Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 4 страница Заңда тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негізгі принциптері қамтылған, заң жобасында пайдаланылатын негізгі түсініктер айқындалған. Бұдан басқа, тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде тұтынушылар мен дайындаушылар, орындаушылар, сатушылар арасында туындаған қатынастарды реттеудің тетіктері айқындалған, тұтынушылардың тиісті сападағы және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға, тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен оларды дайындаушылар (орындаушылар, сатушылар) туралы ақпарат алуға арналған құқықтары белгіленген. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-бабына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мїдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы (мынаған назар аударамын: өз еркімен емес, тек – тұтынушының өтініші немесе шағымы бойынша). Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды. ҚР-ның «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңнамасы: 1. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Тұтынушының тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тұтынушылық білім негіздері жөніндегі мәселелерді білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыға оныңқұқықтары және осы құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Тұтынушының азаматтық айналымнан алынып қоймаған немесе айналымы шектелмеген тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, өзіне ыңғайлы уақытта еркін таңдауға құқығы бар. Тұтынушының тауардағы кемшіліктерге қатысты талаптар қою мерзімдері: 1. Жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы. 2. Егер тауарға кепілді мерзім белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілді мерзім ішінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоюға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі. Егер тауарға кепілді мерзім немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоя алады. Шартта көзделген кепілді мерзім екі жылдан аз уақытты құрайтын және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілді мерзім өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады. Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепілді мерзімнің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілді мерзімнің ұзақтығынан аз болып белгіленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымнан кемшіліктер тапқан кезде ол жөнінде негізгі бұйымға белгіленген кепілді мерзім ішінде талаптар қоюға құқылы. Егер жиынтықтаушы бұйымдарға кепілді мерзімнің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілді мерзімнің ұзақтығынан артық болып белгіленсе, тұтынушы, егер негізгі бұйымға белгіленген кепілді мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымдағы кемшіліктер оған белгіленген кепілді мерзім ішінде табылса, тауардағы кемшіліктер туралы талаптар қоюға құқылы. Тауарларды үлгілері бойынша, почта арқылы сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда, кепілді мерзім не тауардың кемшіліктерін анықтауға арналған мерзім - тауардың тұтынушыға берілген (жеткізілген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) байланысты мән-жайлар бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, кепілді мерзім не тауардың кемшіліктерін анықтауға арналған мерзім сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды беру (жеткізу), орнату (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын, сатушыға байланысты мән-жайларды жою күнін анықтау мүмкін болмаса, бұл мерзім сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап есептеледі. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар және сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Бақылау сұрақтары: 1. Тұтынушы тауардағы кемшіліктерге қатысты қандай талаптар қоя алады? 2. Жарамдылық мерзімі деген не? 3. Тауардыңқауіпсіздігіне жалпы сипаттама. 4. Уәкілетті органның қызметі? 5. Кемшілік деген не? 8 – дәріс Жоспар: 1. Сынақ зертханалары; 2. Өнімді сынау; 3. Өнiмдер мен процестердің белгiленген талаптарға сәйкестігін растау. Өнімнің процестердің жұмыстар мен қызметтердің СР бойынша органдар және сынау зертханалары Сынақ зертханасы өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.Бақылауды ерекше түрі дайын өнімді сынау болып табылады.Сынау мақсаттарына байланысты сынаудың келесідегідей түрлері бар.Алдын ала қабылдағыш ,қабылдап өткізгіш,кезеңдік типтік.Сынау әдістері бұл сынаудың нақты принциптері мен өнімнің өмір сүру сатысында сынау жүргізу яғни зерттеу және бұл кезеңдерде келесі іс шаралар қамтылуы тиіс жоба кезінде келтірілген қателіктерді өнімнің сапа көрсеткіштерін бағалау. Cынақ зертханалары сынауға шығарылған үлгілерді таңдап алады ол үлгілер сертификаттаудың өніммен бірдей болуы тиіс.ҚР-ың мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптары бойынша өнімнің қызметтің сапасын сертификаттау тек аккридеттелген сынақ зертханаларында өткізілуі тиіс мұнда өнімнің сертификат сәйкестігі талаптары сай келетін 3 топқа бөліп қарайды.Зертханада басшысын қоса алғанда әрбір қызметкердің нақты әрекет өрісі мен оның уәкілдік шегін қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымдары болу керек.Зертханада лайықты білімі қажетті техникалық білімі мен тәжірибесі бар мамандардың саны жеткілікті болу керек және олардың үнемі оқуы мен біліктілігін көтеріп отыруын қамтамасыз ету. Зертханада кадрлардың дайындығы мен практикалық тәжірибесіне біліктілігіне қатысты өзінің қажетті құжаттары болу керек.Зертхана өзінің тереңдігін қажетті және жеткілікті танытатындай лайықты құралдармен жабықталуы керек. Cынауды жүргізетін жабдықтарды аттестаттауға сыртқы факторлар мен күштердің әсерінен сынау жабдықтары алғашқы мерзімді және кезексіз аттестаттаудан өтеді.Бұл сынау жабдықтарын аттестациялау әдістемесін түсіндіретін стандарттармен НТҚ аттестациялау.Өнімді сынау дегеніміз өнімнің сандық және сапалы сипаттамаларының қасиеттерін сынау категориясы сынау құралдары. Өнiмдер мен процестердің белгiленген талаптарға сәйкестігін растау: 1. Өнiмдер, процестер сәйкестіктi растау объектiлерi болып табылады. 2. Өнiмнiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сәйкестігін растау: а) өнiмдi өндірушiнiң, сатушының сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында; б) сәйкестiктi pacтау жөніндегі аккредиттелген органның сертификаттауды жүргiзуi және сәйкестік сертификатын беруi нысанында жүргiзiледi. 3. сәйкестіктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi шеңберiнде iске асырылады. 4. Техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi сәйкестiкті растау саласында бiрыңғай саясатты жүргізудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың негізгі ережелерi мен рәсiмдерiн, сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау, жүйе тiзбесiн жүргiзу және сәйкестікті растауды жүзеге асыру мақсатына қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi. 5. Өнiм сәйкестiгін растау Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті немесе ерiктi сипатқа ие. 1 Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды жәнезертханаларды аккредиттеу Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (ортлығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді. Аккредиттеу Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Өлшеу, сынау және бақылау сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалаудың негізгі әдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сынақ зертханаларында өнімді сертификаттау кезінде шеетін міндеттермен байланысты (таблица). Таблица. «Өлшеу», «сынау», «бақылау» ұғымдардың өзара қатынастары Термин | Мақсаты | Сапасын бағалау | Дәлдәк көрсеткіштері | Өлшеу | Шаманың (параметрдың) мәнін анықтау | Өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау | Өлшеу қателігі Δизм | Сынау | Шаманың (параметр-дың) мәнін берілген сынақ режимдерде және шаманың (параметрдың) мәнін белгілеуші фактор-лардың әсер етуі режимінде анықтау | Берілген сынақ режимдерде және әртүрлі факторлардың әсер етуінде өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау | Δи = Δp +Δф + Δизм мұндағы Δp – режим қателігі Δф - фактор қателігі | Бақылау | Шаманың (параметр-дың) берілген сынақ режимдерде және факторлардың әсер етуінде берілген шек ішінде болу фактін айқындау | Параметрдің жіберілетін шек ішінде болу дұрыстығының дәрежесін бағалау | I және II текті қателіктердің Δи ескерілген түрдегі ықтималдығы | Сынақ жүргізудің мақсаты -өнімнің сандық және сапалық сипаттамалара баға беру, яғни берілген жағдайларда талап етілген функцияларды атқара алу қабілетін бағалау. Бұл мақсаттың шешімі сынақ зертханаларында табылады. Шешімі болып сынақ хаттамасы табылады. Сынақ хаттамасында өнімнің параметрлерінің мәндері көрсетіп жазылады. Бақылау сұрақтары: 1. Өнімді сынау дегеніміз не? 2. Сынау әдістерін түсіндір. 3. Сынаудың түрлерін атап түсіндір. 4. Сынауды жүргізетін жабдықтардың қызметі. 5. Зертханада өзіне қажетті қандай құжаттар болуы керек? 9 – дәріс Жоспар: 1. Сәйкестік сертификаты; 2. Сәйкестікті растау жөніндегі нормативтік құжат; 3. Сәйкестікті растау нәтижесі. Өнімнің процестердің жұмыстар мен қызметтердің СР бойынша органдар және сынау зертханаларына қойылатын талаптар.Сәйкестікті растау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар Cәйкестігіне сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттарға өнімнің сипаттамасы мен сынақ әдістері өнімнің осы талаптарға сәйкестігін және оның осы Регламенттің сәйкестендірілуін толық және дұрыс растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өнім мен бақылау үлгілерін іріктеу ережесі белгіленуге тиіс.Нормативті құжаттардың ережелері оны дәл және біркелкі талқылауды қамтамасыз ете отырып айқын жасалуға тиіс.Нормативті техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.Нормативтік құжаттарда регламентелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін әкелінетін оның шығу тегіне қарамастан бірдей болуға тиіс.Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты талқылау және мүдделі мемлекет басқару огандарының жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның арнаулы басылымдарында жарияланады.Өнімнің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерінің іріктеу ісін жүргізу. Сәйкестік жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс бұған олардың адамдардың өмірімен денсаулығына қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді. Cәйкестікті растау нәтижесі обьектінің техникалық регламенттерде стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәләндыру болып табылатын рәсім.Cәйкестікті растау тауар шығаратын мемлекетті анықтау аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман. Өнім қауіпсіздігі сұрақтары, денсаулықты,өмірді және адам мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау заң белгіні сапасыз өнім шығаруға қарсы өндіруші жауапкершілігін бекіту, екінші жағының орындауға міндетті шығарылған өнімге сипатына қатысты ең аз талаптарды орындауға бекітуге заң билігіне артады. ҚР-ның сәйкестігін дәлелдейтін сәйкестік сертификаты нәтижесіменғана өткізіліп қоймайды, сондай-ақ сәйкестік жөніндегі декларация. Сәйкестік жөніндегі декларация бекітілген талаптарға өнім сәйкестігін куәландыратын, үлгі сертификатынының мемлекеттік жүйесімен бекітілген жеткізуші құжаты. Сәйкестік жөніндегі декларацияның сәйкестік сертификатымен заңды күші болады. Қызмет пен өнім тізімі, олардың сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен дәлелдеуші керек. Қазақстан Республикасы өкіметінің орнатумен бекітіледі. Сәйкестік сертификатынсыз міндетті сертификацияға жаттатын қызымет, өнім, жұмысты жүргізуге тиым салынады. ҚР-да сертификаттаудан өтпеген міндетті сертификаттауға жататын, қызымет, жұмыс, өнімді жарнамалауға тиым салынады. Сертификаттау шешіміндегі ҚР-ның Заңын бұзған тұлға ҚР-ның Заңына сай сертификацияның негізгі мақсатын жүргізеді, оларға: · өнім қауіпсіздігін, процестер, жұмыстар, қамтамасыз ету, қоршаған ортамен азамат мүлкін қорғау; · Қазақстан бірыңғай тауар саудасында заңды және жеке тұлғаның қызметі үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық серіктестікте және халықаралық саудаға қатысу еркін. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды жәнезертханалары Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (ортлығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді. Зертханалар Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында: 1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi; 2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi; 3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Бақылау сұрақтары: 1. Сәйкестікті растау туралы не түсінесіз? 2. Сәйкестікті растау жөніндегі құжаттарда әзірлеу үшін кызмет түрі . 3. Сәйкестікті растау нәтижесі кандай құжаттамалық рәсім. 4. Сәйкестік жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін қандай стандарт қажет? 5. Сәйкестікті растау деген не? 10 – дәріс Жоспар: 1. Сәйкестікті міндетті тұжырымдау; 2. Сәйкестік сертификаты; 3. Сәйкестік тұжырымының принциптері. Сәйкестікті растау таңбалары Тауар таңбасын тіркеу туралы шешімнің негізінде және куәлікті беруге дайындау үшін тиісті төлем және мемлекеттік төлемі расталған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын реттік нөмірін бере отырып және мәліметтердің енгізілген күнін көрсете отырып ҚР тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне тіркейді. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне тіркейді.Тауар таңбасын тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер толықтырулар нақтылаулар немесе түзетулер туралы және тауар таңбасын тіркеу әрекетінің ұзартылуы туралы мемлекеттік тізілімде жазылғаннан кейін уәкілетті орган куәліктің айырылмас бөлігі болып табылатын куәлікке қосымшаны береді. Тауар таңбасын тіркеу бойынша уәкілетті органмен немесе сараптама жасау ұйымымен өкіл арқылы іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімнің құжаттарына тігіледі.Егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе бұқаралық ақпарат құралдарында есепке алынады.Тауар таңбасын толық және немесе бөлігін тіркеуге жарамсыз деп танылуы туралы аитылады. Сәйкестікті міндетті тұжырымдау – нәтижесінде техникалық реттеу аймағында нормативті құқықтың актілермен бекітілген өнім, қызмет талаптарына сәйкестік тұжырымы іске асыратын процедура. Сәйкестік тұжырымының үлгісі – өнім сәйкестігі немесе басқа объектілердің, өндіріс процесі, қолдану, сақтау, өткізу және утилизациялау сәйкестігінің құжаттық куәлігінің нақты бір реті. Арыз беруші – сәйкестіктің нақты бір тұжырымын іске асыратын заңды немесе жеке тұлға. Сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу, стандарт ережесі немесе басқа құжат аймағында нормативті құқықтың актілермен бекітілген, қызмет, өнім талаптарына сәйкестікті күәландыратын құжат. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады.Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді. |