МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ес туралы негізгі теориялар 6 страница





Мәселен, біз көшеде кездейсоқ кездескен адамдарды, кездейсоқ тыңдалған сөздер мен әуендерді де есте қалдырамыз, біздің есімізде ырықсыз есте қалатын өзінің әсемдігімен, анықтығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар, күшті сезімдер, бұрынғы біздің тәжірибемізбен байланысты қызықты, маңызды оқиғалар есте қалады.

Ырықты есте қалдыру алдын ала мақсат қайталап, есте қалдыру үшін материалды таңдауды іске асыратын есте қалдыруды айтады. Ырықсыз есте қалдырудан айырмашылығы белгілі бір материалды есте қалдыруға саналы бағытталады. Ырықты есте қалдыруда оған қажетті ерікті, күш — жігерді сала отырып, өзін жақсы және берік бекітуге жұмылдырады.

Шәкірттердің оқу іс-әрекеті білімді меңгеру, ептілік пен дағдыны қалыптастыру негізінен ерікті есте қалдыруға сүйенеді.

Қайта жаңғыртудегеніміз бұрынғы қабылдаулардың, сезімдердің, ойлардың, ұмтылыстар мен әрекеттердің адам санасында жандануы, қайта жаңғыртылуын жүйке-физиологиялық негіздері ұйымдасқан уақытқа байланыстар жүйесінің жандануы болып табылады. Бізде ең алдымен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі елестетулер деп аталады.

Қайта жаңғырту тану немесе еске түсіру түрінде, еріксіз және ерікті түрінде іске асуы мүмкін.

Тану- қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді тыныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағанда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.

Тану толық емес немесе толық болып бөлінеді:

Толық емес танудабіздің санамызда белгілі нысанды қабылдаумен байланысты тек кейбір елестеулер, сезімдер мен ойлар қалыптасады, қабылданған нысан біз үшін жаңа еместігін білеміз. Бірақ бұл елестеулер мен осы нысандар бұрынғы қабылдауларда болған басқа елестеулермен және ойлармен байланыссыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, қандай болсын адамның бет-пішінін танимыз, бірақ, көргенімізді еске түсіре алмаймыз.

Толық танудабіздің санамызда қазіргі заттар мен құбылыстарды қабылдауға қатысты бұрынғы өткен елестеулер мен ойлар басқа елестеулермен, ойлармен байланысты іске асады, толық тануда елестеулер мен ойларды бізге белгілі орнына, уақытына нақты жатқыза ойлаймыз.

Сонымен, біз кездестірген адамды тани білеміз, қайда және қашан кездескенімізді, қандай жағдайда, онымен не туралы айтқанымызды және т.б. еске түрсіреміз.

Біз тек бұрын қабылданған заттар құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар біз өз қиялымызда жасаған заттар мен бейнелерді, олар туралы кітапта оқыған немесе басқа адамдар туралы әңгімелерді тыңедай отырып, тани аламыз.



Тану белгілі дәрежеде әрбір қабылдаудың құрамды бөлігі болып табылады.

Еске түсіру— нысанды қайта қабылдаусыз іске асатын қайта жаңғырту. Еске түсіруде бекітілген бейнелер, сезімдер мен ойлар сол кезде сезім органдарының қатысынсыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, біз кешегі күннің оқиғасын қайта жаңғыртамыз, 30 жатталған өлеңді қайта жаңғыртамыз. Еске түсіру тану сияқты толықтығына және дәлдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Еске түсіру толық емес болғанда, біздің есте қалдырған заттарымыз бен құбылыстарымыздың кейбір бөліктері ғана қайта жаңғыртылады.

Толық ескетүсіруде материалдың тек белгілі мазмұны қайта жаңғыртылып қоймайды, сонымен қатар оны еске түсіру іске асатын уақыты, жағдайы және шарттары қайта жаңғыртылады. Мысалы, өлеңді жатқа айта отырып, біз жол-жөнекей қашан, кім оны берді, қай жерде және қалай біз оны оқыдық, жаттауда қандай қиындықтар кездесті және т.б.

Еске түсіру танумен тығыз байланысты. Біздің қызметімізді, оның ішінде оқу жұмысында қайта жаңғырту танудан басталады, содан кейін еске түсіруге көшеді.

Қайта жаңғыртуеріксіз және ерікті іске асуы мүмкін. Еріксіз қайта жаңғыртуешқандай алдын ала мақсат қоймай, жаңғыртатын материалды таңдаусыз және ешқандай күш-жігер жұмсамай іске асыру. Бұл қайта жаңғырту өздігінен іске асады. Дүниеде өздігінен ештеңе болмайды. Еріксіз қайта жаңғырту әр уақытта да белгілі себептерге байланысты іске асады.

Еріксіз қайта жаңғыртуғасебеп қаңдай да бір қабылдаулар, елестетулер, ойлар болуы мүмкін. Мысалы, мектеп деген сөзді қабылдағанда бізде еріксіз мектептің жағдайы, шәкіртгер, мұғалім және т.б. елестетулер пайда болады. Пайда болған елестету немесе ой жаңа елестетулерді шақырады, ал бұл елестету немесе ой өз кезегімен келесі елестетуді шақырады. Бұл үрдіс белгілі тәртіппен жүріп отырады. Бұл тәртіп еске сақтауда ұйымдасатын ассоциациялармен анықталады. Сондықтан да еріксіз қайта жаңғырту ассоциациялар түрінде (көршілестік, ұқсастық, қарама-қарсылық) іске асады.

Ерікті қайта жаңғыртудегеніміз алдын ала мақсат қойып, жоспарлы түрде, қайта жаңғыртылатын материалды таңдауды айтады. Мысалы, бізге қажетті тарихи деректер, атаулы күндер, есімдер, жер-су аттары, әр түрлі ережелер және т.б. Шәкірт оқыған сабағын қайта жаңғыртады.

Ерікті қайта жаңғыртуда, сонымен есте сақтауда ұйымдасқан ассоциациялар ерекше рөл атқарады. Ерікті қайта жаңғырту ассоциациялық үрдістермен, ойлаудың белсенді жұмысымен байланыста іске асады.

Ерікті қайта жаңғыртуда қиындықтар жиі кездеседі, ол кезде қайта жаңғырту тоқталады. Біз кей кезде қажет заттарды еске түсіру үшін көп күш жұмсап, әуре боламыз. Мысалы: белгілі бір адамның фамилиясын, жердің атын грамматикалық немесе математикалық ұғымдарды т.б. Осындай жағдайда біз әр түрлі қосымша тәсілдерді қолданамыз. Мәселен, ұмытылып қалған фамилияны еске түсіру үшін біз мақсатты түрде басқа фамилияларды алып қараймыз, ол адаммен соңғы рет қандай жағдайда кездескенімізді еске түсіріп көреміз.

И.П. Павлов бірнеше рет жаңа қалыптасқан жаңа байланыстар өте ұзақ есте сақталады деп атап көрсетті. Біз есте сақтау туралы айтқанда, мынадай сауал пайда болады: қандай дәрежеде біз есте қалдыратын материал есте сақталады, ұсталады, есте қалдырғанның бәрі есте сақтала ма? Есте қаншалықты сақталғандығын қайта жаңғырту бойынша бағалаймыз, бізде тексерудің басқа тәсілдері жоқ. Есте сақтау туралы айтқанда ескеретіні тек қайта жаңғыртудың бір түрі - еске түсіру, оның ішінде ерікті еске түсіру.

Біз бір кезде есте қалдырған, демек, есте сақтау үрдісіне кері үрдіс ретінде санамыздан жоқ өшуін ұмытудеп түсінеміз. Бірақ есте сақтау мен ұмытуды осылай деп түсіну негізсіз емес.

Қайта жаңғырту тек еске түсіру түрінде емес, сонымен қатар тану түрінде де іске асатындығын ескеруіміз керек, ал белгілі дәрежеде барлығын біз танимыз. Сонымен қатар әрбір қабылдауда танудың элементтері болады.

Кейбір меңгерілген материал сол күйінде сөзбе-сөз (мазмұны және түрі бойынша) есте сақталады. Сол күйінде сақталатындар, мысалы, үйреншікті әрекеттер, көбейту кестесі, әр түрлі математикалық формулалар мен грамматикалық ережелер, өлеңдер, телефон нөмірлері және т.б.

Психологияда мынадай пікір қалыптасқан, адамның қабылдайтын және есте қалдыратынының барлығы есте сақталады, бірақ біразы қайта жаңғырады: бізге қажетті қайта жаңғырту үшін тек қолайлы жағдайлары бары қайта жаңғыртылады. Осындай қолайлы жағдайлар болып табылатын қайта жаңғыртуға қажеттіліктің болуы, жүйке жүйесінің сау және сергек болуы, қайта жаңғыртылған мазмұнның жекелеген бөліктері арасында берік байланыстың болуы жатады.

Бұл жағдай болмаған уақытта қажетті материалды қайта жаңғыртудың ерікті үрдісі қиындық туғызады.

Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар, сонымен қатар қазіргі сәтте қажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмытуболып табылады. Сондықтан ұмыту - есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. Ұмытудың жүйке-физиологиялық негізі уақытша байланыстардың тежелуі болып табылады.

Ұмыту толық болуы мүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көп жағдайда ұмыту уақытшаболады.

Алғаш есте қалдырған материалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта еске түсіруді реминисценциядеп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В. Урбанчич ұсынған. Реминисценция сөйлеу мен бақылау барысында адамға эмоциялық әсер ететін түрлі материалдарды есте сақтауда, сондай-ақ сенсоматорлық дағдыны орнықтыруда байқалады. Бұл психологтардың арнайы зерттеулерімен дәлелденуде, адам есінде бекітілген сөздік материал өте үлкен дәрежеде жаттаудың бірінші сағаттарынан кейін ұмытылады. Кейбір уақыт өткеннен кейін бұл материалдың қайта жаңғырту мүмкіншілігі арта түседі және біршама уақыт өткеннен кейін қайта жаңғырту мүмкіншілігі тағы да төмен түседі.

Ұмыту әр түрлі шапшаңдықпен іске асады. Баяу ұмыту "жақсы", күшті естің белгісі, ал тез ұмыту — "жағымсыз" естің, әлсіз естің белгісі.

Ұмыту үрдісі әркелкі жүреді: алғашында тез, одан кейін баяу.

Мысалы, жаттағаннан кейінгі бес күнге қарағанда алғашқы бес күнде ұмыту тез жүреді.

Психологтардың эксперименттік зерттеулерінің мәліметтері бойынша оқушылардың есінде бекітілген материалдан бір күннен кейін 77,6 пайыз, төрт күннен кейін — 62,7% қалады.

Механикалық түрде бекітілген материал тез ұмытуға бейім тұрады.

Мағыналық есте қалдыруда ұмыту үрдісі біршама жай іске асады.

Ұмытуға қарсы негізгі құрал — қайталау. "Қайталау — оқу анасы" — дейді халық мәтелінде. Қайталау оқу материалын берік есте қалдырудың негізгі шарты ғана емес, сонымен қатар оны есте сақтаудың да шарты болып табылады.

Ұмыту әсіресе, алғашқы кезде тез іске асатындығын ескере отырып, оқу материалын ұмыту үрдісі басталмай тұрып, қайталауды ерте бастаған жөн.

Ұмыту жылдамдығы көп жағдайда жүйке жүйесінің жағдайына байланысты. Шаршағанда, аурудан кейін жүйке жүйесінің әлсіреуінен ұмыту өте тез аңғарылады.

Белгілі адамдар қартайған шағында немесе аурудан кейін өзінің шығармаларын танымаған жағдайлар болған. Мысалы, Линней өзінің шығармаларын басқаның шығармасы деп, ерекше қызығумен оқыған ол таңғалады: "Қандай жақсы жазылған! Осындай шығармалардың мен авторы болғым келеді!" Вальтер Скотт өте ауыр сырқатқа шалдыққан кезінде "Айвенго" романын жазды. Автор сырқаттан жазылғанына дейін роман жарық көрді. Айыққан соң өз романын оқи отырып, Вальтер Скотт бұл шығарманы қашан және қалай жазғанын ол есіне түсіре алмады.

Демек, біз есте қалдырғанның барлығы уақыт өте белгілі дәрежеде ұмытылады. Сондықтан да ұмыту мүмкіншілігін міндетті түрде ескертіп отыру қажет, әсіресе оқу жұмысында ұмытумен күрес жүргізу керек.

Қабылданғанды қайталауды дер кезінде ұйымдастыру өте қажет, бұл жұмысты кейінге қалдыруға болмайды. Осы заңдылықты М.Н. Шардаковтың зерттеу мәліметтері жақсы дәлелдейді. Қайталаусыз бірінші күні есте сақталғаны 74 пайыз; 3-4 күннен кейін — 66 пайыз; 1 айдан кейін — 58 пайыз; 6 айдан кейін - 38 пайыз; қайталаумен бірінші күні есте 88 пайызы ұсталды; 3-4 күннен кейін — 84 пайыз; 1 айдан кейін — 70 пайыз; 6 айдан кейін — 60 пайыз. Бұл зерттеулерден аңғарғанымыз ұмытудың ең 23 пайызы бірінші күннің еншісіне тиеді және қайта жаңғырту мен қабылдауды бөліп тұратын аралықтың өсуіне қарай ұмыту көбейе түседі. Уақытында қайталауды ұйымдастыру нәтижесіндс есте материал біршама ұзақ сақталады.

Естің дара ерекшеліктері

Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің даралық ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасында белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әр түрлі материалды әр түрлі тәсілдермен есте қалдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік — бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы қалдыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.

Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, қозғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс). Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар - естігенін ұмытпайды, үшіншілер - қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері - аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.

Мәселен, ұлы өнер адамдарының ішінде ес үрдісі күшті дамыған, есті қалдыруда ерекше дарындылық танытқан А.С. Пушкинге кез-келген басқаның өлеңін екі рет оқыса болды, жаттап алатын болған. Сол сияқты Моцарт та күрделі музыкалық шығармаларды бір-екі рет тыңдаса жеткілікті есінде сақтайтын, одан кейін өте дәл жазып алатын болған.

Орыстың көрнекті композиторы Балакиров та тамаша есімен ерекшеленген болатын. Ол да жастайынан симфониялық шығармаларды орындауда дарындылық танытты.

Естің жекелеген түрлері есте сақтайтын материалды қабылдауды іске асыратын анализаторлардын көмегімен ерекшеленеді.

Шәкірттерді бақылай отырып, мынаны көруге болады, олардың ішінде біреулері оқу материалын есте іштей оқып отырып, ерекше берік қалдырады, екіншілері дауысын шығарып оқиды, үшіншілері есте қалдыру үшін жазып алады. Шәкірттердің арасында кеңінен тараған естің түрі — аралас ес (көру — қозғалыс және есту — қозғалыс). Таза кездесетін ес өте сирек. Мектеп шәкірттерінде шамамен оны 3 пайыз аңғаруға болады.

Естің даралық айырмашылығы адам іс-әрекетінің сипатына байланысты.

Мұғалім оқушылардың есінің даралық ерекшеліктерін білуі қажет: ол балаға, бір жағынан, шәкірттің есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, естің әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасайды. Шәкірттердің ішінде материалды тез есте қалдыратын, бір-екі оқығанда өлеңдерді жаттап алуға бейім тұратын шәкірттер жиі кездеседі. Ондай шәкірттерге есте қалдыру үшін оқулықты бір қарағанда немесе мұғалімнің түсіндіруін зейін қойып тыңдап алса да жеткілікті.

Демек, бұл шәкірттер тек қана есінде тез қалдырып қоймайды, сонымен қатар есінде берік, ұзақ сақтай алады. Ондай шәкірттер басқаларының арасында білімді ерекше меңгеруде жетістіктерімен ерекшеленеді.

Мұғалімге оқу материалын өте жай есте қалдыратын шәкірттермен жұмыс істеуге тура келеді. Ондай шәкірттер оқу материалын көп қайталау арқылы жаттап алады, әр түрлі тәсілдерді қолданады. Шәкірттердің арасында оқу материалын тез есте қалдыратын, бірақ сол сияқты оқығанды тез ұмытатын балалар кездеседі.

Кейбір балалар материалды жаттауға көп уақыты мен күш-жігерін жібере отырып, оны дәл емес қайта жаңғыртады және тез ұмытып қалады.

Шәкірттердің есінің осындай нашар дамығандығын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Нашар есте қалдыру негізінен сабақты жиі жіберген, оқу тапсырмаларын бір жүйелі орындамайтын, есте қалдырудың тәсілдерін меңгермеген оқушыларда байқалады. Зерттеулер көрсеткендей, осы себептерді ескере отырып, осыған сәйкес жұмыстардың нәтижесінде олардың есте қалдыру мен қайта жаңғыртуы біршама жақсаратындығы сөзсіз.

Естің нәтижесінің әлсіздігі кейде аурудың салдарынан, қатты шаршауы және дене жағынан басқа да дамуына байланысты.

Зейіннің нашар дамуы немесе сабақта оқушы зейінінің жеткіліксіз болуы — нашар есте қалдырудың негізгі себептерінің бірі.

Есті дамыту және тәрбиелеу

Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады.

Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен қатар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды.

Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс — ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір біржарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын жасай бастайды.

Шетел психологиясында балалар тек сәбилік кезенде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал логикалық есті үлкендер меңгереді деген көзқарас кең тараған.

Бұл көзқарас әр уақытта біз бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-кайшылықта екендігін атап өткен жөн. Деректер көрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте сақтау қалыптаса бастайды.

Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнің алдында және мектепке дейінгі кезеңде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болады. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тыңдай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып ғана қоймайды, олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте қалдыра отырып, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады.

Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.

Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.

Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.

Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.

Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды.

Балалардың мектепке баруы мен есінің дамуында елеулі өзгерістер іске асады.

Ерікті есте қалдырудың мектеп оқушыларының оқу жұмысында орны ерекше.

Ол мұғалімнің тапсырмасы арқылы материалды есінде сақтайды. Жоғары сынып оқушыларына есте сақтаудың ерекше тиімді құралдары мен тәсілдерін іздену тән болып табылады.

Мектеп жасында бірінші сыныптан бастап, ерікті қайта жаңғыртуға балалардың қабілеттігі толық жетілген. Оқу материалын қайта жаңғырту белгілі жүйеде тек қана ерікті іске асуы мүмкін.

Ерікті қайта жаңғыртуға қабілеттілік оқытудың шарты бола отырып, сол уақытта оқыту үрдісінде дамиды және беки түседі, сол сияқты ерікті есте қалдыру, ерікті қайта жаңғырту еріктің, ырықты зейіннің және ойнаудың дамуымен қатар жүреді.

Мұғалім өз шәкірттерінің есінің дара ерекшеліктерін білуі қажет: бұл бір жағынан, олардың есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, шәкірттердің есінің әлсіз жақтарын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс істеуге көмектесер еді.

8-дәрісбаян

Қиял

Жоспары:

1. Қиял процесі туралы ұғым.

2. Еңбек әрекетімен байланысты дамитындығы.

3. Қиялдың ерекшеліктерін топтастыру. Ойлау процесімен байланыстылыға.

4. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың қоғамдық мәні.

5. Қияр процесінің алдын-ала бейнелеу ерекшелігі. Қиялдың дара қастеттері.

6. Қиял және шығармашылық.

7. Қиял туралы жалпы түсінік.

 

Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер (бейнелер) болумен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы (заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар және т.б.) елестетулер болады.

Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақты да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.