Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 6 страница Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім. Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады. Сертификаттау объектілері: 1) өнімдір; 2) көрсетілетін қызметтер; 3) процестер; 4) жұмыстар; 5) сапа менеджментінің жүйелері. Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т. Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады. Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару. Өнімнің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау бойынша органдар. Өнімінің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау түрлері. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар. Сәйкестікті растау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар. Сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау. Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды қаржыландыру. Сәйкестікті растау туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық. Сәйкестікті растау қызметі төмендегідей реттеледі: ü 2004 ж.11.09 №603-ІІ 3ҚР «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен; ü «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламентімен (2008ж.02.04 №90 Қазақстан Республикасы Үкіметі Жарлығымен бекітілген және басқа да техникалық регламенттер (регламенттер тізбегі Техникалық регламент бөлімінде келтірілген); ü 2005ж.04.20 №367 «Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығы; ü Сәйкестікті растау саласындағы ҚР стандарттарымен; ü Техникалық реттеу саласындағы басқа да нормативті-құқықтық актілермен. Сәйкестікті растаудың міндетті нысаны келесідей іске асырылады: · міндетті сертификаттауды өткізу; · өндіруші-кәсіпорынмен сәйкестік туралы декларацияны қабылдау. 2005 жылдың 20-шы ақпан айында №367 «Қазақстан Республикасында өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Жарлығымен бекітілген арнайы тізімге кіретін өнім (қызмет) міндетті сертификаттауға жатады. Сәйкестік сертификаты - өнім, қызмет техникалық регламент, стандарт және басқа да нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін күәландыратын құжат. Сәйкестік сертификаты нақты өнім партиясы немесе нақты уақыт мерзімінде шығарылған барлық өнімге және топтамалай шығарылатын өнімге беріле алады. Импорттық өнімге шет елдердің сәйкестік сертификаты бар болғанда қабылдау процедурасы өткізілуі мүмкін, яғни, шет ел сертификаттарының негізінде қазақстандық сертификат беру (нақты шарт бойынша). Сертификаттау бойынша жұмыс СРҰ тарифтері бойынша өтінішберуші кәсіпорынмен төленеді. Сертификаттауға өтініш берілген өнім немесе қызмет аккредиттелу аймағына кіретін әрбір СРҰ берілуі мүмкін. Сертификаттау (қабылдау) бойынша жұмыстар өтініш берушімен сертификаттуға өтініш беруден басталады, сертификаттау СРҰ берген бланкіде толтырылады және келісілген шарт бойынша төлеуден соң басталады. Бақылау сұрақтары: 1. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қандай талаптар бар? 2. Сәйкестікті растаудың міндетті нысаны қалай іске асады? 3. Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау. 4. Барлық шығарылатын өнім таңбаланады ма? 5. Сапа жүйесін тексеру. 14 – дәріс Жоспар: 1. Сәйкестікті растауға сынау түрлері; 2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені құру; 3. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары. Сәйкестікті растауға сынау түрлері, олардың өнімнің сапасымен қауіпсіздігін бағалаудағы ролі, сәйкестікті растауға сынауды метрологиялық қамтамасыз ету Өлшеу, сынау және бақылау сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалаудың негізгі әдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сынақ зертханаларында өнімді сертификаттау кезінде шеетін міндеттермен байланысты (таблица). Таблица. «Өлшеу», «сынау», «бақылау» ұғымдардың өзара қатынастары Термин | Мақсаты | Сапасын бағалау | Дәлдәк көрсеткіштері | Өлшеу | Шаманың (параметрдың) мәнін анықтау | Өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау | Өлшеу қателігі Δизм | Сынау | Шаманың (параметр-дың) мәнін берілген сынақ режимдерде және шаманың (параметрдың) мәнін белгілеуші фактор-лардың әсер етуі режимінде анықтау | Берілген сынақ режимдерде және әртүрлі факторлардың әсер етуінде өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау | Δи = Δp +Δф + Δизм мұндағы Δp – режим қателігі Δф - фактор қателігі | Бақылау | Шаманың (параметр-дың) берілген сынақ режимдерде және факторлардың әсер етуінде берілген шек ішінде болу фактін айқындау | Параметрдің жіберілетін шек ішінде болу дұрыстығының дәрежесін бағалау | I және II текті қателіктердің Δи ескерілген түрдегі ықтималдығы | Сынақ жүргізудің мақсаты -өнімнің сандық және сапалық сипаттамалара баға беру, яғни берілген жағдайларда талап етілген функцияларды атқара алу қабілетін бағалау. Бұл мақсаттың шешімі сынақ зертханаларында табылады. Шешімі болып сынақ хаттамасы табылады. Сынақ хаттамасында өнімнің параметрлерінің мәндері көрсетіп жазылады. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады: § Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау; § отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету; § материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету; § iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету; § диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйе – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқару жөніндегі мемлекеттік жүйе болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені құруға себеп болған мыналар: - біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең массовый жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді; - екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді; - үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдайлар жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері: · өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау; · шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру; · метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау; · өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру; · метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау; · өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілері болып табылады:шама бірліктері;шама бірліктерінің эталондары;өлшем құралдары;өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар;өлшеулерді орындау өдістемелері;нормативтік құжаттар. Қазақстан Республикасы аумағында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкін. Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің мөлшерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады. Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек. Өлшеулерді орындау әдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалау сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етужөніндегі мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредиттелген болуы керек. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету дегеніміз не? 2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі мақсаты? 3. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары қандай? 4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені құруға қандай себеп? 15 – дәріс Жоспар: 1. Өнімнің сетификаттауын өткізудің реті.; 2. Өнімнің жалпы сипатталуы. 3. Өнімнің сетификаттауын өткізудің ретіндегі есеп Өнімнің сетификаттауын өткізудің реті. Өндірістік тәжірибенің базалары болып өнеркәсіптер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдар болып келеді. Өндірістік тәжірибеде студенттер «Сапа менеджменті жүйесі», «Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру» пәндерінен курстық жұмыстардың тақырыптары бойынша материалдарды жинайды: өнеркәсіппен шығарылатын бұйымның (қызмет көрсетудің) өмірлік циклін қолдау бойынша сол өнеркәсіптің жұмысы, келесіден бастау керек: 1. Өнеркәсіптің сапа бойынша мақсаттары мен міндеттері, сапа саласындағы саясат; 2. Нарықпен ұсынылатын бұйымдар, өнім, қызмет көрсетулер, тұтынушылардың сұраулары, бұйымдардың, өнім, олардың сапа көрсеткіштері түрлерін, техникалық мәліметтердің бәсекеге қабілеті және т.б. оқу бойынша маркетингті қызметті ұйымдастыру. 3. Өндірісті құрылымдық, технологиялық дайындауды, жобалар деңгейін бағалауын ұйымдастыру, жобалар сапасын жетілдіру бойынша жұмыс, принципиалды жетіспеушіліктерді және өндіріс кезіндегі кейінгі жеткізгіштерді болдырмау; бұйымды (өнімді) шығарудың жасалған немесе типтік технологиялық үрдістер; технологиялық жабдықтаудың жобалары және т.б. 4. өндірісті материалды-техникалық жабдықтау, қажетті сападағы материалдармен қамсыздандыруды ұйымдастыру; 5. бұйымды өндіру мен оның сапасы бойынша жұмысты жетілдіру бойынша материалдар: технологиялық үрдістердің тұрақтылығы мен дәлдігі, бақылау түрлері, бақылауды ұйымдастыру мен техникалық қамсыздандыру; өндірісті метрологиялық қамсыздандыру; 6. фирмалық стандарттар (ФС) және өнеркәсіп стандарттары (ӨСТ), өндірісті нормативті-құқықтық қамсыздандырудың жалпы сұрақтары, стандарттар мен басқа нормативтік құжаттарды (НҚ) жасаудың реті мен әдістемесі; 7. жұмыстың сапасы мен тиімділігін жоғарлату үшін ұйымдастырушылық жобалау жән ұйымдастырушылық-реттеуші құжаттама кешені; 8. шығарылатын өнімді сертификаттау реті мен түрлері бойынша материалдар, бұыймдар сапасын басқарудың істегі жүйесін бағалау; 9. өнеркәсіптің өнімді өткізу, пайдалану кезінде оған техникалық қызмет ету бойынша жұмысы және т.б. Материалдар мамандардан пікір алу немесе техникалық мәліметтер, сызбалар, сұлбалар, технологияны суреттеу, бақылау және т.б. жолмен жиналады. Өнімнің жалпы сипатталуы: түзілімнің, машина, аспап, өнімнің және т.б. Өнімнің квалиметриялық бағасы: · бұйымның қызметтік тағайындалуы; · бұйымға техникалық талаптар; · өнімнің жіктелуі; · өнімнің сапасын анықтау; · өнімнің сапасы туралы жалпы мәліметтер; · сапа көрсеткіштері номенклатурасын анықтау; · бұйымды құрылымдық талдау; · бұйымды функционалдық талдау; · өнім сапасы деңгейін бағалау. Өнімді шығару сапасының деңгейін бағалау; · технологиялық бұйымның сапа көрсеткіштерін талдау; · сапа менеджменті жүйесін енгізу (жетілдіру); · МС ISO 9000 және басқаларды қолдануды зерттеу мен өндіріске енгізу; · құжатталған сапа жүйесін жасау: ұйымдастырушылық жобалаудың технологиялық жүйесі мен өнеркәсіптің үрдістерін басқарудың құжаттар кешені; · маркетингті зерттеулер сұрағын зерттеу; · өнімді жасау; · материалды-техникалық қамтамасыз ету; · өндірістік үрдістерді дайындау мен жасау; · сапаны нормативті-техникалық қамсыздандыру; · өндірісті метрологиялық қамсыздандыру; · бұйымды (өнімді) өндіру; · бақылау мен сынау; · орама мен сақтау; · өнімді сату мен тарату; · монтаж және пайдалану; · қызмет көрсетудегі техникалық көмек; · сатудан кейінгі қызмет; · утилиттеу; · істегі СМЖ жетілдіру бойынша ұсыныстар. Есепте болуы керек: – өнеркәсіптің қысқаша сипаттамасы, шикізат пен шығарылатын өнімнің оның сандық және сапалық көрсеткіштері мен сипаттамаларымен болатын ассортимент; – техникалық бақылауды ұйымдастыру мен олардың қысқаша сипаттамаларымен бірге қолданылатын техникалық құралдар; – сапаны басқару, сертификаттау, стандарттау мен метрологиялық қамсыздандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; – техникалық бақылау бөлімінің, бас метролог пен стандарттау бюросының жұмысын ұйымдастыру; – өнеркәсіптің сапа жүйесін жасау мен қызмет етуін қамсыздандыратын құрылымы; – бұйымды шығарудың технологиялық үрдістерін қысқаша суреттеу; – сапа бойынша өкілеттілердің лауазымдық нұсқауы; – сапа, метрология мен стандарттау бойынша маманның құқықтары мен міндеттері; – шығарылатын өнім, үрдіс немесе қызметке ӨСТ (фирмалық стандарттардың) тізімі мен қысқаша суреттелуі; – шикізатты ену бақылауды ұйымдастыру, операциялық бақылау мен дайын өнімді (қызметті) бақылауды суреттеу; – өнімді және шикізатты жеткізу, сатып алу туралы келісім-шарттардың негізгі элементтерінің мазмұны; – дайын өнімді статистикалық бақылауды қысқаша суреттеу; – өнім сапасының деңгейін квалиметриялық бағалау элементтерімен өнімді дайындаудың квалиметриялық талдауды, технологиялық үрдістерді (бақылау карталарды құрумен) статистикалық реттеуді қысқаша суреттеу, оперативті сипаттамалар бақылау жоспарлары; – өнеркәсіптің өнімін сертификаттау реті, сертификаттау сұлбалары; – сапа жүйесін сертификаттауды қысқаша суреттеу (сертификаттаудың ережелері мен реті); – шығарылатын өнімге (қызметке) дифференцияланған әдіспен сапа көрсеткіштерін бағалауды суреттеумен, интегралды көрсеткіштер, орташа геометриялық және арифметикалық көрсеткіштер мен экспертті әдістердің көмегімен нормативті-техникалық құжаттаманы (НҚ) квалиметриялық бағалау, және дипломдық жобамен қарастырылған басқа материалдар. Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді: 1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді. Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы. Бақылау сұрақтары: 1. Бақылау деген не? 2. Өнімнің квалиметриялық бағасы. 3. Өндірістік тәжірибенің базаларына не жатады? 4. Өнімді жасау. 5. Есептің шығарылу реті. 16 – дәріс Жоспар: 1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар; 2. Сәйкестікті растау кезінде атқарылатын функциялар; 3. Сәйкестiкті растау жөнiндегi органдардың құқығы. Қызметтердің сәйкестігін растау сұлбалары Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар Өнiм өндiрушілерден тәуелсiз, бекiтiлiп берiлген қызмет бағыттары бойынша штатында сәйкестікті растау жөнiндегі сарапшы-аудиторлары және зертханалары бар техникалық реттеу жөнiндегі уәкiлетті орган сәйкестікті растау жөнiндегі органдар ретiнде белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға бола алады. Сәйкестіктi растау жөнiндегі органдар, оның ішінде шетелдiк органдар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен аккредиттелуi тиiс. Сәйкестiктi растау жөнiндегі аккредиттелген органдардың филиалдары мен өкілдiктерi техникалық реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен сәйкестiктi растау жөніндегi органның құрамында аккредиттеледi. Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар өтiнiш берушiлермен шарт жасасу жағдайларында аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады: § сәйкестікті міндетті растау жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге дайындаушылардың, сатушылардың, орындаушылардың тапсырыстарын қарайды, сәйкестігін растауға ұсынылған өнiмдi бiрегейлендiредi; § сәйкестіктi растау жөнiндегi белгiленген ережелерге сәйкес сәйкестiкті мiндетті растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi және оң нәтижелер алынғанда сәйкестiк сертификатын бередi; § дайындаушылардың тапсырыстары бойынша олардың сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажетті жұмыстарды жүргiзеді; § сәйкестiк туралы декларацияны тiркейдi; § сәйкестiктi растау сызбасына сәйкес өткiзу тәртiбiн уәкiлетті орган белгiлейтiн мiндеттi түрде сәйкестігін растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылауды жүзеге асырады және оның нормативтiк талаптарға сәйкес болмауы анықтаған жағдайда техникалық реттеу жөнiндегі уәкiлетті орган белгiлеген тәртіпте өздерi берген сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын тоқтата тұрады немесе жояды; § мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиiсті мемлекеттiк органдарға мiндетті түрде сәйкестігін растаудан өтпеген өнiм туралы, сәйкестік сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестік туралы декларацияны тiркеудi тоқтата тұру немесе жою туралы хабарлайды; |