МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Иммунитет тежейтін препараттар сипаттамасы. 3 страница





Кейбір аурулардың дамуында гиперсезімталдық реакциясының бірнеше түрі қатысуы мүмкін.

29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар

Гистамин – маңызды биологиялық амин, молекулалық салмағы ІІІД, әртүрлі жасушалардың және жүйесінің физиологиялық функциясын, оның ішінде иммунды қабілеттік жүйесінің функциясына қатысады. Гистамин аллергиялық реакцияның жедел түрінің медиаторы.

Гистамин организмге тағаммен түседі. Гистамин сүтте, нанда, етте, кейбір өсімдіктерде (қызанақта, қалақайда) бар. Организмде гистамин тағам белоктарынан фермент гистидиндекарбоксилаза және оның кофакторы пиридоксальфосфат әсерімен гистидиннен құрылады.

Қалыпты жағдайда гистаминнің көбі организмде тез ыдырайды. Гистамин метаболизмі бірнеше жолмен жүреді, оның ішінде маңыздысы:

1) минметилтрансферазамен метилирование (ішекте, бауырда, моноциттерде);

2) тотығу дезаминдеуімен – (ұлпаларда, ішекте, бауырда, бүйректе, тері, плацента, айырша без, эозинофил, нейтрофильдерде).

Гистаминның басқа бөліктері организмде байланысқан (инертті) түрде жүреді. Гистаминның негізгі депосы – базофильдер (ұлпа және қан), одан кейін тромбоциттер. Кісіде гистамин теріде, (әсіресе қабақ, бас, мойын) және өкпеде көп. Ұлпа базофильдерінде гистамин гепаринмен қосылған комплексте жүреді. Базофильдердің дегранулациясында гистамин және гепарин бөлініп шығып, әр қайсы жеке әсер етеді.

Гистаминнің жасушалардан бөлініп шығуы иммунологиялық (арнайы) және иммунологиялық емес (арнайы емес) механизмдерімен жүреді.

Гистамин бөлінуінің иммунологиялық механизмі – IgE аллергенмен базофильдердің үстіне байланысып, дегрануляциясын дамытып, гистамин босап шығады. Аллергиялық реакцияның жедел түрінде үлпа базофильдерінен клетка ішіндегі гистаминдердің 20 – 35 пайызы шығады. Бөлініп шыққан гистамин кері байланыспен, гистаминдердің одан әрі шығудың анафилакциялық реакциясы басынан бастап басады. Бұл процестің негізгі реттеушісі – ЦАМФ. Организмде ЦАМФ – тың деңгейін көбейтетін заттар (метилксантин, катехоламиндер, кейбір бактериальды токсиндер және басқалар) гистаминнің шығуын тоқтатады.

Гистаминді иммунологиялық емес жолмен базофильдерден шығаратындар – гистамин - босатқыштар, мұндайда IgE қатыспайды, базофильдердің дегрануляциясы болмайды. Қазіргі заманда 100 ден аса әртүрлі заттар гистамин – босатқышына жатады. Олардан дамыған реакцияны – псевдоаллергиялық реакция - патологиялық процестің, клиникасы нағыз аллергиялық реакцияға ұқсас, бірақ дамуында иммунологиялық стадиясы жоқ.

Псевдоаллергиялық реакцияның даму механизмі:

1. Организмде гистаминнің мөлшері көбейген

а) әртүрлі босатқыштардың әсерімен гистамин шығады;
б) гистаминнің бейтараптануы бұзылған, мысалы, ұзақ уақыт туберкулезге қарсы препараттарды, анальгетиктерді, антибиотиктерді қолданғанда;



в) гистаминнің тағаммен денеге түсуі;

г) ішек микрофлорасының декарбоксиялық белсенділігімен цистидиннен, фениланиннен, тирозиннен гистаминнің көптеп құрылуы. Мысалы, дисбактериоз дамығанда.

2. Комплемент жүйесінің белсенуі бұзылғанда;

3. Арахидон қышқылының метаболизмі бұзылғанда.

Гистамин (либераторлары) босатқыштары.

Иммундық емес заттар:

1. Са ионы

2. Бактерия қабырғасының аминды қанты

3. Бос радикалдар

4. Нейротензин

5. Нейрокиндер А,В

6. Халлидин

7. Брадикинин

8. Вазоактивті аралық пентид

9. Самотостатин

10. Осмотикалық белсенулер (су, маннитол, декстроза)

11. Полиаминдер

12. Полимиксин А

13. Хлортетрациклин

14. Полисахаридтар (декстран)

15. Экзапросол

16. Тритон Х – 100

17. Кодеин

18. Форбол эфирлері

19. Кісі сарысу альбумин препараттары

20. Индометацин

21. Ацетилхолин

22. Карбохолин

23. Морфин

24. Тубокурарин

25. Рентгенконстрастық заттар

26. Психикалық стресс

27. Физикалық стресс

Имундық заттар

1. IgE, ІgG4

2. ИЛ – 1

3. ИЛ – 3

4. Комплемент компоненттері - С5а >С4а> C3a

5. Бактериальдық липополисахаридтер

6. Гамма – интерферон

7. Альфа – интерферон

8. Эозинофильдердің катионды белоктары

Гистаминнің синтезі мен секрециясына аса маңызды жағдайлар:

1. Гистамин өндіретін жасушалардағы кальций иондары

2. Осы иондарға жасушалар мембрамасының өткізгіштілігі

Мембрана арқылы кальций иондарының өтуі және оларды жасушаларда көбейтетін заттар гистаминның синтезін және бөлінуін күшейтеді. Стронций кальций ионы сияқты әсер етеді. Белгілі заттар гистаминмен байланысады, оны гистаминопексия деп атайды. Гистаминді байланыстыруға жауапты - гаммаглобулин. Қан сарысуының гистамин байланыстыратын белсенділігі көптеген патологиялық жағдайда азаяды: аллергиялық ауруларда, туберкулезде, жүйке жүйесінің патологиясында және басқаларда төмендейді. Атопиялық ауруларда сарысу белоктары ондай өзгеріс бермейді.

Организмде гистаминнің 3 түрлі рецепторы бар. Н1 – рецепторлары тегіс салалы бұлшықет және ірі қан тамырлары жасушаларында орналасқан. Олардың белсенуі трахея, бронхтардың бұлшықеттерін жиырып (спазм), қан тамырлардың өткізгіштігі кеңейіп, атриовентрикулярлық өткізгіштігін баяулатады, қышу күшейеді. Н1 – рецепторы арқылы нейтрофильдерден лизосомальды ферменттердің шығуы көбейіп, қабыну процессі дамиды. Гистамин Н1 – рецепторымен байланысқанда ЦАМФ деңгейі көтеріліп, гистамин әсері жүреді. Н1 – рецепторларының антагонистері -антигистаминдік препараттардың бірінші және екінші буыны.

Н2 – рецепторлары - әртүрлі ұлпаларда бар. Гистаминнің Н2 – рецепторымен байланысуы асқазан секрециясын және котехоламиндердің синтезін белсендіреді, жатыр бұлшықетін босаңсытады, миокардтың жиырылғыштығын күшейтеді, бронхтың тегіс салалы бұлшықетін босаңсытады. Нейтрофильдердің лизосомальды ферменттерінің шығуы тоқтап, қабыну басылады. Т – суперессорлардың Н2 – рецепторлары арқылы функциясы күшейеді. Т – супрессорлар иммунитет жүйесін басатын факторлар шығарады, мысалы, гистамин – демеуші супрессор факторы. Мұндай жағдайда Т – супрессорлар толеранттылықты қолдайды.

Н2 – рецепторларының антагонистері буринамид, метиламид, циметидин, ранитидин және басқалар.

Гистамин гистидиннен церебральдық нервтердің ұшында синтезделеді. Құрылған гистамин Н2– рецепторымен байланысып, орталық жүйке жүйесінде гистаминнің синтезін тоқтатады.

Антигистаминдік препараттардың бірінші буынына мына дәрілер кіреді:

1. Димедрол

2. Дименгидринат (Делалон)

3. Фенкарол

4. Бикарфен

5. Дипразин

6. Димебон

7. Диазолин

8. Супрастин

9. Тавегил (Клемастин)

10. Сетастин (Лоредикс)

11. Ципрогептадин (Перитол)

Антигистаминдік препараттар гистаминге ұқсас құрылысымен гистаминнің Н1 – рецепторларына байланысуын азайтады немесе тоқтатады.

Бұл препараттарды қолдану, олардың мынандай ерекшеліктерін көрсетеді:

1. Емдік әсері қысқа (0,5 – 3 сағат);

2. Н1 – рецепторларының барлығымен байланыспайды (- 30%)

3. Қан-ми тосқауылынан өтеді;

4. Тахифилаксия (үйреншілік дамуы) 7-12 тәулікте;

5. Организмде басқа рецепторлармен (М – холин рецепторы, альфа-адренорецепторымен) байланысуы;

6. Тәбеттің күшеюі;

7. Алкогольдің және жүйке жүйесінің депрессантарының седативтік әсерін күшейтуі.

Н1 – тежегіштерін қолдануға болмайтын жағдайлар:

1. Физикалық, психикалы белсенді және аса назар аударатын жұмыстар атқаратындарға;

2. Бронх демікпесінде;

3. Глаукома;

4. Асқазанның және ұлтабардың жаралы аурулары;

5. Простата аденомасы және зәр жүрмегенде;

6. Тыныштандыратын, ұйықтататын және диабетке қарсы дәрілермен, алкогольмен антигистаминдік препараттарды бірге қолдануға болмайды;

7. Жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруларында;

8. Дене салмағын өсіру қаупі. Бұған қарамастан практикада бұл препараттар жиі қолданылады, әсіресе олардың седативтік әсері пайдалы.

Н1 – тежегіштерінің екінші буындық препараттарының ерекшеліктері:

1. Н1 – рецепторларымен туыстығы өте күшті;

2. Емдік әсері тез (астемизолдан басқасы);

3. Емдік әсері ұзақ (12-24 сағат) тәулікте 1 рет қолданылады;

4. Басқадай рецепторларға тежеу жасамайды;

5. Седативтік әсері жоқ;

6. Тағаммен ішуге байланысы жоқ;

7. Ұзақ пайдаланғанда тахифилаксия болмайды;

8. Алкогольдің әсерімен седативтік нәтижесі жоқ;

9. Орталық жүйке жүйесінің депрессанттарымен бірге пайдалануға болады;

Антигистаминдік препараттардың екінші буыны:

1. Терфенадин (Талдан, Трексил, Гистадил, Бронал);

2. Доратадин (Кларотадин);

3. Астемизол (Гисманол, Гисталонг, Астемисан);

4. Цетризин (Зиртек, Цетрин);

5. Акривастин (Семпрекс);

6. Эбастин (Кестин);

7. Азеластин (Аллергодил – Назальдық спрей);

8. Фексофенадин;

9. Левокабастин (Гистимет).

Бұл Н1 – тежеуіштерінің емдік әсері олардан пайда болған метаболиттеріне байланысты. Тек қана цетиризин, акривастин және фексофенадин организмде өзгермей, өздері емдік әсер етеді.

Кейде организмде метаболизм бұзылса, препараттардың деңгейі көбейіп кардиотоксикалық әсер беруі мүмкін.

Пациенттің зат алмасуы бұзылған жағдайда қанда препараттардың (терфенадин және астемизол) мөлшері көбейіп, жүректің реполяризациясын кідіртіп, калий каналдары жабылып, QT аралығы ұзарып, жүрек қарыншасының ритмі бұзылып, кенет кісі өлімі болуы мүмкін (Г.Н. Дранник, 2003).

Антигистаминдік препараттардың (екінші буын) қандағы деңгейі көбейетін жағдайлар:

1. дозасы көп болуы;

2. бауырдың функциясының бұзылуы;

3. Алкогольді шамадан көп ішу;

4. Антибиотиктерді (макролидтерді) қабылдау (эритромицин, кларитромицин);

5. Микоздарға қарсы препараттарды (назолдарды) пайдалану.

Н1 – тежеуіштерінің 2 – буынынан өте жиі пайдаланатын препарат – лоратидин (кларотидин). Кларотидин антигистаминдік әсерімен бірге, кальций иондарының клеткаға кіруін, базофильдерден гистаминдердің шығуын, простагландиндердің өнімін тоқтатады.

Кларитинді емдеуге пайдаланатын жағдайлар:

1. Поллиноз, конъюнктивит, жыл бойы кездесетін аллергиялық ринит.

2. Жедел крапивница және ангионевроздық ісік (Квинке).

3. Қышыма дерматозы (атопиялық дерматит, созылмалы экзема және басқалар).

4. Псевдоаллергиялық реакцияны емдеуге және алдын алуға.

5. Жәндіктер шағуының аллергиялық реакциясын басады.

6. Арнайы иммунотерапияның және вакцинопрофилактиканың асқынуларын болдырмайды.

7. Бронх демікпесінің кешендік емінде адъюванттық терапия ретінде қолданылады.

Антигистаминдік препараттардың үшінші буыны шықты, оларда антигистаминдік және қабынуға қарсы нәтиже бар. Ресейде олардың кейбір препараттары (дезлоратадин, фексофенодин) жаңада ғана пайдаланылуда.

 

30. АЛЛЕРГОЗДАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Аллергиялық аурулардың диагностикасының қағидалары басқа аурулардың диагностикасындай. Сонымен қатар аллергиялық аурулардың тексеру әдістерінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Диагностиканың мақсаттары:

1) аурудың аллергиялық немесе аллергиялық еместігін анықтау. Бұл жағдай, мысалы – поллинозда, сарысу ауруында (сывороточная болезнь) қиын емес.

Бірақ дәрі немесе тағам аллергиясын айыру қиындау (дәрінің немесе тағамға деген сол адамның ерекше реакциясы болуы мүмкін).

2) клиникасы ұқсас жағдайда аурудың көрінісі шын аллергиялық ауру ма, немесе псевдоаллергиялық көрініс пе? Ол үшін ауру көрінісімен бірге, иммундық реакция барын не жоғын айыру керек.

3) сол аурудың пайда болуын; даму себептерін білу; егер аллергиялық ауру болса, арнайы гипосенсибилизациялық емдеу тағайындау үшін керек.

І. Аллергиялық анамнез.

Бұрынғы Кеңестер одағы ғылыми-зерттеу институтында аллергологиялық ауру тарихын жинау үлгісі, анамнездің сұрақтары құрылған. Осы ауру сұрақтары барлық аллергологиялық кабинеттерде бар. Анамнез жинаудың негізгі мақсаттары:

1) науқастарда аллергиялық ауруға тұқым қуалаушылық бейімділігі барын білу.

2) сыртқы ортаның факторларымен ауру дамуының арасындағы байланысты білу;

3) аурудың дамуына қандай аллергеннің әсері барын анықтау.

Науқас бұрын аллергиялық аурулармен ауырды ма немесе қазіргі уақытта жанұясында ауру кісі барма? Науқас дәрі ішкенді, қан сарысуын және вакцина еккенді қалай көтереді; маусымдық аурулар бола ма және олардың суыққа қатысы бар ма; егерде созылмалы ауруы болса, қашан қозып отырады, қай жерде қозып отырады (үйде, жұмыста т.б.), жұмыс істейтін жеріндегі және үйдегі жағдайлары қалай.

Мысалы, үй тозаңына аллергиясы бар адамның жұмысқа барғанда жағдайы жақсарады («элиминация әсері» дейді).

Егерде аллергия жұмыс жағдайына байланысты болса (дүйсенбінің әлегі) – демалыстан кейін жұмысқа барғанда жағдайы нашарлайды.

Инфекциялы бронх демікпесі, риниті барлардың суыққа шықса, жағдайы нашарлайды.

Поллиноз - өсімдіктердің гүлденуімен қозып отырады. Тұқым қуалайтын аллергиялық бейімділік аллергиялық реакциясының реагиндік түрімен жүреді.

Сөйтіп, анамнез жинау аурудың аллергендерін және аллергиялық реакцияның қандай түрімен жүретінін анықтауға көмектеседі. Бірақ, оны дәл анықтау арнайы әдістермен тері және ауру өршітетін (провокациялық) сынамалармен жүргізіледі.

 

ІІ. Терілік сынамалар.

Бұл организмнің арнайы сенсибилизациясын анықтау үшін теріге аллерген енгізіп, оған дамыған ісік пен қабыну реакциясын тексеретін диагностикалық әдіс. Терілік сынамаларын әрқашан ремиссия кезінде қояды. Терілік сынамасы санды, сапалы, тікелей және пассивті болып бөлінеді.

Сапалы терілік сынама - аллергенге сенсибилизация бар - жоғын анықтайды. Сынаманың оң болуы сол аллерген аурудың себебі екенін көрсетпейді. Аурудың себебі, басқа аллерген болуы да мүмкін. Өйткені, сенсибилизация болуы міндетті түрде аллергиялық реакция бермейді. Сондықтан дені сау адамдардың көбінде белгілі аллергендерге сенсибилизация болады (үйдің тозаңына, стрептококк т.б.), бірақ аллергиялық реакциялары жоқ.

Терілік сынамасы болғанда, ол аурудың анамнезіне сай келсе ғана осы аллерген ауру шақырады, деп ұйғарылады. Егерде аллергиялық сынама ауру анамнезіне сай келмесе немесе тері сынамасы нашар (шамалы) көрініс берсе, ауру өршітетін сынамалар қойылады.

Сандық тесттер сенсибилизацияның қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Сандық тесттер әр аурудың антигенге сезімталдығын және арнайы гипосенсибилизация жүргізуге антигеннің бастапқы дозасын анықтайды.

Тері сынамасының тікелей (прямой) сынамасы зерттелетін ауруға жүргізіледі. Тері сынамасының пассивті түрі ауру адамның сарысуын сау адамға егіп, сол жерге антиген кіргізеді (Праусниц-Кюстнер реакциясы).

Тері сынамасының көріністері аллергиялық реакциялардың түріне де байланысты. Реаген (анафилакциялық реакцияда) реакциясы аллерген еккеннен кейін 10-20 мин ішінде пайда болады. Тері реакциясы дөңгелек күлбірек немесе күлбіректің айналасында псевдоподиялар көрінеді. Күлбіректің түрі қызғылт немесе ақшыл, айналасында артериальдық гиперемия көрінеді. Бұл терінің бүртікті қабатының ісігіне және қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты. Бұл реакцияны күлбірек, уртикарлы немесе жедел түрі дейді.

Аллергиялық реакциялардың ІІІ-ІҮ түрлерінде теріде жедел қабыну дамиды – қызарған ісік, ыстық және сол жер ауырады.

Аллергиялық реакцияның ІІІ түрінде қабыну тым анық: 4-6 сағаттан кейін пайда болып, 12-24 сағаттан кейін жоғалады.

Аллергиялық реакцияның ІҮ түрінде қабынудың ең жоғары дамуы 24-48 сағаттан кейін. Сөйтіп, тері сынамасы аллергенге дамитын аллергиялық реакциялардың түрлерінде анықтайды.

Аурудың түрлеріне, дамытатын аллергиялық реакция түрлеріне, аллергеннің ерекшеліктеріне байланысты, терілік сынамалар әртүрлі әдістермен жүргізіледі.

Тері сынамаларының мынандай түрлері болады:

1) Апликациялықтері сынамасы (тері үстіне, эпикутанды сынамалар).

Теріде көрінісі бар аллергиялық ауруларда сынаманы қабынуы жоқ, тері үстіне қояды.

Аллерген ретінде әртүрлі химиялық заттар, дәрілер пайдаланады. Көбінесе ерітінділер, сау адамға зияны жоқ мөлшерінде қолданылады. Диаметрі 1 кв. см. дәкені ерітіндіге малып алып иыққа, арқа немесе іштің терісіне қойып, целлофанмен жауып, лейкопластырмен орналастырады. Оның реакциясын 20 мин, 5-6 сағ және 1-2 тәулік өткен соң бағалайды.

Скарификациялық сынама – иыққа тері үстіне арасы 2-2,5 см-ден аллерген тамызып, әр тамшының үстіне әрқайсысына жеке инемен немесе скарификатормен тырнап эпидермисті зақымдайды, бірақ қан шықпауы керек. Осы сынаманың бір түрі прик-тест, алергенді инемен терінің эпидермисіне жібереді.

Скарификациялық тест- аллергиялық реакцияның реаген түрінде жүргізіледі, мысалы, поллинозда, бронх демікпесінің атопиялық түрінде, ринитте, Квинка ісігінде, есекжемде. Олар аллергияның реагендік түрін анықтайды. Реакцияны 15-20 мин өткенде бағалайды.

Тері ішілік сынама. Аллергеннің тері ішіне жіберілуінің скарификацияға қарағанда сезімталдығы жоғары, бірақ арнайлылығы аса жоғары емес. Сондықтан оны қойғанда мүшенің немесе жалпы аллергиялық реакциялары болып, асқынулар дамуы мүмкін. Бұл әдіс бактериальдық және грибтік антигендердің сенсибилизациясын және жұқпалы емес аллергендерге организмнің сезімталдығын анықтайды.

Праусниц-Кюстнер реакциясы - терінің пассивті сенсибилизациясын анықтайтын реакция. Бұл реакция реагендік аллергиялық реакцияның диагностикасында қолданады. Мысалы, дәрі, тағам аллергиясының, диагностикасында реагендердің әртүрлі титрлерінің қасиеттерін тексереді. Сау адамға тері ішіне ауру адамның сарысуын енгізіп, сол жерге тексерілетін аллергенді егеді. Ол жерде теріде жедел аллергиялық реакция дамиды. Қазір бұл реакцияны қолданбайды, өйткені вирусты гепатит жұғуы мүмкін және реагендерді зертханалық жолмен анықтауға болады.

ІІІ. Өршіту (провокациялық) тесттері (ПТ) – организмге аллергенді кіргізіп (шокты мүшеге) аллергиялық реакцияның этиологиясын анықтау. Шокты мүшелердің түрлеріне байланысты мына түрлері болады:

Конъюнктивальдық ПТ- аллергиялық конъюнктивитті поллиноздың диагностикасында қолданылады. Көзге аллерген тамызады. Реакция оң болғанда – көзі қызарып, жасаурап, қышиды.

НазальдыПТ – аллергендерді, бір танауға тамызады, қауіпсіз әдіс. Реакция оң болғанда түшкіріп, танауы бітеліп, қышиды. Риноскопия сол танаудың ісініп, бітеліп қалғанын көрсетеді.

Ингаляциялық ПТ – бронх демікпесінде, ремиссия кезінде, стационарда қолданады. Сынама алдында өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) өлшейді. Содан кейін әуелі физиологиялық ерітіндімен дем алдырып, егер реакция болмаса ғана аллерген береді. Сынама оң болса ӨТС 20%-ға дейін төмендейді. Егерде бронх жиырылса, бронхкеңейткішін береді. Терілік және өршіту тестері ауру қозған кезде, жүктілікте, 3 жасқа дейінгі балаларға қойылмайды.

Суықтық ПТ – есекжемде, теріге мұз түйірін (не мұзы бар бюкс) 3 мин қояды. Оң реакция болғанда 5-6 мин өткенде (мұзды алғаннан кейін) теріде күлбіреу реакциялар пайда болады. Оның мөлшері мұздың көлеміне тең.

Жылылық ПТ - крапивницада, теріге 40-420 С. ыстық бюксті 10 мин ұстайды. Оң болғанда теріде күлбіреу пайда болады.

Лейкоцитопениялық ПТ – тағамдық, кейде дәрілік аллергияда пайдаланады. Тағамдық аллергиясы бар кісі әуелі аллергия шақыратын тағамды ішпейтін болады. Содан кейін ашқарында 1 сағаттың ішінде 2 рет шеткі қандағы лейкоциттердің санын анықтайды. Егер олардың айырмашылығы 0,3-109/л-ден аспаса, ауруға аллергия шақыратын дәріні не тағамды береді. 30-60-90 мин өткен сайын лейкоциттерді санайды. Егер лейкоциттердің саны 109/л-ден көп азайса тест оң деп саналады. Дәрілік аллергияда анафилакциялық реакция дамуымен қауіпті болады. Терідегі реакция аллергияның жоқ екеніне кепіл болмайды.

Тромбоцитопениялық тест- тағам және дәрі аллергиясында, лейкоцитопениялық тестке ұқсас. Егер тромбоциттердің саны 25%-ға және одан көпке азайса – тест оң болғаны.

Экспозициялық ПТ – болжам диагностикалық тест. Аллергені белгісіз науқасты аллергия байқалатын жағдайға орналастырады. Мысалы – дәріханаға, гүлденген өсімдіктердің жанына, цехқа. Егерде аллергиялық реакция дамыса және сол жердегі аллерген белгілі болса, диагноз қойылады.

Өршіту тесті баяу жүретін аллергияны анықтамайды (Н.Д. Беклемишев, 1987).

ІҮ. Элиминациялық тесттер.

Элиминациялық тест- ауру кісінің аллергенге жанасулық болмағанда реакцияның әлсіреуі немесе жоғалуына негізделген аллергиялық реакцияның этиологиялық диагнозын қою әдісі. Бұл әдіс ремиссия кезінде өршіту тестімен бірге тағам аллергиясының, кейде дәрі аллергиясының диагностикасында қолданылады.

Элиминациялық тест тағам көтере алмаушылықтың себебін білу үшін тағамның бір түрін ішпеуден, толық ашығуға дейін әртүрлі болып жүреді. Мысалы, сүт қосылмаған тағамды 1-2 апта ішкеннен кейін кісінің жағдайы жақсарған мезгілде, диетаға сүт (провокациялық тест) қосады. Сол сияқты жұмыртқасыз, бидайсыз, астықсыз, тағам бояуларынсыз (тартразин) диеталар бар. Егерде элиминациялық диета нәтижесіз болса, немесе тағам аллергені туралы мәлімет белгісіз болғанда, 4-5 күнге толық ашығу тағайындалады.

Ү. Зертханалық әдістер.

Әртүрлі сенсибилизацияны анықтауда иммунологиялық әдістердің маңызы зор. Науқастарға бұл әдістер ешқандай қауіпсіз.

1. Иммунологиялық әдістер тек сенсибилизацияны ғана анықтайды. Аллергиялық реакция даму үшін аллерген бір белгілі жағдайда организмге қайта түсуі керек.

2. Аллергиялық реакциялардың әртүрінің (4 түрі) өзіне тән сенсибилизациясын анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады. Кейбір әдістер сенсибилизация бар екенін ғана көрсетіп, оның түрін айырмайды (лимфоциттердің бласты трансформация реакциясы, В.А. Фрадкиннің нейтрофильдерді зақымайтын көрсеткіш - тесті).

Сенсибилизацияның реагин түрін анықтау үшін мына реакцияларды қолдануға болады: 1) allergen – specific Ig E - тест және радиоаллергосорбентті тест - әртүрлі аллергендерге Ig E – иммуноглобулинін анықтайды.

2) З. M tofal Ig E Fast –тест және радиоиммуносорбент тест (Rist) - жалпы Ig E деңгейін анықтайды; Реаген типтілік ауруларда IgE көбейеді, егер ауру жоқ болса, даму қаупі барын көрсетеді.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.