Курс саясаты мен процедурасы. 1 страница Тізімі. 1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар: 1. Электр машиналары қандай режімде жұмыс істейді? 2. Электромагниттік индукция заңын кім және қай жылы ашты? 3. Электр машиналарын қоректендіру тәсілі бойынша қандай түрлерге бөлуге болады? 4. Трансформатор деген не? 5. Электрмеханика заңын айтып беріңіз. 6. Ортақтандырылған электрмеханикалық түрлендіргіш анықтамасын айтыңыз. 7. Тұрақты ток машиналарында энергия түрлену процесі қалай жүреді? 8. Айнымалы ток машиналарында энергияның электрмеханикалық түрленуі қалай жүреді? 9. Айнымалы ток колекторлық машиналарының негізгі кемшіліктері қандай? 10. Тұрақты ток генераторлары қандай мақсаттарда қолданылады? 2 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар: 1. Мехатроника анықтамасын айтыңыз. 2. Мехатроникалық жүйелердің құрылымы мен блок-схемасы қандай? 3. Интерфейс деген не? 4. Орындаушы механизм(ОМ) не үшін қолданылады? 5. Мехатроникалық жүйелердің топталуы қандай? 6. Мехатроникалық жүйелердің басқару жүйелері қандай? 7. Электрмеханикалық материалдардың негізгі кластарын атаңыз. 8. Электрэнергия бакалаврларын дайындауда электротехниканың негізгі мәселелері қандай? 9. Диэлектриктер мен басқарылатын диэлектриктер деген не? 10. Диэлектриктердің негізгі түрлері және топталуы қандай? 11. Электроқшауламалық материалдар не үшін қолданылады? 12. Күштік кабельдердің негізгі құрылымдары қандай болады?. 3 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар: 1. Жылутехникалық материалдар мен олардың қысқаша сипаттамалары жайлы не білесіз? 2. Материалы, используемые для электрлік қыздырғыш элементтерде қолданылатын материалдар мен өнеркәсіптік кедергі пештерінің жұмысшы температураларының диапазоны жайлы не білесіз? 3. Қоректендіруші торап тогының өзгеру жиілігі бойынша индукциялық қыздыру қондырғыларының топталуы қандай? 4. Конденсаторлық батареясы бар индуктор мен қорек көзін байланыстыратын токөткізгіш жайлы не білесіз? 5. Индукциялық балқыту қондырғыларының (ИБҚ) қорек көздері жайлы не білесіз? 6. ИБҚ-ның қоректену және басқару схемасындағы бақылау-өлшеу аспаптарын атаңыз. 7. Доғалық болат балқыту пештерінің (ДБП) жұмыс істеу қағидасы қандай? 8. ДБП қайсы электртұтынушылар категориясына жатады? 9. Электролиздік қондырғылардың негізгі элементтері мен электролиздің қолданылу аумағын айтыңыз. 10. Детальдердің көлемдік пішін түзілу қағидалары қандай және олар қайда қолданылады? 11. Материалдарды плазмалық қыздырудың физикалық негіздері қандай? 12. Плазмалық және электрондық қыздырудың қолданылу аумағын айтыңыз. 4 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар: 1. Спектрдің оптикалық аумағы қандай бөліктерге бөлінеді? 2. Жарық ағын деген не? (анықтамасы, формуласы) 3. Оптикада түзу кесінділерінің бұрыштары қалай белгіленеді? 4. Фотометрия нені зерттейді? 5. Газды разрядты лампаларда қандай разряд түрлері қолданылады? 6. Жарық аспаптарының анықтамасы мен топталуын айтыңыз. 7. Іске қосу реттеу аппараттарының негізгі қызметі не? 8. Бықсып жану лампалары (БЖЛ) қалай маркаланады? 9. Жарықтандыру қондырғыларын нормалау деген не? 10. Өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттардағы жарықтандыру қондырғыларының арасында қандай айырмашылықтар бар? 11. Ұшу аппараттарының қалыпты қонуы, рулденуі және ұшуы кезінде жарықсигналдық жабдықтар қандай роль атқарады? 12. Аэродромдардың жарықсигналдық жүйесінде жарықтылық реттегіштері қандай қосымша қызметтер орындайды? 5 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар: 1. «Электржетек» ұғымы нені білдіреді? 2. Электржетекке қойылатын талаптар мен олар атқаратын қызметтер қандай? 3. Электржетектің жалпы құрылымы мен негізгі компоненттерінің қолданылуы қандай? 4. Электржетектің күштік каналы жайлы не білесіз? 5. Электржетектің қозғалыс теңдеуі қандай? 6. Электржетектің механикалық сипаттамалары қандай? 7. Понятие регулирование Жылдамдық пен моментті реттеу ұғымы нені білдіреді? 8. Электр машиналарындағы шығындар жайлы не білесіз? 9. Электржетек құралдарымен энергия үнемдеу қалайша жүргізіледі? 10. Қазіргі заманғы АЭЖ жүйелері мен олардың қысқаша сипаттамалары қандай? 11. Электр көліктерінің автоматтандырылған жетектері, оларға қойылатын талаптар мен қысқаша сипаттамалары қандай? Аралық аттестация өткізуге арналған сұрақтар тізімі. 1. Айнымалы ток машиналарының қандай түрлері бар? 2. Электр машиналарының негізгі құрылымдық жасалулары қандай? 3. Мехатроника мен басқа ғылым салалары арасында қандай өзара байланыс бар? 4. Электрмеханикалық мехатроникалық қозғалыс модульдері (МҚМ) қандай болады? 5. Электр өрісіндегі диэлектрик деген не? 6. Диэлектриктердің электр өткізгіштігі жайлы негізгі түсінік. 7. Күштік кабельдер өндірісінде қандай материалдар қолданылады? 8. Күштік кабельдерді оқшаулау теориясы мен технологиясы қандай болады? 9. Электр пештері жайлы жалпы мәліметтер. 10. Тура және жанама әсерлесетін электрлік кедергі пештері. 11. Индукциялық пештердің жұмыс істеу қағидасы қандай? 12. Индукциялық тигельдік пештерді қоректендірудің электрлік схемалары. 13. Доғалық пештердің негізгі электр жабдықтары мен жұмыс істеу қағидасы. 14. Өнеркәсіптік электролиздік қондырғылар. 15. Металдарды өңдеудің механикалық емес тәсілдері. 16. Плазмалық қыздырудың физикалық негіздері. 17. Өнеркәсіптік плазматрондардың қолданылу аумағы. 18. Материалдардың оптикалық және жарықтехникалық сипаттамалары. 19. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. 20. Сәулелену көздері. 21. Жарықтық аспаптар. 22. Жарықтандырушы тораптардың іске қосу реттеу аппараттары. 23. Жарықтандыру қондырғыларын нормалау, жарықтандыру сапасы. 24. Қоғамдық ғимараттарды, ойын-сауық және спорт сарайларын жарықтандыру. 25. Аэродромдардың жарықсигналдық жабдықтары. 26. Электржетектің жалпы құрылымы, АЭЖ күштік каналы. 27. Электржетектің қозғалыс теңдеуі 28. Электржетектің механикалық сипаттамалары 29. Қазіргі заманғы тұрақты ток АЭЖ жүйелері. 30. Қазіргі заманғы айнымалы ток АЭЖ жүйелері. Курс саясаты мен процедурасы. Сабақтарға міндетті түрде қатысу, бақылаудың барлық түрлері бойынша өз уақытында есеп беру, өткізіп алған сабақтардың орнын толтыру. Өткізіп алған дәріс сабақтары орнына (себебі қандай болса да) дәріс тақырыбы бойынша реферат жазылып тапсырылады, ал өткізіп алған лабораториялық сабақтар оқытушы белгілеген уақытта орындалып тапсырылады. Сабақтарға міндетті түрде қатысу оқу-әдістемелік материалдардың шектеулілігімен, аудиториялық және лабораториялық қордың бос болмайтындығымен байланысты. 2 АКТИВ ТАРАТУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 2.1 Курстың тақырыптық жоспары 6 кесте Тақырыптар атауы | Академиялық сағаттар саны | Дәріс-тер | Прак-тика-лық | Зерт-хана-лық | СОӨЖ | СӨЖ | Ауд. | Офис. | 1.Электромеханика мен электромеханотроникаға кіріспе. Жалпылама электромеханикалық түрлендіргіш. Электромеханотрондық жүйелердің құрылымы мен жасау қағидалары. | | | | | | | 2. Электрлі оқшауламалық және кабельдік техника. | | | | | | | 3.Электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер. | | | | | | | 4. Жарық техникасы және жарық көздері | | | | | | | 5.Технологиялық кешендердің электржетегі мен автоматтандырылуы | | | | | | | Барлығы: | | | | | | | 2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері №1 Дәріс конспектісі Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Ортақтастырылған электрмеханикалық түрлендіргіш. Электрмехатроникалық жүйенің түзілу принципі және құрылғысы. Пәнді оқу объектілері. Электр машиналары электрэнергетиканың, энергия түрлендірудің негізі. Ортақтастырылған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарының қасиеттері. Адам қоғамының материалдық мәдениетінің даму деңгейі бірінші кезекте энергия көздерінің пайда болуымен және пайдалануымен анықталады. Буды, соңғы 100 жылда электрді пайдалану өндірісте техникалық революцияны түдырды және социалдық қатынастың дамуына шешуші ықпал жасады. Барлық электр энергиясы электр машинасымен өндіріледі. Бірақ электр машинасы генераторлық режимде жұмыс істеп қана қоймайды, қозғалтқыштық режимде электр энергиясын механикалық энеогияға түрлендіре отырып жұмыс жасайды. Электртехникалық өндіріс жылына барлық халық шаруашылығы саласына миллиондаған электр машиналарын шығарады. Электр машиналарынсыз бірде бір кешенді ғылыми бағдарламаның дамуы мүмкін емес. Электр машиналары космоста, терең жер астарында, мұхитта және атомдық реакторлардың активті зоналарында, мал шаруашылығы ғимараттарында сондай-ақ медециналық кабинеттерде қолданылады. Электр машиналарының ерекше ролі космостық, авиациялық және теңіз техникасына бөлінеді. Жылжымалы қондырғыларда жұмыс істейтін электр машиналары үлкен мөлшерде шығарылады. Мұндай машиналар жоғарғы энергетикалық көрсеткіштермен және жоғарғы сенімділік кезінде кіші көлемде болуы керек. Электрмеханикалық оқшау облысын автоматты басқару жүйесінің электр машиналары құрайды, онда электр машиналары жылдамдық, бұрыш, қалып датчиктері ретінде қолданылады және күрделі навигациялық жүйенің негізгі элементі болып табылады. 1.1 сурет. Турбогенератор қуаттарының өсуі | | Электр машиналарының тарихы М. Фарадейдің 1821 жылы электр қозғалтқышының пайда болуымен басталады. Қозғалтқышта тұрақты магнит 1, айналасында токты өткізгіш 2 айналып тұрады (1.2 сурет). Сырғанау контактысы шыныға 3 құйылған сынаппен және жоғарғы тірекпен 4 өамтылды. Фарадей қозғалтқышында тұрақты ток кезінде тұрақты магнитпен туындаған өткізгіште және тұрақты магнит өрісінде электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру іске асырылады. Орыс академигі В.В. Петров 1802 жылы 4200 мыс және мырыш пластиналарынан тұратын ЭҚК 1700 В және пайдалы қуаты 85 Вт болатын батареяны жасап шығарды. Оған бірінші электрлі доғаны бақылау мүмкін болды. Вольтты бағанамен эксперимент жасау электр тогының жылу және магнит әсерін оқуға жағдай туғызды. 1.2 сурет. Фарадей қозғалтқышы | | Электрлік және магниттік құбылыс XVIII ғасырда белгілі болды. Электр бойынша бірінші жұмыс 1600 жылы ағылшын ғалымы У. Гельберт жазған «магнит, магнитті дене және үлкен магнит – жер туралы» трактат болды. Гильберт электрленуге мүмкіндігі бар денелерді электрлік денелер деп атада да «электр» деген термин енгізді. XVIII ғасырдың басында Ф. Гауксби күкірт шарды қуыс шыны шармен ауыстырды. 1743 жылы машинаға зарядтарын түсіретін жылжымалы контакт енгізілді нәтижесінде машина үзіліссіз электр энергиясын беретін болды. XVIII ғасырдың соңында роторы 2 м дискі түрінде жасалынған сиымды электр машинасы шығарылды. Бұл машина ұзындығы шамамен 2 м болатындай ұшқын шығаратын болды. 1.3 сурет Барлоу дөңгелегі | | Атмосфералық электрмен М.В. Ломоносов, Г.В. Рихман, Б. Франклин көп айналысты. 1785 жылы Ш. Кулон электрлік зарядтар мен магнит өрістерінің өзара әсері туралы заңды қалыптастырды. Осы уақытта Ресейде А.Т. Болотовпен, И.П. Кулибинмен және басқа да ғалымдармен психологиялық тәжірибе жүргізу және емдеу үшін жылжымалы сиымдылық электр машиналары шығарылды. 1823 жылы П. Барлоу дөңгелектен 1 және тұрақты магниттен 2 тұратын қозғалтқышты ұсынды. Фарадей қозғалтқышындағы сияқты жылжымалы контакт банкігі 3 құйылған сынаптың және білікке жалғанған сымдардың көмегімен туындады. Қозғалтқыш химиялық элементтер батареясымен қоректендірілді (1.3 сурет). Фарадей өз тәжірибесімен индукцияның екі түрін ажыратты: Токпен индукция тогын (вольт – электрлік индукция Фарадей терминологиясы бойынша) және магнитоэлектрлік индукция («магнетизм көмегімен электрдің қозуы»). Бірақ та ол ары қарай оқу барысында индукцияның екі түрінің арасындағы айырмашылық болмайтынын атап көрсетті. Электр машиналары механикалық энергияны электрлік және керісінше электрлік энергияны механикалық энергияға түрлендіреді. Энергияны электрмеханикалық түрлендіру бізді қоршаған әлемде бірден бір негізгі түрлендіру болып табылады. Бұл энергияны түрлендіру тірі және өлі табиғатта қолданылады және адам көмегімен туындаған электр машиналарында қолданылады. Индуктивті ЭТ энергияның электрмеханикалық түрленуі орам индуктивтілігінің өзгеру есебінен, ал сиымдылық ЭТ сиымдылықтың өзгеруі есебінен жүргізіледі. Индуктивті-сиымдылық ЭТ дегеніміз қарапайым жағдайда бір электрмеханикалық жүйеге индуктивті және сиымдылықты машинаның электрлік тізбегін және жылжымалы бөліктерін біріктіру болып табылады (1.4 сурет). Индуктивті ЭТ энергия магнит өрісінде, ал сиымдылық ЭТ электр өрісінде шоғырланады. Индуктивті электр машиналарының барлық түрлерін қоректену түрлеріне байланысты тұрақты және айнымалы ток машиналары деп бқлуге болады. Айнымалы ток машиналары синхронды және асинхронды, айнымалы ток коллекторлы машиналары және трансформаторларға бөлінеді. Синхронды машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы ωр және магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығы ωс бір біріне тең. Асинхронды машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы өрістің бұрыштық жылдамдығына тең емес ωр ≠ ωс. Сондықтан ωр өрістің бұрыштық жылдамдығынан үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Ротордың айналу бағыты және статор өрісі қарама-қарсы болуы мүмкін. Айнымалы токтың коллекторлы машиналарының асинхронды және синхронды машиналардан айырмашылығы ротордың немесе статордың орамдарымен жалғанған фаза саны және жиіліктің механикалық түрлендіргіші – коллекторы бар. Трансформаторлар дегеніміз – энергияның электромагнитті түрлендіргіші. Оларда электр энергиясын механикалық энергияға немесе керісінше түрлендіру болмайды, тек қана электр энергиясының бір түрден екінші түрге түрленуі ғана болады. Трансформаторлар орамдары бір біріне қатысты араласпайтындай болып жасалынады. Жұмыс режиміне байланысты электр машиналары генераторлар және қозғалтқыштар болып екіге бөлінеді. Генераторларда машинаның білігіне берілетін механикалық энергия электр энергиясына түрленеді. Қозғалтқыштарда электр энергиясы механикалық энергияға түрленеді. Бір немесе сол электр машинасы генератор және қозғалтқыш болып та жұмыс істей береді. Бірақта генратор мен қозғалтқышта құрылымдық айырмашылық болады және машинаның зауыттық қорабында жұмыс режимі көрсетіледі. Электрмеханика заңдары.Электрмеханикасы физиканың бір тарауы болып табылады, онда энергияның электрмеханикалық түрленуі қарастырылады. Электрмеханикалық түрлендіргіштерде (ЭТ) – электр машиналарында энергияның электрмеханикалық түрленуі деген техникалық қабылдану бар. Энергияның электрмеханикалық түрлендіргішінің ПӘК-і 100 тең болуы мүмкін емес. Энергияның барлық түрлендіргіштерін екіге бөлеміз: қарапайым және күрделі. Қарапайым түрлендіргіштерде энергия бір түрден энергияның екінші түріне толықтай түрленеді. Мұндай түрлендіргіштерге электрлік пеш мысал болады, электр энергиясы тұтасымен жылуға түрленеді. Күрделі түрлендіргіштерде, ал олардың көпшілігінде энергия бір түрден энергияның бірнеше түріне түрленеді. КТ-ге жарық энергиясын электрге, химиялық энергияны механикалық, ядролық энергияны электрлік энергияға және т.б. түрлендіреді. Энергияның электрмеханикалық түрлендіргіші күрделі түрлендіргішке жатады. Оларда әрқашан электрлік Рэл немесе механикалық Рмех энергиялар жылулық энергияға Рж түрлену жүргізіледі (1.5 сурет). Ортақтастырылған электрмеханикалық түрлендіргіш Гармониктердің шексіз сандарының арасынан тек кейбіреулері ғана электр машиналарының сипаттамасына әсерін тигізеді, нармониктердің үлкен санының шексіз аз амплитудасы болады. Сондықтан энергияның түрленуі процесіне әсерін зерттеу кезінде үлкен амплитудасы бар аз гармониктер қарастырылады. Шексіз әуе саңылауы спектрінде гармониктердің күрделі өзара әсерлесуін талдау үшін математикалық модель құру керек. Мұндай модель ортақтастырылған ЭТ болып табылады. Ортақтастырылған ЭТ – бұл дегеніміз идеалдандырылған екі полюсті екі фазалы α және β остері бойынша статорында m орамдары бар және α және β остері бойынша роторында n орамдары бар электр машинасы (1.6 сурет). Ортақтастырылған ЭТ айналма өрісінің ауа саңылауында статорда және роторда екі пар орамдары болуы керек. Осындай жағдайда ортақтастырылған ЭТ моделі өріс саңылауында кез келген форманы қалыптастыруға болады. 1.6 суретте әрбір орам белгіленген, ол оның α немесе β осіне жататындығын, реттік нөмірін, сондай-ақ оның ротор мен статордағы орналасуын көрсетеді. Мұндағы α осі бойынша статор мен ротордың орамдары; β осі бойынша статор мен ротордың орамдары; α осі бойынша статор мен ротордың орамдарына берілген кернеу; β осі бойынша статор мен ротордың орамдарына берілген кернеу; Ортақтастырылған ЭТ моделі - математикалық модель. Сондықтан бір осте басқа орамдармен байланысы жоқ сол осте орналасқан орамдар болуы мүмкін. Осы жағдайда теңдеулерді жазу кезінде өзара индуктивтілік нолге тең. Ортақтастырылған ЭТ моделінен барлық электр машиналарының математикалық моделін алуға болады. Мысалға, бір орамды (ωс), саңылауында пульстеуші өрісі бар статорымен роторында екі жұп орамдарынан тұратын математикалық модель болып табылатын бірфазалы асинхронды қозғалтқышты келтіреміз. Тұрақты ток машиналарында энергияны түрлендіру процесі Электр машиналары қоректену түріне байланысты айнымалы және тұрақты ток машиналарына бөлеміз. Тұрақты ток машиналары тұрақты ток желісіне қосылады. Автономды жүйеде тұрақты ток машинасы генераторлық режимде тұрақты токтың көзі болып табылады, ал қозғалтқыштық режимде энергияны тұрақты ток көзінен тұтынады. Тұрақты ток машинасында якор орамдарының секция саны коллекторлық пластиналар санына тең. Тізбектей жалғанған секция бір енмесе бірнеше тарамдардан тұрады. Коллекторлы пластиналар бір бірінен оқшауланған және машиналардың айналуы кезінде щеткалары жылжып тұратын цилиндр түзеді. Жылжымайтын щеткаларға тұрақты кернеу беріледі. Коллекторлы пластиналардың щеткалары мен цилиндрі коллекторлы-щеткалы түйінді құрайды. Коллектордағы щеткалар саны машина полюстерінің санына тең. Машиналарды солтүстік және оңтүстік полюстерінде жасауға болмайтын сияқты, оларда бір оң немесе теріс щеткасы болуы тиіс емес.Машина якорының орамдарындағы ток екі параллель тарамға бөлінеді, орамдардың параллель тарамдарының саны α жұп полюстер санына p тең. Орамдардың параллель тарамдарының саны 2 α. Тұрақты ток генераторлары электролизді және гальваникалық қондырғыларды қоректендіру үшін және синхронды машинаның қоздыру орамдарын қоректендіру үшін қолданылады. Тұрақты ток генераторлары көптеген автономды қондырғыларда, тепловоздар мен басқа да жылжымалы қондырғылардың электрқозғалтқыштарын қамтамасыз ету үшін қуаттың көптеген бөлігін өндіреді. Тұрақты ток машинасының кемшілігі болып олардың қатысты жоғарғы құндылығы, сондай-ақ икомектор щеткасы түріндегі жылжымалы контактысының болуы. Айнымалы ток машиналарында энергияны электрмеханикалық түрлендіру Айнымалы ток коллекторлы машинасы айнымалы ток желісіне қосылады(1.7 сурет). Желінің өзгермейтін жиілігі fс ПЧ жиілік түрлендіргішімен өзгермелі жиілікке f = var. Айнымалы ток коллекторлы қозғалтқышында жиіліктің өзгеруі есебінен кең көлемде айналу жиілігін реттеу қамтамасыз етіледі. Айнымалы ток коллекторлы машиналары айналу жиілігін алу үшін айнымалы токтың реттелетін жетегінде қолданылады. Қазіргі уақытта айнымалы ток коллекторлы машинасы тұрмыстық аспаптардың жетектері үшін бірфазалы желіде үлкен қолданысқа ие болып отыр. Айнымалы ток коллекторлық машинасының негізгі кемшілігі нашар коммутация болып табылады. Жиіліктің механикалық түрлендіргіші коллектор бұл машиналарда айнымалы токты түрлендіру режимінде жұмыс жасайды. Айнымалы токтың коллекторлы машинасы ортақтастырылған машинаның моделінен, егер якордың көпфазалы орамдарын екіфазалыққа келтіретін болсақ жиілік түрлендіргішіне айнымалы ток берілуі керек. |