ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Темперамент туралы теориялар Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, сµл - өзара қатынасымен ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. ІІ ғ.) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байла-ныстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangіus - қан), флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран). Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушҢлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осы?ан орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент ?асиеттерҢне негізделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалы? тип белгіленген: 1. Лептосоматик (єлжуаз) - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған. 2. Пикник (шєлтік) - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын. 3. Атлетик (шомбал) - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған. 4. Диспластик (м‰гедек) - дене бітімі қисынсыз. Бұл адам-дар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер). Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (асте-нический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик- денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды (Э.Кречмер). Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген: И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекс-тік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті. Қозу күші мен тежелу күші - бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады. Жүйке жүйесі процестерінің тепетеңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процесінің қозғалмалылығы - бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс - жүйке жүйесінің селқостығы (инертность). Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны. Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепетеңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты: · к?шті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы - сангвиник; · күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт - флегматик; · күшті, қозуы басым - холерик; · әлсіз тип - меланхолик. 3. Темперамент түрлері Темперамент - бұл адамның психика-лық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде ж.т.б. байқалады. Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда: Сезімталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің (реакция) пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшаңдығы. Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі. Белсенділік (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау ж.т.б.). Жауап-әркетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қанша- лықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан. Икемділік (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тіпті жат қылық көрсетуі. Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы. Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт). Сезімдік қызбалық(эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы. Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман пси-хологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше: Сангвиник. Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепетең. Назарын тартқанның бә-ріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт тауып - шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт. Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт. Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт. Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпе-легіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт. 4. Темперамент және іс-әрекет Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде. Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды. Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді (Р.М.Грановская). Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер күші болу - кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады. Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды - қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет. Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қоше-меттеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек. Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді. Қайталау және бекіту сұрақтары 1. Темперамент мәнін қалай түсінесіз? 2. Темперамент жөнінде ғылыми көзқарастар бағыты қандай? 3. Темперамент табиғатын түсіндіруде И.П.Павлов еңбектерінің маңызы неде? 4. Темперамент типтерін ажыратуға негіз боларлық деректер тобына не кіреді? 5. Темперамент түрлерінің сипаттамасы қандай? 6. Темперамент және іс-әрекет арасындағы байланыстар мәні қандай? 13-дәрісбаян М І Н Е З Жоспары: - Мінез туралы жалпы түсінік.
- Мінездің физиологиялық негіздері.
- Мінездің құрылымы мен мінез бітістері.
- Қазақтың ұлттық мінез бітістері.
- Мінез туралы теориялар. Мінезді қалыптастыру және тәрбиелеу.
1. Мінез жөнінде түсінік Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады. Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап барады. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақ-талып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж.т.б. негіз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т.б.) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық "осылай болсын" деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді. Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас - наным адам-ның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігеріліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады. Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам еліктегіш келеді. Адамның рухани немесе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс-әрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нәрсе - іс-әрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей сай болғаны, себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейтініне қарай бағаланбайды, әңгіме сол істі қалай орындайтынында. Осыдан мінез калпы адамның бағыт-бағдары мен іс-әрекет кейпінің бірлігінен келіп шығады. Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің деңгейін (табандылық, шешімділік, жүректілік немесе еріксіздік, қорқақтық, күдікшілдік ж.т.б.) мінез бітісі деп тануға болады. 2. Мінез жөніндегі білімдер Мінез құбылысын зерттейтін ғылым - характеро-логия ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл пси-хология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік: Жұлдызнама (гороскоп) - адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әртүрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Физиогномика (phіsіs - табиғат, gnomon - білу) - адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен белгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған таңылады. Хиромантия (cheіr - қол, mantіa - бал ашу) - адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі. Дерматоглифика - бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі. Графология - мәнерлі әрекет - жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым. Мінез бітістері Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы - шапшаң, екінші - асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші - іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер - мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс - әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі. Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиет- ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, олар-ды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады. Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті - әлсіз, қатал - жұмсақ, тыңғылықты - өзара қайшы, кең - тар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе - қайшылықты мінез орнығады. Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама-қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нәзік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мҢнезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі. Көп жағдайда мінезжәне темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент - мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық - ұстамсыздық, қозғалғыштық - салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді. Мінезбенерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мінезді адам" және "еркі күшті адам" сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары да-мыған адамның сипатын танытады. Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім - бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау - тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес. Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сақилық т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.), ақыл-саналық (ой тереңдігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам - сақи да табанды; ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б. 4. Мінез түрлері мен типтері Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объекттердің маңызымен анықталады: 1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтірікші, әдепті - дөрекі т.б.). 2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбекқор - еріншек т.б.) 3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.). 4. Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты - салақ т.б.). Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады. Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) - адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі - мінез тума берілмей-ді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады. Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі. Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді: 1. Үйлесімді (гармонический) мінез типі - қорша-ған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту. 2. Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет - қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады. 3. Икемі кем, қарама-қарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады. 4. Тиянақсыз (вариативный) мінезді адам - бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс. 5. Мінездік бітіс асқынуы Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация) психологияда - мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының "әлсіз жерлері" формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің "әлсіз жерлеріне" соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзге-реді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мі-нездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады. 6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының түтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен үлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбрай Алтынсарин еңбек-терінде өз халқының мінез-қүлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақ-тардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналасуға икемді-лігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ар-дақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдам-дылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қа-сиеттердің жайжапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні. 7. Мінез және адамның жас сатылары Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игеріл-ген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді. Бозбалалық (юность) шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түртүс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, "бақыт" мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді "бақытсыздықтың" қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті. Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі. 36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді. Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі ғана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен қинаған-дардың баршасы мәнін жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті: "Баз кештім елу екіде жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан". Ендігі өмірдің әр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып, өткеннің бәрін татымсыз күйге түсіреді. Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір бастан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп, көңілді рахатқа бөлейді. Осының бәрі уақыт ендігіндегі адамның барша "Мені" санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері ғана бекіп қалатынын дәлелдейді. Өмірдің екінші жартысының мәні бірінші өмір бөлігінде топталған материалды және рухани қордың шамасымен күні ілгері анықталады. Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байланысты әрқилы. Бұған дәлел "Диуани хикмет" шумақтары: "Ғашық боп жиырма сегіз жасымда мен, жан кешіп, мехнат шегіп, бас ұрған ем ..." "Қанағат елу сегізде сезіндіріп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзің біліп, Құдайым бар непсімді безіндіріп". (Қ.А.Яссауи) Өмір ақырына жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір жағдайынан жамылған бүркеме-лер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді, әлеуметтік роль мән-мағынасын жоя бастайды. Адам фәни ақырында өзін танып, өз болмысының төркінін білетін халге же-теді. Өмір балалық күндердегідей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпіне қайта оралады. Жас күнде де игілік, ләззәт бермеген көптеген құмарлықтар өшеді. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай, кәрілікке де рух көтеріңкілігі жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмір аяғында адам өзін еркін сезініп, дүниемал, дос-дұшпанның шын мәнін пайымдау деңгейіне жетіседі. Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүркенген жалған зер-оқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық күйбеңдерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға береді. Кәрі адамның ең күшті психикалық қасиеттері - өткен өмірдегі өз мәнділігін сезінуі, жетіскен адамдық дәрежесі және жемісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатын тауып, мәңгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуі. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәңгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну - кәрілік даналығы. Қайталау және бекіту сұрақтары 1. Мінез анықтамасы қандай және оны қандай дәлелдермен түсіндірер едіңіз? 2. Мінез қалыптасуына ықпал етуші факторлар түрі қандай? 3. Мінез бітістері және олардың темперамент, сезім, сана қасиеттерімен арақатынасын қалай түсіндіресіз? 4. Мінез түрлерінің ажыралуына себепші факторларды қалай сипаттар едіңіз? 5. Жалпыланған мінез типтері қандай? 6. Мінез асқынуы деген не? 7. Ұлттық мінез қалыптасуының себептері қандай? 8. Жас сатыларына байланысты мінез өзгеруін қалай түсіндірер едіңіз? 9. Мінезге орай ұлы ғұламалар даналығынан не білесіз? 14-дәрісбаян Жеке тұлға Жоспары: - Жеке адам туралы жалпы түсінік.
- Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
- Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
- Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
- Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән. Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді. Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады. Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады. Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады. Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдік сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әр уақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді. 2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымға белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге тандамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды. Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге, ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады. Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктердіқамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ олөзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді, Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінезболып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік — ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз. Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, к} |