МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Ес туралы негізгі теориялар 4 страница





Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы барлық басқаларына үстемдік етеді, оны доминантадеп атайды (немесе қозудың оптималді орталығы), ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі.

И.П.Павловтың қозудың оптималді орталығы туралы ілімі зейіннің физиологиялық негізі болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик А.А.Ухтомскийдің ұсынған доминанта қағидасының міні зор. Бұл принцип бойынша, мида әр уақытта да қозудың үстемдік ететін орталығы болады. Ол өзіне миға бара жатқан барлық қозуларды шақырады және осының арқасында оларға үстемдік етеді. Осындай орталықтың пайда болу негізі тітіркендіргіштің күші ғана емес, сонымен қатар бүкіл жүйке жүйесінің толық жағдайына байланысты.

Сонымен, доминантадеп бір уақытта адам санасына ісер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіргендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті ісер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминантадеп атаған еді.

Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (әлсіз тітіркеңдіргіштер - "субдоминанталар") көп жағдайда жоғалып кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нәтижесінде субдоминанталар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бұрынғы доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір затқа бағытталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі болып табылады.

Зейін көп жағдайда организмнің ерекше бейімделуі өзгерістеріне байланысты аңғарылады. Мәселен, заттар мен құбылыстарды көру қабылдауы арқылы зейін қоюда біздің көзіміз затқа немесе құбылысқа ерекше бағытталады, көзді алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейін салып тыңдаймыз, біз мойнымызды бұрып, ұйып тыңдаймыз. Егер де зейін шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстінде зейін салудың ерекшеліктері бар. Зейіннің күшеюіне байланысты тыныс алу да сиректейді немесе ұзара бастайды. Зейін қою кезінде бұлшық ет жүйесінде де өзгерістер іске асады. Барлық артық қозғалыстар азаяды. Бұлшық ет жүйесі ерекше жағдайда болады.

Зейіннің түрлері және оларға сипаттама

Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні – белсенді зейін деп атайды.



Еріксіз зейін депалдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше аударады.

Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін.

Мәселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде біреуі басқаларына қарағанда өте бойшаң болатын болса, соған еріксіз назарымызды аударамыз. Сонымен қатар күнделікті өмірлік бақылаулар, арнаулы тәжірибелер көрсеткендей, кей жағдайда өте әлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. Мәселен, кенеттен тыныш ортада болған қатты дыбыс немесе керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол да еріксіз біздің зейінімізді аударады.

Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жаңа болуыеріксіз зейінді шақыруға себепші болады.

Еріксіз зейіннің ең негізгі себептерінің бірі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының әрекеті, оның ішінде қызығулардың мәні орасан зор. Не нәрсе қызықты болса, ол еріксіз зейінді аударады.

Психологтардың еңбектерінде еріксіз зейіннің пайда болу себептерінің бірі - зейіннің бағыттылығы іс-әрекеттің құрылымына тәуелді болуы.

Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы немесе зерттеу рефлекстері болып табылады. Бұл рефлекстерді академик И.П.Павлов басқаша "бұл не?" рефлексі деп атайды.

Ерікті зейін депсаналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын таңдай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.

Жұмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Осындай негізі белгілеріне белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы мен бағытталуы жатады. Белгілі бір жұмыс үстінде, оның ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін еріксіз зейінге ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге. Мәселен, қандай болмасын оқу материалын меңгеру барысында әр уақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің осындай өзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен, оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, көрнекілігі, түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқуматериалы мазмұнына қызығуына байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама жеңілдетеді.

Кейде кері құбылыс та болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.

Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.

Зейіннің қасиеттері

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.

Осы қасиеттердің байқалу және көріну дәрежесіне қарай жекелеген адамдардың зейінінің белгілі бір жағымды және жағымсыз сапалары анықталады.

Зейіннің ауыспалылығы- бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мәселен, кітап оқудан шәкірт өз зейінін, суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Шәкірттер өз зейінін бір пәнді оқудан, екінші пәнді оқуға, онымен жұмыс істеуге ауыстыруы мүмкін. Тарихтан-математикаға, әдебиеттен-қазақ тіліне және т.с.с. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруымен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады.

Зейіннің ауысуы кей жағдайларда қиыншылықтарға байланысты: кейде бұрынғы нысанадан жаңа іс-әрекетке кірісу қиындық туғызады. Зейіннің ауысуының қиындығы мен жеңілдігі әр түрлі себептерге байланысты. Осындай себептерге жататындары бұрынғы және кейінгі іс-әрекеттің мазмұнының арасындағы байланыстың болуы мен болмауы. Осы байланыс болған жағдайда зейін жеңіл, тез ауысады. Зейіннің ауысының жеңілдігі мен қиындығының себебі сонымен қатар адамның қатынасы, зейін нысанына қызығудың болуы мен болмауы жатады. Егер де адам бұрынғы нысанына өте қызыға зейін салса, кейінгі нысанына қызығуы әлсіз болса, ондай жағдайда бұрынғы нысанының зейінді аударуы қиынырақ болады және зейіннің ауысу үрдісі жай іске асады. Керісінше, егер де кейінгі нысаны бұрынғыға қарағанда өте қызықты, тартымды болса, онда зейіннің ауысуы ешқандай қиындықсыз іске асады. Тез ауысуға қабілетті зейін бағалы болып есептеледі. Зейіннің бұл сапасының арқасында адам қоршаған жағдайды тез бағдарлай алады, өзгерген жағдайда әр түрлі элементтердің мәнін тез ескере және анықтай алады.

Іс-әрекет үрдісінде зейін тек бір ғана нысанаға бағытталып қана қоймайды, сонымсн қатар екі немесе үш нысананы қамтиды. Біздің зейініміз жекелеген іс-әрекет түрлерінде орналаса алады.

Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануыдейді. Мәселен, біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуыдегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады. Мәселен, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жол жүрушілердің, автомобилдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек. Сол сияқты жүргізуші де өзінің зейінін осылай орналастыруы қажет. Мұғалімге де сабақты түсіндіру кезінде шәкірттердің мінез-құлқына, тәртібіне, көрнекі құралдарды көрсетуге, тақтаны дұрыс пайдалануға өз зейінін орналастыра білуі керек.

Шоғырлану және орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады. Сонымен, зейіннің орналасуын тез арада зейіннің бір нысаннан екінші нысанға тез ауысуы деп түсінуіміз керек. Юлий Цезарь туралы мынадай әңгіме сақталған. Ол бір уақытта бірнеше күрделі жұмысты орындай білген: жаза, оқи, тыңдай білген және сөйлей білген. Психологиялық тұрғыдан мұндай құбылыс мүмкін емес. Юлий Цезарь тез арада зейінін бір нысаннан екінші нысанға ауыстыру қабілетін меңгере білген талантты ғұламалардың бірі болды. Өз талантының арқасында ол өз зейінін бір уақытта іс-әрекеттің төрт түрлі түріне шоғырландыра білді.

Мынадай да жағдай әркімге белгілі: адам тыңдайды (дәріс баяндама) сонымен қатар белгілі бір басқа құбылыстар туралы қиялдайды, ойлайды, кітап оқиды. Бұл жағдайда зейін тез арада бір нысаннан екінші нысанға ауысады (лекция тыңдаудан кітап оқуға).

Зейіннің көлеміөте шектеулі уақыттың ішінде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамның зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады.

Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты.

Көлеміне қарай зейін тар немесе кеңболуы мүмкін. Эксперимент жағдайында зерттелушіге бір уақытта қабылдау үшін әр түрлі әріптерді, сөздерді, заттарды, фигураларды ұсыну арқылы зейіннің көлемі анықталады.

Зерттеуші неғұрлым көп нысанды қамтыса, соғұрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысандарды тез арада экран арқылы көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін.

Тахистоскоп арқылы жүргізілген тәжірибенің нәтижелері көрсеткендей, ересек адам бір уақытта зейіні арқылы үштен алтыға дейін бір-бірімсн өзара байланыссыз нысандарды қамти алады.

Бірақ қабылданатын нысандар мағынасы жағынан байланысты, егер бұл нысандар тұтастық элементі болса, онда олар сан жағынан көп көлемде зейін арқылы қамтылуы мүмкін.

Мәселен, егер тахистоскопта бөлшектелген әріптер емес, ал 3-4 әріптен тұратын сөздер көрсетілетін болса, онда сауатты адам 3-4 сөзді қабылдайды, демек, 9-дан 16-ға дейін әріпті, сондықтан сауатты адамдар жекелеген әріпті оқып қоймайды, ол бірден тұтас сөздерді оқиды. Эксперименттік зерттеулерде зейіннің көлемі тахистоскоп арқылы және зейіннің кейбір дара ерекшеліктері анықталған.

Зейіннің көлемінің кеңдігі, қабылдаудың дәлдігі мен бірігуі жағымды қасиет болып табылады. Зейіннің кеңдігі, мәселен, педагогке сабақ кезінде қажет: педагог өзінің көзінің қырында сыныптағы барлық шәкірттерді ұстауы қажет.

Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығыжатады. Зейіннің әр түрлі дәрежеде күші болады, ол күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті болса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Тахистоскоп — грек сөзі қазақша тез, жылдам қарапайым мағынасында қолданылады. Сырттай қарағанда, зейіннің күші туралы негізінен зейіннің бөліну дәрежесіне қарай бағалауға болады. Мәселен, егер шәкірт әр түрлі, тіпті әлсіз, таныс емес тітіркендіргіштерге жауап беріп отырады (бұрылып қарайды), карандаштың жерге түскенін, көршінің әңгімесін, дәліздегі дыбыс және т.б. бұл оның зейінінің сол сәттегі әлсіздігін білдіреді. Егер де шәкірт осы бөтен тітіркендіргіштерді ескермесе, толықтай белгілі бір жұмысқа зейінін шоғырландырса, шәкірттің зейіні күшті деп есептейміз.

Өте әлсіз зейінді алаңғасарлықдеп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бір де біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының өмірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мәселен, шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

Зейіннің тұрақтылығы.Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісіндс зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейіндеп атайды. Шәкірттің зейінін тұрақты деп сол уақытта айта аламыз, егер ол бүкіл сабақтың бойына зейінін сабаққа аударып, ешқандай алаңдамай, мұғалімнің барлық айтқанын тыңдап отырған жағдайда.

Егер шәкірт оқытушының түсіндіргенін зейін қойып, тыңдайды, бірақ 10-15 минуттан кейін басқа іспен айналысады немесе бірдеңе туралы ойлайды. Осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атаймыз. Зейіннің тұрақтылығы оның қандай түрі еріксіз және ерікті болуына байланысты, сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты зейін әр түрлі бағаланады.

Зейіннің күші мен тұрақтылығы әр түрлі жағдайларға байланысты: зейіннің нысанының мазмұндылығына, іс-әрекетке, жұмыс жасалып жатқан жағдайға, сезімдерге, адамның ерік-жігеріне және оның қызығуына байланысты.

Зейіннің дамуы мен тәрбиеленуі. Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажсттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол шәкірттердің шаршауын болдырмау арқылы іске асады. Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысы.

Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.

Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:

1. Бала әр уақытта кез-келген іс-әрекетте, кез-келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.

2. Мектеп оқушыларын кез-келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.

3. Баланы сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетте зейін қоюға үйрету.

4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез-құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.

Мұғалім әрбір шәкірттің зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір шәкірттің немесе бүкіл сыныптың кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады.

Мұғалім әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде мектеп шәкірттерін үйрету керек. Мұғалімнің зейінді тәрбиелеу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; шәкірттермен кез-келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.

12-дәрісбаян.

Жоспары:

Ес

  1. Ес туралы жалпы түсінік және теориялар.
  2. Естің түрлері.
  3. Адамдардың даралық және психологиялық ерекшеліктеріне орай естердің түрліше сипатта болуы.
  4. Ес үрдістері және оның түрлері.
  5. Естің дара ерекшеліктері.
  6. Есті дамыту және тәрбиелеу.

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.

Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекетттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әр түрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.

Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.

Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады.

Ес дегеніміз бұрынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады.

Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасыңда біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.

Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.

Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады.

Неғұрлым адамда елестетулер мен бекітілген білімдер бай болса, солғұрлым қабылдауларымыз мазмұндырақ, толығырақ және дәлірек, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің және ерік-жігердің қызметі жемістірек болады.

Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек - дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін.

Әсіресе, оқыту үрдісінде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.

Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.

Психология ғылымы өзінің алдына ес үрдісін зерттеу туралы бірнеше күрделі мәселелерді қойып отыр.

Ес психологиясы төмендегі мәселелерге жауап беруді қажет етеді: қаншалықты бұл іздер адам есінде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзімдерге іздерді сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдістерінің іске асуына қалай әсер етеді?

Ес психологиясы психология ғылымының жан-жақты зерттелген бөлімдерінің бірі ретінде саналады. Бірақ, қазіргі кезде естің заңдылықтарының одан әрі зерттелуі оның психология ғылымының әлі де өзекті проблемасы екендігін дәлелдейді. Ес проблемасын белгілі дәрежеде зерттелуінуі әр түрлі ғылымдардың дамуы, оның тілінде психологиядан қашық делінген ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты екені белгілі.

Ертедегі гректерде есті ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.

Бұл қарапайым түсініктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демек, шығармашылықтың негізгі шарты.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.