МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 8 страница





2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:

1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;

2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.

6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.

7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады.

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткiзуге тыйым салынады.

Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi.

3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөнiндегi мiндеттеме көзделуге тиiс.



4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламентте регламенттелсе) өнiммен қоса жүруi көзделуге тиiс.

Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Бұл стандартты қанша ел қолданады?

2. СЖ–да жұмыстарды ұйымдастыру қанша кезеңнен тұрады?

3. СЖС негізгі объектісі не?

4. СЖС қандай сертификаттау аясында жүзеге асады?

5. Маңызды сыртқы себептері қандай?

 

20 – дәріс

Жоспар:

1. Сырттан әкелінген тауар;

2. ҚР-да қолданылатын нормативтік құжаттар;

3. Тауардың сынақтан өтуі.

Міндетті сертификаттауға жататын тауарлардың кіру реті

ҚР-ның аумағына әкелiнетiн, сатудың, сатып алудың немесе айырбастаудың (бартердiң) саяғы болып табылатын, мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер (тауарлар) кедендiк бақылауға жатады.

Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдердiң (тауарлардың) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика мен сауда министрлiгi Стандарттау, метрология мен сертификаттау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi Қазақстан Республикасының Мемстандарты) министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстарын ескере отырып, әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

ҚР-да қолданылып жүрген нормативтi құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкес республиканың кеден аумағына әкелiнетiн өнiмдердiң (тауарлардың) қауiпсiздiгiн растау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнде (бұдан әрi- ҚР МСЖ) Мемстандарттың тiркеген сертификаттау органдарының өнiмдердi сертификаттауын жүргiзуi жолымен немесе шетелдiк сертификаттарды тану жолымен жүзеге асырылады.

Тiркелген органдар мен сынақ зертханаларының мемлекеттiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемстандартты жүргiзедi.

Аса тез бүлiнетiн және бүлiнетiн өнiмдердiң (тауарлардың), сондай-ақ тағамдық биологиялық белсендi қоспалардың қауiпсiздiгiн растау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi жүйесiнде оларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптан өткiзу жолымен жүзеге асырылады.

Өнiмдердi (тауарларды) сертификаттаудың ережелерi мен шетелдiк сертификаттарды тану Қазақстан Республикасы Мемстандартының Қаулысымен бекiтiлетiн және күшiне ендiрiлетiн, ҚР МСЖ-iнiң негiзге алынған нормативтi құжаттарымен белгiленедi.

Өнiмдердi санитарлық-эпидемиологиялық сараптан өткiзудiң ережелерi мен шетелдiк гигиеналық сертификаттарды (қорытындыларды) тану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен бекiтетiн және күшiне ендiретiн нормативтi құжаттарымен белгiленедi.

· Ресей Федерациясының, Украинаның, Әзiрбайжанның, Арменияның, Молдованың, Беларустiң, Қырғызстанның, Тәжiкстанның, Түркменстанның, Өзбекстанның сертификаттау жөнiндегi органдарының сертификаты немесе сәйкестiк белгiсi;

· Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген шетелдiк ұйымдардың сертификатты немесе сәйкестiк белгiсi;

· Түрiктiң стандарттар институтының (14.02.98 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.33 тiркеу аттестаты);

· Швейцарияның SGS фирмасының (03.06.97 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.27 тiркеу аттестаты);

· Францияның "Газ Де Франс" фирмасының (07.02.98 ж.-ға дейiнгi мерзiмге КК/646.4.34 тiркеу аттестаты) мен белгiленген тәртiппен ҚР МСЖ-iнде бұдан әрi тiркелген немесе танылатын басқалары өнiмдердiң (тауарлардың) қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар болып табылады.

Кеден режимiнiң шарттарына сәйкес өнiмдердi (тауарларды) шығарудың ерекшелiктерi.

ü еркiн айналымға шығару;

ü керi импорт;

ü кедендiк бақылаумен ұқсату (ұқсату өнiмдерiн еркiн айналымға шығару жағдайында);

ü кеден аумағынан тысқары ұқсату (ұқсату өнiмдерiн әкелуге қатысты бөлiгiнде) режимдерiмен орналастырылған өнiмдердi (тауарларды) кедендiк бақылаудың негiзi болып табылады.

Кеден режимдерiне қарамастан сертификаттар ұсынылмастан Қазақстан Республикасы кеден аумағына төмендегiдей:

- шет ел мемлекеттерi мен Халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ олардың қызметкерлерiнiң ресми пайдалануына арналған;

- жаңа және ұсталған автомобильдердi әкелу жағдайларын қоспағанда жеке тұлғалардың әкелетiн және өндiрiстiк немесе коммерциялық қызметке арналмаған өнiмдер (тауарлар) шығарылады.

Тасымалдануы мен сақталуы ерекше климаттық шарттарды (температура, ылғал, қысым мен т.б.) қажет ететiн, аса тез бүлiнетiн өнiмдер (тауарлар) кеден органы анықтайтын кезектен тыс тәртiппен кедендiк бақылауға жатады. Мұндай өнiмдердiң (тауарлардың) тiзбесi Б-қосымшасында келтiрiлген.

Сақтау мерзiмi 2-айдан кейiн өтетiн өнiмдердi (тауарларды) сақтау мерзiмi әлi өтпеген аса тез бүлiнетiн өнiмдерден (тауарлардан басқалары) әкелуге жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасына осы Тәртiп бұзыла отырып, әкелiнетiн өнiмдер (тауарлар) кеден шекарасы арқылы өткiзуге жатпайды. Мұндай өнiмдер кеден заңдарымен белгiлеген ережелерге сәйкес сақталады.

Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жұзеге асырылатын рәсім.

ҚР-сының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растау түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сәйкестікті растау сызбасы- объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін сипаттай отырып айқындау тәсілдері.

Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерилерге сүйене отырып жүргізіледі.

1. келтірілетін зиянның қауіп-қатер денгейіне;

2. өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;

3. өнімнің күрделілік денгейіне.

Сәйкестікті міндетті растаудың түрімен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың моделдік принципін, қолдануға заңды көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Кедендік бақылау дегеніміз не?

2. Кеден режимiнiң шарттарына сәйкес өнiмдердi шығарудың қандай ерекшелiктерi бар?

3. Сақтау мерзімі қанша уақыт?

4. Өнімдерді қандай тексеруден өткізеді?

5. Тез бүлiнетiн өнімдердің қауіпсіздігін қалай растайды?

21 – дәріс

Жоспар:

1. Өнімнің нақты түрінің сертификаттауы;

2. VDE жүйелері;

3. Батыс Еуропа елдері.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.