МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Негізгі ережелері. Шетел сертификаттарын мойындау 5 страница





Сәйкестік тұжырымының принциптері. Сәйкестікті тұжырымдау кезінде төмендегідей прициптерді жетекшілік ету керек:

· қызығушылық танытқан тұлғаларға сйкестік тұжырымын іске асыру реті жөніндегі ақпараттың енуі;

· ТР сәйкес үлгі сәйкестігін орнату және өнімнің нақты түріне объектіге қатысты міндетті сәйкестік сызбасы;

· тапсырыс беруші шығын мен сәйкестігінің міндетті тұжырымының процедурасын өткізу мерзімін азайтуға ориентация;

· сәйкестіктің еркін тұжырымын іске асыруға мәжбүрлеу жол берілмеу;

· еркін сертификаттау сәйкестігінің міндетті тұжырымын ауыстыруға жол бермеу;

· тапсырыс берушіліердің мүліктік қызығушылығын қорғау, сәйкестік тұжырымын өткізу кезінде алынған мәліметке қатысты комерциялық құпияны сақтау.

ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде қолданылатын сертификатталған өнімді таңбалау және сәйкестік белгісімен таңбалау тәртібі, сонымен қатар өнімді таңбалауға және сәйкестік белгісімен таңбалауға құқықты көрсету ҚР СТ 3.25 талаптарына сәйкес келеді. Сертификатталған өнімді таңбалау және сәйкестік белгісі қолдануға арыз беруші (өндіруші, орындаушы, сатушы) ҚР СТ 3.0, ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.5 талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану құқығын сертификат жөніндегі орган береді. Сәйкестік белгісімен таңбалау орнын және әдісін сертификат жөніндегі орган арыз берушімен келісе отырып белгілейді.

Стандарттар және басқа да нормативті құжаттар, талаптардың сақталуын сәйкестік таңбасы куәландыратын, сәйкестік сертификатында көрсетеді. Сәйкестік сертификатының пішіні, көлемі және техникалық талаптар ҚР СТ 3.1 көрсетілген.

Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану мақсаттары:

– өндірушіге (сатушы, орындаушы) деген сенімділікті жоғрылату, сонымен қатар олармен шығарылатын өнімдерді, қызметтерді реализациялау;

– тұтынушыларға осы өнімнің және қызметтің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігі туралы, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпсіздігі туралы сенімділіктің болуы;

– ҚР сауда нарығында заңды және физикалық тұлғаларға керекті жағдайларды жасау.

Сәйкестік белгісін әрбір сертификатталған өнімнің несъемный бөлігіне өндірушінің тауарлық таңбасының жанына немесе сертификатталған өнімнің сәйкестігін айқындайтын нормативтік құжат белгісінің үстіне таңбалайды.

Кейбір өнімдерге (газ тәріздес, сұйық, шашылатын заттар мен материалдар, ұсақ заттар) сәйкестік белгісін таңбалау мүмкін болмаса, онда тараға немесе упаковкаға таңбалайды.

Эксплуатациялық, техникалық және тауарды шығрушы құжаттар сәйкестік таңбасымен сол өнімді сертификаттау ақпараты көрсетілген (сертификатты беру уақыты және нөмірі, сертификат берген орган атауы) орында таңбалануы тиіс. Егер сәйкестік таңбасымен таңбаланған өнімнің осындай ақпараттары болған жағдайда, сәйкестік сертификатының көшірмесінің болуы қажет емес.



Қызметті орындаушы сәйкестік таңбасын ресми бланктерге, квитанцияларға, жолдамаларға, келісім шарттарға, вывеска, наряд заказыларға таңбалай алады. Сәйкестік таңбасын енгізгенде ол бір түсті болу керек және енгізілген фонда контрасты болу керек.

Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану кез келген технологиялық тәсілмен орындауға болады: ерітіндімен еріту, балқыту, ою, жазу, штамп және басқа әдістер және бұл әдістер бұл таңбаны сыртқы орта әсеріне беріктігін және өнімді сақтау мерзімінде ұзақ сақталуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкестік таңбасын оның жеке элементтерін жаңғыртып таңбалауға болмайды. Оның көрінісінің техникалық воплощениесі жасандылықтан қорғайтын арнайы шараларды қамтамасыз ету керек.

Егер сәйкестік таңбасы қаптамалы материалдарға таңбаланса, онда таңбаланған қаптамалы материалдарды сақтау және қолдану, сертификатталмаған өнімдерге қолдану мүмкіндігін шектейтін тәртіпте жүзеге асуы керек.

Өнімнің сәйкестік сертификатының мерзімінің тоқтауы және жойылуы сәйкесінше сәйкестік таңбасын қолдану құқығын уақытша тоқтатуға немесе жоюға алып келеді.

Сертификаттау жөніндегі орган өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік таңбасымен таңбалау құқығын көрсетуге жауапты.

Арыз беруші сертификатталған өнімнің және көрсетілген қызметтің сапасына және сәйкестік таңбасын ҚР заңнамасына сәйкес дұрыс қолдануына жауапты.

Бақылау сұрақтары:

1. Сәйкестік тұжырымының үлгісі.

2. Сәйкестікті растау кезіндегі қойылатын талаптар.

3. Сәйкестікті міндетті тұжырымдау деген не?

4. Сәйкестік сертификаты.

5. Тауар таңбасына сипаттама.

11 – дәріс

Жоспар:

1. Тіркеу аттестаты:

2. Инспекциялықбақылау:

3. Инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі.

Сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау

Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталған өнімнің сапасын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган стандартту және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылау.

Сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Сертификаттау жөніндегі органдар немесе сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметінде ҚР-ның сертификаттау туралы заңдары және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылғаннан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.

Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған кезде тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік құжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған кезде стандартту, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін.

Ереже талаптары ҚР-ның мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына), сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.

Инспекциялық бақылау - аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын тексеру.

Сертификатталған өнімге, қызметтер көрсетуге, процестерге және менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылауды, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, сәйкестік сертификат берген сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген орган жүзеге асырады. Сәйкестікті растау сызбасын өтінім беруші сәйкестікті растау бойынша органмен бірлесіп таңдап алады.

Инспекциялық бақылаулар сәйкестік сертификатының және өнімдерді (қызметтер көрсетуді) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының қолданылу мерзімінде мерзімді және жоспардан тыс тексеріс нысанында жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Инспекциялық бақылаулардың мерзімділігін сәйкестікті растау бойынша орган таңдап алынған сәйкестікті растау сызбасына сәйкес айқындайды.

Жоспардан тыс тексерістер сертификатталған өнімге (қызметтер көрсетуге, процестерге, менеджмент жүйесіне) шағым-талап келіп түскенде жүргізіледі.

Инспекциялық бақылаудың жұмысының түрлерін және ауқымын сәйкестікті растау бойынша орган орындалған сәйкестікті растау сызбасына, өнімдердің сипаттамасының тұрақтылығын, өнімнің ықтимал қауіптілік деңгейін, өнім өндіру процестерінің тұрақтылығын, шығарылу ауқымын және басқа көрсеткіштерін есепке ала отырып тексеріс бағдарламасында айқындайды. Инспекциялық бақылау бағдарламасын сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы тексеріс басталғанға дейін бекітеді. Инспекциялық бақылау жүргізуге жұмсалған барлық шығындарға өтінім беруші шарт негізінде, оның нәтижелеріне тәуелсіз, ақы төлейді.

Инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі.Инспекциялық бақылау, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, мынадай жұмыс түрлерін қамтуы тиіс:

§ сертификатталған өнім, қызмет көрсету, процесс, менеджмент жүйесінің қолданылуы жөніндегі ақпаратты талдау;

§ тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың немесе қызмет көрсету процесінің тұрақтылығына қажетті шарттардың сақталуын тексеру;

§ үлгілерді іріктеу, өнімдерді сынақтан өткізу және оның нәтижелерін талдау;

§ тексеріс нәтижелерін ресімдеу және шешім қабылдау.

Менеджменті жүйесіне берілген сәйкестік сертификаты бар болса, егер сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық жүйесінде құпталған органда берілген болса, тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттарға талдау жүргізбеуге болады.

Инспекциялық бақылау нәтижелері үлгілерді сынақтан өткізу және басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы, сертификатталған өнім өндірісінің немесе қызмет көрсету процесінің жай-күйі туралы және берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сақтау мүмкіншілігі туралы қорытынды берілетін еркін нысандағы актімен ресімделеді.

Инспекциялық бақылау.

1. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді.
Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған өнімді шағымдар түскен кезде жүргізеді.
Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы анықтайды.

2. Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі:

- сертификатталған өнімге түскен ақпараттарды талдау;

- өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;

- өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;

- бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау;

Нақты өнімнің өндірісінің және сапа жүйесі менеджментінің сертификаты болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса өнім тұрақтылығы жағдайында талдау жүргізілмейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Инспекциялық бақылау дегенміз не?

2. Инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі?

3. Тіркеу аттестаты деген не?

4. Инспекциялық бақылауды сынақтан өткізу қажет пе?

5. Инспекциялық бақылау бағдарламасын кім бекітеді?

 

 

12 – дәріс

Жоспар:

1. Ұлттық қауіпсіздік және тұтынушы алданудан сақтау;

2. Еуро Одақ;

3. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі.

Сәйкестікті растау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік

ҚР-ның сертификаттау туралы заңдарын бұзған тұлғалар ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.

«Техникалық реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуде реформалау Республика мәмлелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттық бағыт беруге Қазақстанэкономикасын әлемдік қауымдастығына интеграциясына бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындағы саясатты өзгертуге стандарттау, сертификаттау мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты.

Халықаралық тәжәрбиеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламенттерде, заңнамаларда, қауларда және үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар. Адамдардың өмірі мен денсаулығы азаматтардың мүмкіндіктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі.

Ұлттық қауіпсіздік және тұтынушы алданудан сақтау. Халықаралық тәжірбиенің ерекшелігі стандарттың міндетті құжаттары болып есептелуі. Оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірмеген жағдайда ерікті негізде қолдануы елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына еңгізілген.Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:

§ Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы;

§ соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған.

Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан бақылау тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай - ол тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы. Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс, т.б.) белгіленген. Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген.

Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан, өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап отырады. Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған.

Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:

· жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;

· жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;

· құқықтық және техникалық заңдарды құру;

· техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау;

· мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;

· сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;

· сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;

· мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;

· халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:

1. техникалық регламенттерді және стандарттарды жасауға мүдделі тұлғалардың қатысуын;

2. техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі жақтардың пәтуасын (консенсусын);

3. шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және олардың халықаралың нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөніндегі ақпараттардың ашықтығын;

4. дискриминацияламауды (барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу).

Техникалық реттеу негізіне халықаралық принциптер, талаптар мен стандарттар, сәйкестікті бағалау тәртіптері, тексеру және бақылау жүйесі, сондай-ақ Қазақстанда қолданылып жүрген техникалық регламенттер алынуы қажет.

Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының сақталуын және сертификатталған өнімді (қызметті) бақылау жүргізгенде мемлекеттік стандарттарды бақылайтын мемлекеттік инспекторлар мекемені тексеру актілері негізінде тыйым салу, жою, кемістікке жол бермеу шараларын қолданады және жіберілген кемістіктердің себептерін анықтайды. Осы мақсатта олар талаптар мен ережелерді бұзушыларға жарлық береді және стандарттардың міндетті талаптарын, сертификаттау ережелерін бұзғаны, жарлықты орындамағаны үшін айыппұл салады. Жарлық мына түрлерде берілуі мүмкін:

міндетті талаптардың, соның ішінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны және ол кемістіктерді жою қажеттігі туралы. Орындаудан бас тарту немесе уақытылы орындамау орын алса, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады (мысалы, Ресейде айыппұл 5000 еңбек төлемінің ең кіші мөлшері деңгейінде белгіленген);

өндірілген өнім, көрсетілген қызмет мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болмаса, оларды таратуды және атқаруды тоқтата тұру жөнінде. Орындаудан бас тартқан жағдайда таратылған өнім (көрсетілген қызмет) бағасына тең айыппұл салынады;

өнім өндіруді (егер өнімнен келетін зиянды жою мүмкін болмаса) және зиянды тауарларды сатуды тоқтату жөнінде. Орындаудан бас тартқан жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

тұтынушылардан қауіпті тауарларды қайтарып алу. Жарлықты орындамаған жағдайда немесе осы тауарлар зиян келтірсе, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

Тауарды міндетті сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін сертификаттау органдарына тауар (жұмыс, қызмет) бағасынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Ережелерді бұзу сәйкестік сертификатының дұрыс берілмегені түрінде болуы мүмкін:

сынау деректері дұрыс болмаса да;

тауардың стандарттар талаптарына сәйкестігі дәлелденбесе де (мысалы, сынау жоспары сақталмаған, сынаулар қауіпсіздік талаптарын түгел қамтымаған);

сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу тізімінде жоқ тауарларға берілсе;

сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу аттестатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін берілген болса.

Тауарды міндетті сертификаттағанда сынау нәтижелері туралы жалған ақпараттарды бергені үшін сынау зертханалары мен орталықтарына тауар құнынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Айыппұл төлеуге қатысты мәселелерді шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, дайындаушының (орындаушының), сертификаттау органының, сынақ зертханаларының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар тексеру актісі түскеннен кейін белгіленген уақыт аралығында бірлесіп қарастырады. Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады. Ескерте кететін жағдай: қылмыс жасалды деп есептеу үшін қауіпті тауар шығарып, оны тұтынушыға сату жеткілікті емес. Ол үшін мүмкін зардап іске асырылуы керек, яғни нақтылы адамдардың денсаулығына зиян келтірілуі керек. Сондықтан қауіпті тауарды шығару және сату - қылмыс жасаудың басы, яғни қылмыс жасауға дайындық ретінде қарастырылады. Адамдардың денсаулығына зиян келтірілді деп, ол жеңіл немесе ауыр дене зақымын алған жағдайда ғана есептеледі. Жауапкершілік деңгейі қылмыстың ауырлығына, зиян шеккен адамдардың жалпы санына және олардың жас ере шеліктеріне байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. ЕО-ның қызметі.

2. Техникалық регламенттерге енгізілетін талаптар.

3. ҚР-да техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру қандай бағытта жүреді?

4. Дискриминацияламау дегеніміз не?

5. Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен қандай айырмашылығы бар?

 

13 – дәріс

Жоспар:

1. Сәйкестікті растау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар;

2. Сәйкестікті растау қызметі;

3. Сәйкестікті растаудың міндетті нысаны.

Өнімнің, процесстердің жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау түрлері

Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне» көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.

Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.

Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.

«Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.