МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 7 страница





§ берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестік туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

Сәйкестiкті растау жөнiндегi органдардың:

· дайындаушының, сатушының, орындаушының тапсырысы бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектінің сәйкестігін мiндетті және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

· сәйкестiктi растау рәсiмдерiн жүзеге асыру үшін шарт жасасу жағдайларында құзыреттi ұйымдарды, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өнiмдер немесе қызмет түрлерi бойынша техникалық сарапшыларды тартуға;

· өтініш берушіден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшін қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқығы бар.

Сәйкестiкті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың құқық қабілеттігі олар аккредиттеу аттестатын алған сәтте туындайды және осы заңмен белгіленген тәртіппен оны керi қайтарып алуға байланысты қолданылу мерзімінің өтуi немесе жарамсыз деп танылуы сәтiнде тоқтатылады.

Сәйкестiктi растау жөнiндегі органдар мiндетті сәйкестіктi растау ережелерін бұзғаны және сертификатты заңсыз бергенi үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Сәйкестіктi растау жөнiндегi орган аккредиттеу саласына сәйкес iс-әрекетті жүзеге асыру кезiнде:

ü өз құрамында қызмет бағыттары бойынша сәйкестiктi растау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың болуын;

ü өтiнiш берушінің сәйкестіктi растаудың ережелерi мен шарттары туралы ақпараттарға кедергісiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

ü өтініш берушіге қатысты кемсiтушілікке жол бермеуге;

ü берiлген сәйкестiк сертификаттары туралы және сәйкестікті растау саласындағы техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiнің ережелерiне сәйкес объектiлердi сертификаттаудан бас тартулар туралы мәліметтердi бepугe мiндетті.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі.

Сертификаттау схемасыүшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді.

Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі.

Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген.

Таблицадан растау әдістері ретінде:

- сынау;

- қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру;

- өндірістің жай-күйін талдау;

- инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады.

1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады.

2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау



схемалары

Схема номері Сәйкестікті растау әдісі Өндірісті тексеру Инспекциялық бақылау Сертификаттың күшінде боле мерзімі, артық емес Ескерту
Типін сынау1 - - 6 ай Маркалау жүргізілмейді
Типін сынау Өндірістің жай-күйін талдау Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау 12 ай Осы типтің барлық шығарылған өнімдері маркланады
Типін сынау Өндірістің жай-күйін талдау Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау 12 ай -«-
Типін сынау Өндірістің жай-күйін талдау Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Шыға-рушыдан алынған үлгі-лерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау 18 ай -«-
Типін сынау Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау Сатушыдан алынған үлгілерді сынауҮ. Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өнді-рісті (сапа жүйесін) бақылауҮҮ 36 ай -«-
Типін сынау Сапа жүйесін сертифи-каттау Сапа жүйесін бақылауҮҮ 36 ай Маркалау жүргізілмейді
Партияны сынау - - Партияны босату мерзімі Маркалау жүргізілмейді
Әр өнімді сынау - - Тағайындал-майды Әр өнім маркаланады
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру - - Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес Маркалау жүргізілмейді
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру Өндіріс-тің жай-күйін талдау - 12 ай Маркалау жүргізілмейді

1Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау.

Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды.

** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сәйкестікті растау дегеніміз не?

2. Сәйкестікті растау органдарының қандай құқығы бар?

3. Сәйкестіктi растау жөнiндегі органдар қандай тәртіппен бекітіледі?

4. Сәйкестiктi растау жөнiндегі органдар мiндетті сәйкестіктi растау ережелерін бұзғаны үшін жауапты ма?

5. Сәйкестіктi растау жөнiндегі органдар қандай тәртіппен аккредиттеледі?

 

 

17 – дәріс

Жоспар:

1. Жалпы сипаттама;

2. Міндетті сертификаттаудың қолданылу аясы;

3. Міндетті сертификаттаудың қызметі.

Міндетті сертификаттау жүйесі

Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз —адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік қүжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар

1.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге
тыйым салынады.

Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.

2.Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.

Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудага арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Ақпараттар өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы) өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.

Міндетті сертификаттау – өнім мен қызметке қатысты, қоршаған ортаға, өмірге, денсаулық пен мүлікке қорғау қамтамасыздандырылған.

Міндетті сертификаттау – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдер, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын жұмыстарының қызмет көрсетугесәйкестік сертификаты жоқ болса тиым салынады. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді әкелуге жасалатын келісім шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс. Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған. Импортталған өнімді әкелуге жасалатын келісім шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында өтпеген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тиым салынады.

Соңғы кездері міндетті сертификаттау жиі заңдық аймақтағы сертификаттау болып табылады. Тауар мен қызмет номенклатурасы, ҚР-ның міндетті сертификаттауына жатады, “Тұтынушыны қорғау туралы құқық” ҚР-ның Заңымен сәйкес Қазақстанның Госстандартымен ережеге сәйкес анықталады.

1998 жылдың шілде айына барлығы жағдай бойынша Госстандартқа 15 міндетті сертификаттаудың өнімі мен қызметі өз бетінше жүйе болып Госстандартқа, Госстройға, Госгортехнад-зорға, Минзвязға және т.б. табылады. Облысқа қатысты міндетті сертификаттау кесте түрінде көрсетілген.

Міндетті сертификаттаудың объектісі

Өнім Қызмет
Машина жасайтын жинақ тауары. Тұрмыстық.
Электротехникалы, электронды және құрал-жабдық құрылысы- ның заттары. Жолаушыларды тасымалдау
Медицина техникасы Байланыс
Тамақ өнімінің және ауыл шаруашылық өндірісінің тауары Туристік және экскурсиялық
Жеңіл өнеркәсіп тауары. Саудалық
Шикізатты лақтырып және ағашты өңдеу тауары. Қоғамдық қоректену
Жеке қорғау органының тәсілі. Басқалары
ТАРА  
Пиротехника бұйымы  

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы.

Бақылау сұрақтары:

1. Міндетті сертификаттау дегеніміз не?

2. Оның қандай объектілері бар?

3. Міндетті сертификаттауға жататын жұмыстарының қызмет көрсетуі қандай жағдайда тиым салынады?

4. Міндетті сертификаттау заңды ма?

5. Міндетті сертификаттаудың өнімі мен қызметі өз бетінше жүйе болып қай жылы қалыптасты?

 

 

18 – дәріс

Жоспар:

1. Жалпы сипаттама;

2. Ерікті сертификаттаудың қызметі;

3. Талаптары.

Ерікті сертификаттау жүйесі

Ерікті сертификаттау – өтініш берушілердің (дайындаушылардың сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің үрдістің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Ерікті сертификаттау мынадай жағдайларда жүргізеді, өнімге қолданылатын стандарт талабымен немесе басқа да нормативті құжатпен қатал қадағалау, қызмет пен үрдіс мемлекетке қаралмайды, яғни тауарөндіруші стандарт пен ережеге байланысты емес талапты өз еркімен алып жүру керек. Мысалы, ГОСТ Р ИСО 9000 стандарт сериясының моделі бойынша кәсіпорын сапа жүйесіне. Кестеде ерікті сертификаттау бойынша талаптар келтірілген. Сертификаттаудың ерекшелік мәлімет топтарын қарастырамыз.

 

Өнім қызмет Кәсіпорынның сапа жүйесі Облыстағы персонал
өндірістік-техникалық бағыт материалды жобалауда, араластыруда, өндірісте, монтаждауда және қызмет көрсетуде бақылауды жою
социалды-тұрмыстық бағыт материалды емес өндірісте, монтаждауда және қызмет көрсетуде жерге, автокөлікке, қозғалмалыға баға
    дайын өнімге, сынақ және бақылау жүргізу днекерлеу

 

Ерікті сертификатқа өнім жатады. Соңғы жылдары ерікті сертификаттаудың сапа жүйесі ретінде үлкен мағынаға ие болды, яғни мемлекеттік стандарт сериясы ИСО 9000 талабына сәйкес Россияда бұл стандарт ГОСТ Р ИСО 9000 сериясы ретінде ГОСТ Р ИСО 9001-96 “Сапа жүйесі. Жобалауда, өңдеуде, өндірісте, монтаждауда және қызмет етуде сапаны қамтамасыз ету модель” ГОСТ Р ИСО 9002-96 “Сапа жүйесі. Өндірісте , монтаждауда және қызмет етуде сапаны қамтамасыз ету моделі” және ГОСТ Р ИСО 9003-96 “Сапа жүйесі. Дайын өнімге сынақ жүргізу және сапаны бақылаудықамтамасыз ету моделі ” қабылданған. Стандарттар элементтердің бар болуын қарастырады, кәсіпорынды функционалды сапа жүйесімен қамтамасыз етеді.

1995 жылдың желтоқсан айында ҚР мемлекеттік реестріне сертификат жүйесі, сапа жүйесі және өндіріс тіркелген болатын, өзіне “сапа жүйесінің тізімі” деген қысқа атты иемденіп.

ГОСТ Р 40.002-96 ГОСТ Р сертификат жүйесі бойынша міндетті және ерікті сертификат арқылы жұмыс жүргізіліп жүзеге асырылады, және де оның талабы барлық ұйымға міндетті.Өнімнің әрі қарай қолданылуы немесе тутынылуы үшін шығарылатынын белгілі. Өмірлік ағымның жалпы тізбегінде өнім даярлаушы «бірінші жақ» болып есептеледі және ол әрине жақсы өнім шығарды деп есептейді, тутынушыларды қанағаттандыратындай. Бұл тізбектегі «екінші жаққа» сапаны өнім алуды қалайтын тутынушы жатады. «Үшінші жақ» яғни арбитріне тутынушы мен даярлаушыдан тәуелсіз ұйым немесе тұлға жатады. Сәйкестікті бағалаудағы халықаралық тәжірибеде ең көлемді және өнімді болып үшінші жақ өткізген сынақ нәтижесі жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ерікті сертификаттау деген не?

2. Оның қызметі қандай?

3. Ерікті сертификатқа не жатады?

4. Ерікті сертификаттаудың талаптары?

5. Ерікті сертификаттау қандай жағдайда жүргізіледі?

 

 

19 – дәріс

Жоспар:

1. СЖС қызметі;

2. СЖС негізгі объектісі;

3. Жұмыстарды ұйымдастыру.

Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау

Соңғы жылдары дүние жүзінде ИСО–ның стандарттарына сәйкес өз сапа жүйелерін сертификаттайтын мекемелер саны күрт артып келеді. Қазіргі кезде бұл стандартты 80 – нен астам ел қолданады. 1997 ж сапа жүйесін сертификаттаған компаниялар саны 1994 жылмен салыстырғанда 5 есеге өсті. Сертификатталған СЖ-і өндіріс орындары қалғандарымен салыстырғанда 2-3 есе тиімдірек жұмыс істейді екен.

СЖС–тың тез өсуінің тенденциясы сыртқы себептермен қатар (тапсырыс берушінің талаптары бәсекелестің өсуі), ішкі себептерге де байланысты болып отыр.

Маңызды сыртқы себептеріне көптеген шетелдік сертификаттау мекемелері мен жүйелері өнімді сертификаттау үрдісіне «Еуропа стандарттарында» СЖС-ты қосады. Осылайша «Еуропа стандарттарында» өнімнің міндетті сертификаттауын тағайындайтын 11 дерективаның жетуінде СЖС-тың сәйкестік белгі алу үшін шартретінде қарастыралды. Спа жүйесін сертификаттау өнімге берілетін бағаны өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанға сапа жүйесін енгізу тұтынушыға өнімнің сапасы жайлы сенімдікті ұялатып қапа қолмай, өндіріс басшыларының өз өніміне деген сенімділігін де арттыра түседі және стандарт талаптарының да дұрыс орындалу мүмкіндігі арта түседі. Осы орайда СЖС бағытындағы барлық ұйымдастыру, қолдану мен енгізу шараларының дұрыс бағытта екенін айқындай түседі.СЖС міндетті сертификаттаумен қатар ерікті сертификаттау аясында да жүзеге асырылады.СЖ–гі сертификат және оның сәйкестік белгісі өнімге берілетін сәйкестік пен сертификат белгісіне қарағанда басқаша болып келеді. М: СЖ сәйкестік белгісі бір ғана жүйе белгісінен тұрады және ол сертификаттау орталығының аккредитациядан өткізгенін білдіреді де, өз таңбасын қойюға ұрықсатын белгілейді.

СЖС негізгі объектісі – сапаны қамтамасыз ету мен басқару. Бұл ГОСТ ИСО 9000 талаптарына сәйкес әрбір элементтеріне дейін сәйкестікке бағалайды.СЖ–да жұмыстарды ұйымдастыру (сертификаттау алғы кезеңі) мен өнімді сертификаттау 3 кезеңнен тұрады: алғашқы жұмыстарды ұйымдастыру кезеңіне сертификаттау бас мекемесі (СБМ) жүйелеріне (Регистрдің техникалық регистр орталығы) өнімін жіберіледі. Соңғысын сертификаттау мекемесі (СМ) белгілеп бағасын шығарады, сонан соң ақшасы төленгеннен кейін, келесі кезектегі құжаттары беріле бастайды.Бірқатар елдердің өндіріс орындары СЖ-не ұлттық сертификатымен бірге халықаралық сертификаттау орталықтарынан, фирмаларынан: «Бюро – Вертас», «Ллойд – регистрі», «Дет Норске Витас», « Тлоф – Серт» т.б. олардың сертификатын қоса алады.

Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3.9 сәйкес жүргізеді.

Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы тек қана отандық емес, сонымен қатар шет елдерден әкелетін өнімдерді де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі. Өйткені еліміздің ішкі нарығында шетелдерден әкелінген өнімдерден көптеп кездестіруге болады.

Кейбір өнімдердің 40-60% және оданда да жоғарғы бөлігі шетелдерден әкелінеді.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шетелдерден әкелу үшін жасалатын келісімдерде олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттары мен сәйкестік белгісінің болуы көрсетілуі керек.

Сертификаттар және олардың танылуы туралы куәліктер кедендік декларациясымен қоса кедендік рәсімдеуді іске асыратын органдарға ұсынылады жіне олар өнімдерді Қазақстанға жіберуге рұқсат беру үшін қажетті құжаттар болып табылады.

Қазақстанға тасып әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін дәлелдеу үшін оларға мына түрде кедендік бақылау жүргізіледі:

· Сертификаттық сынақ өткізу арқылы;

· Шетелдің сертификатын растау арқылы;

Шетелдердің сертификатын растау құқығы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік ұйымдарына беріледі.

Егер шетелдердермен сертификаттау нәтижелерін өзара тану туралы келісім болса және ол елдерден тасып әкелінген тауарларға сол елдің сертификаты болса, онда олар біздің елде қайтадан расталмайды.

ҚР-сына әкелетін тауарларды сертификаттау оларды біздің елге алып келгенге дейін өткізуі керек. Егер сынаушылар шетелдердің ҚР-ның аккредиттеу жөніндегі органында аккредиттеліп тіркеуден өткізілген мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіміне зетіркелген зертханаларда өткізілген болса, онда олар берген сынақ хаттамалары біздің елдің сертификатын алуға негіз болады,

Зертханаларды аккредиттеу үшін олар:

1. ҚР-сы кіретін халықаралық сертификаттау жүйесінде болуы қажет.

2. Шетелдің ұлттық жүйесіне кіруі қажет.

3. ҚР-ның сертификаттау жүйесіне кіргізілген болса.

4. Стандарттау , метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық келісімге кіретін елдердің сертификаттау жүйесіне кіретін болса.

Егер өнімді сертификаттау жөніндегі орган шетел сертификатын танымау туралы шешім қабылдаса, онда ол бұл жөнінде ҚР-ның уәкілетті органы мен оның өңірлік органдарын бас тартудың себептерін көрсете отырып, хабардар ету керек.

Сертификаттауға қажетті сынаулар кезінде қауіпсіздігі ділелденбеген шетелдік тауарларды кедендік органдар өткізбейді. Бұл жағдайда мына екі шешімнің бірі қолданылады: шетел тауарларын жөнелтушіге қайтарылады немесе тауар кеден тәртібі бойынша жойылады.Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын қолдану

1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.