Курс саясаты мен процедурасы. 11 страница Тапсырма:Қыздыру шарттары бойынша сымдар мен кабелдердің қимасын таңдау; кернеудің қажетті жоғалуында, токтың экономикалық тығыздығында, термиялық және динамикалық тұрақтылықта тексерулер жүргізу. 2.1 Жоғары кернеулі кабелдердің негізгі түрлері. Әдістемелік ұсыныстар: біржелілі майтолтырылған кабелдердің оқшауларының құрылысын оқып үйрену; жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша жоғары кернеулі кабелдердің қимасын таңдау. Әдебиет: 1нег. [20-41]; 2 қос. [15-38]. Бақылау сұрақтары: 1. Майтолтырылған кабелдердің жай кабелдер алдындағы артықшылықтары қандай? 2. Кабелдердің оқшаулануы қандай әдістермен орындалады және қалай жіктеледі? 3. 220кВ және 500кВ кабелдердің сиымдылық тогы неге тең? 4. Жоғары кернеулі кабелдердің негізгі түрлері қандай? 2.2 Жоғарғы вольтты кабель жолдары Әдістемелік ұсыныстар: изучить принципиальную схему кабельной линии на 500кВ кабель желісінің принципиалдық схемасыни оқып үйрену; тұрақты ток кабель желісінің негізгі сипаттамаларын тұрғызу және игеру; кабелдердің өткізу қабілетін қамтамасыз ету шаралары. Әдебиет: 1нег. [88-99]; 3 қос. [117-146]. Бақылау сұрақтары: 1. 220 кВ жоғарғы вольтты кабель желісі не үшін арналған? 2. Күштік кабелдерді табиғи салқындатудың схемалары және негізгі әдістері. 3. Кабелдерді жанама салқындату схемалары. 4. Жоғарғы кернеулі кабель желісін төсеудің және іске қосудың ерекшеліктері. 5. Қыздыру шарты бойынша кабелдердің қимасын таңдау. 2.3 Күштік кабелдер өндірісінде қолданылатын материалдар. Әдістемелік ұсыныстар: Сымдардың механикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды қарастырып, үйрену; целлюлозаның құрылымдық формуласын оқып үйрену; алюминий және мыс сымдар қандай жағдайларда қолданылатынын талқылап, игеру. Әдебиет: 1нег. [205-220]; 3 қос. [17-27]. Бақылау сұрақтары: 1. Мыс сымдардың қолданылу облыстары. 2. Кабелдердің қазіргі кездегі түрлері және маркіленуі. 3. Оқшаулау резиналарының негізгі қасиеттері. Практикалық жұмыс №3 Тапсырма: Жанама әсер ететін үшфазалы бірзоналы кедергі пештерінің сымды қыздырғышын есептеу. Әдістемелік ұсыныстар: сымды қыздыру элементтерінің құрлысымен танысу және олардың жанама, тура әсер ететін КП футеровкасына бекітілу әдістерін қарастыру; қыздыру элементтерін есептеу кезінде көрсетілетін технико – экономикалық талаптарымен танысу; дәрістер курсынан қыздыру элементтері есептеулерінің ретін түзету; берілген шарттарға сәйкес қыздыру элементтеріне есептеулер жүргізу; таңдалған қыздырғыштың дұрыстығына қортынды жасау. Бастапқы берілістер: қуаты 50 кВт, жұмысшы температурасы 1150 К жанама әсерлі КП үшфазалы бірзоналы сымды қыздырғыштың өлшемдерін анықтау, қоректену желісінің кернеуі 380 В, қыздыру материалы – нихром Х20Н80 Т, 1400 К максимал жұмысшы температурасы кезіндегі меншікті электр кедергісі Ом∙м және қараю дәрежесі . Әдебиет: 5 қос. [414-428]; 10 қос [161-163]. Бақылау сұрақтары: 1. Электр тізбектерінің жетістіктерін атаңыз? 2. Электр қыздырудың кемшіліктері қандай? 3. Қыздырудың электртермиялық процесінің қолдану облыстары. 4. Жылугенерация тәсілі бойынша электр пештері қалай жіктеледі? 5. Электрқыздырғыштарға арналған материалдар қандай? Практикалық жұмыс №4 Тапсырма: Электртермиялық қондырғылардың электржабдықтары: - доғалы болат балқыту пештері (ДБП); - доғалы вакумды пештер (ДВП); - плазмалы доғалы пештер (ПДП); - электронды-сәулелі балқыту қондырғылары (ЭСБҚ); - индукционды балқыту пештері (ИБП); Әдістемелік ұсыныстар: электрлі балқыту пештері мен қондырғыларының әсер ету принциптерімен және құрылысымен танысу, оқып үйрену; әртүрлі типтегі электртермиялық қондырғылардың ұсынылған электрлік схемалары бойынша қондырғының жұмыс режимдерінің автоматты реттеу принциптерін және негізгі электржабдықтарын атап көрсетіңіз; электр схемасы элементтерінің шартты – графикалық және әріптік белгіленулерін үйрену. Әдебиет: 3 қос [264-311] Бақылау сұрақтары: 1. Электртермиялық қондырғылардағы мәнін қалай көтереміз? 2.Берілген технологиялық процесс үшін қоректену тогының қажетті жиілігі немен анықталады? 3. Жиіліктің тиристорлық түрлендіргішінің артықшылықтары және кемшіліктері қандай? 4. ЖТТ қандай блоктардан тұрады? 5. Өндірістік электртермияда лампалы генераторларды қолданудың қажеттілігі неден туындайды? 6. Лампалы генераторда кернеуді қандай мақсатта көтереді? Практикалық жұмыс №5 Тапсырма: Жарық техникасындағы жаңа энергия қорын жинақтаушы технологиялар Әдістемелік ұсыныстар: «Жарықтылық реттегіші- кабельдік сақина» кіші жүйесінің функциональдік электрлік схемасын оқып үйрену, олардың әртүрлі өндіріс нысандарын жарықтандыру жүйелеріне арналған автоматты басқарылу ерекшеліктерін анықтау. Электрлік схемалар негізінде шығыстық кернеу мен токтың диаграммасын тұрғызу, есептеу, анализ жасау үшін эквивалентті электр схемаларын құрастыру. Эквивалентті схема бойынша тізбектің индуктивтілігін, кедергісін анықтау, өтпелі процестің дифференцилдық теңдеуін жазу. Схемаға анализ және есептеулер жүргізу негізінде тәулік уақытына байланысты электрэнергиясын үнемдеу үшін жарық сигналды жүйесінің от жарығын реттеу шарттарын және әдістерін оқып үйрену. Интернет желісі бойынша өндірістің әртүрлі саласы үшін жаңа энергияқорын жинақтаушы жабдықтарын шығаратын фирмалардың сайттарын табу және сол жабдықтардың жұмыс істеу принциптерімен, схемаларымен және сипаттамаларымен танысу. Әдебиет: 10 қос [206-212; 237-247; 274-283] Бақылау сұрақтары: 1. Өндірістердегі энергия қорын жинақтаудың негізгі бағыттарын атаңыз. 2. Жарықты реттеуіштің функционалдық схемасына анализ жасаңыз. 3. «РЯ-КК» жүйесінің шығыстық кернеуі мен тогы диаграммасын тұрғызып, суреттеңіз. 4. Жарық сигналды жүйесінің от жарығы қалай реттеледі? 5. Жарық сигналды жүйесі оттарының шағылысуының өсімділігі немен ауыстырылады? Практикалық жұмыс №6 Тапсырма:Жарықтандыру қондырғыларының электрмен қамдау жүйесінің сенімділігін есептеу әдістері. Әдістемелік ұсыныстар: ұсынылған жарық жүйесі үшін жарықтың электр көздерінің және реттеу аппараттарының схемаларымен танысып, үйрену; жарықтың принципиалдық электрлік схемалары негізінде екі бәсекелес нұсқалардың сенімділігіне анализ және есептеулер жүргізу; өнімділік шамасы бойынша жүйенің тоқтап қалмауымен Т қабылдамаудың орташа табысы анықталады, сосын Т шамасының негізінде p(t) жүйесінің ықтималды тоқтаусыз жұмысының қисығы тұрғызылады; p(t) қисығы бойынша қажетті уақыт (1000 ч) аралығы ішіндегі тоқтаусыз жұмыс ықтималдылығы анықталады. Егер жүйенің тоқтаусыз жұмыс ықтималдылығы жеткіліксіз болса, онда оның сенімділігін арттыру үшін шаралар қолданылады. Әдебиет: 7 нег [163-170], 12 қос [289-331] Бақылау сұрақтары: - Өндірістік қондырғылардың сенімділігі дегеніміз не?
- Сенімділіктің сапалы көрсеткіштерін атаңыз.
- Сенімділіктің санаулы көрсеткіштерін атаңыз және оларды анықтау формулаларын жазыңыз.
- Сипаттамалар қандай формада болады:
-уақыт бойынша қабылдамау өнімділігінің өзгеруі; p(t) – тоқтаусыз жұмыс ықтималдығы. 5. Сенімділікті арттырудың әдістері қандай? Практикалық жұмыс №7 Тапсырма: Жұмыстың әртүрлі режимдеріндегі қозғалтқыштың қуатын таңдау: - өзгеріссіз жүктемелі ұзақ режим; - айнымалы жүктемелі ұзақ режим; Әдістемелік ұсыныстар: технологиялық процестердің талаптары, жұмысшы механизмдердің параметрлері және құрылымдық ерекшеліктері, электр желісі параметрлері, жұмыс және қоршаған орта шарттары бойынша таңдалған электрқозғалтқыштың априори параметрлерінің сәйкестігін анықтау; қозғалтқыштың берілген механикалық жүктемесі және қалыпты типтік режимнің сақталуы кезіндегі жүктеменің берілген графиктерін орындауды қамтамасыз ету қажеттілігінен шыға отырып электрқозғалтқыштың қуатын таңдайды; қуаты бойынша таңдалған электрқозғалтқыш іске қосу шартымен статикалық жүктеменің аз моменті Мс кезінде мына формуламен анықталады , мұндағы - қозғалтқыштың максимал іске қосылу моменті; - іске қосу моментінің қор коэффициенті; фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыш үшін 1,4-1,9 тең. Егер жүктеме тұрақты, қозғалтқыштың жұмыс режимі үзіліссіз болса, онда каталог бойынша номинал қуаты Рн, жүктеме диаграммасының , яғни қуатына тең қозғалтқыш таңдалынады. Айнымалы жүктеме кезінде жетекті қозғалтқыштың қуаты қоры бар өндірістік механизмнің моменті немесе орташа қуаты бойынша анықталады, сосын жетектің жүктеме диаграммасы тұрғызылғаннан кейін тексеру есебі жүргізіледі. Әдебиет: 3 қос [136-140] Бақылау сұрақтары: 1. МЕСТ бойынша электржетектердің қандай номинал жұмыс режимдерін білесіз? 2. Электрқозғалтқыштың оқшаулау класы қандай мәнге ие және берілген температураның артуы электр машинасының қызмет мерзіміне қалай әсер етеді? 3. ПВ дегеніміз не және оның стандартты мәні қандай? 4. Электрқозғалтқыштың қорғау дәрежесі қалай белгіленеді? Практикалық жұмыс №8 Тапсырма: Қысқа мерзімді жұмыс режимінде қозғалтқыштың қуатын таңдау. Әдістемелік ұсыныстар: номинал қысқа мерзімді – қайталама және қысқа мерзімді жұмыс режимі кезінде электрқозғалтқыштың қуатын таңдау үшін , Мэ, Рэ (токтың, моменттің немесе қуаттың) есептеу мәндерін эквивалентті қыздыру шарты бойынша анықтау керек; артынан формула бойынша берілген жүктеме диаграммасы үшін ПВф дұрыс мәндері есептелінеді; егер ПВФ номинал мәннің біреусімен сәйкес келетін болса, онда каталог бойынша қуаты есептеулерге сәйкес келетін қозғалтқыш таңдалады; егер ПВф≠ ПВн, онда , Мэ, Рэ мәндерін ПВн жақын стандартты (номинал) шамасына келтіру керек; каталог бойынша номинал қуаты тең қозғалтқыш таңдалады. Бастапқы берілгендері: қозғалтқыштың жүктеме диаграммасы, айналу жиілігі 580 айн/мин, рад/с, номинал кернеуі 380 В, үзіліс ұзақтығы . Әдебиет: 3 қос[131-147] Бақылау сұрақтары: 1. Электрқозғалтқыштың қуатын дұрыс таңдамаудың салдарын атаңыз және қуаттың төмендеуі мен жоғарлауын түсіндіріңіз. 2. Механизмнің жүктеме диаграммасы дегеніміз не, ол қалай тұрғызылады және жетектің жүктеме диаграммасынан айырмашылығы қандай? 3. Қозғалтқыштың номинал жұмыс режимі қандай мақсатпен қойылған, олар қалай аталады және белгіленеді? 4. Электрқозғалтқышты салқындату әдісі оның номинал қуатына әсерін тигізе ме? 2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары Зертханалық жұмыс №1 Тапсырма Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышын зерттеу. Негізгі әдебиет -9 [34-36; 43-54] Қосымша әдебиет -10[102-111]. Бақылау сұрақтары: 1. Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштарда айналу жиілігін реттеудің қандай әдістерін қолданған пайдалы? 2. Қандай жұмысшы механизімінде тәуелсіз қоздырылатын ТТҚ қолданылады? 3. Реттеу сипаттамалары дегеніміз не? 4. Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы дегеніміз не? 5.Тізбектей, параллель және аралас қоздырылатын қозғалтқыштармен салыстырғанда тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Зертханалық жұмыс №2 Тапсырма: Автоматтандырылған зертханалық стендте диэлектрлік материалдарды зерттеу. Негізгі әдебиет -3 [ 17-33]. Бақылау сұрақтары: 1. Қандай диэлектриктер активті болып табылады? 2. Сегнетоэлектриктердегі полярлану түрлері қандай? 3. Диэлектрлі гистерезис құбылысын түсіндіріңіз және оған температураның әсері қандай? 4. Сызықты диэлектриктерден сегнетоэлектриктердің негізгі айырмашылықтары неде? 5. Ерекшеліктеріне сәйкес сегнетоэлектриктердің қолданылу облыстарын атаңыз. 6. Сегнетоэлектрики І және ІІ родты сегнетоэлектриктер және олардың қолданылу облыстары. Зертханалық жұмыс №3 Тапсырма. Электртехнологиялық қондырғылардың негізгі жабдықтарын электрмен қамдаудың күштік жүйесін оқу техникасы. Негізгі әдебиет-5[36-54] Қосымша әдебиет -3[76-84; 264-308] Бақылау сұрақтары: 1. Басқару аппараттарына қойылатын негізгі талаптар қандай? 2. Контактысыз және релелі-контакторлы басқару аппараттарына салыстыру жасаңыз. 3. Электрмагнитті реленің уақыт үзіндісі қалай реттеледі? 4. Реактор қандай ДСП-да және қандай мақсатта қолданылады? 5. ЭЛПУ қоректену көзінің қандай блоктары бар? 6. Индукционды пештер реттеуіші қандай электрлі параметрлермен басқарылады? Зертханалық жұмыс №4 Тапсырма. В люминесцентті лампаның негізгі жұмысшы сипаттамаларын анықтау. Негізгі әдебиет - 7 [ 71-82 ] Қосымша әдебиет - 8 [ 18-27 ] Бақылау сұрақтары: 1.Люминесцентті лампаның шыны түтікшесіндегі инертті газдың тағайындалу орны қандай? 2. Люминофорлар дегеніміз не және олардың тағайындалу орындары қандай? 3. Люминесцентті лампалардың жұмыс істеу принципі қандай? 4. Қыздыру лампасымен салыстырғанды люминесцентті лампалардың артықшылықтары және кемшіліктері неде? 5. Люминесцентті лампалардың вольт-амперлі сипаттамасына анализ жасаңыз. Зертханалық жұмыс №5 Тапсырма. Түрлі мақсаттарға тағайындалған жарықтехникалық қондырғыларын оқып үйрену. Схемалары және аппаратуралары. Негізгі әдебиет - 7 [ 117-141] Қосымша әдебиет– 8 [ 289-311] Бақылау сұрақтары: 1. Электрлі жарықтың көздерінің (ЖК) негізгі параметрлерін атаңыз. 2. Қыздыру лампасы мен төменгі қысымды люминесцентті түтікше лампаның (ЛЛ) жұмыс істеу мерзіміне салыстырмалы анализ беріңіз. 3. Достоинства, недостатки и область применения ламп ДРЛ, ДРИ, және ДНаТ лампаларының жетістіктері, кемшіліктері және қолданылу облыстары, осы лампалардың жұмыс істеу мерзімдері. 4. Жарықтандыру аспаптары – ішкі және сыртқы жарықтандыру шырақтарының және прожекторлардың негізгі сипаттамалары қандай? Зертханалық жұмыс №6 Тапсырма. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты (АҚ) зерттеу. Негізгі әдебиет -9[71-81] Қосымша әдебиет -10[55-60] Бақылау сұрақтары: 1. ҚТ АҚ іске қосудың әдістері қандай? 2. АҚ қосылу қасиеттерін қандай көрсеткіштер анықтайды? 3. Желіге тікелей қосу арқылы АҚ іске қосу әдісінің кемшіліктері мен артықшылықтары қандай? 4.ҚТ роторлы АҚ іске қосу тогын азайту әдісі неге негізделген?, осы әдістерді атап шығыңыз. 5.Төменгі кернеу кезінде АҚ қосу әдісінің жалпы кемшілігі қандай? Зертханалық жұмыс №7 Тапсырма. Зертханалық қондырғыда ТТ-Қ жүйесі бойынша АЭЖ зерттеу. Негізгі әдебиет -9 [54-56] Қосымша әдебиет -10[205-209] Бақылау сұрақтары: 1.Тұрақты ток реверссіз тиристорлық электржетегінің негізгі элементтерін атап келтіріңіз. 2.Айналу жиілігі бойынша теріс кері байланыс электржетегінде қандай мақсатта қолданылады? 3. Күштік вентилдер блогы принципиалдық схемасының барлық элементтерінің тағайындалу орындарын түсіндіріңіз. 4. Электржетегі блогының өзара әсері және тағайындалуы қандай? 2.5 Оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстары сабағының жоспары (СОӨЖ) № апта | Тапсырма | Жүргізу формасы | Әдістемелік ұсыныстар | Ұсынылатын әдебиеттер | | | | | | 1. | Негізгі процестер және электр энергиясын түрлендіру технологиясы позициясымен пәнді оқу объектілерінің қысқаша сипаттамалары. | дискуссия | Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуін, мехатроникалық жүйе құрылысын, электроқшаулау және кабелді техникасын оқып үйрену; Электртехнологиялық қондырғылармен, жүйелермен, жарықтехникасы элементтерімен және қазіргі кезгі электржетегімен, оқылатын объектілердің автоматизациясымен танысу; | 3,4,9,10 нег 2,3,4,5,8,9 қос | 2. | Электрмеханикасы, электр машиналары электрэнергетикасының негізі; тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының қолданылу облыстары. | тренинг | Әртүрлі тағайындаулардығы электр машиналарының әсер ету принциптері, құрылысы және жіктелуі. | 1,2 нег 9 қос | 3. | Ортақтастырылған электрмеханикалық түрлендіргіш; тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарының қасиеттері. | Іскерлік ойын | Айнымалы және тұрақты ток электр машиналарында энергияның түрлену процестері. | 1,2 нег 9 қос | 4. | Мехатроника, электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік компоненттерден тұратын жүйе. | тренинг | Мехатрондық жүйенің блок-схемасын оқып үйрену, элементтерінің тағайындалуы және оның әсер ету принципі. | 10 нег | 5. | Электроқшауламалы және кабельді техника. | дискуссия | Электроқшаулау материалдарының жіктелуі және олардың қолданылу облыстары. | 3,4 нег | 6. | Электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелер. Жылутехникалық материалдар. | дискуссия | Жылу генерация әдісі бойынша жіктей отырып электр пештерімен танысу; электр пештері құрылысында қолданылытын жылу техникасы материалдарының қасиеттерін игеру. | 5,6 нег 2,4,5 қос | 7. | Кедергінің электртермиялық қондырғылары. | тренинг | КП жіктелуі, негізгі түрлері, конструктивті орындалуы, қыздыру элементтерінің есебі. | 4,5 қос | 8. | Индукционды және доғалы болат балқыту пештері. | дискуссия | Индукционды қыздыру принциптері, индукционды қондырғылардың жіктелуі, қоректену көздері, автоматты басқару жүйесі, диэлектриктердің жоғары жиілікті қызуы, электрлік доға параметрлерін реттеу, доғалы электрлі пісіру қондырғылары, доғалы қондырғыларды автоматты басқару. | 4,5 қос | 9. | Электролиз негіздері, берілген формамен электр-физикохимиялық әдіспен өлшемдік өңдеу жасау қондырғылары. | дискуссия | Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері; Электролизді өндірістік қондырғылар; Өлшемді формажасау әдістерінің негіздері. | 5 нег 2 қос | 10. | Төменгі температуралы плазмалар алу үшін арналған қондырғылар; электронды – сәулелі қыздыру қондырғылары; оптикалық квантты генераторлар (лазерлер). | тренинг | Плазмалы қыздырудың физикалық негіздері; плазмалық және электронды қыздырудың өндірістік қондырғылары; өндірістік плазматрондардың схемасы. | 6 нег 2,4,5 қос | 11. | Жарық техникасы және жарық көздері. Спектрдің оптикалық облыстарының шағылысуы. | тренинг | Материалдардың оптикалық және жарықтехникалық сипаттамалары; шағылу түрлері; өрістің, жарықтың интегралдық сипаттамалары және жарық есептері. | 7,8 нег | 12. | Метрология негіздері және фотометрия әдістері, шағылысу көздері. | дискуссия | Геометриялық оптика заңдарының негіздері, фотоқабылдағыштардың негізгі сипаттамалары, жылулық, импульстік, лазерлі және газдыразрядты шағылысу көздері. | 7,8 нег | 13. | Жарық аспаптары, реттеу аппараттары; жарықтандыру қондырғыларын нормаландыру. | тренинг | Жарық техникасы есептерінің негізгі жағдайлары; қоғамдық орындарды жарықтандыру, сыртқы жарықтандыру, спорт мекемелерін жарықтандыру, аэродромдардың жарық сигналды жабдықтары. | 7,8 нег 8 қос | 14. | Электржетектерінің жәктелуі және құрылымдық схемалары. | дискуссия | Тұрақты және айнымалы ток электржетегінің координаттарын реттеу; реттеу әдістері, схемалары, жүйенің әсер ету принциптері. | 9 нег 3,9,10 қос | 15. | Автоматтандырылған электржетегінің қазіргі жүйелері. | дискуссия | Тұрақты және айнымалы ток машиналарының күштік түрлендіру қондырғылары; электржетектерін электронды және компьютерлік басқару. | 9 нег 3, 9қос | 2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы шеңберіндегі сабақ жоспары (СӨЖ) |