Ес туралы негізгі теориялар 3 страница Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім органдарыныңк қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және түйсінулердіңк жіктелуі айырма сезгіштігініңк күшеюіне байланысты іске асады. Мысалы бала 4 жасында көптеген түсті ажыратады. Ал есту түйсігі 2-3 жаста дамығандығы соншама, балалар кейбір адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді ажырата алады. Мектепке дейінгі кезеңнің өзінде барлық түйсінулерге баланың абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен немеес мектеп оқушыларымен салыстырғанда мектепке дейінгілерде айырма сезгіштігі өте төмен дамыған. Мектеп жасында балалардың түйсіктері одан әрі дами түседі. Шәкірттерде ең алдымен айырма сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және сезу сезгіштіктері ерекше дамиды. Психологтардыңк арнаулы зерттеулері көреткендей 7 – ден 10 жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60 пайызға дейін арта түседі. Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан зор. Мектеп жасынида шәкірттердің есту түйсіктерін дамытуда алатын орны ерекше. Шәкірттердің мектеп жасында қозғалыс дағдыларының қалыптасуына байланысты бұлшық ет, қозғалыс сезгіштігі дамиды. Психологтардың зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша бұлшық ет, қозғалыс сезгіштіктері 8-14 жас араллығында 50 пайыздан астам артатындығы дәлелденеді. Түйсінуді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні орасан өор. Денсаулық туарлы қамқорлық шәкірттерді жан-жақты үйлесімді дамыту жүйесінде дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екендігін жақсы білеміз. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар - Түйсіктер дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- Анализатор қанша бөліктен тұрады?
- Түйсіктердің танымдық мәні туралы идеалистік көзқарастарға сипаттама беріңіз.
- Түйсіктер қандай топтарға бөлінеді? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- Түйсіктердің заңдылықтарына тоқталыңыз?
- Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі дегеніміз не?
- Түйсіктердің контрастылығы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
- Адаптация дегеніміз не? Күшті және әлсіз адаптацияларды атаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
5-дәрісбаян. Қ абылдау Жоспары: - Қабылдау туралы жалпы түсінік.
- Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
- Уақыт пен кеңістікті қабылдау.
- Қабылдауды дамыту.
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады. Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті. Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады. Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады. Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі. Қабылдаудың қасиеттері Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді. Қабылдау тұрақтылығы (константтығы).Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді. Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді. Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинациядеп аталады. Қабылдаудың физиологиялық негіздері Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі. Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан. Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды. Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан. Қабылдау формалары Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді. Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық -көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі . Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомодация(көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады. Өз алдына қабылдау дербес іс-әрекет түрінде бақылау процесінде көрінеді. Бақылау - бұл қабылдау объектіне түскен құбылысты немесе онда жүріп жатқан өзгерістерді белгілі мақсатпен, жоспарлы және ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, зерттеп бару. Бақылау - адамның қоршаған дүниені сезімдік тануының белсенді формасы. Дербес бағдарлы мақсаты бар іс-әрекет ретінде бақылау алғашқыдан-ақ оның бағытын айқындайтын мақсаты мен міндеттерін сөзбен өрнектеуден басталады. Бақылаудың табысты болуы оның алдына қойылған міндеттің өте анық әрі түсінікті болуына тәуелді. Жоспарлы ниеттеліп, ұзақ мерзімге созылатындықтан және танымдық мақсатты қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етеді Дайындық барысында аса қажет жұмыстар: бақылау міндетін түсініп алу, бақылау барысында орындалатын талаптарды жете тану, күні бұрын бақылаудың жоспары мен әдістерін анықтап алу. Бақылауда бақылаушының белсенділігі зерттеу барысындағы ойлау қабілеті мен жедел қимыл әрекеті үлкен маңызға ие. Затпен айналыса, оған араласа, қатынас жасай отырып, адам бақылаудағы нысанның көп қырлары мен сырларын түбегейлі біле алады. Затты жан-жақты әрі кең бақылау нәтижесінде зерттеуші анық, сонымен бірге жүйелі жұмыс белгілеп, бақылауындағы нысанның әрі бөлігін белгілі тәртіпте бірінен соң бірін қарастыру мүмкіндігіне жетіседі, осыдан ешнәрсе көзден таса қалмайды, бұрын қабылдап, танығанына қайта оралып, уақыт оздырмайды. Бақылау ісіне болған адам қатынасы үлкен мәнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында бақылағыштық қабілет дамиды, яғни адам бір көргенге көзге түспейтін, онша қажет еместей көрінетін заттың майда ерекшеліктерін байқауға үйренеді. Бақылағыштық қасиетті дарыту мақсатында келесі жаттығуларды орындау қажет: әртүрлі заттарды және олардың тараптарын салыстыру; зат бөліктері арасындағы байланыс пен өзара ықпалына назар аудару; бір қарағаннан заттар мен құбылыстардың көбірек қасиет, сапаларын қамту; елеусіз өзгерістерге де мән беріп, назар аудару; қабылданатын заттың мәнді тараптарын айыру. Бақылағыштық қабілетті дамыту үшін қабылдаудың нәтижелі болуына қажетті келесі шарттар орындалып баруы тиіс: міндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелілік; жоспарлы болуы т.б. Адам өмірі мен қызметінің барша саласында бақылағыштықтың маңызы үлкен. Ал адамның бұл қасиетінің қажетті деңгейде болуы үшін оны балалық жастан ойын мен оқу барысында тәрбиелеп бару керек. Қайталау және бекіту сұрақтары 1. Қабылдау процесінің мазмұндық сипаты қандай? 2. Қабылдау құбылысына байланысты қандай қасиеттерді атай аласыз? 3. Қабылдау физиологиялық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? 4. Қабылдаудың күрделі формаларымен байланысты құбылыстар қандай? 1-дәрісбаян. Зейін Жоспары: - Зейін туралы түсінік.
- Зейін психикалық феномен ретінде.
- Зейіннің негізгі сипаттамалары.
- Объект және субъект ерекшеліктеріне қатысты сананың шоғырлануы.
- Зейін және сана.
- Зейіннің физиологиялық механизмдері мен мен бағдарлаушы рефлекс.
- Танымдық процестер аясындағы зейіннің алар орны.
8. Зейіннің негізгі түрлері. Ырықсыз зейін және оны тудырушы факторлар. Ырықты зейін ерекшеліктері. 9. Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары. Үйреншікті зейін. Зейін қасиеттерінің ерекшеліктері. Зейін туралы жалпы түсінік Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады. Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.Зейін — адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету. Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д.Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан-дүниесіне жетіп отырады." Балалардың үлгермеушілігін алдымен олардын зейінділігінің жеткіліксіздігінен іздеуіміз қажет. Есінің әлсіздігі, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі негізінен зейіннің әлсіздігіне байланысты. Заттар мен құбылыстарға зейін аударғанда адам санасы бір нысанаға шоғырланады және бағытталады. Бұны былай түсінуге болады: адамды қоршаған көптеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал барлық қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатынаңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап қарайық, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тындайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейін қойып орындайтынын аңғару қиын смсс. Оқу әрекетінің барлық түрлері оқушыдан ерекше зейін салуды қажет етеді, зейінсіз оқу әрекетін меңгеру мүмкін емес. Оқу әрекетінде шәкірттердің зейінін бақылап қарайтын болсақ, оның бет-пішінінің қалай өзгеретінін, денесінің орналасуын, қандай іс-әрекетті орындауға байланысты көзінің бағьпталуын байқауға болады. Шәкірт белгілі бір нысанаға зейін аударғанда, зейіннің әр уақытта да сыртқы көрінісін аңғарамыз. Мұғалім шәкірттердің оқу үрдісінің бірінші жылынан бастап, оларды зейінді болуға тәрбиелейді. Мұғалім "Бәріңіз де маған қараңыз", "Дұрыс отырыңыздар" деген қаратпа сөздерді жиі қолданады. Таным үрдістерінен (қабылдау, ес, ойлау және т.б.) негізгі ерекшелігі, зейін жеке таным үрдісі бола алмайды, өзінің ерекше мазмұны болмайды. Зейін таным үрдістерінің ішінде аңғарылады және олардан бөліп қарауға болмайды. Зейін психикалық үрлістердің іске асу динамикасын сипаттайды. Мысалы, бір нәрсені қабылдау үшін міндетті зейін саламыз, еске сақтау үшін зейін саламыз. Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды. Зейін төмендегідей қызметтерді атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанага белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға көмектеседі. Зейін туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейін туралы тұжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей: 1. Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәттерінің бірі болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады. 2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі. 3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі бақылау іс-әрекеті немесе зейіннің бөлек, жеке нәтижесі болмайды. 4. Зейінде бақылау өлшемдердің, үлгінің көмегімен іске асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға және оны анықтауға көмектеседі. 5. Ерікті зейін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асалы. Зейіннің физиологиялық негіздері Зейіннің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында болатын негізгі жүйке үрдістері - тежелу мен қозудың өзара әрекетінің тетігі жатады. Зейін үрдісінде адамды қоршаған ортада көптеген басқа заттардың ішінен белгілі бір затты, нысанды ерекше бөліп, соған санасын бағыттайды, ал басқа заттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П. Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциясы заңыбойынша бас ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса, бас мидің басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады. |