Критерии оценки определения скорости воздушной струи в воздуховоде. 12 страница б) табиғи жарықтың жоқтығы в) табиғи жарықтандырудың жеткiлiксiздiгi г) бiрiккен жарықтану кезiнде д) авариялық жарықтану деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi 43.Көру жұмысының қуаттылығын бағалау критерийне жатады: а) көру анализаторының функционалды жағдайының көрсеткiштерi, б) көру анализаторының функционалды жағдайының көрсеткiштерi, жұмыс бетiнiң жарықтығы, түстi ажыратуға талаптар в) үзiлiссiз көру жұмысының уақыты г) жарықтануды гигиеналық нормалау принциптерi 44.Жарықтану нормасы 1 баспалдаққа көтерiлгендегi жарықтану шкаласы: а) I-IV разрядтық жұмыстар, егер жұмыс уақытының 50% алса б) жасөспiрiмдердi жұмысқа үйрету (жалпы жарықтанудан жарықтыну 300Лк құраса) в) максималды жарықтанудың минималды жарықтануға қатынасы 1:3 г) минималды жарықтанудың максималды жарықтануға қатынасы 1:3 д) ТЖК СК-ға қатынасы 1:10 тең 45.Табиғи жарықтану жағдайында жұмыс iстеуде биологиялық әсердiң кемшiлiгi: а) жабдықтар мен коммуникацилармен жұмыс беттерi қараңғыланған б) подвалды, жер асты бөлмелер мен қондырғылар в) табиғи жарықтану жарық фонарлары арқылы г) ТЖК 0,1% д) ТЖК 0,5% 46.Көздiң деталды көру кезiнде айқын көрудi ұстап тұру қабiлетi: а) түстi сезу б) көру қабылдау жылдамдығы в) айқын көру тұрақтылығы г) көру өткiрлiгi д) жарықты қабылдау 47.Бiрқалыпты жұмысты iстеу кезiнде шамшырақтар бөлмеде қалай орналастырылуы қажет? а) бөлме ортасында б) iшкi қабырға бойында в) шахматты тәртiпте г) белгiлi у÷астокта д) орналасуы байланысты емес 48.Люминисценттiк лампалардың жұмысы кезiнде жарық ағыны тербелiстерiнiң себептерi: а) торапта қуаттың өзгерiсi б) жарық ағынының пулсациясы в) жарық көздерiнiң қозғалмалы бекiтiлуi г) жұмыс бетiнiң түсу бұрышының өзгерiсi д) стробоскопиялық эффект 49.Қыздыру шамдарының кемшiлiктерi люминисценттiк шамдарға қарағанда: а) шектелген температуралық режимде жұмыс iстеу б) стробоскопиялық эффект в) түс берілуінің бұрмалануы г) жарық берiлудiң аздығы д) жарық ағынының бiркелкi емес таралуы 50.Газоразрядтық шамның кемшiлiктерi: а) шектелген температуралық режимде жұмыс iстеу б) түстің берілуін бўрмалайды в) соқырлық әсер г) жарық берiлудiң аздығы д) дроссел шуы 51.Инсоляция дегенiмiз: а) ғимаратты күн сәулесiмен жарықтандыру б) бөлмеге тiкелей күн сәулесiнiң терезе арқылы түсуi в) УК сәулесiнiң бөлмеге түсуi г) шағылысқан күн сәулесiнiң бөлмеге түсуi д) қызған технологиялық қондырғылардан жылу энергиясының бөлiнуi 52.Инсоляциялық режим бағаланады: а) тәулiк бойы инсоляцияның сақталуы б) инсоляцияланған бөлме ауданы в) радиациялық жылудың саны г)тәулiктiң түнгi уақытында сақталуы д) жыл маусымына 53.Инсоляциялық режимнiң неше типiн ажыратады? а) 2 б) 3 в) 4 г) 5 д) 6 54.Инсоляция көлемiне мына факторлар әсер етедi: а) климаттық аудан б) территорияның құрылыс жүйесi в) терезе ориентациясы, олардың көлемi, терезенi көлеңкелеу дәрежесi г) ғимарат биiктiгi д) фундаменттi құю тереңдiгi 55.УК сәулеленудiң сауықтыру әсерiн қамтамасыз ету үшiн: а) бөлмелердi үзiлiссiз күнмен сәулелендiру 3сағ кем емес 22наурыз бен 22қыркүйек арасында б) бөлменi интенсивтi желдету в) бөлмеден жылуды шығару г) УК сәулелерiнiң iшкi көздерiнiң болуы д) жұмысшыларға қосымша Д-витаминiн беру 56.„Түсу бұрышы” дегенiмiз: а) еден ауданының терезе ауданына қатынасы б) терезенiң жоғарғы шетiнен жоғарғы көлеңкеленген объекттiң шетiне өлшеу нүктесiнен бұрышы в) терезенiң жоғарғы шетiнiң биiктiгiнiң бөлме тереңдiгiне қатынасы г) жұмыс бетiнiң горизонталды жарықтанудың еден бетiне қатынасы д) өлшеу нүктесiнен терезенiң жоғарғы ж/е төменгi шетi аралығындағы бұрышы 57.Қуыс бұрышы дегенiмiз: а) өлшеу нүктесiнен терезенiң жоғарғы ж/е төменгi шетi аралығындағы бұрышы б) өлшеу нүктесiнен еден мен терезенiң жоғарғы шетi аралығындағы бұрыш в) өлшеу нүктесiнен терезенiң жоғарғы шетiнен жоғарғы көлеңкеленген объекттiң шетiне дейiнгi бұрышы г) форточканың жоғарғы мен төменгi шетi аралығындағы бұрыш д) терезе ауданы мен еден ауданының қатынасы 58.Жарықтану бiртегiс болып есептеледi, егер 0,75м аралығында минималды жарықтану максималдыға қатынасы: а) 1:1 в) 1:3 б) 1:2 г) 1:5 д) 1:10 59.Жұмыс бетiнiң жарықтануы мен қоршаған кеңiстiк аралығындағы өткiр контрастын болдырмау үшiн жалпы жарықтану құрамы болу керек: а) 50% в) 15% б) 25% г) 10% д) 5% 60.Түсу бұрышы болу керек: а) 10⁰-тан кем емес б) 15°-тан кем емес в) 20°-тан кем емес г) 27°-тан кем емес д) 30°-тан кем емес 61. Қуыс бұрышы болу керек: а) 5°-тан кем емес б) 10°-тан кем емес в) 15°-тан кем емес г) 20°-тан кем емес д) 30°-тан кем емес 62. Жарықтану бiртегiс болып есептеледi, егер 5м аралығында минималды жарықтану максималдыға қатынасы: а) 1:1 в) 1:5 б) 1:5 г) 1:10 д) 1:15 Ситуациялық есептер Есеп 1. Қарағандының жиһаз фабрикасының ағаш-ұсталық жинау цехында 3-шi разрядқа жататын көру жағдайымен өндiрiстiк операциялар жасалады. Табиғи жарықтану ғимараттың iшкi қабырғасының жарық ойықтары арқылы жүргiзiлген. Жарық ойықтарының ориентациясы 226-315°. Фактiлiк ТЖК-ны анықтау үшiн жарық сырттан (1000Лк) ж/е iштен (400Лк) өлшенген. Тапсырма: а) Нормаланған ТЖК-ны есептеңiз. б) Фактiлiк ТЖК-ны есептеп, нормамен салыстырыңыз. в) Люксметрмен жұмыс iстеудi түсiндiрiңiз. Есеп 2. Көру жағдайымен III разрядқа „а” подразрядына жататын терезесiн ғимаратта (табиғи жарықтануы жоқ) өндiрiстiк операциялар жүргiзiледi. Жұмысшылар смена бойы цехта болады. Цех ғимараты жазғы уақытта күнiне 3сағ инсоляцияланады. Тапсырма: а) Берiлген жағдайда табиғи жарықтанудың нормасын анықтаңыз. б) ±имараттың инсоляция дәрежесiн анықтаңыз. в) УК ашығумен күресу жолдарын атаңыз. Есеп 3. Тiгiн фабрикасын комплекстi тексеру кезiнде, балалардың киiмiн тiгу цехында ең кiшi детал көлемi (жiп қалыңдығы) 0,2мм. Цехта шаңдану айтарлықтай емес. Қабырғалары жасыл түске боялған. Табиғи жарықтану терезе арқылы, бүйiрлiк, екi жақты. Терезе жылына 1рет тазартылады. ТЖК 2-4% аралығында. Тапсырма: а) Табиғи жарықтануды бағалаңыз. б) Интерер бояуын бағалаңыз. в) Терезенi тазарту жиiлiгi. Есеп 4. Сүт зауытын комплекстi тексеру кезiнде, сүттi құю цехында бөтелке жуу мен буып-түю машиналар аралығында әйнектелген жарық экраны орналасқан, смена бойы контролер өткен бөтелкелердiң тазалығының сапасын тексередi. Контролер смена iшiнде түрегеп тұрып 8сағ жұмыс iстейдi. Жұмыс уақытының 80%-i негiзгi жұмыс есебiне жатады. Экранның жарықтану деңгейi 800Лк, цехтың жалпы жарықтануы 100Лк. Тексеру барысында контролер бас ауруына, тiтiркенгiштiк, ұйқысыздық, көру өткiрлiгiнiң төмендеуiне шағымданды. Тапсырма: а) Цехтың жарықтануын бағалаңыз. б) Жарықтану көрсеткiштерiн нормамен салыстырыңыз. в) Контролердың еңбек жағдайын бағалаңыз, сауықтыру шараларын атаңыз. Есеп 5. Электр аппаратурасын жинау цехында 0,2-0,3мм объектiнi ажыратумен байланысты өндiрiстiк процесс қарастырылған. Детал мен фон контрастысы үлкен, фон ашық түстi технико-экономикалық негiздеу бойынша жарықтану қыздыру шамдарымен жүргiзiлген. Тапсырма: а)Жұмыс разрядын анықтаңыз. б) Қыздыру шамдарын қолдану кезiндегi нормасын атаңыз. в)Берiлген технологиялық процессте қолданылатын жарықтану жүйесiн атаңыз. Есеп 6. Сағат зауытының жинау цехында 0,2-0,28мм объектiнi ажыратумен өндiрiстiк операциялар жасалған. Жұмыс ашық фонда iстеледi, фон мен объект арасындағы контраст аз. Тапсырма: а) Көру жағдайымен жұмыс разрядын анықтаңыз. б) берiлген жағдайдағы жарық көзi мен жарықтану жүйесiн атаңыз. Есеп 7. Механикалық цехта токарлық станокта подшипниктiң жеке деталдарын өңдеу жүргiзiледi. Жұмыс ашық деталдарды дәл өңделуiн анықтаумен байланысты, фон ашық, ажырату объектiсi 0,1-0,2мм. Жарықтану қондырғылары комбинирлерген, жарықтану жүйесi аз ж.үргiзiлген. Жарықтану деңгейi 1500-1650Лк. Тапсырма: а) Көру жұмысын сипаттаңыз, жасанды жарықтануды сипаттаңыз. б) өлшенген жарықтануды нормамен салыстырыңыз. Есеп 8. РММ-ң механо-жинау бөлiмiнде, машинаның түйiндерiн жинау өндiрiстiк операциялары жасалады. Табиғи жарықтану ғимараттың iшкi қабырғасындағы жарық ойықтары арқылы өтедi. Көру жұмыстары 3-шi разрядқа жатады. Тапсырма: а) Нормаланған ТЖК-ны анықтаңыз. б) Нормамен салыстыру үшiн бөлменiң қай нүктесiнде минималды ТЖК-ны анықтайсыз? Есеп 9. Мақта тазарту цехында мақта қоспалардан тазартылып, қопсытылып, стерженге оралып,сорттап-түтетiн агрегатқа түсiрiледi. Объектiнi ажырату көлемi 0,7мм. Жұмыс зонасындағы шаң көлемi 10мг/м3. Жарықтану деңгейi 60-90Лк. Тапсырма: а) өзгерген өлшенген жарықтануды нормамен салыстырыңыз. б) Жарықтану жағдайын жақсарту шараларын ұсыныңыз. в) Терезелердi шаңнан тазарту жиiлiгiн атаңыз. 1. Тема № 10:Еңбек гигиенасындағы зертханалық зерттеулер техникасы. Санитариялық-гигиеналық зертханада жұмыс істеу кезінде еңбекті ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы. 2. Мақсаты:еңбек гигиенасындағы зертханалық зерттеулер техникасы туралы, санитарлық-гигиеналық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру. 3. Оқытудың міндеттері: - еңбек гигиенасындағы зертханалық зерттеу техникасымен таныстыру, - санитарлық-гигиеналық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен және еңбекті ұйымдастырумен таныстыру. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Өндірістік бөлме микроклимат параметрлерін анықтау. 2. Өнеркәсіп ғимараттарының инсоляциясы. 3. Өндірістік бөлме жарықтану деңгейін анықтау. 4. Жұмыс аймағы ауасындағы өндірістік уларға химиялық талдау жүргізу. 5. Жұмыс аймағы ауасындағы химиялық заттар мөлшерін талдау үшін қолданылатын ауа сынамасын алу әдістері. 6. Өндірістік улар мөлшерін анықтауға ауа сынамасын алу әдістері. 7. Зертханада атомдық-абсорбциялық спектрофотометрде жұмыс істеуді ұйымдастыру. 5. Оқыту әдістері: біріктірілген (жұппен жұмыс істеу, пікірталас, кейс-стади). 6. Әдебиет: Негізгі 1. Алексеев С.В., Усенков В.Р. – гигиена труда (учебник) – М., Медицина, 1988 г.- С. 135 – 157. 2. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. Кириллова В.Ф.) – М., Медицина, 2001 г.- С. 115-126. 3. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., 2009. – С. Қосымша 4. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности Республики Казахстан – Алматы, 1997 г. 5. А.А. Каспаров. – Гигиена труда (учебник). – М., Медицина, 1988, 352 с. 6. Тогызбаева К.К., Филин А.П. и др. Предупредительный санитарный надзор при новом строительстве и реконструкции промышленного предприятия (учебно-методическое пособие) – Алматы, 1998г. 7. Бақылау(сұрақтар) Сұрақтар 1. Өндірістік микроклимат параметрлерін анықтау: ауа температурасы, ылғалдылығы (абсолюттік, максималды, салыстырмалы), қанығу тапшылығы, ауа қозғалысы (қозғалу жылдамдығы), жылулық сәулелену). 2. Өндірістік бөлме температурасын өлшеуде қолданылатын аспаптар, олардың құрылысы, жұмыс принципі (термометлер: сынаптық, спирттік; психрометрлер, термографтар, электротермометрлер). 3. Ауаның ылғалдылығын өлшеуде қолданылатын аспаптар, олардың құрылысы, жұмыс принципі (аспирациялық психрометрлер, гигрограф). 4. Ауа қозғалысын (қозғалу жыолдамдығын) өлшеуде қолданылатын аспаптар, олардың құрылысы, жұмыс принципі (анемометрлер, кататермометрлер). 5. Жылулық сәулелену қарқындылығын өлшеуде қолданылатын аспаптар, олардың құрылысы, жұмыс принципі (актинометрлер). 6. Ауа температрурасын өлшеу әдістері. 7. Ауа қозғалу жыолдамдығын өлшеу әдістері. 8. Жылулық сәулелену қарқындылығын өлшеу әдістері. 9. Ауа ылғалдылығын өлшеу әдістері. 10. Өнеркәсіп ғимараттарының инсоляциясы. 11. Біріктірілген жарықтандыру. 12. Жарықтануды өлшеу әдістері. 13. Өндірістік бөлмедегі жарықтануды аныөтау: табиғи жарықтаны, жасанды жарықтану (бақылау нүктелері, өлшенетін тәулік мерзімі, біріккен жарықтану). 14. Өндірістік бөлмеде жарықтануды қарқындылығын өлшеуде қолданылатын аспаптар, олардың құрылысы, жұмыс принципі (люксметрлер). 15. Жұмыс аймағы ауасындағы өндірістік уларға химиялық талдау жүргізудің негізгі кезеңдері. 16. Жұмыс аймағы ауасындағы химиялық заттар мөлшеріне талдау жасауға ауа сынамасын алу әдістері. 17. Өндірістік улар мөлшерін анықтауға ауа сынамасын алу әдістері. 18. Зертханада атомдық-абсорбциялық спектрофотометрде жұмыс істеуді ұйымдастыру. 19. Атомдық-абсорбциялық спектрофотометр көмегімен зерттеу жүргізілетін зертхананың жабдықталуы. 20. Атомды-абсорбциялық спектрофотометрдің құрылыс принципі спектрофотометра («Younglin AAS 8020» и др.). 21. Атомдық-абсорбциялық спектрофотометрде зерттеу үшін ауа сынамасын алу әдістемесі. 22. Ауыр металдар мөлшерін анықтауға ауа сынамасын зерттеу барысы. 23. Атомдық-абсорбциялық спектрофотометрде талдау жүргізу үшін сынаманы дайындау принципі. 24. Атомдық-абсорбциялық спектрофотометрмен ауыр металдарды анықтауға сынаманы зерттеу әдістемесі. 25. Зерттеу нәтижелерін бағалау. 26. Атомдық абсорбциялық спектрофотометрде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. 1. Тақырып № 11:Еңбек гигиенасы саласындағы маманның құқығы мен міндеттері және өндірістік кәсіпорындағрда еңбек жағдайын жақсартудағы рөлі. Еңбек гигиенасы саласындағы маңызды нормативтік-әдістемелік материалдар, олардың құрылымы.. 2. Мақсаты:еңбек гигиенасы маманының құқықтары мен міндеттері туралы, өнеркәсіп орындарындағы еңбек жағдайын сауықтырудағы оның орны туралы; еңбек гигиенасы саласындағы нормативтік-әдістемелік материалдар, олардың құрылымы туралы білім қалыптастыру. 3. Оқытудың міндеттері: - еңбек гигиенасы маманының құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, - өнеркәсіп орындарындағы еңбек жағдайын сауықтырудағы еңбек гигиенасы маманының орнын көрсету, - еңбек гигиенасы саласындағы нормативтік-әдістемелік материалдармен таныстыру. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Еңбек гигиенасы маманының құқықтары. 2. Еңбек гигиенасы маманының міндеттері. 3. Өнерркәсіп орындарындағы еңбек жағдайын сауықтырудағы еңбек гигиенасы маманының орны. 4. Еңбек гигиенасы саласындағы маңызды нормативтік-әдістемелік материалдар, олардың құрылымы. 5. Оқыту әдістері: біріктірілген (жұппен жұмыс істеу, пікірталас, кейс-стади). 6. Әдебиет: Негізгі 1. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.-С. 495-500. 2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. - 668 с. 3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. –С. 426-446. Қосымша 1. Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих. Под.ред. к.м.н. Жакеновой С.Р. Учебно-методическое пособие. ISBN 9965-406-50-2. –Караганда, 2005. –С. 1-56. 2. Галаева А.И. Производственные аэрозоли, их гигиеническая оценка и нормирование. Методы исследования и профилактика пылевой профпатологии. Учебное пособие. –Караганда, 2008. – С.1-80. 3. Гигиена труда в ведущих отраслях промышленности РК. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – С. 1-73. 4. Гигиена труда при работе с видеотерминалами. Учебно-методическое пособие. Тогузбаева К.К. Алматы. 2010. – С. 1-68. 5. Пругло Г.Ю. Использование компьютерных технологий в медицинской статистике. – Алматы, 2004.- С. 1-51. 7. Бақылау(сұрақтар) Сұрақтар 1. Еңбек гигиенасы маманының қандай құқықтары бар? 2. Еңбек гигиенасы маманының міндеттері қандай? 3. Өнерркәсіп орындарындағы еңбек жағдайын сауықтырудағы еңбек гигиенасы маманының орны. 4. Еңбек гигиенасы маманының міндетті медициналық тексеру жүргізудегі орны қандай? 5. Еңбек гигиенасы маманының кәсіптік улану/ауру жағдайы бойынша тергеу жүргізудегі орны қандай? Кредит 1. Тақырып № 1: Өндірістік факторлар туралы ұғым. Адамның кәсіптік зияндары. Еңбек жағдайының жіктемесі. 2. Мақсаты: Өндіріс орындарындағы физикалық факторлар бойынша еңбек жағдайының жіктелуі туралы білім қалыптастыру және физикалық факторларды гигиеналық бағалау туралы тәжірибе қалыптастыру. 3. Оқыту міндеттері: - Өндірістік жағдайдың физикалық факторларымен танысу - Өндірістік жағдайда физикалық факторларыды бағалау әдісін үйрету - Өндірістік жағдайда физикалық факторлардың әсерін гигиеналық нормалау мен жұмыста дағдыны қалыптастыру -Микроклимат көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайының жіктелуімен танысу -Микроклиматтың адам ағзасына әсерін бағалау әдістерін үйрету 4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Физикалық факторлар туралы түсінік. 2. Адамның кәсіптік зияндары туралы түсінік. 3. Ауа ылғалдылығы. Ауа ылғалдылығының түрлері. 4. Еңбек жағдайының жіктемесі. 5. Оқыту және жүргізу әдістері: жүйелі(шағын топтық жұмыс, дискуссия, кейс-стади). 6.Әдебиет: Негізгі 1. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда.Оқулық. Москва, 2008.- б. 76-154. 2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Оқулық. Алматы. 2009 г. – б. 49-68. 3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – б. 31-70. Қосымша 4. Санитарные нормы и правила по гигиене труда промышленности. 3 т. –МЗ РК. 1995. – б. 265-276. 5. Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих. Под.ред. к.м.н. Жакеновой С.Р. Учебно-методическое пособие.ISBN 9965-406-50-2. –Караганда, 2005. –б. 1-56. 6. Предупредительный и текущий санитарный надзор за вентиляцией.Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У.–Караганда, 2010. – С. 1-66. 7. Бақылау(сұрақтар, тапсырма, тест) Сұрақтар 1. Еңбек жағдайының жіктемесі. 2. Адамның жылылық сезімін бағалау 3. «Жылдың жылы кезеңі» туралы түсінік. 4. «Жылдың салқын кезеңі» туралы түсінік 5. «Қалыпты жұмыс орыны» туралы түсінік 6. «Қалыпты емес жұмыс орыны» туралы түсінік Ситуациялық есептер 1 есеп. Кондитерлік фабриканы кешенді тексеру кезінде табылған иристік конфет цехында карамельді және иристік массаны қайнатқанда біршама жылу және будың бөлінуімен сипатталады. Вакуум апратының сыртқы беткейінің температурасы 35-40 ºC жетеді. Ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,1-0,3 м\с. Аппараттың жұмысы орташа ауырлықтағы 2 категорияға жатады. Тапсырма : 1. Цехтағы микроклимат жағдайын бағалаңыз. 2. Аппаратура және метеофакторларды тексеру әдістері 3. Алдын алу шараларының жүйесін беріңіз 2 есеп.Жануарлар кешенін тексеру кезінде ( 110 мың шошқа) табылған, жұмысшылар үйенді жинауды және шығаруды қолмен жүргізеді. Әрбір жұмысшының жұмыс уақытындағы жүктің қосынды массасы 7600 кг құрайды. Қыста кешендегі ауаның температурасы + 6 – 8ºС құрайды. Салыстырмалы ылғалдылығы – 0,7 м\с. Кейбір жұмысшыларда тендовагинит ауруы табылған. Тапсырма : 4. Кешендегі әрбір жұмысшы әйелдің еңбек жағдайын бағалаңыз және еңбекті қорғау бойынша алдын алу шараларын ұсыныңыз. 5. Өндірістегі шағын климатт тексеру әдістерін сипаттаңыз. 3 есеп. Балық консервілеу зауытын кешенді тексеру кезінде мұздатқыштың камерасына балықты әйелдер таситыны анықталды. Балық кебу тақьасы арқылы бір дөңгелекті арбамен тасымалданады, жүктің салмағы 50 кг дейін жетеді, жұмысшы әйелдердің жұмысы камерада және ашық платформадағы мұздатқыштың жұмысымен кезектесіп тұрады. Жұмыс уақытының 50% мұздатқыш камерада. Мұздатқыш камерадағы ауаның температурасы 18-20 ºС. Салыстырмалы ылғалдығы 80-90, ауаның қозғалу жылдамдығы – 0,2 м\с. 4 есеп. Тоқыма фабрикасының бояу цехында маталарды қайнату және бояу жүргізіледі. Негізгі жабдықтар – механикалық баркалар сәйкес келетін ерітінділерге арналған , маталар оралған барабандар соған түсіріледі. Ерітінділердің температурасы 90-100ºС. Бароктан маталарды шығару және суды беру механикаландырған. Жұмыс жеңіл (1б,) категорияға жатады. Жабдықтардың және бу өткізетіннің сыртқы беткейінің температурасы 55-60ºC. Жылудың жазғы кезеңінде цехтакғы метеорологиялық жағдайларды ескергенде ауаның температурасы жұмыс орнында +32-40ºС, ылғалдылығы – 73-80 %, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,3-0,5 м\с. |