МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ес туралы негізгі теориялар 5 страница





Адам үздіксіз қандай да болсын жаңаны ойлап табады: ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе Жердің жасанды серіктері. Жеке адамдардың жасаған тәжірибесі із-түссіз, сақталмай жоғалып кетуі мүмкін емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабілеттіліктерінің дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас еді. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар еді. Үйрену дегеніміз - белгілі бір тәжірибені меңгеру, оны сақтау, болашақ өмірде қолдану. Ал бұл тәжірибені ес үрдісі сақтайды.

Адамның есін жануарлардың тәжірибе жинақтауға қабілеттілігімен салыстыруға болмайды. Олар әр түрлі, демек, ес ағза дамуының, оның ішінде адам ағзасы дамуының қажетті шарты болып табылады. Демек, ес - кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты.

Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздерболып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.

Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.

Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді.

А.А. Смирновтың және П.И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.

Ес туралы негізгі теориялар

Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әр түрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.

Ес туралы соңғы кезде әр түрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.



Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.

Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теорияболды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциациятуралы ұғым жатады. Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады.

Бұл теория бойынша ес қыска мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.

Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г. Эббингауз заңы). Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негізі — адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады.

Дей тұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды.

XIXғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеориякелді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады.

Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт — неміс созі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады).

Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы — гештальт ұғымы — тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді.

Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасына гештальтизм ең алдымен элементтер синтезі, тұтастық қағиданы қарсы ұсынды.

Гештальтизм тсориясының жақтаушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.

Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытының өкілдері жауап бермеді — бихевиоризм және психоталдау.

Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық - бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З. Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді.

Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілер саласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді.

Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есептеу техникасы мен математикалық программалаудың білімнің бұл салаларында пайда болуы психологиядан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақтаудың тәсілдері және ақпаратты қайта жаңғырту электронды-техникалық құрылымның және электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалардың көмегімен іске асырылды.

Соңғы онжылдықта осындай зерттеулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет істеу заңдарын түсіну үшін оның пайдасы орасан зор болды.

Өз кезегімен бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзіндік психологиялық зерттеулеріне деген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен машиналардың есін жетілдіру үшін мүмкіншіліктер ашып отыр. Осындай өзара қызығушылық психологияда соңғы жылдары ақпараттық-кибернетикалықдеп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін түсіну жолында көп үміт күттіретін қадамдар жасай бастады. Адам миы — бұл күрделі электрондық-есептеу машинасы.

Кеңестік психологияда негізінен есті зерттеуде іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясымен байланысты бағыттар дамиды. Бұл теорияның негізінде ес психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі, адамның теориялық және практикалық әрекетінің жүйесі ретінде әр түрлі ақпаратты еске қалдыруға, еске сақтауға және қайта жаңғыртуға бағытталған.

Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы француз ғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П. Жаненің еңбектерінде негізі салынды. Ол алғашқылардың бірі болып, еске сақтауға, қайта өңдеуге және материалды сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет жүйесі ретінде тұжырымдады.

Психологиядағы француздың ғылыми мектебі барлық ес үрдістерінің әлеуметтік байланыстылығын, оның адамдардың практикалық іс-әрекетіне тәуелділігін дәлелдеді.

Кезінде біздің елімізде бұл концепция А.С. Выготскийдің және оның ең жақын шәкірттері А.Н. Леонтьевтің, А.Р. Луриянің негізін салған адамның жоғары психикалық қызметінің пайда болуы мәдени-тарихи теорияның одан әрі дамуында көрініс тапты.

А.Р. Луриянің ғылыми жетекшілігімен жүргізілген нейропсихологиялық зерттеулер естің физиологиялық амалдарын сипаттауға мүмкіншілік берді.

Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қосқан П.И. Зинченко мен А.А. Смирновты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерттеді.

Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес әр түрлі елестетулердің арасында байланыстар - ассоциациялар ұйымдастыру, сонымен қатар материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былай түсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалмен жұмыс барысында не істейді, сонымен қатар мнемикалық үрдістер іс-әрекеттің тұтас құрылымында қандай орын алатындығына байланысты.

Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әр түрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулеріңде атап көрсеткен болатын-ды.

Естің түрлері

Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Кейбір адамдар, мәселен, өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына жақсы қайта жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдардың ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше, тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.

Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі: 1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялык, бейнелік және сөздік-логикалықес деп бөледі; 2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі; 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қозғалысес — бұл әр түрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, "алтын қолдар" жатады.

Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді. Бірақ оның әрбір адамда байқалуы әр түрлі іске асады. Осы дара айырмашылықтар екі жағдайға байланысты: 1) ағзаның туа біткен дене ерекшеліктеріне байланысты; 2) қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда дұрыс үйренудің, жаттығулардың дәрежесіне байланысты. Дара ерекшеліктерінің нәтижесінде (туа біткен және өмірде қалыптасқан) әрбір адам жүруде, жазуда, еңбекте, ойында, спортта және т.б. қозғалыстардың өзіндік қарқынын, стилін меңгереді.

Қозғалыс есі генетикалық тұрғыдан (өзінің пайда болу жағынан) естің басқа түрлерінен бұрын келеді. Балада қозғалыс есінің алғашқы байқалуы өмірінің алғашқы айына жатады. Алғашқыда балалар қарапайым қозғалыстардың тар шеңберін меңгереді. Содан кейін, қозғалыстарды есте қалдыру және қайта жаңғырту жағымды түрде кеңейе түседі, өте күрделі қозғалыстарды қамтиды.

Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.

Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді. Бастан кешкен және есте сақталған сезімдер қозғаушы күш ретінде белгілі бір әрекетті орындауға итермелейді. Қайта жаңғыртылған сезімдер алғашқы сезімдерден күші жағынан және сипатына, мазмұнына қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Өмірлік деректерді мысал ретінде келтіруге болады. Мәселен, өте күшті және терең қайғы, күшті қуаныш біздің есімізде уақыт өте әлсіздене түседі.

Бұрын бастан кешкен сезімді қайта жаңғырту белгілі бір жағдайда мүмкін. Осындай жағдайлар қайталап қабылдау немесе өткенмен байланысты оқиғаны еске алу.

Бейнелік ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады).

Бейнелік естің жоғары дамуы көркем өнер мамандықтарының адамдарында жиі кездеседі: суретшілерде, музыканттарда, жазушыларда.

Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық есдеп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).

Сөздіклогикалық ес— ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.

Сөздік-логикалық есте негізгі орынды екінші сигнал жүйесі атқарады. Естің осы түрі ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары оқушыларына тән болып табылады. Сөздік-логикалық есті меңгерген адам оқиғалардың мәнін, қандай да болсын дәлелдеудің логикасын, оқыған мәтіннің мәнін және т.б. тез және дәл есте қалдырады. Бұл мәнді ол өзінің сөзімен бере алады.

Сөздік-логикалық ес басқа түрлеріне қарағанда жетекші ес болып табылады, оның дамуына естің барлық басқа түрлерінің дамуы байланысты.

Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсызжәне ырықтыдеп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде, адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру және қайта жаңғыртуды айтады.

Екінші жағдайда осындай мақсат міндетті түрде қатынасады, иә ырықты есте қалдыру немесе қайта жаңғырту үрдісі адамнан ерік-жігерді қажет етеді.

Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қысқа мерзімді ес— материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзақ мерзімді ессалыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.

Жедел ес дегенімізқысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.

Адамның өмірі мен іс-әрекетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің маңызы әр түрлі. Қысқа мерзімді ес іс-әрекеттің жекелеген түрлері мен әрекеттеріне қызмет етеді. Қысқа мерзімді естің ұқсас көріністері стенографистің, оператордың, тез іске асатын іс-әрекеттің басқа түрлері өкілдерінің жұмысында байқалады.

Ес үрдістері және оның түрлері

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

Есте қалдыру.Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз жонс ойлаймыз.

Есте қалдыру үрдісі қабылданған заттардан бас ми қыртысында із қалудан тұрады, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың адамның бұрыннан бар тәжірибесімен, білімімен, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың бөлімдері мен элементтерінің арасындағы байланыстарды орнату.

Есте қалдырудың жүйкелік-физиологиялық негіздері бас ми қыртысында қалыптасқан уақытша жүйкелік байланыстар болып табылады.

"Уақытша жүйкелік байланыс, — деп жазды И.П. Павлов, — жануарлар дүниесі және біздің өзімізде іске асатын әмбебап физиологиялық құбылыс. Ол сонымен қатар психологтар ассоциациядеп атайтын психикалық құбылыс...".

Ассоциация заттардың екі немесе бірнеше бейнесі арасыеда ұйымдасуы мүмкін. Бұл көршілестік ассоциация деп аталады. Мысалы, біз әнді естиміз және бір уақытта сол өлең айтып тұрған адамды көреміз, онда оны қабылдау (оның әуені мен өлеңін) және ән айтушы адамды біздің қабылдауымыздың арасында көршілестік ассоциациясы қалыптасады. Көршілестік ассоциациясының қалыптасуын біз қайталап, екінші рет қабылдағанда немесе елестеткенде әннің әуенін еске түсіруіміз мүмкін. Бұл жерде әннің әуені мен әнші адамның арасында шартты байланыс, бірдейлік ассоциациясы қалыптасады.

Егер жаңа қабылданатын заттар бұрынғы қабылданатын затпен ұқсас болса, есте қалдыруда ұқсастық ассоциациясы қалыптасуы мүмкін. Мысалы, құс пен ұшақтың бейнесінің арасында ұқсастық ассоциациясы көрінеді.

Егерде қайта қабылданатын зат өзінің белгілері бойынша бұрынғы қабылданған затқа қарама-қарсы болса (мысалы, жарық және қараңғы), қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы жасалады.

Есте қалдыру механикалық және мағыналықболып бөлінеді. Механикалық есте қалдырунегізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталауболып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді — балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.

Механикалық есте қаддыру— бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей бірізді есте қалдыру. Материалды механикалық есте қалдыру білімді формальді меңгеруге жиі әкеліп соқтырады. Сонымен қатар механикалық есте қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, ол мағыналық есте қалдыруға қарағанда біршама көп уақытты қажет етеді. Бірақ механикалық есте қалдыруды мағыналық есте қалдырумен дұрыс ұштастыра білгенде пайдалы.

Мағыналық есте қалдыруойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.

Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі — материалды мағыналық топтау.Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.

Мағыналық бөлу және материалды топтау белсенді ойлау іс-әрекетін талап етеді, жақсы түсінгеннің барлығы есте қайталаулар арқылы бекітілген болуы керек.

Оқыту тәжірибесі мен психологиялық зерттеулер көрсеткендей, білімді берік бекіту үшін оқу материалын берік және ұзақ есте сақтауда, ұстанымды есте қалдыруда ерекше мәні зор.

Мәселен, шәкірттердің екі тобына бірдей материалды жаттау ұсынылған болатын. Бірінші топтағы шәкірттерге бір күннен кейін тексеретіндігі ескертілген болса, екінші топқа бір аптадан кейін тексеретіндігі ескертілді.

Бірақ екі топты да екі аптадан кейін тексерді. Тексерудің қорытындысы көрсеткендей материалды жақсы меңгерген екінші топтың шәкірттері болды.

Бір психологиялық зерттеуде мынадай тәжірибе жүргізілген еді. Шәкірттердің екі тобына есте қалдыру үшін мәтін ұсынылды. Бірінші топта бұл мәтінді қатарынан төрт рет оқу арқылы есте қалдыру қажет болса, екінші топта - екі рет оқуды қайта жаңғыртумен ауыстырып отыру, демек, бірінші оқудан кейін қайта жаңғырту, одан кейін — тағы да оқу және тағы да қайта жаңғырту. Зерттеудің нәтижесінде толық есте қалдыру оқу мен қайта жаңғыртуды ауыстырып отырған топта іске асқандығын аңғарамыз. Екінші тәсілмен меңгерілген материал бірінші тәсілге қарағанда есте толық және берік сақталған.

Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты — түсіну.Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру — алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.