігі екенің дәлелдей бастады. Төле ойланып, « Ал ботаның анасы бар ма?» - деп сұрады. « Бар » - деп жауап қайтты жас жігіт. Төле екі түйені алып келуді өтінді. Содан екі түйені байлап қойуды бұйырды. Сол кезде ботаны көрген бір түйе жібінен босанғысы келіп, жанары жасқа толып кетті. Ол жас жігіттің түйесі, ботаның анасы болып шығады. Ботаны көрген екінші саудагерге тиесілі түйе тырп етпей тұра береді. Төле ботаны жас жігіттікі екенің білді де, саудагерге шындығынды айт деді. Түйенің жасын көрген саудагер ағынан жарылады: «Мен айыптымын, бес жыл бұрың тауып алған едім. Не жаза берсеңіз де өз еркіңіз» - деді саудагер.Жиылған жұрт Төленің өзінің шешкенің жөн санайды. Сонда Төле би : «Сіздердің өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жас жігіт адал еңбегімен күнің көріп жүр. Ал саудагер болса ұялғанынаң кірер тесік таппай тұр. Ұят жерге кіргізер, одан артық жаза жоқ» - деп жаза бермейді.



Халық арасында нақты осындай жағдайлар ғана сақталып қалмай, қысқа – қысқа нақты нұсқаулар да қалған. Мысалы «Қыз мұраты - кету, жол мұраты - жетү».

Билердің риторикасының философиялық және поэтикалық мәдениетін Шоқан Уалихановтың әкесі мен Келдібек бидің диологынан көре аламыз. Шоқан Уалиханов қайтыс болды.Өзінің сүікті ұлы Шоққанның қайтыс болғаның әкесіне естіртү үшін астарлы сөздерімен жұмсақтап айтатын адам керек болды. Келдібек таңдап алынды. Келдібек би сауал қойды:

Төре, өмірде не қымбат?

Адам, - деп жауап берді шоқанның әкесі.

Адамға не қымбат?

Сүйеніші болатын баласы қымбат.

Тастардың ішінен не қымбат?

Алмаз.

Теңіз түбінде жатқан алмаздың қожайыны бар ма?

Дүниеде барлығы да біреуне тиесілі.

Тірі және өліде әрдайым қожайыны бола ма? Ең қымбат нәрсе - адам үшін екеуі күрессе қайсысы женер еді?

Ең күштісі, - деп жауап беріп, өзінің кімнен айырылып қалғаның Шоқанның әкесі түсінді.

Қазақстандық билердің ауызша соттық шешендігі тек тарихи – құқықтық және тарихи - филологиялық аспектте ғана үлкен қызығушылық танытпайды, сонымен қатар қазіргі заманғы риторика ілімінде де үлкен қызығушылыққа ие. Себебі, ол бұқара алдындағы өте бір ерекше шешендік өнерің көрсетеді.

 

4 Дәріс

тақырып. XVIII-XX ғғ Франциядағы сот шешендік өнері.

Жоспар:

1. 18 ғасырдағы Француз революциясы кезіндегі әлеуметті-саясаттық шешендіктің ерекшеліктері.

2. Францияның соттағы шешендігі

3. Француз сот шешендігінің тарихы.

 

Негізгі ұғымдар: Соттағы сөз сөйлеу, алдын-ала жұмыс.

1. 18 ғасырдағы Француз революциясы кезіндегі әлеуметті-саясаттық шешендіктің ерекшеліктері.

Он жетінші ғасыр, Француз революциясының әлеуметті-саясаттық ерекшелігі Француз сот шешендігінің дамуы мен жалпы стилистикасын көптеген жәйтта айқындады.. Полемикалық қызығушылық пен беріліп кетушілік Ж.П.Марат, Ж.Ж.Дантон, М.Робеспьер және де басқалар секілді шешен-якобинстердің шығып сөйлеу стильдерін айқындады. Ж.Мараттың сөз сөйлеуіндегі от жалыны жалпыға белгілі. Мұны мойындау есебінде 1792 жылғы Конвенттегі трибунадан айтылған, «Қылмыстық заңдылықтың жоспары» - атты саяси-заңдылық баяндаманың үзіндісін келтіруге болады: "Бұл қалай? Оқырмандардың талқысына ашық көрсетіліп қойылған және шығарылған көзқарастар, қылмыс есебінде қарастырылуы мүмкін бе? Әрине - олай емес: керек десеңіз олар жалған болған жағдайда да, тек жәй қателік деп қарастырылуы қажет.Егер олар ойсыз жазылған болса, олардың автрларын соқыр немесе ессіз деп санайды. Қараңғыға тек сатқындар тығылып, келіспеушіліктерін ойларын тоқиды, ешқашан арам ойлылар өз теорияларын шатырға шығып жарияламайды. Мен өз көзқарасымды талқыға салсын деп көпшілік алдына жайып салдым. Егер олар қауіпті болса, менің дұшпандарым, мойындамай көрсін. Олар, сол көзқарасымның қаперсіз әсерін менің басыма төнген қатыгездіктің семсерімен емес, тіл қату арқылы жойып көрсін".

Цицеронның шешендік кейіпінің ұлғаюы (құмарлық, жоғары дыбыстық, риторикалық приемдардың қоюлануы) артында Собоннаның заң факультеті және аты-шулы сот процестері бар (Виссерияны қорғау) М.Робеспьердіңде барлық шығып сөйлеулерінде айқын оқылымды көрінеді: "Азаматтар, мен керемет болашақтықты сіздерге өзгеше ашық көрсетуді ұсынамын: және мен істің ақиқаттық жәйті туралы пайдалы мәліметтерді сіздерге хабарламақпын... Мен отанымызды құрдымға сүйреуші, теріс қылықтарды ашпақпын; тек сіздердің шыншылдықтарыңыздың көмегі мен мұны жоюға болады. Барлық осы күнге дейінгі революцияда болып жатқандықтың мақсаты, бар болғаны әулиеттің алмасуы немесе биліктің бір адамнан бірнеше адамдарға өтуі. Француз революциясы - бұл адамның құқығы туралы және әділеттік қағидаттарының теориясына негізделген бірінші революция (Конвенттің отырысындағы сөзден алынған).

2. Францияның соттағы шешендігі

Францияның сот шешендігі көп жағдайларда өздерінің сәттіліктерімен сот алқалылығы мен қылмыстық істерді додалық нысанда қарастыруына міндетті. Францияда сот алқалылығы 1791 жыл 16 қыркүйектегі Ұлттық жиналысының актісі бойынша және сот тәждік (мамандандырылған судьялар) және алқада отырушылардың қызметіне сәйкестендіріліп салынып ендірілді. Алқалық сот төрағасының міндетіне іс бойынша - сот тергеуі мен сот жарыссөздер нәтижесінің қорытынды сөз сөйлеу резюмесі енгізілді.

Практика жүзінде XIX ғасырдың орта шегіне дейін бірде-бір Еуропа елдері сот шешендігінің теориясы мен практикасын тереңінен өңдеу жоспарында теңесіп немесе олардан асып түсе алмады. Мұндай жағдайдың шығымдық нұсқамалығы жеңіл анықталады. Ғасырдың орта шенінде саясаттық шешендікті дамытуға қолайлы Парламент құрылды, ал саясаттық шығып сөз сөйлеудегі жинақталған тәжірибе мамандандырылған жоспарда тікелей қолданылды; әрі-қарай - соттпен қудалауға түскен адамдарға қорғауды жандандыратын, сот алқалылығы мен спецификалық дәйек есебіндегі адвокаттық корпорация құруға кіріспе жасалды. Аяққыда, француз риторика- лық мәдениетінің ұлттық спецификасы қалыптасты. Соңғысы М.Монтеняның «тәжірибелерінде»: «Адвокаттың еңбегі уағыздаушының еңбегіне қарағанда әлде қайда қиындау, бірақ менімше уағыздаушыларға қарағанда қанағаттанарлық адвокаттар көбірек" орынды көрінеді. Айта кеткенде жәйт Францияда осындай болатын. Біздің үшкір ойлылығымызға лезділік пен табан астылық, ал ақылдылыққа – негізділік пен жәйсаңдық қалыпты секілді. Мен жәй сөйлейтін адамға уағыздаушы, ал тез сөйлейтіндерге адвокат бол деп ақыл берер едім.Адвокаттар өмір сүріп және қызмет қылып жүрген мән-жайлар, қай кез болмасын сотта жепе-жек шығуға мәжбүрлейді, және күтпеген жерден келтірілетін қарсыластың соққысы оны тұғырынан тайдырып жібереді, сондықтан оған қорғаныстың жаңа приемдарын үнемі ісдестіру секілді талап қойылады».

3. Француз сот шешендігінің тарихы.

Француз сот шешендік тарихы бір қатар атақты сот шешендерінің аттарын сақтаған: (XVII ғасыр -Леметр, Патрю; XVIII ғасыр - де Саси, де Молеонь, Жербье, Кошен; XIX ғасыр — Беррье, Ше д'Эст Анж, ағайынды Дюпен, Жюль Фавр, Лабори, Деманж, Кремье, Лашо, Морнар, Мано және басқалары,) Француз сот шешендігінің ерекшеленетін сипаты қандай, осы аталған ораторларды не біріктіреді? Жалпы көркінде материалдың жайғасуында ерекше айқындылығы, ойдың нақтылығы, келтірілген дәлеледемелердің үйлесімділігі аталуы керек.Соттағы сөз сөйлеулер, жалпы жеңіл оқылады және құлаққа жеңіл қабылданады, өйткені, түйінді сөз нысанымен оранған. Түйінді сөздік сабақтар орынды сый мен түбегейлілікпен қабылданған: «Шешендіктің маңыздылығы туралы бір кездерде айтылған сөздер осы тақырыптың тек кіші бөлігін ғана қамтып қояды.Шешендік тіл қату барлығында тірілтеді, онсыз не ғылымда, не істе, не сұхбатта, не шығармашылықта, керек десеңіз ләззәттықтың да ізінде жүріп іс тындыра алмайсың.Ол өзінің беткейлігі бойынша оята,жұбата, бағыттай және түрін өзгерте отырып адамдардың құмарлығын билейді;бәрі де оның даусына бағынады, және аяққыда , оның өзі ғана өзіне тән мадақтау жасауға мүмкіншілігі бар» (Вовёнарг).

Ше д'Эст Анжаның, ла Ронсьера ісі бойынша шығып сөйлеуіндегі кішігірім үзіндіден сотта сөз сөйлеуді мұқият өңдеуін айқын көруге болады:

«Мысалда мынадай, осы жерде талқыланып жатқан аты-шулы қылмыс туралы бізге айтқанда; бізге ол қылмыстағы әрекет алдын-ала жын-шайтандық зұлымдықпен тұтас от-басына бағытталған болып елестесе,оның құрбаны - адам ойына келмейтін балағатауға, күш көрсетуге, қатыгездікке ұрынған әлсіз қыз бала болса, біздердің қай - қайсысымызда қарсылықпен жәбір көргеннің жағына шығатынымыз сөзсіз. Сондықтан да бізде қаншалық адамгершілік сезім көп болса соншалық алдын-ала сенімділік жеңіл пайда болып, жақсылықтар бізді шармап тұрады.

Бұл қасіреттік алдын-ала сенімділік, айтып жатқан кезде қаншама адамдарды жойған және жан түршігерлік сезімді оятатын қылмыстар туралы,және осы қасірет сезімдік ла Роньерді қоршаған, мен білемін оларды, соттап сөйлеуге еш құқығым жоқ екеніні. Француз соттағы шешендігі өзінің ең жақсы үлгілерінде, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей сот шешендігіне үлкен әсер бере отырып, дүние жүзілік ораторлық өнер алтын қорында сөзсіз белгілі орын қалдырды.

 

5 Дәріс

тақырып. XIX ғасырдың екінші жарты жылдығындағы Ресей сот шешендігі.

Жоспар:

1. XVII—XIX ғасырдағы орыс риториктері.

2. Орыс сот шешендіктерінің тарихынан сот шешендерінің екі типі.

3. XIX ғасырдың екінші жартысындағы заңгерлердің жоғарғы мамадық деңгейі.

4. XIX ғасырдың екінші жартысындағы сот шешендерінің ұнатқан приемдары, яғни адамға деген сый туралы, адамгершілік туралы, заңның мағынасы туралы, моральдық қағидаттары туралы ой толғамдар.

 

Негізгі ұғымдары: Жанрлық әркелкілік, унисон

 

1. XVII-XIX ғасырдағы орыс риториктері.

XVII-XIX ғасырдағы орыс риториктері дәстүрлі түрде құрамына сот шешендігінің негіздері қаралатын тарауларды қосқан. Митрополит Макарийге қарасатын (XVII ғасырдағы) «Риторикада» сот шешенгдігі келесі кейіпте айқындалған: «Род судебный есть же описует брани, как сопротивные двух суперников на суде речения», яғни «Сот тегі дегеніміз бұл балағаттарды суреттейтін,соттағы екі қарсыластардың бір*біріне деген сөздері».Осы «Сот тегінің» жанрлық әркелкілігі бойынша «риторикаға» «айыптау», «балағаттау», «кемсіту», «жала жабу», «бағындыру немесе кінәсін жеңілдету»-лер қосылған.

Сондықтан да XIX ғасырға дейін өз мөлшерінде белгілі заңгер-шешенді, немесе жалпы айтқанда қаншалықты болсын сауатты заңгерді атауға мүлдем мүмкін емес. Өзгеше айтқанда соңғысы таңқаларлықтай жайт емес, егерде мысалға петр дәуірінде қандай соттар болғандығын еске алсақ: «Өрескел адамдар,өрескел әдептілік нақты сотты әркім өзінікін айқайға салып бір-бірін тыңдамастан шулап жатқан базарға айналдырған». «Барлық ынтасымен және орынды сыйымен» сотқа кедергісіз кіре беретін челобитчиктерге заң бекерге рұқсат еткен.Соттардың өздері бір-бірін бересе борсаңдаған пілнеме, анаңмен қарғыс атқан ұры неме деп дауыстап балағаттап жататын.

Әрине сот құрылысының сот нысаны сот шешендігінің спецификасын айқындайды. XIX ғасырдың бірінші жартылығында декабрист М.С.Лунин айтқан: «орыс сот ісін жүргізуі түнекте басталып, үнсіздікте созылып, жасырын, көбіне әрекеттегі жақтардың бірінің келісімінсіз және зілдей қажетсіз қағаздармен аяқталады. Іс үшін сөлейтін ақтаушылар жоқ, оқиғаны бекітетін алқа билер жоқ, ең маңыздысы сот билігіне ие болушыларды ұстап қалып, ағартып және бағыттайтын жариялық жоқ » деп көрсеткен.

60-шы жылдардағы реформамен жағдай толығымен өзгеріп, абзалы,ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы земдік, крестьяндық және әскери реформалардан қарағанда ең қолайлы батыл шара болды. Сот ревормасының бастамасы 1864 жылығы «Сот жарғысына» сәйкес құрылған сот алқа билері мен ақтаушылардың мекемесі болды. «Сот жарғысының» құрулуларының жылдықтарының бірінде Ф.Н.Плевако «жарғылар судьялардың және прокурорлардың карьералары үшін емес, олар Ресейде шындықты орнату үшін » деген. Сот реформасын енгізгеннен кейін бір қатар жарқын ораторларлық саңлақтар тобы алға тартылды: П.А.Александров, СА.Андреевский, Н.П.Карабчевский, А.Ф.Кони, А.В.Лохвицкий, Ф.Н.Плевако, В.Д.Спасович, А.И.Урусов, Н.П.Шубинский және тағы басқалары. Сот құқығының тарихшысы Г.А. Джаншиев «бірден жаңа таңыс емес сот ісін жүргізу формаларын игерген және сот ісі мен соттық білімді жетілдіре алатын осыншама талантты, білімді және адал адамдар қайдан пайда болды »деп таңғалған.

Таза заңды аспектінің сөз қылмай сот алқа билерін, оның құқықтық спецификасы, келесілерді атап өту жөн: «... заң бойынша айпталушыны қылмыстық істі жасағаның емес, істеген әрекеті үшін кінәлі ма деп сұрауымыз керек екенің ұмытпау керек». Алқа билер сотында іс бойынша басты жағдайлар бойынша ең маңыздысы болып айыпталушының жеке басының «мейірімді және жаман қасиеттерін», адамгершілік бейнеттерін және, оның мұқтаждықтары мен сынақтары табылады.

2. Орыс сот шешендіктерінің тарихынан сот шешендерінің екі типі.

Орыс сот шешендіктерінің тарихы сот шешендерінің екі типін: роционалдық тип (А,Ф.Кони, П.Н.Обнинский, В.Д.Спасович) және эмоционалдық тип (Ф.Н.Плевако, Н.П.Карабчевский, С.А.Андреевский) деп бөлді. Ф.Н.Плевако «Логика логикамен, бірақ дегенімен төрелікті адам жүзеге асырады және дәлелдеу әлі сендіру емес», бірінші кезекке сот сөзін тыңдаушыларға эмоционалдық әсер етуді алға тартқан. Сөзссіз, көптеген риторикалық сот ораторларының тәсіолдерін тура аудару мүмкін емес. Дегенімен, бір қатар ерекшеліктер бар, бұл сол кездегі сот шешендіктерін сипаттайды, біздің күндерімізге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған.

3. XIX ғасырдың екінші жартысындағы заңгерлердің жоғарғы мамадық деңгейі.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы заңгерлердің жоғарғы мамадық деңгейі сөзді сөйлеу меңгеруіне,ауызша және жазбаша сөз сөйлеулердің шеберлігімен байланысты болған.

Әйгілі заңгерлердің сөздері аяқталған көркем шығармалар есебінде қабылданды. Осындай тақырыптағы «адвокаттық сөз шеберлігі» мәселен:«Құрметті алқа отырысының мүшелері, әлбетте ол қандай әйел болмақ еді, егер өзінің күндесін бауыздамағанда!» немесе «Құрметті алқа отырысының мүшелері, айтыңыздаршы қайсысың өте қатты қысылған кезде нәрестені терезеден тастамайсыздардар!» және т.б. должны быть противопоставлены точность, простота и выразительность ре­чей рассматриваемых судебных ораторов,сот шешендерінің қарастырып жатқан сөз сөйлеулерінің нақтылығына,қарапайымдылығына және де айқындылығына төтеп беруі қажет,сөздің риторикалық көрнектілігінен бұрын логикалық дұрыстығы өте қажет. Осыған сәйкестілікте сөз шешенінің сөз сөйлеу құралдары мақсаттық құрылымына байланысты жандандырылған. Адвокат Н.П.Карабчебскидің сөзіндегі жеткілікті әйгілі фактілерді және олардың лексико-стилистикалық стилін бұзбастан топтастыру мысалын және ресми құжатта (хроника) бір ғана жағдаятты келтірсек. Хроника: « «Колумбияға» аса шапқан адамдардың бір ауыздан айтылған пікірлері бойынша», онда «Владимирдегіден» кем түспейтін апас-қапас болып жатты. Капитан Пеше, бас киімсіз, жартылай жалаңаш есенгіреп палубада матростарына қарап қатты айқайлап «Балалар, біз құрыдық!» деп жүгіріп жүрді. Ал матростар болса шамдарымен бір жақтан екінші жаққа, қойылып жатқан сұрақтарға жауап берместен, сеңделіп жүкіріп жүрді».

3 XIX ғасырдың екінші жартысындағы сот шешендерінің ұнатқан приемдары, яғни адамға деген сый туралы, адамгершілік туралы, заңның мағынасы туралы, моральдық қағидаттары туралы ой толғамдар. ХІХ ғасырдағы екінші жартысындағы сот ораторларының ең ұнамды тәсілдері - адамды сыйлау жөніндегі толғаулар, гуманизм, заңдарды білу, моральдық принцип туралы болды. XX ғасырда-ақ жалпы орындар заңгерлердің соттық жарыссөз кезіндегі пайымдаулардың бастамасы ретінде қолданыла бастады. Алқа-билер соты кезіндегі соттық сөзшешендігін қабылдау жасандылығы жалпы белгілі риторикалық тәсілді қолданудан, яғни көпшілікке шағымдану арқылы туындайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей сот шешендігіне әр түрлі типтегі ораторлар ұсынылды: эмоционалды және дәртті Ф.Н.Плевако, логичный А.Ф.Кони, тапқыр және философиялық ойлаушы В.Д.Спасович, романтикалық С.А.Андреевский, парадоксалды Н.П.Карабчевский және тағы басқалары.

 

6 Дәріс

тақырып. Ресейде және әлемнің өзге де елдерінде белгілі атақты сот шешендігіндегі тұлғалар.

Жоспар:

1. А. И. Котовтың ісі бойынша адвокат Д.П. Ватманның түсіндірмесі.

2. Е. М. Лесинаны қорғауындағы Я. С. Кисилевтің сөзі.

Неізгі ұғымдар: адвокаттүсіндірмесі,қорғау сөзі.

1. А. И. Котовтың ісі бойынша адвокат Д.П. Ватманның түсіндірмесі

1939 жылдан бастап А. И.Котовпен М.Н. Котова заңды некеде тұрды. 1942 жылы екеуінің арасындағы неке тоқтатылды, бірақ заңды түрде емес.

А. И. Котов А.С. Петровамен заңсыз некеге түсіп, олар отбасы сияқты тұратны болды.1976 жылдың ақпан айында А.С. Петрова қайтыс болды. Оның атында құрылыс копиративінде зеәнетақылық мүлік қалды. Бұл мүлікке өздерінің құқықтарын А.С. Петрованың бірінші күйеуінен қалған ұлы Е.П. петров білдірді. Котов өзінің әйелінен қалған зейнетақылық қорына құқығы бар екені туралы Е.П. Петровқа қарсы сотқа арыз жазды. Сонымен қатар Котов соттан оның МН.котовамен заңды некесін 1942 жылдан бастап тоқтатылып, оның 1942 жылдан бастап 1976 жылы 21 ақпанына дейін А.С. Петровамен заңсыз некеде тұрғаны жайлы анықтауын сұрады.

Халықаралық сотта Котовтың арызы қабылданбады. Бұл шешімге байланысты Мәскеу қалалық сотына кассациондық шағым берілді.

Құрметті, сот төрағалары!

Міндетті процессуалдық құқық нормаларды соттың азаматтық істің шешіміне қарсылық білдірмейтінінее күмән жоқ. Сот отырысында дұрыс шешім қабылданбайды егер дәлелдемелер заңды түрде аланыбаса. 1973 жылы 26 қыркүйекте РСФСР-дың Жоғарғы сот пленумының қабылдануымен процессуалдық құжатарды қарастырылуына байланысты бірінші сот инстанциясы шешім қабылдады. Осыған байланысты халықаралық соттың шешімі қате деп танылып, бұл істің басқа бағытта қарастырылуын тоқтату керек.Алексей Иванович Котов Анна Степановна Петровнаның зейнетақылық қорының жартысына иелік етуіне құқығы бар екенін сұрайды. өйткені ол онымен жақсылықта да жамандықта да бір шаңырақтың астында заңсыз неке құрмай 30 жыл тұрды.Біріншіден, Котовтың айтуы бойынша ол Мария Николаевна Котовамен 1939 жылы құрған некесі, 3 жылдан соң 1942 жылы тоқтатылды және содан кейін олар жеке тұратыыын болды. Содан бері ешқандай қарым-қатынасқа түскен жоқ. 35 жыл өткеннен кейін соттың зерттеуінің нәтижесінде 1942 жылы ерлі-зайыпты Котовтардың некесі заңды түрде тоқтатылды деп танылуы мүмкін. өйткені Котов әйелімен заңды түрде болмаса да ажырасқаннан кейін Петровамен заңсыз некеге тұрды. Екінші факт, ол Котов Петровамен оны ңқайтыс болғанына дейін онымен қарым-қатынаста болды. Үшінші факт, ол әйелінің өлімінен бастан кешіргендіктен Петровамен зейнетақылық қорының жартысын алуға құқығы бар. 1942 жылы Котовтың заңды некесі тоқтатылуы туралы халықаралық сот шешімінде нақты ештеңе айтылған жоқ. Сонымен қатар сот куәгерлері Голева мен Захарованы сұрастырады. Олар Котовтың әйелімен 1942 жылдан бері қарым-қатынаста жоқ екенін растады. Бұл мәселеге Е.П. Петров ешқандай қарсылық білдірмеді. Қазір Котова тұрып жатқан қарттар үйінің директорының хатына қарағанда Котова 1942 жылдан бастап өзінің күйеуі жайлы ештеңе білмейтінін айтты. Сот өз шешімінде Котовпен Петрова екеуінде де заңды түрде бұзылмаған неке бар деп айтты. Біріншісі А.И. Котовпен М.Н. Котованың некесі болса,екіншісі А.С. Петровамен П.А. Петровамен некесі. Соттың ойынша бұл неке 1947 жылы 14 наурызда Петров өлгеннен кейін тоқтатылды. Осы шешімге байланысты Котов 1942 жылдан бастап Петровамен заңсыз некеден тұруы мүмкін емес еді. Сот бұндай шешімге келді өйткені 1947 жылға дейін П.А. Петровтың қайтыс болғаны туралы заңды түрде бекіткен жоқ. Бірақ бір маңызды жай райвоенкоматтың анықтамасына байланысты 1942 жылдың 28 қаңтарынан бастап А.С. Петроваға күйеуінің аттестаты бойынша төлемақы тоқтатылды, өйткені күйеуі қайтыс болды. Сондықтан Котовтың бірінші некесі сияқты А.С.петровның некесі де 1942 жылы тоқтатылды және оның осы заңсыз некеде тұруы заңға қайшы келмейді. Сот шешімінде куәгерлердің айтуынша олар А.И. Котовты 1945 жылға дейін білген жоқ және көрмеген де. Бұл куәгерлердің көрмегендіктен сот олардың айтқанын хатамадан оқып,осыны дұрыс деп танылуы мүмкін емес. 30 жыл бұрын заңсыз неке байланысты құжаттардыы көруге болады. Қашан А.И. котовпен А.С. Петровамен заңсыз некеде тұра бастағаны кезінде Петрованынң өзінің покозаниясында Котовтың әйелімін деп 1943 жылы желтоқсан айынан бастап санайды. Сот қорытындысы бойынша Котовпен Петрва арасында заңсыз 1945 жылы басталды. Мәскеу қалалық сотының азаматтық істер бойынша со коллегиясы халықаралық соттың шешімін дұрыс емес деп танып, істі жаңа бағытта қарастыруға жіберді.Істі қайта қарағанда халықарлық сот ерлі-зайыпты Котовтардың заңды некесінің 1942 жылы тоқтатылды, Котовпен Петрова арасындағы заңсыз неке 1943 жылдан Петрованың қайтыс болуына дейін созылды және Котовтты Петрованың мұрагері деп таныды.Кассациондық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды, ал Е.П. Петровтың касациондық шағымын қанағаттандырмады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.