ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | ЖИТС – индикаторлы аурулар (Бюлл. ВОЗ, 1988,66.2,104-110) Бірінші топқа жататындар Өңеш, трахея, бронх кандидозы. Өкпеден тыс криптококкоз. Бір айдан артыққа созылған диареяға қосылған криптоспоридиоз. Бір айдан жоғары жастағы балалар цитомегаловирусының әр түрлі органдарды (бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндерінен басқа) зақымдауы. Бір айдан артық уақыт тұрақты тері мен шырышты қабықтың жараға айналған жай герпесі, сол сияқты 1 айдан асқан балалардағы бронхиттер, пневмониялар, эзофагиттер. Алпыс жасқа жетпегендердің денеге жайылған Капоши саркомасы және бас миының (біріншілік) лимфомасы. Лимфоцитарлы аралық пневмония немесе өкпенің лимфоидты гиперплазиясы (12 жасқа дейінгі балаларда). Атипті микобактерия қоздырған, өкпеден тыс немесе тері, мойын өкпе лимфа түйіндерін өкпемен бірге зақымдаған, денеге жайылған жұқпалар. Пневмоцисті пневмония. Дамымалы көпошақты лейкоэнцефалопатия. Жасы бір айдан асқан науқастың бас миының токсоплазмозы. Екінші топқа. 13 жасқа дейінгі балалардың қайталамалы немесе қосынды бактериальды жұқпалары: септицемия, пневмония, стрептококк менингиті, гемофильді таяқшалары зақымдаған сүйек немесе буын қабынуы, абсцестер жатады. Денеге жайылған кокцидиоидомикоз (өкпеден тыс орналасқан). АИВ - энцефалопатиясы («АИТВ-деменция», «ЖИТС-деменция»). Өкпеден тыс денеге жайылған гистоплазмоз. Бір айдан артық персистенген изоспорозды диареялар. Капоши саркомасы. Бас миының біріншілік лимфомасы. Басқадай В-клеткалы лимфомалар (Ходжкина ауруынан басқасы) немесе белгісіз иммунофенотип лимфомасы: а) ұсақ клеткалы лимфома (Беркитт сияқты лимфомалар); б) иммунобласты саркомалар (иммунобласты, үлкен жасушалы, диффузды, гистиоцитарлы, диффузды дифференциясы жоқ лимфомалар); Денеге жайылған микробактериоз (туберкулез емес) өкпеден басқа теріні, мойын немесе өкпе лимфа түйіндерін зақымдайды. Өкпеден тыс туберкулезі (өкпеден басқа ішкі мүшелердің қабынуы). Қайталамалы сальмонеллез септицемиясы. АИТВ – дистрофиясы (кахексия, өте аруы). 1993-жылы екінші топқа өкпе туберкулезі, жатыр карциномасы, рецидивті бір жылға созылған бір жақты немесе патогендігі шамалы микроорганизмдер қоздыратын пневмония қосылды. Америкада бұл тізімге бірінші топпен ауырмаса да Т4-лимфоциттерінің 200-ден азайғандары қосылды. Бұл аурулардың бәрі - бір немесе бірнеше мүшені және жүйені: бас миын, өкпені, бауырды, асқазан-ішек жолын зақымдайды. Осы аурулар үдемелі жүріп, адам өміріне қауіп туғызады. СД4-торшалары азайғындықтан патологиялық процесс әр түрлі жүйелерді қамтумен жүреді, белгілі ем қонбайды. Криптококты менингоэнцефалит, денеге жайылған цитомегаловирусты жұқпа (энцефалит, ретинит, эзофагит, гепатит), аралас этиологиялы сепсис (вирус-бактериалды-грибті), денеге жайылған Капоши саркомасы, кавернозды өкпе туберкулезі жиі кездеседі. АИТВ - жұқпасының әр кезеңінде нерв жүйесінің арнайы зақымдануы көрінеді. Жедел кезеңінде вирустардың нейроглияларға кіруі, серозды менингиттің дамуы мүмкін. Аурудың әрі қарай дамуы созылмалы шаршаумен, невропатиямен білінеді. Энцефалит үдемелі жүріп, деменцияға әкеледі. Деменция кейде аурудың негізгі симптомы болып, көбінесе иммунитет тапшылығына байланысты әр түрлі аурулармен бірге жүреді. Балалардың АИТВ - жұқпасының кейбір ерекшеліктері бар. Бұған интерстициалды лимфоидты пневмонит, өкпе лимфа түйіндерінің гиперплазиясы, екіншілік бактериалды жи жұқпалар жатады. Психомоторлық, физикалық даму жылдамдығы тежеліп, энцефалопатиямен сипатталады. Қатерлі ісік, Капоши саркомасы сирек кездеседі. Үлкендерге қарағанда балаларда ауру тез дамиды. Жаңа жіктеме (АҚШ, 1993) бойынша, адам ауырмаса да 1 мкл қанда Т4-лимфоциттеріңің саны 200 ден аз болса, ЖИТС диагнозы қойылады. 6–кесте. АИТВ – жұқпасының жіктемесі, жасөспірімдер мен үлкендерге арналған, (АҚШ 1993) СД4-Т-жасушаларының деңгейі | Клиникалық категориялары | А АИТВ—жұқпасының симптомсыз, жедел (біріншілік) түрі немесе денеге жайылған тұрақты лимфаденопатия | В Манифестация, бірақ А емес, С емес | С ЖИТС-индикаторлы жағдайлар | 1. > 500/мкл | А1 | В1 | С1 | 2. 200-499/мкл | А2 | В2 | С2 | 3. < 200/мкл | А3 | В3 | С3 | Категория А-ға симптомсыз АИТВ серопозитиві барлар, шеткі денеге жайылған лимфаденопатиясы мен біріншілік жедел АИТВ жұқпасы бар адамдар кіреді. Категория В-ға әр түрлі симптомдар кіреді. Олардың маңыздылары: бациллярлы ангиоматоз, орофарингеалдық кандидоз, рецидивті кандидозды вульвовагинит (емдеуі қыйын), цервикалдық дисплазия, цервикалдық карцинома, жалпы жұқпа симптомдары (1 айдан артыққа созылатын қызба немесе диарея), тілдің қылшықты лейкоплакиясы, идиопатиялық тромбоцитопениялы пурпура, листериоз, кіші жамбас қуысы органдарының қабынуы (кейде тубоовариялдық абсцесс), шеткі невропатия. Егер АИТВ-жұқпасының диагнозы В-категория болса, жақсы нәтижемен емделсе де сақталады. АИТВ-жұқпасының көріністері дәл келсе, тез С-категорияның диагнозын қою керек. АИТВ-жұқпасының клиникалық жіктемесі (В.И. Покровский, 1989) І. Жасырын кезеңі. ІІ. Біріншілік көріністер стадиясы. А. Жедел қызба фазасы; Б. Симптомсыз фазасы; В. Тұрақты денеге жайылған лимфаденопатия. |