МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Иммунитет тежейтін препараттар сипаттамасы. 6 страница





Қанда, бос айналымда жүрген, тағам антигеніне қарсы шыққан антиденелерді анықтау үшін бірнеше әдістер бар:

- антиденелерді пассивті ауыстыратын Праустницу-Кюстнер әдісі;

- базофильдерді зақымдайтын Шелли реакциясы;

- тікелей жүрмейтін Бойденнің гемагглютинациясы;

- мес клеткаларының деструкциясы;

- лейкоцитолиз;

- радиоаллергосорбентті тест (РАСТ).

Тағам аллергиясының диагностикасына гиперсезімталдықтың клеткалық реакциялары да пайдалы: лимфоциттердің бласттрансформациясы және лейкоциттердің миграциясын бөгеу, тері-терезе реакциялары.

Элиминациялық және өршіту сынамасы жақсы мәлімет береді. Кейбір авторлар алиментарлық және асқорыту аллергиясы деп бөледі. Алиментарлық түрінде аллергендерге тағамға қосылған әртүрлі заттар жатады: бояулар, дәрілер, консервирлеушілер. Кейде тағам аллергиясын біріншілік, екіншілік деп бөледі. Біріншілік - иммунологиялық өзгерістер барын көрсетеді. Екіншілік деп асқорыту жолындағы созылмалы аурулардан кейін пайда болған өзгерістерді айтады. Үлкендерде осы екеуі де бірге жүреді. Тағамға да және басқа аллергендерге де аллергия анықталады.

Сүтті көтере алмау денеде лактозаның тапшылықтығына байланысты.

Фавизм-туа пайда болған ауру, эритроциттерде глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа ферментінің генетикалық жетіспеушілігінен бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көтере алмай, гемолиздік анемия дамиды.

Жас балаларда фенилаланин, лейцин амин қышқылдарының алмасуы бұзылуынан ауру пайда болады, онда тағаммен аминқышқылдарын беруді азайту керек. Глютеин энтеропатиясы генетикалық фермент ақаулығымен белок алмасуының бұзылуынан, бидай және дәнді дақылдардың клейковинасының сіңбеуінен инфекция мен токсиндер ішектің шырышты қабығын зақымдап, кісінің ылғи іші өтеді. Емдеу үшін тамаққа бидай, арпа нанын, ұннан жасалған тағамдарды қолданбайды.

Тағам аллергиясының жедел кезінде антигистаминдік дәрілер беріледі. Аллергиялық реакция жалпы денеге тараған жағдайда кортикостероидтер тағайындайды. Гистоглобулинмен емдеу жақсы нәтиже береді. Аллергендерден тазарту үшін асқазанды, ішекті жуады. Спазмолитиктерді, ауыруды басатын, жүрек дәрілері тағайындалады. Жедел кезінде толық ашығуға болады. Содан кейін біртіндеп антигені жоқ тағамдармен диетаны көбейтеді.

Тағам аллергиясының созылмалы түрін әртүрлі әдіспен емдейді. Аллергендері жоқ гипоаллергиялық диета тағайындайды. Тәттіні, сиыр сүтін, ұн тағамдарын, қызыл түсті көкөністер мен жемістерді аз пайдалану керек. Шетел ғалымдары 4 түрлі диета қолдануды ұйғарады, оның әрқайсында аллергия беретін қауіпті тағамдарды біртіндеп көбейтеді. Тағамды аз-аздан ішу диетотерапия әдісі - 12-15 күн бойы арнайы өлшеммен ашығып, қайтадан қалыпқа келеді. Бұл әдістер, біріншіден, аллергендерді элиминацияға ұшыратады; екіншіден, дозалы ашығу организмге өз алдына емдік әсер етеді. Жеке кісінің диетотерапиясы уақытша және тіпті аллергені бар тағамдарды ішіп-жемеу. Аурулардың тамағы әртүрлі, витаминдері жеткілікті, аз мөлшерлі болуы керек. Тұзды, көмірсуын азайтады. Арақ – шарапты, сорпаны ішпейді. Қазіргі уақытта, аллергендері жоқ диеталарда шоколад, цитрусты жемістер, жидектер, консервтер, т.б. жоқ.



Антигельминттік, антипротозойлық емнің де маңызы зор. Ремиссия кезінде санаторида емделу; минеральды су ішу, асқазан-ішегін тазалау, ішіне балшық апликациясын қою пайдалы.

Циметидин, тагомет-H2 рецепторының тосқауылдары, асқазанның қышқылын азайтумен бірге, ішектен гистаминнің шығуын бөгейді. Аллергия картопқа байланысты болғанда күніне 2,5 мг соланин алу жақсы көмектеседі. Тағам аллергиясын инталмен емдеу өте жақсы: налкромды 1 капсуладан тамақтанудан 1 сағат бұрын береді.

Піскен, қуырған етте белок денатурацияға ұшырап, аллергендік қасиеті азаяды.

Спецификалық гипосенсибилизация қайнаған суда еріген табиғи өнімдермен жүргізіледі. Емдеуді 1:100 немесе 1:1000 ертінділерінен бастайды. Бір шай қасықтан бастап, күнде 1 шай қасық қосып, 10 қасыққа жеткенде келесі ертіндіге көшеді. Емдеу курсі 2-3 ай. Тағам аллергендерін парентеральды жолмен беру одан да жақсы нәтиже береді.

Тағам аллергиясын емдеу жеке адамның үш кезеңді диетотерапиясынан тұрады, 1) жеке адамға диета таңдап алу (2-3 апта); 2) диетаны 2-3 ай бойы қатаң сақтау; 3) диетаны кеңейту. Диетаны таңдап алу аллергендерді табумен, күнделік жазумен, элиминациялы-өршіту сынамамен жүргізеді.

Балалардың аллергиясы жыныстық жетілу кезінде азаяды. Үлкендердің аллергиясы әр кісінің диетаны сақтауына, асқорыту мүшелерінің ауруларын емдеп, күнделікті дұрыс тамақтануына байланысты өзгереді.

Жеке кісінің диета таңдау әдістерінің үш түрін келтірейік:

1. Тамақтанудан қауіпті тағамды және өте сирек пайдаланатын өнімді алып тастайды.

2. Егер 1-әдіс көмектеспесе, 2-ші әдіске көшеді. Тағамнан 1-2-топтағы нақты аллергендер 5 күнге шығарылады. Содан кейін күнделікке жазып, күніне бір аллергенді диетаға қосып отырады.

3. Үшінші әдіс - тағам аллергозының ауыр түрінде бастапқы екеуі көмектеспесе өткізіледі. Балаға екі күн қант қоспай 600 мл-ден көп емес кефир беріледі. Екі күннен кейін біртіндеп тағамды (1-2 түрден) қосады. Күнделікке жазып отырады, қосатын тағамдар: сиыр еті, қырыққабат, кәді, арпа наны, өсімдік майы, сары май. Бұл өнімдерді базисты рацион дейді.

Егер бала кефирді көтере алмаса, базисты рационға көшеді де, оған витамині көп итмұрын, шие тұнбаларын, анар және қарақат шырынын қосады. Қанттың орнына сорбит немесе ксилит береді. Қара құмықты арпа жармасымен ауыстырады. Мал майын өсімдік майымен ауыстырады. Алма, сәбіз, картоптар пісіргенде аллергендік қасиетін жояды. Егерде тағам аллергиясы емшектегі балада болса, анасы да аллергиясыз рационға көшеді. Егер қантқа аллергия болса, қант қосылатын тағамдарды ішпеу керек. Рационда барлық витаминдер (А, С, В, В2, Е) дәрі ретінде немесе тағамдармен берілуі керек.

Егерде бала сүт ішпесе, оған кальций дәрілерін, жеміс жемесе-калий береді.

Рационда дәмдеуіш (специи) және ащы, тұзды тағамдар да болмауы керек.

Екінші кезең 3 айға созылады, баланың салмағын бақылайды.

Үшінші этап бір жылға созылады, үш ай ішінде біртіндеп жаңа тағамдар қосып, күнделікке жазып отырады. Тағамдарды әуелі жартылай қосады. Асқазан-ішек ауруларын емдеп, ферменттер тағайындайды, балалар 6 айда аллергендерден тазарады.

 

34 МИКОЗДЫҚ АЛЛЕРГИЯ

ДДҰ-ның мәліметі бойынша соңғы 15 жылда АҚШ-та саңырауқұлақтық аурулардан кісі өлімі 10 есе көбейген.

Саңырауқұлақтық аурулардың дамуына антибактериялық дәрілерді, ең алдымен антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдануы ықпал тигізеді. Олар патогенді және сапрофитті флораны басып тастайды, дисбактериозға әкеліп саңырауқұлақтық флораны дамытады. Сонымен қатар, кортикостероидтерді, цитостатиктерді тағайындау, сәулелі емдеу организмнің табиғи қорғанысын тежеп, патогенді саңырауқұлақтардың тіндерге енуі мен көбеюін жеңілдетеді.

Саңырауқұлақты жұқтыруы және суперинфекциялануы жіті ауруды созылмалы түрге ауысуын, көптеген аурулардың рецидивін және ауыр ағымда дамуына ықпал жасайды.

Саңырауқұлақтар - хлорофилдері жоқ, төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қазір 10 мыңнан артық түрлері бар. Көптеген саңырауқұлақтар сапрофиттер, біразы өсімдіктер мен жануарларда паразиттік өмір сүреді. Кісіге патогендігі бар саңырауқұлақтар саны 500-дей. Олар бір- және көп клеткалы организмдер. Саңырауқұлақтар – микроскопиялық организмдер, ұзын жіп тәрізді, сыртқы ортада және біздің организмімізде өмір сүреді. Саңырауқұлақьың тұқымдары – аспергиллюс, пенициллиум, фузариум, альтернария, эпикокум, кладоспориум, гельментоспориум, кандида, мукор, ризопус және басқалар болып бөлінеді. Саңырауқұлақтар спора және мицелий түрінде ауада кездеседі. Саңырауқұлақтар спораларының аллергендік қасиеті жоғары. Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі. Әсіресе патогендігі және токсигендігі альтернарияда жоғары. Олар өсімдіктерде қоректенеді, токсин шығарады, бронх демікпесінің дамуына себепті (АҚШ). Аспергиллюстің аллергендігі өте күшті, +120С-ден - +560С-та көбейеді, бірнеше токсиндер түзеді. Бронх демікпесі бар 186 науқасты тексергенде 21%-інде кандидоз, 15% - кандидоз тасымалдаушылық, 10%- зең саңырауқұлақтары табылған (Мошкевич В.С.). Саңырауқұлақтық споралар жиі ауру шақырады. Споралар өте жеңіл, желмен тыныс алу жолына түседі.

Бұрынғы Кеңестер Одағы жерінде жиі кездесетін саңырауқұлақтардың тұқымдары - кладоспориум, альтернария, аспиргиллюс, мукор, пеницллиум. Температура +250С-де ауада саңырауқұлақтар көбейеді, саңырауқұлақтардың көбеюі шаң, дымқыл, тар үйде байқалады. Саңырауқұлақтар кілемде және жануарлардың жүнінде көп жиналады. Саңырауқұлақтар кісілердің айналасында өсіп өнеді. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтың кандида тұқымдары және пенициллиум тұқымдарынан зең саңырауқұлақтары адам патологиясын жиі шақырады.

Саңырауқұлақтар тұрғын үйдің және қала ауасында көп тараған. Олар күзде және жазғы тұрым дымқыл күндері көбейеді. Саңырауқұлақ споралары жаңбырлы мезгілдерде көп. Алматыда саңырауқұлақтардың 18 тұқымдастарын (52 түрін) тапқан, олардың жартысының аллергиялық қасиетке ие екені анықталған (В.С.Мошкевич). Қала ауасының 1 см2 4000-нан көп спора табылған, ал қыста олардың саны 10-нан аспайды. Көктемде аспергиллюс тұқымдары, күзде – кладоспориум және альтернария споралары тарайды. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақтары көбінесе желтоқсан айында жиі кездеседі.

Саңырауқұлақтардың ұзақ уақыт теріде және шырышты қабықта сақталуы, кейбір адамдарды сенсибилизацияға және ауруға шалдықтырады. Сыртқы ортаның жайсыз жағдайында және иммунитет төмендегенде саңырауқұлақтар тыныс алу жолдарының және ішектің шырышты қабығы арқылы организмге кіреді. Тері мен шырышты қабықтың қабынуында (басқа микробтармен болса да) саңырауқұлақтарға сенсибилизация дамиды. Саңырауқұлақтың сенсибилизациясы қабынусыз да жиі кездеседі. Кейбір саңырауқұлақтар (кандида) нәресте туғанда организмге түсіп, сапрофиттік өмір сүреді. Антибиотикпен емдеуде, кортикостероидтерді қолдануда иммунитет басылып, саңырауқұлақтар патогенді жағдайға көшеді.

Сенсибилизация көбінесе саңырауқұлақтар дем алу жолына түскенде дамиды. Ел ішінде саңырауқұлақтық сенсибилизация 7-22% арасында тіркеледі (В.С.Мошкевич).

Саңырауқұлақтар спораларының сенсибилизация шақыру қасиеті жоғары болмаса, аллергиялық реакциялары жедел және баяу түрлерімен жүреді. Саңырауқұлақтардың антигендеріне қан айналымынан антиденелер және клеткалық реакциялар анықталады. Клеткалық реакциялар баяу жүретін аллергияны көрсетеді. Көбінесе жедел және баяу аллергиялық реакциялары бірге жүреді.

Саңырауқұлақтық аллергиялық аурулардың диагностикасы грибтерге қарсы сенсибилизацияны анықтайды. Ол үшін анамнез жинап, клиникалық зертханалық, тері, өршіту сынамасы және иммунологиялық тестер зертеулері жүргізіледі. Диагностикаға және емдеу үшін дайындалған 100 түрлі грибтік аллергендер бар (Л.В.Лусс, 1996)

Микоздық аллергиялық ринит – тыныс алу жолының ауыр ауруы. Созылмалы риниттердің 12%-ын саңырауқұлақтар дамытады. Саңырауқұлақтық аллергоздар күзгі күні және жазғы тұрым қозуымен, басқа (тағам) аллергоздардың (тұрғын үйлерінде дымқыл және зең (плесень)) қосылуымен сипатталады. Аурулар басқа тітіркенулерге (суық, түтін, бояуларға) өте сезімтал. Саңырауқұлақтық аллергиялық ринитте тері және өршіту сынамаларымен зерттегенде баяу жүретін аллергиялық реакция басым. Сенсибилизация зең саңырауқұлақтарына (альтернария, пенициллиум, аспиргиллюс) жиі анықталады. Науқастар ремиссия кезінде де шағымданып жүреді. Негізгі шағымдары – мұрны қышып, қуысы бітіп қалуын, шырышты сұйықтың көп ағуын айтады. Науқастардың 50%-ында гайморит қосылады. Ринит көбінесе вазодилятаторлық сатысында катаральды түрінде жүреді. Шырышты қабық қызарып, ісінеді, мұрын ішінде серозды-шырышты сұйықтық жиналады. Науқастардың 80%-ның мұрнынан әртүрлі саңырауқұлақтар табылады. Мұрынның шығару, секреторлық, тыныс алу функциялары бұзылады және мұрын секретінде рН алкалозға қарай өзгереді.

Саңырауқұлақтар бронх демікпесін де шақырады. Этиологиясы – зең саңырауқұлақтары (аспергиллюс, альтернария, кладоспориум, пенициллиум). Бронх демікпесі дамығанда саңырауқұлақтық ауыру ұзақтығы 5 жылдан кем болмауы керек. Теріге қойылған сынама саңырауқұлақ аллергендеріне жедел және баяу реакциялары болатынын анықтайды. Бронх демікпесімен ауыратын балаларда ризопус және альтернария тектес саңырауқұлақтарға сенсибилизация жиі тіркеледі. Өршіту сынамасы 60% ауруларда оң, ал, тері сынамасы - 70%. Иммунологиялық тесттер (базофилдердің дегрануляциясы) жақсы мәлімет береді. Саңырауқұлақтық және бактериалық сенсибилизациялары көбінесе бірге жүреді.

Саңырауқұлақтық бронх демікпесінің қозуы науқастың дымқыл бөлмеде немесе жауынды күндері далада болуына немесе кейбір тағам азықтарын (ірімшік, айран, сыра, саңырауқұлақтар, шарап) пайдаланғаннан кейін, жедел басталады. Улану және дене ыстығының көтерілуі болмайды. Қызу 5-7 күнге созылады, элиминация беретін және антигистаминдік дәрілер көмектеседі. Шеткі қанда тек қана эозинофилия анықталады.

Зең бронх демікпесі екі түрлі патогенезбен дамиды:

1. Өкпеде микогенді ошақ жоқ, патогенезі гиперсезімталдықтың жедел түрімен жүреді. Қанда лейкопения, эозинофилия, Т-лимфоциттердің саны азаяды, табиғи және аллергенарнайылық – киллерлер көбейген, пассивті гемагглютинация және базофильдердің дегрануляциясы реакцияларының антиденелері көбейеді. Бронх демікпесінің ұстамаларының сенсибилизациясы аспергиллюс саңырауқұлақтарына жазғытұрым болса, альтернарияға жазда, кладоспориумға күзде пайда болады.

2. Өкпеде саңырауқұлақтық инфекция ошағы бар. Мұндай ауруларда инфекциялы-аллергиялық процесс білінеді. Асептикалық қабыну аутоиммунды реакциямен жүреді. Қабыну кезінде саңырауқұлақтар антигендері өкпеге көптеп жабысады. Ауруларда иммунологиялық процесс саңырауқұлақтар антигендеріне және өкпе тіндеріне қарсы дамиды. Терінің баяу аллергиялық реакциялары басым жүреді, В-лимфоциттер көбейеді, саңырауқұлақтарға қарсы антиденелердің титрі жоғары. Лейкоциттер миграциясын бөгейтін реакция анық оң. Қанда лимфоцитоз, ЭШЖ (СОЭ) жоғары. Саңырауқұлақтық аллергиясына байланысты патологияны емдеу екі топқа бөлінеді: бейспецификалық және иммунотерапия.

Бейспецификалық емдеу қысқа уақыт қана көмектеседі. Кортикостероидтерді қысқа уақытқа, әсіресе жергілікті (тамшы, май, ингаляция, ұнтақтар) тағайындайды. Кейінгі кезде жергілікті қолданылатын иммунитет жөндеушілер пайдалануда. Науқастар антигистаминдік дәрілерді қабылдайды. Саңырауқұлақтарға қарсы препараттар ауру қозған кезде жақсы көмектеседі.

Тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын емдеуге қолданатын дәрілер: иод дәрілері, күлгін генциан ерітіндісі, сульфаниламидтер, кастеллани сұйығы, нистатин, леворин, микосептин, амфотерицин-В, декамин, хинозол, флавофунгин, гриземин, анкотил, низорал, клотримазол, миконазол, микозолон және басқалар.

Тыныс алу жолдарының антимикотиктермен емдеуі жақсы нәтиже береді. Бірақ гипосенсибилизация дамымайды, сондықтан саңырауқұлақтар қайта түскенде, рецидив пайда болады.

Спецификалық антигенмен жүргізілетін иммунотераия ғана гипосенсибилизация беретін нәтижелі ем болып саналады. Аллергендерді тері астына немесе тері ішіне кіргізеді. Иммунотерапия алғандардың 20%-ында ауру қозып, асқыну болады. Сондықтан сенсибилизацияның деңгейімен кімді емдеу, кімді емдемеуді жақсы айыра білу керек. Иммундық емнің жаңа бағыты – саңырауқұлақтық аллергендерді жергілікті бір жерге қолдану. Аллергендерді тіке тыныс алу жолдарының шырышты қабығының үстіне беру жақсы гипосенсибилизация береді (Мошкевич В.С.). Ремиссия кезінде саңырауқұлақты аэрозольды “шок” мүшелеріне беру (мұрын, өкпе) жақсы көмектеседі. Әсіресе ринитте жақсы. Емдеу гиперсезімталдықты төмендетіп, секреторлық иммуноглобулин А-ны көбейтеді.

 

35. ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ

 

Әртүрлі авторлардың мәліметі бойынша 10-20% ауруларда дәрілік асқынулар болады. АҚШ-та ауруханада емделгендердің 30%-ы бір асқыну береді. Дәрілік аллергия Мәскеу тұрғындарының 20%-ында, Алматыда -16%, Уфа-да - 25% болғаны анықталған.

Дәрі көтере алмаушылықтың 50%-ы дәрілік аллергия. Терапия бөлімінде емделгендердің 15%-ында әртүрлі дәрі аллергиялық реакциясы анықталған. Сарысу ауруы еккендердің 13%-ында байқалған. Медицина қызметкерлерінде дәрі аллергиясы 59%, медициналық колледж студенттерінде 9,7%. Дәріні көптеп тағайындау, полипрагмазия, дәрілердің бауыр және бүйрек функцияларының өзгерісін елемеуі, дәрілік сынамаларды дұрыс жүргізбеу, аллергиялық анамнезға жеткілікті баға бермеу дәрі аллергияларын көбейтеді.

Швед комитетінің зерттеуінде дәрі асқынулары өте жиі - терінің (25%), бауырдың (13%), тромбоэмболия (10%) және гематологиялық өгерістері пайда болады.

Дәрі асқынуларын жиі тудыратындар ішетін контрацептивтер, (25%), аналгетиктер (14%), психотропты дәрілер (12%), жүрек ауруын емдейтін дәрілер (9%). Дәрілік асқынулардың 3,2%-і кісі өліміне әкеледі, олардың 48%-ында гематологиялық асқынулар, 13%-тромбоэмболия, 9-% анафилакциялық шок, бауыр асқынулары (7%). Асқынулардың 30%-ы антибиотиктерге байланысты, олардың ішінде жиі кездесетіні кандидамикоз және дисбактериоз.

Дәрілік аллергияның диагностикасы анамнезбен, клиникаға байланысты. Тері және өршіту тесттердің реакциясы арнайы емес, сондықтан дәрі аллергиясының спецификалық диагностикасы жоқ, өйткені дәрілер жартылай аллерген болып саналады.

Дәрілік аллергияның диагностикасы бірнеше кезеңнен тұрады. Аллергиялық анамнез. Бұрын дәріге аллергиялық реакция болған ба, осы дәрімен емделді ме, аллергиялық ауруы бар ма?-деген сұрақтарға жауап алады. Емдеуге қолданатын дәрімен тері сынамасын қояды. Аллергоз болмаған, қазір аллергиялық реакциясы жоқ немесе ауыр созылмалы бауыр, бүйрек, жүрек ауруы бар науқастарға тері сынамасын қоймайды. Егерде аурудың қозған кезі болса немесе анамнезінде дәріге ауыр реакциялар болса, оларға диагностика үшін иммунологиялық тесттер жүргізіледі.

Тері аллергиялық сынамаларының түрлері: тамшылы, скарификациялы, апиликациялы, тері ішіне, прик-тест. Егер тері сынамасы оң болса, немесе бұрын оң болған болса, науқасты емдемеуге болмайтын жағдайда ғана емдеуді антигистаминдік препараттармен бірге жүргізеді.

Таблетка түріндегі дәрілерге тіл асты сынамасын жүргізеді. Таблетканы тіл астында 15 мин. ұстап, реакцияны шырышты қабықтың ісінуімен бағалайды.

Тері сынамасының псевдотеріс болуы:

- сол кезде кортикостероидтер, симпатомиметиктерді, антигистаминдік дәрілерді алып жүрсе. Бұл дәрілерді беруді тері сынамасы қоярдан 2-3 күн бұрын тоқтатады.

Тері сынамасының псевдооң, болу жағдайлары:

- дәрінің дозасы жоғары болса;

- Тері тітіркенуіне вегатативтік нерв жүйесінің дистониясы бар науқастарда сезімталдығы жоғары.

Дәрілерге қарсы жедел В-тәуелді және айналымдағы антиденелерге қарсы жедел аллергиялық реакцияларды анықтау үшін мыналарды қолданады:

- базофилдердің дегрануляция реакциясы (Шелли);

- мес клеткаларының дегрануляциясы;

- уанъе микропреципитациясы;

- спецификалық гемолиз;

- лейкоциттердің аггломерациясы;

- лейкоциттердің альтерациясы;

- РАСТ және ПРИСТ реакциялары;

- иммуноферментті анализ.

Бұлардың аллергиялық анамнезбен корреляциясы 70%. Т-клеткалық баяу жүретін реакцияларды анықтау үшін лейкоциттердің миграциясын бөгеу, лимфоциттердің бласттрансформация, розеткоқұрылу реакциялары қолданылады. Дәрі аллергиясын анықтауда лейкоцит клеткалары мембранасының аллергенмен қарым-қатынасына арналған әдісін қолданып эритроциттермен дәрінің кездесуінен пайда болған диен конъюгаттарының динамикалық өзгерісін анықтау жақсы ақпарат (70%) береді.

Дәрі аллергиясының шұғыл диагноздық әдісі-аллерген қосқанда қан ұюы. Оны аллергенсіз ұюымен салыстырады. Қан ұюының 2-3 есе баяу жүруі сенсибилизацияны көрсетеді. Сенсибилизациясы бар қан лимфоциттердің Fc-фрагментін белсендіріп гепариннің шығуын шақырады, қан ұю жылдамдығы баяулайды. Ақпараттылығы -50%.

Дәрілерге сенсибилизациясы бар Т-лимфоциттер – өте сезімтал. Дәрі аллергиясын анықтауда «ин витро» бақылау жүргізеді. Дәрімен инкубациялау өткізгенде Т-лимфоциттердің азаюы дәрі қолдануға болмайтынын көрсетеді.

Анамнезді сенсибилизациямен салыстырғанда 80%дәл келеді. Аурулардың 45%-ында жалпы, 35%-арнайы IgE-көбейеді. Аурулардың 60%-ында бұрын бір дәріге реакция болғанын көрсеткен. Дәріге аллергия бар деп тексерілгендердің тек 60 пайызында ғана дәрі аллергиясы анықталған. Басқаларында тұрмыстық, бактериальдық, грибтік аллергия болған. (МошкевичВ.С.)

Дәрілер аллергия шақыратын қасиетімен әртүрлі топқа бөлінеді.

Бірінші топ дәрілері-шын аллергендер, иммуноглобулин Е синтезделіп аллергиялық реакция жүреді. Бұларға жататындар - сарысу, эндокриндік препараттар, ферменттер және басқадай белокты заттар. Бұларға жақындығы бар гаптендер, белокпен байланысқаннан кейін ғана аллерген болатындар (пенициллин, цефалоспориндер, сульфамидтер). Нағыз (шын) аллергендер жедел аллергиялық реакция шақырады. Нитрофуран топтары баяу жүретін аллергия береді. Көптеген дәрілер псевдоаллергиялық реакция шақырады (рентгенконтрасты препараттар, анальгетиктер, жергілікті анестезияға қолданатын дәрілер).

Дәрілердің белокпен байланысқаны қанда жүреді. Дәрі зауыттан жақсы тазаланып шықса, аллергиялық реакция аз болады. Сенсибилизация дәріні көк тамырға, бұлшық етке бергенде жиі. Дәріні ішкенде, аэрозольды жолмен бергенде аллергия көп болмайды. Дәріні қайталап бергенде, ұзақ емдегенде сенсибилизация дамиды. Кейде дәріні тағаммен алу сенсибилизацияға әкеледі. Тамақ өндірісінде дәріні жиі қолданады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.