МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ойлау туралы негізгі теориялар 3 страница





Жоспары:1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік.

2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу.

3. Сөз (сөйлеу) қызметтері.

4. Сөйлеудің түрлері

 

1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік

Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс - бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөліседі, алмасады. Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъект белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі - өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.

Тілдесу (сөйлеу, сөйлесу) - біргелікті іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құ-райды. Тілдесудің екінші тарапы - сөйлеушілердің өзара ықпалы. Үшінші, тарапы - тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.

Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интеракативті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды.

Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістері оған қатынасқан адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен, қандай да қауымға мүшелігімен анықталады.

Іс-әрекетпен біртұтас байланысқан тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқан тәжірибені игереді.

 

2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу

Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және сезім білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал және адамдардың бірін-бірі түсінуі.

Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жақты біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы. Егер осы ақпарат тілдесу барысында түсінімді қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәнділігіне ие болады.

Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір біріне ықпалды әсер ете алуына байланысты келеді.



Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады.

Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара сүхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық бітістерінен немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.

Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар - дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, өз кезегінде, адамдар арасындағы тілдесуде қалыптасады. Сананың негізгі қызметі болмысты орнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгілейді. Сөйлеу - әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.

Сөйлеу - тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грам-матика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды.

Тіл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу - ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы.

3. Сөз (сөйлеу) қызметтері

Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік, сигнификативтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.

Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында. Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда біздің назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық күйін білдіретін аффектік "тілінен" ажыралады. Сөздің бұл қызметі - сигнификативтік қызмет деп аталады. Осы қызмет нәтижесінде адам әртүрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзі жоқ болған кезде де олармен іс-әрекеттік қатынасқа түсе алады.

Сөз арқылы заттарды талдап, олардың мәнді қасиеттерін ажыратып, заттарды белгілі категорияларға топтастырамыз. Осыдан сөз дерексіздендіру (абстракциялау) мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздің бұл екінші қызметі "сөз мағынасы" терминімен белгіленеді. Сөйлесудің және бір қызметі - коммуникативтік - өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем формасына келуінен әлі сөйлеу (баян) шықпайды. Сөйлеу - заттық негізі бар мағына болғанда ғана іске асады. Әрқандай сөздің (сөйлеу) белгілі зат жөнінде баяны бо-лып, екінші біреуге бағытталса ғана, өзінің коммуникативтік қызметіне сай болады.

Адам тіліндегі көңіл-күй (эмоция) көрінісіүлкен маңызға ие. Сөзді тек ақыл-ой көрінісі деп тану оның өрісін өте тарылтып жібереді. Сөзде, әсіресе оның ауызша түрінде көңіл-күй танытатын көптеген сөйлеу бірліктері қосылады: іркініс, ырғақ, әуен; жазба түрінде - тыныс белгілері, сөз орыны ж.т.б.

Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен бірге ықпал жасау құралы да болып қызмет етеді. Ол тікелей әрекет-қылықты өзгертпегенімен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезіміне қандай да өзгеріс ендіреді.

Сөйлеу процесінің негізгі тірегі - түсіну, түсінісу. Сөз (сөйлеу) қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөйлеу тілдесуге арналған және тілдесуде пайда болатын - әлеуметтік өнім.

4. Сөйлеу түрлері

Сонымен, сөйлеу - тіл көмегімен түзілген адам ара-лық қатынас құралы. Сөйлеудің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегінде ауызша, жазба болып, ал ауызша - монологтық және диалогтық болып бөлінеді.

Сөйлеудің барша түрлері өзара ықпалды қатынас түзеді. Сөйлеу түрлерінің бәріне бірдей сипат - олардың сөздік дыбысталуында. Тіл қатысынсыз және заттасқан тілдік процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкін емес. Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда ішкі сөйлеу деп атайды.

Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі. Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.

Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.

Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеуәңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді.

Монологтық сөйлеуұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж.т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлері бірнеше рет іштен қайталанады, жоспары қайта түзілістерге түседі, орынды сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер іріктеліп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бір ізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады.

Қалаған ақпаратты екінші адамға жеткізу үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осыған орай тілдестік қатынас процесінде вер-балды (таңба ретінде - сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретінде - сөзден тыс белгі, ишаралар) байланыстар қолданылады.

Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда сөйлеу - лексикалық және синтаксистік екі принципті қамтыған дыбысты тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесін түсінеміз.

Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат "жүрісі" орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір біріне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бірі бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады.

Тілдесудің мазмұндылығы, оның барысындағы әңгімелесушілердің бір-біріне ықпал жасауынан көрінеді. Бұл орайда әңгімелесуге негіз болған сеп-түрткілер, тілдесу мақсаттары мен ниеттерін де талдай тану үлкен маңызға ие.

Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру - қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым, ишара, пантонима ж.т.б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық ж.т.б.) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді.

Вербалды тілдесуге "қосымша" ретінде паралин-гвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, әуені, ал экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу.

Сөздік емес тілдесудің қай түрі де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемші (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мәнісін күшейту не кемітумен бірге, әңгімелесуге қатысқандардың ниеттерін білдіреді. Сөзбен бірге қолдана отырып, вербалды емес белгілер де адамдардың өзара байланысты қызмет әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.

Қайталау және бекіту сұрақтары

1. Тілдесудің адам өміріндегі маңызы қандай?

2. Тілдесудің мәні неде?

3. Тілдесу процесінің қай бағыттарын білесіз?

4. Тілдесу және жалпы іс-әрекет арақатынастары қандай?

5. Тілдесу әрекетінің сипаты немен анықталады?

6. Тілдесу қызметтері қандай және олардың әрқайсысы қандай ерекшеліктермен сипатталады?

7. Коммуникативті процесс белгілері қандай?

8. Тілдесудегі ақпарат жүйесін таңбалау дегенді қалай түсінесіз?

9. Тіл мен сөйлеудің айырмашылығы неде?

10. 10.Сигнификативтік қызмет дегенді қалай түсінесіз?

11. 11.Сөйлесу қызметін атқаруға ықпал жасаушы факторлар қандай?

12. Сөйлеу түрлері және олардың жеке сипаттары немен ажыралады?

10-дәрісбаян

СЕЗІМ

Жоспары:

  1. Сезім мен эмоция жайлы түсінік.
  2. Сезім және эмоцияның физиологиялық ерекшеліктері.
  3. Эмоция туралы психологиялық теориялары.
  4. Эмоциялық жағдайдың түрлері.
  5. Жоғары сезімдер.
  6. Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу.

 

Адам өмірінде сезімдер ерекше рол атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды. Сонымен қатар оларга көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек кереді.

Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.

Мәселен, «Мен иісті сеземін демей», «иісті түйсінемін» деген дұрыс болады. Түйсіну органдарының орнына сезім органдары деген тіркес жиі қолданылады.

ё Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде, бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім — бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді. Сезім эмоциялар арқылы байқалады.

Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, куану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешіреді.

Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзі - объективтік шындықтың адамдардың қажет-тіліктерімен сәйкестікте болуы.

Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз - адамнын басқа адамдарға, өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі.Адамдар шындық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық түрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанагаттандыруға кедергі келетіндері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.

Оқу әрекетінде сезімдер мен эмоцияларының мәні өте жоғары. Олар адамды іс-әрекетке талпындырады, оқудағы, жұмыстағы, шығармашылықтағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сезім және эмоциялар адамның мінезі-құлқын, белгілі бір өмірлік мақсаттарының қойылуын жиі анықтап отырады.

Сезімдер объективтік, әлеуметтік мәні бойынша жағымды және жағымсыз болып бөлінеді: мұндай жағдайда жеке және әлеуметтік бағалау әруақытта сәйкес келе бермейді, белгілі бір құбылыстар, деректер бізге жағымды корінеді, біз оларды қолдаймыз, басқа құбылыстарды айыптаймыз және жоққа шығарамыз. Осыдан келіп, адамдардың сезімі немесе жагымды, немесе жағымсыз сипатқа ие болады.

Жағымды сезімдерге қанағаттану, қуаныш, бақыт, шаттық, махаббат сезімдері жатады. Жағымсыз сезімдерге қанағаттанбау, қайғы-қасірет, жек көру, қорқыныш сезімдері жатады.

Күшті сезімдермен адамдардың ерлік істері байланысты. Адамдардың сезімдері даралық және жан-жақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді: бұл сүйіспеншілік, қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасірет, қорқыныш сезімдері.

Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.

Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін кандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғандары әсер етеді.

Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.

Сезімдерді стеникалық және астеникалыкдеп екі топқа бөлеміз.

Стеникалык сезімдегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стенос" - грек созі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезімдегеніміз адамның белсенділігін қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім ("астенос" — грек созі, қазақшалаған-да - әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

И.П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әруақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.

Сезімдер - бүл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмопия дегеніміз, - деп жазды. И.П. Павлов, - инстинктің жұмысы, сезім - қайғы, қасірет және т.б. - бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.

Сонымен, эмоциялар — бұл орғаникалық кажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.

Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.

Сезімдердің негізіне ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылыгы тек адамдарга тән болады.

Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.

Күнделікті бақылау жұмыстары корсеткендей, эмоциялық көңіл күйлер ерекше физиологиялық үрдістермен және ағзадағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, эмоциялық көңіл-күй жағдайында қан айналысы өзгереді, жүректің соғуы жиілей немесе баяулай түседі. Эмоциялық көңіл-күй жағдайында адам қызарады, кейбіреулері - бозарады, түсі өзгеріп кетеді. Адамның эмоциялық жағдайларының жүрек қызметінің өзгерістерімен байланысы анық байқалады. Оны сөйлеу тілімізде. Ертеден бері сезімді жүректің қызметімен бірлікте қарастырып келгендігін білеміз.

Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде – бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.

Адам сезімінің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында іске асатын үрдістер жатады. Бас ми қыртысы сезімдердің күші мен тұрақтылығын реттеп отырады. Ал жартышарларынан айырылған жануарлар әр уақытта да өте күшті, кез-келген жағдайда қозу үрдісінде болатындығы дәлелденді. Бет бұлшық еті сему ауруымен ауыратын адамдар кез-келген нәрсеге күлегеш келеді. Кейбір бас ми қыртысының қызметі бұзылған ауруларда әртүрлі себептерден өте сәйкес келмейтін эмоциялық жағдайларды — орынсыз күлу немесе жылау сияқты сезімдерді басынан кешіреді.

Көптеген сезімдердің физиологиялық негіздеріне И.П. Павлов қалыптасқан динамикшіық стереотип қызметінің бұзылуын атап көрсеткен болатынды.

Сезімдер бас мидың қыртыстары аймағының қызметімен байланысты. Сезімдерді білдіретін еріксіз қозғалыстардың орталықтары болып табылатын көру төмпешіктері жатады. Көру төмпешіктерінің бұзылуы эмоциялық саланың бұзылуына әкеп соқтырады, бас мидың қыртыстары аймағында вегетативтік жүйке жүйесін басқаратын орталықтар жатады, сол орталықпен эмоциялық көңіл-күй тығыз байланысты.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.