МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Курс саясаты мен процедурасы. 7 страница





Лазерлердің қолданылу аумағы да кең: ақпараттарды беру мен метрологиялық тапсырмаларды орындау, медицина мен технологиялық процестер және т.б. Жарық техникасында СО2-мен жасалған лазерлер, қатты денелі лазерлер кең қолданылады.

Негізгі әдебиет 8. [23-27], 7. [88], 8. [39], 8 [107].

Бақылау сұрақтары:

1. Геометриялық оптикадағы бұрыштар мен түзу кесінділерін белгілеу үшін қандай таңбалау ережесі қабылданған?

2. Фотометрия деген не?

3. Лампалар сәулеленуі импульсінің пішіні мен ұзақтығы неге тәуелді болады?

4. Қабылдағыштың сезгіштігі немен анықталады?

5. Лазерлердің қандай түрлері болады және олар қайда қолданылады?

 

№ 13 дәріс конспекті

Дәріс тақырыбы: Жарық аспаптары. Қарапайым бейнелеу теориясы. Жарық аспаптарының жылулық есебі. Жарықтандыру аспаптарының жарық күші қисықтары.

Жарық аспаптары – жарық техникалық бұйымдардың кең тараған тобы. Олар жарықтандыру мен сигналдардың талап етілген жағдайларын қамтамасыз ететін негізгі техникалық құрал болып табылады.

Жарық аспаптары – күрделі талаптарға сай болуы қажет электротехникалық аспаптар. Ол талаптарға мыналар жатады:

- арнаулы жарық техникалық талаптар;

- қауіпсіздік пен сенімділік талаптары;

- құрастыру-пайдаланушылық талаптар;

- техникалық эстетика талаптары;

- техникалық-экономикалық талаптар.

Жарықтық кешендер (ЖК) деп жарық аспаптарының жиынтығынан, жеке оптикалық немесе басқа деталдарынан, құрамалық бірліктер немесе блоктардан тұратын, тұтынушыда жиналып, өз қызыметін тек жиналған күйде ғана орындайтын және жарықтандыру мен сигналдауға арналған құрылғыларды айтады.

Стационарлық жарық аспаптары –қондыру орнына бекітілген, оны алу үшін құрал қажет болатын аспап. Стационарлық емес жарық аспаптарын қондырылған (бектіліген) жерден ешқандай құралдың көмегінсіз шешіп алып, басқа орынша көшіруге болады. Тасымалдайтын жарық аспаптары –жеке қорек көзі бар, стационарлық емес аспап, оларды тасымалдау кезінде қорек көзінен ажыратылады.

Шам – дегеніміз үлкен денелік бұрыш (4 -ге дейін) ішінде лампаның (лампалардың) жарығын қайта бөліп тарататын және жарық ағынының бұрыштық концентрациясын 15-тен аспайтын күшейту коэффициентімен (симметриялық аспаптар үшін), және 30-дан үлкен (дөңгелек симметриялық аспаптар үшін) күшейту коэффициентімен қамтамасыз ететін жарық аспаптары.

Жалпы мақсатты прожекторлар жұмыс беттерін ұзақ уақыт жарықтандыру үшін қолданылады. (Ашық кеңістіктерді, ғимарат сыртын, ескерткіштерді жарықтандыру т.б.).

Іздеуге арналған прожекторлар ұзаққа әсер прожекторлар болып табылады, іздеп табуды оңайлату үшін алыстағы нысандарға қойылады (зениттік, теңізді т.б. прожекторлар).

Жарықтық маяктар (аэродромдық, теңіздік, өзендік, бағдарлық және т.б.) маяктың орналасқандығы туралы жарықтық сигналдауды жүзеге асырады.

Бағдаршамдар – көлік пен адамдар қозғалысын реттейтін жарық сигналдарын беру үшін қолданылады.

Фарлар – көліктерге қойылатын, жолды жарықтандыруға арналған прожектор типті жарық аспабы.

Жарықтандыру аспаптарының жарық күші қисықтары.

Жарық ағыны сәулелену көзінің жалпы жарықтық қуатын сипаттайды. Көптеген сәулелену көздерінің жарық ағыны кеңістікте әркелкі тарайды. Мұндай сәулелену көздерін сипаттау үшін олардың әрқайсысының жалпы жарық ағынын білу жеткіліксіз.

Ол үшін әртүрлі бағыттарда таралған жарық ағынының кеңістікте бөлініп таралуын білу қажет.

Сәуле көздерінің жарық ағындарының таралуын сипаттау үшін сәуле көзін қоршаған кеңістіктің әртүрлі бағыттарында таралған жарық ағынының кеңістіктегі тығыздығы деген ұғым қолданылады.

Жарық ағынының төбесі сәуле көзі болып табылатын денелік (кеңістіктік) бұрышқа қатынасымен анықталатын жарық ағынының кеңістіктік тығыздығы жарық күші деп аталады:

(4.18)

Жарық күші ұғымы нүктелік сәуле көзіне қатысты айтылады. Нүктелік сәуле көзі дегенде кеңістіктің берілген О нүктесінен көрінетін ең үлкен көлемі x-тің сол аралыққа y қатынасы мынадай болатын сәуле көзін түсіну керек (4.8-сурет)

y: x ≥ 5.

Қарапайым денелік бұрышқа конустық бетпен түзілген бұрыш мысал бола алады. 4.9-суретте S сферасының бетіндегі учаскесіне сүйенетін орталық денелік бұрыш көрсетілген. Денелік бұрыш шамасы дегеніміз – орталық денелік бұрыш сүйенетін сфералық бет ауданының сфера радиусының квадратына қатынасы:

(4.19)

Денелік бұрыштың өлшем бірлігі ретінде стерадиан (ср) қабылданған. Денелік бұрыштың ең үлкен шамасы 4π-ге тең.

Жарық күшінің өлшем бірлігі – кандела (1 кд = 1 лм · ср-1). Ол платинаның қатаю температурасында ауданы 1:600 000 м2 болатын қара дене бетінің элемент перпендикуляр бағытта шығарған жарық күші ретінде анықталады.

 

 

 

4.8 сурет. Нүктелік жарық көзін анықтау. 4.9 сурет. Денелік бұрыш.

 

Негізгі әдебиет 7. [60-62], 8. [111-115].

Бақылау сұрақтары:

1. Жарық аспаптары деген не?

2.Жарық аспаптарының жарық кешендерінен айырмашылығы қандай?

3. Прожектор деген не?

4.Жарық ағынының кеңістіктік тығыздығы немен анықталады?

5. Жарық күші немен өлшенеді?

№ 14 Дәріс конспектісі

Дәріс тақырыбы: Іске қосу-реттеу аппараттары.Электрлік тізбек элементтері қызметін атқаратын газды разрядтық лампалар сипаттамалары.Газды разрядтық лампаларды жағу схемалары мен жұмысын тұрақтандыру. Жарықтандыру тораптарын қоректендіру схемалары мен құрылымдық орындалуы. Жарықтандыру қондырғыларын пайдалану.

Іске қосу-реттеу аппарат-газды разрядтық лампаларды электр энергиясымен қоректендіруді жүзеге асыратын,жану,өшу режимдерін қаматамасыз ететін жарық техникалық бұйым.Олар тұтас бір аппарат немесе бірнеше жеке блоктар түрінде болуы мүмкін. Газды разрядты лампалардың электрлік,жарықтық және пайдаланушылық параметрлері іске қосу, реттеу аппаратына тәуелді болады. Сондықтан газды разрядтық лампалардың параметрлеін іске-қосу-реттеу аппаратының параметрлерімен сәйкестендіру қажет.

ГЛ-ІҚРА тұтас жиынтығының көрсеткіштері де тиімділендіру қажет.

ІҚРА-ның негізгі қызметтері:

1. ГЛ-ді жағу;

2. ГЛ-дің жанып тұруы;

3. ГЛ-дің жұмыс режимінің орнықтылығын қаматамсыз ету;

Жанып тұру кезінде лампа тогының өзгерту сипаты мен жанып тұру ұзақтығы ІҚРА-ның типі мен сипаттамаларына тәуелді болады.(4.9-сурет).

4.9-сурет. ДРН-250 типті лампа тогының салыстырмалы мәндерінің жанып тұру

уақытына тәуелділігі. 1-индуктивті балласт қойылған лампа;

2-сыйымдылықты-индуктивті балласт қойылған лампа( ;3-

сыйымдылықты-индуктивті балласт қойылған лампа ( )

Әрбір ток мәні үшін тұрақтанған температурада ГЛ-дің статикалық вольт-амперметрлік сипаттамасы. (4.10-сурет) құламалы (1 қисық),бірқалыпты (2 қисық) және өспелі (3 қисық) болуы мүмкін.

1-ші және 2-ші қисықтармен жұмыс істейтін лампалардың тұрақталған (орнықты) жұмыс режимін қаматамсыз ету үшін міндетті түрде балласт қажет.

(ЛЛ,ДРЛ,ДРН,МГЛ лампалары). Ал 3-ші қисықпен жұмыс істейтін лампалар балластсыз да орнықты жұмыс істей алады,бірақ 3-ші қисықтың ток осіне қарай аз еңістігі болғанда экономикалық жағынан тиімсіз болады.

4.10 сурет. Разрядтық лампалардың типтік вольт-амперлік сипаттамалары:

1-люминесценттік лампа 40 Вт (UЛ,Р=103 В; IЛ,Р =0.43 А);

2-ДРИ 250 (UЛ,Р=130 В; IЛ,Р =2.3 А);

3-ДКсТ 10000 (UЛ,Р=220 В; IЛ,Р =50 А);

 

Орнықтылық-схема элементтерінің параметрлерін және сыртқы жағдайларды өзгерткен жағдайда ГЛ-ІҚРА-жиынтығының бастапқы жақын сипаттамаларын сақтау қабілеті. (мәселен кернеуді,температураны өзгерту кезінде). Орнықтылық орнықсыздық коэффициентімен бағаланады. Ол коэффициент лампа параметрлерінің салыстырмалы өсімшелері мен ГЛ параметрлерін өзгеріске ұшыратқан факторлардың салыстырмалы өсімшесі арасындағы пропорционалдық түрінде анықталады.

Әртүрлі газды разрядты лампалар.

Бықсып жану лампалары негізінен индикатор ретінде қолдануға арналған.

Оның жұмыс істеу қағидасы катодтың бықсып жануын пайдалануға негізделген. Лампаның әйнек балонына бір-біріне жақын орналастырылған екі электрод бекітілген. Әдетте лампа неонды-гелий қоспасымен (650-2600 Па қысымда) толтырылған. Сонымен бірге онда аз мөлшерде аргон (немесе сынап) қосылады. Ол от алу (жағу) кернеуін азайту үшін қажет. Ал электродтардың пішіні лампаның қолданылу мақсатына тәуелді болады. Лампаны тұрақты ток көзіне қосқанда бірінші теріс полюске қосылған электрод жанады. Ал айнымалы ток көзіне қосқанда жарықтау тоғы екі электродты да қамтиды. Сәулеленудің генерттілігі аз болады (20-22кГц шамасында) Неонмен толтырылған лампалар сарғыш-қызыл сәулелену шығарады. Оның спектрі 4.11-суретте көрсетілген. Бықсып жану лампаларының жарық ағыны 0,02-5 лм шамасында болады.

 

 

4.11-сурет. Неонды лампалардың сәулелену спектрі:1- 614 ; 2- 640 ; 3-650 ;

4- 703 .

 

Бықсып жану лампаларын таңбалау: Т-бықсу разрядтық; М-миниатюрлық; В-вольтскоптарға арналған ; Н-неондық;ВМ-толқын есептегіш; УВ-жоғары кернеу көрсеткіші;

Бірінші сызықшадан кейінгі сан –миллиампермен көрсетілген ток; екінші сызықшадан кейінгі сан-жасалымның реттік нөмірі; Ал МН типті лампаларда-бірінші сан-кернеу (вольтпен) және екінші сан –ток (ампермен) болып есептеледі.

Бықсып жану лампаларының жұмыс істеу мерзімі 1000сағ артық. Оларды іске қосу лампалармен тізбектеле жалғанған резистор арқылы жүргізіледі.

Газды разрядты лампаларды жағу схемалары мен жұмысын орнықтыру. Жарықтандырғыш тораптарды қоректендіру схемалары мен құрылымдық жасалуы .

Люминесценттік лампалардың вольт-амперлік сипаттамасы құламасы түрде болғандықтан ІҚРА арқылы іске қосылады. ІҚРА белгілі бір параметрлері бар разрядтық пайда мен сақталып тұруына жағдай жасайды. АЛ кейбір ІҚРА-лар радиошуылдарды жойып қуат коэффициентін жақсартады.

Люминесценттік лампаларды (ЛЛ) қосудың статерлік схемалары. Мұндай схема 4.12-суретте көрсетілген. Оған мыналар кіреді:

1) симметияланған дроссель ДР; 2) екі конденсатор –С және Ск ;3) стартер Ст.

4.12-сурет. Бірлампалы стартерлік схема. 4.13-сурет Тарамдалған фазалы схема және

оның векторлық диаграммасы

Лампалар саны аз қондырғылар үшін тарамдалған фазалы схема кең қолданылады. Осы екі схема мен оның векторлық диаграммасы 4.13 –суретте көрсетілген.

Жарықтандыру қондырғыларын пайдалану

Жарықтандыру қондырғыларын пайдаланудың негізгі мәселесі-оларды жоболау кезінде беітклген жарықтық ортаның ыңғайлылығы көрулік жұмыстар жағдайын қаматамсыз ету.

Мәселен, өндірістік бөлмелерде жасанды жарықтандыру кезінде-жұмысшылардың көздерінің аз шаршауы мен өнім сапасы,ал қоғамдық ғимараттарда-алыстан көру деңгейі жәнет.б.

Жарықтандыру қодырғыларының сенімділігін қамтамасыз ету үшін өз уақытында жұмыстан шыққан элементтерді ауыстырып,шаңнан тазарту және қосымша жарықтандыру аспаптарын қою қажет. Олардың саны жобалау кезінде таңдалған қор коэффициентімен анықталады.

Пайдалану қызметінің негізгі мәселелерінің бірі-жобада қабылданған жарықтандыру қондырғыларының сандық және сапалық параметрлерін сақтау. Өйткені бұл параметрлердің азаюы өнімнің сапасын нашарлатып,жұмысшылардың тез шаршауына алып келеді.

Әдебиеттер: Нег.8 [136-139], Қос.7. [298-301].

Бақылау сұрақтары:

1. Іске қосу-реттеу апппараты деген не?

2. ІҚРА-ның негізгі қызметі не?

3. Газды разрядты лампалар құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы қандай?

4. Жарықтандыру қондырғыларын пайдаланудың негізгі мәселері қандай?

5. Жарықтандыру қондырғыларының сенімділігі қалайша қаматамсыз етіледі?

 

№ 15 дәріс конспектісі

Дәріс тақырыбы: Жарық техникалық қондырғылар.Жарықтандырғыш қондырғыларды нормалау,жарықтандыру сапасы.Жарық техникалық есептеудің негізгі ережелері.

Жасанды немесе табиғи жарықтандыруды нормалау дегеніміз –пайдалану кезінде талап етілген сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін жарықтандыру қондырғыларын (ЖҚ) жасаудың нормалары мен ережелерін белгілеу. Бұл нормалар мен ережелер нормативтік құжаттармен регламенттеледі.

Олардың негізінде сәулелену физикасы,көру физиологиясы, еңбек гигиенасы,техника мен экономика және т.б. аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулердің материалдары жатады. Сонымен бірге әр елдің материалдық және энергетикалық ресурстары да ескеріледі.

Нормалау мақсаты мен міндетіне көру физиологиясы, еңбек гигиенасы, техника қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, ЖҚ-ның көру тиімділігін қамтамасыз ететін жарықты орта жасау кіреді.Бұл кезде электр энергиясы мен басқа да материалдық ресурстардың неғұрлым аз жұмсалуы және ЖҚ-ны құрастыру мен пайдалану еңбек шығыны (жұмсалымы) ескеріледі. ЖҚ-ның тиімділік көрсеткіштерін таңдау, оның функционалдық қызметіне байланысты жүргізіледі.

Тиімділік көрсеткіштерінің нормативтік құжаттарындағы тікелей регламенттеу тура нормалау әдісі деп аталады.Ол әдіс нормалармен регламенттелетін параметрлерді белгілеудің ең жетілдірілген әдісі болып табылады. Бірақ ЖҚ-ны жобалау мен есептеу тек фотометриялық шамалар бойынша ғана жүргізіледі.(жарықтылық,жарықталу,жарық ағыны және т.б.).

ЖҚ тиімділік көрсеткіштері нормативтік құжаттарды жасау кезінде тек нормалау белгілері (критерийлері) ретінде ғана пайдаланылады. Ал регламенттеуші сипаттамалар ретінде жарықтылық,цилиндірлік жарықтылық,табиғи жарықтылық коэфициенті(ТЖК),жарықталу және т.б. алынады. ЖҚ көрсеткіштерін регламенттеудің мұндай тәсілі жанама нормалау әдісі деп аталады.

Жарықтандырылатын кеңістіктегі жарықтылықтың әркелкі тарауы әркелкілік коэфициентімен бағаланады.

 

N = ΔLH /ΔL – 1, (4.19)

 

мұндағы -көру аумағында жарықтылықтың әркелкі таралуы кезіндегі бастапқы жарықтылықтар айырмасы; -бұл да сол,тек көрү аумағындағы жарықтылық біркелкі тараған кезде.

Жарықтылығы үлкен жарық беруші беттер (шамдар,жарық беруші төбелер,панелдер,терезелер) көру аумағынан шетте орналасса жұмысшының көру қабілетін нашарлатып,дискомфорт туғызады.Бұл сапалық көрсеткіш көру қабілетін нашарлату немесе дискомфорт көрсеткіштігімен бағаланады.

Уақыт өтуімен жарық ағынының өзгеруі мәселен,оның периодтық тербелістерінің жиілігі ауыспалы жиіліктен жоғары болғанда,тез шаршауға,көру қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Осы көрсеткішті бағалау үшін жарықтылықтың пульстену коэфициенті қолданылады.

Жарықтандыру нормалау белгілері (критерийлері) дегенде ЖҚ-ларға арналған нормаланатын сандық және сапалық көрсеткіштер деңгейлерін бекітетін көру тиімділігінің көрсеткіштерін түсіну қажет. Нормалау белгілерін(критерийлерін) таңдау ЖҚ-ның функциональдық қызметі мен міндетіне байланысты болады. Яғни әртүрлі мақсаттарға қойылатын бірдей ЖҚ-лар үшін нормалау белгілері (критерийлер) жиі қолданылады:салыстырмалы көру аумағы,көрулік жұмыс қабілеті,техникалық экономикалық көрсеткіштер.

Қайсы нормалау белгісі (критерийі) таңдалса да өнеркәсіптік ЖҚ-ларда жұмыстық беттердегі жарықтылық регламенттеледі.Жұмыстық беттер дегеніміз бақылау нысандары орналасқан (немесе олардың артында орналасқан ) беттер болып табылады.

Бір жұмыс учаскесінде орналасқан жұмысшы беттер жиынтығы жұмыс орны деп аталады.

Салыстырмалы көру аумағы бойынша жарықтылықты нормалау.

Бұл кезде бақылау нысаны ретінде жарық фондағы қара дөңгелек алу қабылданған.Ол үшін Блекуэлл табу ықтималдылығына -дың тәуелділігін анықтады.

4.14-сурет. Салыстырмалы бастапқы контрасттың / табу ықтималдылығына қатынасы: 1-уақыт шектелмеген; 2- кезде.

 

4.14-суретте әртурлі ықтималдылықпен р анықталған бастапқы контрасттардың р=0,5 кезіндегі сол шама мәніне қатынасы тәуелділіктері көрсетілген. Фонның жарықтылығы үлкейген сайын кез-келген бұрыштық өлшемдегі дөңгелекке арналған функциясындағы бастапқы контраст төмендейді,ал оның мәні жоғарлаған сайын шамасы қанығуға ұмтылады.

Блекуэлл және басқа ғалымдардың зерттеулері негізінде р=0,5 кездегі жарықтылығы біркелкі фон үшін бастапқы контрасттық минимал мәндері белгілеген. Осы мәндер 4.1-кестеде көрсетілген.

 

4.1-кесте

р=0,5 кездегі дөңгелекке арналған шектік бастарқы контрасттар мен жарықтылықтың оптимальды мәндері.

 

МИнимал бастапқы мәндер α
1’ 2’ 3’ 5’ 10’ 50’ 150’
εα Lопт, кд/м2 0.12 103 0.045 0.64·103 0.03 0.3·103 0.018 0.2·103 0.012 0.01   0.008

Берілген бұрыштық көлемдері бар бақылау нысанының максимал көріну мәндері кезде болады.

Жалпы жағдайда бақылау нысандарын табу ықтималдылығының берілген мәндері кезінде және көру аумағы мына теңдеулермен анықталады:

(4.20)

 

(4.21)

мұндағы К-фоны бар бақылау нысанының контрасты.

Салыстырмалы көру аумағы мына теңдеумен анықталады:

(4.22)

 

Көрулік жұмыс қабілеті бойынша жарықтылықты нормалау жарықтылық фоны шамасы қолданылады. 4.15-суретте көрүлік жұмыс қабілетінің осы шама функциясындағы қисық сызықтары көрсетілген.

 

4.15-сурет. Фон жарықтылығы функциясындағы көрулік жұмыс қабілеті графиктері.(Вестон бойынша)

1- контраст К=0,92 кезде

2- К=0,68 кезде; 3-К=0,37 кезде;

- α = 3’; - - - - α = 6’.

 

Негізгі әдебиет. 8. [157-159].

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды және табиғи нормалау деген не?

2.Нормалау мақсаты мен міндеттері қандай?

3.Жұмысшы бет деген не?

4. Жарықтандыруды нормалау белгілері(критерийлері) деген не?

 

№ 16 дәріс конспекті

Дәріс тақырыбы Өнеркәсіптік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру, қалалардың сыртқы жарықтандырылуы, ғимарат сыртындағы өндірістік жұмыс орындарын жарықтандыру. Ойын-сауық және спорттық ғимараттарды жарықтандыру.

Өнеркәсіптік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Өндірістік және қоғамдық ғимараттардың бөлмелері сипатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. (4.2-кесте). Бірінші топ бөлмелеріне көру, қарау жұмыстарымен қызу айналысатын және қарау бағыты жұмыс беттеріне бағытталатын бөлмелер (әкімшілік-кеңселік бөлмелер, сыныптар, аудиториялар, оқу залдары т.б.). Көрудің негізгі мәселесі нысанды ажырату мен қоршаған кеңістікті шолу болып табылатын бөлмелер екінші топқа кіреді (дүкендердің сауда залдары, музейлер мен көрмелер, спорт залдар, ұстаханалардың қабылдау бөлмелері т.б). Қошаған кеңістіккешолу-үшінші топ бөлмелерінің негізгі көрушілік мәселесі (корермендер залы, фойе, холлдар т.б.).





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.