Курс саясаты мен процедурасы. 8 страница 4..2 кесте Қоғамдық ғимараттардағы бөлмелерге арналған нормаланатын параметрлер мен оларға қолдану ұсынылатын шамдар түрлері Бөлме | Бөлме тобы | Жарықтылықты нормалау беті | Жарықтылық, лк | Дискомфорт көрсеткіші | Пульсация коэффициенті, %, артық емес | Қоғамдық ұйымдардың бөлмелері | I | Г-0.8 | | | | Қызыл бұрыштар | I | Г-0.8 | | | | Қызмет көрсететін персоналдың кезекші бөлмесі | III | Г-0.8 | | | | Өткізу орындары (бюролары) және т.б. | I | Г-0.8 | | | | Өрттік-қарауылдаушы күзет бөлмелер | I | Г-0.8 | | | | Вестибюль мен сырт киім ілетін бөлмелер | III | Г-0 | 150-75 | - | - | Бас басқыштық торлар | IV | Г-0 | | - | - | Басқа да басқыштық торлар | IV | Г-0 | | - | - | Бас коридорлар, өткіштер мен жүру жолдары | IV | Г-0 | | - | - | Басқа да коридорлар, өткіштер, жүру жолдары | IV | Г-0 | | - | - | Лифтілік холлдар | IV | Г-0 | | - | - | Қол жуатын, темекі тарту және дәретхана бөлмелері | IV | Г-0 | | - | - |  4.16 сурет. Гардеробтарды жарықтандыру схемасы Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру, қалалардың сыртқы жарықтандырылуы, ғимарат сыртындағы өндірістік жұмыс орындарын жарықтандыру. Қалалар мен басқа да елді мекендерді және автомобиль жолдарын сыртқы жарықтандырудың негізгі мәселесі –түн мерзімінде көлік пен жаяу жүрушілердің қалыпты қозғалысын қамтамасыз ету. Нысандарды көру деңгейін анықтайтын фотометриялық сипаттама ретінде жол бетінің жарықтылығы алынады. Жетілдірілген жол беттері (асфальт, бетон және т.б.) үшін ол жарықтың түсу бұрышы мен беттің жағдайына тәуелді болады. Көшелерді, жолдарды, алаңдарды, көпірлерді жарықтандыру үшін мынадай жарықтандыру жүйелері қолданылады: - қарапайым (кәдімгі: бұл кезде жарықтандыру аспабы тірекке бекітіледі немесе 6-15 м биіктікте тросқа ілінеді; - аралық: бұл кезде жарықтандыру аспабын тірекке орнату биіктігі 20 м шамасында болады; - биік тіректерде: бұл кезде тірек 30-50 м аралығында ауытқиды; - бойлық-аспалы: бұл кезде жарақтандыру аспабы жолдар мен көшелерді бойлай тростарға ілінеді. Көшелер мен жолдар бұрылысының қисықтылық радиусы 60-250 м болатын бұрылыстарда жарықтандыру аспаптары бір жағына қойылатын болса, онда олар жолдың сырт жағына орналастырылады (4.17,а-сурет). Ал егер ішкі радиус бойынша орналастыру қажет болса, онда олардың ара қашықтығы болуы керек. Темір жол өткелдері мен жаяу адамдарға арналған өткелдерді жарықтандыру кезінде егер олар бір деңгейде орналасса, жарықтандыру аспаптары 4.17,б,в-суреттерде көрсетілген схемалар бойынша орналастырылуы қажет. Бір деңгейде орналасқан жолдар мен көшелерді жарықтандырғанда жарықтандыру аспаптары 4.17-г-е-суреттерінде көрсетілген схемалар бойынша орналастырылады.  4.17-сурет. Шамдарды орналастыру схемалары. Ойын-сауық және спорттық ғимараттарды жарықтандыру. Спорт ойындарын тиімді жарықтандыру күрделі мәселе болып табылады. Ол бірінші кезекте спортшылар мен көрермендерге ең оңтайлы көру жағдайларын қамтамасыз етуі шарт. Спортшылар үшін бақылау нысанын (доп, шайба, снаряд т.б) тез және сенімді ажырату мүмкіндігін қамтамасыз ету басты мәселе болып табылады. Ал ойындық емес спорт түрлері үшін жарықтандыру тек спорттық бағдарламаны орындауды ғана емес, сонымен бірге жарақаттану мүмкіндігін де азайтады. Спорттық бір түріне арналған төбесі ашық және жабық спорт алаңдарындағы жарықтандыру мәндері әртүрлі болады. Олардың арасындағы айырмашылық экономикалық жағдайлармен және жабық ғимаратты кешендік пайдаланумен анықталады. Егер спорт ғимаратында спорттың бірнеше түрінен жарыстар жүргізілетін болса, онда жарықтандыру ең күрделі ойын түріне байланысты нормаланады. Теледидар бағдарламалар үшін жазықтық бетінде 1000 лк-тен кем болмайтын вертикаль жарықтылықты қамтамасыз ету қажет. Олардың нормалінің векторы телекамераға бағытталған болуы керек. Кішігірім стадиондар мен спорт алаңдары үшін жоғарыдан жарықтандыру қолданылады. Жарықтандыру аспаптарының орналасу биіктігі волейбол мен теннис үшін 12 м-ден, бадминтон, баскетбол мен гадбол үшін 8 метрден, хоккей үшін 6 метрден кем болмауы керек. Ең көп тараған ғимараттарды жарықтандырудың мынадай негізгі тәсілдері мен әдістері қолданылады: Ашық ғимараттар (үлкен стадиондар мен аула алаңдары) үшін жарықтандыру әдістері мен құралдары әртүрлі болуы мүмкін.  4.18-сурет. Төрт мачталы жүйе 4.19-сурет. Баскетбол алаңын жарықтандыру схемасы. схемасы. Футбол стадиондарын жарықтандыру кезінде мачталы, сызықтық немесе аралас жүйелер қолданылады. Мачталық жүйелер қолданғанда негізінен алаңның төрт бұрышына төрт тірекке шамдар орналастыру әдісі кең тарған. Оларды орналастыру аймақтары 4.18-суретте көрсетілген. Теннис корттарын жарықтандыру ең күрделі мәселе болып табылады. Негізінен жоғары-жақтаулық жарықтандыру көп қолданылады. Мұндай жарықтандыру тәсілі фонды доптың жоғары контрастын қамтамасыз етіп, ойыншылардың көздерін талдырмайды. Бұл кезде жарықтандыру аспаптары корттың ұзын жақтарын бойлай орналасқан тіректерге бекітіліп, оның бойлық осіне көлденең бағытталады. Баскетбол алаңдары да жоғары-жақтаулық жүйе бойынша жарықтандырылады, өйткені баскетбол, «ауалық» ойынның сипаттық мысалы болып табылады. 4.19-суретте осы жарықтандыру жүйесінің төрт тіректі тәсілі көрсетілген. Негізгі әдебиет 8. [307-373]. Бақылау сұрақтары: 1. III топқа кіретін бөлмелерді атаңыз? 2. Жолдар, көшелер, алаңдар, көпірлерді жарықтандыру үшін қандай жарықтандыру жүйелері қолданылады? 3. Кіші спорт залдарын жарықтандыру кезіндегі тіректер биіктіктері қандай болуы керек? 4. Баскетбол алаңдарын жарықтандыру қалайша жүргізіледі? № 17 Дәріс конспекті Дәріс тақырыбы: Кез-келген ауа—райы жағдайларында ұшу аппараттарының қонуын, ұшуын және рулдедуді қамтамасыз ететін аэродромдардың жарық сигналды жабдықтары Азаматтық авиацияның әуе кемелерінің қозғалыс қарқыны күн санап өсуіне байланысты ұшу қауіпсіздігі мен реттілігін қамтамасыз ететін жабдықтарды жасау мен дайындау мәселесі өте маңызды болып келеді. Статикалық мәліметтер бойынша ұшу кестелерінің бұзылуының жартысынан көбі метрологиялық жағдайлар байланысты болатындығы анықталған. Олардың негізгі себебі-ұшу-қону жолының анық көрінбеуі болып табылады. Әлемдік ауа көлігі оқиғаларының жартысына жуығы қонуға кіру немесе қону кезінде болады. Әуе кемелерінің қонуын қамтамасыз ететін жүйеге радио және аэродромдардың жерде орналасқан жарық техникалық құралдары кіреді. Олар ұшу қауіпсіздігін жоғарылатады. Әуе кемесі қонуға кіру кезінде ұшқыштың жердегі нысандарды визуалды түрде қадағалауықалыпты қону үшін ориентирлер ұшқышқа ұшақтың ауадағы жағдайын анықтауға және жерге дейінгі биіктікті дәл шамалауға мүмкіндік береді. Нашар көріну жағдайларында радио мен жарықтехникалық құралдарды біріктіре отырып қолдану кезінде ғана сенімді қону мүмкін. Бұл кезде радиотехникалық құралдар ұшақтың қону аэродромына келуін, қону курсына кіруін және төмендеуді бастауды қамтамасыз етсе, жарықтехникалық құралдар теңестіру, қону, жерде жүру мен рулдеуді қамтамасыз етеді. І және ІІ категориялар үшін жарықтехникалық жабдықтар теңестіру, қону, жерде жүру және рулдеу кезінде –негізгі, ал ІІІ категория үшін-көмекші деп есептеледі. Аэродромдардың жарықсигналдың жүйесіне жарықсигналдық аспаптар, электротехникалық жабдықтар және басқару аппараттары кіреді. Олар аэродром бойынша белгілі бір схема бойынша орналасытрылады және ұшуды, рулдеуді кез-келген көру жағдайларында қамтамасыз етуге арналған. Радио және жарықсигналдық жабдықтар жүйесі аэродромдарда мынадай операциялардың орындалуын қаматамсыз етуге арналған. - қонуға кірудің соңғы кезеңі,қону және ұшу. (аэродромда белгіленген қону минимумудары үшін күні-түні); - аэродром ішінде ұшақтарды рулдеу және қозғалысын реттеу (күні-түні) - аэродром маңындағы биік кедергілерді жарықпен қоршау. Әуе кемелерінің қонуға кіру,қону,ұшу және рулденуі кезінде қолданылатын жарықсигналдық жүйелердің мынадай түрлері болады. 1) аспаптар бойынша немесе визуальді көру жуйелері (аз қарқынды оттар-ОМИ); 2) I категориялы жүйелер (I категориялы жоғары қарқынды оттар-ОВИ-1); 3) II категориялы жүйелер (II категориялы жоғары қарқынды оттар-ОВИ-2); 4) III категориялы жүйелер (III категориялы жоғары қарқынды оттар –ОВИ-3); Қону,ұшу және рулдеу кезінде ұшқыш мыналарды көруі керек(4..20-сурет) а) қонуға кіру кезеңінде-А учаскесін (ұшу-қону жолындағы (ҰҚЖ) бағыт) және ондағы жақындау оттарын; б) Қонуды жоспарлау мен теңестіру кезеңінде-Б учаскесін (қону бағытын,ҰҚЖ-ға дейінгі қашықтықты,ұшақтық жерге дейінгі биіктігі мен қисаюын),Е учаскесін(жақындау жолының соңы,ҰҚЖ-ның басы және басталуын) Д учаскесі (қону орнын) және учаскелерде орналасқан мынадай оттардағы: Б-жарық горизонттарының жақындаушы оттары мен КПБ жақтаулық оттары; К- кірістік оттар ; И- глиссадты оттар немесе қону белгісінің оттары,қону аймағының оттары; в) қону,жердегі жүру және рулдеу кезеңінде-Д учаскесін,В учаскесін (ҰҚЖ-ның жақтаулық шеттері), Г учаскесін (ҰҚЖ соңын),Ж учаскесін(жердегі жүріс бағыты,ҰҚЖ-дан шығу және одан жылдам шығу бағыттарын,рулдеу бағытын)және учаскелерде орналасқан мынадай оттарды: Л-жарықты фильтрлер бар (немесе жоқ) қону оттары; М-ҰҚЖ-ның осьтік оттары; Н- шектеуші оттар; О-ҰҚЖ-дан шығу және одан жылдам шығу оттары; П, П/, П//- басқарылатын таңбалар (белгілер) , стоп-оттар, сақтандырушы оттар және ҰҚЖ-ның кеңею оттары; г) Ұшу кезеңінде – З учаскесін (рулдеу бағытын),Ж учаскесін(ұшу бағытын,ҰҚЖ осін,ҰҚЖ бетін) және учаскеде орналасқан мынадай оттарды: П,П/,П//-РД жақтаулық және осьтік оттары; Р,Р/-басқарылатын таңбалар (белгілер), стоп –оттар, сақтандырушы оттар және ҰҚЖ-ның кеңею оттары, ауыспалы аймақтарды маркалау оттары; А-жарықты фильтрлер бар (немесе жоқ) қону оттары; М-ҰҚЖ-ның осьтік оттары; Н-шектеуші оттар; 4..20-сурет. Аэродром учаскелері: 1-жоспарлау; 2-теңестіру; 3-қону; 4-жермен жүру; 5-жермен жүру соңы; Ұшақты қондыру жеңіл болу үшін аэродромдағы сигналдық оттар белгілі бір ретпен,қажнтті жарықтық сипаттамалармен және әртүрлі туспен боялып орналастырылады. Қосымша әдебиет 8. [31-37]. Бақылау сұрақтары: 1. Ұшақтарды қондыру жуйесіне қандай құралдар кіреді? 2. Аэродромның жарықсигналдық жабдықтар жуйесі деген не? 3. Глиссадты оттар деген не? 4. Ұшу аппараттарын қалып қондыру үшін ең басты рольді не атқарады? 5. Жарықсигналдық жабдықтар не қызмет атқарады? № 18 Дәріс конспекті № 5 дәріс тақырыбы: Технологиялық кешендердің электржетегі мен автоматтандырылуы. 5.1 Электржетек қызметтері және оларға қойылатын талаптар. Өнеркәсіптегі АЭЖ-нің ролі, құрылымдық схемасы және электржетектің топталуы. «Электржетек» ұғымының анықтамасы. Электржетек-бұл басқарылатын электромеханикалық жүйе. Ол электр энергиясын механикалық энергияға және керісінше техникалық энергияны электр энергиясына түрлендіру қызметін атқарады. Электржетектің екі каналы болады: күштік және ақпараттық. Күштік канал бойынша түрленетін энергия тасымалданады. (5.1 суреттегі үлкен бағыттағыштар), ал ақпараттық канал бойынша жүйе жағдайы мен жұмысы жайлы мәліметтер жинақталып, өңделеді, кем-кетіктер анықталады (5.1 суреттегі кіші бағыттағыштар).  5.1 сурет-Электржетектің жалпы құрылысы Күштік каналдың өзі екі бөліктен тұрады: электрлік және механикалық. Сонымен бірге онда байланыстырушы буын-электромеханикалық түрлендіргіш болады. Күштік каналдың электрлік бөлігінде электрлік түрлендіргіш (ЭП) құрылғысы болады. Ол керек көзінін электр энергиясын алып, электромеханикалық түрлендіргішке ()ЭМП береді және қажет болған жағдайда электр энергиясын түрлендіреді. Механикалық бөлік электромеханикалық түрлендіргіштің жылжымалы органынан, механикалық берілістен және қондырғының орындаушы органынан тұрады. Электржетек электрмен қамдау жүйесімен немесе электр энергияны көзімен, технологиялық қондырғы немесе машинамен және ақпараттық түрлендіргіш (ИП) арқылы жоғары дәрежелі ақпараттық жүйесімен (көпшілік жағдайларды оператормен) өзара әсерлеседі (5.1 сурет). Механикалық энергиямен байланысты барлық процестер электржетектермен жүзеге асырылады. Тек электрлік емес қозғалтқыштар пайдаланылатын автономды көлік құралдарында ғана электржетектер қолданылмайды. Өнеркәсіптік кейбір салаларында гидрожетек және пневможетек сирек болса да қолданылып жүр. Электржетектердің кең қолданылуы оның мынадай артықшылықтарымен тікелей байланысты. Электр энергиясы алыс қашықтыққа оңай жеткізіледі., қолдануға әрқашан да дайын және энергияның басқа түрлеріне ауыстыру жеңіл. Оның үстіне электржетектердің қуаты мен айналу жиілігі өте кең диапазонда ауытқиды. Мәселен, аспап жасау жүйелеріндегі электржетек (ЭЖ қуаты микроватт бөлігіне дейін төмен болса, газ айдаустанциясындағы компрессор электржетектерінде қуат 1012 дейін жоғары. Қазіргі күнде ЭЖ-лардың қолданылу аумағы да өте кең: жасанды жүректен өздігінен жүректен өздігінен ЭЖ-лардың қолданылу аумағы да өте кең: жасанды жүректен өздігінен жүретін экскаваторға дейін, қарапайым желдеткіштен радиотелескоп антеннасына дейін-жалпы өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылады. Энергетика жағынан алып қарағанда ЭЖ-электр энергиясын ең басты тұтынушы. Дамыған мемлекеттерде ЭЖ барлық энергияның 60%-на жуығын тұтынады. Энергоресурстар тапшылығы жағдайында бұл ЭЖ-лардағы энергия үнемдеу проблемасын алға тартады. ЭЖ қызметтері және курс мәселелері. ЭЖ-ның күштік (энергетикалық) каналын толығырақ қарастырайық. (5.2 сурет). Сурет бойынша Р қуаты тораптан (Р1) жұмысшы органға (Р2) беріледі, процесс басқарылады және қуаттың берілуі мен түрленуі кезінде күштік каналдың әрбір элементінде шығындар Р болады деп есептейік.  5.2 сурет. Энергетикалық канал Осы кездегі электрлік түрлендіргіштің қызметі (егер ол қолданылса)-қорек көзі (торап) беретін және Iс-мен сипатталатын электр энергиясын қозғалтқыш талап ететін және U кернеуі мен I тогымен сипатталатын электр энергиясын түрлендіру. Түрлендіргіштер басқарылмайтын (трансформатор, түзеткіш, параметрлік ток көзі және басқарылатын (мотор-генератор, басқарылатын түзеткіш, жиілік түрлендіргіші болуы мүмкін. Сонымен бірге оның өткізгішітігі бір бағыттық (мотор-генератор, екі вентильдік жинағы бар басқарылатын түзеткіш) болады. Түрлендіргіш бір бағыттық болғанда энергияның жүктемеден қайтуы кезінде тежеу энергиясын тоқтату үшін қосымша резистор R қолданылады. Электромеханикалық түрлендіргіш (ЭМП)-қозғалтқыш-ЭЖ-да барлық уақытша болады және ол электр энергиясын (U, I) механикалық энергияға (М, ) және керісінше механикалық энергияны эл.энергияға түрлендіреді. Механикалық түрлендіргіш (беріліс)-редуктор, Винт-гайка жұбы, блоктар жүйесі, қисық тісті-шатундік механизм және т.б. М моменті мен жылдамдығын технологиялық машинаның жұмысшы органының момент Мм және жылдамдығымен сәйкестендіру қызметін атқарады. Түрлендірілетін энергияны сипаттайтын шамалар-кернеулер, токтар, моменттер (күштер), жылдамдықтар-ЭЖ координаталары деп аталады. ЭЖ-ның негізгі қызметі – осы координатларды басқару, яғни оларды технологиялық процесс талаптарымен сәйкес өзгерртіп отыру. Координаталарды басқару ЭЖ элементтерінің құрылымы белгілеген шектерде жүзеге асырылуы тиіс. Тек сонда ғана жүйенің сенімді жұмысы қамтамасыз етіледі. Осы рұхсат етілген шектер, әдетте, жабдықты өндіруші белгілеген координаталардың номинал мәндерімен байланысы. Осы мәндер ЭЖ-ні тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Дұрыс жинақталған жүйедегі координаталарды басқару кезінде барлық элементтердегі ∆Р шығындар минимумға дейін төмендетіледі және жұмысшы органға сол моментте талап етілген қуат беріледі. Осындай мәселелер -әртүрлі ЭЖ-лардың қасиеттері мен сипаттамалары, тұрақтанған және өтпелі режімдерде координаталарды қалайша дұрыс басқару, энергетикалық қасиеттерді қалай бағалау, ЭЖ-ның күштік бөлігін қалайша дұрыс жобалау – осы бөлімде қарастырылады. Бұл бөлімде ЭЖ-ның ақпараттық бөлігі қарастырылмайды: біз қазіргі заманғы техникалық құралдар кез-келген қажетті әсер жасай алады деп қабылдап, басты назарды ЭЖ-ның басқару жүйесі не істеу керек деген мәселелерге аударамыз. Негізгі әдебиет: 9 [5-9] Бақылау сұрақтары: 1. ЭЖ деген не, оның қызметі қандай? 2. ЭЖ-ның негізгі элементтерін атаңыз? 3. ЭЖ-ның қызметтері мен оларға қойылатын талаптар? 4. Өндірістегі АЭЖ-нің ролі қандай? 5. ЭЖ-ның топталулары қандай? № 19 дәріс конспекті Дәріс тақырыбы: Технологиялық кешендердің электржетегі мен автоматтандырылуы. Электржетектегі өндірістік механизмдер мен қозғалтқыштардың сипаттамалары. Электржетектің механикалық бөлігінің жалпыланған есептік схемалары. Электржетектің қозғалыс теңдеуі, электромеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері. Қозғалыс теңдеуі Қозғалтқыш роторы мен онымен тікелей байланысқан жүктеме –машинаның жұмыс органынан тұратын қарапайым механикалық жүйені қарастырайық (5.3 сурет) . Осындай қарапайым жүйе көптеген сораптардың, желдеткіштердің және т.б.машиналардың механикалық бөліктеріне қолданылады. Көптеген электржетектердің механикалық бөліктері де осындай модель түрінде жасалынған.  5.3 сурет-Механикалық бөлік моделі 5.3 суреттері жүйеде екі момент болады деп есептейік: қозғалтқыш тудыратын электромагниттік момент М және жүктеме мен механикалық бөліктің шығындары (үйкелу) жасайтын Мс момент. Әрбір моменттің шамасы мен бағыты бар. Жүйе қозғалысы Ньютонның екінші заңымен анықталады: , (5.1) мұндағы - бұрыштық жылдамдық, J- суммалық инерция моменті. 5.1 формуланың оң бөлігі-динамикалық момент . Ол үшін М және Мс моменттерінің алгебралық суммасы нөлден өзгеше болғанда пайда болады. Оның шамасы мен таңбасы үдеуді анықтайды. болатын режімдер, яғни М және Мс моменттері шамасы жағынан тең, бағыттары қарама-қарсы болатын режімдер тұрақтанған немесе статикалық режімдер деп аталады. Бұл кезде , . болатын режімдер өтпелі және динамикалық режімдер деп аталады. (5.1) теңдеуіндегі Мс моменті толығымен жүктеме қасиеттерімен анықталады, ал М моменті қозғалтқышпен жасалады және оны тәуелсіз айнымалы ретінде қабылдауға болады. жылдамдығы – тәуелді айнымалы; қатынасы динамикалық режімдерде (5.1) теңдеуінің кез-келген нақты жағдайларға арналған шешімімен анықталады, ал динамикалық режімдерде мына шарт бойынша табылады: . Механикалық сипаттамалары М және Мс моменттері уақытқа, жағдайға (орынға) және жылдамдыққа тәуелді болады. Жылдамдықтың М моментіне қатынасы қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы, ал Мс моментіне қатынасы жүктеменің (механизмнің) механикалық сипаттамасы деп аталады. Бұл сипаттамалар электржетектің статикалық және динамикалық режімдердегі анализін жасау қажет болады. |