МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ойлау туралы негізгі теориялар 4 страница





Кейбір сезімдер вегетативтік жүйке жүйесінің және оны басқаратвтн басқа органдардың қызметінің артуымен байланысты. Сондықтан да кейбір эмоциялық көңіл-күйде біз қан айналысы, ас қорыгу органдарының қызметінің артуын, тыныс алу, көз алдындағы өзгерістер, терінің қызаруын байқаймыз. Ішкі секреция бездерінің қызметі артады, организмге қажетті шырындарды бөліп шығарады. Осындай эмоциялық жағдайда біз күштің артуын көреміз, өзімізді сергек, еңбекке қабілетті сезінеміз.

Басқа сезімдер, керісінше, вегетативтік жүйке жүйесінің органдарының қызметін әлсіретуімен байланысты. Қайғы, қасірст, үрейлену сияқты жағымсыз эмоцияларда қан айналысы, ас қорыгу, тыныс алу, беттің бозаруын, көздегі өзгерістерді және т.б. байқаймыз.

Кейбір жағымсыз сезімдер кейде вегетативтік жүйке жүйесінің артуымен аңғарылады, мысалы, ашу, қорқыныш сезімі. Бұл сезімдердің жағымсыз әсері организмнің әлсірсуімен, күштің кетуімен, ал кейде ерекше жүйкелік күйзелістермен жүріп отырады. Кейде вегетативтік жүйке жүйесінде оның басқаратын ағзаларында себебін өзіміз білмейтін көңіл-күйлер болады. Мысалы, адамдарда орынсыз, есепсіз шаттану, куану, қорқыныш және т.б. сезімдер кездеседі.

Бас ми, И.П. Павловтың ілімі бойынша, жүйке жүйесінің жоғары бөлігі регінде ағзада іске асатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайды. Одан біздің білетініміз, барлық эмоциялық көңіл-күй белгілі дәрежеде бас ми қыртысының іс-әрекетімен байланысты.

Сезімдердің физиологяялық негіздері туралы айтқанда, оның негізіне бас мидағы тұрақты байланыстар жүйесі жатады, оны ұйымдастыруда адамда екінші сигнал жүйесі ерекше рол атқарады.

Сезімнің сыртқы көрінісі. Барлық психикалық үрдістер белгілі дәрежеде ағзаның сыртқы өзгерістерінде және козғалыстарында байқалады. Сонымен қатар сырттай ерекше айқын көрінетін адамдардың бастан кешірген көңіл-күйлері болып табылады. Эмоциялық көңіл-күйлер ағзаның сыртқы өзгерістерінде анық аңғарылады, біз адамның сыртқы түріне, келбетіне қарап, адамның қандай сезімде екендігін, қандай көңіл-күйде екендігін анықтаймыз.

Біздің эмоциялық көңіл-күйіміз мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі төмендегідей айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу және т.б.).

Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жагдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда, көңіл-күйлерде дауыстың ырғағы бұзылады. Осындай сезімнің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдерге белгілі көріну түрлері тән болады. Мысалы, қорқу сезіміндс көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімінде көздердің жарқырауы, беттің қызаруы, козғалыстың өзгеруі және т.б. белгілерден байқалады.



Эмоция туралы психологиялық теориялар

Эмоциялық құбылыстардың табиғатын түсіндіру ерте кезден бастап, әруақытта да ойшылдар мен ғалымдарды қызықтырған еді. Ертеде философияда, мысалы, эмоциялық үрдістер мен құбылыстарды танымның ерекше түрі ретінде қарастырды.

Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған тсориялардың бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды.

Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомиялық-физиологиялық ұйымының жалпылығымен сыртқы байқалатын олардың эмоциялық көңіл-күйлерінің арасында белгілі байланыстың бар екендігін ол көрсетіп берді.

Шындығында, бір-біріне ешқандай жақындамайтын әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер мен халықтарға қатысты адамдардың эмоциялық - экспрессивті мінез-құлқын талдап қарағанда, ең алдымен мимикасында, дауысында, бет пішінде, қолының қозғалысында олардың эмоциялық-экспрессивтік жағдайларының бір ыңғайлылығы көзге бірден байқалады.

Дарвиннің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы оның көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты «эволюциялык» деп аталды.

Бұл тұжырымдама бойынша, сыртқы эмоциялық экспрессия көп жағдайда туа біткен болып табылады және ағзаның өмірінде бейімдеушілік, биологиялық қызметті орындайды.

Адамдарда эмоцияның басты әлеуметтік-психологиялық қызметі эмоцияның арқасында біз бір-бірімізді сөйлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір-біріміздің жағдайымыз туралы қарым-қатынас жасауға мүмкіншлігіміз бар.

Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам бет пішінінің көрінісі бойынша бір-бірінің эмоциялық жағдайын қабылдауға және бағалауға қабілетті.

Бірак, эмоциялық — экспрессивтік көріністер барлығы бірдей туа біткен болып табылмайды. Олардың кейбіреулері оқыту мен тәрбиенің нәтижесінде өмірге келгеннен кейін қалыптасады.

Бір уақытта Америка психологі У.Джемс және дат ғалымы К.Ланге ұсынған эмоциялардың шығуын және оның органикалық үрдістермен байланысын түсіндірген теория психологияда кең өріс алды. Ғылым тарихына ол екі ғалымның атымен Джемс-Ланге теориясыдеп енген еді. Бұл теория бойынша, эмоциялық жағдайдың пайда болуының алғашқы себептері ағзада іске асатын физиологиялық сипаттағы өзгерістер болып табылады. Сыртқы немесе ішкі стимулдардың әсерімен пайда болып, олар содан кейін кері жүйке байланыстарының жүйесі арқылы адам миында бейнеленеді және белгілі эмоциялық тондағы түйсіктерді туғызады. Алдымен, Джемс - Ланге теориясы бойынша, стимулдардың ықпалына жауап ретінде сәйкесті органикалық өзгерістер болуға тиісті және содан кейін олардың субъективті бейнеленген салдары ретінде эмоция пайда болады.

У. Джемс пен К. Лангеден байқалған айырмашылық үлкен емес. У.Джемс айтуынша, денедегі өзгерістерді қоздыратын факторлар стимулдарды қабылдаудан кейін жүріп отырады, ал эмоция біздің түйсіктеріміз ретінде өтіп кеткен органикалық өзгерістер болып табылады.

К.Лангенің айтуынша, сенсорлық стимулдар қан тамырларының рецепторларында пайда болады, бұл тамырлар Экспрессия - латын сөзі — қазақшалағанда біліну, көріну мағынасыңда колданылады. Ең алдымен сыртқы әсерге жауап береді, ал эмоциялар онда болып жатқан өзгерістерді бейнелеу ретінде содан кейін пайда болады.

Джемс — Лангенің эмоциялардың пайда болу теориясы қолдау табумен қатар әртүрлі қарсылықтарға кездесті. Джемс-Лангенің атына елеулі сын-ескертпені У. Кеннон айтты. Ол алғашқылардың бірі болып, төмендегі жағдайларға ерекше көңіл аударды: оның айтуынша, эмоцияларда пайда болатын дене реакциялары өте бір-біріне ұқсас, адамдарда кездесетін эмоциялардың сапалық жан-жақтылығын қанағаттанарлық пен түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылады. Одан басқа, ішкі органикалық құрылымдар, оның ішінде қан тамырлары олардың өзгерістерімен К.Ланге эмоциялық көңіл-күйлердің пайда болуын байланыстырады.

У. Кеннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы бағытталған негізгі сын-ескертпесі төмендегідей: адамдарда арнаулы құралдармен жасанды жасалынатын органикалық өзгерістер. У.Джемс-Ланге эмоциялық реакциялардың пайда болуына ерекше мән берді, ал У.Кеннонның айтуынша, іс шын мәнінде әруақытта да эмоциялық көңіл-күйлермен бірге қабаттасып келмейді. Осының нәтижесінде У. Кеннон эмоцияның пайда болуының баламалы теориясын ұсынды.

У.Кеннонның айтуынша, эмоциялық көңіл-күйлер және оған сәйкес органикалық өзгерістер бір уақьггта дүниеге келеді және бірдей қайнар көзден пайда болады.

Осындай қайнар көз — эмоциогендік орталық, У.Кеннонның көзқарасы бойынша, таламус болып табылады, негізгі органикалық үрдістерді және перифериялық, ішкі рецепторлардан бас мидың қыртысына және кері беріп отыратын импульстарды реттеуде негізгі рол атқарады.

У.Кеннонның айтқан қағидаларын одан әрі дамытқан П. Бардо болды. Шындығында, денедегі өзгерістер, онымен байланысты эмоциялық көңіл-күйлер бір уақыт пайда болады. Бас мидың барлық құрылымдарының ішінен эмоциямен байланысы таламустың өзі емес, ал гипоталамус және лимбикалық жүйеніц орталық бөлімі.

Жануарлармен жүргізілген эксперименттерде дәлелдегендей, осы құрылымдарға электр арқылы әсер ету нәтижесінде белгілі дәрежеде эмоциялық жағдайларды, мысалы, қорқыныш және ашу сияқты, басқару мүмкін екендігін көрсетіп берді.

У. Кеннонның тұжырымдамасын жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие болды, оны Кеннон - Бардоның эмония тарихыдеп атады.

Мынаны ескеруіміз керек: адамда эмоциялық үрдістер мен жағдайлардың динамикасында органикалық және дене ықпалына қарағанда когнитивтік факторлардың атқаратын қызметі ерекше. Осыған байланысты соңғы жылдары адамдағы эмоциялардың жаңа тұжырымдамасы ұсынылған болатын, когнитивтік факторлар бірінші орынға қойылады.

Алғашқылардың бірі болып табылатын Л. Фестингердің когнитивтік диссонанстеориясы. Бұл теорияны американдық психолог Л.Фестингер ұсынған (1957 ж.) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер. құндылықтар, ниеттер және т.б.) жүйесін түсіндіретін батыс әлеуметтік психологиясы тұжырымдамаларының бірі. Бұл теория бойынша адамда жағымды эмоциялық көңіл-күй сол уақытта пайда болады, егер оның күткені дәлелденсе, айталық елестетулер өмірге енгізіледі, жоспарлар орындалады, яғни іс-әрекеттің нақтылы нәтижелері белгіленген немесе күтілген болжамға сәйкес келсе, байланысса болғаны. Жағымсыз эмоциялар сол жағдайда пайда болады және күшейе түседі, егер күтілетін және іс-әрекеттің шындық нәтижелерінің арасында сәйкессіздік — диссонанс болса. Субъективтік когнитивтік диссонанс жағдайында адам дискомфорт көңіл-күйде болады (қолайсыздык). Ол қалай болғанда да мүмкін болса, тезірек одан құтылуға ұмтылады. Когнитивтік диссонанс жағдайынан шығудың жолы екі жақты болуы мүмкін күтілетін нәтижені және жоспарды өзгерту, олар шындық алынған нәтижеге сәйкес келуі керек немесе жаңа нәтиже алуға әрекет ету, ол бұрынғы күтілген нәтижелермен байланысты болуы дұрыс.

Қазіргі әлеуметтік психологияда Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы адамның қылығын және әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның әрекетін түсіндіру үшін қолданылады.

Эмоциялық үрдістерге ес және адамның машықтануы (мативация) ерекше үлес қосқандығын атап көрсетті. С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы когнивтік — физиологиялықдеп аталады.

Эмоциялық жағдайдың түрлері.

Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізділеріне көңіл-күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс (титыктау) жатады.

Көңілкүй— бүл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау және т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.

Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шакырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесінің жағдайына және жалпы оның денсаулығының жагдайына байланысты.

Адамдарда көңіл-күйі әртүрлі болғанмен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.

Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдыгына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.

Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз жағдайда, қайғылы жағдайда - белсенділік танытпайды. Көңіл-күй адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті және қиындықты жеңіл бастан кешіре біледі.

Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл-күймен күресе алады және күресуге тиісті: салғырттық, көңілінің қошы болмау, орынсыз қызбалы. Адам әр уақытта өз басында және басқаларда сергектік, көңіл көтеріңкілік жағдайды қалыптастыруы үшін өмір сүретін, жеке еңбек ететін ортада көзқарастардың, сенімдердің, қызығулардың мәні орасан зор.

Белгілі "Дала" атты дастанын Ілияс Жансүгіров қандай көтеріңкі көңіл-күймен, мынадай жыр арнаумен бастауы лирик ақынның кең даласына, байтақ Отанына деген сүйспеншілік сезімін білдіреді:

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, естім, есейдім,

Ен далам — анам, мен балаң

Бұрынғы өткен күнінді

Берейін жырлап елге анам...

Көргеніңді бүгінгі,

Жаз, жаз қалам, тер, қалам

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам

Ен далам - анам, мен балаң,

Ендеше қалам бер маған, - деді.

Ал Ілияс кілең шығарма толғағын бастан кешірген, шабыт ләззатына құныққан бейнеде, жыршылдық сезімдері тұтанған күйде көрінетін. Біз алдымен мінберге домбырасымен көтерілген, "кеңесті, кең даласына" барлық ыстық махаббатын, ақындық сезімін, адамдық санасын түгел ұсынған ақынның өзін көреміз.

Мәселен, табиғат райы мен жыл мезгілдері шығармашылықпен шұғылданатын жазушылардың, ақындардың көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Александр Дюманы (әкесі) замандастары ешуақытта да сөнбейтін көңілді, жүзінен ешуақытта да күлкі кетпейтін адам ретінде еске алады, оның оптимизімін, іскерлігін, сергектігін ерекше бағалайды.

Ал орыстың ақыны А.С.Пушкин көңіл-күйі көтеріңкі, шабытпен жұмыс істейтін, жыл мезгілдерінің ішінен күзде ерекше көңіл-күймен, ерекше шабытпен жігерлене еңбектенетін. Ол өзінің көптеген тамаша туындыларын осы мезгілде Болдин күзі кезінде жазған болатын.

Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жагдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайлармен болады. Аффектілер коп жағдайда кенеттен болады, бірнеше миыут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.

Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.

Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам агзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездейсоқ қуанған жағдайда "не айтарын білмей, аузына сөз түспей, абдырып, сасқалақтап қалады". Әсіресе, осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер "ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім, дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылығын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.

Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін - өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында ксздесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек.

Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік-жігер сапалары өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы, Л.Н.Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романының басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей, құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл-күй жағдайы. Мысалы, сондай сезімдерге ашу сезімі жатады. Халқымыз: "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа — ақыл қос", "Ашу - дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досынды қолда", "қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жек көрінішті көрінеді". Сондықтан "Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр" дейді халық нақылы.

Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.

Аффект кезінде адам "ештеңе білмей қалдым, көзім түк көрмеді", - дейді. Бұл мүмкін емес. Әр уақытта да өз қылығына есеп беріп отыруға және қандай эмоциялық жағдайда болса да, өз сезімін басқарып отыруға тиісті.

Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.

Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П.Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында құмарлықтың ерекше рөл атқаратындығып атап көрсетті: "ғылым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен іздсністеріңізге құмар болыңыздар".

Ұлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін жетілдіру үшін қазак жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ергегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, ойы орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -

деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Абай жастарды оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып, дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады. Қазақ жастарына "ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" деп білім жолына құмартуға ақыл-кеңес берді:

Болмасаңда ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл болсеңіз, - дей келіп,

Военный кызмет іздеме,

Оқалы киім киюге...

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге, —

деп, шын қүмарлық үшін, қара бастың пайдасы үшін емес. халыққа қызмет ету, оқу, ғылым керек екендігін, жастарды соган құмартуға үндеді.

Құмарлық сезімі тек ғана адамдарда кездеседі. Құмарлық адамның қандай да болмасын қызығуымен, іс-әрекетімен байланысты. Құмарлық жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.

Жағымды құмарлыққа білім алуға, онергс, ғылымға, спортқа т.б. әуестену жатады. Жағымды құмарлықпен қатар жағымсыз құмарлық та кездеседі. Мысалы, нашақорлық, ішімдікке салыну, азарттық ойындарға, жеке бастың баюына құмарлық және т.б.

Стресстік жағдайлар."Стресс" — ағылшын сөзі, қазақшалағанда — күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс — кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады.

Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде: еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау-дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек ғана психологиялық жагдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Жоғары сезімдер

Сезімдер, атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдердеп бөледі.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.