Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 3 страница Бақылау сұрақтары: 1. Сертификаттаудың нормативті-әдістемелік жиынтығының құрамына не кіреді? 2. Ұйымдастыру деген не? 3. Бұл құжаттар ҚР-ның қай Заңдарында көрсетілген? 4. ҚР-ның сертификаттау жөніндегі бұл қызметі заңды түрде қандай жолдармен реттеліп, қамтамасыз етіледі? 5. Жалпы сипаттама бер. 5 – дәріс Жоспар: 1. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы; 2. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару; 3. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру. ҚР«Техникалық реттеу туралы» заңы. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Республикадағы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді және осыған сай «стандарттау» термині – «нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет», ал «техникалық регламент» термині -«өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт»деп айқындалады. Мiндеттi регламенттеу саласында техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары: § өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; § ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; § өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; § саудадағы техникалық кедергiлердi жою. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару: 1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесіндеқолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру. 1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: Ø стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган; Ø өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; Ø тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары); Ø тipкeу саласында консалтингтiк қызмет көрсету жөнiндегi тiркелген ұйымдар; Ø сертификаттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар. 2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді. «Техникалық реттеу туралы » ҚР Заңы 1-тарау. Жалпы ережелер (1- 16 баптар) 2-тарау. Техникалық регламенттер (17-19 баптар) 3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер (20- 25 баптар) 4-тарау. Сәйкестікті растау (26- 34 баптар) 5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу (35- 36 баптар) 6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (37-43 баптар) 7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы (44- 45 баптар) 8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (46- 47 баптар) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi. 2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi 1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) міндетті регламенттеу саласында: өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық кедергілерді жою; 2) стандарттау саласында: отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. 2. Техникалық реттеу: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы; 2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану; 3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету; 4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы; 5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану; 6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі; 7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау; 9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi; 10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау; 11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi; 12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi; 13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiк Сертификаттаудың нормативтік және заңнамалық негізі Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады. Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды. ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген. Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: - стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар; - өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар; - сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар; - ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары. Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды. ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды. Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді Бақылау сұрақтары: 1. ҚР«Техникалық реттеу туралы» заңы. 2. Мiндеттi регламенттеу саласында техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары қандай? 3. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару. 4. Стандарттау термині. 5. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын не құрайды? 6 – дәріс Жоспар: 1. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының қызметі; 2. Тұтынушылардың құқықтары; 3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚР Заңы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу. Осы заң тауарларды жұмыстарды қызметтерді тұтынушылар мен тауарларды сатушылар дайындаушылар орындаушылар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеиді.Осы заңның мақсаттары ҚР-да тұтынушылар құқықтарын қорғауды жүзеге асырудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін және тұтынушылардың құқықтар мен заңды мүдделерін қорғаудың тетігін айқындау болып табылады. ҚР-ың тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы ҚР-ның конуститутциясына негізделеді және ҚР-ның Азаматтық кодексіне осы заңмен ҚР-ың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Осы заң ережелерінің талаптары ҚР-ың өзге де заңдарында белгіленген тұтынушылар құқықтарын қорғауға бұрын пайдалануда болған тауарларға қатысты болмайды.Тұтынушылардың қаржылық әлеуметтік медициналық туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары сондай-ақ оларды қорғау мәселелері ҚР-ың заңдарында белгіленеді.Егер ҚР-сы ратификацияланған халықаралық шартта осы заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Тұтынушылардың құқықтары: · Тауарларды иеленуге еркін шарт жасауға; · Тұтынушылар құқықтарые қоғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге; · Тауар туралы сондай-ақ сатушы туралы ақпарат алуға; · Қауіпсіз тауарды сатып алуға; · Тауарды еркін таңдауға; · Тауарды тиісті сапасына; · Тиісті де тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап немесе қайтарып беруге; · Тауардың кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне денсаулығына мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге; · Сатушыдан тауарды сатып алу орындау фактісін растайтын құжатты алуға: · Ұтыс түрінде берілген тауардың көрсетілетін сапасы бойынша ойындардың бастамашысына кінә қоюға; · Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға; · Моральдық зиянды өтеуге; · Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға; · Осы заңда және ҚР-ың өзгеде заңдарында көзделген өзгеде құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді ҚР-ың Үкіметті уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар осы заңда өзгеде заңдарда ҚР-сы Президентінің және ҚР-сы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзіреті шегінде жүзеге асырады. ҚР-ың үкіметі мемлекеттік саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді.ҚР-ың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді.Мемлекеттік саясаттың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттарын әзірлейді. Қазақстан Республикасының 04.05.2010 жылғы №274-ІV «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, қолдану жағдайы белгіленген тауар (жұмыс, қызмет), сақталуы, тасымалдануы, жойылуы әрбір адамның денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуы қажет. Осы заң аясында әрбір тұтынушы сапалы тауармен, жұмыс және қызметтермен қамтамасыз етілу құқығын кеңінен пайдалана алады. Тұтынушы сатып алып жатқан тауары жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Сонымен қатар, аталған Заңның 25-бабында көрсетілгендей тауар (мысалы, азық-түлік) туралы ақпаратта келесі көрсеткіштер міндетті түрде көрсетілуі қажет: 1. Тауардың аты; 2. Түрлері, қажеттіліктері; 3. Тауардың талаптарға, техникалық регламенттерге және басқа да құжаттарға сәйкестігі туралы белгі; 4. Тауардың тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылықтары туралы мәліметтер; 5. Құрамы; 6. Тағам құрамында ГМО бар немесе жоқ екендігі туралы мәлімет; 7. Өндірушінің тауарлық белгісі; 8. Тауардың шыққан елі; 9. Тауарды алу жағдайы; 10. Тағам өнімдерін дайындау нұсқаулары; 11. Өндірілген күні және орны, пайдалану мерзімі, сақтау мерзімі; 12. Өндірушінің аты, өндіріс орны, мекен- жайы; 13. Көлемі. Сонымен бірге, тұтынушы қандай да бір тауар сатып алып жатса, сатушыдан кассалық түбіртек талап етуге құқылы. Себебі, сатып алған тауар сапасыз болып шықса, ал түбіртек болмаса, тұтынушының дәл сол жерде сауда жасағанын ешкім дәлелдей алмайды. Сондай-ақ, 14 күн ішінде азық-түліктен өзге заттар тұтынушының талабын қанағаттандырмаса немесе қажетті сипатқа ие болмаса, оны ауыстыруға құқығы бар. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның 14-бабында: «Кепілді мерзім ішінде тауардың сапасы өзіне сай емес болса, тұтынушы сатып алынған бағасын мөлшерлес азайтуды, тауардың кемшіліктерін ақысыз алып тастауды немесе тиісті сапасы бар тауарға ауыстыруды, шығынның орнын толтыру туралы келісімшартты бұзуды талап етуге құқылы». Егер, тауарды ауыстырудың қажеті болмаса, төлеген ақшаны қайтарып алуға құқылы. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, сатушы (өндіруші, орындаушы) тұтынушының тауарды ерікті түрде таңдауын қамтамасыз етуі қажет және тұтынушыны тауардың көптеген түрін, мөлшерін сатып алуына үгіттемеуі қажет. Сатушы тауарды сату кезінде өлшеу құралдарын қолдануға тиісті. Егер, тұтынушы тарапынан тауардың салмағына, санына немесе қандай да бір параметріне көңілі толмаған жағдайда сатушы (өндіруші) тұтынушының өзіне өлшеу құралдары арқылы өлшеуге мүмкіндік беруге міндетті. Бақылау сұрақтары: 1. Тұтынушылардың құқықтары қандай? 2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама неде енгізілген? 3. Осы заңның мақсаттары? 4. Осы заң нені реттейді? 5. Осы заң ережелерінің талаптары қандай? 7 – дәріс Жоспар: 1. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы Уәкілетті органның құзыреті; 2. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері; 3. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы. Тұтынушылардың құқығы және олардың қорғауы Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тұтынушылық білім негіздері жөніндегі мәселелерді білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы сондай ақ тұтынушыға оның құқықтары және осы құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті іс қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы Уәкілетті органның құзыреті: 1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді: 2. ҚР-ның Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді: 3. Жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерін қарайды: 4. ҚР-ың тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады: 5. ҚР-ың тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады: 6. ҚР-ың заңдарында ҚР-cы Президентінің және ҚР-сы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР-ның Заңы тұтыушының құқықтарын регламенттейді және осы құқықтар бұзылған кезде қорғауы, сондай-ақ барлық тұтынщылар үшін тең жағдайлар және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың пәрменді тетігін жасауды қамтамасыз етеді. Заңда тиісті уәкілетті орган (ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру функцяларын атқарады. Тұтынышуылар құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі фугкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады. |