Критерии оценки определения скорости воздушной струи в воздуховоде. 19 страница 7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және б.) Сұрақтар 1. Өндірістік желдету белгілеулері; 2. Ауа алмасуды ұйымдастыру сипаты және тағайындалуы бойынша желдетудің жіктелуі; 3. Аэрация және оның мақсаты; 4. Жергілікті желдету жүйелерінің түрлері және олардың жұмысының тиімділігін бағалау әдістері; 5. Жұмыс істеп тұрған желдету жүйелерін тексеру кезіндегі санитариялық қадағалау міндеттері; 6. Үрмелі жүйелер үшін ауаны алу және сормалы жүйелер үшін ауаны шығару орындарын таңдауға қойылатын талаптар; 7. Ауа балансы, оның өндіріс бөлмалерін желдету жүйесіндегі маңызы; 8. Өндіріс ортасының қалыпты жағдайларын жасау үшін ең алдымен қандай шараларға сүйену қажет; 9. Өндірістік зиндылықтардың жекелеген түрлерімен (шаңмен, газдармен, жылу мен ылғалдылықтың артық мөлшерімен) күресу кезінде қандай желдету ең тиімдісі болып табылады; 10. Желдету қондырғыларының тиімділігін тексеру үшін қажетті аспаптар; 11. Ауа алмасу жиілігі дегеніміз не? 12. Жалпы алмасулық үрмелі желдету кезіндегі ауа алмасуды есептеу принциптері; 13. Ауа алмасуды ұйымдастыруы және тағайындалуы бойынша желдетудің жіктелуі; 14. Желдету қондырғыларыының жұмысы кезіндегі пайда болған шумен күресу шаралары; 15. Механикалық желдету жұмысының тиімділігін тексеру кезінде қандай өлшеу құралдары қолданылады; 16. Аэрацияның кемшіліктері; 17. Ашық типті жергілікті сору қондырғылары; 18. Бортты сорғыштардың жұмыс істеу принциптері; 19. Жабық типті сорғыштардың жұмыс істеу принциптері; 20. Ауаны шаңнан тазалау жүйелері және олардың тиімділігі; 21. Эжекционды қондырғылырдың жұмыс істеу принципі; 22. Ауа душтары мен завестерінің жұмыс істеу принципі; 23. Жалпы алмасулық желдету жүйесінің жұмыс істеу принципі; 24. Үрмелі-сормалы желдету қондырғысының құрылымы мен жұмыс істеу принципі; 25. Үрмелі желдету жүйесі үшін сырттан ауа жинау орнына қойылатын талаптар; 26. Үрмелі-сормалы желдету жүйелерімен ауаның рециркуляциясына қойылатын талаптар; 27. Ауаны кондиционирлеу – ауаның сапасын жақсарту әдісі ретінде. Кондиционирлеу жүйесінің қондырғылары, олардың жіктелуі; 28. Бір жұмысшыға берілетін ауаның мөлшері; 29. Желдету жүйелерінің жұмысы кезіндегі шу көздері және олармен күресу шаралары; 30. Жылу бөлінуі бойынша қандай цехтар «ыстық» цехтарға жатады? 31. Артық мөлшердегі ылғалдылықпен күресу үшін қандай желдету жүйелері қолданылады? 32. Улы газдармен булармен күресу кезінде қандай желдету жүйелерін қолданады? 33. Ауа алмасудың қор коэфициенті қашан шығырылады? 34. Жалпы алмасулық желдетуді қандай жағдайда қолдануға болмайды? 35. Аспирацияның жұмыс істеу принципі. Шаңды сорып алуға арналған желдету жүйесі; 36. Жұмыс істеп тұрған желдету жүйелерін бақылыу мерзімдері; 37. Цехта желдету жүйелерінің техникалық жағдайына кім жауапты болып табылады? 38. Желдету жүйесін тексеру кезіндегі санитариялық дәрігердің міндеттері; 39. Қауіптілік көрсеткіштері бойынша зиянды заттардың жіктелуі; 40. Зиянды заттардың ШРЕК-ы туралы түсінік; 41. СанПиН және СНиП – лардың міндеті Ситуациялық есептер ЕСЕП 1. Мұнайды қайта өңдеу цехында ауа әртүрлі зиянды заттармен ластанады, соның ішінде 1 және 2 қауіптілік класының заттары да кіреді. Цехтарда жалпы алмасулық және жергілікті үрмелі-сормалы желдету жүйесі жұмыс істейді. Желдету жүйелерінен шығарылатын ластанған ауаны шығару орыны ауаны жинау орнынан биіктігі бойынша 8 м және көлденеңі бойынша 5 м қашықтықта орналасқан. ТАПСЫРМА: а) Ауаны жинау орнының лас ауаны шығару орнымен салыстырғанда орналастыруының дұрыстығын анықтаңыз; б) Зауыттың желдету жүйелерін бақылау жиілігін анықтаңыз; в) Сәйкес нормативтік құжаттарды атаңыз; ЕСЕП 2. Шахтинск қаласында синтетиакалық жуғыш заттар (СЖЗ) өндіретін зауыт салынды. СЭС қызметкерлері зауытты іске қосуға қабылдаудағы комиссияның құрамына қатысуға шақырылды. Зауыттың қалыпты жұмыс істеп тұрған жағдайында қондырғыларын тексеру үзіліссіз 50 сағат, желдету қондырғылары 4 сағат бойына жүргізілді. Таза ауаны жинау орыны мен лас ауаны шығару орыны бір биіктікте (3м) және бір-бірінен 4м қашықтықта орналастырылды. ТАПСЫРМА: а) қондырғылармен желдету жүйелерін іске қосып тексеру уақытының дұрыстығын анықтаңыз; б) Ауаны жинау және шығару орындарының дұрыс орналастырылғанын анықтаңыз; в) санитариялық дәрігердің тактикасы қандай? г) ауаның қозғалу жылдамдығын анықтау әдісі мен аспаптары; ЕСЕП 3. Аспап жасау зауытының майлау цехында бояу камераларында ұсақ бұйымдарды нитролакпен пульверизациялық бояу жүргізіледі. қолмен бояу жұмыс орнында ауаны 1м/с жылдамдықпен алып кететін көлемі 0.5-0.4м сормалы зонт орналасқан. Сормалы желдету жұмысы кезінде цехтағы булардың концентрациясы: ацетаттар – 300 мг/м3, бензол 40 мг/м3 жетеді. Ластанған ауаны тастау ғимараттың шатырынан 2м биіктікке шығарылған. Цехқа ауаның келуі жерден 6 м биікте орналасқан шахта арқылы, қыста 15 градус температураға дейін қыздырылып беріледі. ТАПСЫРМА: а) цехтағы зиянды заттардың қауіптілік класын және олардың ШРЕК-ын анықтаңыз; б) цехтың желдетілуінің ұйымдастырылуына қорытынды беріңіз; в) Цехтың желдету жүйесі қаншалықты жиі тексерілуі тиіс; ЕСЕП 4. Машина жасау зауытын тексеру кезінде дәнекерлеу жұмыстары жергілікті желдету жүйесінің кабиналарында бүйірлік сорғыштар астында жүргізілетіні анықталды. Алынып кететін ауаның көлемі сорғыштардың тесіктерінің ауданы 0.28м.кв болғанда 1500 м. куб/сағ. үрмелі ауаның бөлмеге түсуі қоршаған бөлмелерден кабинаның қабырғасы мен еденінің арасындағы тесіктер арқылы сору арқылы жүргізіледі. Дәнекерлік аэрозольдің концентрациясы (темір оксиді) 13 мг/м.куб. ТАПСЫРМА: Бүйірлік сорғыш тесігіндегі ауаның қозғалу жылдамдығын анықтаңыз және желдету тиімділігін бағалаңыз; б) Ауаның қозғалу жылдамдығын аспаптық анықтау әдісін және бөлмеге түсетін ауаның көлемін сипаттаңыз; ЕСЕП 5. Жалпыалмасулық үрмелі желдетумен сыртқы ауаны жинау орнында темір тотығының аэрозольі анықталды. ТАПСЫРМА: а) темір тотығының максимальды концентрациясы қандай балғанда бөлмені желдету үшін ауа жинау рұқсат етіледі? А) 0.6 мг/м. куб В) 1.8 мг/м. куб Б) 1.2 мг/м.куб Г) 3.0 мг/м.куб Д) 6.0 мг./м. куб ЕСЕП 6. Жиһаз фабрикасының бояу цехында механикалық желдету орнатылған. Жалпыалмасулық урмелі желдету жүйесіне ауа жинау орны мен бояу камерасынан тастау орны ғимараттың фасадында бір көлденең деңгейде орналастырылған. ТАПСЫРМА: а) ауа жинау тесігі мен тастау орнының ара қашықтығы қандай болуы тиіс? А) маңызды емес Б) 10 м В) 16 м Г) 20м Д) бір көлденең деңгейде орналастыруға болмайды. ЕСЕП 7. Тігін фабрикасының бояу цехында маталарды қайнату және бояу жүргізіледі. Ондағы негізгі қондырғы – ішінде температурасы 90-100 градус С бояу ерітіндісі бар механикалық баркалар, оларға барабанға оратылған маталар түсіріледі. Баркалар жартылай жергілікті сормалы желдету қондырғыларымен жабылған және жабдықталған. Бу құбырынан су буының ағу орыны бар. қондырғылардың және бу құбырларының сыртқы беткейлерінің температурасы 55-60 градус С. Жұмыс орнындағы ауаның температурасы жаз күндері 32-40 градус С, ауаның ылғалдылығы 73-80%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0.3-0.5 м/с. ТАПСЫРМА: а) Ықшам климат жағдайларын бағалаңыз және еңбек жағдайын жақсарту жолдарын көрсетіңіз; б) цехтың желдету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріңіз; в) ықшам климат көрсеткіштерін өлшеу үшін қолданылатын аспаптарды атаңыз; ЕСЕП 8. Улау бөлімде металл бұйымдарды күкірт қышқыл ерітіндісімен улау жүргізіледі. қолайсыз факторларға күкірт қышқыл булары мен су булары жатады. Улау цехының көлемі 16*8 м, биіктігі 5.5 м бөлмеде орналасқан және 4 тулау ванналарымен, 2 жуғыш және 2 бейтараптауға арналған ванналармен жабдықталған. Осы цехпен қатарластырып гальваникалық цех орналастырылған. Сормалы желдету жергілікті, қуаттылығы 3000м.куб/сағ болатын әрбір улау ваннасының үстіне орналастырылған зонт қолданылады. үрмелі желдету жалпыалмасулық, ауаны бөлменің жоғарғы зонасына береді. Бөлмеге енетін ауаның көлемі 12000 м.куб/сағ. ТАПСЫРМА: а) берілген учаскенің желдету жүйесін бағалаңыз; б) ауа балансына сипаттама беріңіз және ауа алмасу жиілігін анықтаңыз; ЕСЕП 9. Жиһаз фабрикасының жинау цехына ауа беру үшін жалпы механикалық үрмелі желдету жүйесі қарастырылған. Ауаны жинау орыны көгалды зонада жерден 2м биіктікте орналастырылған. Жинау орнынан 5м қашықтықта көлденеңінен және жер бетінен 4м биіктікте жиһазды пульверизациялық бояу цехының лас ауасын тастау орыны орналастырылған, онда органикалық еріткіштердің булары – ацетон 50 мг/м.куб, толуол 20 мг/м.куб. ТАПСЫРМА: а) берілген ауаны жинау орыны гигиеналық талаптарға сәйкес келеді ме? б) тасталынатын ауадағы зиянды заттардың концентрациясына қойылатын талаптарды көрсетіңіз. ЕСЕП 10. Түсті металлургия өнеркәсібінің бір цехында артық мөлшерде жылу бөлінумен қатар өндіріс процесі кезінде қорғасын және кобальт тотығы бөлінеді. Бұл заттарды ұстап қалу кемшілігіне байланысты бұл заттардың ауадағы мөлшері көп жағдайларда ШРЕК-тен асады. Екінші цехта технологиялық процесс жылу бөлінумен және ауаның көміртегі тотығымен ШРЕК-тен жоғары ластануымен жүреді. ТАПСЫРМА: а) берілген цехтың ауасын рециркуляция үшін қолдануға болады ма? б) химия өнеркәсібінің жаңа цехтарының жаңадан құрылысын салу кезінде рециркуляция жүргізуге болады ма? Тесттік бақылау сұрақтары 1. Желдету дегеніміз не? А) жұмыс бөлмелерінде ауа ортасының берілген жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен қондырғылардың жиынтығы Б) бір агрегатқа біріктірілген ауаны беру және алып кетуге арналған қондырғылар В) тағайындалуы бір мақсаттағы (шаңды, газдарды, ылғалдылықты алып кетуге арналған) әртүрлі қондырғылардың жиынтығы Г) жұмыс бөлмелерінде берілген температуралық режимді ұстап тұруға арналған қондырғылардың жиынтығы 2. Ауаны кондиционирлеу дегеніміз - ол: А) жұмыс бөлмелерінде ауа ортасының берілген жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен қондырғылардың жиынтығы Б) бір агрегатқа біріктірілген ауаны беру және алып кетуге арналған қондырғылар В) тағайындалуы бір мақсаттағы (шаңды, газдарды, ылғалдылықты алып кетуге арналған) әртүрлі қондырғылардың жиынтығы Г) жұмыс бөлмелерінде ықшам климаттың берілген көрсеткіштерін және санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерін қалыптастыру және автоматты түрде реттеу Д) жұмыс бөлмелерінде берілген температуралық режимді ұстап тұруға арналған қондырғылардың жиынтығы 3. Желдету қондырғысы – ол: А) жұмыс бөлмелерінде ауа ортасының берілген жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен қондырғылардың жиынтығы Б) бір агрегатқа біріктірілген ауаны беру және алып кетуге арналған қондырғылар В) тағайындалуы бір мақсаттағы (шаңды, газдарды, ылғалдылықты алып кетуге арналған) әртүрлі қондырғылардың жиынтығы Г) жұмыс бөлмелерінде ықшам климаттың берілген көрсеткіштерін және санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерін қалыптастыру және автоматты түрде реттеу 4. Ықшам климаттың берілген көрсеткіштерін және ауаның тазалығын жасауға ең бірінші келесілер арқылы іске асырылуы тиіс: А) технологиялық процессті автоматтау Б) технологиялық қондырғыларды герметизациялау В) шикізатты ылғалдандыру Г) үзіліссіз процеске ауысу Д) жеке басты қорғау заттары 5. Ауаның қозғалу тәсілі бойынша желдету бөлінеді: А) табиғи және механикалық Б) жергілікті және жалпы В) үрмелі және сормалы Г) жалпы алмасулық және локальды Д) рециркуляция және кондиционирлеу 6. Ауа алмасуды ұйымдастыру тәсілі бойынша желдету бөлінеді: А) табиғи және механикалық Б) жергілікті және жалпы В) үрмелі және сормалы Г) жалпы алмасулық және локальды Д) рециркуляция және кондиционирлеу 7. Әсер ету принципі бойынша желдету бөлінеді: А) табиғи және механикалық Б) жергілікті және жалпы В) үрмелі және сормалы Г) жалпы алмасулық және локальды Д) рециркуляция және кондиционирлеу Е) үрмелі-сормалы 8. Табиғи, ұйымдастырылған, басқырылатын желдету деп аталынады: А) инфильтрация Б) эжекция В) рециркуляция Г) кондиционирлеу Д) аэрация 9.Аэрацияланатын ғимараттарды фрамугалармен қандай деңгейде орналастыру керек? А) бір деңгейде Б) екі деңгейде В) үш деңгейде Г) төрт деңгейде Д) бір деңгейде, бірақ шатырда 10. Жаз айларында аэрацияланатын бөлмелерде ауа қандай деңгейде берілуі тиіс: А) 1-1.5 м Б) 2-3 м В) 6 м Г) 8-10 м Д) шатыр жабыгдылары арқылы 11. Қыс айларында аэрацияланатын бөлмелерде ауа қандай деңгейде берілуі тиіс: А) 1-1.5 м Б) 2-3 м В) 6 м Г) 8-10 м 12. Аэрацияны есептеу келесі лерді ескеріп жүргізіледі: А) ауаның орташа қыстық температурасы мен желдің орташа жылдамдығын Б) орташа қыстық температурамен желсіз күндерді В) жаздық температурамен жлсіз күндерді Г) орташа жылдық температурамен орташа жылдық желдің жылдамдығы 13. Аэрацияны келесі бөлмелерде орналастырған дұрыс: А) артық шаң бөлінетін Б) артық газ бөлінетін В) жылу бөлінетін Г) ылғылдылық бөлінетін Д) ауа ортасының салыстырмалы қалыпты жағдайларымен 14. Аэрацияланатын ғимараттар үшін ғимараттың периметрі бойынша қанша процент құрылыстардың болуы рұқсат етіледі: А) 10% Б) 20% В) 30% Г) 40% Д) 50% 15. Заточный станоктан шығатын шаңды ауаны жинау және шығару үшін ең тиімді деп қандай қондырғыны есептейміз: а) қорғағыштық шаңға қарсы қап (аспирация) б) сормалы зонт в) борттық сорғыш г) біркелкі сору панельдері д) сормалы шкаф 16.Артық мөлшердегі конвекциялық жылуды алып кетуге арналған ең тиімді қондырғы: а) қорғағыштық шаңға қарсы қап (аспирация) б) сормалы зонт в) борттық сорғыш г) біркелкі сору панельдері д) сормалы шкаф 17. Гальваникалық ванналардан зиянды газдар мен буларды шығару үшін қандай қондырғы қолданған тиімді: а) қорғағыштық шаңға қарсы қап (аспирация) б) сормалы зонт в) борттық сорғыш г) біркелкі сору панельдері д) сормалы шкаф 18. Аса қауіпті және радиоактивті заттармен жұмыс істегенде қандай қондырғыны қолданған тиімді: а) қорғағыштық шаңға қарсы қап (аспирация) б) сормалы зонт в) борттық сорғыш г) біркелкі сору панельдері д) сормалы шкаф 19. Ұсақ бұйымдарды электрлік дәнекерлеу кезінде стационарлық жұмыс орындарында қандай қондырғыларды қолданған тиімді: а) қорғағыштық шаңға қарсы қап (аспирация) б) сормалы зонт в) борттық сорғыш г) біркелкі сору панельдері д) сормалы шкаф 20. Желдеткіштің номері неге сәйкес келеді: А) жұмыс дөңгелегінің диаметріне, мм Б) жұмыс дөңгелегінің диаметр В) жұмыс дөңгелегінің диаметріне, дм Г) желдеткіштің қуаттылығына, м,куб/сағ 21. Ауалық душ не үшін қолданылады: А) зиянды заттарды шығару Б) жел ағымын болдырмау В) инфра қызыл сәулелену интенсивтілігін азайту Г) интенсивті инфрақызыл сәулелену жағдайында жылу беруді жақсарту. Д) зиянды заттарды ШРЕК-ке дейін сұйылту 22.Ауалық оазис не үшін қолданылады: А) зиянды заттарды шығару Б) жел ағымын болдырмау В) инфра қызыл сәулелену интенсивтілігін азайту Г) интенсивті инфрақызыл сәулелену жағдайында жылу беруді жақсарту. 23. Үрмелі желдету қондырғыларымен сырттан ауаны жинау орынының биіктігі кем болмауы керек: А) 0.5 м Б) 1.5 м В) 2 м Г) 3 м Д) 5 м 24. Енетін ауаны жылыту қандай қондырғыларда жүргізіледі: А) ротоклон Б) радиатор В) калорифер Г) термостат Д) термос 25. Үрмелі ауа құрамында зиянды заттардың мөлшері көп болмауы керек: А) 5% Б) 10% В) 20% Г) 30% Д) 50% 26. 4 класс қауіптілікті зиянды заттар бөлінетін бөлмелерде олардың концентрациясы нешеден көп болмаған кезде ауаның рециркуляциясын жүргізуге болады: а) 1 ШРЕК б) 2 ШРЕК в) 5 ШРЕК г) 10 ШРЕК д) 15 ШРЕК 27.Ауаның рециркуляциясы қандай қауіптілік класына жататын зиянды заттар бөлінгенде рұқсат етіледі: А) 1-ші класс Б) 2-ші класс В) 3-ші класс Г) 4-ші класс Д) 5-ші класс 28. Ауданы 20 м.куб-тан аз бөлмелерде бір адамға берілетін ауаның көлемі кем болмауы керек: а) 10м. куб/сағ б) 20 м.куб/сағ в) 30 м.куб/сағ г) 50м.куб/сағ д) 100 м.куб/сағ 29. Табиғи желдету жүйесі жоқ бөлмелерде бір жұмысшыға берілетін ауа көлемі кем болмауы керек: а) 10 м. куб/сағ б) 20 м.куб/сағ в) 30 м.куб/сағ г) 60 м.куб/сағ д)100 м.куб/сағ 30. МСЭқ органдарымен оң қорытынды беру кезінде желдету жүйелерімен кондиционирлеу қондырғыларының үздіксіз жұмыс істеп тұруына қанша уақыт қажет: а) 5 сағ б) 7 сағ в) 10 сағ г) 15 сағ д) 24 сағ 31. Ауаны кондиционирлеудің неше класы бар: а) 2 класы б) 3 класы в) 4 класы г) 5 класы д) кластары белгіленбейді 32. Кондиционерлер өндіріс бөлмелерінің қандай ластану көзі бола алады: а) микроорганизмдермен б) аллергендермен в) көмірқышқыл газымен г) майлы аэрозольдермен д) жәндіктермен 33. Зиянды заттардың ШРЕК-ы 100 мг/м.куб – қа тең немесе одан аз болғанда сору шкафтарының сору жылдамдығы қанша болуы керек: а) 1 м/с б) 2 м/с в) 3 м/с г) 4м/с д) 5 м/с 34. . Зиянды заттардың ШРЕК-ы 100 мг/м.куб –тан көп болғанда сору шкафтарының сору жылдамдығы қанша болуы керек: а) 2 м/с б) 3 м/с в) 4 м/с г) 0.5-0.7 м/с д) 1 м/с 35. Зонт типті жабындылардан ауаны сору жылдамдығы қандай болуы керек: а) 0.1 –0.4 м/с б) 0.5 – 1.25 м/с в) 1.5 м/с г) 2 м/с д) 3 м/с 36. Жұмыс зонасына берілетін үрмелі ауаның жылдамдығы қанша балуы керек: а) 0.1-0.4м/с б) 0.5-1.0 м/с в) 1.0-1.5 м/с г) 1.6-2.0 м/с д) 2.5 м/с 37. Суық күндерде үрмелі ауа температура қанша болуы керек: а) 1.0-4.0 гр.С б) 4.0-15.0 гр. С в) 16.0-20.0 гр. С г) 1.0-1.0 гр. С д) 25 гр.С 38. Ауаны кондиционирлеу кезінде жұмыс орындарындағы ылғалдылық қанша болуы керек: а) 20-30 % б) 35-45 % в) 45-55 % г) 60 % д) 65 % 1.Тақырып № 7.Жұмыс орындарының өндірістік ортасын қорғаудың қазіргі мәселелері. Жұмыс аймағының ауасындағы өндірістік улар. Ауадан сынама алу әдістері. Ауа сынамасын талдау әдістері. 2. Мақсаты: Өндірістік ортаның ішкі метеорологиялық жағдайын анықтау үшін қолданылатын, ауаның шаңдануына сынама алатын, жұмыс орны ауасындағы химиялық заттың мөлшерін анықтауға арналған құралдардың құрылымын және жұмыс істеу жүйесі туралы білімін қалыптастыру және осы құралдармен жұмыста тәжірбиелік дағдысын қалыптастыру; 3. Оқыту міндеттері: 10. өндірістік мекеменің шағынклиматын өлшеуге арналған құралдармен жұмыс істеудегі ұстанымдармен таныстыру; 11. жұмыс алаңындағы ауа құрамындағы химиялық заттармен, шаңдануына сынама алуға арналған құралдармен таныстыру ; 12. өндіріс орындарында шаңның құрамын анықтау үшін, ауадан химиялық анализдеуге сынама жинаған нүктені көрсету; 13. өндірістік кәсіп орындарында жылулықты, ауаның ылғалдылығын, ауа жылдамдығын құралдардың көмегімен анықтау әдісін көрсету; 14. өндіріс орындарындағы шаңның құрамын анықтау үшін, химиялық анализге арналған құралдармен ауадан сынама алу әдістерін қарастыру; 4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 10. Өндірістік шағынклиматтың негізгі көрсеткіштері. 11. Өндіріс орындарда шағынклиматтың көрсеткіштерін құралдардың көмегімен анықтау, оларды орнату және жұмыс істеу ұстанымдары. 12. Жұмыс мекемелерінің ауадағы шаңын қадағалау әдістері. 13. Өндіріс орнындағы кәсіптік шаңның құрамын анықтау. 14. Жұмыс алаңы ауаусындағы зиянды заттардың химиялық анализі . 15. Жұмыс орны ауасындағы зиянды химиялық заттарды анализдеуге арналған заманауи әдістер. 5. Оқыту және жүргізу әдістері: біріккен (жұптасып жұмыс істеу, дискуссия). 6. Әдебиет: Негізгі 15. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.- б. 75-82; 165; 353-380; 509; 529. 16. Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К., Бекмагамбетова Ж.Д. и др., Оқулық Алматы. 2009 г.- б. 49-55; 232-250; 517-525, 544-548. 17. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (б В.Ф. Кириллова)- М., Медицина, 2001.- б. 88-103, 173-215, 296-311. 18. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред. д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. – б. 36-54; 85-99; 112-131; 237-240; 288-295. |