Иммуноглобулиндер кластары A. IgА, IgG IgM IgT IgD B. IgY, IgА, IgF, IgE, IgC C. IgА, IgB, IgC, IgD, IgE D. IgА, IgU, IgG. IgАD. IgM E. IgM, IgF. IgG. IgP. IgE 19. Гуморалды иммунитеттің шешуші элементтері: А. В-лимфоциттер B. Интерферон түзу C. Комплемент түзу D. Антидене түзу E. Фагоцитоз 20. Эпителиальды клеткалар рөлі А. Әртүрлі ядролы лейкоциттерді түзу B. Белсенді заттарды экстрацеллюлярлы ортада бөлу C. IgЕ түзілуі D. IgА синтездейді E. Комплемент белсендіреді 21. В-лимфоциттердің маркері A. СД 18 B. СД 19 C. СД 20 D. СД 21 E. СД 14 22. Т-лимфоциттердің маркері А. СД 4 B. СД 8 C. СД 3 D. СД 9 E. СД 10 23. Біріншілік иммундық жауапта әуелі қай иммуноглобулин класы түзіледі А. IgG B. IgM C. IgA D. IgD E. IgE 24. Антиденелерді қайсы шығарады? А. Комплементтер B. В–лимфоциттері C. Т–лимфоциттері D. Макрофагтар E. Нейтрофильдер 25. Комплементтің альтернативті белсендірілу жолы мына компонент белсенуінен басталады? А. С1 B. С4 C. С2 D. С3 E. С5 26. Ұлпаларда моноциттерден түзіледі: А. Купфер клеткалары B. Комплемент C. С–реактивті белок D. Лизоцим E. Цитокиндер 27. Фагоцитоздың неше фазасын білесіз: А. 3 B. 5 C. 7 D. 6 E. 4 28. Фагоцитозға қатысты клеткалар А. В–лимфоциттер B. Нейтрофильдер C. Табиғи киллерлер D. Макрофагтар E. Тромбоциттер 29. Антигенге қарай жылу дегенді қалай түсінесіз? А. Опсонизация B. Адгезия C. Хемотаксис D. Фагоцитоз E. Киллинг С1–4–2–3–5–6–7–8–9 не? А. Пропердин жүйесі B. Комплемент белсенуінің классикалық жолы C. Комплемент белсенуінің альтернативтік жолы D. Аллергиялық реакция E. Фагоцитоздың фазалары Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | E | D | C | А | А | B | C | А | B | C | B | B | C | А | B | № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | C | D | А | А | D | B | А | B | B | D | А | D | B | C | B | Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары 1. Аллергия – бұл: А. Арнайы антиденелердің өндірілуі мен жиналуы B. Тұқымқуалаушылық C. Өзінің ұлпаларының зақымдануымен жүретін, бірақ бұл зақымдану қорғаныштық сипатқа ие, негізінде иммундық жауапқа жататын, бөгде заттарға ағзаның сезімталдығының жоғарылануы D. Көптеген мүшелерде әртүрлі тамырлар қабырғасы зақымдалатын иммундық комплексті аурулар тобы E. Комплементтің С3 компонентінің белсенуі 2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді? А. Аллергозбен ауратын науқастарды арнайы тексеру және арнайы емдеу B. Аллергиялық сырқаттары бар науқастарға шұғыл көмек көрсету C. Аллергозбен ауратын науқастарға емдік–профилактикалық көмек көрсету D. Аллерголог дәрігері жоқ емдік мекемелерге емдік– әдістемелік көмек көрсету E. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. 3. Атопия-бұл: А. Бөгде заттарға, негізінде иммундық жауап жататын, сезімталдықтың жоғарлауы B. Ағзада арнайы антиденелердің жиналуы C. Т-супрессордың белсенділігінің темендеуіне және онымен бipre IgE көп кұралуына байланысты негізделген аллергиялық ауруларға тұкымқуалау шылық бейімділігі D. Кез келген антигендік субстанцияға иммундық жүйенің жауап қайтара алатын қасиеті E. Гиперсезімталдықтың баяу типі. 4.Гаптен - бұл: А.Антигендік кұрылымы бар зат B. Аллергиялық реакцияның дамуына әкелетін зат C. Антигендік құрылымға ие емес, 6ipaқ біздің қанымызда белокпен қосылып, бұл қасиетке ие болатын зат D. Белокты зат E. Иммуноглобулин 5. Сенсибилизация- бұл: А.Аллергиялық реакция B. Арнайы антиденелердің өндірілуі мен жиналуы C. Бөгде заттарға жоғары сезімталдылық D. Тұқымқуалаушылық E. Қабыну пpoцecci 6. Аллергиялық реакция патогенезінің 3 кезеңі: А.Иммунологиялық, патофизиологиялық, патохимиялық B. Иммунологиялық, иммунокомплекстік, цитотоксикалық C. Иммунологиялық, иммунокомплекстік, патохимиялық D. Иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық E. Атопиялық, патофизиологиялық, патохимиялық 7. Аллергиялық реакцияның қай кезеңінде мес клеткалары мен базофилдердің дегрануляциясы өтеді: А. Иммунологиялық B. Патофизиологиялық C. Сенсибилизация кезеңінде D. Патохимиялық E. Цитотоксикалық 8. Аллергиялық реакцияның медиаторлары қандай қасиетке ие: А. Тамыр қабырғасының өткізгіштігін күшейтеді B. Жүйке аяқтамаларына тітіркендіргіштік әсер керсетеді C. Teгic салалы бұлшықеттерінің түйілуін тудырады D. Секреті көбеіп, қоюланады E. Кортикостероидтердің өнімін көбейтеді. 9. Аллергиялық реакцияның цитотоксикалық типі мен келесі аурулар дамиды: А.Геморрагиялық васкулиттер B. Аллергиялық жанасулы дерматит C. Гемолиздік анемия D. Артюс феномені E. Аллергиялық экзогенді альвеолит 10. Эпидермальды аллергенге жатады: А. Үй шаңы B. Жастықтың мамығы C. Жылқы шайыры D. Өсімдік тозаңдары E. Эпидермальдық кене 11. Қайсысы гистамин босатқыш емес: А. Суық B. Хлорлы кальций C. Глюкоза D. Рентген контрасты зат E. Витаминдер 12. Аутоиммунды ауру дамиды: А. Аллергиялык реакцияның бірінші типі бойынша B. Аллергиялық реакцияның үшінші типі бойынша C.Баяу типтің гиперсезімталдығы бойынша D. Аллергиялық реакцияның екінші типі бойынша E. Гистамин босатқыш реакциясымен 13. Патогенезінде иммунологиялық фазасы жоқ реакция аталады: А. Химергиялық B. Атопиялық C. Жалған аллергиялық D. Цитотоксикалық E. Реагинді 14. Аллергиялық реакцияның жедел типінің көрінісі болып табылады: А. Бруцеллез B. Аллергиялық жанасулы дерматит C. Атопиялық ринит D. Туберкелез E. Бронх демікпесінің жүйке-психиялық түрі 15. Гиперсезімталдылықтың баяу типі бойынша көрінісі: А. Сарысулық ауру B. Лейкоцитопения C. Аллергиялық жанасулы дерматит D. Бронх демікпесінің атопиялық түрі E. Поллиноз 16. Еритін иммунды комплекстер құрамы: А. Т-хелпер және комплементің С9 компоненті B. IgE, антиген және комплементің С3 компоненті C. IgA, антиген және комплементің C1компоненті D. IgG, антиген және комплементің С3 компоненті E. Т-супрессор және комплементің C5 компоненті 17. Сенсибилизация кезінде атопиялық процесс дамиды: А. Қарапайымдыларға B. Микогенді аллергендерге C. Жылкы шайырына D. Гельминттерге E. Эпидермальды кенелерге 18. Эндогенді аллергендер тобына жатады: А. Адам шашы B. Көз хрусталигі C. Жылқы шайыры D. Гельминттер E. Эпидермальды кене 19. Реакцияның жедел типінің көрінісі: А. Агранулоцитоз B. Аспиринді демікпе C. Мұрын полипозы D. Аллергиялық жанасулы дерматит E. Бронх демікпенің инфекциялық –тәуелді түpi 20 .Т-супрессорлардың белсенділігінің темендеуі неге алып келеді: А. IgE жоғарылауы B. IgE төмендеуі C. IgM жоғарылауы D. Атопиялық реакциялардың дамуы E. Фагоцитоздың белсенуі 21. Гистамин басты медиатор ретінде қандай реакция дамуына ықпал тигізеді: А. Вирусты гепатит B. Жанасулы аллергиялық дерматит C. Анафилаксия D. Мұрын куысының полипозы E. Вирусты ринит 22. Аллергиялық аурулардың диагностикасында бірінші этап болып табылады: А. Наукасты клиникалық қарау B. Аллергологиялық шағым жинау C. Зертханалық зерттеулер D. Терілік сынамалар E. Иммунологиялық тест 23. Аллергиялық реакцияның бірінші типіне сай ауру көріністері: А. Склеродермия B. Васкулит C. Жанасулы аллергиялық дерматит D. Бронх демікпесінің атопиялық варианты E. Бруцеллез 24. Аллергиялық процессті дәлелдеу үшін келесі өршіту сынамалары қолданылады: А. Назальді, коньюнктивалык, ингаляциялық B. Лейкоцитердің табиғи эмиграциясының тежелу тесті C. РБТЛ D. Лейколизис реакциясы E. Нейтрофильдердің зақымдану тесті 25. Өршіту сынамасы жүргізіледі А. Аллергиялық процестің өршуі кезінде B. Аллергиялық анамнез және терілік сынаманың сәйкессіздігі C. Дәрілік аллергияда D. Жедел вирусты ауру кезінде E. Анафилакциада 26. Аллергияльық реакциялардың жедел типінің диагностикасы: А. Розетка түзу тесті B. Лейколизис реакциясы C. Лейкопениялық және тромбоцитопениялық тесті D. РБТЛ E. РТМЛ 27. Аллергиялық реакциялардың баяу типін бағалау әдісі: А. Лейкопениялық тест B. Тромбоцитопениялық тест C. Нейтрофилдердің зақымдалу реакциясы D. Лейколизис реакциясы E. Лейкоциттердің реакциясы 28. Праустниц-Кюстнер реакциясы - бұл: А. Өршіту сынамасы B. Зертханалық тестілеу әдісі C. Тура емес тepi сынамасы D. Аллерген енген жердегі инфильтрат E. Лейколизис реакциясы 29. Жалған аллергиялық реакцияның негізіне жататын процесс: А. Сүт қышқылының ацетилденуінің бұзылысы B. Табиғаты ақуызды заттарға сезімталдылықтың жоғарылауы C. Табиғаты ақуызды емес заттарға сезімталдылқтың жоғарылауы D. Әртүрлі заттар мен факторлардың гистамин босатқыштығы E. Қан тамыр қабырғасының бұзылыстары 30. Аллергиялық реакцияның үшінші типіне қатысады: А. IgE класы B. IgД класы C. Цитокиндер D. IgA класы E. Комплементтің С3 компоненті 31. Антиген IgE класымен байланысып, мес клеткасы немесе базофилдерге жабысып, мынаған алып келеді: А. Мес клеткалары мен базофилдер дегрануляциясы B. Клеткалық мембрананың тұрақтауы C. АГ+АТ комплексінің түзілуі D. Комплимент белсенуі E. Гиперсизімталдық дамуы 32. Науқаста аспирин қабылдағаннан кейін жайылмалы есекжем (крапивница) байқалды. Бұл жағдайды бағалаңыз: А. Жалған аллергиялық реакция B.Нағыз аллергиялық реакция C. Токсико-аллергиялық реакция D. Гиперсизімталдықтың жедел түрі E. Гиперсизімталдықтың баяу түрі 33. Жүре пайда болған эндоаллергендер мыналар әсер еткенде туындайды: А. Жоғары жүйке қозуы B. Барьерлік ұлпалардың зақымдалуы C. Өсімдік тозаңдарының ішке түсуі D. Сәулелік терапия E. Үй шаңы 34. Үшінші типті аллергиялық реакциялар мыналардың көмегімен дәлелденеді: А. Функционалды зерттеу әдістері B. Тepiлiк сынама C. Қанның биохимиялык анализі D. Иммоноглобулиндерді анықтау E. Иммунологиялық зерттеу 35. Тұрмыстық және эпидермальді аллергендерге сенсибилизациясын анықтайды: А. Розетка түзу тесті B. Пневмотахометрия C. Электрофизиологиялық зерттеу көрсеткіштері D. Скарификациялық сынама E. Төлимфоциттердің санын және функцияларын зерттеу 36. Аллергиялық аурулардың негізгі емдеу қағидасы: А. Антибактериалдық терапия тағайындау B. Аллергенмен жанасуын тоқтату C. Дезинтоксикациялық терапия жүргізу D. Антигистаминді препараттарын тағайындау E. Иммуномодуляторлар тағайындау 37. Аллергиялық аурулардың арнайы емдеу мақсаты: А. Жедел аллергиялық процессті тежеу B. Түсетін аллергеннің дозасын төмендету C. Ағза реактивтілігін күшейту D. Тежейтін антиденелерді өндіру E. Ағзадан арнайы антиденелерді шығару 38. Гипосенсибилизация - бұл: А. Аллергиялық реакциялардың қозуында глюкокортикоидтар енгізу B. Ағзаға цитостатикалық препараттармен әсер ету C. Ағзаның аллергенге сезімталдылығын төмендететін иммунотерапия әдісі D. Клеткалық иммунтетті ширату E. Гистаминнің деңгейін азайту. 39. Арнайы гипосенсибилизация неше жыл жүргізіледі? А. 8 жыл B. 2 жыл C. 7 жыл D. 3 жыл E. 1 жыл 40. Аллергиялық процестің дамуыныц алдын алу әрекетіне не жатпайды? А. Мүмкіндігінші баланы омыраумен тамактандыру B. Бала 6ip жаска келгенге дейін сиыр сүтінің және оның өнімдерін шектеу C. Бес айлық жасқа жеткенге дейін баланың тағамында жануарлар белоктарын шектеу D. Бала отырған жерде темекі шекпеу E. Иммуноглобулин Е-нің деңгейін анықтау. Интал кедергі жасайды А. Антиген – антидене комплексінің түзілуіне B. Антиген – антидене комплексіндегі нысана клеткасының байланысуына C. Нысана клеткаларында Са өзегінің кеңеюіне D. Фагоцитоз бөгет E. IgG-ні азайтады 42. Мембрананы тұрақтамайтыны қайсы: А. Вилозен B. Стугерон C. Цитрин D. Кетотифен E. Коринфар 43. Жергілікті антигистаминді әсер етпейтін препарат: А. Вилозен B. Димедрол C. Задитен D. Аллергодил E. Т-активин 44. Арнайы емдеуді өткізуге көрсеткіштер: А. Оң аллергологиялық анамнез B. Оң терілік сынама, көпіршік диаметрі 15 мм-ден артық емес C. Терілік сынама жүргізген жерде гиперемияның пайда болуы D. Оң терілік сынама, көпіршік диаметрі 20 мм-ден артық емес E. Оң терілік сынама, көпіршік диаметрі 20 мм-ден артық 45. Аллергологиялық титрлеуі нені анықтайды: А. Арнайы емдеуді өткізу уақыты B. Арнайы емдеуді аяқтау уақыты C. Арнайы емдеудің бастапқы дозасы D. Арнайы емдеуді жүргізуге ешқандай маңызы жоқ E. Арнайы емдеудің ақырғы дозасы 46. Табалдырықты сезімталдылық - бұл: А. Реакция шақыратын аллергеннің аз мөлшері B. Емдеуде қолданылатын аллергеннің көп мөлшері C. Сынамасын өткізгенде болатын нәтиже D. Антигенмен емдеуде дамитын реакция E. Емнің керу әсерлерін көрсетеді 47. Антигистаминдік әсері бар препараттар А. Пирантел B. Трипсин C. Супрастин, тавегил D. Бронхолитин E. Аспирин 48. Антисеротониндік әсері бар препараттар тобы: А. Декарис B. Дипроспан C. Перитол, димебон D. Диклофенак E. Метилурацил 49. Кинин жүйесінің тежегіштері А. Димебон B.Дексазон C. Контрикал D. Сирепар E. Коринфар 50. Антимедиаторлық препараттар ішінде ұзақ әcepi бар: А. Дипроспан B. Тардиферон C.Пипольфен D. Кларотадин E. Супрастин 51. Аллергиялық аурулардың ремиссиясы кезінде қандай емді жүргізуге болады: А. Спецификалық гипосенсибилизация B. Иммуносупрессорлармен емдеу C. Лазеротерапия D. Антимедиаторлы препараттармен емдеу E. Антибиотикпен емдеу Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | С | Е | C | С | В | D | D | Е | С | C | Е | B | C | С | С | № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | D | С | D | А | А | С | В | D | А | В | В | Е | С | D | Е | № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | А | А | D | В | D | В | D | С | D | Е | С | D | D | D | С | № | | | | | | | | | | | | | | | | жауабы | А | С | С | С | D | А | | | | | | | | | | 43 ТҰЖЫРЫМ Иммунология –организмді патогендерден қорғайтын иммунитетті тексеретін ілім. Патогендерге бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, грибтер, атипті жасушалар және организмге генетикалық жат басқа заттар жатады. Иммунитет жүйесінің орталық (сүйек миы, айырша без) және шеткі (көк бауыр, лимфа түйіндері, бадамша безі, пейер табақшалары) органдарында лимфоциттер жетіліп және иммундық жауапқа қатысады. Иммунитет екі түрге бөлінеді: туа (табиғи) және жүре (адаптивті) пайда болған. Туа пайда болған иммунитет бейспецификалық қорғаныс, жүре пайда болған – спецификалық қорғаныс жүргізеді. Туа пайда болған иммунитетке – макрофагтар және табиғи киллерлер, адаптивтіге-Т – және В–лимфоциттері қатысады. 21 – кесте. Туа және жүре пайда болған иммуниттердің айырмашылығы | Туа болған иммунитет | Жүре пайда болатын иммунитет | Физикалық кедергілері | Тері, шырышты қабықтар | Жоқ | Ертінді факторлары | Фермент лизоцим | | Арнайы | Комплемент | | Иммуноглобулиндер | Жедел кезең белоктары, a-b – интерферондары | | Жасушалар | Макрофагтар, табиғи киллерлер | Т- және В- лимфоциттері | Арнайылық | Жоқ | Бар | Иммунды естелік | Жоқ | Бар | Организмге түскен бөтен агенттерді лимфоциттер өзінің рецепторлары арқылы таниды. Сондықтан лимфоциттерді иммунды қабілетті клеткалар деп атайды. Организмге түскен бөтен агенттерді (антигендерді) лимфоциттер арнайы әрекетпен танып, оларға қарсы – иммундық жауап жүргізеді. Туа қалыптасқан иммунитет бөтен заттарды және орзанизмнің өзгерген клеткаларын (ескіріп өлген, антигендік комплекстерді) дегенерацияға ұшыратады. Жүре қалыптасқан иммунитеттің функциясы - Т-және В-клеткалары бөтен деп таныған заттарды «байлап» және ыдырататын антиденелер немесе цитотоксикалық клеткалар түзу. Иммундық жауап гуморальдық, клеткалық болып екіге бөлінеді. Гуморальдық жауапта В-лимфоциттері антигенге қарсы бағытталған иммуноглобулиндерді өндіреді, жасушалық иммунитеттің антигенге қарсы жауабы цитотоксикалық Т-лимфоциттерін (СД8), немесе Т-хелперлерді (СД4) көбейтеді. СД8 – ішінде антигені бар жасушыларды жояды, ал СД4 – макрофагтардың цитотоксикалық функциясын белсендіреді. Т-хелперлер (хелпер 2) гуморальдық жауапқа белсенді қатысады. В - және Т – лимфоциттерінің бір-бірінен айырмашылығы көп. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - антигенді тану. В-лимфоциттері антигенді өзгермеген түрінде, ал Т-лимфоциттері антиген – ұсынатын клеткаларда ыдыраған ұсақ молекулярлы пептидтерді таниды. В – және Т – жасушалар әртүрлі эпитоптарды (кейде бірдей) таниды. Эпитоп – антигеннің иммунды жауапта антиденелермен байланысатын кішкентай бөлігі. В – және Т – лимфоциттері өзінің антигендік рецепторымен эпитоп арқылы ғана антигенді таниды. Егер эпитоптың патогендік қасиеті болса, ол иммунды жауап бойынша бейтараптанады. Мұндай иммунитетті қорғаныс немесе протективті иммунитет дейді. Егер иммундық жауап патогендігі (вируленттілігі) жоқ эпитоп арқылы құрылса, антиген бақылаудан шығып кетіп, көбейіп, организмнің ұлпаларын одан әрі зақымдай береді. В – және Т – жасушалары сүйек миындағы дің жасушаларынан шығады. Дің жасушалары қан жасалуында үлкен рөл атқарады. Радиациядан, химиялық улы заттардың әсерінен кейін, лейкозда дің жасушаларының трансплантациясы қан жасалуын қалпына келтіреді. Көптеген медиаторлар (гуморальды факторлар) дің жасушаларының көбеюін және жетілуін белсендіреді. В – лимфоциттері оңды селекциядан өтеді: өте аффинді В – жасушалық антигендік рецепторлары бар клеткалар өмір сүреді, ал негативті реакция беретіндер элиминацияға ұшырайды. Селекциямен таңдап алынған В – лимфоциттері сүйек миынан шығып, лимфа түйіндерінің (бадамша безге, ішек лимфа табақшаларына т.б.) В – лимфоциттері аймақтарына орналасады. Т- лимфоциттері сүйек миынан шыққаннан кейін айырша без жетіліп, содан кейін ғана хелпер және супрессор болып шеткі лимфоидты мүшелерге (Т-тәуелді аймақтарға) орналасады. В – лимфоциттерде антигенді тануға мембрана үстіне орналасқан (үстінгі иммуноглобулиндер) В – жасушалық антигендік рецептор (ВКР) қатысады. Иммуноглобулиннің басқа бөлігі (FС-фрагменті) антигенді байлағаннан кейін, жасуша ішіне хабар береді. Одан кейін В – лимфоциттері иммуноглобулиндерді секреторлық жолмен қан сарысуына шығарады. Т – лимфоциттері антигенді өзінің мембранасының үстіндегі Т - жасушалық антиген рецепторының (ТКР) көмегімен таниды. Ол иммуноглобулин тұқымына жататын екі полипептидтік тізбектен тұрады, ТКР екі түрлі, олар тізбек белоктарының құрылысымен ерекшеленеді – ТКР- a,b және ТКР-Υ,d. Т-лимфоциттердің популяцияларының рецепторлары әртүрлі, ТКР-да антиген танитын бір сайт бар, ал ВКР-да екеу. Сансыз көп сырттан түсетін, іштен пайда болатын антигендердің бәрін арнайы анықтау қалай жүреді?. Лимфоциттердің антигендік рецептор құрылысын және олардың клеткалар үстіне орналасуын бақылайтын гендердің әсерімен керек болғанда, көптеген ВКР және ТКР рецепторлары пайда болады. Лимфоциттер рецепторларымен антигендермен байланысқаннан кейін белсеніп, көбею факторларына жауап береді және оларды өндіреді. Бірен-саран белсенген клеткалардың көбеюі міндетті, өйткені олардан В - немесе Т - жасушаларының арнайы клондары пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, антигенге қарсы пайда болатын иммунитет антиген-арнайы лимфоциттің клональды жолмен дамуына байланысты. Бір лимфоцит бір эпитопқа арнайы антиденелер шығарады. Т-, В-лимфоциттері және моноцит - макрофагтар иммундық жауапта өзара қарым-қатынаста жүреді. Ал, екіншілік иммундық жауапта қатынас онша емес. Біріншілік иммун жауабы антигеннің енуімен оған қарсы антиденелердің құрылыуымен, цитотоксикалық клеткалардың дамуымен организмнің антигеннен тазаруымен, естелік жасушалардың пайда болуымен сипатталады. Организм антигенмен екінші рет кездескенде Т- және В-естелік клеткалары (біріншілік иммун жауабына қарағанда) тез уақытта эффекторлық клеткаларға айналады. Естелік жасушалар организмде көп уақыт, кейде өмір бойы сақталады. әртүрлі постинфекциялық және вакцинальдық иммунитет антигендердің иммуногендік қасиетіне байланысты құрылады. Моноциттер/макрофагтардың функциялары: · антигенді ұсынады; · қатерлі ісік жасушаларын жояды; · қабыну процесін және жедел-кезеңді жауапты реттеуге қатысады; · бактерициттілік, өлген жасушаларды фагоцитозға ұшырату; · Т,-В-жасушаларын белсендіреді. Табиғи киллерлер атипті жасушаларды және вируспен қарапайымдылар жұққан жасушаларды жояды. Иммундық жауап жасушалардың өзара тікелей қарым-қатынасымен және гуморальдық жолмен жүреді. Тікелей жанасу ұсақ молекулярлы адгезивтік факторлармен және рецепторлардың байланысуымен атқарылады. Гуморальдық звено цитокиндермен (олигопептидтермен) реттеледі. Цитокиндер – интерлейкиндер, ісік некроз факторы, интерферондар, өсуді өзгертетін фактор, колоние-белсендіретін фактор. Цитокиндерді жасушалар иммундық жауап кезінде шығарады. Ел инфекциялы аурулармен жиі ауырады. Оның себеб, иммун жүйесі қорғанысының дәрменсіздігімен антигенге қарсы иммунды жауаптың дұрыс жүрмеуіне байланысты. Иммунды тапшылықтар ілкі (тұқымқуалайтын) және салдарлық (жүре пайда болған) болып екіге бөлінеді. Ілкілік Х-хромосомындағы мутацияға байланысты, тұқым қуалайды. Бұл мутациялар жасуша аралық берілетін сигналды бұзып, лимфоциттердің жетілуінің бұзылуына әкеледі. Жасушалардың жетілмеуі эффекторлы жасушалардың санын азайтады да, антигендерге иммундық жауап толық жүрмейді. Осы иммундық жүйесінің кемшілігі инфекциялы аурулардың басталуына, микроорганизмдердің вируленттік және патогендік қасиеттерінің толық түрде білінуіне жағдай жасайды. Көбінесе инфекциялық агент ретінде патогендігі жоқ микроорганизмдер жүреді. Салдарлық иммундық тапшылық жағдайлар созылмалы инфекциялы ауруларда, сәулелі ауруларда, ісіктің химиялық-радиотерапиясынан кейін, сүйек миын алмастырғанда, кортикостероидпен емдеуде, организмге улы химикаттардың және экологиялық факторлардың әсерінде, стресте, ауыр хирургиялық операциядан кейін және дәрілермен емдеуде дамиды. Ілкі және салдарлық иммунды тапшылығын емдеуге болады. Ілкі иммунды тапшылықтың тиімді емі сүйек миын ауыстыру және гендер трансплантациясы (генотерапия). Салдарлық иммунды тапшылықты емдеу үшін жасушалық немесе гуморальдық иммунитетті белсендіретін көптеген дәрілер бар. Жасушалық иммунитетті көтеру үшін Т-клеткалардың жетілуін немесе функциясын белсендіреді. Гуморальдық иммунитетті белсендіру үшін мононуклярлы фагоциттердің және В-лимфоциттердің белсендірушілері қолданылады. Кейбір препараттар иммунитеттің екі звеносында көтереді. Сонымен бірге иммунитеттің әр звеносы әртүрлі цитокиндермен реттеледі. Мысалы, интерлейкин –2 жасушалық иммунитетті белсендіретін дәрі ретінде пайдаланылуда. Иммунитеттің бұзылуы бөгде антигендерді тануына да байланысты: цитотоксикалық лимфоциттер өз ұлпамызға шабуылдап, оны зақымдайды. Ондай ауруларды аутоиммунды аурулар деп атайды. Аутоиммунды бұзылыстар кейбір мүшелерде және жүйелі жүруі мүмкін. Аллергиялық аурулар – иммуноглобулин Е-нің қатысымен, гиперсезімталдықпен немесе өзгерген иммундық жауап, екіншіден-оған гистамин шығаратын, үстінде иммуноглобулин Е-ге рецепторлары бар клеткалар байланысады. Рецепторлардың және лигандардың өзара байланысуы гистаминнің шығуына қан тамырларының және ұлпалардың өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі. Аллергия сиптомдары жедел басталып, тез басылады. Қан сарысуында иммуноглобулин Е-нің деңгейінің көбеюі аллергиялық ауруға бейімділікті көрсетіп және ауырғандардың болжамын анықтауға көмектеседі. Вакцинопрофилактика инфекцияға, ісікке қарсы иммунитет (жасушалық және гуморальдық) құрады. Вакцинаның иммуногендігін күшейту үшін адъюванттарды қосып егеді. Вакцина – иммунитеті арнайы микробтан қорғауы керек. Егер вакцина вирусқа қарсы егілсе, жасушалық иммунитет, егер бактерияға қарсы-гуморальдық иммунитет дамуы керек. Келешекте генетикалық жолмен ДНҚ немесе РНҚ-ы бар арнайы жаңа вакциналар құрылуы мүмкін. Вакцинопрофилактика кісінің жасына байланысты жүргізіледі. Жас балаларды бактериальды, қарттарды вирусты инфекциялардан қорғау керек. Ауыр анамнезі бар балаларды жеке үлгімен, өлі вакцинамен егеді. Аллергия - аллергендер қоздыратын гиперергиялық реакциямен иммундық процесс дамытып, ұлпаларды зақымдайды. Аллергендер экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер) болып бөлінеді. Экзогендік аллергендердің пайда болуына байланысты: 1) Жұқпалы емес аллергендерге – тұрмыстық, эпидермальдық, шаң-тозаң, өндірістік т.б. жатады. 2) Жұқпалы аллергендерге – бактериялар, микоздар, вирустар және т.б. жатады. Аллерген организмге бірінші рет түскенде сенсибилизация дамып, екінші рет түскенде немесе организмде сақталып қалса, аллергиялық реакция жүреді. Аллергиялық реакция үш кезеңмен жүреді: 1. Иммунологиялық кезең - организмге антиген кіргеннен бастап, антиденелердің құрылуымен немесе лимфоциттердің сенсибилизациясымен және олардың қайта түскенде (немесе организмде сақталған) антигенмен байланысуына дейінгі кезең. 2. Патохимиялық немесе медиаторлардың құрылу кезеңі. Бұл кезде биологиялық белсенді заттар шығады. 3. Патофизиологиялық немесе клиникалық көріністер кезеңі. Аллергиялық реакциялардың түрлері: 1. Анафилакциялық – иммуноглобулин Е, кейде LgG қатысады; 2. Цитотоксикалық (аутоаллергиялық) түрі; 3. Иммунды комплекстік түрі (IgG және М антиденелер қатысады); 4. Гиперсезімталдықтың баяу түрі – сенсибилизациясы бар лимфоциттермен дамиды; 5. Гиперсезімталдық реакциясының белсенуші түрі. Аллергиялық реакциялар иммунды жауаптың кемшілігімен немесе өзгеруімен жүреді. Жаңа ғасыр ел арасында аллергияның, аллергоздардың кең тарауымен басталды. Ол иммунитет көрсеткіштерінің, оның ішінде жасушалық иммунитеттің кемшілігімен байланысты. Аллергоздардың ішінде өте маңыздысы - тағам және дәрілік аллергиялар. Олардың профилактикасы дұрыс тамақтану және науқастарды емдеуде дәрілерді әр кісіге дұрыс тағайындау. 43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі Авидность антител– антиденелердің авидтігі – антиген мен антиденелер арасындағы байланыстың беріктігі . Агаммаглобулинемия– сарысудағы иммуноглобулиннің ілкі жоқтығы. Селективті агаммаглобулинемия иммуноглобулиндердің бір түрі жетіспейді. Агранулоцитоз– қанда нейтрофильдердің тым аздығы. Адаптивный иммунный ответ– арнайы бір антигенге қарсы дамыған иммундық жауап. Активация– жасушаның белсенуі, функциясының күшеюі. Антигены – антигендер (Т- және В- жасушаларының арнайы рецепторымен байланысатын заттар). Антитела– антиденелер, плазмалық жасушалардың антигенге қарсы шығаратын иммуноглобулиндері. Антигены Т–зависимые/Т–независимые – Т–тәуелді/Т–тәуелсіз антигендер. Т–тәуелді антигендер Т– және В–лимфоциттерімен танылып, иммундық жауап жүреді. Т–тәуелсіз антигендер В–лимфоциттерімен танылып, антиденелер құрылады. Антителообразующая клетка– антидене құратын, антиденелерді құратын плазмалық жасуша. Апоптоз– апоптоз, жасушалардың бағдарлама бойынша өлуі. Ол уақытта ДНҚ бөлшектеніп жасуша ыдырап кетеді. Сырттан түскен немесе жасуша ішінен пайда болған өлу бағдарламасы іске асырылады. Армирование– қарулану. Макрофагтар үстіне антиденелер байланысқанда, оларда арнайылық пайда болады. Аффинность – аффинділік, антиген детерминантының (эпитоп) антиденемен байланысуының беріктігі (паратоппен). В–лимфоциты – В–лимфоциттер, сүйек кемігінен шығып, жетілген соң, антиденелер түзетін плазмалық жасушаларға айналады. Вторичный иммуный ответ– салдарлық иммундық жауап. Антигеннің қайталап әсер етуіне Т– және В–лимфоциттерінің тез және күшті иммундық жауап беруі. Гаптен– гаптен. Организмде белокпен байланысқаннан кейін, антигендік қасиет пайда болатын химиялық заттар. Гистосовместимость– тіндік үйлесімдік. Трансплантация жүргізу үшін донор мен реципиенттің тіндік антигендерінің үйлесімділігін анықтайды. Гиперчувствительность замедленного типа (ГЗТ)– жоғары сезімталдықтың баяу типі. Реакция аллергенге 1–3 тәуліктен кейін дамып, клеткалық иммунитеттің патологиясын береді. Қабыну Т–лимфоциттердің және олардың әсерімен белсенген макрофагтар жиынтығымен қатайған ісікпен жүреді. Гиперчувствительность немедленного типа (ГНТ)– жоғары сезімталдықтың жедел типі (ЖСЖТ). Реакция аллергенге бірнеше минөттен кейін дамиды. Аллерген үстінде иммуноглобулин Е–сі бар антиденелермен байланысқанда, мес торшалары дегрануляцияға шалдығып, олардан гистамин және басқадай белсенді заттар бөлініп шығады. Реакцияның көріністері: тамырлар кеңейіп, өткізгіштігі күшейіп, нерв талшықтарының тітіркенуімен тері қышып немесе бронхтардың жиырылуы мүмкін. Гистамин– гистамин. Мес жасушаларының және базофилдердің түйіршіктерінен босап шығатын базоактивті амин, жедел аллергиялық реакцияның медиаторы. Главный комплекс гистосовместимости (МНС) – тіндік үйлесімділіктің басты комплексі. Бұл генетикалық участке барлық жануарлардың геномынан анықталған. Адамдарда оны HLA деп атайды. Бұған гендердің үш тобының І, ІІ, және ІІІ кластары жатады. МНС гендерінің І және ІІ класс өнімдерінің биологиялық рөлі Т–лимфоциттерге антигеннің пептидтерін ұсыну. Гранулоциты – гранулоциттер. Нейтрофильдердің, эозинофильдердің, базофилдердің жалпы атауы. Гормоны тимуса– айырша без гармоны. Айырша бездің эпителий жасушалары шығаратын пептидтер. Оларға –а–1–тимозин, тимопоэтин 1 және ІІ жатады. Иммунные комплексы – иммундық комплекстер, антиген мен антиденелердің бір–бірімен байланысуынан пайда болатын құрылыс. Антигендердің поливалентілігінен және антиденелердің биваленттігінен, олардың бірнеше молекулалары қосылып комплекс құрады. Белгілі бір көлемге үлкейгенде, комплекс тұнбаға шөгеді. Комплекстің ерімейтін бөлігі фагоцитозға шалдығады, ал ертіндісі – бүйрекпен сүзіліп шығады. Патологиялық жағдайда комплекстер қан тамырларының қабырғасына шөгіп, қабынуды дамытады. Иммунный надзор – иммундық қадағалау. Иммунитет жүйесі организімнің антигендік құрылымының тұрақтылығын қадағалайды. Антигендік құрылым өзгерсе, иммундық механизмдердің кірісуімен жойылып отырады. Иммунный ответ –иммундық жауап. Организмге кірген бөтен агентге қарсы жүретін реакция. Бөтен агентті танып, оны организмнен шығарып жіберуге бағытталады. Иммуногенность – иммуногендік. Антигендер молекуласының иммундық жауап тудыра алатын қасиеті. Иммуноглобулины – иммуноглобулиндер. Антиденелер функцияларын атқаратын молекулалар, IgM, IgG, IgE және IgD кластары кіреді. Иммунологическая память – иммунологиялық жады. Бөтен агент организмге қайталап түскенде, оны тез және тиімді түрде шығарып жіберуін қамтамасыз ететін механизм. Оның негізі – ілкі иммундық жауаптан жадысы бар Т– және В–лимфоциттерінің әрекеті. Антиген қайтадан түскенде олар тез көбейіп, жетісіп, салдарлық иммундық жауапты нәтижелі етеді. Иммунодефициты –иммунитет тапшылықтары. Иммунитет жүйесінің бір бөлігінің бұзылысы. Ілкі (туа болатын) иммундық тапшылық иммунитет жүйесін қадағалайтын гендердің тұқым қуалайтын ақаулығы. Жүре пайда болатын (салдарлық) иммунитет тапшылық эндогендік (кейбір аурулар әсерінен) немесе экзогендік (радиация, химиялық заттар) факторларының иммунитет жүйесінің кейбір жасушаларын зақымдауынан туындайтын кемістік. Иммунопрепараты –иммундық препараттар. Иммунитет жүйесі белсенділігін күшейтіп немесе бәсеңсітіп өзгертетін дәрілер. Иммунитетті күшейтетіндермен иммундық тапшылықты емдейді, иммундық супрессорлар аутоиммунды ауруларды емдеуге және трансплантация жүргізгенде қолданылады. Интерлейкины – интерлейкиндер. Цитокиндердің бір түрі. Иммунитет жүйесінің белсенген жасушалары шығарады, әртүрлі клеткалық қарым–қатынасқа жауапты, әсіресе олардың көбеюіне көмектеседі. Жасушаларға олардың мембраналық рецепторлары арқылы әсер етеді. Интерфероны – интерферондар. Цитокиндердің бір түрі. Антипролиферациялық, жасушаларды жетілдіретін, иммунитетті реттейтін әсерлері бар. Негізгі қасиеті – жасушаларға бейспецификалық әсер етіп, олардың вирусқа тұрақтылығын көтереді. Клетки иммунологической памяти – иммунологияның естелік клеткалары. Антиген туралы хабар алған, бірақ эффекторлық жасушаларға дейін жетілмеген, ұзақ өмір сүретін Т- және В-лимфоциттері. Сол антиген қайта әсер еткенде, басқа жасушаларға қарағанда олар қорғаныс реакциясына тез түседі. Клетки Купфера – Купфер клеткалары. Бауырдың қан жүретін синустерінің қабырғаларын құрайтын фагоцитоздық жасушалар. Клетки Лангерганса – Лангерганс клеткалары. Терінің антиген ұсынатын жасушалары. Олар аймақтық антиген ұсынатын жасушалары. Олар аймақтық лимфа түйіндеріне барып, Т–клеткаларға антиген ұсынатын, белсенген дендриттік жасушаларға айналады. Комплемент– комплемент. Қабыну процессін реттейтін фагоцитозды белсендіретін және жасушалар мембранасын ерітіп – ыдырататын сарысу белоктары. Лейкотриены –лейкотриендер. Аллергиялық реакциялардың негізгі факторлары, Арахидон қышқылының алмасуындағы өнімі. Мес жасушалары белсенгенде 5–20 мин. ішінде бөлініп шығады. Тегіс салалы бұлшықетті жиырады, хемотаксистік әсері бар. Макрофаг– макрофаг. Тіндерге ауысқан моноцитттерден жетіледі. Фагоцитозды атқарады. Т-хелперлерге пептидтерді ұсындыратын, қабынуды және иммунды жауапты жүргізетін цитокиндерді және басқа да заттарды шығарады. Монокины – монокиндер. Моноциттер мен макрофагтар шығаратын цитокиндер. Моноциты– моноциттер. Миелоидты топтарынан шығатын, қан айналымында жүретін, ірі жасушалар, тінге түскенде макрофагтарға және дендриттік жасушаларға айналады. Нейтрофилы –нейтрофилдер. Өте белсенді, фагоцитоздық және бактерицидтік қызметі жоғары жасушалар. Инфекциялық процесстің басталуы кезіндегі негізгі қорғаныс жасушалары. НК–клетки– қалыпты табиғи жасушалар (киллерлер). Ішінде вирусы бар және ісік жасушаларын ыдыратады. Опсонизация –опсонизация. Фагоцитозды жеңілдету үшін антиденелердің, комплемент компоненттерінің және жедел фазалары белоктарының антигеннің (нысана жасушаларының) үстіне байланысуы. Острофазные белки– жедел фазалы белоктар. Гепатоциттерден шығып, қан сарысуында жүретін, қабыну кезінде көбейетін белоктар. Оларға С-реакциялы белок, фибриноген, манноза байланыстыратын белок, сарысу амилоиды жатады. Олардың кейбіреулері опсониндердің, хемотаксистік факторлардың қызметін атқарады, комплементті альтернативтік және классикалық жолмен белсендіреді. Пропердин– пропердин. Комплементті альтернативтік жолмен белсендіретін сарысу факторы. Простагландины –простагландиндер. Арахидон қышқылының алмасуындағы өнімі. Простагландиндер Е2, Ғ2а және 12 қан тамырларын кеңейтеді және хемотаксистік әсер етеді. Жедел аллергиялық реакцияның жүруінде қосымша рөл атқарады. Простагландин Е2 макрофагтардан шығады, иммунитет процесін реттеуге супрессорлық әсері бар. Патогенный организм(патоген) – патогенді организм, қабыну ауруларының қоздырғыштары – микробтар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар), өзгерген атиптік жасушалар. Первичный иммунный ответ –ілкі иммундық жауап. Антигенмен бірінші жанасудан кейін дамитын (клеткалық немесе гуморальдық) иммундық реакция. Переключение изотипа (класса) иммуноглобулинов – иммуноглобулиндердің изотипінің (классының) ауысуы, В-лимфоциттердің арнайы антиденелердің басқа классын синтездеуге ауысуы. Плазматическая клетка– плазмалық жасуша. В-лимфоциттің ақырғы жетілу кезеңінде антидене өндіретін жасуша. Рецептор– рецептор. Жасушадан тысқары молекуламен арнайы байланыстыратын жасуша мембранасының молекуласы. Селезенка– көк бауыр. Шеткі лимфоидтық мүше, антигеннің гематогенді жолмен түсуін бақылайды. Лимфалық дренажы жоқ. Құрылымы: ақ ұлпада В- (фолликулада) және Т-лимфоциттері (артерия айналасында) орналасады, участкелердің шеткі аймақтарында плазмалық жасушалар антиденелер түзеді. Иммундық жауап кезінде плазмалық жасушалар қызыл ұлпаға да шоғырланады. Супрессорные клетки – супрессорлық жасушалар. Иммундық жауапты тежейтін жасушалар. Супрессорлар антиген арнайы және бейспецификалық болып бөлінеді. Антигенге қатысы жоқ супрессорға макрофагтар шығаратын простагландин Е жатады. Антиген арнайы супрессорға СД8-лимфоциттері жатады. Супрессорлар функциясын цитокиндер және арнайы ертінді тежегіш факторлары (ТСR немесе олардың полипептидті тізбегі) жүргізеді. Т-лимфоциты – Т-лимфоциттер. Айырша безде жетілетін лимфоциттер. Бұлар құрамында МНС молекуласы бар антигеннің пептидін таниды, одан кейін екеуінің белсендіруші әсерімен Т-хелперлерге немесе цитотоксикалық Т-лимфоциттерге жетіледі. Токсины бактериальные – бактериялық токсиндер. Микроорганизмдердің патогенді факторы. Олар клеткамен байланысқан -эндотоксин немесе ертінді түрінде шығады - экзотоксин. Тучные клетки – мес жасушалары, тіндерде қан тамырларының маңына орналасады. Базофилдер түйіршіктерінде қабыну (гистамин, гепарин, протеаза) медиаторлары бар. Т-хелперы – Т-хелперлер. Т-лимфоциттердің бір түрі. СД4-тің екі рецепторы МНС-тың антиген тануға қатысқан ІІ класс өнімін байланыстырады. Т-хелперлердің функциясы: 1) цитокиндер шығарып және жанасулық арқылы В-лимфоциттердің әрекетін белсендіреді; 2) ИЛ-2-нің әсерімен цитотоксикалық Т-лимфоциттерді белсендіреді. Хелпер-1 жасушалық иммундық жауабын белсендіруге жауапты, хелпер-2 гуморальды иммундық жауапқа қажет. Бұлардың айырмашылығы, олардан шығатын цитокиндердің әсеріне байланысты. Толерантность – толеранттылық. Арнайы иммунологиялық ареактивтілік жағдайы. Фагоцитоз – фагоцитоз. Жасушалар микроорганизмдерді, ішкі өлген жасушаларды, денешіктердің бөлшектерін жұтып, қорыту үрдісі. Хемокины – хемокиндер. Жасушалардың хемотаксисына жауапты цитокиндер. Макрофагтар, стромальді және басқа жасушалар шығаратын ұсақ молекулалы пептидтер. Қабынуда және иммундық жауапта маңызды рөл атқарады. Хоминг – хоминг. Рециркуляциялық лимфоциттердің лимфоидтық ағзаларда қайтып келу қабілеті. Ол лимфоидтық ағзалардың биік эндотелий жасушалары рецепторларының «хоминг молекулаларымен» байланысуынан болады. Цитотоксические Т-лимфоциты - цитотоксикалық Т-лимфоциттер (Т-киллерлер). МНС–ның 1 класс молекуласымен қосылған антиген-пептид кешенін (ішінде вирусы бар жасушаны) ерітіп жіберетін Т-лимфоциттер. Цитокины– цитокиндер. Лейкоциттер және организмнің басқа жасушалары шығаратын, клеткааралық әрекеттестілікті іске асыратын, молекулалардың жалпы аты. Чужеродное– бөтен, бөгде. Организмнің генетикалық бағдарламасына сәйкестігі келмегендердің барлығы бөтен. Эндотелий– эндотелий, жасушалары тегіс салалы эпителийдің бір түрі. Қан мен лимфа тамырларының ішкі қабырғасын құрайды. Лейкоциттер олармен әрекеттесіп тінге өтеді. Бактериалық өнімдердің және цитокиндердің әсерімен эпителий жасушалары биіктеп (куб тәрізді болып) белсенеді, (адгезия) жабысқан молекулаларды қысып, цитокиндер шығарады. Эндотоксин– эндотоксин. Грам теріс бактериялардың сыртқы мембранасының құрамындағы липополисахарид. Әр түрлі мөлшеріне байланысты В-лимфоциттің және фагоцитоздың функциясын белсендіреді, не басады. Эозинофилы– эозинофилдер. Миелоидтар тобынан шығатын жасушалар, қанда және тінде кездеседі. Эпитоп– эпитоп. Антидененің антигенмен байланысатын орталығымен немесе Т-лимфоциттің рецепторымен әрекеттесетін антиген молекуласының бөлігі. Әдебиеттер 1. | Алшинбаева Г.У. ВИЧ-инфекция и СПИД ассоциируемые заболевания - Астана, 2002. - 169 б. | 2. | Амиреев С.А. Эпидемиология. Частная эпидемиология, ІІ том,-Алматы, 2002. - 693 б. | 3. | Беклемишев Н.Д. Иммунопатология и иммунорегуляция. – М.: Медицина, 1986 – 256 б. | 4. | Беклемишев Н.Д., Мошкевич В.С., Суходоева Г.С. и др. Иммунотерапия при аллергии к микробам -Алматы, Наука, 1989.-304 б. | 5. | Беклемишев Н.Д. Аллергия, иммунитет и иммунокоррекция - Алматы, Ғылым, 1995,- 168 б. | 6. | Белозеров Е.С., Мошкевич В.С., Шортанбаев А.А. Клиническая иммунология и аллергология -Алматы, Кайнар, 1992. - 408 б. | 7. | Дранник Г.Н. Клиническая иммунология и аллергология М. 2003-604 б. | 8. | Змушко Е.И. Белозеров Е.С., Митин Ю.А. Клиническая иммунология – Питер, 2001. – 576 б. | 9. | Жуманбаев К.А. Пирогенал в комплексном лечении бруцеллеза // Мат. 3-съезда гигиенистов ... инфекционистов – Алма-Ата. 1980. – Т.4. – Б. 128-130. | 10. | Жуманбаев К.А. Лечение зимозаном бруцеллеза // Клиническое применение зимозана ... – Рига, 1982 – Б. 116-118. | 11. | Жұманбаева Г.К., Жұманбаев Қ.А. Жұқпалы аурулар. - Қарағанды, 2003 -162 б. | 12. | Жұманбаев Қ.А., Козаченко Н.В., Гальстер И.К. Жалпы иммунология-Қарағанды, 2001. - 61 б. | 13. | Жуманбаева Г.К. Токсоплазмоз. Мет.рек. Караганда, 2000 – 39 б. | 14. | Жуманбаев К.А., Жуманбаева Г.К. Клиникалық иммунология, Караганды, 2003 – 130 б. | 15. | Караулов А.В. Клиническая иммунология- М. МИА, 1999. - 550 б. | 16. | Кетлинский С.А., Калинина Н.М. Иммунология для врача. - Спб. Изд. Гиппократ, 1998, - 156 б. | 17. | Клиническая иммунология и аллергология. В 3т. пер. с нем. Под. ред. Йегера Л. - М.: Медицина, 1986. | 18. | Клиническая иммунология и аллергология Под. ред. Г. Лолора-младшего, Т. Фишера, Д. Адельмана - М. 2000. | 19. | Лебедев К.А. Понякина И.Д. Иммунограмма в клинической практике М. 1990 – 224 б. | 20. | Лебедев К.А., Понякина И.Д. Иммунная недостаточность (выявление и лечение) М-Новгород, 2003.- 443 б. | 21. | Машковский М.Д. Лекарственные средства. Т.2 – 14 изд.М.2000 –618 б. | 22. | Петров Р.В. Иммунология - М.: Медицина, 1982, 1987. - 366 б. | 23. | Пыцкий В.И. и др. Аллергические заболевания – М.: Медицина. - 1999.- 470 б. | 24. | Реченская Н.Н. Рекомендации по фармакотерапии и стандарт лечения аллергического ринита. Лекарственный бюллетень. 2001 - №2 – 8 б. | 25. | Снопков В.Н. Диагностические критерии иммунопатологических состояний / Мет. рек. - Караганда, 1999. - 36 б. | 26. | Хаитов Р.М. Пинегин Б.В. Оценка иммуного статуса // Иммунология - 2001, № 4. – Б.4-6. | 27. | Ширинский В.С. Старостина Н.М., Сенникова Ю.А. и др. Проблемы иммуностимулирующей терапии с позиции доказательной медицины // Медицинская иммунология, 2001. № 1. – Б.17-24. | 28. | Шувалова Е.П. и др. Инфекционные болезни / Белозеров Е.С. Беляева Т.В., - Ростов н/Д. Изд. Феникс. 2001 - 960 б. | |