ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Ойлау туралы негізгі теориялар 7 страница Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша жүйке байланыстарының негізінде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақпарат бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Ерікті реттестірудің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бүл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды. 4. Ерік құрылымы Әрқандай ерік әрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекетке өтетін болса, әнгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасына қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келесідей: 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; 2) талдау, талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер (мотивы) таласы; 3) шешім қабылдау; 4) орындау. Ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандай да қажеттік өз түсінім денгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшиін құмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі қанық жетпейді, қажеттігін нақты түсінбейді. Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Әрқандай қылықтың сеп-түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет сеп-түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды. Сеп-түрткілер (мотивы) күресі - бұл әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттігін таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы" мен сырттан қойылған міндет "талауына" түседі. Шешімқабылдау - бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік әрекеттің ерекше сипаты - жауапкершілік сезімін оятады. Шешімге (решимость) келудің бірнеше жолы белгілі: 1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады. 2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді. 3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады. 4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі. 5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, әрекет көзіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мәтелі осының айғағы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Жоспарлау - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі. Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, септүрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивность) төмендегі жағдайларға тәуелді: 1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман). 2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық). 3.Қоғамдық мәнді мақсаттар. 4.Іс-әрекетке деген көрсетпе-талап (установка) (мұғалімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін қалдырмай көшіріп ал" - әрқайсысы әртүрлі ерік күшін керек етеді). 5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді). Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші. Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға келтіруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сіңген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі, яѓни, ерік - адамның өзболмысынбилейалуқабілеті, өзұмтылыстары, сезімдеріменқұмарлықтарынатоқтамберуқасиеті. Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеу-меттік-саяси, моральдық, эстетикалық ж.т.б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адамның өлшемінен емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан, ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылданған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөлейді. Ерік сапалары Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерік сипаттарының жалпы бірігімін (интегрирование) танытатын құбылыс - ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта (целеустремленность) көрінеді. Мүдделі мақсат - бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стратегиялық, не жақын, бөлектенген әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бөлінеді. Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты. Ынталылық (инициативность) - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. Дербестік- еріктік әрекет барысында адамның әрқандай себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әрекетке келу қасиеті. Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, сенгіштік, иібостық, енжар-лықсияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет. Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті - сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. Ұстамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады. Іс-әрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті. Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Мұндайда батылдыққа тірек - ержүректік (смелость) қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдық көзсіздікке (безрассудство) тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады. Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичность) пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша кұшін көзделген мақсатқа тез шо-ғырландыра алады. Шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады. Табандылық- бұл адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бірде төмендетпей, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі. Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Кейде ақылды, тіпті дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартады немесе адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтін, ақыл қонымдылығы жоқ ерік сапасы - өжеттік пен қиқарлықты қару етеді. Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болмаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптердің мезеттік қалау мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ал өзіндік бағаға байланысты бақылау сипаты мен дәлдігі өзгеріске келеді. Қандай да теріс бағадан адам өзінің кері мінез бітістерін орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзіне деген сенімін жойып, істен бас тартады. Өзіндік ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзіндік әсіре мадақтауға айналдырып жібереді. 6. Т±лғаның ерік тәрбиесі Қандай да еріктік әрекетке араласа отырып, адам оның ізгі нәтижесіне байланысты өзіне жауапкерлік жүктейді. Іс-әрекеттің әлеуметтік мәнді нәтижесі алғашқы ниет шеңберінен толастап ±лаѓатты іс (деяние) сипатын алады. Субъекттің осы іске болған жеке жауапкерлігі өз әре-кеттерінің салдарын қоғамдық-тарихи талаптар тұрғысынан сараптай білу қабілетінен көрінеді. Әлеумет ортасында қалыптасқан заң, мораль, әдет-ғұрып пен дәстүрлерге орай іс жақсылық (благодеяние) нежамандық (злодеяние) болып бағаланады. Психологияда бақылау локусы (локусорын, Д.Роттер) деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен істерінің себебін тыстан іздеушілер сыртқы бақылаулы (экстерналды) ал себеп-салдардың көзін өзінен табуға тырысатындар ішкі бақылаулы (интерналды) болып бөлінеді. Экстерналды, яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер әрдайым өз қабілеттеріне сенімсіздікпен қарайды, тұрақсыздық көрсетеді, мегзегенін кейінге қалды-руға бейім, жауапкерлігі кем, төңірегіндегілердің бәрі оны қобалжытады, осыдан ол күмәншіл, шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен істерінің жауапкершілігін өздері көтеруге қабілетті. Мұндай тұлғалардың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа жету жолында бұлар бір ізділік пен табандылық танытады, өз ісіне талдау жасай алады, мінезі байсалды, қайырымды, қауымшыл әрі тәуелсіз келеді. Адам еркі басқа да к?птеген қасиеттермен ерекшеленеді. Олардың ішінде аса маңыздылары: ерлік, тәртіптілік, іскерлік т.с.с. - бұлардың бәрі де жоғарыда аталған ерік сапа, қасиеттерімен тығыз байланысты. Еріктің ұнамсыз тараптарының бәрі тұрмыстағы кә-дімгіеріншектікпен ұштасады. Еріншекте іске деген құ-лық, ниет, оны орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар еріншектігін бетіне басқанға "бауыр еті жарылып" өкпелегенімен, бұл қасиетін "қайтейін, осылай-мын" деп жеп-жеңіл мойындай салады, өзінің тұрмыстық ебедейсіздігі мен әлжуаздығын ақтау үшін оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады. Барлық ерік сапалары мен қасиеттері адамның өмір барысында, іс-әрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда әсіресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Әрқандай психикалық процесс сияқты ерік те өз бетінен болмай, жеке адамның жан-жақты кемелденуімен бірге өрістейді. Балалық шақта өрбитін ерік қасиеттері көптеген әлеуметтік-қоғамдық ықпалдарға тәуелді, солардың ішінде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерік қылықтарына байланысты кемшіліктер: өжеттік пен тентектіктің көзі ата-аналардың қате тәрбиесінен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тілегенінің бәрін қанағаттандыруға тырысқан, белгілі тежеулерге үйретілмеген, т.с.с. Ал қан-дай да бір әрекетте күш сала білуге дайындық өздігінен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиісті әдеттерге баулудан сәби ерік күшін дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады. Отбасы тәрбиесінің және бір болымсыз қыры - баланы, әдетте, орындалмайтын, әл мүмкіндігінен тыс жүктеме, тапсырмаға жегу. Осыдан белі бекімеген жас тұлғада бастаған ісін аяқтамау әдеті қалыптасады, жұмыс нәтижесінен қандай да ләззат қуанышына бөлене алмай, бала түңіледі, бұдан былайғы тапсырыстарға бет бақпайды. Бала әрекеті негізінен еліктеуден болады. Осы-дан ерік қасиеттерінің қалыптасуында ата-ана, тәрбиеші ж.т.б. өнеге-үлгісі маңызды келеді. Көркем әдебиет пен кинофильмдердегі санқилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлер де баланың ерік күшін тәрбиелеуде орасан жәрдем береді. Балада ерік тәрбиелеудің және бір жағдайы оны қалтқысыз тәртіпке үйрету: жүріс-тұрыста, сабақ дайын-дауда, үй жұмысын орындауда ж.т.б. Ерік - бұл дұрыс ұйымдастырылған еңбек деуіміз осыдан. Ерік қасиеттерін қалыптастыруда баланың денетәрбиесіне мән беру қажет. Себебі тән әлжуаздығынан жас өспірім өмірдің қай саласында да қалаған жүктемені көтере алмайды, әйтеуір бір кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл күйзелісіне түседі. Дене жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған бала өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау қабілетін игереді. Жас шақта бала өмірі - негізінен ойынмен тікелей байланысты. Ал ойын - бұл белгілі қалып, ерекше талап. Осыларды ырықсыз, ойын мазмұнына қызығумен орындай жүріп, қандай да еріктік сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады. Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады. Ерік тәрбиесінде балаларұжымының маңызы айтарлықтай. Ұжымдық өмірге араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндіріп, икемділікке үйренеді. Өз қатарына қарай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық қалыптастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, оны жасыруға не тіпті жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу- ерік күшін керек етеді. Бала еркінің даму көзі - бұл еңбек. Әрқандай еңбектік іс-әрекет ерік қатысынсыз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан бала белі қажетті дәрежеде бекігеннен, оны өнімді еңбекке қосу - басты шарт. 11-дәрісбаян ҚАБІЛЕТ Жоспары: 1.Қабілеттілік туралы жалпы түсінік. 2. Қабілеттіліктің даралық типологиялық ерекшеліктері. 3. Қабілеттілік және нышан. 4. Қабілеттілік туралы теориялар. 5. Педагогикалық қабілеттілік және оның құрылымы. 6. Қабілеттілікті қалыптастыру және дамыту. 7.. Қабілеттердің даралық сипаттары. 1. Қабілет жөнінде түсінік Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер. Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олар-дың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді. Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез - шабан, оңай - қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді. Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық: 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет - кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын жо¹ары ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, ?ажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.) |