Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 2 страница 29. Сәйкестік тұжырымы – құжат күәлігіне жататын нәтижесіндегі процедура. 30. Жеткізуші қызмет, өнім жеткізілетін жеке немесе заңды тұлға. 31. Өнім – қызмет немесе процесс нәтижесі. 32. Процесс - өнімнің өндіріс ағымдағы процестерін қосқанда қайндайда бір нақты нәтижеге қол жеткізу жөніндегі жүйелі және өзара байланысты қызмет жиынтығы. 33. Стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым тек бір аймқаты стандарттау жөніндегі сәйкес келетін орган үшін ашық қызметіне оның қатысуы стандарттау жөніндегі ұйым. 34. Аймақтың стандарт - стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған стандарт және тұтынушылардың кең ортасына қолайлы. 35. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйе реестрі. – техникалық реттеуғ стандарт аймағын да нормативті құқытық актіні тіркеу құжаты. 36. Тәуекел – оның нәтижесінің ауырлық деңгейіне ескерек отырып өсімдік және жануарлар әлемін қоршаған орта, адам денсаулығы мен өміріне тигізілген зиянның жиынтылығын. 37. Сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу, стандарт ережесі немесе басқа құжат аймағында нормативті құқықтың актілермен бекітілген, қызмет, өнім талаптарына сәйкестікті күәландыратын құжат. 38. Сертификаттау – нақты бір талаптармен бекітілген өнім, қызмет сәйкестігін жазбаша күәландыратын сәйкестік тұжырымы жөніндегі орган атқаратын процедура. 39. Стандарт – толыққанды орган қарастырған тәртіпте бекітілген, техниканың реттеу объектілеріне жалпы принциптер мен сипаттамалар ережесін бекітетін көп және еркін қолдану мақсатындағы құжат. 40. Ұйым стандарты – ұйым бекіткен стандарт. 41. Стандарттау - потенциалды және шынайы бар тапсырма қатынасында көп және еркін қолдану үшін ереже орнату нәтижесінде процесс, өнім, қызметке талаптар реттеудің оптимальды дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. 42. Сәйкестікті тұжырымдау сызбасы – осы жұмысты өткізудің нақты кезеңдерінде бейнелеумен, келісумен немесе техникалық реттеу айналасындағы нормативті құқықтың актілерімен бекітілген талаптар аймағына сәйкес анықтау тәсілі; 43. Техникалық барьер – стандарт және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтың актілердегі талаптың өзгергіштігі немесе ерекшелігі нәтижесінде пайда болған барьер. 44. Стандарттау жөніндегі техникалық кеңес стандар жасау үшін еркін негіздегі экономия саласында жасалған кеңестік – жиынды ұйым; 45. Техникалық эксперт – арнайы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға; 46. Техникалық реттеу – анықтау, бекіту, қолдану және атқарумен байланысты қатынасты нормативті және құқықтық реттеу. 47. Толыққанды ұйым ҚР-ның зауымен сәйкес толық қанды мемлекеттік ұйым; 48. Қызмет тұтынушыны қанағаттандыру бойынша жеткізуінің ішкі қызметі және тұтынушы мен жеткізушінің өзара қызмет нәтижесі; 49. Сәйкестіктің тұжырымды түрі - қызмет жиынтығы, олардың нәтижесі өнімнің талап қызметі, бекітілген техникалық реттеу, стандарт немесе келісім аясындағы нормативті құқықтың актілерімен сәйкестігін дәлелдеу ретінде қарастылырады; 50. Стандарттау, аккредитация, сәйкестік тұжырымы жөніндегі эксперт – аудитор – толыққанды орган бекіткен тәртіпте аттестацияланған манал. Стандарттау, метрология жөне сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу тұралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа еңгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің асталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазқстан Республикасының кейір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұралы» Заңы. Осы заң бойынша ұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді: • Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) • Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру; • Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әрір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу; • Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру; • Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу. Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар: • бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады. • екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді. Осы жғдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты ағыты – тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республиканың Конституциясы бойынша кәсіп иелерін іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар- адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғарғы деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүние жүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжіребені ескере тырып құрылған. Бақылау сұрақтары: 1. Миопекулиялық тексеру деген не? 2. Аккредиттеу дегеніміз не? 3. Халықаралық стандарт дегеніміз не? 4. Техникалық эксперттің қызметі? 5. Сәйкестікті тұжырымдау сызбасы. 3 – дәріс Жоспар: 1. Сертификаттауды дамыту; 2. Оны құру жүйесінде біліктілігін арттыру; 3. Сәйкестік сертификаты. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму тенденциялары. Сәйкестікті растаудың салалық ерекшеліктері Бұл орайда ҚР-ның Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы басшылыққа алынады. Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру мақсатында келесі мәселелерді жүзеге асыру жоспарланып отыр: · МСҚ өнеркәсiбi дамыған шет елдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен, әсiресе электронды тасымалдаушыларда толықтыру; · қорда бар нормативтік құжаттарды қағаз тасымалдаушылардан электронды тасымалдаушыларға аудару; · қолданыстағы техникалық реттеу жүйесiн реформалау мiндеттерiмен сәйкес келтiру мақсатында қолданыстағы нормативтік құжаттар қорының тиімділігіне талдау жүргiзу және нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау; · өнiмге арналған нормативтік құжаттардың библиографиялық дерекқорын құру, мысалы - мұнай және мұнай өнiмдерi, түстi металдар мен олардың қорытпалары, ауыл шаруашылығы шикiзаты және оны қайта өңдеу өнiмдерi және басқалары; · көрсеткiштердi, каталогтарды, стандарттарды дайындау және, сондай-ақ электронды тасымалдаушыларда шығару; · стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджментi жүйелерi жөнiндегi баспа өнiмдерiн шығару және тарату жөнiндегi маркетингтiк қызметтi. Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жандандыру мақсатында Бағдарлама мынадай мәселлерді шешуді көздейді: v халықаралық стандарттау жөнiндегі ұйым (ISО) жұмысы; v стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым құру; v стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңестер ашу; v стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттер құру; v ҚР-ның ДСҰ-ға алдағы өтуiн және әлемдiк экономикаға ықпалдасу қажеттілігін ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде: v Халықаралық электротехникалық комиссияға кiру; v ТМД және алыс шет елдерiнiң стандарттау және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында кадрларды даярлау және олардың бiліктiлiгiн арттыру. Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлігін арттырудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында: oжоғары оқу орындарында стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мамандар даярлау бағдарламаларын жетілдiру, оның iшiнде жалпы және арнайы бiлiм алу кезеңiнде оқытудың үлгілiк бағдарламаларын, оқыту және әдiстемелiк нұсқаулықтарды жасау; oҚР-ның Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару мәселелерi жөнiнде бiлiм беру мекемелерi үшiн оқыту және әдiстемелiк материалды дайындауға қатысу; oбiлiм беру мекемелерiнiң студенттерi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнде тағылымдамадан өту. Қазақстанда аккредиттелген сертификаттау жөнiндегі органдар берген өнiмге арналған сәйкестік сертификаттарын шет елдерде тану үшiн қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тiзiлiмiнде тiркелуi қажет. Осы мақсатта халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында сарапшы-аудитор бiлiктiлiгін берiп, халықаралық деңгейде Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитет орталық аппаратының және оған ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың мамандарын даярлау, сондай-ақ республикада семинарлар өткiзу және мамандарды оқыту үшiн әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң халықаралық және ұлттық ұйымдарын тарту көзделiп отыр. Сондай-ақ, Бағдарламаның iс-шараларымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттің ведомстволық бағынысты кәсiпорындарының негізiнде қамтамасыз етіледi: 1. стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың мiндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік инспекторларды; 2. салаларда стандарттау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру көзделiп отыр. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi болып табылады және ҚР-да стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады. Бағдарламаны iске асыруда, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын ҚР-ның атқарушы органдары мен заңды тұлғаларының қатысуы болжанып отыр.Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады. Сертификаттау объектілері: · өнімдір; · көрсетілетін қызметтер; · процесстер; · жұмыстар; · сапа менеджментінің жүйелері. Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация болып табылады. Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация – дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Бақылау сұрақтары: 1. Сертификаттауды дамытудың кандай негізгі бағыттарын білесіз? 2. Сертификаттауды дамытудың жағдайы қандай? 3. Сәйкестікті растау дегеніміз не? 4. Сәйкестікті растаудың ерекшеліктерін атаңыз. 5. Сертификаттау объектілері қандай? 4 – дәріс Жоспар: 1. ҚР-ның сертификаттаудың қызметі; 2. Сертификаттаудың заңды және нормативтік құрылымы; 3. Материалды меңгеруін бақылау. Сертификаттау аймағындағы ҚР заңнамасының негізгі ережелері мен құрылымы ҚР-ның сертификаттау жөніндегі қызмет заңды түрде мынадай жолдармен реттеліп, қамтамасыз етіледі: ü сертификаттау, стандарттау туралы, («Техникалық реттеу», 2004), «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңдармен; ü міндетті сертификаттау мақсатында пайдалану үшін қаралған және кейбір әлеументтік – экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған заңды актілер; ü Президенттің жарлығы және нормативті – құқықтық актілер, жарлықтар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Сертификаттаудың нормативті (мөлшерлі) - әдістемелік жиынтығы құрамына мыналар кіреді: а) өнімге және қызметке талапқа сай сертификат жүргізетін нормативті құжаттар жиынтығы; б) сертификаттау жұмысын жүргізуге ережелер мен тәртіпті анықтайтын, ұйымдасқан - әдістемелік құжаттар кешені (сертификаттау жөніндегі ережелер сериясы және оған түсініктеме). Сертификаттаудың заңды және нормативтік құрылымы.Сертификаттау жұмысына кіретін құжаттардың жүйесін енгізу міндетті болып саналады: 1. Заңды актілер. Бұл топтағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңында ұсынылған: «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау» және т.б. Заңдарға сәйкес міндетті түрде сертификаттау енгізіледі. (өнім, қызмет және т.б.). 2. Заңның қосымша актілері (подзаконные) Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. Олар сертификаттауға жататындарды енгізіледі, сертификаттау жөніндегі басқа құжаттарды реттейді, жеке жұмыс түрлері мен қызметтің орындалу ережелерін бекітеді (Мыс «Қоғамдық тамақтандырудағы қызмет көрсету ережелері; тауарлардың жеке түрлерін сату ережелері» және т.б.) 3. Ұйымдастыру - әдістемелік негізін қалаушы құжаттар. Бұл топқа жататын құжаттар сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, сертификаттау жұмысына қатысушының, сертификаттаудың біртұтас қағидаларына қойылатын талаптарды анықтайды. 4. Азық – түлік шикізатына, тамақ өніміне сертификат жүргізу ережесі, көлік қызметін көрсету, жолаушылар тасу т.с.с. 5. Жіктеушідегі тізбе номенклатура берілген құжаттардың мақсаты кодтың көмегімен өнімді таңбалау, идентификациялау міндетті сертификаттауға жататын өнім және қызмет туралы қажетті мәліметтерден сертификаттау жұмыстарына қатысушыларды қамтамасыз ету т.с.с. 6. Ұсыныс құжаттары мамандардың жұмыс нәтижесін жоғалту мақсатымен, сертификаттаудың әр түрлі жаңа формалары мен әдістерін ұсыну сертификаттауды ұйымдастыру сұрақтарын дамыту және айқындау. 7. Анықтамалық ақпараттық мәліметтер. Объект туралы кең көлемдегі ақпаратты беру, сәйкестікті ведомства риестріне тіркеуді қамтамасыз ету (өнім, қызмет сертификаттау жүйесінде т.б.) Берілген анықтамалық ақпарат материалынан кез келген өндірістен мәлімет алу мүмкіндігін кеңейту. Материалды меңгеруін бақылау. Студенттердің Қазақстан Республикасының заңды және заңға қосымша актілерінің жазба материалдарын, сонымен қатар сабақтың тақырыбына қосымша материалдармен жұмыс істеу тексеру қажет. Сабақтың соңында студенттерге сұрақ қойып, тақырыпты меңгеруін тексеру керек.  Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады. Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды. ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген. Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: - стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар; - өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар; - сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар; - ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары. Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды. ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды. Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді |